Sultan-Janbolat.indd

Size: px
Start display at page:

Download "Sultan-Janbolat.indd"

Transcription

1 ЕЖЕЛГІ ҰЛЫС ТАРИХЫ 1

2 2 БІРІНШІ БӨЛІМ УДК 94 (574) ББК 66.3 (5 Қаз) Ж 26 Қазақстан Республикасының Мəдениет жəне ақпарат министрлігі Ақпарат жəне мұрағат комитетінің «Əдебиеттің əлеуметтік маңызды түрлерін басып шығару» бағдарламасы бойынша шығарылды Жанболат Сұлтан. Ежелгі ұлыс тарихы. Тарихи зерттеу. / Алматы: Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының «Атажұрт» баспа орталығы, бет. ISBN Шынжаң өңіріндегі белгілі ғалым, айтулы қаламгер Сұлтан Жанболат осынау кітап өзегіне айналған үйсінтану тақырыбына өз өмірінің 30 жылын арнаған екен. Қазақ тарихына қатысты талай шындықтың беті бүркеулі жатқан қытай жылнамаларындағы ақиқаттарды ашуға автор көп күш жұмсаған. С.Жанболат бұл кітапта ежелгі Үйсін ұлысының тарихын сарабдал сараптаудан өткізу арқылы қазақ ұлтының қалыптасу кезеңдеріне жіті көз жібереді. Кітап ұлтымыз тарихындағы жоталы шындықтарды танығысы келген əрбір оқырман үшін қызғылықты дүниеге айналары даусыз. ІSВN УДК 94 (574) ББК 66.3 (5 Қаз) ISBN Жанболат С., 2012 Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының «Атажұрт» баспа орталығы, 2012

3 ЕЖЕЛГІ ҰЛЫС ТАРИХЫ 3

4 4 БІРІНШІ БӨЛІМ 1. АЙТАРЫМНЫҢ ТОБЫҚТАЙ ТҮЙІНІ Ең əуелі айтып қояйын, Үйсін туралы Н. А. Аристовтың: «Үйсін, қате болжам, сəуегейлік пікірді сенің маңдайыңа жазып қойды-ау! Қате пікірден арыла алмадыңау!» дегені шындық болғандықтан, «Кіріссөздің» жүгі ауыр, көлемі кеңдеу. Басты тақырыпқа неғұрлым толығырақ дайындықпен барған жөн ғой. Бұған түсіністікпен қарайтыныңызға сенемін. Ал, ежелгі үйсіндер туралы өте маңызды мына үш нəрсенің барлығы рас: 1. Өзге ұлт (əсіресе хəн) жылнамаларындағы деректер мен өзіміздік шежірелер, əдебиеттер, аңыздар; 2. Бұл деректердің қытайлық (жұңголық) жəне қазақстандық ғалымдар жағынан қазақшаға тере аударылған əр түрлі нұсқалары; 3. Соңғы ғасырлардағы, өте-мөте бертінгі онжылдықтардағы ол туралы əр елдік ғалымдардың əр деңгейлі зерттеу нəтижелері. Алайда, бұлардың ішінде бір-біріне қайшы көзқарастар мен қалам ізі түспеген тұстардың аз еместігі де шындық. Сондықтан да, ежелгі Үйсін мемлекетінің, дұрыс ниетті жəне жауапкершілігі күшті нағыз ғалымдардыңбүгінге шейінгі зерттеулерінің дұрыс табыстарына таянған, неғұрлым толық таайқын, жүйелі де сенімді арнайы тарихы қатты қажет болып отыр. Мен міне сол тарихқа əлімнің жеткенінше үлес қосуға бұрылдым. Ежелгі үйсіндер туралы біздің дəуірімізге жеткен бірден-бір дерек көзі көне Қытайдың тарихи жазба деректемелерінде ғана сақталған. Оның үстіне ол мағлұматтар аз болса да саз дегендей, айқындығымен, жан-жақтылығымен жəне хроникалық даталарының дəлдігімен де аса құнды. Бұл деректерге Орталық Азия халықтарының ежелгі заман тарихын зерттеуші əлем ғалымдарының назар аударғанына да бір-екі ғасырдың жүзі болды... Жалпы, ежелгі Үйсін туралы зерттеулер соңғы бір жарым ғасырдан бері Қытай тарихшыларының назарынан түскен емес. ғасырда өмір сүрген Хы Чютау, ХХ ғасырдың орта шенінде Жаң Шиман, Цын Жұңмян, онан кейінгі кездерде Су Бейхай, Уаң Биңхуа, Уаң Миңжы, Мың Фанрын, Яң Жяншиң, Лю Гуаңхуа, Ма Манли, Юй Тайшан, Жаң Юйжұң, Чын Шыляң, Қытайдағы қазақ тарихшыларынан Нығмет Мыңжанұлы, Жақып Жүнісұлы, Жақып Мырзаханов, Əбілез Қамзайұлы т. б. тарихшы-археологтар ежелгі Үйсін тарихы мен мəдениетін зерттеумен айналысты жəне айналысып келеді. ҚХР-да ежелгі Үйсіндерге қатысты Қытай деректері мен ғылыми зерттеу еңбектерін қазақ тіліне аудару ісі де 80 жылдарда басталған болатын жылы Байдəулет Аблаханұлы мен Го Уынчиң мырзалар ежелгі Қытайдың «Хəннама» атты жылнамасының «Батыс өңір баяны» деген бөлігіндег үйсіндерге қатысты деректерді қазақ тіліне аударып, «Батыс өңір жəне Үйсін мемлекеті» деген атпен жариялады. ШҰАР Қоғамдық ғылымдар академиясы Археология институтының археологтары Уаң Биңхуа мен Уаң Миңжы бірігіп жазған «Үйсін туралы зерттеу» атты монография 1989 жылы қазақ тіліне аударылып басылды (аударған проф. доктор Нəбижан Мұқаметханұлы) жылы ШҰАР Қоғамдық ғылымдар академиясының жанынан Жақып Мырзахановтың жетекшілігінде ғылыми жұмыс тобы құрылып, ежелгі Қытайдың «26 тарих» деп аталып кеткен тарихи жылнамаларындағы қазақ тарихына қатысты деректерді сұрыптап,

5 ЕЖЕЛГІ ҰЛЫС ТАРИХЫ қазақ тіліне аудару ісі қолға алынды. Ол деректер «Қытай жылнамаларындағы қазаққа қатысты деректер» деген атпен 1998 жылы І томы (жетекші бас редакторы Жақып Мырзаханов, бас редакторы əрі аудармашы Қаһарман Мұқанұлы, аудармашылар Əбділдəбек Ақыштайұлы, Кəкеш Қайыржанұлы, Самудин Əлғазыұлы), 2002 жылы томы (бас редакторы КəкешҚайыржанұлы, жұмыс тобына Шадыман Ахметұлының қатысуымен) Пекинде Ұлттар баспасынан жарық көрді. Негізінде ежелгі Үйсін тарихымен, Қытайдың ғана емес, бүкіл дүниежүзінің көптеген шығыстанушы ғалымдары айналысып келсе де, үйсінтануда түбегейлі шешімін таппаған ғылыми мəселелер баршылық [1]. Енді бұл мəселелерден мен шұқшиятын тұстар мыналар: А. Үйсіндердің этногенезі. Ежелгі үйсіндердің арғы тегін іздестіру жəнеолардың бергі дүниеге ұласымын талдау. Ə. Үйсін ұлысының Ғұн қағанатынан тəуелсіздік алу тарихына қатысты таласқа лебіз білдіре келіп, оның б. з. б. ғасырда заманына сай ірі де күшті мемлекет болғанын географиясы, демографиясы, экономикасы, қорғанысы, мəдениеті, дипломатиясы арқылы дəлелдей түсу. Б. Үйсін ұлысының ыдырауына талдау жасап, басты себебін ашу. В. Үйсіндердің Түрік қағанатына қарағанға шейінгі тір шілігінен қысқаша мағлұмат беріп, қазақпен байланысын айқындау. Мен өз зерттеу шеңберіме сай, тек Үйсінге ғана жəне оған тіке қатысты елдердің қажетті тұстарына ғана аялдаймын. Өйткені өлімге үкім етілген Сократ ақтық сөзінің арасында: Дүниедегі ең масқара нəрсе білмейтініңді білемін деп есептеу деген екен. Менің едəуір білетінім б. з. б. б. з. ғасырларындағы Үйсін Ұлысы мен оның маңы ғана. Оның үстіне, тарих деген ауыз өзімдікі деп ойға келгенді қойып қалатын сала емес. Байқамаса ұятқа(өлімнен де күштіге) қалдыратын, терең тамырды, мықты деректі, нанымды мазмұнды, зор жауапкершілікті талап ететін алып инженерия. Мен осы негізде ғана ауыз аштым жəне ол айтқандарымның ғылыми негізін көрсете түсу үшін ғалымдар білдірген дұрыс лебіз бен зерттеулер ішінен мазмұн қосуға неғұрлым мол орын беруге тырыстым СӨЗ ОРАЙЫ КЕЛГЕНДЕ Жин Чұңжидің (Бейжиң жəне Фудан университеттерінің докторлар ұстазы, профессор) [2] : Бұрын, дүние тарихын зерттеу тарапында, Қытай оқымыстыларының бірінші қол материалдарға сүйеніп жазған іліми шығармалары өте аз болды. Бұл толып жатқан жағдайлардың (мысалы, мұндағы шет тілді туындылардың аздығы, шетелге шығудың қиындығы, т. б. )шектемелеріне ұшырады. Қазір, зерттеушілердің шет тіл деңгейі жаппай өрледі, шетелдерге шығып оқу мен іліми ауыс-түйіс орайы керемет көбейді, шетелдің төлтума материалдары мен зерттеу 1 Жақып Мырзаханов: «Ежелгі үйсін еліне» жазған Алғы сөзі. Үрімжі

6 6 БІРІНШІ БӨЛІМ жетістіктері оңайырақ қолға түсетін болды, олардың талайы қытайшаға аударылды, дүние тарихын зерттеушілер тобы да зорайды, соған орай бұл саладағы зерттеу жұмыстары айтарлықтай ілгеріледі. Тарих зерттеу - төл жасампаздық зерттеуге баса мəн береді. Сенімді түпнұсқалық материалдарды мүмкіндігінше молырақ игеруді, мұқият сараптаумен салыстырудан өткізуді, оқиғалардың даму желісін айқын реттеуді, шешуші мəселелерді анық айтуды, оларды дəуірдің кең декорациясы мен тарихи даму процесіне қоя толғануды, сол заманның тарихи түп келбетін жаңғыртуды, осыдан барып терең ойға батарлық заңдылыққа ие білімді алып шығуды талап етеді. Бұл əрі жапалы ізденіс сипатты, əрі күшті тартымы бар, кісіні тəнті қыларлық жұмыс деп дұрыс айтқан. Ұлы Даладағы этностар тарихы дүние тарихының маңызды бөлігі. Оның ішіндегі Үйсін тарихы да мына жағы Қытайдың, ана жағы Батыстың тарихымен араласып жатқан тарих. Жин Чұңжидің сөзі бұған да қонып тұр. Мына үш жағдай Қазақ (соның ішінде Үйсін) тарихын зерттеу мен жазуға байланысты күйді шыт жаңа сатыға көтеріп отыр: А. Заман дамыды, ғылым өркендеді, демократия тың белеске көтерілді, ауызға қағу азайды, қазақ халқы сөз тізгінін өз қолына алды. Ə. Əр алуан себеппен бүгінге шейін қол жетпеген əлем түкпірлеріндегі(əсіресе Қытай жылнамаларындағы) қазаққа қатысты тың деректер, əділ дешыншыл мақсұт тұтқандардың қолымен (мысалға тек мен білетін қазақ ғалымдары мен қаламгерлерін ғана атасақ, Нығмет Мыңжанұлы, Қойшығара Салғара, Мəмбет Қойгелдиев, М. Қ. Əбусейітова, Жақып Мырзаханов, Нəбижан Мұхаметханұлы, Бақыт Еженханұлы, Əлімғазы Дəулетхан, Кəкеш Қайыржанұлы, Қаһарман Мұханұлы, Жақып Жүнісұлы, Əбділдабек Ақыштайұлы, Самұдин Əлғазыұлы, Шадыман Ахметұлы, Сағынтай Сұңғатай, Əбілез Қамзайұлы, Байдəулет Аблаханұлы, Байдəулет Нұралин, Айтқазы Қалиұлы, Асқар Молдашұлы, Уəлихан Кəденұлы, Гүлжаз Асылханқызы, т. б. арқылы) аударылды, жарияланды немесе зерттелді. Демек біздің қолымыздағы жылнамалар осал емес. Бұған Мұхтар Шахановтың мына сөзі де мысал: Көне Қытай тарихшысы Бан Гудың шығармасы Ханнама б. з. б. 206 жылдан б. з. 26 жылына дейінгі дəуірдегі Хəн əулетінің билік тарихын баяндайтын, оның ішінде Орталық Азия мен Қазақстан жерінде өмір сүрген үйсін, қаңлы, ғұн, йүз секілді түрлі халықтар мен мемлекеттерге қатысты өте құнды деректер мол жинақталған сүбелі дүние. Бұл еңбекті Қытай Геродоты Сыма Чянның Қытайдың үш мың жылдықтарихын қамтитын Тарихи жазбаларының жалғасы ретінде Бан Гудың əкесі Бан Бяу бастап жазған. Б. з жылдары арасында өмір сүрген Бан Гу 30 жыл ғұмырын жұмсап, аталған жылнаманы толық аяқтап шыққан [3]. Əрине, Қытай тарихшыларының одан бергі мыңжылдықтарда жазған жылнамалары да толып жатыр. Бертінгі жəне қазіргі тарих ғалымдарының зерттеулері де аз емес. Тарих ғылымдарының докторы Нəбижан Мұхаметханұлы айтқандай, Тарихта үш фактіні - жазба деректі, аңыз деректі, қазба деректі комплекті түрде байланыс тыра білу керек. Біз əне осыларға сүйене сөз қозғаймыз. Б. Соңғы жарым ғасырдан бері, бұрын көкпар болып жұлмаланып келген қазақ тарихының арғы сатыларына қатысты бірқыдыру мəселелер қызу да байсал- 3 «Жалын» бет.

7 ЕЖЕЛГІ ҰЛЫС ТАРИХЫ ды талқы тақырыбына айналып, бірталай істің басы ашылды. Бұған ТМД елдері мен Қытайдағы қазақ тарихшылары ғана емес, өзге ел мен өзге ұлт ғалымдары да қызу атсалысты. Бұрын ат басын бұра қоймаған шығыстық (əсіресе Қытайлық) ғалымдардың (мысалы, Су Бейхай, Уаң Миңжы, Уаң Биңхуа жəне т. б. ) бұған мықтап келуі тіпті зор түрткі болды. Айрықша айта кетерлігі, 1998 жылдың 20-қаңтарындағы «Гуаңмиң Рыбауда» («Шұғыла газетінде»), Қытай халық университетінің прфессоры Дай И ( ) айтқандай: ХХ ғасыр Қытай тарих ғылымы Қытайды дүние центрі санайтын дəстүри, тар, томаға тұйық тарихи көзқарасты тастап, Қытай тарихын дүние тарихының тұтас тұлғасының ішіне қоя зерделейтін, Қытай мен шеттің тарихы мен мəдениетін салыстыратын, талдайтын, недəуір кемелді де ашық тарихи көзқарас қалыптастырды. Расында да, осы газеттің көрсетілген санында Ма Кышы ( ) айтқандай Қытайда 1949 жылдан бұрын, əр алуан себептер салдарынан дүние тарихын зерттеу негізінен жоқ болатын. Ұлы Дала тарихына неше мың жылдық жазба тарихы бар Қытай тарихшыларының келіп кірісуі бұл өңір тарихы үшін зор маңызға ие іс. Осы барыста тек Қытайдың өзінде, «Үйсін туралы зерттеулер» (Уаң Биңхуа мен Уаң Миңжылардың монографиялық еңбектерінің жинағы), «Ежелгі үйсін елі» (Шадыман Ахметұлы құрастырған ғылыми мақалалар, археологиялық қысқаша есептер, тарихи деректер мен оның қытайша мəтінінің топтамасы), «Қазақ халқы жəне оның салт-санасы» (Жақып Мырзахановтың қазақтың тегіне недəуір орын берген шығармасы), «Қазақ мəдениетінің тарихы» (Су Бейхайдың Үйсін мəдениетіне көрім аялдаған шығармасы) сықылды толып жатқан тың ойлы, соны деректі туындылар жарық көрді. Міне бұлар - өз ата тарихын құрметтейтін, оған ықылас қоятын əр қазақпен əр ұлттың ғылымға ақ ниетпен берілген ғалымдары үшін əрі қуаныш, əрі магнит, əрі шабыт. Мен əне сондайлардың бірі ғанамын. Сондықтан да ежелгіүйсіннің қысқаша арнайы тарихын жазуға кірісіп отырмын. Дегенмен менің «Үйсіннамаға» келуімнің, жоғарыдағылардан сырт, жеке себептері де бар. Ол: А. Бала жастан ұлтымыздың ауыз əдебиеті (өте-мөте сүйегі қожа жездеміз Құрмаш Адамбаевтің ертегілері) ұялатқан махаббаттың құдіреті шығар, радиоэлектроника мамандығы бойынша университеттің жоғары ғылыми-қызметтік атағын алып, міндетін атқарып жүрген кездің өзінде де, ұлтымыздың тарихына қызығуым титтей де пəсейіп көрмеді. 30 жылдың алдында жарық көре бастаған, «Хас сақтар» атты ғылыми фантастикалық əңгімелер жинағыма енген шығармаларымның ұлт тарихымызбен тығыз ұштасып жатуы бұған айғақ. Ə. Үкімет қызметіне ауысып, Шынжаң университетіндегі техникалық мамандығымның (радио-электрониканың) оқытуы мен зерттеуінен еріксіз қол үзгесін, əкімшілік жұмыс арасында əдебиетпен айналыса жүріп, «Үйсін хикаясы» атты тарихи трилогияны жазу үшін талай дүниені ақтардым. Иə, ол («Үйсін хикаясы») тарих (яғни мына «Үйсіннама» сықылды еңбек) емес, көркем əдебиет. Алайда өз қоғамдық ситуациямды ескеріп, дау туғызбау үшін, əрі тарихи шындықтан (мысалы «Тарихи жазбалар» мен «Хəннама», т. б. да тұрған қисынды да нанымды тұстардан) тым алшақтаудан, əрі оларға маталып, көркемдік 7

8 8 БІРІНШІ БӨЛІМ көгіне ұмтыла алмай қалудан мүмкіндігінше сақтандым. Сонда ақтарған Киіз кітаптар мен қағаз кітаптарға интернет əлемі ұстатқан электрондық дүниелер келіп қосылды. Менің осыларды (əрине бастысы ертедегі үйсіндерге қатысты тарихи білімдерімді) арғы дүниеге ала кетуім мендік жауапкерсіздік саналып, орны толмас өкінішіме айналар еді. Б. Адам əр алуан ғой. Тарихшы ғалымдар да жұмыр басты, екі аяқты кəдімгі пенделер. Солардың кейінің кері сөйлгенін естігенде, аузың еріксіз қышып, қолыңа амалсыз қалам алады екенсің. В. Кей ғалымдардың сөзі айтарыма дем бергендей болды. Мысалы, Профессор Ли Уынхай ( ): Мойындауға тиістісі - біз (кəсібитарихшылар. - С. Ж.) недəуір ұзақтан бері томаға тұйықтау күйде болдық, философия, əдебиет, экономика, саясаттану, ұлттану, дінтану, социология, заң, т. б. байланысты ілімдердегі зерттеу ауқымына көп назар аудармадық, тарих ғылымының қамтымын бұл ілімдердегі ең соңғы жетістіктермен байытпадық, бұл ілімдердің жəне жаратылыс ғылымдарының кей іліміндегі зерделеутəсілдерін тарих зерттеуге əкелмедік [4] деп өте дұрыс айтқан. Ли Жынхұң да Олар (əуесқой тарихшылар. - С. Ж.) тарих зерттеуге жаңа зерттеу тəсілдерінала келді, немесе жаңаша зерделеу ой желісін, зерттеу тақырыбын беріп, кемінде бірер мəселені зерттеуден соны жетістік ұсынып, ойтүрткі туғызды. Оның ішіндегі кей жетістіктер өлі күйге тұнған тарих зерттеу өңіріне алып толқын тұрғызарлықтай ықпал жасап, тарих зерттеуге түрткі болып, оған жан бітірді [5] деп Ли Уынхайдің көзқарасын құптай түседі. Тарихшы Жяу Рұнмиң ( ) де адамзат қоғамының даму сырларын ашатын гуманитарлық ілім тарихтың сан іліммен шырма-шату байланысы барын айта келіп, Гуманитарлық емес ғылымдардың, мысалы математика, геология, астрономия, археология, т. б. лардың теориялары мен методикалары тарих ғылымын зерттеуге кең көлемде енгізілді [6] дейді. Əрине бұлар мендей бейкəсіби тарихшыларға дем береді. Кезінде, Кұң Зы айтқан екен: Асықпау, ұсақ пайдаға елітпеу керек. Асығу жырғатпайды. Ұсақ пайдаға еліту ірі іс тындыртпайды деп ( ) [7]. Мен «Үйсіннама» үшін тұпа тура 30 жылымды берген екенмін. Ірі іс тындыра алмаған болсам да, мына «Үйсіннама» ірі іс тындыратын бауырларыма азырақ ес қататын тер төгу, тым құрығанда көлге түскен тамшы болар-ау дедім. Менің оқырманым осыларды түсінсе, былайғы жазғандарыма ықылас аударатын-ақ шығар. 4 «Гуаңмиң газеті» , 5 «Гуаңмиң газеті» «Гуаңмиң газеті»

9 ЕЖЕЛГІ ҰЛЫС ТАРИХЫ 3. ТƏУЕЛСІЗ МИ МЕН ƏДІЛ ЖҮРЕК ҚАНА ШЫНДЫҚҚА АПАРАДЫ 9 Бұл сөзді тіпті де ашалай түскенім дұрыс сықылды. Мен бұл «Үйсіннамаға» міне осындай жүрекпен, ежелгі үйсіндер жайлы ең ежелгі жəне өзгелерден əлдеқайда толығырақ тоқталған Қытай жылнамаларына жəне бергі ғалымдардың ол туралы зерттеулеріне сүйене отырып зерделеумен келдім. Алайда, басын ашып қоюға тиісті мыналар менің есімнен бір сəт те шыққан емес. Тарихи ауызша аңыздар түгіл, жазба тарихи деректердің бəріне бірдей, тіпті əр ауыз сөзіне шейін жүз пайыз сене беруге болмайтыны минимум сауат жылдың 20 қаңтарындағы «Гуаңмиң Рыбауда» Су Шуаңби ( ) айтқандай: Əрине, Қытай дəстүри тарихында кебек те, мешеулік те бар. Сондықтан дəстүри тарихтардағы үйлесімсіз жерлерді сөгу де осы заман Қытай тарих ғылымының міндеттерінің бірі. Иə, жылнамаларда кебек, мешеулік, үйлесімсіздік қана емес, өтіріктер де бар. Бейне өзге елдердегі сияқты, Хəн тарихшыларының ішінде де небір суайттар болған. Оған мысалдар Жаң Шинчың ( ) мырза жазған «Жалған кітаптарға сын» ( )атты еңбекте сенімсіз тарихтар деп аталған «Тасадағы жоунама» ( ) мен «Соғысқақ елдер айласы» ( ) сықылды кітаптардың авторлары. Бұларды Уаң Гоуей ( ) мырза да өз еңбектерінде солай атапты. Жоғарыда аталған Ли Линге қатысты «Ли Линнің Су Уға жауаптары» ( ) деген кітап та сондай жалған кітап [8]. Хаңжоу университетінің тарихи география зертханасының ғалымы ЧынЧяуей əйгілі тарихшы, қазақ тарихына талай еңбек сіңірген профессор Су Бейхай марқұмның Батыс өңірдің тарихи географиясы деген кітабына қосқан алғы сөзінде: Хəн тілді əдебиеттердегі материалдардың жазылған жылдары едəуір ертеде. Ал Батыс өңірдің аумағы кең, құбылысы жиі, этностары мен діні күрделі, тілі мен жазуы əр алуан болғандықтан ерте замандағы əр түрлі əдебиеттердегі ол жайлы материалдар, көбінесе, адамына қарай өзгерген, бірі біріне қайшы да келген, сондай-ақ қате көшіру де, өтірік айту да болған, кейі жол-жөнекей хабар ошарға да негізделген деген болатын. Мұны 2000 жылдың арғы жағындағыны былай қойып, бүгінгі ахуалдардан да кезіктіруге болады. Бұл сөзіме де мысал ала кетейін: 1. Қазірдің өзінде ескі жылнамалардағы ескіше бейнелеу тəсілдерінің шеңберіне қамалудан Қырғызстан қырғыздары жиыржисы деп жазылса, Қытай қырғыздары кыаркызы деп хатталып жүр. Татарлар да бірде дадан, енді бірде татаыр делінеді. Қытай Алтайындағы тыбалар бертінге шейін моңғол саналды. Дəп бүгіннің өзінде, егер қазақ тілі мен салтына шорқақ біреу Қай елсіз? деген сұраумен Қытайдағы Алтайға барса кереймін, Ілеге барса қызаймын деген жауап алуы, оны сол бетінше хаттауы сөзсіз. Ал, ана Алтай мен Іледегі қазақтар үшін жұрттың бəрі білетін қазақпын деу түгіл, Орта жүздікпін деу де мүлде артық саналар еді. Мыңдаған жылдар өткенде осыларды əлгі шорқақтың хаттауы бойынша басқа басқа этностар, ұлттар демеуге кім кепіл жыл бұрынғы, сақтар мен ғұндар туралы жоғарыда ЧынЧяуей айтқандай жол-жөнекей хабар ошарға 8 «Сөз теңізінің» (1999 ж. Жалпыластыру нұсқасы ) бет.

10 10 БІРІНШІ БӨЛІМ негізделген жазындыларда мұндай ағаттықтар жоқ деп тіпті де айта алмайсыз. 2. Ана жылы хəн тілінде Алыстағы ақ отау деген хикаяттың қаттысынға алынғаны белгілі. Автордың сондағы көп қателігінің бірі əкесі бауырына салып алған тұңғышын жігіттің: менің келіншегімнен туған, бірақ атасының баласы дегенін қате малданып, атасы мен келіні қосыла бередіге меңзеуі еді. Мұндай жаңсақтық арғы замандарда тіпті көп болған шығар-ау. Жаңсақтың көкесі Батыста екені де белгілі. Оған, атышулы еуроцентризмнен қала берді, Һангерман теориясын қоздырушы Шмидт Г. Ю. Клапорт, Үйсін - орыстың атасы дейтін Н. В. Кюнер сықылдылардың да үлесі бар [9]. Оған Су Бейхай марқұм айтқан, Қытайлық жылнамалар, батыстағылардікіндей емес, саясиланған, əр əулет өз кезінде оны өзіне лайықтап, ептеп өзгертіп отырған тарих дегендерін де қосып қойыңыз. Иə,биліктің тарихқа қол сұғуы ерте басталған. Мысалы, Шығыс-Оңтүстік Азия жылнамалары мен Батыс жылнамаларының ертедегі дүниеде атқарған рөлі мүлде ұқсамайды. Батыста тарих халықтық орында болды, ал Шығыс Азияда, əсіресе, Қытайда тарих əу бастан-ақ саясатпен айрылғысыз байланыс орнатты. Тарих ғылымы үстемдіктің құралына ертерек айналды. Оның басты міндеті оқиғаларды хаттау мен дағдыға бағыну еді [10]. Осының ең бертінгі бір мысалыгу Гуанюан ( ) [11] айтқан мынада тұр: Патша Чянлұңның ( ) «Сыкоучюаншуды» ( ) [12] орасан зор адамзаттық күш шығарып, 10 жыл бойы құрастыртуының шынайы себебі тек байырғы мəдени шығармаларды реттету ғана емес, «Сыкоу чюаншуды» құрастырту арқылы тиярын құртқызу ( ) мақсатына жету болған. Сондықтан Чянлұңның «Сыкоу чюаншуды»құрастыртуы, мəдени мақсатпен емес, саяси мақсатпен жүргізілген. Мұны 10 жыл ішінде тексерілген, тиылған, өртетілген орасан көп кітаптардан-ақ білуге болады кітап толық өртелген, 402 кітаптың бір бөлігі өртелген екен, енді бір санақ бойынша жиыны 100 мыңдай кітап өртеліпті. Мұның ішінде толып жатқан көшірмелер де бар. Нақ санын мөлшерлеу қиын. Бұл санға сенсек, өртелген кітаптың жалпы саны «Сыкоу чюаншудың» 10 есесіндей болады! Бұл не деген адам айтқысыз сан! Чянлұң іс жүзінде Жұңхуа мəдениетін құртқан сұрқия қылмыскер!. Бұл туралы ең беделді ғалымдар қолынан шыққан, энциклопедиялық сипатты Сөз теңізінде де: Мұны құрастыртудағы мақсат Чиң əулетінің үстемдігі мен феодалдық əдебін қорғау, феодалдық үстемдігіне пайдасыз туындылардың көбін жаздырмау, ішін аралап алдырту не өзгерттіру, тіпті, құрту болған деп Гу Гуанюаннің көзқарасын құптау бар. Əрине орда қолымен мұраларды өзгерту тек Чянлұң патшамен ғана шектелмейді. Одан бұрынғыларда да, кейінгілерде де мұндай қылық болған. Сондықтан жылнамаларды орда идеясынан аршып алу алдағы зор міндеттеріміздің бірі. Моңғолтанушы ғалым И Линжын ( ) мырза: Əдебиеттер мен материалдар - ең негізгі деректер. Еліміздің замандардан бергі жылнамалары бізді бай 9 Ғайниден Мұсабаев. «Үйсін туралы пікірлер» («Қазақ тарихынан». 69-бет ) жылдан бастап құрастырылған төрт бөліктен, бумадан тұратын кітаптар тізбегі.

11 ЕЖЕЛГІ ҰЛЫС ТАРИХЫ материалдармен қамдап отыр. Бірақ бұл əдебиеттердегі жазбаларға сыни қарау, рас-өтірігін, дұрыс-бұрысын мұқият айыру қажет. Сонда ғана зерттеудің ғылыми өресін көтеруге болады [13] деп өте дұрыс айтқан. Сондықтан мен тарихи материалдардағы (соның ішінде хəн жылнамаларындағы) сөз, иероглиф біткеннің бəрі бірдей ақиқатты аңыратып тұр дегеннен мүмкіндігінше аулақ болуға барынша тырыстым. Əрине, қай елдік болса да жылнамалардағы жағдай ұқсаңқырап кетеді. Біз оларды тоқсан толғана отырып, сандаған деректерді өзара салыстыра келіп, ғылыми қисыны күшті талдаулардан өткізген соң ғана бір тұжырымға тоқтаймыз. Мен Қытай жылнамаларын (əсіресе оның б. з. б. - б. з. ғасырларына тəн тұстарындағы бізге қатысты бөлігін) недəуір ақтарған адаммын дедім. Бұл барыста осы сөзімді анағұрлым басшылыққа алуға тырыстым. Сөйтіп кез-келген елдің, кез-келген автордың тарих жөніндегі əдебиеттерін оқығанда, зерделегенде, пайдаланғанда мұндайға сақ болу естеншығып көргені жоқ. Бірақ Қытай жылнамаларындағы үйсінге байланысты, сондықтан да біз елеуге, ескеруге тиісті басты қателік екеу секілді: Бірі, қытайша иероглифтердің өзгенің жалқы есімдерін айтылым жағынан дəл жəне бір ғана қып жазуға ебедейсіздігінен, кейде мағыналық аудармамен хаттайтындығынан жəне жол-жөнекей хабар ошардан алғандығынан туындайтын ономастикалық қателіктер; Енді бірі, зор елдік астамдық жəне əулетке (мысалы Хəн патшасына) жағымпаздық салдарынан өзгені кемсіте, өзін зорайта хабарлаулар. Алдыңғы мəселе жөнінде, мен Шадыман Ахметұлының Ономастикалық атауларды бүкілдей иероглифтердің ескіше оқылуына сүйеніп шешу керек дегеннен аулақпыз («Ежелгі үйсін елі» 2-бет, Шынжаң халық баспасы. 2005)дегенін қатты құптаймын. Өйткені: Біріншіден, «Хəннама» мен «Тарихи жазбалар» авторларының ертедегі Қытайлықтардың қайдағы бір кез-келген диалектісінде жаза салмағаны айдананық, сондықтан ескіше оқылулардың (тəп сол авторға тəнін тəп басып таппай) албаты біріне бағына кету тағы да зор ағаттық тудырар еді; Екіншіден, бізді өзгеше оқылуларға жетектеу арқылы алжастыруға тырысатын, қазақтардың этникалық тағанын, мысалы үйсін, қаңлы, аландарды қазаққа жолатқысы келмейтін күш те жоқ емес. Ал енді кейінгі мəселеге келсек, астамдық пен жағымпаздықтың салдары, ұзағанда, іргелес жаттардың тарихи төркінін кішірейте, əлсірете, төмендете баяндауы ықтимал. Бірақ бұдан тартарымыз шамалы. Тек соның өзінде де: ертедегі Хəн əулетінің Үйсінді Батыс өңірдегі ең күшті де ірі ел санағаны мен өзі шығыстың алып елі бола тұрып бұл Үйсін ұлысының əскери көмегіне зəруболғанын есте мықты ұстасақ қана болғаны. Ал, енді ежелгі үйсіндерді қазаққа жолатқысы келмейтін өте аз санды күштерден менің (ресми медия мен ауызекі сөйлесулер арқылы) білетінім мыналар: 1. Үлкен топ (Су Бейхай жəне жуықта жарық көрген Нығымет Мыңжанұлы :

12 12 БІРІНШІ БӨЛІМ ның еңбегіне ішінара толықтаулар енгізген «Қазақтың қысқаша тарихының» авторлары сияқты) ғалымдардың ат төбеліндей қарсы жағы (ғылымда бұл табиғи да қалыпты ахуал) кезінде осы үлкен топпен У Сүннің қазақпен қатысы жоқ, ол У Сүн қазіргі қазақтағы үйсін емес деп айтысқан болатын. У Сүннің қазақпен қатысы жоқ дейтін осылар, ол көзқарастары тойтарылса да, өз қарсылас тобын жығуға ұмтылуын əлі де қойған жоқ. Бірақ олар, өз сөздерін дұрыс санай тұрғанда да, ол Үйсін ұлысының бүгінгі қазақ топырағында болғанын да, осы арада шаңырақ көтергенін де, сондықтан қазақ тарихындағы мемлекеттілік саналарын да шартсыз мойындауға тиіс. Ал біз де екі мың жылдың алдындағы үйсін бүгінгі қазақ Ұлы жүзіндегі үйсіндердің айна-қатесіз діні де, тілі де, ғұрпы да, тұрқы да, жұрты да, т. б. да титтей өзгермеген, дəп өзі ғана дегелі отырғанымыз жоқ. Ол 22 ғасырдың алдындағы басқа заман, бөтен орта, бөлек қоғам. Ол кездегі адамда бүгінгілерден басқаша діні де, тілі де, ғұрпы да, тұрқы да, жұрты да, менталитеті де, талғамы да, деңгейі де көптеген айырмашылықтарға ие топ. Одан бергі аралықта шым-шытырық сан алуан оқиғалар, кинетикалық дамымалы процестер жатыр. Біздің ол замандағы ата-бабаларымыз бен бүгінгі біздің арамыздағы ұзын көпір дұрыс, дəл, өз заманындық сатыларына лайық келбетімен салынуы тиіс. Сондай-ақ біз соншама ғасырлық процестегі өзгерістерді қайырып тастап, бейне ертедегі сол топ со беті ешкімге қосылмай, ешкімді қоспай бүгінге жеткендей, тіпті өзге түрік ұлттары түгіл, қазақтың өзге жүзіндегі тайпаларда да ежелгі үйсіндердің қаны мүлде жоқтай сөйлегелі отырғанымыз да жоқ; 2. Туысқан түрік халықтары арасындағы ішінара тар сезімділер үйсінді қисынсыз түрде тек өз ұлтына ғана меншіктеуге ұрынып, қазаққа қатыссыз санап, қисыны зор қазаққа тəннің өзіне де жат емесін, таласудың ешкімге де пайда бермесін сезе алмайды. Мəмбет Қойгелді айтқандай, Біз қазақ, қырғыз жəне өзбек сияқты халықтар - тарихымыз тамырлас, тағдырымыз жақын жұрттармыз. Тарихымызда ортақ кезеңдер, түрлі тарихи жағдайларда ниетіміз бен мүдделеріміздің тоғысқан тұстары аз болмаған. Сондықтан тарих мəселесіне келгенде таласу да, жарысу да еш пайда бермек емес; 3. Кезінде отаршылардың не бірер биліктінің уағызы не шектеуі бойынша, уəяки басқа себептен үйсіндер туралы қате жазып не айтып қалғаны барлар сол пікірінде (мысалы, Үйсін мен усунь екі бөлек, 1465 жылдан бұрын Қазақ хандығы болған жоқ. Себебі қазақтың өзі болған жоқ, Қыпшақ қазақ емес, т. б. дегендерінде [14] қасарысуы не аттан түссе де үзеңгіден түспеуі мүмкін. Шынында да кей жандардағы мейлінше қасаң жаттанды да жасанды ұғымдар, оларды жуыққа шейін зорлықпен құлыпталып келген алтын сандықтардан бүгін шығып жатқан шындық пен ақиқаттарға үдірейе, тосырая қаратып, Жоқ!, Олай емес! деуінен тайғызбай тұр. Мұндайлар, адамдар мен адамдар тобы мың жасамағанмен, тіпті оның аты да сан өзгеретін болғанымен, оның өз ұрпағы арқылы сан мың жыл жасай беретінін білмесе керек. Қазақ хандығына қазақ деген ат молдалардың бірінің азан айтып қоя салуынан шыққан емес. Қазақ хандығы құрылудан бұрын, қазақ ұлты не сол аттас тайпалар тобы дүниеге кел- 14 «Жалын» бет.

13 ЕЖЕЛГІ ҰЛЫС ТАРИХЫ ген. Тіпті бұл ұлт не осы аттас тайпалар тобы дүниеге келуден бұрын сол аттас ру тіпті ата өмір сүрген болуы да ықтимал. Бүгінгі əлемдегі ұлттардың бəрі де ежелгі адамзаттың ұрпағы. Сан рет сапырылысқан процестің жемісі. Олардың еш қайсысы да не көктен түскен, не жерден шыққан емес, осы өңірде өмір сүрген ертедегілердің не олай, не бұлай сапырылулардан өткен ұрпағы. Біз сол сапырылу барысы мен кімдердің қалай сапырылғанын ғылыми түрде қарастырудамыз; 4. Жүзшілдер мен рушылдар, яғни іс жүзінде өзімшілдер, үйсін сөзі көтеріле бастаса, ғылымның ілгерілеуін, бүкіл адамзат пен күллі қазақ қамын ойлаудың орнына, тəп бір тек қана Ұлы жүз азаматтарының шашбауы орынсыз көтеріліп баратқандай іштарлыққа бөленеді; 5. Ішінара тарихи деректі қате түсініп жаңылатындар да бар. Мысалы, жылнамаларда кейін келе үйсіндер Іле өңірінен оңтүстікке ауып кетті деген сөз кезігеді. Бірақ кейбіреулер бұл ауудың үйсіндердің бір бөлігіне ғана тəн жəне ол Памирдің солтүстігіне ауу ғана екенін байқамаған немесе оны ескеруді қаламаған. Тіпті əуелі олардың кейі үйсіндерді бұл жаһаннан ұшты-күйді жоғалдыға жатқызған; 6. Евроцентристер Хəн тілінің арғы замандағы жерлік алуан (бүгіннің өзінде əлденеше) диалектілерінен ономастикалық себі тиетіндерді тіміскілей ақтарып, бұл өңірдің байырғы тұрғындарын бүгінгі жерлік тұрғындарға байланыссыз етуге дерек іздеуін де қойғаны жоқ; 7. Қазақты отарлаған кешегілер де, болашақта отарлау ниеті бар бүгінгілер де Қазақ мемлекеттілігін тарихта жоққа шығаруға, ал оны мансұқтай алмаса неғұрлым кішірейтіп, шолтитып көрсетуге жанын салады. Доктор, профессор Нəбижан Мұхаметханұлы айтқандай: Олар Бүгінгі күннің саясатына жұмыс істеп жатыр, Жалпы бір елді күйрету үшін, ең алдымен, оның бүгінгі ұрпағына арғы тегін ұмыттыру керек, нəр беретін терең тамырын қырқу керек ; дəл осындай сөз [мемлекетін жоюшы ең алдымен оның тарихын жояды ( ) деген] əр елде, соның ішінде хəн ұлтында да бар. 8. Батысқа табындырған сыңаржақты тəлімнің кесірінен Ұлы Шығыс Өркениетіне (Үйсін түгіл, Қытай, Жапон, т. б.) менсінбей қарайтын ішінара қазақтар, алғашқы үйсіндердің түрік тілді жəне ақ нəсілді болып, бертін келе метистенгенін білмей, өз тегіне шығыстық үйсіндерді таятқысы келмеуі де мүмкін; 9. Кешегі қырғи қабақтық кезеңде ҚХР мен КСРО еліндегі талайлар қарсы жағын жеккөрінішті ететін, қолдан жасалған идеологиялық тəлімді сіңірді. Оның ішінарасы тіпті сол музыкаға билеп, қақтығыс пен жеккөруге қару боларлық дүниелерді де жазып тастады. Мұның əр екі елдегі кей жандар миындағы сарқыны əлі де арыла қойғаны жоқ. Соның бірі аз санды адамдардың, Қытай ғана емес, одан келген сөзге де, дүниеге де үрке, тыжырына қарауы. Мұның Қытай жылнамаларына, ондағы қазаққа қатысты деректерге, ертедегі хəндармен байланысы болған тайпалық ұлыстарды қазақтың ата-тегі деп қарауға, тіпті осылар туралы жазылған ғылыми не əдеби еңбектерге салқыны тимейді дей алмайсыз. Дəп осындай сарқын (ТМД еліне, сол қатарда Қазақстанға қарата сыңаржақ көзқарас) Қытайдағы аз санды адамдарда да бар. 10. Əсіре де жеңіл саясатшылдардың кейі, Үйсін қазақтарды құраған ертедегі тайпалық одақ саналса, күндердің бірінде Қазақстан жақ Қытайдың батыс- 13

14 14 БІРІНШІ БӨЛІМ солтүстігінің бір бөлігін менікі еді деп дауласудан тайынбайды деу арқылы орынсыз алаң туғызбақ болады. Əйгілі ғалым Мəмбет Қойгелдиев сан рет ескерткендей, қазіргі Бірден-бір маңызды мəселе тарих ғылымын саясаттан аршып алу. Біз осы мəселені орнықты шешпей, тарихты ғылым дəрежесіне көтере алмаймыз [15]. Əрине, бұл барыста Лев Гумилевтің: Жалпы алғанда, бір халықтың тарихын тек қана оның дұшпанының көзқарасы тұрғысынан зерттеуге болмайды («Көне түріктер». 86-бет) дегені де есте мықты ұсталады. Ал, əрі ұлтжанды, əрі ғылыми қазақ ғалымдары мен əділетшіл өзге ұлт тарихшылары бұл он түрлі адамдардан болатын қиянатқа қарсы. Олар: Қазақ жазирасының қарапайым құба төбел күмбездері, ғимараттары, Самархан мен Бұхараның көк тіреген зəулім мұнаралары мен алтынмен аптап, күміспен күптеген сəн-салтанатты сарайларының көлеңкесінде мүлде көрінбей қалғаны болмаса, көнелігі мен ғылыми маңызы жағынан анағұрлым артық [16] дейді. Мұндайлар Қытайда да баршылық. Қытайдағы авторлар ұжымының қолынан шыққан жəне ең жоғарғы билік жағынан бекім алған жуықтағы кітаптарда (мысалы, «Шынжаңның жергілікті тарихы» мен «Қазақтың қысқаша тарихында») [17] : Үйсіндер бүгінгі қазақтардың басты ата-тектерінің бірі деп айқын жазылған жəне жоғарыдағы 10 түрлі нысайға қатты соққы берген. Бүгінде бұл тақырып айналасында жоғарыда аталғандай əр түрлі пікір бар болса да, Сақтан кейін Үйсін, Қаңлы, Батыс Түрік қағанаты, Түргеш, Алан сияқты қыпшақтарға дейін біздің қазақ даласында салтанат құрған ежелгі мемлекеттер болған. Бұл мемлекеттер ара жалғастығы үзілмеген. Себебі олардың негізгі географиялық шекарасы қазіргі Қазақ Елінің аумағында, Бір сөзбен айтсақ, біз қазақтың мемлекеттігін Сақ, Үйсін, Қаңлылардан бері сабақтап тартуымыз керек [18] дейтін ғалымдардың көбеюі, үндерінің қатаюы адамды қуантады. Дегенмен тарих ғылымының орны толмас өкініштері ішімізді удай ашытадыақ. Соның бірі тарихи деректердің адамзаттың өз қолымен құртылуы, тəрік етілуі болар. Б. з. б. ғасырдың аяғында Тұниязыдағы (Жұңго, ОртаЖазықтағы) жауыз патша Чин Шыхуаң қолымен өртелген кітаптар мен тірі көмілген ғалымдар миының ішінде əлемге, сол қатарда Ұлы Далаға байланысты қаншама құнды деректер кетті деңізші; Кутайба ибн Мүслимəл-Балихи Хорезмнің хат танитындарын қырып-жойып, дін қызметкерлерін өлтіріп, кітаптары мен бумаларын өртеткеннен кейін хорезмдіктер мəдениеттен жұрдай болды, мүлдем сауатсыз қалды, естерінде қалған мағлұматтармен ғана күн көрді [19]. Бұл, əлбетте, тек хорезмдіктердің басында ғана болған қиын хал емес-тін... Түрік халықтары да осындай ауыр ахуалды басынан аз кешкен жоқ. Мұхаммед пайғамбардың ілімі кең етек жайған соң, ата-бабаның асыл мұрасынан айрылған дала перзенттері 15 «Жалын» журналы бет 16 Француз ғалымы И. Кастаньие («Қазақ Елі», 2007 жыл, 21-наурыз, 9-бет) жылы қытайшасы ұлттар баспасынан, 2009 жылы қазақшасы Шынжаң халық бас пасынан шыққан. 18 «Жалын» журналы бет. З. Қинаятұлы. 19 Əбу Райхан əл Бируни. «Əл Əсəр əл Бақия» (Бақилықтар туралы туынды)

15 ЕЖЕЛГІ ҰЛЫС ТАРИХЫ өздері сан ғасыр пайдаланып келген əліпбиін құбыжық көріп, əдет-ғұрыптарына да өзгерістер енгізді... Мұндай ұрпақты əр түрлі діни уағыздармен-ақ өзінің ислам дінінде болмаған кəпір ата-бабасынан бездіріп,... аңыз кейіпкер Нұх пайғамбардың бір баласынан тараған бұтаққа тели салу оңайдың оңайы болатын [20]... Дегенмен, көбі өзімізден. Орта Жазықтың (Түнязының) қайсар халқы, Чин Шыхуаңның жəбірін көргенімен, оны он шақты жылға апармай аудара салды. Талай дінді қабылдаса да жазуын да бүгінге шейін сол қалпында сақтап, дамытып келді. Аман алып қалған жылнамаларынан, өздері түгіл, бүкіл əлем пайдалануда. Чин Шыхуаңнан соң да сан көргілікті көргенімен, төл мəдениетін құрттыруға жол бергені жоқ, қайта оны өркендете берді. Біз де, əлемдегі хəн, үнді, т. б. ұлттар сықылды, талайдан бері отаршылардың тепкісінде жаншылған, қорланған, аяқасты етілген, жəбірленген, жасытылған, көңілі шайлыққан ұлтпыз. Талай ғасыр рухымыз тəуелді, санамыз тұсаулы, мемлекеттілігіміз тоқыраулы, идеологиямыз дағдарулы, денеміз боршалаулы, жадымыз бұрмалаулы, мəдениетіміз (соның ішінде жазуымыз) ойыншық етілген күй кештік. Енді ғана оянатын, сілкінетін, ес жиятын күн туды. Бұл тақырыпқа келгенде, ең əуелі осындай тарихи дерттердің зардабынан арылып алған жəне бөтен ниеттегілердің əр түрлі ғылыми қитұрқы қылықтарына сақ болғанымыз жөн. Бұл - өзгелер иген шындықты ғылыми дəлелдер арқылы түзейік дегендік қана. Бұл тек бейғылыми көңілге (мысалы, тар да тағансыз ұлттық сезімге) мініп алып көк атқа (тарихи шындыққа) фантазиялық жабу салайық дегендік емес. Егер өйтілсе, тарих ғылымына да, ұлт мүддесіне де, күллі адамзатқа да орны толмас зиян болар еді. Меніңше, кей тайпа (мысалы, хазарлар) ішінде қазақтан өзге этнос болмаған деп білу де, Хəн əулеті кезіндегі үйсіндер санын деректегіден əлдеқайда көп деу де, өзге ұлттар ішінде үйсіндердің аздаған тұқымы да мүлде жоқ санау да, т. б. осындайға жатады. Əрине ескеретін басты түйін шындықты талап ету тарих ғылымының ішкі зəрулігі ғана емес, нағыз тарихшылардың жаппай мойындайтын құндылық парызы, айрылмауға тиісті рухы. Шындықты талап ету тарихтың жаны. Онсыз нағыз тарих жоқ. Нағыз тарихшылар тарихқа тигізген қаламын, іріктеумен талдауға істетсе де, ойдан жасауға да, қисынсызды қиыстыруға да, өзсөзділікпен өз ағаттығына асылып алуға да баспайды. Əйтпесе оның аузынан, не қаламынан шыққан дүние, тарих емес, ұзағанда жеке де жай əдебиет не тарихи көркем əдебиет қана бола алуы мүмкін. Бұл талаптар өзінен бұрынғыларға батыл күдіктене алуды, обьектив фактіге, тіке тарихи материалдарға құрмет ете отырып, бұрынғылардікін түзете білуді де қамтиды. Əйгілі тарихшы, академик Манаш Қабашұлы Қозыбаев: Ресей империясы тұсында тарихи проблемалар империяның, християн дінінің, Ақ патша билігінің үстемдігіне қарай пайымдалды. Ал, жаңа, тəуелсіз кезеңде біз ұлтымыздың тарихи санасын ояту барысында, тəуелсіздікті баянды ету жолында қазақ тарихшылары да тарихты бұрмалап, ата-бабасының əділ ісін асырып, зорлық-зомбылығын (мысалға қарақалпақтарға, қырғыздарға, башқұрттарға) Байбота Серікбайұлы Көшім-Ноғай. «Күннен туған, гүннен туған пайғамбар»

16 16 БІРІНШІ БӨЛІМ жасырып, беліне қару асынғанның бəрін батыр деп, қолына домбыра ұстағанның бəрін ақын деп жатқанымыз өтірік пе? Сондықтан, негізгі міндет тарихи, ғылыми обьективтілік, диалектикалық принциптерді сақтап, жалтақ тарихтан жасанды тарих жасамай, ғылымға негізделген ата тарихын жазу міндеті тұр [21] деп бекер айтпаған ғой. Жия айтқанда, тарихшыларға зор жауапкершілік артқан Иылмаз Өзтұнаның Білім білігін ар-ожданмен ұштастыра алмаған тарихшы ұлтына да, адамзатқа да опасыздық жасағанмен бірдей болады [22] дегенін мықтап ескеріп, Əлімғазы Дəулетханша Алысты жақсы көргіміз келсе, биікке ұмтылайық. Аспан асты кең. Тарих - биіктің, тереңдіктің һəм ар-ожданның ғылымы екенін есте ұстайық [23]. 4. ТАРИХТЫҢ ТҮП КЕЛБЕТІНЕ СҮЙЕНУ КЕРЕК Бүгінгі тарих ғылымында əр алуан ағым бар. Бірақ саналы азаматтар, қайық түгіл, иесі мықты салдың да ағынмен кете бермейтінін əбден біледі. Бүкілшар тарихы (global history, глобал тарих, ) дейтін көзқарас өткен ғасырдың ортасынан бастап Ұлы Британиядан үн көтергелі (əсіресе соңғы 30 жылдан) бері тез етек алды жылдың тамызында 70 елдің 1800 тарих ғалымдарымен өткен 19-кезекті халықаралық тарих ғылымының құрылтайында, оның үш үлкен тақырыбының бірі Бүкілшар тарихының болашағы: Ұғым жəне методика болды. Глобал тарихтың басты теориялық ерекшелігінің бірі - еуроцентризмге сөгіс беру. Соған орай Геоффери Барраглоуг (G ): Тарихты батыс еуропаның көзқарасымен түсіндіру жеткіліксіз болып қалды. Ендеше Батыс тарих ғылымы бағытын қайта бекітуі, тарихшылар Еуропа мен Батыстан секіріп шығып, назарын барлық аймақтармен дəуірге тастауы тиіс [24] Бүгінгі тарих ғылымы шығармаларыныңтүпкілікті сипаты оның бүкіл шарлығында, дүние тарихын зерттеудегі басты міндеттің бірі бүкілшарлық тарихи көзқарасты - ұлт пен регион шегінен асып, бүкіл дүниенің тарихын ұғыну көзқарасын тұрғызу [25]. Əрбір дəуір мен əлемнің əрқайсы аймағындағы барлық ұлттың қосқан үлесіне əділ баға беру керек [26] деген болатын. Былай қарағанда жақсы-ақ лебіз. Əлем дəстүрінде əрбір өркениет пен əр ұлттың тарихи мəдениеті жөніндегі құндастық теориясы ( ) ежелден бар-ды. Гомер дастаны əр этносқа тең қараған, Герододтың жазғандарында да шығысқа ізет бар. Бірақ, бертін келе үні қаттырақ көтерілгендердің бəрінен бас басына өздерін кіндік ету, өзгені қағу, басу, тіпті қорлау төбе көрсетті. Бұл 21 М. Қозыбаев. «Түбін білмеген түгін білмейді». («Шынжаң қоғамдық ғылымы» ). 22 Иылмаз Өзтұна. «Büyük türkiye tarihi». Стамбул бет. 23 Əлімғазы Дəулетхан. «Хұн-түрік-қазақ тарихын зерттеу мəселелері». Алматы бет. 24 Geoffery. Barraclough: «History in a Changing World», Oxford, Geoffery. Barraclough: Geoffery. Barraclough : 1985

17 ЕЖЕЛГІ ҰЛЫС ТАРИХЫ нысайды түзеу жағынан қарағанда глобалдық тарихи көзқарасты дəріптеудің белсенді жағы байқалады. Алайда, бұған салмақпен қарап, мұндай бір жаңа горизонтпен (кеңістікуақытпен) сараптауға, назар салуға жете алу, яғни тарихшы ғарыштық болу, жер шарындағы сан-мың ғаламның құбылысын жан-жақтылы, ұзақ мезгілдік, тепе-тең қарастыра алу - бүкіл əлемдегі тарихшылардың арманы ғана. Тарихшы қанша айтқанмен өзін құдай санарлыққа шейін асқақтай алмайды. Бұл үміт - тек өтміштегі дүние тарихтары тудырған ағаттықтарға бой көрсету [27] дейтіндер аз емес. Үнді ғалымы Парфа Чаттериенің қылаяғы біздің ойлауымыз да отарланған деуі мен АҚШ Нью-Йорк университетінің профессоры Жаң Шюйдұңның Қытайдағы кез-келген құбылыс тек өзгенің ұғым шеңберімен ғана түсіндіріледі, өзгенің бұйырған жүйесінен айрылғанда өзіміздің не істеп жатқанымызды білмейтін сықылданамыз деулері ғаламиласуды күшті елдердің, бүкіл əлемдегі ресурсты ғана емес, бүкіл əлемдегі құндылықты да монополиялауға ұрынуы деп білгендіктің салдары сықылды. Мұны да ұмытпаған жөн. Өйткені бұл арадағы тарихқа глобал көзқарасты дəріптеушілердің пиғылының алуандығын да естен шығармау керек. Глобал тарихтың экономикалық глобалданумен байланысы жоқ деу сəбилік болар еді. Ал, соңғының өзі де екі жік. Қалыпты, əділ, пайдалы экономикалық бір тұлғалану (интеграциялану) барысындағы глобалдану бар да, жаңаеуроцентризмдік (жаңа либерализмдік, елаттаған серіктестіктер ішіндегі ұлттық мемлекеттердің экономикалық егемендігін күйретуді көксейтін идеологиядағы, т.б.) глобалдану бар. Соңғы қастық сайланған, ұйымды жүргізілген саяси шара [28]. Тарих деген - тарихшылар мен олар қолындағы тарихи деректердің толасы жоқ диалогы. Тарихшы көп, дерек көп болғасын бұл диалог та алуантүрлі болып жалғаса береді. Тарих та дүниенікі, бір елдікі, бір ұлттікі, біртайпанікі,... бүкіл шардікі, бір құрлықтікі, бір региондікі, тіпті бір ауылдікі... болып көп түрлілігін сақтайды. Сонда ғана осылардың қосындысынан бүкіл дүниенің шынайы да толық тарихының келбеті шықпақ. Ең маңыздысы сол тарихты жазу барысындағы көзқарастың шыншыл, əділ, мұқият, нашар пиғылдардан аулақ бола алуында. Меніңше, Батыс емес, Шығыста да, əсіресе қазақта да тарихқа глобал көзқарасты дұрыс та толық түсіну мен өзіне де, өзгеге де пайдалы жаққа бастау оп-оңай болғалы тұрғаны жоқ. Өйткені біріншіден, глобал тарих көзқарасының белсенді де ұнамды жақтарын ұғыну мен тану үшін, еуроцентризмнің ықпалдарын түгелдей тазарту үшін толып жатқан шаруа тындыру, басты қатты сілку қабағат қажет. Ол ықпалдардың, көнесін былай қойғанда, жаңасының өзі де (Батыстың не батысшылдардың көзқарасын талдаусыз қабылдаған күйі кешегі əуенге басу, өзіндік үндеу құқығын талақ етіп, өзгенің музыкасына би билеу, т. б. ), біздің жұртта төбетөбе. Ал, екіншіден, «Бүкіл шардың жалпы тарихы» [29] деген екі томдық кітаптың авторы: Бұл кітап дүние тарихы ( ( ) ) L S

18 18 БІРІНШІ БӨЛІМ Оның басты ерекшелігі: зерттейтіні, бірер ел не аймақтың емес, бүкіл шардың тарихы; назарын, батыстықтармен немесе бейбатыстықтармен шектемей, күллі адамзатқа салады. Бұл кітаптың көзқарасы - біз жүрген шардың тұтас тұлғасына айда отырған бақылаушының жүргізген тексеруінен қалыптасқан көзқарас. Сондықтан ол Лондонда не Парижде, Бейжиңде не Делиде отырған бақылаушының көзқарасына мүлде ұқсамайды деген екен. Мұның қиындығын айтушылар мен əділдігіне күдіктенушілер толып жатыр. Соның бірі: Тарихты бүкілшарлық тарихи көзқараспен жазу үшін, ең əуелі кең ашылған бүкілшарлық көз ая болуы керек. Қытай мəдениетін қамтымаған дүние мəдениет тарихы - дүниенің толық мəдениет тарихы емес [30] дейді. Əрине мен де қазақ тарихына байланысты дəп сондай пікірді көтере аламын. Бұл көзқарастың іске асуының қиындығы міне осындайда да тұр. Енді үшіншіден, тағы бір жағынан алғанда, ісжүзінде, бұл ғылымда глобалдылық тарихи көзқарас дегеннің болуы күдік те тудырады. Əр түрлі мемлекеттің, əр алуан ұлттың, тіпті бір мемлекет ішіндегі əрбір этностың өзіндік тарихи көзқарасы болып келді, бола береді де. Бұған күдік жоқ. Осы күдік тудырмайтынның өзі де, оның сара идеясы да дəуіріне қарап тағы өзгеріп отырған, былайғы жерде де солай бола бермек те. Өзгеріс пен даму - мəңгілік. Демек тарихқа глобалдық көзқарастың белсенді де пайдалы жақтарын ескергенде, мəдениетке глобалдық қалып пен шектеме болмайтыны сықылды, тарихқа көзқараста да ондайдың бола алмайтынын ұмытпау керек, əр ел мен ұлттың өзіндік тəуелсіз де шыншыл көзқарасынан айрылмау тиіс. Төртіншіден, Əрине тура мəніндегі глобалдық тарихи көзқарасқа, дұрыс ұлтжандылықпен емес, жұртты жеріткен дəстүри-саяси тарихшылықтағы тар ұлтшылдықпен қарау да келісіп тұрғаны жоқ. Оның басқа бір центризмге бастауы ықтимал. Саяси тарихшылықтан əлеуметтік өмір тарихына бұрылған жөн. Сонда ғана тарих əлеміндегі центризмдерден - ұлтты асыл не нашар деп жіктеуден, тарих дамуына монизмдік ( )тұрғымен қараудан, əулет дəстүршілдігінен ( ) құтылуға мүмкіндік бар. Тарихты ғылым деп шынайы таныған тарихшы жаратылыс саласының ғалымдарынан, олардың лабораторияда не сыртта мол деректерді немесе экспонаттарды жиып, қолына сенімді материалдарды түсіріп барып, сосын сан толғаныстан кейін ғана қорытынды жасайтынынан үйренулері керек. Егер мұндай жағы олқы болса, тарихи материалдық таянышы кем болса, нағыз кəсіби де шынайы тарихшылар қисыны келген, əдісі керемет, сөзі шешен шығармаларды да қабыл алмайды. Тағы бір ескерерлік жайт - ірі ел тарихшыларының іргелес ел тарихына дұрыс мəміле жасауы. Ертедегі Қытай шекара өңірлеріндегі ұлттарды, елдерді, аумақтарды зерттейтін Жилин университетінің тарихшысы, профессор Жаң Бочюан айтқандай, əр мемлекеттің тарихтағы ұлттары мен шекара өңірі, əсіресе шекарадағы ұлттары мен өңірі əрі ішкі шекара тарихын зерттейтін, əрі іргелес мемлекет тарихына қатысты мəселе болғандықтан, бұл екі жақты байланысты дұрыс шешу керек. Зерттеу барысында шындықты іс жүзінен мұқият іздейтін рух болса ғана, тарихтағы халықтар ара баянды достық барыс-келісті басты ағым етіп, тарихтан қалған сыңаржақтылық пен араздықты жойса ғана, зерттеуге сиымды стиль бітіп, ол дұрыс бағытпен дамитын болады. Ертеде, елшілер жіберісу болды. Бірақ мұны біртұлғаның ішіндегі бағыныштылармен теңестіре 30 ( )

19 ЕЖЕЛГІ ҰЛЫС ТАРИХЫ салуға мүлде келмейді. Ол - іс жүзінде таптық қоғамдағы екі мемлекет үстем табы арасындағы экономикалық, мəдени байланыстың бір формасы ретінде қаралуға тиісті. Сонда ғана бұл бір тұлғаның іші мен сыртындағы ұлт пен мемлекетке қаратылған байланысты зерделеу мен бір жақтылы етуге ана ғұрлым пайдалы болады [31]. Иə, сөз болғалы отырған Ұлы Дала төсіне кімнің атының тұяғы тимеген. Егер Ескендір Зұлқарнайынның, Еділ (Аттилла) патшаның, Түрік қағанатының, Шыңғыс қағанның, Араб жауынгерлері мен діндарларының, Патшалық Ресей армиясының, т. б. атының тұяғы тиген жерлердің тарихын сол елдің бүгінгі тарихшылары өз еліне тарта не тиесілі ете жазса, тарих əділдіктен айрылып қана қоймай, ғылым санатындағы абыройдан мүлде жұрдай болар еді. Амал не, бүгінгі заманның өзінде де, əлі сол нысайда жүрген тарихшылар кезігіп қалады. Меніңше (Жаң Бочюанның ойын апара түссек), бүгінгі мемлекеттердің ішінара адамы көтерген ертеңдік əділетсіз мүдде үшін, немесе ол елдердегі бір топ жұрттың ұлттық сыңаржақ сезімдеріне жағу үшін қалам тербеп, тарихтың түп шындығын олай не бұлай өзгертсек, тарихтың түп келбетін бұрмаласақ, бұл əділеттің ақ жолынан таймайтын бүгінгілердің, болмағанда сол жолдағы ертеңгілердің сынына, тіпті нəлетіне қалар едік. Мұндайдан сақ болуымыз керек. Əйгілі тарих ғалымы М. Қ. Қойгелдиевтің Қазіргі бірден-бір маңызды мəселе тарих ғылымын саясаттан аршып алу. Біз осы мəселені орнықты шешпей, тарихты ғылым дəрежесіне көтере алмаймыз [32] деуі де осыны мегзейді. Тарихқа əрі ғылымисыз, əрі демократиясыз талқы, шындыққа баруға ес қатпайтындықтан, жақсылық əкелмейді. Əсіресе бірер беделдінің не бірер топтың қабағына қарағыштаған талқы тіпті де солай болмақ. Олжас Сүлейменов сықылды ғалымдар, Ең бастысы, қазақ халқының боямасыз ғылыми тұжырыммен дəйектелген, оқшау жағдайда дамымаған, Ежелгі Əлемнің көптеген этностарымен иық тіресе отырып дамыған тарихын қалпына келтіру. Тарихтың шынайы соқпағы қашан да алыс, бірақ сол мақсатқа апарар жол алғашқы қадамдарымыздан, дəлірек айтсам, ақиқатқа бағытталған қадамдарымыздың алғашқы аяқ алысынан басталады дегенде де осы ойды ескертіп отыр. Иə, Д. Əлімғазының жоғарыда айтылған Алысты жақсы көргіміз келсе, биікке ұмтылайық, аспан асты кең. Тарих биіктіктің, тереңдіктің һəм ар-ұжданның ғылымы екенін есте ұстайық [33] дегенін жадыма мықтап сақтаған мен де сол тарихтың түп келбетін іздеуге, табуға, көрсетуге қолымнан келгенінше талпынып отырмын «Жилин университетінің гуманитарлық ғылымдар хабары» «Жалын» журналы бет 33 «Хұн-түрік-қазақ тарихын зерттеу мəселелері» 149-бет.

20 20 БІРІНШІ БӨЛІМ 5. СӨЗ ҰЛЫ ДАЛА КЕШЕГІСІНЕН БАСТАЛАДЫ Дүниежүзіндегі ең ірі дала Еуразия құрлығында - Хинган таулары мен Карпат тауларының арасында керіліп жатыр. Ұзындығы 7500 шықырым, ені шақырым болатын байтақ əлем. Адамзат өркениетінде өзіндік лайықты орны бар бүгінгі түрік тілдес халықтардың тербеліп өскен тал бесігі осынау - Ұлы Дала дейді тарихшы професср Хайруш Абдрахман өзінің «Тарихыңды таны (Отан тарихының очерктері)» деген еңбегінде (7-бет). Я, бүгінгі Моңғолия Республикасы аумағы мен Хуаңхының (Сарыөзеннің) орай аққан Ордосынан (Өртөсінен) батыстағы Қара теңіздің солтүстігіне шейін созылған ұлан-байтақ сахараны қазақ тайпалары Ұлы Дала десе, оңтүстіктегілер (парсы, т. б. ) Дешті Сақия, батыстағылар Поле саки (скифи) деп хаттаған. Бүгінгілер оны Еуразия құрлығы деп жүр. Ал Хəн əулеті жақтағылар (Сыма Чян мен Бан Гу сықылды тарихшылар) бұл даланың өздері жақ шетін ғана Батыс Өңір деген екен. Мұндағы Батыс Өңір дегеннің мағынасы кейін келе көп құбылды. Мысалы: А. Дəстүри жəне тар мағынадағы Батыс Өңір Ғұндардың батысы, үйсіндердің оңтүстігі. Оңтүстігі мен солтүстігінде ұлы таулы, ортасында дария бар. Шығысы мен батысының қашықтығы алты мыңнан астам ли, оңтүстігі мен солтүстігінің арасы мың лиден артық. Шығысы Хəн əулетімен іргелес [34]. Демек бұл Батыс Өңір дегеннің ең алғашқы жəне айқын анықтамасы бүгінгі Оңтүстік Шыңжаң. Бірақ «Хəннама. Батыс Өңір баянында» оны бұл аумақтан əлдеқайда асырып жіберген... Үйсін мен Памирдің батысындағы талай елді қамтытқан. Осыдан былайғы ресми тарихтардың Батыс Өңірбаяндарында хаттаған көлемі заманына қарай өзгеріп отырған [35]. Ə. Ішінара ғалымдар қолданып жүрген, кең мағынадағы Батыс Өңір Орталық Азия, яғни Азияның орта бөлігі, Шынжаң, Тибет (Шизаң), Ішкі Моңғолия, Моңғолия, оңтүстік Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Түрікменстан, Ауғанстан, Иран, Тəжікстандар. Кей ғалымдар, мысалы Жапонияның тарихшысы Ханеда Тоуру ( ) өзінің «Батыс өңірдің мəдениет тарихы» деген еңбегінде, тек соңғы бес республиканы ғана Батыс Өңір санайды. Б. Сирек қолданылатын, анағұрлым кең мағынадағы Батыс Өңір Қытайдың Гансу өлкесіндегі Юймынгуан, Яңгуандардан сонау Каспий аралығындағы, Азияның батысы мен ортасын, Үнді түбегін, тіпті Еуропаның шығысы мен Африканың солтүстігін қамтып жатқан ұлан-ғайыр аумақ [36]. Біз сөзімізді осы Ұлы Даладан (Қытай ұғымындағы кең мағынадағы Батыс Өңірге таяу өрістен) бастап, қусыра (тек Үйсін іргелестерін сөз ете) келе, негізінен Үйсін Ұлысының өз аумағымен жалғастырмақпыз. Ұлы Даланың кешегісі дегеннен еске оралады, Р. А. Мирзадиновша [37], адамзат қоғамының қалыптасу кезеңдері алғашқы қауым, алғашқық ауымдастық-туыстық қауым, таптар құрылуы қатарлы кезеңдерден өткен (http: //www. xjass. Com ) Р. А. Мирзадинов. «Жаратылыстану концепциялары»

21 ЕЖЕЛГІ ҰЛЫС ТАРИХЫ Мұндағы Алғашқы қауымдық кезең қалыптасу кезеңі, ал алғашқы қауымдастық туыстық қауым кемелдену кезеңі болса, таптардың түзілу кезеңі - алғашқы қауымдық құрылымның ыдырау кезеңі болды. Бұл соңғы кезең шаруашылық іс-əрекеттің барлық салаларының қарқындап дамуымен жəне өнім қорларының өсуімен сипатталады. Туыстар мен қауымның ортақ меншігі жеке үй шаруашылығы меншіктеріне, теңдей бөлу еңбегіне қарай бөлуге алмасып, қауымдық-туыстық байланыстар үзіліп, алғашқы қауымдық-көршілік түрлері пайда болды. Қанаудың алғашқы нышандары пайда болып, олармен бірге негізгі өнім қоры қосалқы өнімге айнала бастады, яғни жеке меншіктің, қоғамдық таптар мен мемлекеттіліктің бастамасы түзіле бастады. Кезеңнің төменгі шегі, кейбір қарқынды дамыған қоғамдарда неолит кезеңіне, ал нашар дамыған қоғамдарда металдық кезеңнің біршама бөлігіне сəйкес келеді. Кезеңнің жоғарғы шегі - қоғамдық таптар мен мемлекеттіліктің пайда болуы - 5 мыңдай жыл бұрын байқалған делінеді. Бұдан 5 мың жыл бұрын алдымен ертедегі, кейіннен орта ғасырлық өркениет қалыптаса бастады. Б. з. б. 4 мыңыншы жылдардың соңында Египет пен Месопотамияда, 3 мыңыншы жылдардың орта кезінде - Үндістанда, 2 мыңыншы жылдарда - Эгей теңізі бассейнінде, Кіші Азияда, Оңтүстік Арабстанда, Қытайда, 1 мыңыншы жылы жəне б. з. 1 мыңыншы жылда - Көне Əлемнің көп бөлігінде, Орталық жəне Оңтүстік Америкада таптар қалыптаса бастады. Алғашқы өркениеттің пайда болуы адамзаттың алғашқы қауымдық тарихының соңы жəне таптар тарихының басы болды [38]. Біз Ұлы Даланың қоғамдық таптар мен мемлекеттілік пайда болғанына талай ғасыр өткен тұсының сөзін қозғап отырмыз. «Ежелгі дəуірдегі Қазақстан (Тас жəне қола дəуірлері)» деген материалдың берген дерегінше, б. з. б. 2 - мыңжылдықтың алғашқы ширегі бітер кезде Еділ мен Алтай арасындағы малшы сақтар қола (мыс пен қалайының қосындысын) жасауды меңгеріпті ж. Б. В. Грязнов Оңтүстік Сібірдегі Ачинск қаласы маңындағы Андрон ауылынан қола дəуірі ескерткіштерін алғаш рет тауыпты. Бұл кез бен сондық мəдениет осы даланың Қола дəуірі, демек Андрон дəуірі, Андрон мəдениеті, деп аталады екен. Андрон ескерткіштері Ұлы Даланың талай (Қазақстан, Орта Азия, Сібір, т. б.) жерінен табылыпты. Бұдан 3-4 ғасыр өткенде, Андрон тұрғындары əлі де отырықшы екен. Аралас шаруашылықпен айналысатын көрінеді. Мал басы көбейгесін, малды үйіргесіне бағудан (жайылым тарлық қылғасын) жайлау, көктеу, күзеу, қыстау тəсілдерін пайдалануға (жартылай отырықшы, жартылай көшпенді күйге) көшіпті. Бұл далада (мысалы, Жезқазғанда) кен өндіру біздің заманымызданүш мың жылдай бұрын пайда болыпты. Олар кенді тотықтандыру, қайлалау, отпен өндіру əдістерін меңгеріпті. Андрон тұрғындары үй тіршілігіне қажетті жұмысты (мал жүнінен жіп иіру, тоқу, теріні өңдеу, киімді түрлі-түсті жіппен əдіптеу, т. б.) өздері істепті. Тоқыма станогы, ұршығы, т. б. құралдары болыпты. Өкшесіз аяқкиім, жүннен тоқыған, теріден тіккен құлақшын киіпті. Əйелдер көбіне ұзын жеңді етегі жер сызған жүн көйлек киген көрінеді. Əшекейлік бұйымдарға сырға, салпыншақ, моншақ, т. б. тағыпты. Ерлері қоладан үшкірлеп жасалған масақты садақтармен қаруланыпты Р. А. Мирзадинов. «Жаратылыстану концепциялары»

22 22 БІРІНШІ БӨЛІМ Бұдан мың жылға таяу уақыт өткен кездегі жəне Андроннан оңтүстікте, ерте дамыған өркениеттерге таяу өңірде жасаған үйсіндердің тіршілігі Андрон жұртынан да озық екеніне сене беріңіз. 6. ДҮНИЕ ТАРИХЫНЫҢ ӨТЕ МАҢЫЗДЫ БӨЛІГІ Ұлы Даланың дүние тарихындағы орны ерекше маңызды. Нағыз ғалымдар дұрыс айтады. Сіз Ұлы жібек Жолының шығысында жатқан, біз сөз қозғағалы отырған Ұлы Даланың шығыс жағымен (Хəн жылнамаларынша айтқанда Батыс Өңірмен) ертеден-ақ араласа бастаған елдің ғалымдарынақұлақ түріңізші. Олар былай дейді: А. Шынында да, Дүние тарихы бүкіл дүниенің тарихы болуға тиісті. Көшпелі əлем шамамен б. з. б жылдан соң, болмағанда ішінара тұстарда, алғашқы қауымдық сатыдан өтіп, алғашқы таптық жіктелуге кіріп, мемлекеттік бейнеге ене бастады. Түпкілікті принциптік мəселелерден сырт, бүкіл қартқұрлықтың барша маңызды бөліктерін бір тұлғаға байланыстырып тұрған бір реал медия бар. Ол - көшпелі тайпалар, өте-мөте б. з. б жылдықтан бері ерекше жандана бастаған көшпелі тайпалар. Əдетте, отырықты (аграрлық) мемлекет тұрғындары ұзап шықпайды, олардың өзара шайқастары да дүниенің сол бір бұрышымен ғана шектеледі. Тек көшпелі тайпалар ғана батыс пеншығыс арасын емін-еркін шарлай алады. Олардың бір тайпасының өзі де қысқа мерзім ішінде Қытаймен де, Еуропамен де тіке байланысқа өте алады. Батыспен шығыстың қатынас желісі де көбінесе осы көшпелілер дүниесінен өткен. Сондықтан, егер бүкіл дүниеге осы көшпелі əлемді негіз ете отырып назартастасақ, отырықтылар алаңында тұрғанда мəңгі көре алмайтын толып жатқантарихи көріністер мен тарихи байланыстарды байқай аламыз. Міне мұныңтарихты толық игеруге жəрдемі тиеді [39]. Міне келіскен сөз деген! Ə. Батыс Өңір Қытай мен Батыс мəдениеттерінің жиектік аймағында тұр. Əсіресе таяу заманнан арыда, Батыс мəдениеті Батыс Өңірдің сүзгісінен өткеннен кейін ғана Шығысқа тарады, Шығыстың мəдениеті де Батыс Өңірдің сұрыптауынан соң ғана Батысқа жетті. Сонымен Қытай мен Батыстың əр алуан мəдениеттері осы өңірде тоғысып, сіңісіп, Батыс Өңірдің жайнаған өркениетін қалыптастырды. Ал, Шығыс пен Батыс мəдениеттері айқасқан Батыс Өңір басқа саяси, əскери жақтардағы толқуларға да көп ұшырады. Батыс пен Шығыстағы империялардың əлсіреуі мен көтерілуіне ілесе, оларға буффер зона болған Батыс Өңір шешуші ықпалдарға да тап болды [40]. Б. з. б. ғасырдан (демек Хəн жылнамаларында Үйсін мен Ғұн қызу сөз бола бастаған кезден) б. з. ғасырына шейін, Еуразия құрлығын ендей өткен қатынас даңғылында, ежелгі Қытай мен Батыстағы елдер ара экономикалық, мəдени ауыстүйіс жиі жүріп тұрды. Бұл желіде тасылған басты да тартымды зат Қытайдың байырғы жібектері болғандықтан ол Жібек жолы атанды. Жібек жолы деген l. 40

23 ЕЖЕЛГІ ҰЛЫС ТАРИХЫ ұғымды ең алғаш 1877 жылы, неміс география ғалымы Ричтофен (Ferdinand von Richthofen, , ) көтерген болатын. Қытайдың əйгілі археологы Шюй Пиңфаң: жібек жолы төрт тарау, бірі Чаң-ан мен Лояңнан шығып Хыши дəлізі арқылы Батыс Өңірге тартатын жол; енді бірі Қытайдың Солтүстігі арқылы кететін жайлау ( ) жібек жолы;сосынғы бірі Қытайдың Сычуан, Юннан, Тибет (Шизаң) өлкелерімен жүретін жібек жолы; төртіншісі Қытайдың Шығыс-оңтүстігіндегі теңіз жағасынан шығатын теңіз жібек жолы. Ғалымдардың көрсетуінше, Жібек Жолының басты даңғылы ашылардан бұрын, əлдеқайда ертеде, талайға беймəлім, Батыс пен Шығысты тұтастырған табиғи күре жол Еуразия даласымен өткен Жайлау Жібек Жолы болған дейді [41]. Бұған қоса баса ескерте кетерлік бір шындық тағы бар. Ол жұрт мойындаған бір ақиқат Ұлы Жібек Жолының ең алғашқы даңғылы осы жайлау жібек жолының - Ұлы Даланың солтүстік өлкелерінің маңыздылығы, құрлық жібек жолы қолданудан қалғанша бұл өлкелердің өзінің жаз күндерінде (Такламакан жақ тандырға айналғанда) ең жайлы болатын рөлін жоймағандығы, соған орай жоғарыдағы екі ғалым сөзінің бұл тұс үшін тіпті де тиесілі болатыны. Ұлы Дала өңірінде талай қала да болды. Үнді елінде туылған неміс ғалымы, əйгілі шығыстанушы Һанс Жоахим Климкейт «Die Seidenstrasse» ( ) деген кітабында: Ұлы Даланың Бұл жасыл алқаптарындағы қалалардың ең маңызды жағы олар жоғарылау заттық жəне рухани өркениеттердің əйгілеушісі болды, жаңа техникалар мен идеяларды қабылдап қана қоймай, бұл соны техника мен тың идеяларды іргелестеріне таратып та жатты. Сөз боп отырған жоғарылау мəдениеттің бір белгісі жазба форма. Мұндағы ерекшелік толып жатқан (жиыны 24 түрлі) əр алуан жазуларды қабылдауы. Бұл Орта Азия жасыл шұраттарының сыртқа қарата есігін айқара ашқандығын білдіреді. Қазір бұл жасыл алқаптардан 16 түрлі тілмен жазылған дүниелер табылып отыр... Жібек Жолындағы регионның ерекшелігі Иран, Үнді жəне Қытай өркениеттерін ұштастырып бір тұлғаға айналдырғандығында... Жібек Жолының маршруты, негізінен түгел дерлік, құмды шөлдер мен Ұлы Дала районын ендей өтіп, ұлы тау сілемдерін жиектей шашыраған жасыл алқаптарды бойлаған... Жиірек қолданылған маршрут - соғдылар дəуірлеген Сыр дариядан шығып, құрлықпен Қазақ даласы мен Каспий ойпатын басып өтіп, Каспийді орай доға жасап, Қара теңіз жағасындағы Қырымнан кемеге отырып Грекия мен Римге бару. Қытайдың жібек бұйымдары Римге осы маршрутпен барған дейді. Байқадыңыз ба? Бұл үшеудің лебізінде негізінен шындық айтылып тұр. Енді кейбір ғалымдар Ұлы Дала көшпенділерінің өзге мəдениеттерге өте маңызды көпірлік рөлін айтса да, Ұлы Даланы мекендеген Сақ тайпаларының, олардың кейінгі бұтарларының өзіндік тамаша төл мəдениеті мен төл өркениеті де барлығын айқын да баса ескерте алмай жүр. Ал, тағы бір ішінаралары оларды, еш отырықтылығы жоқ, сыпыра көшпенді, тіпті із де қалмаған қаңбақел (тіпті жабайылар) деп те қарайды. Олар бұл өңірдің төл тума мəдениеті тұрмақ, өзге тұстағы байырғы өркениет көздерін тұтастырған тоғыз жолға (шығыстағы Хəн, шығыс ( )

24 24 БІРІНШІ БӨЛІМ оңтүстіктегі Үнді, оңтүстіктегі Мысыр, Қосөзен, батыстағы Рим мен Грекия, т. б.) торап болуы мен ерте қанат біткенінің (адамзаттың ең алғаш атқа мінген тобы болуының!) басты қасиеті мен жемісін ескере бермейді. Сонымен олардың қолынан шыққан «Дүние тарихы» бүкіл дүниенің тарихы бола алмай жүр. Міне осы себептен бүгінде, Əлемдік адамзат мəдениетінің бір ірі шеңбері болған көшпенділер мəдениетіне əсте немқұрайды қарауға болмайды. Өйткені ол - адамзат тарихындағы, пайда болған уақыты ең ерте, əлемдік ықпалы ең көлемді, өміршеңдік қуаты ең күшті мəдениет шеңбері [42] дейтін өрелі ғалымдар көбеюде. Біз сөз қылғалы отырған Үйсін - осы Ұлы Дала кіндігіндегі жартылай отырықшы, жартылай көшпенді ел. Амал не, бұл дала, сол қатарда Үйсін туралы арғы деректер тым жай басталған. Матсуда Хисао ( ): Ұлы Тəңіртау мен оның төңірегіндегі ахуал б. з. б. ғасырдың соңына шейін неге қара сарапшаңмен мүлде бүркеулі жатты? Бұл негізінен тарихи деректердің кемдігінен болды. Əзірше Геродоттың шығармасын ауызға алмасақ, негізінен алғанда, маңындағы қимылды тəптішті хаттау жөнінен əлемде біріншілікті ұстайтын хəндер назарының бұл тұсқа түспеуі - мұның ең зор себебі [43] дейді. Бұдан сіз əрі бұл өңірдің небір келелі оқиғаларға толы екенін, əрі əлем тарихы үшін хəн жылнамаларының өте маңыздылығын сезесіз. 7. ҰЛЫ ДАЛА - АДАМЗАТТЫҢ ЕЖЕЛГІ ҚОНЫСЫ Ұлы Дала (соның ішінде батыс өңірдегі Үйсін ұлысының аумағын кіндік еткен тұс) - арыдағы адамдардың Шығыс Африкадан қоныс аудара келген алғашқы жұрты. Қазіргі ғылымда, адамзаттың ортақ тұқиянының бұдан 7-5 миллион жылдар бұрын Африкада пайда болғанына талас жоқтың қасы. Жуықта археологиялық қазба жұмыстарының Эфиопиядан (Айтопия немесе Абиссиния) бұдан 4 миллион 400 мың жыл бұрын жерленген əйел мəйітін табуы да сөзімізге мысал. Адамзат эволюциясының ең таяуғы сатысы - осы заман адамдарын да қамтыған ақылды адамдар (Homo Sapiens) сатысы. Оның көнетас дəуірінің орта шеніне (бұдан мың жыл бұрынғыға) тəндері ерте кездегі ақылды адамдар (ертедегі адамзат) саналады да, одан бері өткендері кейінгі кездегі адамдар (анатомиалық құрылымы жағынан осы заман адамдары) делінеді. АҚШ-тың атақты биологы, артына Біз бір тұқиянның ұрпағымыз. Бізді тек қана уақыт ағыны айырған деген сөз қалдырған А. Вилсон (Allan Wilson) марқұм 1967 жылдан бастап, гендік шұғыл өзгерісті молекулалық сағат ете отырып, адамзат эволюциясын зерттеді де, 1980 жылдардың басында дүниені дүр сілкіндірген Һауа теориясын көтерді. Ол бойынша, адамзаттың (неантроптардың) тұқияны бұдан 200 мың жыл бұрын өмір сүрген бір африкалық əйел екен. Иə, мұны ғалымдар жалғасты зерделей жатар. Əйтеуір олардың бір ортақ пікірі бойынша, Жер шарының өзге тұстарында пай- 42 Жақып Мырзаханов: «Қазақ мəдениетінің қайнары жөнінде» («Туған тіл» альманағы ). 43

25 ЕЖЕЛГІ ҰЛЫС ТАРИХЫ да болған адам тəрізді тұрғындар белгісіз себептен қырылып кеткен сықылды да, Шығыс-солтүстік Африкадағы алғашқы адамдар ғана мықтап өсіп-өнген көрінеді. Сосын, ең бері дегенде мөлшермен бұдан неше онтүмендеген жылдың алдында, бұл адамзат (адамсымақтар емес, нағыз неантроптар) Шығыс Африкадан Жер шарының өзге тұсына көшіп тарала бастаған. Бұл туралы аңыздар да көп. Бірақ оларға көп орын бермей-ақ қояйық. Тек аңыз барына дəлел ретінде мыналарды еске сала кетуге болар. Бірі - əлемге əйгілі Нұх пайғамбар туралы аңыз. Оны тəптішті айтпасақ та, оқиғаның Ніл өзенінің бұрынсоңды болмаған ғаламат тасуынан туылған көш деуге реті келетін шығар. Енді бірі - б. з. б. ғасырдан жеткен Шанхайжиң (, тау-теңізнама) дейтін қытайша кітап бар. Бұл - мифтік аңыздарға лық толған ең байырғы география. Иə, география ғана да емес. Ежелгі тарих, емшілік, ұлт, салт, дін, аңыз жəне тағы басқаларға да сіресіп тұр. Бұлардан сырт «Шанхайжиң», уақыт бойынша емес, регион бойынша баяндалған, Қытай жерінде кезікпейтін, тіпті түсіндіру де қиын бір қызықты естелікті ұсынады. Естелік оңтүстіктен басталады. Сосын батысқа тартады. Одан солтүстікке беттейді. Соңында құрлыққа ( тоғыз ықлымға - ға) жетеді. Оның айналасы теңіз дейді... Қара адамдар туралы сөйлей келіп, əр қолында бір жылан, сол құлағында көк, оң құлағында қызыл жыланы бар дегенді айтады (Ер төстіктің жылан патшалығына барғанын да еске ала отырыңыз). Ергежейлілер туралы сөз болады. Кей ғалымдар мұны біз айтып отырған көшке байланыстырып, ергежейлілерді əлгі құрып кеткен əр тұстың алғашқы адам тəрізділері болар деп межелеседі. Өз сөзімізге оралайық: Ең алғашқы көштің бір тармағы Синай ( ) тауынан аса, Орта Шығыспен Орта Азияға жеткен екен. Азияның өзге тұсына жəне Еуропаға талайдан кейін тарапты. Олар мұз басқанда артына шегініп, мұз ерігенде тағы да ілгерілеп, ұзаққа созылған жапалы барысты басынан өткерген көрінеді. Мына карта (Бұл картаhttp: //www. sina. com. сn сайтының 2008 жылғы бетінен жəне ден алынды) сол көштің маршрутын жəне көшушілердің V хромосомалық дəлелдерін көрсетіп тұр. Ендеше бəріміздің де алғашқы ата-бабаларымыз қара болған. Ол қаралық талайға шейін жалғасқан. Ата - бабаларымыздың бір бөлігі сол қара бетінше батыстағы еуропаға, шығыстағы Америкаға шейін жеткен. Азықты аңшылықпен аушылықтан табудан біртіндеп дақылдарды жеуге өткен оларда D витаминнің кеміс бола бастағаны сөзсіз. Мұндайда адам терісі күн нұры арқылы өздігінен ол витаминді синтездеу үшін ашық түске енуге мəжбүр. Қаратеріде бұл қабілет əлсіз болады. Ауа райының суықтығы мен жоғары ендік бұлашықтануды шапшаңдатады. Сары өзеннің (Хуаңхының) солтүстігі, Орта Азия жəне Еуропа тұрғындарының ақ нəсілге өзгеруі осылай басталған екен. Сонымен, бертін келе, Ұлы Даладағы атабабаларымыз бүгінгі еуропадағылардай ақ болған. Əлгі ұлы көштің бір тармағы - Үнді мен Тынық мұхиттарды жағалап Чаңжяңның оңтүстігіне жеткен қаралар ғасырлар өте сарыға айналған жəне тез өсіп-өнген. Со- 25

26 26 БІРІНШІ БӨЛІМ сын олардың солтүстікке қарай біртіндеп таралуы басталған. Олардың бертінірекке жеткенде біздің ата-бабаларымызға келіп қосылуы бүгінгі Ұлы Далалықтарды еуразиялық (ақ пен сары нəсілділердің араласпасы) етіп отыр. Яғни Ұлы Даланың алғашқы тұрғындары ақ нəсілді-еуропалық фенотипті болғанымен, кейін келген шығыс-оңтүстік сарынəсілділердің санының артуына байланысты, Мирзадинов айтқандай, бірте-бірте өздеріне тəн ерекшеліктерін əлсіреткен. Алайда ол ерекшеліктерден мүлде арылып та кетпеген. Ұлы Даланың бүгінгі тұрғындарының (соның ішінде қазақтардың) қазіргі кейпі бұған дəлел. Бұлардан сіз бұйра не жиреншашты, шүңірек көк не шегір көзді,... ер-əйелдерді жиі кезіктіресіз. Демек ұлыдаланың бүгінгі тұрғындарының түп-тұқиянының сонау ертедегі Ұлы Далалықақтар екеніне сене беріңіз. Иə, ол кездегі табиғат, экологиялық орта басқаша ғой... Таулардағы мұзарттар бүгінгіден кең де қалың,... Такламакан мен Құбыда (Жоңғарда) көлдер бар, Ебінор, Алакөл, Балқаштар тұтасқан, Каспий мен Арал да, Каспиймен Қара теңіз де жалғасулы (Сондықтан да Еуропаға өтер ең ыңғайлы жол - Аму мен Сырдан қазақ Сарыарқасы арқылы Каспий солтүстігімен жүру) деп елестете түсіңіз. Уаң Жылай айтқандай: Б. з. б. ғасырдан бұрын, дүниенің ең ерте өркениет орталықтарының бəрі де шығыста болған. Мысалы, Қытайдағы Хуаңхы бойында, Үндінің Ганг дариясы мен Орта Азиядағы Амудария өзендері бойында, Батыс Азиядағы Қосөзен жағасында, Мысырдағы Ніл атырабы, т. б. ларда [44]. Біз сөйлеп отырған Ұлы Дала осы Амуды, Тұранды кіндік еткен. Үйсін ұлысы соның шығыссолтүстік қасында ғана болды! Адамзаттың ертеден бергі қонысы саналған бұл Ұлы Дала мəдениет пен өркениет өңірінен де ерте дамыған. Егер арғы кездегі жартылай көшпенді, жартылай отырықты салт, сыртқы күштің ес шығаруы (əсіресе ғасырдан соң билікке келгендердің ертуі мен итеруі) салдарынан жартылайдан жабал көшпенділікке қарай өзгеріп кетпегенде, сосын отырықтыларға жатақтағы кедейлер санап мұрын шүйірмегенде бұл Ұлы Дала жұрты (сол қатарда үйсіндер) ешкімнен де қалыспаушы еді. Оған бұл өңірдің Сыма Чян мен Бан Гуден бұрынғы мəдениеті-ақ дəлел бола алады. Айтқандарымызды нақты дерекпен қостай түсейік. Алғашқы мысалды автор отырған ҚХР-дағы Үрімші қаласынан алайын. Бұрынғы астанасы Өрмекшікентте туылған бір трагедияны сөз еткемін. Сол сөздегі Өрмекшікенттің орны қазіргі Үрімші оңтүстігі еді. Бұл осы қаланың кешегісі жайлы аңызға 44 «Оттұра Асия тарихы», 1-том, ұйғырша, 59-бет.

27 ЕЖЕЛГІ ҰЛЫС ТАРИХЫ ғана сүйен беген. Үрімшінің Ұлы Даланы қоныстанған ата-бабаларымыздың арыдан бері шоғырлы отырған елді мекені, тіпті алғашқы кенттерінің бірі екеніне сенімге сүйенген. Сол сенім жуықтан бері күшейе түсуде жылдың 18 маусым күнгі «tianshannet» сайытының жəне 2010 жылдың 18 наурызындағы «Чынбаудың» (Таң газетінің) хабарлауынша (тілші Жин Шаубиң, т.б. ), Үрімші мұражайы Үрімшінің оңтүстігіндегі Тəңіртау (Тяньшань) етегінен (Сағынсай [45] полигонынан) 180 обаға археологиялық қазу жұмысын жүргізгенде табылған 300-дей мəдени мұраны көрермендерге ұсыныпты. Ана суреттегілер солардың бір бөлігі ғана. Ғалымдар бұлардың ең бері болғанда 2700 жылдың алдындағы дүниелер екенін анықтады. Астынғы оңжақ суреттегі білезік, бояуқұты, мыс айна. Оның оң жағындағы суреттегілер сүйек жəне мыс масақтар мен ауыздық, пышақ, т. б. Жоғарғы суреттерде ежір шөлмекше (құты) мен мыс қару. Сол тараптағы - ағаштан жасалған адамның бет мүсіні. Бет мүсін бұдан жыл бұрынғы нəрсе екен. Оның ұзын тұмсығы былайда баяндалатын ата тегіміздің əу баста қандай бет əлпетті екеніне тіпті де дəлел болғалы тұр. Ал бұл мұражайда ШҰАР-дың өзге тұстарынан табылған, осылармен замандас 120-дай мұралар тағы бар. Енді автордың туылған жері ҚХР Тарбағатай аймағындағы Шаған тоғай ауданына барайық. Жуықта Қытай Ғылым Академиясының Археология институтының ғалымы Чын Ляңуей ( ) бастаған топ сондағы Алтынеміл ауылындағы Бəйбіше суқоймасының екі (шығыс, батыс) жағынан, ШҰАР тарихында сирек кезігетін, 200-ден астам тас қоршаулы, тас үюлі зираттарды тапты. Қоршаулы 6 зираттың тас шеңберінің диаметрі ең үлкенінде 28 метр, ең кішісінде 12 метр екен. Ғалымдар бұл зираттарды б. з. б. - ғасырлардікі деп отыр. Ал, қазақстандық З. Самашев, С. Сұңғатай, Г. Жұмабековалар жылдары, Шығыс Қазақстан облысының Қотанқарағай ауданындағы Берел қорымына жүргізген қазу жұмыстары арқылы б. з. б. - ғасырларға тəн ағаштан жасалған, терімен қапталып, алтынмен апталған таутекенің мүйізінің көшірмесі сықылды дүниелерді ( темір ауыздықтың, ою-өрнегі бар құмыралардың сынығы, жұқа алтын жапырақшалар, өте жақсы жаслаған сүйек масақ, т. б. ) тапты. Мұндай олжалар Пазырық мəдениетінің өзге обаларынан да шыққан болатын [46]. Сөз кезегі келгесін айта түссек, бұларға замандас мəдени мұралар ШҰАР-дың өзге тұстарынан да шығып жатыр. Мысалы, Күнес даласынан жер қазушылар кездейсоқ тауып алған жоғарғы суреттегі 6 бұйым (қашау, пышақ, күрек жəне айналар) б. з. б жылдарға тəн қола дүниелер екен. Ал, бұл сықылды арғы заман дүниелері Қазақстан өңірінен тіпті де көп шығуда [47] Сансай ( ) да делінеді. 46 «Шынжаң қоғамдық ғылымы» беттер. 47 Бұл туралы жария материалдар көп болғасын орын бермедім.

28 28 БІРІНШІ БӨЛІМ Ұлы Даланың бұл тұрғындарының ұрпағының бұл даладан мүлде арылып, бір үйлі жан да қалмай үдере көшіп шалғайға кетпегеніне қаншалық сенсеңіз, жылы орнын суытпаған былайғы тұрғындарының жоғарыда мысалмен көрсетілген мəдениетке мұрагер де, оны дамытушы да бола алғанына да соншалық сеніңіз. 8. ƏЛЕМДЕГІ ЭТНОСТАРДЫҢ БƏРІ ДЕ МЕТИС Əдетте адам баласы үш: ақ (европеоид), сары (моңғолоид) жəне қара (негроид) нəсілдерге бөлінеді. Алайда көптеген антрополог-ғалымдардың пікірінше нəсілдер бұдан əлдеқайда көп - 20-дан асады. Олардың ішінде көбірек қарастырылатын - австролоидтық, американоидтық жəне койсан нəсілдері (готтенготтар мен Африканың оңтүстігіндегі бушмендер). Нəсілдік айырмашылықтардың адам организмдерінің табиғи-климаттық жағдайларға бейімделу реакциялары ретінде пайда болғаны ғылымда дəлелденген. Адам биологиялық түр ретінде біреу ғана. Мұны əртүрлі нəсілдерге жататын адамдар арасындағы некелерден балалардың туылуы дəлелдейді. Шамамен 20 жылдай бұрын БҰҰ Ұлттар жөніндегі комитеті қызықты тəжірибе жүргізді - планетамыздағы негізгі ұлттар бойынша 1 миллионнан аса адамдардың дарындылығын зерттеді. Нəтижесінде бұл белгі бойынша ұлттардың бір де бірінің ерекшеленбейтіні анықталды. Сондықтан ұлттардың ешқайсысы да бірде-бір артықшылыққа ие бола алмайды [48]. Бүгінгі ғылымда ұлт, этнос дегендердің айырмашылығы шамалы, алайда анықтамасы едəуір қалыптасқан. Ұлт - ортақ тілі, қалыптасқан мəдениеті, біріктіруші салт-дəстүрлері мен діні бар адамдардың əлеуметтік бірлестігі. Сонымен бірге көптеген ұлттардың ортақ аумағы, ортақ экономикасы, сол ұлт өкілдерін біріктіретін мемлекеті болады [49], Ұлт - адамдар тарихта қалыптастырған, ортақ тілі, ортақ аумағы, ортақ экономикалық тіршілігі, сондай-ақ ұлттық мəдени ерекшелігінде байқалатын ортақ психологиялық бітімі бар, орнықты ортақ тұлға... Қазірде, ұлттың ең алғаш қай дəуірде қалыптасқаны туралы бір ауыздылық жоқ. Біреулер ұлт капитализм өрлеген тұста қалыптасты. Феодализм жойылған жəне капитализм дамыған барыс-адамдардың ұлт болып қалыптасу барысы деседі. Енді біреулер ұлт бастапқы қоғамның соңы мен таптық қоғамның басында, мемлекетпен қоса пайда болды дейді. Ұлтты ертеде, ояну кезеңінде барлыққа келді деушілер де бар [50]. Мен бүгінгі ұлттардың (мысалы қазақтың) бəрі де алғашқы тұқияндықтамырларынан (мысалы Азиялық Сақтан тараған, Ғұн қағанаты дəурендеген кездегі тайпалар - Үйсін, Қаңлы, Алан, т. б. лардан), демек ертедегі тайпалық одақтарынан (мемлекеттерінен) бастау алады деп білем. Оның арғы жағында аталық, рулық, тұқымдық нəсілдік тарих жатыр. Бұлар тайпа мен ұлтқа ұқсамайды. Адамдардың ағзалық формациясындағы ортақ генетикалық ерекшеліктерін белгі ететін биологиялық категориядағы топ. Нəсіл 48 Р. А. Мирзадинов. «Жаратылыстану концепциялары» 49 «Қазақстан ұлттық энциклопедиясы». 9-том. 22-бет. 50 «..»

29 ЕЖЕЛГІ ҰЛЫС ТАРИХЫ тек көздің реңі, шаштың түсі мен пішіні, мұрынның, көздің, бастың пошымы, т. б. көрсеткіштер арқылы ғана айрылады. Өзге (терінің реңі, тіл, дін, ғадет сықылдылар) арқылы айыру мүмкін емес. Тайпа, əсіресе тайпалық одақ пен ұлт іс жүзінде қырық темірдің қылауы қосылған күрделі бірлестік, мейлінше метистену барысынан өтіп барып орныққан адамдар тобы. Ұлттың қалыпты да табиғи жағдайда жойылуы қиын. Түптің түбінде Алдымен тап жойылады, сосын мемлекет жойылады. Сонан соң барып ұлт жойылады. Əлемнің бəрінде де міне осылай болмақ [51] деген ең солшыл марксизмшілдердің сөзі де бұған айғақ. Алайда бүгінгі дүниеде кей ұлттар не демографиялық əлсіздігінен, не билік жағының қалыпсыз шараларынан ассимилияцияланып, өзгеге сіңіп баратқаны да шындық. Мұндай ахуал бұрынғы тарихта да жиі болған. Сондықтан нəсілдік дене бітім антропологиясына тəн материалдарды зерттеу мен ұлт айыруды тіке байланыстыру, тіпті ол материалдарды ежелгі заманға тəн археологиялық мəдениеттерді немесе сондағы ұлттық тəуелділікті айыру үшін тіке істету зор қателікке апарады. Бұл биологиялық классификацияны əлеуметтік классификациямен шатыстыру, бір нəсілдің талай ұлтты, ал бір ұлттың талай нəсілді қамту ықтималдығын білмеу болар еді. Əйгілі ғалым Денис Синор: Археологияның нəтижелерінен тіке тарихи тақырыпқа айнала кететіндері өте аз. Бұл əдебиеттер мен материалдарға негізделген тарихи қорытындыны археологиялық табысқа дөп келтіре салу. Недəуір қатерлі. Қолда өзге деректер жоқта бір зираттан шыққанды, ана адамдар тобына емес, мына адамдар тобына жатқыза салуға не негіз бар [52] дегенді бекер айтпаған. Ұлы Даладан шығып жатқан археологиялық мұралар мен мүрделерге қарап, ақ нəсілді екен, еуропалықтар ғой, мұның ата-бабалары арғы заманнан бері осы далада жасап келе жатқан бұл даланың мына бүгінгі тұрғындарымен еш байланысы жоқ дей салу Денис Синор айтқан қатерлі қателіктің бір мысалы. Ұлттардың этногенезі, қалыптасуы өте күрделі, сан құбылған процес. Оған сыңаржақты (не тарих, не тіл, не əдебиет, не басқалардың бірі арқылы ғана) зерттеу жүргізе салу жарамайды. Бүйту ішінара нақты мəселенің кейіне жараса да, бүтін тұлғалық мəселенің дұрыс шешілуіне ес қата бермейді. Мысалға филологияны алыңыз. Ұлт төркінін іздегенде бұған да сақ болған дұрыс. Тіл - ұлт қалыптасуындағы басты шарт. Тіл мен ұлт арасында өз ара сүйеніштік тығыз байланыс бар. Ұлттың талай белгілері тіл арқылы айшықталады, аңыс етіледі. Дегенмен тіл мен ұлт арасында айырмашылық та, екеуінің өзіндік ерекшелігі мен даму заңдылықтары да бар. Бұл екеуі құрдас та емес, даму процесі тарапынан адымдас та емес. Бүгінде мұндайдан хабарсыздар (мысалы арғы ұлы далалықтардың тілдік ассимилияция үрдісін, түрік тілінің тарихын, қазіргі ұлы даладағы ұлттардың тайпалық құрамын, олардың тілдік лексикасындағы түрік, парсы т. б. тілдік байлықты білмейтіндер) жоғарыдағы Денис Синор айтқан қателікті тіпті де ауырлатып жүр Мау Зыдұң 52 (Denis Sinor);.

30 30 БІРІНШІ БӨЛІМ Демек бүгінгі əлемде шымқай этнос та, ұлт та жоқ. Бəрі де дүбəра, метис. Барлық халықтар мен ұлттар генетикалық тұрғыдан алғанда таза болмайды [53]. Түрік тілділер де - сақтарды түп-тұқиян еткен метис ұлттар. Бүгінгі жершарында 300 миллионнан астам түрік тілді халық бар деседі. Олардың дені Орта Азия мен Кіші Азияда жəне Қытайдың ШҰАР-ында, Ресейдің Татарстан сықылды əлде неше республикаларында тұрады. Түрік тілді ұлттардың тегі арғы сақтар мен Ғұн қағанатына қараған ұлыстағыларда жатыр. Б. з. 48 жылы шаңырақ көтерген Солтүстік Ғұн қағанатын түрік тілділер билеген алғашқы ел деуге болар. Түмен ( ) дейтін көсемінің жетекшілігінде Нөнен (Роуран, Жужан, Авар, ) елінің үстемдігін аударғанша, олар сол нөнендердің боданы болды. Осыдан соң түріктер лауазымды, жарғылы, жазулы, сонау Байқалдан Каспийге шейінгі аумақты билеген ел бола келіп, екіге (шығыс жəне батыс бөліктерге) айрылып кетті. Бұл əлсіреуді ұтымды пайдаланғандар бар. Қытайдың Таң əулеті алдымен (630 жылы) шығыс түріктерді, артынан (658 жылы) батыс түріктерді басып алды. Сол себепті түріктердің талай жұрты Ұлы Даланың батысына - қандас, тілдес ағайындары жаққа қарай ауды. Оның арты əлемге əйгілі тарихқа ұласты... «Үйсіннама» бұл əлемге əйгілі тарихты баяндауға міндетті емес əрине. Түрік тілі Алтай тілі жүйесіне жатады. Түріктер - ақ пен сары нəсілділердің араласпасы, нағыз метис ұлттар. Хəн жылнамаларындағы деректерше болғанда да, түріктердің арғы тегі, мысалы көсемдері Мұқан ( ) мен Ашиналар (, Алаш, Алаша хан) сақ текті, ақ нəсілді екен. Олардың, сол қатарда үйсіндердің жалпақ бетті, көк көзді, қызыл шырайлы болғаны айтылады [54]. Түріктердің тегі - сақ елі деген де бар [55] ( дегені де - сақ елі дегендік). Үйсіндерде, түріктер сықылды, көкқұрт (бөрі, қасқыр) жайлы аңыз барлығы жəне екеуінің де оны төтем ететіні сөз болады. Ғұн, Түрік, Моңғол, Қытай ( ), т. б. ішінде талай еуропеоидтар болған. Түрік тайпалық одағындағы ең үлкен Ашына (Алаш, )тайпасының түріктенген сақтар болуы ең ықтимал. Ал, орта жəне оң түстікте жасаған түріктер, мысалы Керейт пен Найман тайпалары - несториан дініне сиынатын еуропеоидтарды негіз еткен халық. Түріктермен қандастығы бар Шыңғыс қаған Түрік тайпаларының жарымына жуығын жоғалтқан соң ғана, бүгінгі Моңғолия өңірінде моңғолоидтар басым орынға шықты [56] дегендер жоғарыдағы көзқарасты тіптен нықтай түседі. Тек қана оның түріктенген сақтар деген шала сөзі сақтар ішінде əу бастан-ақ толып жатқан түріктер мен түрік тілділер болғанын, түрік емес талай сақтардың да кейін келе түріктескенін білмейтіндей əсер береді. Түріктер түгіл, шығыстағы тағы талай этностың да арғы тегі қара, сосын ағарған, артынан сарғайған деген көзқарас бар. ҚХР Шандұң мұражайының ар- 53 Р. А. Мирзадинов. «Жаратылыстану концепциялары» 54 деп жазады. 55 мен дегенді де ескеріңіз. 56 http: //www. gznf. net/forum/ сайтына жəне ( ) да жарияланған осындай мақалаға қараңыз.

31 ЕЖЕЛГІ ҰЛЫС ТАРИХЫ хеологтары мен Қытай ертедегі биомолекула-генетика институты бірқыдыру DNA-лық зерттеулер арқылы ружя ілімін жаратқан ғұлама Кұң Фузы мен оның замандастарының нəсілдік ерекшелік жағынан айқын түрде еуропеоид (ақ) нəсілді екенін дəлелдеп шықтық десіп отыр. Демек, бұған сенсек, жаңа тас дəуірінен Чұнчю кезеңіне (Қытай тарихындағы б. з. б жж) шейін Шандұң өңіріндегілер де ақ нəсілділігін сақтаған. http: //www. gznf. net/forum/ сайтындағы мына сөздер бізді бұған тіпті сендіре түсуге тырысады: Хуашя ( ) [57] өркениетін алғаш жаратқан - үндіеуропа тілді ариандар (арийлер, ). Бүгінгі Қытай регионындағы нəсілдің бір бөлігі - сол үнді-еуропа тілді, еуропеоид ариандар, яғни Хуашя ұлты. Тек қана географиялық тұйықталу, Орта Шығыс пен Орта Азиялық өркениеттік ана тұлғамызбен мəдени мұрагерліктің үзілуі жəне мəдени астамдық көңіл күй біздің ұлттық һəм өркениеттік əуелгі тұқиянымызды біртіндеп ұмыттырған. Қытай жылнамаларында Батыс рұң (Нұм, ), Солтүстік ди (тиек, ), Оңтүстік мəн (Нəнман, Найман, ), Шығыс и(дұң-и, ) деп жазылған төңеректегі елдердің бəрі де көп санды еуропеоид нəсілділерді қамтыған болатын. Бұлар Шаң ( ), Жоу ) сықылды Қытайдағы алғашқы өркениеттің нəсілдік қайнарлары. Шандұңда өмір сүрген Шығыс илер Кавказ нəсілділер еді. Одан өрбіген Шаң - əрине кавказ нəсілділердің ұлысы. Бұл археологиялық қазба жұмыстары мен зерттеулер арқылы дəлелденіп отыр. Ал Кұң Фузы - сол шаңдықтардың ұрпағы. Ғұндар батысқа ауудан бұрын бүкіл Еуразия құрлығында (Еуропа, Орта Азия, Иран, Ганг өзені маңы, Шынжаң, Алтай регионы ғана емес, бүгінгі Гансу, Шанши өлкелерінен Ордосқа шейінгі өңірдің бəрінде) Еуропеоид нəсіліндегі, үндіеуропа (Ариан, арий, )тіл жүйесіндегі кең мағыналы ариандар өмір сүрді. Бұл толып жатқан археологиялық табыстар арқылы дəлелденіп отыр. Сычуан мен Шандұңда да үнді-еуропа тіл жүйесінде сөйлейтін ариандар болған. Бұл мөлшермен б.з.б жылдарға шамалас келеді. Ал ол кезде Қытай аймағының алғашқы өркениеті əлі шыға қоймаған. Еуропеоид нəсілді үнді-еуропа (арий) тіл жүйесімен сөйлесетін бұлар (алғашқы тохар - тілділер мен шығыс иран тілділер де соның ішінде) Орта Шығыс пен Батыс Азияның озық техникаларын, бидайы мен арпаларын, жылқы мен сиыр өсіруін, дөңгелек пен қос доңғалақты соғыс арбаларын, қола мен темір қорыту өнерлерін ала келді. Орта Шығыстың сына ( ) жазуының əсерінде алғашқы сауыт-сүйек жазуы ( ) дамыды. Сөйтіп олар Қытай регионының алғашқы Шаң, Жоу өркениеттерін жаратты... Чу ( ) мен мяулардың ( ) тұқияны Нанман ( ) [58] үнді-еуропа тілділердің ықпалына қатты ұшырған, тіпті олардың ішінде үнді-еуропа тілділер болуы да мүмкін. Чулар мен ариандардың миф жүйелері қатты ұқсайды. Шандұңдықтар беріде - Суй, Таң əулеттері заманына келгенде еуропеоидтар мен моңғолоидтар араласпасына, яғни бүгінгі ШҰАР мен Орта Азиядағылар сияқты ақ пен сарының метистеріне өзгере бастап, Миңмен Чиң əулеттері (соңғы ғасырлар - С.Ж.) кезіне келгенде ғана мүлде моңғолоидтық нəсілге өзгерген. Тасадан шыға келген шындық түгіл, жай тың сөз де кей құлаққа түрпідей Бүгінгі хəндердің (қытайлардың) түп тұқиянының солтүстік бөлігі. 58 Осы Нанман мен қазақтағы Найманның үндестігін зерделеу керек.

32 .5.) 32 БІРІНШІ БӨЛІМ тиеді. Интернеттен алынған, қызу талқы үстіндегі бұл көзқарас əлі де зерделеуді қажет қылады. Бірақ, бізге керегі - бұған сенбеген күнде де, əйтеуір түріктер туралы жоғарыдағы баянға күдіктенер жай қалғаны жоқ. Ал, «Сөз теңізінше» () айтқанда : - Aryans ( ариандар - арийлер. - С. Ж.) деген 19 ғасыр əдебиеттеріндегі, үнді-еуропа тіл жүйесіндегі ұлттардың ортақаты. Үнді мен парсы ежелгі əдебиеттерін салыстыра зерделеумен жасалған топшылау арғы замандағы Орта Азия регионында өздерін ариан деп атаған тайпалар тобы болған. Олар мал шаруашылығымен айналысқан, Б.з.б жылдар аралығында, олардың бір бұтары оңтүстікке ауып Үнді дариясының жоғарғы айдынына қоныстанған, бір бұтары батыс-оңтүстікке ауып, Персияға енген, тағы бір бұтары Кіші Азияға кеткен. Мұндайда, олардан тағы бір бұтар шығысқа (сары өзеннің солындағы далаға) ауған дегенге де негізсіз бас шайқау қиын. Ал, Ұлы Далада олардан тұқым да қалмаған деу тіпті қисынсыз. Бұл тұқымның Ұлы Дала тұрғындарын метистендіруге зор үлес қосқаны сөзсіз. Мен мұны нацистердің арияндарды «асыл ұрық» санайтын идеясына еш байланыссыз раймен айтып отырмын. «Қазақстан. Ұлттық энциклопедиясында», бұл туралы былай делінген: «Арийлер - ежелгі тайпа. Б. з. б. 2-мыңжылдықтың басындағы Қазақстанды мекендеген тайпалар тарихы арий (ежелгі иран) жəне үндіарий (ежелгі үнді) тайпаларымен байланысты айтылады. Олар үндіеуропа тілдері шоғыры мен мəдени қауымдастығына жатқызылып, қазақ даласындағы Андрон мəдениетінің өкілдері ретінде танылуда. Олардың жиынтық атауы арья. Б.з.б. 2-мыңжылдықтың екінші ширегі аталмыш тайпалардың ұлы қоныс аудару дəуірі болды. Бұлар оңтүстік-шығысқа қарай бет алып, Солтүстік Үндістанға, Иран мен Месопотамия жеріне барып тоқтаған. Ұлы қоныс аудару кезінде арийлердің бəрі ауып кеткен жоқ. Қазақстан жерінде қалғандары б.з.б. 1-мыңжылдықтың ортасында Ұлы Даладағы көшпелі сақ, сармат, скифтерге араласып, сіңісіп кетті. Бұл жоғарыда айтқанымды мықтап дəлелдей түседі. Сонда былайғы сөзіміздің құлаққа кіруі үшін ол айтқанымды тіптен де дəлелдей түсетін мына түйіндерді баса көрсетіп кеткенім артық болмас: 1. Шығыстағы жұртта ақ нəсілділерден қалың топтың ұрпағы болғаны сөзсіз жылы туылғанына 2560 жыл толып отырған бір Кұң Фузыкіндігінен өрбігендердің шежірелік кітапқа түскендерінің өзі 2 миллион болып арамызда жүр. Ендеше, Күң Фузы қай нəсілді болса о нəсілді бола берсін, əйтеуір Алан, Қаңлы, Үйсін, Ариан сықылды ақ нəсілді елдерден қалған қалың ұрпақтың бүгінгі Ұлы Далада (сондай-ақ қазақтар ішінде) жүргені де сөзсіз. 2. Ол үнді-еуропа тіл жүйесіндегілердің (шығыстағы ариандар, т.б. сақ бұтарларының) ұрпағы кейін келе ассимилияцияланып, хəндесіп кетті дегенде, сол тілдегілердің Ұлы Далада қалған ұрпағы түріктенген (сондай-ақ тіпті кейін келе қазақтанған) деу мүлде қисынды (бұл туралы біз алда арнайы аялдаймыз). 3. Шығыстағы ариандар бар кезде шығыста хəн тілі бар дей аласыз. Ендеше Ұлы Даладағы ариандар бар кезде де түрік тілі бар. Тарихи деректерге ілінбеген немесе археологиялық қазбалардан əлі шыға қоймаған, шықса да бүгінше оқыла кетпеген (түрік, тохар, шығыс иран тілінен өзге) Ұлы Дала тұрғындар тілі болғанына да күмəндану артық. Ал, бүгінде бұл даладағы (соның ішінде Жетісу, Алатау

33 ЕЖЕЛГІ ҰЛЫС ТАРИХЫ өңіріндегі) археологиялық қазбалардан түрік тілді жазулар шығып жатқанда, ол тілдегі ұлттарды сақтарға, ақ нəсілділікке, т. б. жолатпау күлкілі болар еді. 4. Ол ариандар Қытай регионының алғашқы Шаң, Жоу өркениеттерін жаратты... депті. Ендеше олардың Ұлы Даланың да дəл сондай өркениеттерін жаратысқанына да дау жүрмейді. 5. Сақ тайпаларының бəрі тек шығыс иран тілді жəне иран текті ұлт еді деп қасарысқан күнде де, жоғарыда айтылған бүгінгі ШҰАР мен Орта Азиядағылар сияқты ақ пен сарының метистеріне, үйсін сықылдылардың ұрпақтық байланысын қимау əділетсіздік болар еді. Иə, Гумилевше айтқанда [59] : Этностардың даму фазалары (эволюциясы) бар, яғни олар пайда болады, дамиды, жетіледі, ескіреді, жойылады. Алайда бұл барыс əр этнос үшін (оның өміршеңдігіне қарай) əр түрлі ұзақтыққа ие. Ал, мұндағы жойылу - қырылу да, көкке ұшып, жерге кіріп кету де емес, қайта өзге этносқа қосылу немесе тек атын ғана өзгерту, өз ұрпағы арқылы екінші өмірін жалғастыру. Қазір бірталай ғалымдар дəл осыған келгенде қателесіп жүр. Бұл қателесу Үйсін ұлысының тарихына қаратылған (ұшты-күйлі жоғалған ұлт - деп қарайтын) көзқарас та тіпті ауыр Л. Н. Гумилев. «Этногенез жəне Жер биосферасы».

34 34 БІРІНШІ БӨЛІМ 9. У-СУН ( ) ДЕГЕНДІ ДҰРЫС ОҚУ МЕН ƏДІЛ АУДАРУ КЕРЕК Ең əуелі ескерте кететін мынадай бір жайт бар: Қытайдағы ұлт тарихының əйгілі ғалымы Хəн Рулиң ( ) бұл саладағыларға үш талап қойған екен: 1. Белгілі ырғақтану ( ) білімі болу, хəн иероглифтерінің ертедегі оқылуын ұғу. 2. Зерттелетін ұлттың тіл-əдебиетін үйрену, оның тіл заңдылығын білу. 3. Əр дəуірдің аудару ережелерін білу. Мұны айтудағы басты мақсатым - осыған шейін өзге ұлт ғалымдарында бұл талаптардың əсіресе екіншісіне олқылық ауыр болып келгенін ескерту. Олардың кейінде шетелдік зерттеу нəтижелеріне құлақ асу да аз болды. Талай ауытқу міне осыдан келіп жатты. Біз ендігіде мұндай ауытқуларға жол бермеуіміз керек. Бұл Хəн жылнамаларындағы ономастикондарды дұрыс пайдалануға қатты ес қататын болады. Хəн жылнамаларындағы ономастикондардың əсілін, дұрысын табудың өзі бір күрделі шаруа екені рас. Бұл барыста қисынды ойлам мен нағыз əділдік қажет. Соның бірі «Тарихи жазбалар», т. б. əдебиеттердегі қытайша У-Сүн ( ) есімін дұрыс оқудан көрінуі тиіс. Ежелгі үйсіндердің бүгінгі ұлттармен, əсіресе соған аттас тайпасы бар қазақ ұлтымен қандастығына таяуға дейін бөтен пікірлілер болғанын жоғарыда айттық. Оған да нақты мысал ала кетейік. Мысалы, қазіргі хəн тілінің фонетикасы бойынша оқылымындағы У-сүн (усунь) этнонимін қалпына келтіру мəселесін алатын болсақ, француз ғалымы П. Пеллио, Жапон ғалымы Сакуши Торо т. б. ежелгі у-сүн мен қазақтың Ұлы жүзіндегі Үйсін этнонимін теңестіруге келіспейді. Көптеген батыстық жəне бұрынғы кеңестік ғалымдар ежелгі у-сүн атауын асси, асиан, асман, исседон т. б. батыстық деректемелердегі этнонимдермен теңестіруді ұсынады. Бұл пікірлерді кейбір Қытай ғалымдары да құптайды (мысалы Юй Тайшан т. б. ) [60]. Алайда мұндай ойдағылар барған сайын азаюда. Өйткені жай сауатты адамдар үшін де мынау түсінікті жайт. Бүгінгі күллі адамзаттың түп-тұқияны шығыс африкалық алғашқы адамдар. Ал бұлар ұзақ тарих барысында бір-біріне мейлінше араласқан. Ұлы Далалық сақтардан осы жұртында көп ұрық қалғаны да, бұл далалықтардың (соның ішінде оның түрік тілділерінің), таяу маңдағыларға ғана емес, ту сонау Америка құрлығындағыларға да барып сіңгені сықылдылар да дəлелденіп отыр. Демек бұл маңның бүгінгі ұлттарында (соның ішінде қазақтар ішінде) ежелгі үйсіндердің тұқымы жоқ деу күлерлік сөз. Хəн əулеті жылнамаларындағы У Сүн ( ) есімін, Асияни т. б. деп əрсаққа жүгіртудің еш жөні жоқ. Ол тұпа-тура бүгінгі Үйсін дегеннің өз кезіндегі қытайша таңбалануы. Мұндағы У дегенді А деп оқу - не хəн тілі диалектілерін албаты қуалап жаңылысу, не өзге ниеттің белгісі. Хəн иероглиф тарихындағы А ның (, т. б. ) тарихы У дан да ары жатыр. Мысалы, Қытай жылнамаларында əр дəуірде А ( ) иероглифімен жазылған этнонимдер баршылық. Мұны төмендегі сөздерден көресіз: 60 Жақып Мырзаханов: «Ежелгі үйсін еліне» жазған Алғы сөз. Үрімші

35 ЕЖЕЛГІ ҰЛЫС ТАРИХЫ 35 Аланлу Аман елі Оксус Алудар Аба тайпасы Алаш Аак елі Алан Ағуат Алұн Аз Ашнатек Ашна Амұртек Еділ өзені Асық тауы Демек сол кездің өзінде-ақ У ( ) ды А орнында қолданудың да, оны Адеп оқудың да қажеті мен қисыны қалмаған. Үнді елінде туылған неміс ғалымы, əйгілі шығыстанушы Һанс - Жоахим Климкейттің Die Seidenstrasse ( ) деген кітабында (17-бет), Қытайдан шығып Орта Азия арқылы Үндістанға барып теңіз арқылыб. з. 414 жылы еліне оралған, əйгілі діндар-сахатшы Фа Шянның сапар маршрутын көрсеткен карта бар. Сонда жетісудың кіндік тұсынан Үйсін дегенді бадырайтып (Wusi деп) көрсеткен. Мұндағы Wu дегеннің, А-ға жуымайтын, У екені анық тұр. Оның үстіне Жапонияның Токио Империя Университетінің профессоры, Орта Азия тарихының білгірі Ширатори Куракичидің ( өзі: (юншиң) де - У Сүннің тағы бір жазылуы ( ) [61] деген. Демек бұл ғалым да У ды А-ға жолатпаған. Расында да юншиңнің У-сүнге жақындығы көрініп тұр. Хəндер (қытайлар) ертедегі ұйғырларды У Ху ( ) деп те жазды. Уейшүй (, Oxus) дариясына да сол ды қолданды. Демек мұнда да ды У не Үй деп оқып, А-ға апармаған. Мұндай мысалдар толып жатыр. Айта берсек, Өтүкен ( ), Ұгүр жолы ( ), Ұла ( ), Ұлатүкен тауы ( ) деген сияқтылар да көп. Оның үстіне хəн иероглифтерінің талайының əлденеше оқылуы болатыны белгілі. Мысалы, қазірдің өзінде де бір үш түрлі - шуо (сөйлеу), шюй (иландыру), юе (көңілділік) деп оқылады. Сонда кім дың тек бір ғана оқылуы болған, ол - А, ал оның қазіргі У деп оқылуының арғы тарихта негізі жоқ деп қасарыса алады?! - тағы У деп оқылатын фамилия. Фамилияның заманға ілесе дыбыстық өзгеріске оңай ұшырамайтын жағы тағы тұр. Сондықтан Ахметұлы Шадымандардың «Ежелгі Үйсін Елі» сықылды еңбектерінде У-сүнді Үйсін деп оқығаны, жазғаны өте дұрыс. Сөз кезегі келгесін айта кетейін. Білген адамға, егер керек болса, «Тарихи жазбалардың» авторы Сыма Чянның Хəн иероглифтерін қалай дыбыстайтын жан екенін табу қажет. Өзгенің бəрі бекер. Қырық темірдің қылауынан құралған, демографиялық жақтан тым бұрыннан бастап-ақ тез көбейген Хəн ұлтының тарихында, диалектілердің орасан көп болғанына байланысты, тіл мен жазудағы бірлікке құлшыну да өте ерте басталған екен. Соның бірі - Ыр я ( Дұрысы осы - ) дейтін еңбектің ерте дүниеге 61, < >.

36 36 БІРІНШІ БӨЛІМ келуі мен хəндердің басын алғаш құраған патша Чин Шыхуаңның (б. з. б. 221 жылдан бастап) бұрында да бар (сонау Шя, Шаң, Жоу əулеттері кезінен басталған) тіл мен жазуды бірлікке келтіру саясатын тіпті де пəрменді жүргізуі. Хəн əдеби тілі ( ) - алғы Чиңдəуірінің ұлықтық ( ) төрелік ( ) жазуы мен тілі. Ол артынан біртіндеп, оқыған ығайлардың ( ) ауызша тілінен (яғни нен) алыстап, арнайы жазба тілге айналған. Ұлықтар жайшылықта ауызша тілмен, ресми орындарда ұлықтық тілмен сөйлескен. Бұл ұлықтық тіл Тұнияздың (Орта Жазықтың) тілін стандарт еткен. Əсілі мұның алды-артында талай үдеріс болғаны белгілі. Қытайша биліктік стандартты тіл (ұлықтық тіл, ) алғашында Я тілі ( ), яғни Шятілі ( ) [62], Я үні ( ), тұтас тіл ( ) [63], дұрыс тіл ( ) деп атала келіп, Миң əулетінен (1371 жылдан) бері ғана ұлықтық тіл ( ) делінетін болған. Чиң əулеті кезінде ( жж) мемлекет тілі, сосын 1956 жылдан бері путоңхуа (ортақ тіл) деп аталды. Үйсін Елжау Күнбиден (сондай-ақ Хəн Уди патша мен тарихшы СымаЧяннан) үш ғасырдай бұрын өмір сүрген ғұлама Кұң Фузы (К, ң Лауар)кезінде-ақ, Я тілі ( ) байырғы стандартты (өлшемдік) тіл, ордалық тіл, ұлықтық тіл ( ) саналыпты. Лин Тау ( ) айтқандай, Я ( ) деген Жың ( ) мағынасында, Яян ( ) деген дұрыс, стандартты тіл, жұрттың бəрі бағынатын тіл. Ертеде, бүкіл елдің саяси орталығы астананың диалекті ғана осындай беделге ие болды. Шаң, Жоудан Солтүстік Сұңға шейінгі 2000-нан астам жылдар барысында астана Чаң-ан (Ши-ан) не Лояң болды. Сондықтан бүкіл мемлекетке ұғынықты ортақ тілге таған болған диалекті осы Чаң-ан, Лояң маңының диалекті болуға тиісті [64]. Кұң Фузы, өз мекені Лу ұлысының диалектімен емес, осы тілмен жазған, сөйлеген ( ) екен. Қытай ғылым академиясы Тіл білімі институтының ғалымы Жынжаң Шаңфаң ( ): Ол кезде (б.з.б. V ғасырда) Егер бірлікке келген ортақ оқыту тілі болмаса, Кұң Фузының елдің əр тұсынан келген үш мыңдай шəкіртінің талайы оның сабағын ұға алмас еді, Ежелгі ортақ тіл Лояң тілін стандарт еткен, Ерте заманда, оқымыстылар немесе жоғарғы жіктегі зиялылар, ұлықтар Я тілімен сөйлескен, оқытқан, деп расайтады. Ал, бұл Я тілі Шя ( ) тілінен шыққан. Хəн ұлтына ұйтқы, ядро болған Хуашя тайпасының тілі бүгінгі хəн тілінің ежелгі бастауы. Тарихта өзге тайпалар осы ұйтқыға сіңе берген, хəндаса берген. Ал ордадағы топ ішінде бұлардың тілі мүлде үстем орында болған. Тағы бір қызық қисын бар. Ол осы тайпа субъект, автохтон болған Шя əулеті (б.з.б жж. ) бертінгі (б.з жж.) Жин ( ) əулеті аумағынан шаңырақ көтерген. Ал, Жин əулетінің патшалары (Сыма Ян, Сыма Цуй, Сыма Чы, Сыма Йе, т. б. ) - осы Сыма Чяннның өз тайпасынан шыққан алыптар. Ендеше, негізінен алғанда, Шя тілі - Шя əулетінің тілі - бүгінгі Хəн ұлтының тілдік тағаны - Жин 62 Басында ҚХР-дың ШҰАР-ына таяу тұрған Шəнши, Гəнсу өлкелерінен Хуаңхыдариясының оң, солына тараған тіл. 63 Жалпы тіл ( ), өтімді ат ( ) деп те аталған. Өзге диалектілер сол арқылы ұғындырылған. Батыс Хəн əулеті кезіндегі Яң Шұңның ( )«Диалект» ( ) деген шығармасы бұл туралы тұңғыш туынды (http: //bbs. tiexue. net/ ). 64. < >

37 ЕЖЕЛГІ ҰЛЫС ТАРИХЫ əулетінің тілін (Сыма Чянның түп тұқиянының тілін) негіз еткен тіл. Демек Хəн жылнамаларындағы тарихымызға қатысты ономастикондардың дұрыс оқылуына жауапты, өзге əлде бір Хəн тайпларына тəн байырғы оқылулардан емес, осы Сыма фамилиялылардікінен қарастыру керек. Енді мынаны да ескерген жөн. Ырғақтану ғалымы Жынжаң Шаңфаңның айтуынша: Тіл дегенде өзгеретін жəне өзгермейтін екі бөлік болады... Бүгінгі ортақ тілде (путоңхуа - С. Ж. ) байырғы дыбысталулар баршылық. Мысалы, (каң, гоң, гын, ын, вын, ин, - С.Ж. ) дердің дыбысталуы негізінен өзгермеген... Ортақ тілдің жарымынан артығы ежелгі дыбысталуын сақтаған, Жоу əулетінен (, б. з. б. Х ғасырдан - С. Ж. ) соң Орта жазықтікі стандарт етілетін болды. Білім беру мен кеңсе ісі стандартты дыбысталуды үйренуді талап етті. Оқудың бірінші адымы əріп тану болды. Жерлік диалектілер оқытылмайтын етілді. Стандартты дыбысталу оқытылды да, бұл дыбысталу ұрпақтан ұрпаққа тарап жалғасты, (Əрине Сыма Чян да осы тəрбиемен талаптан өткен! - С. Ж.) Əр кезеңде де шенді ұлықтардың қызметтік тілі мен тұрмыстық тілі арасында айырмашылық болған (Сыма Чян үшін бұл айырмашылық өте аз болған шығар - С. Ж. ). Бейжиң тілі - Юан əулеті кезіндегі астана тілі емес (Жу Юанжаң - ондағы моңғолдарды сахараға қуып жіберген - С. Ж. ), Хыбей ықпалы бар орта жазық тілі. Сайып келгенде, мүмкін кей диалектілерде дың дыбысталуы У дан сəл-пəл өзгешелеу (мысалы, Ұ, Ү, Үй, ) болған да шығар. Бірақ оның бүгінгі ортақ тілдегі (хəн ұлтының путоңхуасындағы) У болып оқылуы көктен түсе қалған бертінгі оқылу дегеннің еш қисыны жоқ. Сондықтан, расында да Ахметұлы Шадымандардың ді Үйсін деп алуына дау жүрмейді дегенді қайталай айтқым келеді. Ендеше бүгінгі Бейжиң, яғни Хыбей тілін негіз еткен ортақ тілдің дыбысталуынан орынсыз алшақтау бізді адастыруы, жоғарыда айтылған өзге ниеттегі он түрлі адамға селбесуі мүмкін! Бұдан аса сақ болуға тиістіміз. Қосымша айта кетрлік бір іс - ол кездегі ономастикондардан жолығатын тіл иелерінің өзге этнос не ұлыстарды төмендетіп, жамандап атауының салдары. Мысалы, Қытай жылнамаларында ежелгі қытайлықтарға төңірегіндегі көршілері и ( ), ди ( ), ман ( ) деген аттармен мəлім. Шетелдік аудармаларда бұлар бұратаналар, жатжұрттықтар, жабайылар, варварлар, тағылар деп тіке аударумен алынған. Ал мына рұң ( ) сөзі Қытайжылнамаларында батыстағы ұлыстардың жалпылама аты ретінде(мысалы, ширұң - батыс рұңдар) деп алынған. Шетелдік аудармаларда көбінесе батыс бұратаналары деп аударылатын көрінеді. ның хəн тіліндеəскер, қару деген мағыналары да бар. Мұны Шадыман Ахметұлы батыснұмдар деп дұрыс аударған. Тағы бір мысал,,,,... (ғұн, гуйфаң, шянби, түрік...) дегендердегі,,,... т. б. лар құл, сайтан, нашар, атылу ( ) [65] мағыналарына ие. Бүгінгілер мұны ертедегілер ісіне санап, көңіліне алмағаны жөн. Дегенмен біліп қойғанның ол заманды елестетуге де, ономастикондарды дұрыс талдауға да пайдасы бар. Ал, екі ел ( Хəн мен Үйсін) ара байланыс жақсы кезде жазылған Сыма Чянның еңбегіндегі Үйсін ( ) атауында мұндай пиғыл байқалмайды. Керісінше ( ). деген итті үйшігінен атылып шықты дегенде істетіледі демекші.

38 38 БІРІНШІ БӨЛІМ оны күннің ұрпағы ( Күн немересі ) деген мағыналы иероглифпен хаттапты. Бұл туралы алдағы бір тұста тағы аялдаймыз. 10. БАЙЫРҒЫ ҮЙСІН ҰЛЫСЫ - МЕМЛЕКЕТТЕР ҚҰРЫЛҒАН САТЫДАҒЫ ЕЛ Р. А. Мирзадинов, Х. Алпысбаев, В. В. Зайберт, Б. В. Грязнов, т. б. ғалымдар мен Мəссаған сықылды сайттардағы рефараттарға құлақ түрсек мына ақиқаттарға көзіміз жетеді. Жоғарыда айтқан едік. Адамзат қоғамының ту арғы кезеңіндегі түп-тұқияндық топ алғашқы қауым деп аталады. Бұл қысқа да нұсқа атау өте ертедегі адамдар тобының ерекшеліктерін жəне олардың жануарлардан нағыз адамға өту кезеңіндегі күйлерін білдіреді. Бұл алғашқы қауымдық саты - 2 миллиондай жылға созылған ең ұзақ кезең. Сосынғы туыстық қауым мың жыл бұрын басталып, ойкумендердің негізгі бөлігі үшін 5-8 мың жыл бұрын аяқталса, ішінара топтарда əліге дейін жалғасуда. Алғашқы қауымдық кезең - қалыптасу кезеңі, ал алғашқы қауымдастық туыстық қауым - кемелдену кезеңі болса, таптардың түзілу кезеңі - алғашқы қауымдық құрылымның ыдырау кезеңі болды [ 66 ]. Туыстық қауымның ерте қауымдардан айырмашылығы - қалыптасқан адамзат қоғамы болуы. Бұл қоғамда алғашқы қауымдағы ұжымшылдық бастамалары мен адамдар арасындағы тығыз қатынастар жоғары дəрежеде дамыды, оның үстіне этнографиялық аналогиялар негізінде байқалғандай, туыстық қатынастар экономикалық қатынастар ретінде, ал экономикалық қатынастар туыстық қатынастар ретінде қалыптасты [67]. Ертедегі Қытай жəне Рим философтарына белгілі болған көне тарихтың үш дəуірге (тас, қола жəне темір) бөлінуінің ғылыми негізі Х1Х ғасыр мен ХХ ғасырдың басында жасалды. Біз соларға қысқаша аялдай кетейік. Тас дəуірі үшке бөлінеді: А. Палеолит. Мұның əуелгі кезеңінің өзі үшке айрылады: Олдувай (бұдан2, 6 млн мың жыл бұрын), ашель (700 мың мың жыл бұрын) жəне мустьер ( мың мың жыл бұрын) дəуірлері деп... Бұл даладан тас құралдарының (шапқылар, қырғыштар, үшкір тастар, пышақтар...) талайы табылды. Мысалы ең ежелгі еңбек құралдары - Қаратаудан табылған ауыр салмақты, тік бұрышты, ұсақ шақпақ тастар. Енді Ашель уақытының ескерткіштеріне Орталық Қазақстандағы Құдайкөл, Жаман айбат, Обалысаймен Батыс Қазақстандағы (Маңғыстаудағы) Шақпақата, Сарытас тұрақтары мысал болады. Ашельдік кезеңнің тас құралдары (шапқылар, ауыр тассынықтар, нуклевстар) Бөріқазған мен Тəңірқазған деген жерден табылып отыр. Бұл өңірден төменгі палеолитке тəн малта тас мəдениеті де табылды [68]. Мустье кезіндегі (Оңтүстік Қазақстандағы Ш. Уəлиханов атындағы) тұрақтан жылқы сықылдыларды аулауға пайдаланатын жаңа тас өңдеу өнері де табылды. 66 Р. А. Мирзадинов. «Жаратылыстану концепциялары» 67 Р. А. Мирзадинов. «Жаратылыстану концепциялары» 68 Халел Алпысбаев (Памятники нижнего палеолита Южного Казахстана А. 1979).

39 ЕЖЕЛГІ ҰЛЫС ТАРИХЫ Соңғы палеолит кезеңі аяқталатын б. з. б мың жылдықтарға келгенде адам дар жер бетінің барлық аймағына тарады. Экзогамиялық (аналық) рулар пайда болды. Дүниетанымы мен өнері өсе түсті (мысалы, бақиға сенді, жануарлар суреттерін жартасқа сала алатын болды). Бұған Шығыс Қазақстандағы Қанай, Шүлбі тұрақтарынан мысал бар. Ал бұл таулы өлке ШҰАР-да тіпті көп [69]. Ə. Мезолит. Мезолит (орта тас) кезеңінде садақ пен жебе пайда болды. Тұрақтар (мысалы Қарағандыдағы Əлімбек, Маңғыстаудағы Қызылсу, Іле атырабы, т.б.) өзен-көлдерге жақын орналасты. Б. Неолит. Неолит - жаңа тас кезеңінде (б.з.б. 7 мыңжылдықтан б. з. б. 2 мың жылдықтың басына шейінгіде), тас өңдеу (тегістеу, бұрғылау, ) өнері өсті. Өндіретін (малшылық жəне егіншілік, қыш құмырашылық жəне тоқымашылық, от жағу, пісіру, т.б.) шаруашылық пайда болды. Жылқы, т. б. үй малдарын ұстады. Австралияның радио серіктестігінің 2009 жылғы хабарынша, адамзат тарихында жабайы жылқыны ең алғаш қолға үйреткен, оның етін жеп сүтін ішкен Қазақстандағы ежелгі Ботай тұрғындары екен. Бұл Қазақстанның солтүстігіндегі Қызылжар өңіріне жүргізілген археологиялық қазба мен зерттеудің нəтижесі. Петтсбург Канеки табиғи тарих мұражайының бастығы, көп жылдардан бері жабайы жылқыларды қолға үйретуді зерттеп келе жатқан топтың бастығы Сандра Олсен доктор Бұл бұдан 5600 жыл бұрынғы Ботайдағы ірі ауылдың жылқы қораларынан табылды дейді. Ол сеннің қызметтесі, доцент Роземари Капо бұл іске тəн дəлелдерді АҚШ геология қоғамының жиынында көрсетіп те үлгеріпті. Тек Қазақстан аумағынан ғана бұл кезеңдерге тəн айғақтардың - неолиттік, энео литтік ескерткіштердің (мысалы Есіл өңіріндегі Атбасар, Торғай үстіртіндегі Маханжар, оңтүстік Қазақстандағы Қараүңгір, Атыраудағы Шатпакөл, Маңғыстаудағы Бозашы сықылдылардың) 700-ге тартасы табылып отыр. Бұл неолиттік тұрақтардың көбі бұлақтық тұрақтар бопты. Энеолит (неолит пен қола дəуірі аралығы) кезеңіне жеткенде өмірге мыс құралдар енді. Жаңағы Ботай [70] деген жерден қазір 158 тұрғын үй жұрты табылып отыр. Одан сазбалшықтан, сүйектен жасалған ыдыстар, əшекейлер шықты. Көп жылқының сүйегі табылды. Мұндайлар Маңғыстаудағы Бозашы мен Шебірден де табылды. Шақпақ тас, керамика, кішкене метал, біз сықылдылар да шықты. Сонымен, жинақтай жəне нақтылай айтқанда, бұдан 5 мың жыл бұрын алдымен ертедегі өркениет қалыптаса бастады. Б.з.б жылдардың соңында Египет пен Месопотамияда, 3000 жылдардың орта кезінде - Үндістанда, 2000 жылдарда - Эгей теңізі бассейнінде, Кіші Азияда, ОңтүстікАрабстанда, Қытайда, 1000 жылдарда жəне б. з. дағы 1- мың жылдықта - Көне Əлемнің көп бөлігінде, Орталық жəне Оңтүстік Америкада таптар қалыптаса бастады. Алғашқы өркениеттің пайда болуы адамзаттың алғашқы қауымдық тарихының соңы жəне таптар тарихының басы еді Баяхмет Жұмабаевтың «Жаңғырған жартас тіл қатады» кітабына қараңыз (Іле халық баспасы. 2009). 70 Көкшетау облысы, Ботай бекеті жанындағы қоныстың аты. Б. з. б. 3-2 мыңжылдық. Ботай мəдениетін зерттеген Зайберт В. В. (Энеолит. Урало-Иртышского междуречья, Петропавл, )

40 40 БІРІНШІ БӨЛІМ Ертедегі туыстық қауымдарда оның мүшелерінің мүддесін көздейтін халықтық билік қағидасының рөлі шешуші болды жəне ерекше беделге ересек, тəжірибелі адамдар иелік етті. Олардың арасынан ұжымның шаруашылық, қоғамдық жəне идеологиялық өмірін басқаратын көсемдер қалыптасты. Ертедегі алғашқы қауымдарда билік - шаруашылық, əскери жəне сот билігі болып бөлінген жоқ. Ұсақ əскери қақтығыстарда қауымды осы көсемдер басқарды. Осы көсемдер топтағы əдет-ғұрыптарды сақтаушы жəне қорғаушы болды [71]. Мəдени дамудың келесі кезеңдері - мыс, қола, темір кезеңдерінен тұрады. Олардың əрқайсысы, жекелеген мəдениеттердің өзіндік даму кезеңдеріне сай, белгілі бір сатыларды басынан өткізді. Бүкіл əлемде ең бұрын Қанат біткен -атқа мінген ұлы далалықтар бұл сатыларда өзге елдерден оза білді. Мысалы, Қола дəуірінде - б. з. б. 2 мыңжылдықтың алғашқы ширегі бітер кезде, Орал мен Тəңіртау (Тянь-шань) аралығындағы адамдар қола [72] жасай алатын болды. Бұған ҚХР ШҰАР-дағы толып жатқан құнды археологиялық табыстар мен Қазақстандағы дəл сондай жетістіктер, айталық Андрон мəдениеті [73] айғақ жылы археолог М.П. Грязнов осындай қорымды Батыс Қазақстаннан да (Қима мəдениет ескерткіштерін [74] ) тапты. Андрон мəдениетінің (б. з. б ғасырлар) үш кезеңі бар: А. Ерте қола (б.з.б ғғ). Ə. Орта қола (б. з. б ғғ). Б. Кейінгі қола (б.з.б ғғ). Орталық Қазақстандағы Андрон мəдениеті (көптеген мекендер, қорымдар, көне кендіктер, құрбандық орындары, петроглифтер, күрделі мазарлар, тас өңдеумен байланысты құрылыс техникасының жетіле түскендігі), ертедегі Нұра кезеңіне тəн Андрон мəдениеті (жерлеу салтындағы кремация - мəйітті өртеуаластау мен мəйітті табытқа салып қою рəсімі, керамика ыдыстардың жоғары жағын ғана əсемдеу, қабір ішіне мəйітпен қоса үй жануарларының сүйектерін де қою), Атасу кезеңіндегі Андрон мəдениеті(жерді, тіпті шөлейт жерлерді игеру, тау-кен жұмыстарының күрт кеңеюі, мəйіттерді бір жамбасына бүк түсіріп жерлеу), Бегазы-Дəндібай кезеңіне сай Андрон мəдениеті (мəйіттерді шалқасынан жатқызып қою, жер бетіне тастан, ағаштан қалап қабырғалы тұрғын үйлер салу), - осы кезеңдердің мысалы. Бұдан басқа да мысалдар (Солтүстік жəне Батыс Қазақстандағы Алексеев пен Тастыбұлақтағы топырағы төбешік болып үйілген, дөңгелек жəне тік бұрышты қоршаулары бар қорымдар мен ежелгі қалаларға мысал боларлық Қостанай облысының шекарасындағы Арқайым қонысы, Оңтүстік Қазақстан мен Жетісудағы петроглифтер мен қорымдар, Арал алқабынан табылған Тегіскен кесенесі сықылдылар) толып жатыр. Андрон мəдениетіне тəн (əсіресе ерте жəне орта қола кезеңдеріндегі, яғни б. з. б. 1 мыңжылдық басындағы) адамдар отырықшы болды. Аралас шаруашылықпен айналысты. Атап айтқанда: 71 Р. А. Мирзадинов. «Жаратылыстану концепциялары» 72 Мыс пен қалайының қосындысы 73 Оңтүстік Сібірдегі Ачинск қаласы маңындағы Андроново селосынан, 1913 ж. Б. В. Грязнов қола дəуірінің ескерткіштерін ашты. Ғылымда шартты түрде қола дəуірі ескерткіштерін Андронов ескерткіштері деп атайды. 74 Қима мəдениетінің басты ерекшелігі - қайтыс болған адамдарды қиылған ағаштың арасына салуы.

41 ЕЖЕЛГІ ҰЛЫС ТАРИХЫ А. Мал өсіру маңызды роль атқарды. Негізгі мал қой, сиыр, жылқы. Жылқының үш тұқымын (қазіргі моңғол жылқысына ұқсас жылқылар;шоқтығы орташа не биік жылқылар; соғыс арбасына жегілетін, асылтұқымды, биік, жіңішке аяқты, сымбатты, қой мойынды жылқыларды) ұстады. Олар қос өркешті бактриан түйелерін де бақты. Қыста төлді жылы жерде (тұрғын үйге жалғаса салынған мал қораларда) ұстады. Үйсіндердің байларында неше мыңдаған жылқы болды. Ə. Негізгі тамағы сүт жəне сүт өнімдері (сүзбе, ірімшік) болды. Етті тек мейрамдарда ғана, құдай жолына құрбандық жасағанда ғана пайдаланды. Бұл туралы Хəн əулетінің қағанкесі Лю Шижюннің əулет ордасына жазған хатында да айтылған. Б. Бұл кезең адамдарының қоныстары дала өзендері мен оның жағалауларында болды. Егін, бау-бақша салуды білді. Бұған қоныстардың бəрінен табылған ортақ олжалар (тары ботқасы күйген құмыралар, дəнүккіштер, келсаптар, орақтар, тас кетпендер) дəлел. Үйсіндердің Іле дариясы бойын мекендеуі мен ол өңірге жүргізілген археологиялық зерттеулер мұны да дəлелдеп отыр. В. Шаруашылық деңгейінде ілгерілеу (табиғаттан неғұрлым ұтымды пайдалануға ұмтылу) пайда болды. Отырықтылық салдарынан үй маңы жайылымы тұяқ кесті болып тез тозғасын, жайлауға шығуды (жігіттер малды көктем, жаз айларында алыс жайылымға əкетіп, үйде қалғандар екпешілікпен айналысуды) ойлап тапты. Үйсін күнбиі байлар меншігіндегі шұрайлы жайлауларды қору туралы бұйрық та шығарды. Г. Кен өндіру б. з. дан 3000 жыл бұрын пайда болған-ды. Мысалы, Жезқазғанда, Іленің Қас тармағының бойында осы кезден-ақ кен өндіріле бастапты. Олар кенді тотықтандыру, қайлалау, отпен өндіру əдістерін меңгерген екен. Сондай-ақ əрбір отбасы өз ыдыс-аяқтарын өздері жасапты. Əйелдер саз балшықты əзірлеп, одан ыдыс-аяқ істеп, оларды ошақтағы отқа, кейде таспен қоршалған шұңқырға алаулатып күйдірген. Ыдыстар əртүрлі сызықтармен, геометриялық ою-өрнектермен əсемделген. Ерлері қоладан үшкірлеп жасалған садақтармен қаруланыпты [75]. Іле дариясының басындағы Қас тармағы өңірінен шыққан мыс кені де, табылған ыдыс - аяқтар да, масақтар да - бұған айғақ. Ғ. Ол кездің адамдары үлкен отбасылық қауым болып, ұжымдық өмір сүрді. Ағайын-туыстар шаруаны бірге атқарды. Мал жүнінен ұршықпен жіп иіретін, тоқитын, теріні өңдеитін, киімді түрлі-түсті жіппен əдіптейтін болған. Олар өкшесіз аяқкиім киген, жүннен тоқыған, теріден тіккен құлақшын киген екен. Шошақ төбелі бас киім - тұмақ бүгінгі шығыстағы қазақтарға шейін жалғасын тапқан. Əйелдер көбіне ұзын жеңді етегі жер сызған жүн көйлек киіп жүріпті. Əшекейлік бұйымдар сырға, салпыншақтар, моншақтар бопты. Д. Оларда əлеуметтік жік болды. Патшалар (тəңірқұттар, қағандар, күнбилер, хандар), байлар, текті адамдар, батырлар, абыздар, бақсылар өлгенде олар ерекше құлпытас орнатылған мазарларға жерленді. Өліктер қабырда бастары батысқа немесе оңтүстік-батысқа қаратылып қойылды. Бұл о дүниемен байланыс жасайтын құдайға қарату деген мағынаны білдірді. Мəйіт бүктей жатқызылды. Сондай-ақ мəйітті өртеп жіберу де болды. Ол отқа табынудан шықса керек. Үй құрылысы да «Мəссаған» торсайтындағы «Ежелгі дəуірдегі Қазақстан» сықылды рефераттарға қараңыз.

42 42 БІРІНШІ БӨЛІМ құрбандық шалудан басталған. Оған сүт толы ыдыстар істетілген, бұқа не бағлан шалынған. Тіпті балаларды да құрбандыққа шалған, оны үй едені астына көмген. Үйдің ошағы отбасының ең қасиетті жері болған [76]. Е. Олардың қола дəуіріндегі дүниетанымын білдіретін, жартастар бетіне салынған суреттер - петроглифтер (жануарлар, күн, əр бейнелі адамдар, соғыс арбалары, шайқас көріністері) Ұлы Даланың көп жерінен кезігеді. Мінеки осындай мəдениетке ие Ұлы Дала сақтарының мемлекеттілігі де ерте қалыптасты. Тарихшы профессор Хайруш Абдрахман [«Тарихыңды таны (Отан тарихының очерктері)» атты еңбегінің 12-бетінде]: Сақ дəулеті б.з.б. ғасырда еңсе көтеріп, б. з. ғасырына дейін дəурен сүрді. Дəулеттің іргесін қалаушы - Алып Ер Тұңға (Афрасияб). Діні - Тəңірлік дін. Яғни, Көк тəңіріне табынып, табиғатпен тіл табысуды өмір сүрудің кепілі, табиғилықты өмір сүрудің мұраты деп білген. Жазуы - қазіргі ғылым тілінде айтылып жүрген рун жазуы немесе түрік жазуы болған. Сол тұсты (В.В. Бартольдтің айтуынша) түрік тілдес тайпалардың қалыптаса бастаған шағы деуге болады. Қазіргі Алматы тұрған жерді сақтар мекендеген. Оларды грек шежіресінде (Ш. Ахметұлының зерттеуінше бас сақтар мағыналы атпен. - С.Ж.) массагеттер деп атайды. Сақ тайпаларының одағына мыналар кіреді: массагеттер, дайлар (дахилар), каспилер, исседондар, аримаспалар, аландар, кейініректе сапроматтар мен сарматтар деген екен. Cақтардың ұрпағы жəне мұрагерлерінің бір тармағы саналатын Үйсіндер Ұлы жібек жолының торабында өмір сүрді. Бұл Ұлы Жібек жолы əлемдегі ұлы өркениеттерді, осы Ұлы Дала арқылы, бір-біріне жалғады. Содан барып тораптық (кеңейте айтсақ Ұлы Далалық, сəл тарылта алсақ Орта Азиялық, тіпті тарылта айтсақ Үйсіндік) өркениет дамыды. Үйсіндік мемлекет қалыптасты. Бұл процестің қарқыны мен сапасы Ұлы Жібек жолы мұхиттарға аунағанша сол қалпында жалғасты. Хəн жылнамаларында Үйсін ұлысын батыс өңірдегі ең күшті де ірі мемлекет дей келіп, оған: Адамдары қатаң, ожар, тойымсыз, сенімсіз келеді, ұры-қарысы көп [77] деген сөз қосқан екен. Егер тарихқа таныс ұлыстар ара жатсыну мен жамандауларды қайыра тұрып үңілсек, бұл Үйсін ұлысында қоғам дамып, адамдар ара байланыс пен таптық қайшылық, таптық күрес күрделілесіп, елді мықтап билеудің қажеттілігі мейлінше артып, мемлекеттілік орнауына барлық жағдайды одан көп бұрын-ақ əзірленіп болғанын айғақтайды. Сондықтан əйгілі тарих ғалымы Манаш Қозыбаев [78]: Тағылық, тұрпайылық кезден өркениетке өту адам баласының тарихында б. з жыл бұрын пайда болды. Өркениет бізге көрші Қытай, Үнділерде б. з. дан 2 мың жыл, 2 мың 500 жыл бұрын, біздің Ұлы Далада жыл бұрын пайда болды деп есептеуге дəлелдер баршылық. Ұлы Дала екі құрлықтың басын қосты. Ол Еуропа мен Азияның қақпасы, тоқсан тоғыз жолдың торабы еді... Сайын дала Аму мен Сыр бойы арқылы Қытай, Парсы, Үнді, Араб өркениетімен тоғысты. Ұлы Далада барлық əлемдік діндер тоғысты. Ша- 76 «Мəссаған» торсайтындағы «Ежелгі дəуірдегі Қазақстан» сықылды рефераттар ға қараңыз 77 «Хəннама. Батыс өңір баяны. Үйсін баяны». 78 «Отан тарихы» журналы «Қазақ тарихы дала өркениетінің құрамды бөлігі».

43 ЕЖЕЛГІ ҰЛЫС ТАРИХЫ манизм, тəңірге табыну, зəрдеш (зороастр), бұтқа табыну, християн, манихейлік, ислам - пəнделердің рухани өміріне тірек болуға əрекет етті... Қыр баласы табиғи ортамен толық гармонияда болды... Бір ғана Сырдарияның орта жəне аяқ шенінде 300-ге жуық қалалар мен елді мекендер болды. Алтайдан Дунайға дейінгі қыпшақ даласы таза көшпелілер емес. Олар атқа мініп жер жаулап алуға болатынын білген. Ал, ел билеу үшін тұрақты астана, мемлекеттік тірек боларлық қалалар болуын түсініп қана қоймай, іске асырған. Ендеше біздің өркениетіміз ерте дамыған өркениет болған. Ол қала мен даланың синтезі. Ол қала мен дала қосылмасы. Ендеше біздің жеріміз де мемлекеттің жабайы түрі емес, кемеліне жеткен түрі болған... Қорытып айтсақ, Үйсін мемлекеті пайда болып, өркендеп, шығанға шыға бастаған кезде, көне түрік өркениеті - дала өркениеті бой көтерді. Түрік қағанатының өркениеті өзін əлемге танытты дейді. Мемлекет - таптық қоғамдағы үкімет билігінің құралы [79]. Былайша айтқанда, мемлекет дегеніміз ел іші-сыртына танылған үкімет пен оның іс-қимылы, елін ұйымдастырарлық форма мен басқарарлық жүйе. Алғашқы мемлекеттер өзіне мыналарды басты белгі етті: 1. аламан, шер, ұланның (армиямен полицияны) болуы; 2. жарғы, тəртіп, салт, түзүттерінің (құқықтың) болуы; 3. өз билігі өтетін аумақ (территория) болуы. Бұл шарттар Үйсін сықылды Ұлы Дала елдерінде біз сөз еткелі отырған заманға (б. з. б. - ғасырларға) сай толық болды. Доктор Нəбижан Мұхаметханұлы айтқандай, Мемлекеттің аумағы, онда тұратын халқы, ол халықты басқаратын патша мен оның аппараты, елін қорғайтын əскері мен еліне қызмет ететін заңдары болуы тиіс. Осының бəрі Үйсін мемлекетінде көрініс берген. Қаңлы елі де солай. Олардың мемлекет болып қалыптасу кезеңі - б. з. б. ғасырдың ортасы. Демек, бұл тұстағы Ұлы Дала елдері (соның ішінде Үйсін ұлысы) - Ұлы Дештінің ежелгі тұрғындары, эволюциялық даму сатысынан алғанда, өз заманына лайық мемлекеттілікке ие өреге шыққан болатын. Мұндағы өз заманына лайық дегеніміз - тайпалық одақ сипатындағы мемлекет дегендік. Одан кейін де ұзаққа созылған даму сатысы жатыр. Ұлттық мемлекет сатысы тұр. Бүгінгі мемлекеттердің келбетімен, сондық қалыппен 2200 жылдың алдындағы Үйсін мемлекетін өлшеушілер, мемлекеттіліктің даму сатыларынан сауатсыздығын аңғартып, қатты қателесер еді СЫМА ЧЯН - ТАЛАЙДАН ШЫНШЫЛ ҒАЛЫМ Қазақстандық əйгілі ғалым, доктор Нəбижан Мұхаметханұлы айтқандай, Тарихы ең ұзын, 5 мың жылдық тарихы бар, оның ішінде 4 мың жыл жазба мəдениеті үзілмей келе жатқан Қытай - ерте заманның орда тарихышыларын ұстап жаздырып келе жатқан, сондай-ақ өзге елдер тарихын бақылап, əлемдік тарихи деректерді қадағалап, өз көз қарасымен қағазға түсіріп келе жатқан мемлекет [80]. Осы мемлекетте ғана емес, бүкіл əлемдегі сүбелі тарихтардың бірі - «Тарихи жазбалар». Бүкіл əлем əдебиеттерінің ішінде, Үйсін ұлысын ең алғаш ауызға алған кітап та - осы«тарихи жазбалар». 79 «Қазақстан. Ұлттық энциклопедия». 7-том. 80 «Жалын» бет.

44 44 БІРІНШІ БӨЛІМ «Тарихи жазбалар» (алғашқы аты - бас бітікші жазбалары - ) - былайғы Қытай тарихына ықпалы аса күшті болған, өте көлемді (іргелес өзге елдердің де талай ісін қамтыған), тұңғыш, жалпы (Қытайдың б.з.б жылын баяндаған) Қытай тарихы. «Тарихи жазбалар» - тілі шұрайлы, бейнелеуі айшықты, үздік əдеби туынды да. Онда автордың бірталай философиялық тұжырымдары да бар жылдың 20-қаңтарындағы Гуаңмиң рыбауда Су Шуаңби ( )айтқандай: «Тарихи жазбалар» - жасампаз, билік баяндық жəне ғұмырнамалық ( ) жалпы тарих. Сыма Чянның «Тарихи жазбалары» ақиқат естеліктері саналады. Дың Хұңгуаң ( ) «Тарихи жазбалардан дəстүри тарихтағы саналы рухқа көз салғанда» деген еңбегінде: Тарихи жазбалар шындықты хаттағаны үшін мəңгі жасай береді. Ол тарихты шынайы аңыс етті, тарихқа ақиқаттық таныммен хаттау жүргізді. Сыма Чян қол жеткізген тарихи таным - оның дəуіріндегі тарихи ақиқатқа қаратылған танымның ең жоғарғы деңгейі. Сыма Чян қоғам тарихы өзгереді, өзгеру барысында үздіксіз ілгерілейді. Алайда тарихтың барысы мен қағидатын іздеу үшін, мол білім мен көрегендік ғана емес, батылдық пен батырлық та қабағат қажет деп білді. Сыма Чян - бұл білгенін атқарған тарихшы. Гуаңмиң рыбаудың 1999 жылғы 3-мамыр санында Хəн Жаучи ( ) айтқандай: «Тарихи жазбалар» - Қытайдағы адамды кіндіктұс еткен, тұңғыш та ұлы тарихи туынды, сондай-ақ Қытайдағы ерте замандық, адамды кіндіктұс еткен, ұлы да тұңғыш əдеби туынды. Тарих тұрғысынан айтқанда, ол Қытайдың ерте заманғы 2000 жылдан астамғы əулеттерінің дұрыс тарихының бастауын ашты; əдебиет тұрғысынан айтқанда, ол тұңғыш рет түрі бай өнери тəсілді қолданып, алдымызға талай адамдардың жанды келбетін тартты. АҚШ -тың осы заман синологы Андреу Һ. Плакес «Тарихи жазбаларды» Қытай ерте заманының тарихи дастаны, оның Қытай кейінгі заман əдебиетіне ықпалы ертедегі «Иллиада» мен «Одиссеялардың» кейінгі еуропа мəдениетіне ықпалына ұқсас деген болатын. Тілімізге тиектің ең алғышқысы жəне ең сенімдісі саналатын «Тарихи жазбаларға» зер салумен қатар, оның авторына да айрықша назар аударған жөн. Өйткені кез-келген шығарманың затын оның авторы белгілейді. Ал, Сыма Чян -əрі қаракөктің ұрпағы, əрі шыншылдығымен, əділдігімен өзсөзді патшаның қарғысына жолыққан, обалды болған расшыл ғалым. Қазақстандық ғалым Əлімғазы Дəулетхан: Ұлы Ғұн империясының жəй-жапсарын жетік білетін ғұлама тарихшы Сыма Чян шындыққа құрметпен қараудың, ғылымға адалдықтың жарқын үлгісін көрсетіп еді [81] деп өте дұрыс айтқан. Сыма Чян ( ) мөлшермен б. з. б. 145 (не б. з. б. 135) жылы, Зопиңій аймағының Шяяң ( ) ауданына қарасты бір қыстақта (қазіргі Шəнши өлкесінің Хəнчың ауданының Жычуан кентінде), Сыма Тəн (б.з.б жж.) дейтін əйгілі 81 «Хұн-түрік-қазақ тарихын зерттеу мəселелері». Алматы

45 ЕЖЕЛГІ ҰЛЫС ТАРИХЫ тарихшының отбасында туылған. Қайтыс болған жылы белгісіз. Зерттеушілер межесіне сенсек, б.з.б. 87 жылы, 60-қа таяғанда қайтыс болған. Əкесі Сыма Тəн Алты ғылыми мəзһаптың түйіндері cықылды терең ойлы, шебер талдаулы, ізгі ниетке бай еңбектерімен танылып, атақты патша Хəнуди Лю Чының ұйғаруымен патша ордасының тарихшылығына, астана Чаң-анге əкелінеді. Өмірінің соңына шейін (30 жылдай) сол ордада тарихпен шұғылданады. Сыма Чян - Батыс Хəн əулетінің тарихшысы, əдебиетшісі, ойшылы. Он жасынан əкесіне ере астанаға келген ол ғұламаларға шəкірт болып, Қошқарбай жылнамалары ( ) [82], Ескіше тауарих ( ) [83] сықылды көне кітаптарды оқи бастайды. 20 жасынан ел аралап, əр тұстың салт-ғұрпына назар салады, аңызəңгімелерін жияды. Əрине мұның ішінде əр соғыста Хəнге тізе бүгіп, сіңіріп əкету үшін Хəн ауылдарына тарата орналастырылған батыс өңір (сол қатарда Ғұн қағанаты жəне Үйсін ұлысы) бұқарасы мен кезінде ғұндарға тізе бүгіп, сол жақта жылдап жүріп қайтқан Хəн бұқарасының көрген-білгендері де бар. Сыма Чян көп ұзамай лаңжоң ( ) деген мансапқа көтеріліп Хəн патшасы У Дидің қорғаушысы, ергегі ( ) атқосшысы бола жүріп көп жерді шарлайды. Кейде елші де болады. Б.з.б. 108 жылы əкесі Сыма Тəннің (. Б.з.б. 110 жылы қайтыс болған) жұмысына мұрагерлікке тағайындалып, тəй сылиңдыққа ( ) көтеріледі. Патшалық кітапхананы басқарып, астрономия, күнтізбе, шежіре істерімен айналысады. Патша кітапханасындағы əр алуан жылнамаларды оқу орайына ие болады. Осыдан соң «Тарихи жазбаларды» жазуға кіріседі. Артынан Ли Линге [84] ақиқат үшін ара түскендігіне бола зынданға тасталып, ауыр тəн жазасына (əтектелуге яғни піштірілуге) кесіледі. Кейінгі патша оны зынданнан шығарып, жоңшулин ( ) дейтін мəнсапқа тағайындайды. Ол сосын, қайта қайратына мініп, «Тарихижазбаларды» жазуды жалғастырады. Сыма Чян оған 16 жылдық өмірін қиып, зор машақатпен аяғы (б. з. б. 91 жылы) бітірген екен. Егер Сыма чянның шығармасына қайта орала кетсек, өткен ғасырдың алғы жарымында өткен əйгілі жазушы Лушюн «Тарихи жазбалар» алып тарихшының ұйқассыз жазған ақтық жыры деген екен. Бұл расында да Сыма Чян бүкіл өмірін арнаған, дене мен рухи - қос азапты тарта жүріп, қайсарлықпен орындаған кесек жұмыс. Ғалымдар оның талай жерді аралай, сан тұлғамен сұхбаттаса отырып, өте мұқияттылықпен зерделеп, аса шыншыл ұстаныммен жазып шыққанына тəнті. Сыма Чяннан соң өмір сүрген «Хəннаманың» авторы Бан Гу де оны жазғаны əділ де сенімді, жағымпаздықтан аулақ, сұрқиялықты жасырмаған деп қатты мақтаған. Əрине шыншыл Сыма Чянға мəлімет бергендердің бəрі бірдей расшылдар бола беруі де неғайбыл. Ол да есте болуға тиісті. Сондықтан ежелгі тарихи деректерге үңілгенде дерек авторларынан шыншылын іздеу де, ол шыншылдың сөзін електен өткізуді ұмытпау да қабағат қажет-ақ. 82 Гұңяң қытайша фамилиялардың бірі. Мағынасы қошқар. 83 Роужя классиктерінің бірі. Кұңзының баспанасының қабырғасынан табылған. Кей ғалымдар оны жасанды шығарма санайды. 84 Б. з. б. 74 жылы дүниеден өткен. Əйгілі қолбасы Ли Гуаңның немересі. Бір соғыста ғұндарға еріксіз тізе бүккен, артынан Ғұн қағанатының Енесай жақ өлкесін - қырғыздарды ішіне алған бауын басқарып, ұрпағын сол тұсқа таратқан Хəн қолбасысы, асқан мерген. Ғұндарда 20 неше жыл тұрып, сырқаттан қайтыс болады. 45

46 46 БІРІНШІ БӨЛІМ Гуаңмиң рыбаудың 1999 жылғы 3-мамыр санында Хəн Жаучи ( ) айтқандай: «Тарихи жазбалардағы» адамды ең тебірентетін төрт идеяның біріншісі - онда əйгіленген озық ұлттық көзқарас, Сыма Чян Хəн əулетінің маңайдағы мемлекеттерге, төңіректегі ұлттарға шабуылдауын жазған кезде, үнемі оның асқан соғысқұмарлығына қарсы, экспанцияшылдығымен бұлап-талауына қарсы майданда тұрып, əрбір ұлтара теңдікпен тату өмір сүруді тілеп отырды. Дəл осы мағынадан алғанда, Сыма Чянды сол кездегі хəн ұлтының езілген халқы менен маңайдағы аз санды ұлттардың ортақ досы дей аламыз. Шынына келгенде, еуроцентристар жағынан дүние өмір баяндық əдебиетінің атасы саналып келген, ежелгі Гректің тек ежелгі дүние ғана емес, күллі əлемдік əдебиеттің ең бағалы ескерткіштерінің бірі есептелген, «салыстырмалы өмір жолы» атты тарихи, көркем өмірбаяндар кітабының авторы, жазушы, тарихшы Плутарх (б. з ) Сыма Чяннан 177 жыл кейін туылған. Еуроцентристер бұл ақиқатты мойындауы керек. Əбділдабек Ақыштайұлы айтқандай, Қытай тарихындағы саңлақтардың ішінде Сымачянның алатын орны бөлек. Ол - Жұңхуа мəдениетінің ғана емес, дүние мəдениетінің алыптары қатарында да күні бүгінге шекті төтенше құрметке бөленіп отырған адам [85]. 12. ЖАҢ ЧЯН - ӨЗ ЕЛІНЕ АДАЛ ЕЛШІ Тек сенімді жазба дерекке ғана сүйенсек, Тұнияз елінен Батыс Өңірге ең алғаш елші болып келген Жаң Чян ( ). Ол қазіргі Шəнши өлкесінің Чыңгу( ) деген жерінде дүниеге келген. Хəн Уди патшаның 139 жылғы бұйрығымен, Ғұн қағанатына қарсы соғысқа селбесетін серік ел іздеп, қатері мол сапарға шыққан Жаң Чян, көрмегенді көре жүріп (10 неше жыл ғұндарға тұтқын болуда соның ішінде), өлдім-талдым дегенде Ұлы Жүзге (Ұлы Нүкіс, ) жетеді. Алайда елбасы ауысқан, жер жəннатына -Аму мен Сыр алабына кеп, əбден орныққан рахат өмірдегі Ұлы Жүз Хəн əулетінің əскери ынтымаққа шақыруын қабыл алмайды. Жаң Чян сонда да Парфия (Арсак,, бүгінгі Солтүстік Иран), Алан (, Аорс, Абзой), Тази (, Тəжік, бүгінгі Ауған), т. б. елдердің арқыш-сарттарына кезігіп талайды ұғады. Шалғай батыста Рим империясының ( яғни ) барлығын да, таяу тұста Үйсін деген күшті ел барын да біліп қайтады. Толысқан шағында елінен аттанған Жаң Чян өз жұртына, б.з.б. 126 жылы, самайын ақ шалған, белі бүкірейген күйде оралады əмбе иесіне айтарын Пақырыңыз Ұлы иесінің əмірі бойынша Жүзге елшілікке аттанып, 13 жыл батыстың түмендеген шақырымдық жолын басып, не 85 «Шынжаң қоғамдық ғылымы» «Ұлы тұлға, өшпес есім».

47 ЕЖЕЛГІ ҰЛЫС ТАРИХЫ не тар жол тайғақ кешулерден өтіп келсе де, 100 неше серігінен біреуін ғана ертіп құр қол оралып тұр деп бастайды. Патша сонда да оның лауазымын көтереді. Б.з.б. 119 жылы сардар (шербасы) Уей Чиңге еріп Ғұнға қарсы соғысқа қатысқан ол, Хəн əулетінің қазіргі күйімен ғұндарды жеңе алмасын көзімен көргесін, Хəн Удиге Үйсін елімен əскери одақ құруды ұсынады. Оған мақұл болған патша оны 300 -ден аса адаммен, талай тарту-таралғымен елші етіп Үйсінге аттандырады. Ол хəн əулетінің Үйсінмен байланысын орнатқан ең алғашқы дипломат қана болып қалмай, орынбасар елшілерін Үйсін маңындағы өзге (Ферғана, Қаңлы, Бактрия, Ұлы Жүз, Алан, т. б. ) елдерге де жіберіп ап қайтады. Өз еліне асқан адалдығы, жүктелген іске керемет табандылығы, жапа-машақатқа төзімділігі сияқты жақтарынан ол бүгінгі талай елдің талай мəмілегерлеріне үлгі-ақ. Ол патшалық жағынан еліне сіңірген еңбегі үшін марапатталып, бақауыл ( ) мəнсабына, мəртебелі бек( ) атақтарына иегер болады. Бірақ Хəн Уди сыртқы істерге жауапты уəзірлікке ( ) көтерген жылдың артынан, жыл аттамай (б. з. б. 114 жылы) қайтыс болыпты. Меніңше Сыма Чянның батыс өңір елдері туралы мəлімет қайнары осы Жаң Чян мен Жаң Чян сықылдылар болған. Сыма Чян мен Бан Гу бұл туралы Жаң Чян қажырлы, кең пейіл, инабатты адам еді. Осы қасиетімен ол жаттарға да жақты. Таң-ій Гəнфу [86] əсілі ғұн болатын. Ол құралайды көзден атқан мергендігімен аңқұс атып Жаң Чянды азықпен қамдайды. Алғашқы жолы, Жаң Чян расында да жүз неше адаммен жолға шыққан екен. 13 жылдан соң екі-ақ адам (Соның бірі осы Гəнфу. - С. Ж. ) аман оралады деген ыстық ықыласты лебіз қалдырыпты. Жеан-Пиерре Дреге айтқандай, Жаң Чянның Елші болып екінші рет шыққанда да жолы болмайды. Үйсіндер Хəн əулетімен одақтасуға көнбей, ондаған жылқы тарту етіп қала береді. Бірақ Жаң Чян екі жолда да дипломатиялық борышын атқара алмағанымен, оның екі реткі елшілік сапары Қытайдың сыртқы істеріне жəне шетпен саудасына жол ашты [87]. Біз Жаң Чянға ата-бабамыз туралы деректер қалуына себепкер болғандығы үшін құрметпен қарауға, өз елі мен ұлты үшін шексіз берілген, ол тапсырған келелі іске асқан жауапкершілікпен қараған, өлімші етер жапамен жүрсе де міндетін жанкештілікпен атқарған, ешкімге де сатылмаған асқақ рухынан үйренуге тиіспіз Жаң Чянның 100 серігінен аман оралған жалғыздың аты

48 48 БІРІНШІ БӨЛІМ

49 ЕЖЕЛГІ ҰЛЫС ТАРИХЫ 49 ЕКІНШІ БӨЛІМ ҮЙСІННІҢ ТЕГІ МЕН ОҒАН ТЕКТЕСТЕР

50 50 ЕКІНШІ БӨЛІМ 1. ҰЛЫ ДАЛАЛЫҚ САҚТАР - ҚАДЫМ ЗАМАНҒЫ ЭФИОПИЯЛЫҚТАРДЫҢ БІР БҰТАРЫ Жуыққа шейін адамзаттың төркіні туралы пікір екі ұдай-ды. «Кіріссөзде» қысқа қайырып айтқанымыздай, бертінде, əр құрлықта жасаған адамзат топтарының тері мен шашының реңіне, тұлғасы мен сүйек пішініндегі алуандыққа қарап, осызаман адамзаты əр құрлықтағы ертедегі адам тəрізділерден өз жерінде, өз бетінше дамып жетілген, олардың бəрінің де бүгінгі адамзаттың гендік қорына үлесі бар - қысқасы бүгінгі адамзат топтарының тегі бір емес дейтін көзқарастың беті қайтты. Өткен ғасырдың 70 жылдарынан басталған Һауа болжалы 1980 жылдардағы əр құрлық адамдарының DNA-сына жүргізілген зерделеулер арқылы күшейді. Талай археологтардың, генетиктердің, молекулалық биологтардың зерттеулері арқылы расталды. Сонымен жуықта, Комбриж университетінің генетика факультетіндегі антрополог, профессор Франсис Барокс ( ) сияқты ғалымдар, африкалықтардың өзге құрлықтағыларға қарағанда гендік жағынан өте көптүрлілігіне жəне өзге құрлықтағылардың Эфиопиядан алыстаған сайын ол көп түрліліктен арыла түсетініне қарай отырып, зерттеу қорытындыларын: Адамзаттың этногенезі жайлы талас толастады, - дей келе, - Осы заман адамзатының тұқияны Африкадан келген, сосын жаһанды иелеген дейтін фактіге күмандану қиын деп тұжырды. Барокстардың пікірінше, мөлшермен мың жылдың алдында солтүстікшығыс африкалықтардың (Эфиопиялықтардың) дене бітімі осы замандық адамдар деңгейіне толық жеткен. Сосын тез өсіп-өнген олардың көбі, өз жұртынан əлемге аттанып, əр тұстағы алғашқы жерліктердің (олар белгісіз себептен не осы ата-бабаларымыздың қолынан құрыған сықылды) орнын басып, дүниені иелеуге кіріскен. Бұдан 10 мың жыл бұрын бұл зор көлемді жабал көшке айналған. Қызыл теңіз бен Араб түбегі арқылы Иран үстіртіне жеткенде адамзат өркениеті тағы да дами түскен. Əрине көш жолында қоныстап қалып отырғандар да аз болмаған. Шаңхайда, 12 жылдың алдында (1998 жылы) өткен Жұңхуа ұлты генетикалық тобының құрылымы мен функциясы жайлы жиында шығарылған қорытынды - Қытайдың оңтүстігі мен солтүстігіндегі адамдар тобында генетикалық айырмашылық расында да бар, алайда мұндағы генетикалық байланыс күрделілеу. Бүгінгі Азияның генетикалық қоры негізінен Африкалық этногенезге ие қазіргідей адамдардан бастау алған. Бұл һомо еректустан (түрегелген адамнан) кроманьондарға (қазіргі адамға) үздіксіз эволюциялану барысы шығыс Азияда болған деген тұспалды аударып тастады [88] делініпті. Демек, бүгінгі ғылыми зерттеулердің нəтижесі арғы замандағы Ұлы Даладағы қалың тайпалардың арғы аталарының өңшең Африкадан көшіп келген саф қара нəсілділер екенінде дау жоқ деп отыр. Олар бертін келе ішіп-жем мен сыртқы ортаның ықпалынан өңшең саф ақ нəсілдіге өзгерген. Бұл олар үшін екінші кезең есепті еді. Үйсіндердің тегі - ең алдымен осы ақтар. Ал, ата-бабаларымыздың үшінші кезеңі - ақ пен сарының араласпасына(метистенуіне) өзгеруі бертінде басталған. 88 «Гуаңмиң газеті»

51 ЕЖЕЛГІ ҰЛЫС ТАРИХЫ Сонымен, адамзат дүниеге келуден бұрын жер шары бар болғаны сықылды, «Кіріссөзде» аңдатқанымыздай, шығыстың Сыма Чяны мен батыстың Гередоты Ұлы Далалықтарды білуден бұрын, бұл Ұлы Дала тұрғындарға толы болатын жəне олар едəуір биік өрелі өркениетке ие еді. Əрине ғасырлардың Ұлы Дала тұрғындарына əкелген өзгерісі көп. Бірақ ғалымдар ондағы əшкере де жиі өзгерісті үстем жіктегі ауысулар, ал бейайқын да баяу құбылуды эволюция деп біледі. Билік (үстем жіктік) өзгерістерге ереорда шаңырақтарының аты да өзгеріп отырған. Бірақ ол шаңырақ астындағы тұрғындардың заты оншама тез құбылмаған. Тек демографиялық ауыс-түйістермен табиғаттық ықпалдар салдарынан тұрғындардың бет бейнесінде жоғарыда айтылғандай эволюциялық баяу өзгерістер ғана туыла берген. Ежелгі Үйсіндердің ұрпағы да, əлбетте, сол баяу өзгеріспен бүгінге жеткен. Бұл ұзақ тарихта сан көшулер де болғаны рас. Кеткендер де, келгендер де болды. Алайда кеткендер түбінен қопарыла, ұрық қалтырмай жоғалған емес. Жылқы аунаған жерде де түк қалады. Ол қалған ұрық та өнеді, өседі. Қытайдың ШҰАР Қоғамдық ғылымдар академиясы тарих институтындағы Тян Уейжяң ( ) ұлттардың тегі мен қалыптасуы жөнінде, ең əуелі методикалық жақтан бірлікке келіп алуды дəріптей келе, былай дейді: Ұлттардың тегі мен қалыптасуы - шым-шытырық күрделі мəселе жəне сан құбылған кинетикалық процес... Бұрын бұл мəселеге бейстандарттық немесе ғылыми қамтымы кем тəсілдерді қолданып, тарих, тіл, тіпті əдебиет сықылды тек бір ілім аумағымен ғана кəсіби ізденіс жасау кезікті. Нəтижеде ол, ішінара жақтарынан кей жетістікке немесе тармақтық мəселеге қаратылған жауапқа қол жеткізгенімен, мəселенің тұтастай шешілуін ілгерілетуге көмектесе, өзгені иландырарлық ғылыми салдарды шығара алмады... Біз ұлттардың төркіні мен қалыптасу процесінің өте күрделі, көп тамырлы екенін, оны зерделеу іс жүзінде көлемі ұлан-қайыр универсал жүйелік инженерия екенін мойындауға тиіспіз. Сондықтан төркін мен қалыптасу мəселелерін тек универсал ғылыми зерттеутəсілімен ғана жүргізген дұрыс. Бұған байланысты ілім өңірі мен зерделеу өрісінің өте кең болуға тиістілігі табиғи. Ірі теориялық қаңқа кем болса əрине болмайды, бірақ кейде бірер ұсақ мəселені шешу бүкіл тұлғалық нəтижені жарық еткізе алуы да ықтимал. Сондықтан микролық зерттеуге де баса мəнберу қажет. Бұл арада, бұрынғы дəуірді үзбелеп зерттейтін тарихи əдістемені қолдана беруге болмайды, ал тек қана лингвистикалық əдістемеге арқа сүйеудіңде олқылықтары бар. Лингвистикалық деректерді ұлт төркінін іздеуге істеткенде сақ болған жөн. Тіл - ұлт қалыптасуындағы басты шарт. Тілдің ұлттың өмір сүруімен өзара арқа сүйейтін тығыз байланысы бар. Ұлттың толып жатқан белгілері іс жүзінде тіл арқылы білдіріледі, аңыс етіледі. Алайда тіл мен ұлт парықты. Олардың əрбірінің өз ерекшелігі мен даму заңдылығы бар. Бұл екеуі бірге пайда болмаған ғана емес, даму процесі де адымдас емес. Тілі ортақ заты бөлек 51

52 52 ЕКІНШІ БӨЛІМ ұлттар да бар, бір ұлт тұрып əр тілде сөйлейтіндер де бар. Сондықтан мұны зерттеп қузағанда əдебиет (материал), антропология, археология, дінтану, этнография, т. б. көп ілми теориялық əдістемеге жəне көп ілімнің қатысты нəтижелеріне сүйенген жөн. Нəсіл немесе тұқым - іс жүзінде адамдарды дене ерекшелігіне қарай айыратын биологиялық классификация. Ұлт - тарихи қалыптасқан тілдік мəдениет, экономикалық ерекшелік жəне тұрмыс-салт белгілерімен құралған ортақ тұлға, түп мəнінен алған социологиялық классификация [89] дейді (мына сурет жылдың 20-қыркүйегінде Эфиопиядан табылған, 3 миллион 300 мың жылдың алдындағы, тастанған, ежелгі адамның бас сүйегі). 2. ҮЙСІНДЕР - ҰЛЫ ДАЛАЛЫҚ САҚТАРДЫҢ БІР ТОБЫ (1) САҚТАР САН ТАЙПА БОЛАТЫН Ұлы Дала кіндігіндегі қазiргi Қазақ Даласын ежелгi адамзат (іс жүзінде əлгі адам тəрізділер) бұдан 1 миллиондай жыл бұрын мекендеген. Мұны Қаратау, Маңғыстау өңiрлерiнен табылған дүниелер дəлелдейдi. Ал, ертепалеолиттiк (содан б. з. б мыңжылдықтарға дейiнгі) ескерткiштер Тəңіртау, Қаратау, Сарыарқа, Мұғалжар, Маңғыстау, Ертiс,.. алабынан табылып отыр. Бірақ қазіргі ғылым жетістіктері бойынша оларды ата-бабамыз санауға келіңкіремейді. Бізге ата-баба саналатындар өмір сүрген кезеңге мысалы ортапалеолитке (мустье) жататын (содан б. з. б мыңжылдықтарға дейiнгі, қазіргідей адамдарға тəн) ескерткiштер де бұл өңiрлерде көп. Кейiнгi палеолит(одан б. з. б мыңжылдықтарға дейiнгі) дəуiрiнде адамзат бұл өңірдiң барша аймақтарына тараған. Африкалықтардың көшінен Ұлы Даланы келіп жайлағандардың бізге аты келіп жеткендерінің ең алғашқысы - еуразиялық сақтар. Сақ (Скиф) - Ұлы Даладағы туыстас тайпалардың ортақ аты. Сақтар - ерте темір дəуірінде Ұлы Даланы мекендеген тайпаларға байланысты жалпылама атау. Бұл атауды бізге жеткізген ең көне жазба деректер кемінде үшеу: 1. Б. з. б. І- ғасыр басында тамамдалған «Тарихи жазбалар» мен одан сəл кейінгі «Хəннама» сықылды хəн жылнамалары. 2. Грек авторларынан Геродот (б. з. б. -ғасыр), Ксенофонт, Птоломей (б. з. б. ғасыр) сияқтылардың жазба деректері. 3. Көне парсы кезінен қалған Бехистон сына жазулары. Ұлы Даланы кіндік еткен өңірдің сақтарын əркім өзінше атапты. Гректер Ескитай (, Scythians, Σκύθαι), Ескутəй (, Skutai, Skuthoi десе, ертедегі парсылар мен үнділер сактар (Saka, ) деп хаттапты. Қытайдың жылнамаларында Сақ (Сай, Сəйжоң - - Сек немесе,,,, ) депті. Көне парсы деректері сақтардың үш үлкен тобы барлығын айтқан. Бұл үш үлкен топ ғылымда кең қолданылып келеді: 1. Хаума варга (Хаммоварга, хаома ішімдігін пайдаланатын) сақтар. 2. Тигра хауда (шошақ бөрікті), геродотша ортокарбион сақтар. 3. Тяй - парадрая (теңіз артындағы) сақтар.

53 ЕЖЕЛГІ ҰЛЫС ТАРИХЫ Орта Азия мен соның маңында өмір сүргендерді байқаған Ертедегі Грек тарихшылары сақтардың массагет, яксарт, абий, дай, корат, комар, аскатаг, исседон, асси, аримасеп, сармат, каспи, т. б. толып жатқан тайпаларын хаттаған екен [90]. Бұл деректі беріп отырған кітапта бұл тайпалардың атам заманнан бері қазақ тайпалары тіршілік еткен - Арал, Сыр, Талас, Қаратау, Келес, Шыршық, Андрон, Тəңіртау, Шу, Іле, Тарбағатай, Алтай, Жем жəне Каспийдің айналасы сықылды сулы-таулы жерлерде өмір сүргенін нақтап жазыпты. Əрине ол тарихшылардың аяғы жетпеген жер де, байқамаған, естісе де хатқа түспеген тайпалар да толып жатыр. Əйтеуір, Б.з.б. І- мың жылдықтың денінде, Қара теңіздің солтүстігі мен Қазақ даласында Скитай (Скит, ) немесе Сақ ( ) атты күшті көшпелі тайпалар одағы жатты. Скитайлардың шығысында тағы бір көшпенді массагет (, Massagetae) дейтін ұлт болды. Массагеттер мен скитайлардың жуықтығы бар. Бірақ айырмашылығы да өте анық. Оларды скитайларға ұқсамайтын өзге бір ұлт деуге болады... Массагеттерді Ұлы жүздермен теңестірудің шабыт берер жағы бар. Massa - арий диалектінше үлкен (ең дұрысы Шадыман Ахметұлының талдауы - Мас деген ертегі түрікше Бас. - С.Ж. ) деген сөз. Getae дегенді Нүкіске (Жүзге) телуге болады [91]. Б.з.б. -ғасырдың соңын ала бір зор аласапырандылық болған екен. Сонда Исседон (, Issedone - тохарлар мен арийлердің араласпасы деу бар), Искитай, Циммериян (, Cimmerian), Аримаспи (, Arimaspea Геродотша айтқанда жалғыз көзділер, түрік аңыздарындағы төбегөздер, «Жоу Мууаңның ғұмырнамасы» делінетін қытайша кітапта айтылатын ) тайпалары бірін бірі қуып, ығыстырып, недəуір зор ұлттар көшін тудырған. (Жоғарыдағы сурет http: //imgsrc. baidu. com/baike/торсайтынан алынған парсы қабырға суретіндегі шошақ бөрікті сақтар). Бұл кезең туралы Жақып Мырзахановтың мына баянының да қисыны бар. Ол: Сақтар жөніндегі Геродоттың «Тарих» атты, Мырнандырдың «Грек тарихының фрагменттері» атты шығармаларындағы деректерге сай жəне Қытайдың «Жоу патшалығы тарихы» мен «Таң патшалығы тарихындағы» түріктердің ата-бабасы туралы аңыздарға сай, қазір еліміздегі жəне шетелдердегі көптеген зерттеушілер б.з.б. - ғасырларда көркейіп-гүлденген сақ тайпаларының бір бөлегі б.з.б. ғасырындағы Иран патшасы Даридың, ғасырындағы Грек патшасы Александр Македонскидің (Ескендір Зұлқарнайдың) шапқыншылықтары салдарынан, б.з.б. - ғасырларында батыстан шығысқа көшкен деп қарайды. Б.з.б. -ғасырда сақтар шығыста Хəнзулардың шекарасына дейін барған. Батыстан шығысқа ауған сақтардың тиграхауда (шошақ бөрікті) сақтар екені, олардың аты кейін еліміздің тарихи жазбаларына худат (, Хоуже,. - С. Ж. ) деген дыбыстық аударумен түскені туралы жорамалдың өзіндік ғылыми құны бар деп қарауға болады. Өйткені хəнзу дыбыстауымен жазылғанда тигра қалып, хауда ғана бет 91.

54 54 ЕКІНШІ БӨЛІМ алынып, қысқартылып жазылған болуы əбден мүмкін. Көптеген зерттеушілер хоже (,, худат) ертедегі қыпшақтардың аты деп қарайды. Ендеше жүздер мен сақтар осы хуже ұрпақтары болады. Худат əсіліндегі тиграхауда сақтары делінсе, онда олардың бұрынғы мекендері қазіргі қазақ даласындағы үйсін, қаңлы, аландардың ( ) ежелгі жұрты болып шығады, яғни олар гректер массагеттер, ирандықтар сақтар деп атаған халықтардың тіке ұрпағы. Анығырақ айтқанда, олар - б.з.б. - ғасырларда Каспий теңізі мен Арал теңізі өңірінде жасаған сақтардың ұрпағы [ 92]. Жақыптың бұл талдауын «Солтүстік əулеттер тарихы. 99-бума. 87-баян. Түрік, Батыс Түрік, Телек» дегендегі: Түріктің арғы аталары Батыс теңіздің ( ) [93] оң жағын мекендеп, өз алдына ұлыс құрған. Олар ғұндардың бір тармағы болса керек. Тегі - Ашына. делінуі мен Лин Ганның Шюе Зұңжың ( ). мақаласында Түріктің ұйтқы тегі - Ашинаның арғы төркіні Каспийлік Сақ [94]. Шығыстағы Шөл солтүстігіне ауғасынғы Хуже (Хагат, Қыпшақ, ), Худы(Қыпшақ, ). Алтайға келгесін Түрік (Тужюе, ) атана бастады. Алтайда телылер (бұлар да түріктер. - С. Ж. ) көп болатын. Ашиналар қалың Телы этносының ішіне кіргесін, көп ұзамай бір-ақ телілесіп кетті деп жазады. Демек, б. з. - ғасырларындағы. Түрік қағанаты - іс жүзінде телілескен (түріктенген, демек өзіне қандас, тілдес өзге диалекттегі тайпаларына бірігіп ұлыланған - С. Ж. ) сақтар құрған мемлекет [95] деуі тіптен мықтай түседі. Демек, үйсіндер - гректер массагеттер, ирандықтар сақтар деп атаған шошақ бөрікті сақтардың тіке ұрпағы. Бұл арада мынаны ескертуім артық бола қоймас. Бұл ежелгі дерек көздерін хаттаушылардың (мейлі Сыма Чян бол, мейлі Геродот бол, мейлі басқабол) əркімі өзі тұрған елге таяу өңірдің немесе өз аяғы жеткен тұстың дерегін жиған жəне оған құлағы шалғаннан сенгенін қыстырған. Бұларды ғылыми ой елегінен өткізіп, тарихи шындыққа таяу күйге апарып, қисынды құрау - бүгінгілердің міндеті. Солдағы картадағы - сақтардың тайпалары мен жайласу ахуалы. Жасыл да: жоғарыда Орал тайпалары. Оңда жүздер. Астыда Үнді хандығы, арабтар, Рим империясы. Сарғышта: кесек жазу - скитайлар (сақтар). Сол жақтағы сарматтар. Оң жақтағы түрік тайпалары. Астыдағы хорезмдықтар, соғдылар, бактриялықтар, үнді сақтары. Қызылда Парфия (Арсак). оң жақтағы картада Ұлы Дала батысына ығысқан сақтардың б. з. б. - ғасырлардағы батысқа ауу маршруты. 92 «Қазақ халқы жəне оның салт-санасы». Шынжаң халық баспасы беттер. 93 Нақты орны белгісіз. Кей əдебиеттерде Қара теңіз делінген. Бұл арадағы қисынға қарағанда мүмкін Каспий шығар. 94 Демек түріктер, сақпен ғана емес, оның аландарымен де туыстас болып шығады. 95. « »( )

55 ЕЖЕЛГІ ҰЛЫС ТАРИХЫ Əрине бұл сақтардың сан тайпа екені белгілі. Доктор Зардыхан Қинаятұлы айтқандай, Сонау моңғол құмынан бастап Қара теңізге дейінгі аралықта біркелкі түрік, не біркелкі үнді-еуропалық елдер болды деген тарихи шындыққа сай келмейді. Алып далада əртүрлі көшпелі халықтар мекен етті [96]. Сол тайпалардан бүгінгі алуан ұлт өсіп-өнген деу қисынды да, бүгінгі ҰлыДала жұртының тегін осы сақтардан өзгеден іздеу қисынсыз. Егер http: //imgsrc. baidu. com/baike/ дегі мəліметке зер салсақ, онда оның ана картасының сақтарға берген орны өте тар, түрік тілді сақтарға арнағаны одан да тар екенін байқайсыз. Іс жүзінде еуразиялық сақтар шығыстағы Татар бұғазынан батыстағы Қара теңізге шейінгі өңірді бірақ жайлаған. Бұл сайтта: Гередоттың «Тарих» дейтін кітабында, Сақтар бір түрлі биік бөрік киеді. Бөріктері əрі тік, əрі қатты. Төбежағы үшкір. Олар шалбар да киеді. Өз елінде жасалған садағын, жебесін ала жүреді. Бұдан сырт өздері сақа арыс деп атайтын айбалталары да болады деп жазылыпты. Сақтар, кейін келе əлсіреп, толып жатқан тайпаларға бөлініп кетті. Б.з. - ғасырларында ұлттық ұлы мұһажират (ауу) кезінде ғұндарға ілесіп еуропаға кеткен аландардың бір бөлігі де - солар. Кең мағынадағы сақтар Орта Азияда, Батыс Сібірде һəм Алтай аясында көшпей қалған тайпаларды да қамтиды. Бұлардың мəдениеті, өнері жəне тұрмыс салты Оңтүстік Ресей мен Иран сақтарына өте ұқсас. Сақтардың тұлғасы биік те шымыр, көк көзді, тұмсықты, сақалды келеді. Нəсіл жағынан сарматтарға, массагеттерге таяу. Тілі, əлеуметтік тұрмысы, мəдени дəстүрі де негізінен ұқсас делінген. Зардыхан Қинаятұлы: Біз сақ мемлекетін шығыс сақтармен, шығыс массагеттері, тиграхауда, каспий сақтары, хаммобарга сақтары, аргиппейлер сияқты қазіргі өз даламызда өмір сүрген сақтарды бүгінгі қазақ мемлекеттігімен тікелей байланыстырып қараймыз деп өте дұрыс айтады. Тарихшы Су Бейхай Кеңестер Одағының Осипов дейтін ғалымының Б. з. б. 140 жылы Скитай тайпасы Жұңгоның батыс бөлігінен келген, Жұңго тарихнамалары Йөжы деп атайтын өзге Скитай тайпасы жағынан қуылып, Амудəриясы бойындағы жайылымынан айрылып Бактрияға таяды дегенін ауызға алады («Батыс Өңірдің тарихи географиясы». 20-бет). Демек сақтар, скитайлар, скифтер деген - шығыстағы Жүз сықылды талай тайпаны да қамтыған, Ұлы Даладағылардың ортақ аты. «Тайланд мемлекетінің тарихи деректеріне қарасақ, скифтер-сақтар Тайландқа дейін барған» дейді профессор Еренғайып Сəліпұлы Омаров («Қазақ өркениеті». Бейжін. Ұлттар баспасы бет). Демек, сақтардың (скитайлардың) тараған аймағы өте кең. Кей əдебиеттер бұларды: Нəсілдік жағынан бір болғанымен, ұқсамаған аймақтағы аты да əркелкі. Тарихшылар əдетте батыстағы сақтарды скитайлар деседі. Каспийдің солтүстік-батысындағыларды сарматтар, солтүстік-шығысындағыларды аорсылар (aбзой лар, кейінірек аландар) деп атады. Енді оңтүстік-шығыстағыларын Аралдан Іленің 96 «Жалын» бет. 55

56 56 ЕКІНШІ БӨЛІМ аяғына шейінгілерді сақтар, массагеттер десті деп те жазады. (Жоғарыдағы сурет Күшардағы будда қабырға суреті ( ғасыр) Сол жақтағы ердің көккөз, жирен сақал, тұмсықты екеніне назар аударыңыз.) Жақып Мырзаханов айтқандай, Бехистон жазбасында суреттелген шошақ бөрік киетін сақтар мекендеген өңірдің орталығы қазіргі Жетісу алқабы еді. Шошақ бөрікті сақтардың бір бөлігі бастабында Батыс теңіздің батысын мекендеген [97]. Əрине мұндағы əр үлкен топтың өзі де сан тайпа болуға тиісті. Соның ішіндегі Шошақ бөрікті (жоғарыдағы Гередот айтқан) сақтар Орқон өзенінен тартып Алтайдан Сырға дейінгі өңірді мекендепті. Талай ғалымдар бұларды сақтардың түрік тайпасына (turkic tribes) жатқызады. Іс жүзінде оларды Байқалдан Сырға шейінгі өңірді қоныстанған деу жөн. Өйткені кейінгі тарихи шындық (мысалы бүкіл Моңғолия даласын алып жатқан түрік тілді тас бітіктер мен талай жылнамалардағы деректер) соны құптайды. Бұл өңір Үйсін ұлысына қараған аумақты да қамтыған. Өзге сақтардан аргиппейлер менисседондар Сарыарқадан Еділге қарайғы өңірді, аримаспылар шығыс жақты, сарматтар Кавказдың солтүстігін мекендеген көрінеді. Үндіеуропа сақтары қазіргі Пəкістан мен Ауған жақта тұрыпты. Бұларды кейін оңжақта көрсетілген картадан таба алмайсыз. Ол картада Сарыөзеннің (Хуаңхының) аяғына шейін ат ізін салған тохарлар тіпті жоқ. Орта Азия тарихының білгірі Уаң Жылай ( ): Ол кезде Қазақстанға таралған тайпалар сақтар қауымының солтүстіктегі тобы еді. Олар түрік тілінде сөйлесетін... Алтай районы - түрік ұлтының атамекені [98] дейді. Ұлы Даладағы бүгінгі түріктердің ата-бабаларын қамтыған бұл сақтар, Ұлы Даладағылар түгіл, одан аулақтағы талай халықпен де мейлінше араласқан. Бұл сөзімізге де мысал ала кетейік. Саны бүгінгі хəндерден (Қытайдағы басты ұлттан) қалыспайтын үнділер де сан этностан құралған. Мысалы, ол жердің аборигендері (ең ежелгі тұрғындары. - С. Ж. ) саналатын, тектестері сонау Спания, Морокко сықылды елдерде де жүрген негриттерден (, Negrito), бүгінгі австралия аборигендеріне ұқсайтын алғашқы австралиялықтардан (, ProtoAustaloid деп те аталып жүр), жерортатеңіздік кавказдықтар аталған медиттерандардан ( немесе Жерорта теңіз кавказдықтары, мediterranean), үнділік арийлардан (, Ариандардан), моңғолоидтардан (, Mongoloid), т. б. дан құралған. Б. з. б. І-ғасырдың басында, Ұлы Даланың оңтүстік жағындағы сақтар Парфияның (Арсак) қысымынан Үнді дариясының құярына басып кіріп, біртіндеп күшейеді де, бүкіл батыс Үндіні иелейді. Кейін əлде неше ұлысқа бөлініп кетіп, ұлысбасыларын кісатрапа ( ) десетін болады. Артынан бұларды Кушан империясы бағындырды жылы соңғы Сақ 97 «Қазақ халқы жəне оның салт-санасы». 83-бет. 98 «Оттұра Асия тарихы». 1-том. Ұйғырша. 31-бет.

57 ЕЖЕЛГІ ҰЛЫС ТАРИХЫ билеушісі мерт болады. Сақтар үстемдігінің Үндінің ертедегі тарихына едəуір ықпалы бар [99]. 2. Түрік тілді халықтар түгіл, өздерін ұлудан (айдаһардан) тарағанбыз дейтін, бүгінде мүлде моңғолоидтарға жататын хəн ұлты ғалымдары да түп-тұқиянымыз хауашя ( ) этносы тап-таза ақ нəсілді екен ( ) дейтін көзқарасты дəлелдеп шығыпты [100]. Ланжоу университеті тіршіліктану институтының профессоры Шие Шяудұң ( ) DNA лық зерттеулерге сүйене отырып, Саф нəсілді хəн ұлты жоқ болып шықты. Тағы бір қызықты жері, Қытайлықтар əдетте өздерін Ян мен Хуаң екеуінің ұрпағымыз ( ) деседі. Бірақ зерттеулерге қарағанда, Хуаң(Хуаңди, ) бүгінгі Гансу өлкесінің Тяншуйы ( ) маңынан, Ян (Янди, ) Шəншидің ( ) Сары топырақты үстіртінен ( ) шыққан. Бұл өңірдің бəрі Тұниязыға (, Қытай, Орта Жазыққа) жатпайды. Бұл жерлер ежелден Солтүстік дилер (тиектер) мекені делініп келген ( ). Сондықтан хəн ұлты деген - тек белгілі бір кезеңдегі аумақтық бөлу ғана. Бұл ұлт айрықша анықтамаға ие емес. Əншейін маңайдағылардан парықтау үшін ғана тұрғызылған ұғым дейді. Жөн сөз. Бірден, бұл ұлт та - қырық темірдің қылауы. Екіншіден, хəн деген ат оған Хəн əулетінде болғаны үшін ғана тағылған. Үшіншіден, Хəн əулетінің аты оны құрған Лю Баңның тек Хəнжұң ( ) аумағын билегені үшін ғана қойылған. Бұл Лю Баңның не ата -тегі, не тайпасы емес. Сондықтан хəндердің түп-тұқиянымыз хауашя ( ) этносы тап-таза ақ нəсілді екен дейтін көзқарасына да сенуге əбден болады. Б. з. б. - ғасырларда сақтар Хуаңхының солтүстігіне шейін барған жəне оларды Қытайдың жылнамалары кейде юншиң нұмдары ( - Үйсіннің нұмдары) деп те хаттаған [101]. Өйткені олар үйсіндерге қандас жұрт бопты. Бəлкім жоғарыдағы картада тұрған түркі тайпаларының шығыстағы бірі шығар. Сақ тайпалары мен Ортажазық ұлысында ара байланыс та, тіпті қақтығыс та ерте басталған. Мысалы, Өзен (Хуаңхы дариясын айтып тұр. - С. Ж.) батысындағы ( ) көшпенді тайпалардың сұғанақтығын түбегейлі жою үшін, б.з.б. 623 жылы Нұм ханына ( ) əскери соққы беріліп, көшпенділердің толып жатқан жері тартып алынды. Мұның арты жеңілген бұл тайпалардың Ұлы Даладағы солтүстік пен батысқа көшуіне барып соқты. Бұлардың ішінде Юншиң Нұм, Бактрия, Нүкіс, Сака ( ), т. б. тайпалар бар-ды. Б. з. б. ғасырдың соңында бұл тайпалар Іле, Шу өзендерінің өңірінен көрінетін болды [102] делінген дерек бар. Одан сырт Хəн жылнамаларында (мысалы «Ижиң» - деген кітапта) батыстағы Гуйфаң ( ) дейтін бір ұлтпен жыл он екі ай соғысқанының естелігі тұр. Ғалымдар «Жаңа таңнама. Батыс өңір баяны» сықылды кітаптар мен хəн тіл-жазуындағы ежелгі ерекшеліктерге негізделе отырып оны тохарлармен байланыстырады. Неміс ғалымы Маркод ( ) сықылдылар Тохар ( ) деген Бактрия (Дашя, ) [103] деп жүр. Мұны қолдайтындар да барған сайын көбеюде. Ғəйрат Абдырахман Торсайт http: //wxy. jnu. edu. cn/bks/ ке қараңыз. 100 http: //www. gznf. net/ сайтына қараңыз бет. 102 Торсайт //www. htb. com. cn/ мен //imgsrc. baidu. com/baike/ ден алынды. 103 Да ( )-ның оқылуы Тоға таяу, ал Шя ( ) кейде (тіпті бүгінгі диалектілерде де )

58 58 ЕКІНШІ БӨЛІМ да: Тохар деген Грек географтарының Ұлы жүзге қойған аты. Іс жүзінде Ұлы жүз - Тохар жүйесіндегі ұлттардың ең тебінділерінің бірі ғана... Тəйшя ( ) мен ежелгі Грек қаламгерлері көтерген, Орта Азияның шығысындағы дала тайпасы Тохар ( ) дегендер оқылым жағынан таяу болғандықтан, зерттермендердің бəрі Алғы Чин жазбаларындағы Дашя ( )дегенді Таң əулеті жазбаларындағы Тохар деп біледі [104] дейді. Əйгілі тарихшы Шюй Жұңшу ( ) Дашя (Бактрия) деген - Шя ( ) ұлты деп біледі. Ендеше бұлардың пікірінше, Дашя (Тохар) - Даюй ( ) [105] құрған Шя əулеті ( ) болып шықпай ма. Олар жəне бір соғыста күйрей жеңілген шялар Ұлы жүздермен (ұлы нүкістермен) бірге батысқа ауып кеткен деседі. Осы айтылғандардан сіз мыналарды да аңғарасыз: 1. Орта Жазықтағы жан санының артуы оны ірге кеңейтуге ерте итерген. 2. Сақ тайпаларының бір бөлігінің (мысалы жоғарыда аталған Юншиң Нұм, Бактрия, Нүкіс, Сака, т. б. лардың) шығыстағы етегі сонау Хуаңхының солтүстігіне дейін барғаны рас. 3. Хуаңхы өзенінің оңтүстігіндегі хандықтардың (көбі сары нəсілді болуға тиісті) күшеюі салдарынан, бұл сақ тайпаларының бір бөлігі оларға бағынып, сіңіп кеткен, болашақ хəн ұлтын құрауға қатысқан. Енді бір бөлігі еріксіз солтүстікке не батысқа ауған. Болашақ Ғұн қағанатындағыларға келіп қосылған. 4. Қытай тарихындағы тұңғыш құлдық мемлекетті, яғни Шя əулетін құрған Чи ( ) деген адам. Оның əкесі - Даюй (хəн жылнамаларындағы,, ). Даюйдың əсілі аты - Уынмиң ( ), тегі яғни фамилиясы Сы ( ). Əсілінде Шяху - [106] тайпасының көсемі екен. Парасаты асқандықтан оның алдындағы көсемнің таңдауымен оған ізбасар болып, ол өлгесін бүкіл ұлысты билепті. Қытай дегеннің тағы бір аты Юйій (Юй өңірі, ) деген де осы Юйге байланысты. Кұң Фузы ақ нəсілділігіне сенсек, Даюйдың ақ нəсілді, сақ тектілігіне əрине күдіктенудің қажеті шамалы болып шығады. Бүгінде, бұлар жəне бұлардың тіршілік өресі, олардың бүгінгілермен байланысы туралы дұрыс пен бұрыс тұжырымдардың бəрін де кезіктіругеболады. Мысалы, хəн тілді жылнамаларда да кейде дұрысқа, кейде бұрысқа Ха деп оқыла береді ( сықылды). Р - кейде түсіп қалуы да мүмкін таңба (мысалы бүгінгі ұйғырлар бар дегенді ба дей салады). шалқу барлығын жасырудың қажеті жоқ (Мыңдаған жылдың алдындағы олар түгіл, информация техникасы ұша дамыған бүгінгі күннің өзінде де ауыс-ағат кететіндер аз емес екенін жоғарыда айттық). Мысалы, ол жылнамалардың Ұлы Далада жатқанның бəрі сақтар не солардың ұрпағы екенін аңғара алмаған соң, тек үйсіндер барудан бұрынғы Ілеліктерді ғана сақтар деп жаңылысқан жері бар. Бұл жаңылысуды біз əлгі бүгінгі ҚХР ШҰАР-ындағы алтайлықтарды Керей, Ілеліктерді Қызай деп, бəрінің де қазақ екенін аңғара алмаған беті, хаттай салушыға ұқсатамыз. Дегенмен бұл жылнамалардың сол кездегі Іледегі Үйсін туралы сөйлеп келе жатып, Үйсіндер ішінде сақтар, Ұлы жүздер (, Ұлы нүкіс, Дароужы - С. Ж. ) де бар [107] деп шындыққа таяй түсетін кезі де жоқ 104 (http: //www. xjass. com ) 105 Ертедегі тайпалық одақ көсемі. Аңыздарда селді буған деседі. 106 Бəлкім осы ат та Сақ дегеннен шыққан болар. 107

59 ЕЖЕЛГІ ҰЛЫС ТАРИХЫ емес. Бұл жылнамалардағы олқылықты бүгінгілер толықтауға тырысуда. Мысалы, Тарихи деректерге қарағанда, 3000 жылдың алдында, сақтар Памирде, Тəңіртауда жəне Шынжаңның солтүстігіндегі кең аймақта жүрген екен. Толып жатқан көшпенді ұлттар секілді, олар негізінен жайылым қуып, малға ере жылжыған, кен қорытып, темір қарулар өндірген. Б. з. б. -ғасырдың соңында, таптық қоғамға өтіп, мемлекеттік билікті тұрғызған. Сақ патшасы ең жоғарғы билеуші болған деп жазысу да бар [108]. Дегенмен мұнда да сақтар қонысын аумақ жағынан тарылту мен оны өз ұрпағынан, мұрагерлерінен бөле қарау байқалады. Демек, сақтар - талай тайпа. Олардың Орта Азиядағы бір бөлігінің б.з.б. - ғасырларда парсылардың Ахемен əулетіне бағынып тұрғаны да, кейінірек парсы патшалары Кир мен Дарийдың тəуелсіз болып кеткен олармен əскери одақ құрғаны да, артынан уəдеде тұрмай бұл сақтарға қарсы жорық жасағаны да - ғылымда айқын ақиқат. Шошақ бөрікті сақ [109] патшайымы Томирис (Тұмар ханым) бастаған сақтар Кир армиясымен қатты айқасып, оларды жеңеді. Бұдан кейін (б. з. б. 518 жылы) Дари І де бұл сақтарға шабуыл жасап, оларды бағындыра алмапты. А. Македонский (Ескендір Зұлқарнай) əскерімен аяусыз күрескен сақ қаһарманы Спитамен туралы жазбалар да бар [110]. Демек Сақтардың кемінде бір бөлігінің ол кездегі ирандықтармен, туыстығы мен татулығынан гөрі, жауласқан жағы көбірек болған. Ол заманның этностары ара байланысын талдағанда мұны да ескерген жөн. (2) САҚТАР ƏР ТҮРЛІ ТАЙПАЛЫҚ ТІЛМЕН СӨЙЛЕСКЕН Алдымен ол замандағы тайпалық тілді тəп бүгінгі қатты дамыған, сол барыста бір бірінен алыстаған тілдер кейпінде елестеткен қисынға қона кетпейді. Бұл есте мықты болуға тиісті өте маңызды көзқарас. Рас, Доктор Зардыхан Қинаятұлы айтқандай: Сақ мемлекеті бір орталыққа бағынған мемлекет болған жоқ. Оның 20 страпы (бөлімі) болды. Əр түрлі тілде сөйледі. Геродот сақтар аргипейлерге келгенде 8 тілде тілмаш арқылы сөйлесті деп жазды. Сондықтан сақтарды тек үнді-еуропалықтар немесе тек түрік тектестер, деуге келе бермейді. Ал, сақтардың шығыс бөлімінің негізгі тобын қаңлы, үйсіндер құрады. Страбонның шығыс сақтар дегеніміз - қаңлылар деген сөзі бар [111]. Доктор Нəбижан Мұхаметханұлынша айтқанда, Біздің этногенезіміз сақтардың шығыс бөлігінен бастау алады. Ол сақ деген - таза үнді-еуропалық емес, көптеген тайпалардың құрамы. Шығыс бөлікте түріктік элементтер көп болатын. Доктор Мəмбет Қойгелдінің де сақ дəуірін зерттеп жүрген италиялық ғалымның: Сақ дəуірі мəдениеттің, тілдің əлі толық қалыптасып бітпеген, балаң дəуірі. Сондықтан мен тек мына тілде сөйледі дегенге қарсымын. Сақтар тілінде ол кезде иран да, түрік те сөйледі, екеуіне бірдей ортақ тіл болды дегенін айтқаны, Торсайт //www. htb. com. cn/ мен //imgsrc. baidu. com/baike/ ден алынды. 109 Бұл туралы «Шошақ бөрікті сақтар Қырғызыстан мен Қазақстан сахарасында, яғни Памир, Алайдан Алтай тауына дейінгі, Тəшкент пен Тараз, Шу мен Іле, Балқаштарды қамтыған өңірде жасаған» деу бар. 110 «Қазақстан. Ұлттық энциклопедия». 7-том. 526-бет. 111 «Жалын» бет.

60 60 ЕКІНШІ БӨЛІМ сосын Мен де осы тұжырымды қостаймын. Біз бүгінгі күннің өлшемімен ежелгі ғұн дəуірін зерттеуге барамыз. Осынымыз қате. Ол кезде моңғол тілі əлі қалыптаспаған, түрік тілі де қалыптасу жағдайында болатын. Тілдер мен мəдениеттер үшін өтпелі кезең болған тұс еді дегені бар [112]. Міне тарихты, əсіресе арғы тарихты осылайша талдау керек. Пəлен тайпа қай тілде сөйледі дегенге келгенде, түген тілде деп берген жауабымыз салыстырмалы сөз екенін, ол түлен тілдің өзіне аттас бүгінгі тілмен мүлде ұқсас болуы мүмкін емесін, арада мыңдаған жылдық тіл тарихы мен тіл эволюциясы жатқанын, өзгені қойып, мың-ақ жылдың алдындағы түрік тасбітіктеріндегі тілдің бүгінгі түрік тілдерінен көп парыққа ие екенін ескере отырып сөйлегеніміз дұрыс. Мысалға ежелгі түрік тілі мен ежелгі шығыс иран тілін алсақ, ол заманда бұл екеуінің бірінде екіншісі болған. Бүгінгідей алшақтап кетпеген, бірінде түрік тілінің, екіншісінде иран тілінің элементтері басым болған. Тілдік айрмашылық болса да, ерекше не тым ресми салттық жағдайды былай қоя тұрғанда, бірінікін бірі ептеп түсінетін күй кешкен. Тілгерлердің бір тобы, сақтардың көп тайпалы екенін мойындай тұра, оларды тек бір ғана тіл жүйесінде, яғни иран (үнді-еуропа) тілді болар деп санауының, тұрмыс салт (етік, шалбар киетіні, үзеңгі істететіні, ат үстінен жақтартатыны, т.б.) жағынан сақтардың өз мұрагері ғұндарға (түрік, моңғолтілділерге) мүлде ұқсастығын ескермеуінің, Ұлы Далалықтарда тілдік айырмашылық болғанымен, бірінікін бірі түсінетін күй кешкенін қаперге алмауының қателігі осы арада. Бұл сақтармен ерте араласқан Хəндердің жылнамаларында сақтар туралы мəліметтер едəуір бар. Ол заманның хəн тілді жылнамалары, кейде: Сақтар бытыранды, қашанда көп мемлекет. Шəліктің (Шулының, - С. Ж. ) солтүстік-батысынан Хузұң (Шюшүн, - С. Ж. ), Жюанду ( - С. Ж.) қарамағына шейінгінің бəрі сақтар [113] деп өте дұрыс айтады. Демек көп мемлекет - көп тайпалық одақ. Ондайда жалпы тайпалар саны да (айырмасы тым зор болмағанымен), олардың тілі де, тілдік диалекті де тіпті көп дей беріңіз. Ендеше сақтарда алтай (соның ішінде түрік) тілділер де көп болған. Ежелгі жылнамаларды мұның бəрін айшықтап, түгел атап бере алмағаны үшін сөгуден гөрі, ой тұспалымен қисынды талдау арқылы олардағы олқылықты ғылыми түрде толтыра алмаған бүгінгі өзімізді сөккеніміз дұрыс жылы ШҰАР Археология Институты Лобнор көлінің солтүстігіндегі Көнші өзенінің аяғынан, қазба жұмыстары барысында тапқан жирен шашты, шүңірек көзді, биік мұрынды, бұдан 3880 жыл бұрын өмір сүрген, ғалымдар тохар əйелі деп санаған Кроран сұлуы ( ) аумаған еуропеоид болып шықты. Кроранның кезінде ғұндардың көз-құлағы ( ) [114] болғаны тарихқа мəлім. Сол маңнан табылған, бұдан 6400 жыл бұрынғыға жататын жəне бұдан жыл бұрынғыға есепті мəйіттер де тəп сондай екен. Демек ол замандағы бұл Ұлы Дала тұрғындарының еуропеоидтығында дау жоқ. Нақтылай айтқанда, бүгінгі ШҰАР -дағы Күшар, Қарашəр, Тұрпан, Құмыл, Гансудағы Дүнхуаң, т. б. регионды да, Ұлы Даланың өзге тұсындағы сықылды, сол кездің сақтар (мысалы тохар) 112 «Жалын» бет Торсайт //www. htb. com. cn/ мен //imgsrc. baidu. com/baike/

61 ЕЖЕЛГІ ҰЛЫС ТАРИХЫ мəдениеті көлеміне кіргізуге болады. Қателік тек олардың ішінде, əсіресе олардан осы даладағы жұртта қалғандарының ішінде өзге (мысалы түрік) тілділер жоқ, бəрі де шымқай үнді-еуропа тілділер деп қарауда. Тохар тілі мүлде жойылған бастапқы үнді-еуропа тілдерінің бірі делініп жүр. Ал, сақтар ішінде алтай тіл жүйесіндегілер де бар ма? дегенді ойлаушылар аз еді. Бұған бар деп жауап қайырушылар ғылым дами түскен бертінде ғана төбе көрсете бастап көбеюде. Венгір тілгері Освалд Сземерени иранша төрт ұлт атын - Scythian, Skudra, Sogdian, Saka дегендерді зерделей келе, Скитай деген ат жайгер (, Үсадақшы) мағыналы сөзден шыққан деп біледі. Сақтар көбінше ұзыны 80 см келетін құрама садақ тұтқан [115]. Ендеше Сақ дегеннің садақ (ғалым Шадыман Ахметұлы: түрік-моңғол тілдерінде сағдақ, сайдақ болып та айтылады [116] дейді) ұстағанның бəріне қаратылған ат, бірер ата не тайпа аты емес деген тұспалға сенуге де болады. Сондықтан оларды бір тілде ғана сөйлеспеген деуге тіпті ақылымыз. Ұлан-қайыр Ұлы Далада бүгіннің өзінде бірлікке келе алмаған тілдің ол заманда бірлікке келе кетуі де қисынсыздау. Ұлы Дала, жоғарыда аталған екінші сатыға тəн ежелде, ақ нəсілділердің мекені болатын дедік. Бүгінгі мұндағы абориген - автохтон саналатын ұлттардың тілі солардан қалған. Өткен ғасырдың 50 жылдарында неміс ғалымы Марижа Гумбутас ( ) үнді-еуропа тілділердің атажұрты Оңтүстік Ресей деген көзқарасын көтерді жылы АҚШ ғалымы А. К. Нарайн ( )оған ұқсамаған пікір білдіріп, үндіеуропа тілділер ежелгі Қытайдың батыс өңірі мен соның маңындағы кең даладан шыққан дегенді алға тартты. Бұл пікір барған сайын көп ғалымның қолдауына ие болуда. Дегенмен олардың бұл өңірді тек үнді-еуропа тілділерге ғана меншіктей салатыны - жаңсақтық демеген күнде де, еуроцентристік пиғылдың нышаны. Сақтар ішінде сол арғы заманнан бастап түрік тайпалары болмаса, бергі (б.з. алды-артындағы) түрік тілді ұлыстар мен қағанаттар да болмас еді. Түрік қағанаты күшейгеннен соңғы талай өзге тілділердің жабал түріктенуі де мүмкін емес еді. Аналар айтқан үнді-еуропа тілді сақ тайпалары да сан құбылған. Мысалы, дерек көздерінің айтуынша, б. з. б жылдары, ат əбзелдері мен атарбаның жасалуы жебегендіктен, осы Ұлы Даладағы арий-ариан сықылды алғашқы үнді-еуропа тілін қолданатын тайпалардың кейібір бөлігі, өз тобынан бөлініп, Шынжаң мен Қазақстанның түрік тілді тұрғындарына тіптен араласқан. Оның ішінде солтүстік жəне оңтүстік иран тілділер де болыпты. Оның арты бұлардың Орал нəсілді, Жерорта теңізі нəсілді жəне моңғолоид нəсілділерге араласуына соғып, дене бітімі жағынан көп өзгеріске ұшырапты. Осы барыс та тілдік өзгеріске де ұшырайтыны сөзсіз, əрине. Олардың түріктенуі біз алда айтқалы отырған Түрік, Түргеш қағанаттары кезінде тіпті күшейді дей беріңіз. Археологиялық қазбалардан табылған соғды ( ) тілі, сака ( ) тілі (Хотаннан жазбасы табылған), тохар А ( ) мен тохар Б тілдерімен (Қарашəр - мен Күчар, Тұрпаннан [117] шыққан) ғана шектелуге болмайды Торсайт //www. htb. com. cn/ мен //imgsrc. baidu. com/baike/ 116 Шадыман Ахметұлы: «Күн сөзінің төркінінен», Тіл жəне аударма, 2008, 1, 10бет. 117 Бұрын Қарақожа (Үлкен ұстаз,, Qara-Xōja) атанған. Хəндер деп аударған дейтін көзқарастар бар. Дегенмен түрік ескерткіштеріндегі Құтаң деген жер.

62 62 ЕКІНШІ БӨЛІМ Өйткені ол кезде жазуы жоқ, жазуы болса да сақталмаған, сондықтан бүгін қазбадан шыға қоймайтын талай тіл барлығын ескеру керек. Ал түрік тілінің олкезде (б. з. б жылдары), бар ғана емес, жазуға да ие екенін археологиялық табыстар (алда айтқалы отырған, Алматы қасындағы Есіктен шыққан тостағандағы ежелгі түрік жазуы мен түрік тілді мəтін сықылдылар) дəлелдеп отыр. - ғасырдан бұрын қолданыстағы көне түрік жазуы да тəп сол ғасырда ғана аяқ астынан дүниеге келе салмаған, əрине. Осыларды біле тұрып, сақтарды шымқай бір ғана этнос не тайпаға жатқыза салып, оларды бір ғана тілді санап, сосын оны бүгінгі үнді-еуропа тіл жүйесіндегі бір ұлтқа ғана итере қою əрине ойламды ғалымдарды иландыра алмайды. Мен сақтар да қырық темірдің қылауы дей келе, соның бір бөлігі -шошақ бөрікті сақтар. Түрік тілі аяқ астынан пайда болғаны жоқ. Алғаш келген африкалық қаралардан бастап негізі бар. Ұлы Даланы мекендеген сақтар ішінде ол бір топтың кəдімгідей тілдік негізі болып дамуға кіріскен. Бір қыдыру деректерді қорыта келгенде, шошақ бөрікті сақтар түрік тілді болған. Бұлар кейінгі түрік этностарына, соның ішінде үйсіндерге де тұқиян. Тек осы тұрғыдан алғанда шошақ бөрікті сақтар мен үйсіндер - бір мəдениеттің екі сатысы деп қараймын. Кеңестер Одағындағы Литвинский мен Су Бейхай сияқты ғалымдар Сақ пен үйсін - бір ұлт [118] - деп бекер айтпаған. Меніңше азиялық сақтардың бұл өңірде шаңырақ көтеріп дəурендегенінде, əр түрлі (алтай, үнді-еуропа, т. б. жүйедегі) тілдерімен сөйлесетін тайпалар екенін де, соңынан бір бөлігінің еуропаға ауа көшкенін де, олардың бір бөлігінің қайта оралғанын да (жоғарыдағы карталарға қараңыз), көшіп кеткендер артында (мысалы Ғұн қағанатының қоластына бағынған 26 баудың ішінде) сол сақтардың мол тобы қалғанын да, олардың сол кездегі тілінің шұбарлау (бүгінгідей емес, араласпа тіл екенін де) мойындаған дұрыс. Бертінгі тарихта сахнаға көтерілгендер (мейлі Ғұн қағанатындағылар болсын, одан бөлініп шыққан үйсіндер немесе қаңлылар, ұлы жүздер, аландар, т. б. болсын, тіпті бүгінгі өзге ұлы далалықтар болсын) - сол Ұлы Далалық ежелгі сақтардың ұрпағы. Бүгінгі Ұлы Дала тұрғындары көктен түскен де, жерден шыққан да емес. Өмір қисыны мен жоғарыдағы деректер бізді осыған əкеледі. (3) САҚТАР НЕДƏУІР ЖОҒАРЫ МƏДЕНИЕТ ЖАСАҒАН Иə, ол кездегі сақтардың мəдени деңгейі тым төмен болмаған. Жоғарыда қысқа қайырғанымыздай, Ұлы Даланың сөз болғалы отырған тұсында, қола дəуiрiндік тайпалар бiрлестiгi жəне сол негiзде ертедегi көшпелiлер мəдениетi қалыптаса бастаған болатын. Б. з. б. 1-мыңжылдықтың басында мұндағы далалар мен таулы жерлерде көшпелi, жартылай көшпелi жəне отырықшы малшылық негізгі кəсіп болды. Б. з. б. -ғасырының басына (ерте темiр дəуiрiне) келгенде еңбек өнiмдiлігі арта түстi. Жылқы кеңiнен пайдаланылды. Темiрден ер-тұрман, қару-жарақ, тұрмыс бұйымдарының жаңа түрлерi жасалды. Киiз үй, арба, күйме кеңiнен қолданылды. Малға жəне жерге отбасылық меншiк нығайды. Қауымдар арасында жайылым, мал 118. « »

63 ЕЖЕЛГІ ҰЛЫС ТАРИХЫ үшiн қақтығыстар жиiлей түстi. Ерте темiр дəуiрiнде (б. з. б. 1 мыңжылдықтың ортасы) сол заманға сай мемлекеттер - тайпалық одақтар қалыптасты. Қазақстандық оңтүстік өңiрлердегi Бесшатыр, Есiк обасы, Түгiскен, Ұйғарақ, т. б. ескерткiштерi - сақтардың мəдениетi мен өнер жетiстiктерiнiң бiрегей туындылары. Шынжаң қоғамдық ғылымдар академиясы Тарих институтының ғалымы Ғопуров Əли Өзбекстандағы конференциядан келгесін жазған хабарында былай депті: - ғасырдағы Темір империясының астанасы болған Самарқан - кезінде Орта Азияның мəдениет орталығы, ежелгі жібек жолындағы басты кент, байырғы Қытайдың Үндіге өтер көпірі болған қарт та қасиетті Афрасияб қаласы өзінің 2750 жылдығын атап өтті. Бұл талай жылдық археологиялық қазба мен зерттеу жұмыстары арқылы дəлелденген жұмыс. Ибн Хаукал, Истахри, Ибн Һордотбек- Тəбарри, Махмұд Қашқари, т. б. лар өз шығармаларында бұл қала жайлы аялдаған. Самарқанда шыққан теңге, бұл (мата) мен кілемдер шығыстағы Кореядан батыстағы Еуропаға шейін таралған. Бұл қаланың тарихтағы орны ертедегі батыстың Афинасы мен Римына терезелес. Міне бұл - кешегі сақтардан қалған ескерткіштердің маңдай алдыларының бірі. Ұлы Даладағы ескі қалалар да (мысалы Қашқар, Түркістан, Тараз сықылдылар) - сақтардың сол кездегі терең басылған іздері. Ал, бұларға тете іздер Ұлы Даланың өзге тұстарында да толып жатыр. Бұл Ұлы Далада сақтардан қалған ескерткіштер шынында да өте көп. Археологиялық, т. б. зерттеулер ерте етек алған Қазақстан даласын мысалға алайық. Археолог ғалым Ынтымақ Сағымбектің: Республикамыз бойынша тізімге ілінген сақ қорғандарының саны 1800 болса, соның ішіндегі ең үлкені - Бесшатыр. Мұнда 31 қорған бар, оның 18 -іне бұған дейін қазба жұмыстары жүргізілген. Бұл қорған Алматыдан 160 шақырым қашықтықтағы, Жоңғар Алатауының оңтүстік бауырындағы Алтын Емел Ұлттық мемлекеттік табиғи саябағында орналасқан. Бесшатырда біздің заманымыздан бұрынғы 7-5 ғасырларда өмір сүрген Тиграхауда (шошақ бөрікті - С. Ж. ) сақтарының патша қабірлері жатыр. Зираттар үшке бөлінеді; үлкенінде əскер көсемдері, орташасында қолбасшылар жəне кішісінде ержүрек жауынгерлер жерленген дегені бұған дəлел. Бұл елде бұдан сырт Боралдай қорғаны, Есік қорғаны, т. б. лар да тұр. Өткен ғасырдың 60 жылдарында Кемал Ақышевтың Есік қорғанынан сақ ханзадасының мүрдесін (бірінші алтын адамды) табуы тарих ғылымын дүр сілкіндірген болатын. Былтыр Қазақстанның шығысында жатқан Зайсан ауданының Шілікті даласынан тағы бір алтын адам шықты. Мұндағы 200-ге тарта сақ қорғандарының құпиясын ашуға тарихшылар көптен ұмтылып келеді екен. Мəселен, ол ескерткіштерді 1910 жылдардың шамасында Семейлік гидротехник Бокий алғашқы болып зерттесе, сол ғасырдың жылдары аралығында профессор Черников жұмыс істеген көрінеді. Ал, қазақ тарихшылары зерттей бастағалы 4 жылдан асыпты. Шығыстағы Берел қорымынан жақсы сақталған жылқы қаңқалары, екі адамның мүрдесі табылғаннан кейін елді елең еткізген осы Шіліктідегі Бəйгетөбе атты обадан шыққан алтын киімді билеушінің сүйегі болыпты. Шілікті алтын адамы - Қазақстан жерінен табылып отырған үшінші алтын адам. Шіліктіден табылған алтын адамның жанынан асқан шеберлікпен жасалған алтын əшекей бұйымдар табылыпты. Арқар, самұрық, бұғы, бес жұлдыз түріндегі əшекейлер саф алтыннан құйылған. Оның ішіндегі ең ірісі арқар. Ал бес жұлдыз, ғалымдардың айту- 63

64 64 ЕКІНШІ БӨЛІМ ынша Сақ тарихында бұрын сонды болмаған əшекей. Бұл əшекей бұйымдар киімге тағылған. Əр əшекейдің артында ілмек бар. Бір қызығы тарыдай ұсақ моншақ ерекше əдіспен құйылған. Ол моншақтың ерекшелігі бір біріне дəнекерленген. Жуықта New York Tіmes газеті мынадай хабар таратты: Ғылыми үлкен сенсация (ірі хикмет - С. Ж.): Əлемде жылқының алғаш рет қазіргі Қазақстанның солтүстігінде қолға үйретілгені жəне қымыздың пайда болғанына үш жарым мың жыл болғандығы турасында сенімді дəлел табылды. Археологтар біршама жылқы сүйектері мен басқа да қазбаларды тапқан. Оларды зерттеу барысында, бұл жылқыларды Қазақстанның солтүстігінде, б. з. б жылдан бастап жыл арасында үйреткені туралы бір-бірінен тəуелсіз үш түрлі дəлелдер тобы нақтыланған. Біріншіден, ғалымдар төрт жерден табылған жылқы қаңқаларының түрі мен өлшемін талдаған. Оларды осы өңірлерде, осы кезеңдерде өмір сүрген жабайы жылқылардың, бұдан жүздеген жылдар кейінірек қола дəуіріндегі қолға үйретілген жылқылардың жəне моңғолдың қолға үйретілген жылқыларының сүйектерімен салыстырған. Зерттеушілер, сүйегі ірі, жабайы жылқыларға қарағанда, Ботай жылқыларының сымбаттырақ болғандығын жəне қолға үйретілген жылқыларға жақындау екендігін айтады. Дəлелдердің екінші тобы жылқының тістеріндегі іздер мен қаңқа талшықтарының бұзылуына байланысты. Зерттеушілер оны жұмысқа пайдаланған жылқыны басқару үшін кигізілген жүген мен ауыздықтың, жауырдың салдары деп есептейді. Тістегі мұндай кетіктерді археологтар бұрыннан бері қолға үйретудің дəлелі деп есептеп келеді. Жылқының қолға үйретілуіне қатысты дəлелдер осының алдында, Ботай мекенінде, Көкшетау университетінің ғалымы Виктор Зайберт жүргізген қазбалардың нəтижесінде табылған. Карнеги жаратылыстану мұражайының қызметкері, америкалық Сандра Олсенмен бірге олар жылқы қаңқаларынан жауырдың іздерін тапқан. Бұл Ботай жылқыларының жұмысқа жəне мініске пайдаланылғаны туралы болжам жасауға негіз болды. Іnfox. ru сайтының жазуынша, қазақ ғалымдары да жəне қазақ даласын жылқы өсірудің алғашқы отаны деп есептейді. Себебі кезекті зерттеу кезінде олар Қаратауда Андрон мəдениетіне жататын тастағы таңбаларды байқаған. Алматы археология институтының қызметкері, тарих ғылымының докторы Алексей Марьяшев журналистерге берген сұхбатында, Арпаөзен шатқалында археологтар қола дəуіріне жататын арбалы аттармен аң аулау сəті бейнеленген суреттер тапқанын айтыпты. Андрон мəдениетінің адамдары Қазақстан аумағында 4-3 мың жыл бұрын өмір сүрген. Олар Қаратау жартастарына ұрыс қимылдарын, толықтай жарақтанған жауынгерлердің табыну көріністерін салған. Жылқының түп-төркінін қазақты құраған ежелгі тайпаларға теңеуге аса ықылас танытып отырған ғалымның айтуынша, Қазақстандағы ескерткіштердің саны ғана емес, сапасы да өзгеше. Мұндағы материалдар өте бай жəне олар жекелеген стилдерді, бұл өнердің туындауы, оның гүлденуі мен біртіндеп сөнуінің кезеңдерін бөліп алып, қайта електен өткізуге мүмкіндік береді. Сонымен бірге, Қазақстанда жаңартылған суреттер де көптеп кездеседі. Салт атты жауынгерлер түріктерге ұқсайды. Анықтап қарасаң, жауынгерлер кейінірек салынған. Ал, жылқылар қола дəуіріне жатады. Осыдан барып бұл өнердің сабақтастығы, оның дамуы мен біртіндеп сөнуі анықталады, - дейді Марьяшев. Бұл сенсациялық жаңалық басқа да көптеген БАҚ-тардың назарын аударған. Мəселен, немістің Sueddeutsche

65 ЕЖЕЛГІ ҰЛЫС ТАРИХЫ Zeіtung газеті Əлемнің алғашқы салт аттылары деген мақаласында, қазіргі Қазақстанның солтүстігіндегі Ботай мəдениетінің өкілдері осыдан 5500 жыл бұрын жылқыларды қолға үйреткен. Яғни, бұл оқиға Европадағы алғашқы қолға үйретілген жылқылар пайда болғаннан 2000 жыл бұрын болған деп атап көрсеткен [119]. Сөзіміз тіптен де дəлелді болуы үшін айтарымызды соза түсейік. Нұрбек Əмишаның Қызылорда облысынан жазған хабарында былай делініпті: Қазақстанның Мемлекеттік Мəдени мұра бағдарламасы аясында Шірік Рабат археологиялық экспедициясы патшалар мекенінің ірі өркениет орталықтарымен байланыста болғанын дəлелдейтін құнды жəдігерлерді тапты. Жақында облыстық мəдениет басқармасы көне қалада болып, тарихи орында конференция ұйымдастырды. Шірік Рабат - Қармақшы ауданынан 190 шақырым жерде орналасқан көне қала. Онда екі үлкен қорған жəне қабырғалары биік үш қоршау сақталған. Ежелден-ақ шаһардың стратегиялық маңызы зор болған. Шірік Рабат - Орта Азияны мекен еткен сақ билеушілері мен ақсүйектерінің астанасы, алғаш рет 1946 жылы Толстов басқарған Хорезм экспедициясы кезінде белгілі болған тарихи орындардың бірі. Мəдени мұра бағдарламасы аясында қазба жұмыстарын жүргізіп жатқан экспедиция биыл мұнда үлкен жеті нысанды ашты. Археологтар патшалар жерленген бірнеше оба мен ғибадат орнын, ондаған кіші мавзолейді тапқан. Оба сақ дəуіріне жататын жерлеу орны екен. Мұнда үлкен-үлкен алты обаға сақ патшалары жерленіпті. Обалар, сыртынан ор қазылып, берік қабырғалармен қоршалған. Қазу барысында үш мəйіт бүтін шығыпты. Бүтін шыққан көнектің (фляг) сыртында жазу бар екен. Ол жазу Шірік Рабаттағы алғашқы жазу болып тарихымызға енді деп айтуға болады. Ғалымдар бұл көне жазуды Есік қаласынан табылған сақ жауынгерінің күміс ожауындағы жазуға ұқсас депті. Құмыраларда грек əріптерінің кездесуі оның сырт елден əкелінгенін көрсетеді. Бұл патшалар мекенінің өркениет орталықтарымен байланысы болғанындəлелдейді, дейді ғалымдар. Бұл дүниелер б. з. б. - ғасырларға тəн екен. Б. з. б. -ғасыр маңайында, Ұлы Дала кіндігіндегі көкалқаптарда (oasis), көшпелі тайпалар егіншілерінің бастапқы коммуналық түзімі ыдырай бастап, ең ертедегі мемлекет формасы біртіндей қалыптасқан. Қытай жылнамаларындағы Сақ ханы ( ) дегендер сол сақтар құрған, рулық, тайпалық, тайпалар одағындық ұйымын сақтаған, құлдық мемлекеттің патшалары болатын. Сақтар төрт тарабын əлде неше регионға ( ) бөліп, əр аймағын тайпа көсемдері арқылы мұрагерлік жолмен басқарды. Сақ патшасы осы көсемдер ішінен көтерілді жəне шексіз жоғары билік ұстады. Патша өлгенде жерлеу салтын салтанатты өткізеді екен. Мəйітті күнжіт майымен ( ) майлап, арнайы жасалған арбаға салып, тайпаларды қыдыртатын көрінеді. Мəйіт барған жердегі тайпа адамдары оған ауыр аза білдірісетін (өзін жаралайтын, бетін тырнайтын, болмағанда бірер тал шашын жұлатын, жылайтын). Қыдыртып болғасын кең де тіктөртбұрышты қабіріне апарып, киізбен орап қоятын. Сақ патшасының қабіріне бір патшайымы, аспазы, күтушісі, аты қоса көмілетін Қуаныш Қожабеков. («Қазақ» Халықаралық Интернет Газеті)

66 66 ЕКІНШІ БӨЛІМ Жерлеп болғасын қабір үстіне биік те кең оба үйілетін. Жыл асына 50 жылқы сойылып, 50 құлы көміледі деген де сөз бар. Сақтар негізінен көшпенді, аз сандысы бидай, тары сықылды дақылдарды егетін диқан еді. Ақыл-парасаттың жемісі саналған, көшуге ыңғайлы киізүйлерде отыратын. Оны көшкенде қос, төрт, тіпті алты доңғалақты, екі үш көлік (өгіз, түйе, ат) жеккен арбаларына тігіп те алатын. Олардың қысқы баспаналары тамүйлер мен ағашүйлер болды. Сақтар өте жауынгер болыпты. Гередотша айтқанда, олар қан майданда құртқан алғашқы жауының қанын ұрттайды екен. Соғыс ол жалары жауынгерлерге, өлтірген жауының санына қарай, шербасылары жағынан бөліп берілетін болғасын, шеріктер өлтірген дұшпанының басын кесіп қанжығасына байлап алады. Егер ол маңызды орындағы жауы болса, бас сүйегінің қастан жоғарғы тұсын (төбесін) аралап алып, əбден тазаланған ішіне алтын жалатып, сыртын терімен қаптап, тостаған орнында пайдаланады екен. Сақтар сауыт, қалқан, айбалта, найза, ақинақ, жақ пайдаланған. Сауыттары теріден дайындалып, бетіне сүйек не тұяқ қабыршақтары мықтап жапсырылады екен. Кейін келе оның орнын қола мен темір басыпты. Атын да сауыттапты. Қолы жеткендері ат əбзелдерін мыстайды, тіпті алтындайды да екен. Олар алтынға да қасиетті санап табынған. Қазақстан мен Қытайдың батысынан археологтар тапқан дүниелерге қарағанда, сақтардың алтын өңдеу инженериясы мен ат үстінен жақ ату техникасы өте жоғары болған. Сақтар өз заманына салыстырғанда жоғары өркениетке жəне өз салтына деген биік құрметке ие болған. Оған Геродот, Лукиян, Диоген, т. б. жазбалары айғақ. Тарихтың атасы аталған Геродоттың (б. з. б. ғасыр) былай дегені бар: Скифтер де басқа халықтар тəрізді жатжерлік салт-дəстүрді қабылдамауға тырысады əрі олар өзге халықтардан гөрі эллиндер дəстүрінен барынша қашқақтайды. Бұл Анахарсис пен Скил тағдырынан анық байқалады. Анахарсис көптеген елді аралап, өзінің керемет ақылдылығымен көзге түсті. Қайтар жолда ол Геллеспонт (Дарданел бұғазы деседі. - С. Ж.) арқылы жүзіп келе жатып, Кизикке тоқтайды. Нақ осы күні кизиктіктер Құдай-Ананың (Мүмкін Ұмай ана шығар. - С. Ж.) құрметіне салтанатты мереке өткізіп жатқан болатын. Анахарсис əйел құдайға, егер ол үйіне аман-есен жетсе, оның құрметіне кизиктіктерден көрген діни жоралардың бəрін жасап құрбандық беретіндігін жəне салтанатты мереке өткізетіндігін айтып ант береді. Скифияға келген соң, Анахарсис құпия түрде Гилеяға (мұны қазіргі Полесие, Днестрдің бойы деу де бар. - С. Ж.) барып (Бұл жер Ахиллес ат ойнату алаңында орналасқан, əрқилы ағаш түрлеріне бай қалың орманды мекен), өзі Кизикте көрген діни жора салтанатын түгел жасайды. Мұны көріп қойған бір скиф дереу Савлий патшаға жеткізеді. Осы жерге келіп, Анахарсистің не істеп жүргенін көзімен көрген патша оны садақпен атып өлтіреді. Анахарсис скиф патшасы Иданфирстің немере ағасы, урдың (Лукиянша айтқанда Даукеттің - С. Ж.) ұлы, Ликтің немересі, Спаргапифтің шөбересі болған. Егерде Анахарсис шынында осы патшаның əулетінен шыққан болса, оны туған ағасының өлтіргендігін бəрі біліп қойсын. Өйткені, Иданфирс Савлийдің ұлы, ал Анахарсисті Савлий өлтірген [120]. 120 Қазақ тарихынан. Геродот. Алматы, бет.

67 ЕЖЕЛГІ ҰЛЫС ТАРИХЫ «Скиф немесе жат жердегі дос» атты шығармасында Лукиан былай депті: Скифиядан Афиныға Эллин мəдениетін аңсап келген алғашқы адам Анахарсис емес, одан бұрын келген Токсарид ақылды əрі əдемілікті ұнататын, ең жақсы мінезқұлық пен əдеп-ғұрыпты үйренуге құштар жан болатын. Өз отанында Токсарид, киіз қалпақты мұрақтылар атты патша руынан емес, қарапайым халықтан, яғни екі өгізі мен киіз үйі ғана бар адамдар қатарынан шыққан. Бұл Токсарид аяғында Скифияға қайтып орала алмай, Афиныда өлді [121]. Ал Диоген Лаэртский «Атақты философтардың өмірі, ілімдері мен нақыл сөздері туралы» кітабының Анахарсис деген тарауында былай депті: Анахарсис - скиф, Гнурдың ұлы жəне скиф патшасы Кадуидің бауыры, анасы жағынан эллин, сондықтан екі тілді біледі. Ол скифтер мен эллиндердің қарапайым тұрмыстағы жəне соғыс кезіндегі салты туралы 800 жол өлең жазған. Жат жерді кезген Анахарсис скифтерге оралды, туғандарын эллинше өмір сүруге үйретпек боп, алайда дегеніне жете алмай, қауырсын жебеден ажал тауып, өзі өлсе де, сөзі қалды мəңгілік [122]. Ол заман міне осындай-ды. Қысқа қайырғанда жəне Ұлы Дала кіндігі Орта Азияны мысалға алғанда, Профессор Су Бейхай айтқандай: Кей батыс ғалымдары Орта Азияны тұйық, қалық регион деп қарайды. Əсіресе буржуазия нəсілшілдері Ұлы Даланың түпкілікті тұрғындарын мешеу ұлттар санайды. Іс жүзінде бұл - тарихи фактіге қайшы сыңаржақты көзқарас. Таяудағы археологиялық қазбалардан шыққан толып жатқан мəдени мұралар Орта Азияның адамзат бесіктерінің бірі екенін, мұнда көне тас дəуірінен бастап-ақ адамзат əрекет еткенін растап отыр. Чех ғалымы Хрознидың Орта Азия адамзат бесігі дегені, Е. Вон Еикстадтің анағұрлым айқын түрде: ОрталықАзия аймағында, өте ерте кездің өзінде адамдар тұрған ғана емес, тұрғын адамдар жоғары мəдениетті де болған дегені рас. Амур бойынан тартып Қара теңізге шейінгі аумақты алып жатқан өңірдегі сақтардың Шығыста Кұң Фузыдай, Батыста Анахарстай, Тоқсарыдай ұлы адамдарының болуынан - ақ жоғарыда айтқан сөзіміздің шындық екені байқалатын шығар. (4) ҮЙСІН, ҚАҢЛЫ, АЛАНДАРДЫҢ ЖҰРТЫ - ОСЫ САҚТАРДЫҢ ҰРПАҒЫ Демек, үйсіндер сықылды ұлы далалықтардың тегі жайлы сөзді сол Ұлы Далалық сақтардан бастаған дұрыс. Кейінгілердікі сол сақтар мəдениетінің жалғасы. Көп санды зерделі ғалымдарға мынау анық: Бірінші, кез-келген ұлтты құраған кешегі тайпалардың (мысалы үйсіндердің), əу баста, кейін келе өзі құрасқан бүгінгі ұлттың (мысалы Қазақтың) бүгінгі тілімен (тіпті байырғы түркі тілімен) сөйлейтін тайпа болуы басты шарт емес. Мүмкін ол, əуелде өзге тілде деген күннің өзінде де, бұл ұлтқа қосылған соң ассимилияциялану барысында, біртіндеп өз тілін тастап, осы ұлттың бүгінгі тіліне қарай ауған шығар Қазақ тарихынан. Лукиан Таңдамалы кітабынан. Алматы, бет 122 Қазақ тарихынан. 168-бет.

68 68 ЕКІНШІ БӨЛІМ Екінші, кез-келген ұлтты құраған кешегі тайпалардың əу бастан бүгінгі осы ұлттың нəсілінде болуы да басты шарт емес. Бұл тайпа жасаған орта мен аралас некелену сықылдылар ол тайпа тұқымын біртіндеп метистендірген болар. Үшінші, 2000 жылдың арғы жағындағы тілдерді тəп бүгінгі ұлттар тіліндей дамыған өреде (соншалық бай лексикалы, өз ара зор парықты, т. б. деп) елестету де жаңсақтық. Тіпті мүмкін ол тұстағы тілдер бір бірінен тым алыстамаған да болар. Сонымен, үйсіндер көктен түскен де, жерден шыққан да емес. Олар -сонау африкадан келген арғы ата-бабаларының ұрпағы. Ол үйсіндер ғарышқа кеткен де, жерге кіріп жоғалған да жоқ. Олар Еуразияның мына Ұлы Даласында, өз ұрпағы арқылы алдымен сақтар атанып, артынан ғұн қағанатында болып, сосын дербестеніп, артынан ыдырап, бертін келе Түрік пен Түргеш қағанаттарына бағынып,... өз тарихын бүгінге шейін жалғаған. 3. ҮЙСІН ҰЛЫСЫ ҒҰН ҚАҒАНАТЫНДАҒЫ БІР БАУ ЕДІ Ғұн қағанатындағы бір бау деуімде себеп бар. Өйткені бұл қағанат та, бір ғана тайпалық одақ емес, талай тайпалық одақтардың құрамасы - кезінде бау деп аталған хандықтардан құралған федерациялық империя. Үйсін ұлысы - сол империя ішіндегі бір бау (хандық). Ол кейін келе бұл қағанаттан бөлініп, тəуелсіздік алып, дербес шаңырақ көтергенімен, тіпті арада Ғұн қағанатымен соғысып қалған шақтары да болғанымен (Қазақ тайпалары арасындағы қақтығыс бертінгі ғасырларда да болып келді ғой), ғұндармен (əсіресе оның батыс жағындағы баулармен) жақындық, сыйластық, тіпті туыстық сезімдерін əйгілеуі бүкіл тарихында басты ағым болып келді. Мұны сіз былайғы жерде баяндалатын Үйсін тарихынан да əбден аңғарасыз. Ең байырғы Хəн жылнамалары негізінен авторлары көрген не естіген, əсіресе Ұлы Қорған төңірегін басты өңір еткен оқиғалармен шектеледі. Ғұндар б. з. б. - ғасырдың аяғынан бастап Ұлы Қорғанның төңірегінде жəне қазіргі Моңғолия үстіртінде белсенді бой көрсеткен болатын. Олар туралы хəн жылнамаларындағы баян да осы тұстан бастап тəптіштеле түседі. Жылнамаларында ғұндар туралы дерек көп ел де Қытай (Жұңго,, Түнязы, Орта Жазық), ғұндармен ту баста ең тығыз араласқан жұрт та, тіпті онымен 300 жылдай соғысқан ел де осы ежелгі Орта Жазық, ол жайлы зерттеужұмыстары қатты қызған ғалымдар тобы да Қытайда. Сондықтан Қытай ғалымдары ішінен сыңаржақтылықтан аулақтарына көбірек құлақ түруге тиістіміз. Алдымен Ғұн ұлты, сосын оның Ғұн деген аты пайда болғанына титтей де күман жоқ. Сондықтан Ғұн деген сөздің этимологиясын талқылаудан бұрын, Ғұн ұлтының төркінін талқылауымыз табиғи [123] дейді Сун Жян дейтін ғалым. Жөн сөз. Ғұн қағанаты мен ғұндарды зерттеген ғалым көп. Тек Кеңестер Одағының өзінен түрколог ғалымдар Лев Гумилев, С. Кляшторный, Л. П. Окладников, Əлкей Марғұлан, О. Сүлейменов, Манаш Қозыбаев, Мəмбет Қойгелдиев, Əбдуəли Қайдар, Рахманқұл Бердібай, Ақселеу Сейдімбек, Қойшығара Салғара, Мырзатай Жолдасбековтердің еңбектері де төбе-төбе. Қытайдағы Уаң Биңхуа мен Уаң Миңжы,

69 ЕЖЕЛГІ ҰЛЫС ТАРИХЫ Жақып Мырзаханов пен Жақып Жүнісұлы, Шадыман Ахметұлы, Қытайдан Қазақстанға барған Нəбижан Мұхаметханұлы, Бақыт Еженханұлы, Əлімғазы Дəулетхан сықылды ғалымдар бұл іске тіпті күшті серпін берді. Ал, оған өзге ұлт пен басқа ел ғалымдарының зерттеулерін қосыңыз. Мен міне осылар сықылды əлемдік ғылыми зерттеулердің ең соңғы жəне нанымды табыстарын жетекке ала отырып сөз қозғаймын. Ғұндар осы Ұлы Даланың байырғы тұрғындары сақтардың бір бөлігі болатын. Ғұн қағанаты - Сақ хандықтарының недəуір бөлігінің тіке жалғасы, тіке мұрагері. Біздің сөзіміздің негізгі түйіні болып отырған үйсіндер, ғұндардан бөлініп шыққан бау ғана емес, қай жағынан қарағанда да Сақ, Ғұн халқы мен оның мəдениетінің бір бұтары. Бертін келе, сақтардың екі үлкен тобының бірі - үнді-еуропа тілділері Ұлы Даланың батысын, енді бірі - Алтай (əсіресе түрік) тілділері оның шығысын иемденіп, жіктеле бастады. Дегенмен бірінің ішінде екіншісі де өмір сүре берді. Берірек келгенде бұл Ұлы Даланы түрік тілділер басты жəне өзге тілділерді түрік тілді етіп жіберді. Ғұн қағанаты - Орта Жазық елімен кемінде 300 жылдай араласқан, шайқасқан, кейін келе, талай жұртын Қытайға беріп, батысқа ығысуға мəжбүр болған, өз бөдүнінің (халқының) көбін Орталық Азия мен Қазақ сахарасына тастап, енді бір бөлігін батысқа ертіп, бүкіл еуропаны дүр сілкіндірген империя. Сондықтан Хəн жəне Батыс жылнамаларында оған берілген орын аз емес. Лин Ган айтқандай: Жылнамалардағы жазбаларға қарағанда, Хуаңди ( ) шюнюйлерді (ғұнүк- ) солтүстікке қуып жіберген. Хуаңди - Қытай алғашқы қауымдық қоғамындағы, жыл мөлшері б. з. б жылдарда делінетін, аңыздық кейіпкер... Шя дəуірінде (б. з. б. - ғасырларда, ), Шюнюйлер шяларменен ( ) іргелес отырған жəне тығыз байланыста болған... Ин, Шаң (, ) кездерінде (б.з.б. - ғасырларда) гуйфаңдар( ) күшті жау болды... Батыс Жоу заманында (б.з.б. ғ. -771жж. ) шянюндер (хəмиүн -, ) тебінді болды. Батыс Жоу жəне Жауласқан бектіктер (. б.з.б жж. ) кезінде Шюнюй, Гуйфаң, Шянюн дегендердің аты өшіп, тарихтағы олардың орнына рұң ( ), ди ( ) дегендер шықты [124]. Бұл үлкенді-кішілі рұң, дилердің ұзын саны жүзден асатын. Жауласқан бектіктердің ( ) соңғы кезіне (б. з. б жж. ) жеткенде, Хуаңхы (Сары өзен) бойында шашырап жүрген рұң, дилердің... дені Хуашя ( ) ұлттары мен олар құрған түрлі құдіретті хандықтар жағынан жұтылып кетті; кейі Ұлы Шөлдің ( ) оңтүстігі мен солтүстігіне көшіп барып, сонда жатқан рұң, дилермен бірікті. Жауласқан бектіктер заманының ең соңғы кезеңіне (б.з.б. - ғасырларға. - С. Ж.) барғанда, қоғамдық тарихтың дамуына ілесе, əсілі еліміздің солтүстігінде жүрген, өз ара тəн емес ру-тайпалар біртіндеп ішінара шоғырлана бастап, белгілі жер аумағында ортақ тайпалық тұлға қалыптастырды. Озығырақтары (мысалы Ғұн ұлттары) өркениет табалдырығынан аттап, өз ұлттарының мемлекеттік əкімиятын құрды, қалықтаулары (мысалы ғұндармен қатар көтерілген шығыс хулар) не тайпалар одағын құрды не рулық, тайпалық тарихи сатыда қала берді. Ғұн ұлттары осындай қосылу барысы арқылы б.з.б. ғасырда төбе көрсетіп, б. з. б. -ғасырында тарих сахнасына шықты. Оның этнотегі шюнюй, гуйфаң, шянюн, рұң, ди, хуларды 124 Əрине бұл алдыңғылардың қырылуы емес, тек ұйымдық, соған ере аттық өзгеруі. 69

70 70 ЕКІНШІ БӨЛІМ ішіне алған, əсілі Ұлы Шөлдің оңтүстігі мен солтүстігінде жүрген əр түрлі барлық этносты қамтуға тиісті. Ғұндардың этнотегін жалғыз руне тайпадан деу қиын [125]. Дегенмен, Лин Ганның бұл сөзіне мына үшті аша кету керек: Бірі, Ғұн тайплары тек қана Орта Жазықтан (Түнязыдан) өріп шыққаны жоқ. Оның ішінде Ұлы Дала батысынан (мысалы, Орта Азия жақтан) барған Енді бірі, тарихшылар тізбелеген Ғұн тайпалары шынында да өте көп. Мысалы, тек бір зерттермен қаламгердікін ғана атасақ Дагак (тугы, ), Хюда (шюту ), юйуын ( ), Дога (духу, ), Ғалар ( хылəй, ), Қянқа (чяңчюй, ), Луантак (ланди,, шюйлянди- ), Хағян (хуян,, ), Ұлан (лан, ), Сүбүг (шюйбу, ), Күглім (чюлиң, ), чяу( ), Даңғуақ (даңюй, ), Ған (хəн, ), Лаң( ), Сөгзек (лижи, ), жюйчюй ( ), т. б. болып шұбыра береді. Алайда соның ішінен бір не бірнешеуінің (мысалы, ланди - шюйлянди, хуян, лан, шюйбулардың, əсіресе ландидің) ноқта аға болғанын, билік ұстағанын, серкелік рөл атқарғанын, тəңірқұттардың содан шығатынын əбден білеміз. Бұл тайпалардың əсілі (өзінше) атын табу жəне оның кейінгі құбылуын, ол аттың бүгінге жеткен -жетпегенін, жетсе не екенін табу алдағы міндет. Үшіншісі, Лин Ган сықылдылар сүйенген жылнамалар бұл Ғұн тайпаларын атағанда, оның батыстағы талай тайпаларын түгендеп кете алмаған, əрине. Лин Ганның жоғарыдағы сөзінен де байқалады, сақтардың, сондықтан да олардың ұрпағы ғұндардың, Ұлы Даланың батыс жағындағы (мысалы, Орта Азиядағы) халықтар түгіл, хəн ұлтына да қандастығы (олармен араласқаны, барып сіңгені). Оны сіз мыналардан да байқайсыз: Шя ( ) - хəндер ежелден өздеріне ата-тек санап келген, өзінің 5 мың жылдық тарихының ту басына қоятын Шячаудың (, б. з. б. - ғасырлар), яғни Шя əулетінің шаңырағын көтеруші тайпа. Қытай жылнамалары ғұндар да - сол Шя ( ) əулетінің ұрпағы деп жазады. Мысалы, ол жылнамаларда Ғұндар - өз тұқияны шяхулардың ( ) ұрпағы, яғни күнуейлер ( ) [126], Чуəнійлер ( ) меншялар ( ) аталас, бəрі Хуаңдиден ( ) [127] шыққан [128], Күнуей Ин ( - б. з. б жж. - С. Ж. ) кезінде солтүстікке кеткен. Яғни Шяның ұрпағы -Күнуей [129]. Шаң əулеті ( ) кезінде солтүстікке қашып кеткен. Соның ұландары өсіп ғұндар болды [130], Солтүстік жаққа ауып барып қоныстанған Шяның ұрпағы - Шя Женің (, Шя əулетінің соңғы патшасы. Аңыздарда оны жауыз болған деседі. - С. Ж. ) ұлы. Шя Же жер аударылып барғасын, үш жылдан кейін өледі. Оның ұлы Шюн Юй ( ), шешесін ертіп, солтүстіктегі даланы паналап, мал соңына түседі. Қытайлықтардың ғұндар деп жүргені -солар [131] деп жазылған. Бұл Ұлы бет. сақтар тіпті толып жатыр ҚХР дағы титулды ұлттың аңыздағы ең арғы екі атасының (Алас, Сары ) бірі Кей ғалымдар мұны күнби дейді

71 ЕЖЕЛГІ ҰЛЫС ТАРИХЫ Далалықтар тегіс, ал Орта Жазықтықтың солтүстігіндегілердің дені ақ нəсілді кез болу керек. Дегенмен бұл жылнамалар батыстан келгендерді ауызға алмаған. Бұл аңыз ретінде тек хəндердің өздерін ғұндармен аталас санайтынын ғана көрсетсе, кіріс сөзде айтылған жəне алда айтылмақ өзге тарихи, археологиялық табыстар оның шындықтың бір тарапына жанасымдылығын айқындай түседі. Хуаң Шычян аримаспилерді Орқон дариясынан Алтайға шейінгі өңірді жайлаған түрік тілді тайпа, алғашқы ғұндар, Қытай жылнамаларындағы Шянюн ( ) дейді [132]. Иə, бас шайқауға асықпайық, көбінесе бір елді əржұрт өзінше əр алуан атай береді. Масспероның ( ) болжамынша, Қытай жылнамаларындағы солтүстік тегі рұңдар ( ) делінгендер - ертеде қазіргі Бейжиңнің батысы мен батыс солтүстүстігінде жасаған хулар тайпасы (, демек ғұндардың оғыздарына тəн бір тобы - С. Ж. ). Ол маңның өзге тайпалары б.з.б жж Жау ұлысына (хан - ге) бағынған. Жау ұлысы олардан Ордоспен Шəншидің ( ) терістігін тартып та алған. Бұл барыс Қытайлықтардың əскери реформасын жеделдетіпті. Мысалы Қытайдың əскерлері, ғұндарға еліктеп, ұзын шапандарын тастап шалбар киетін, ауыр арбаларын қойып атқа мінетін болыпты. Атақты тарихшы Иылмаз Өзтұна: Ғұндар түрік тарихының таң сəрісі еді. Қытай жазба деректері əлдеқашан-ақ ғұндарды - ғасырдағы Көктүріктердің атасы деп есептеген болатын деген екен. Мұны Зардыхан Қинаятұлы, Əлімғазы Дəулетхан,т.б. талай ғалым қатты құптайды [133]. Ендеше ғұндар, онымен замандас шаңырақ иелері болған үйсіндер, қаңлылар, аландар да - қазақ, т.б. түрік ұлттарының таң сəрісі. Жанжақтылы материалдарды жинақтай келгенде, Ғұндардың басты тұлғасы ең алғаш Моңғол үстіртінің солтүстік-батысынан шыққан болу керек. Ол тұс - алтайлықтардың түпжұрты, əсіресе Алтай тіл жүйесіндегі түрік тіл тобындағы ұлттардың шыққан жері. Бүгінгілердің көбінің ғұндарды прототүрікке жатқызуы да бұған дөп келеді. Бұдан сырт, жылнамалардағы [134]: Ғұн - кəйти мемлекеті ( ), бұлардың елі солтүстік-батыста деген сөз де бізге дəлел ұстатып, мынаны түсіндіреді: Ғұнның Чиң, Хəн əулеттерінен бұрынғы орны Қытайдың батыс-солтүстігінде; мұндағы кəйти деген Һенниң тұспалындағы гути (кути, Guti/Kuti) дегенді еске салады. Егер бұл екеу ара байланыс бар болса, онда ғұндар оңтүстіктегі Хуаңхы алабына ірге кеңейтуден бұрын тохарлармен ( ) араласқан болып шығады [135]. Б. з. б. -ғасыр соңында, Чин Шыхуаң өліп, ол құрған қағанат күйреген соң, Орта Жазықта бір сəт былығу туылды. Оның аяғы Шяң Юй мен Лю Баңның билік таласына ұласты. Лю Баң жауын құртып Хəн əулетін құрғаннан кейін де, қағанатының бұғанасы қатқанша бір мезгіл өте шықты. Осы барыста Орта Жазықтағылардың іргелес елдерге назар аударарлық күйі болғаны жоқ Йылмаз Ө. «Ұлы түркия тарихы». 1-том. 53-бет жəне Əлімғазы Д. «Хұн-түрік-қазақ тарихын зерттеу мəселелері». Алматы бет

72 72 ЕКІНШІ БӨЛІМ Б. з. б. ғасырдың соңына дейін, Батыс Өңірде бас-басына хандық құрған бір топ ел тұрып келді. Мысалы, қазіргі Гансу өлкесі аумағында ағалап тұрған Ұлы жүз хандығы бар еді. Солтүстік-шығыстағы - Сира Мөрін мен Лоха дарияларының бойында жүрген тоңғұстар (шығыс оғыздар) да осал емес болатын. Ұлы жүздердің шығыс-солтүстігінде, кейінгі Ғұн қағанатына ұйтқы да ие болған Тұман ханның тайпалар одағы тұратын. Ол одақ ішінде ең ырықты Құлантек (Луанди,, шюйлянди- ), Хуян (қиян,, қият, ), Лан (Ұлан,,, сарыұйғырларда ығлаң деген ру аты бар [136]), Сүбүк (Шюйбу, ), т. б. атты тайпалар бар-ды. Ұлы жүздер батысындағы Үйсін ол кезде шағындау ұлыс болатын. Тұман хандығының солтүстігінде, Байқал көлінің батыс жағлауында Диңлиң тайпалары тұратын. Диңлиңдер батысындағы Енесай басында хакастар (қырғыздар) бар-ды. Үйсіннің батыс-солтүстігінде оғыздар жасайтын. Бұдан батысқа қарай да сол жоғарыда аталған сақтардың (Қаңлы, Алан,... сықылды) тайпалары болатын. Тугы (Шюту,,, ) [137]. Б. з. б. І ғасырдан белгілі, Кезінде қазіргі Гансу өлкесінде тұрған Шөте ханның елі. Б. з. б. ғасырдың соңын ала Тұман (Түмен) хан елі күшейді. Ол осыған дейін өзінен күшті болып келген, сондықтан да Мөде (Бөдүн, Бағтұғ) дейтін ұлын ақ үйлі аманатқа ордасына апарып берген Ұлы жүзге шабуыл жасады. Ұлы жүз қолынан амалын тауып аман құтылған Мөде батыр еліне оралып билікке араласты. Көп ұзамай əке орнына таққа шықты, маңындағы сақ тайпаларының басын біріктіріп, тарихқа əйгілі Ғұн қағанатын құрды. Б. з. б. 176 жылы, оның Хəн əулетінің Уынди патшасына: Оң білге ханды жазалап, батыстағы Жүзге шабуылдадық. Тəңір тəлейді беріп, сардар-сарбаздар сайлауыт, ат-тұрманы мығым болды да, жүздерді тапап, қырғындап бағындырды. Кроран, Үйсін, Хужие (қыпшақ. - С. Ж. ) елдерін жəне олармен іргелес 26 елді басып, түгел Ғұнға қостық. Барлық садақты халайықты бір мемлекетке айналдырдық [138] дейтіні осы кез ( Садақты дегендегіден жоғарыда айтылған сақ есіңізге оралған болар). Ғұн қағанатын тəңірқұт атанған елбасы биледі. Тəңірқұттың хəн тіліндегі толық аты (іс жүзінде толық лауазымы) - Чыңли гуту ( ) - Тəңір ұлы. Ғалымдар дəл қазір Чынли деп оқылып тұрған алғы екі иероглифті түркі тіліндегі Тəңір сөзінің қытайша берілуі деп отыр. Бұл жөн. Соңғы екі иероглифті өзге жаққа алып қашысып жүргендер бар. Мысалы кей ғалымдар Тəңірдің ұлындай кең көсем ( ) деседі. Мен мұны Тəңір гөдəгі дегенге хəн жазуының келуі соншалық болған деп есептедім. Гөдəк сөзі қазірге шейін ұйғыр, т. б. түрік ұлттарының тілінде сəби, бала дегендік. Қазақ тілінде ол, тек көдек делініп, есектің төлін (қодығын) ғана білдіретін болып қалған (ал, көтек - оқыс іске айтылатын мағынасыз сөз саналып жүр. Мүмкін оның алғашқы мағынасы да сол болар). Демек қазір тəңірқұт (, тəңір тағайындаған ұлық) делініп жүрген ғұн патшасының шынлауазымы - Тəңірдің Ұлы. Бұл пікірді менен бұрын Əлімғазы Дəулетхан көтерген 136 Шадыман Ахметұлы: //Ұйғырлар жəне олардың ру-тайпалары, Шынжаң қоғамдық ғылымы, 2009 жыл 3, 29 бет. 137 Тиефу, Лушүйху мен Тугы үш тайпаның көп елі хəндерге сіңіп кеткен. 138 Тарихи жазбалар. Ғұн баяны. Мұндағы садақты дегені сақ елі болуы да ғажап емес.

73 ЕЖЕЛГІ ҰЛЫС ТАРИХЫ болатын [139]. Мұны одан да бұрын (1986 жылы) айтқан Лин Ган: Ғұндар баланы гуту дейді ( ) дей тұра, жоғарыдағы Тəңірдің ұлындай кең көсем дегенге ауып, сəл қателесіп кеткен болатын [140]. Тəңірқұттан соңғы екі зор мəнсап оң жəне сол дөкейлер (. Мұны түзу, адал деп аударушылар да бар. Қазіргі қазақ тілінде ол үлкен, зор, кесек мағыналы сөз [141]). Елдің шығыс жағын билейтін сол дөкейхан ( - - cол білік хан) мəртебе жағынан батысты билейтін оң дөкейханнан жоғарылау жəне тəңірқұтқа мұрагер саналыпты. Бұдан төменгі лауазымдарда, реті бойынша, сол жəне оң жанақ хан( ), сол жəне оң зор шербасы (абасардар, ), сол жəне оң аға басжасауыл ( ), сол жəне оң зор даңқа ( ), сол жəне оң құт ( ), одан төменгілер де мыңбасы, жүзбасы, онбасылар тұрған екен. Бұл Үйсін ұлысындағы мəн саптық жүйеге ұқсаңқырайды. Мөде тəңірқұт тек қара күштің аңғал батыры ғана емес. Ол өз заманынан оза туған, стратегия, тактика, доктрина, саясат, амал, айла атаулыға жүйрік көсем. Оған мына мысалдар-ақ көзімізді жеткізеді: Кезінде Мөденің əкесі Түменнің ұлысы Ұлы жүзден əлсіз, тіпті оған кіріптар болса керек. Түмен жас Мөдені Ұлы жүзге аманатқа қояды. Өзге ұлын емес, тəп Мөдені беруінің себебі белгісіздеу. Мүмкін қағаншалар ара күндестікпен ықпалдылықтың нəтижесі шығар. Бəлкім болар баланы дұрыс түсінбеген əке өз қамы үшін құрбандыққа шалуды ойлаған да болар. Соңғы ойға келетініміздің себебі, Ұлы жүзге қол көтермеуге уəде ретінде Мөдені берген Түмен, сəл дайындалып алғасын, Ұлы жүзге шабуыл жасайды. Мұндайда Мөдеге өлім қаупі төнері сөзсіз. Мөде бұл қатерден амалын тауып қашып шығады да еліне оралады. Оралған ұлын əке мансапқа қояды. Мөде садақшыларын басқаша машықтандырады. Өзінің ең аяулы деген малы (аты) түгіл, жанын да (əйелін де)атқызып үйретеді. Əмірді атқармағандардың басын алады. Ең соңында оларға өз əкесін атқызып тəңір құттыққа шығады. Мұны таққа таласқан өзімшілдіктен гөрі, болашақ ұлы Ғұн қағанатын көксеген елшілдік деп бағалайтындар, жауыздықтан гөрі, ұлы мақсат үшін құрбандық шалу деп қарайтындар аз емес. Мұнда да асқан айлакерлік жатыр. Шығыс жағындағы іргелес ел Дұңху (Тұңғұс - шығыс оғыз. - С.Ж.) Мөде тəңірқұтқа кісі салып, басынғандық раймен əкесінің тұлпарын да, əкесінің қағаншасын да сұрайды. Мөде іштей дайындық қып, сырттай сұрағанын беріп, дұңхуларды бейқамдыққа итере тұрады. Ең соңында екі ел арасында иен жатқан жерді сұрағанда, дайындығы біткен Мөде оларды бас салып бағындырып алады. Осы бетінше ұлысын күшейткен Мөде тəңірқұт ең соңында Ғұн қағанатын ұлы империяға айналдыра алды. Мөде тəңірқұт тақта отырған ширек ғасырдан астам Əлімғазы Д. «Хұн-түрік-қазақ тарихын зерттеу мəселелері». Алматы бет < > «Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі». 3-том. 164-бет. тəңір ұлы дегенімен қарайлас.

74 74 ЕКІНШІ БӨЛІМ уақытта (б. з. б жж.) Ғұн қағанаты Ұлы Даланың денін -26 (кей əдебиеттерде 24) хандықты билеп тұрды. Соның бірі Үйсін ұлысы болатын. Астанасы Ұлубалық Орқон (Өр Хұн) бойында болды. 300 мыңдай əскер ұстады. Леузаң (Лаушаң,, Кеюк, Киік) тəңірқұт тұсында, Ғұн билігі шығыстағы Ляу өзенінен батыстағы Көгарттың (Памир, Цүнлиң, ) арғы жағына, солтүстіктегі Байқал көлінен оңтүстіктегі Ұлы Қорғанға шейін кеңіді. Ғұн қағанаты тарихтағы тұңғыш далалық көшпенділер империясына айналды. Хəн əулетіне зор қатер төндірді. Хəн əулеті Ұлы Қорғанды салдыртуға мəжбүр болды. Чин Шыхуаң рұңдилерді ( ) тойтару үшін Ұлы қорғанды салып Қытайды шекаралады [142]. Мүмкін Бан Гу Батысымыз Таухыдан аспайды ( ) деп жазғанда, бəлкім өкінген де шығар, немесе Ескендір Зұлқарнайынша іштей қуанып, шүкірлік Чин Шыхуаң бағындыруға үлгере алмаған (енді біз бағындырарлық. - С.Ж.) аумақ əлі де бар екен деген де болар [143]. Алайда төрт себептің, яғни: 1. Хəн əулетінің толассыз, пəрменді, айлалы соққысы [144] жəне Шығыс Хəн əулетінің жаттарды жаттармен соғу ( ) саясатының ықпалында, ыдыратқыш қимыл жасаулары; 2. Ауыр табиғи апаттар; 3. Əсіресе басшылық элитадағы стратегиялық, тактикалық, докторантуралық қателіктер мен ішкі тақ таласы сықылды шешуі табылмаған қайшылықтар; 4. Елі ішіндегі оңаша бұзаушыл, бір орталыққа бағынғысы келмейтін, ұзақты ойлай алмайтын тайпабасыларының (мысалы көсемдерінің), бөлшектенуге ұмтылыстары салдарынан, аяғы, бұл империяның жолы болмады. Хəн əулетіне Хəн Уди патша болып тұрған мезгілде, ол əйгілі шербасылары (сеңүндары) Уей Чиң, Хо Чюйбиң, Ли Гуаң (,, ) бастаған қолын жұмсап, ғұндарға қарсы үш рет (б. з. б. 127, 121, 119 жылдары) аяусыз əскери соққы беріп, Ғұн қағанатын қатты əлсіретті. Ғұн қағанаты осыдан соң, Хəн əскерінің соққысы, жұт жəне ішкі берекесіздік салдарынан екі рет қатты ыдырады: Бірінші ретте, 5 тəңірқұт қатар тайласқан күй барлыққа келді. Олар: 1. Тезек тəңірқұт (Жыжы,, б. з. б жж.) бастабында шығыс тарапта (сол жақта), інісі Қағаниямен іргелес болды. Б. з. б. 54 жылы шабуылдап келген, Дөкейдің (Тужи,, б. з. б жж) немере інісі Рүнжін (б. з. б жж. ) тəңірқұтты жеңіп күшейген соң, Қағанияны да жеңіп, астана Ұлубалық маңын алды да, Ғұн ордасын басып қалды. Артынан Қытай сүйемелдеген Қағаниядан жеңіліп батысқа ауып кетті. Қаңлы ханының ұсынысы бойынша Енесай бойынан Үйсіннің шығысына келіп, Тараздан астана ұстап тұрды. 2. Қағания тəңірқұт (Хағанза, Хухан-йе,, б. з. б жж.) та Ғұнның сол (шығыс) жағында еді. Тезектен жеңілгесін, оңтүстікке ауып, Хəн іргесіне таман тіпті сырғыды. Артынан Хəнге бағынды. Содан күш алып, өзгелерді бағындыруға ұмтыла түсті «:

75 ЕЖЕЛГІ ҰЛЫС ТАРИХЫ 3. Илиму тəңірқұт (Елемүк, Елбек, б. з. б жж. ) - жайырақ атқа қонғандардың бірі. Əлеуеті əлсіз-ді. Қазіргі Моңғолияның Қобда өңірінде тұратын. Дөкей тəңірқұттың інісі еді. Əсілінде Қағанияның қоластында болатын. Кейін айнып, Ғұнның оң (батыс) жағына қашып барып, ағайындарының мыңдаған қалдық қолын жиып, өзін тəңірқұт деп жариялаған. Б.з.б. 52 жылы Тезек тəңірқұт батысқа аттанғанда, алдымен осыны басып алған болатын. Ол кезде 50 мыңдай ғана қолы бар екен. 4. Чыли тəңірқұт (Керей, Гале, Қал,, б. з. б жж.) - бұрын Хəнге тізе бүгіп кеткен, рыжу хан (нетүк хан ) мəнсабындағы Шяншяндəннің (Сенғандан, ) үлкен ағасы. Інісі Хəнге тізе бүккен соң, Дөкейдаң өз ағасы Бошюйтаңды рыжу хандыққа шығарған болатын. Уоянчюйди тəңірқұт Шяншяндəн хəнге тізе бүгіп кеткенде, оның үш інісінен екеуін б. з. б жылдары өлтіріп, тек оның өзіне құда інісі осы Чылиді ғана аман алып қалған. 5. Дөкей тəңірқұт, яғни Бошюйтаң [Дөкейдің əсілі аты Бошүйтаң - Босадаң-, Уоянчюйди (Оғянғұтек, ) тəңірқұт Дөкейдаңның ( ) ағасы]. Ол б.з.б жылдары Дөкей деген атпен тəңірқұт болғасын, Шяншяндəннің ұлкен ағасын, батыс жаққа тұрғызбай, оң өкен хандыққа ( ) көтеріп, шығыс жаққа барып, Ужи басжасауыл ( ) мен бірге Қағаниядан қорғануға жауапты болуға бұйырған. Дөкей б. з. б. 57 жылы тəңірқұт атанып алған Ужи мен Чылиларды жеңді. Олар батысқа қашып кетті. Сол жылы Қыпшақ (Хуже, Хагат, Хақиат, ) ханы да өзін Қыпшақ ( ) тəңірқұт деп жариялаған болатын. Қашқандар соған барды. Олар ақылдаса келіп, Ужи мен Қыпшақ тəңірқұттықтан баз кешіп, өздеріне Чылиды тəңірқұт етеді. Дөкей тəңірқұт бұларды да күйретеді. Қыпшақ Қара ертістегі өз хандығында қалады. Ужи Енесай басындағы қырғыздарға ( ) барып Ли Линнің ( ) [145] ұлын паналайды. Чыли батыстағы Тарбағатайға ауып келеді. Б.з.б. 56 жылы хан көмегімен келген Қағания Дөкейдаңды жеңеді. Дөкейдаң өзін өзі өлтіреді. Чыли тəңірқұттықтан баз кешіп, шығысқа ауып, Қағанияға бағынады. Бұл кезде (б.з.б. 53 жылы), Ғұн батысында Тезектен өзге тек Дөкейдің немере інісі Рүнжін мен кіші інісі Илиму ғана қалған болатын. Тезек тəңірқұтты б. з. б. 36 жылы, Хəннің батыс өңірге қойған орынбасар аламанбасысы ( ) Чын Таң, патшаның рұқсатынсыз, хəндердің құдіретті Хəнге соқтығушыларды жер түбінде болса да құрту керек ( Қоршауда қалып тəңірқұтқа бағынған. Ғұнда 20 неше жыл өмір сүріп, б.з.б. 74 жылы қайтыс болған. ) дейтін ішкі ережесі бойынша, Тарым маңындағы қалалы хандықтардан қол жыйып, тұтқиыл шабуылмен келіп өлтіріп кетеді. Екінші ретте, (б. з. 48 жылы), Ғұн қуаты қайта күшейіп келатқанда, Қағанияның ұрпағы оң өкен рыжу хан Би (. Аты- ) оңтүстіктегі Хытау (Хасқамыт, ) өңірінде тұрған сегіз тайпаның басын құрап Хəнге тізе бүкті. Шығыс Хəн (б. з жж. ) империясы, бұғанасын қатырып алғасын, б.з. 73 жылы Тезек тəңірқұттың мұрагерлері билеген Солтүстік Ғұн қағанатына шабуылға өтіп, Үбір (Аратүрік, И-у, ) маңын басып алды. Б. з. 89 жылы оларды Қаңғай (, Моңғолиядағы ) тауына шейін сүрді. Б. з. 91 жылы Хəн əскері Гаян (Күсəн, Хəннің атақты ұлығы Ли Гуаңның немересі. Шабандоз, жайгер. Хəн атты қолына басжасауыл болған.

76 76 ЕКІНШІ БӨЛІМ Жюйян, ) сақтарына (бүгінгі Ішкі Моңғолияның батыс өңіріндегі ғұндарға) шабуылдады. Жеңілген ғұндардың тізе бүккендері қалып, бағынғысы келмегендері Алтай тауындағы ( ) қандастарын паналады. Өкшелеген хəн қолы бұған да жетті. Сонымен ғұндар тағы да батысқа сырғыды. Тым ұзамағандары артынан шығыстан келген Сянбилерге бағынды. Хəн жақ (б. з. 119 жылы) Баркөл мен Аратүрікті қайта басып алды да, Ғұнның Хағян (Хуян, ) ханын тағы да батысқа сырғуға мəжбүр етті. Солтүстік Ғұн қағанатына б. з. 124, 126, 137, жылдары қайта-қайта соққы бере отырып, одан арман тықсырды. Осыдан соң ғұндардың дені Ұлы Даланың батысындағы Үйсін, Қаңлы, Алан сықылды ұлыстарға тарай орналасып бір мезгіл ес жыйды. Бұл кезде, əлсіз тəңірқұттар мен кешегі Ғұн жұрты ғана болмаса, ол ұлыстарды бағындырып тұрған құдіретті Ғұн қағанаты жойылған болатын. Шығыстағы Ғұн жұртынан көшпей, Хəнге бағынып қалған ғұндардың қайта шаңырақ көтергендері де болды. Сонымен олар тарих сахнасынан дереу түсе қойғаны жоқ. Яғни ғұндар бертін келе Орта Жазық өңірінің өзінен де əлденеше ұлыс құрып, Қытай тарих сахнасына сан рет шыққан. Мысалы [146]: 1. Алдыңғы Жау (б. з жж. ) немесе Хəн Жау ( ). Үш ел кезінде (, б. з жж. ) Цау Цау ( ) өзіне қараған ғұндарды бес бөлікке айырғанды [147]. ғасырда ғұндардың бұл 5 бөлігінің бас төресі ( ) Лю Юан ( ) Чыңдудың ханы ( ) Сыма Иң (, б. з жж. ) қолында шербасы (сеңүн) ғана болатын. Сегіз ханның былығы тұсынан жақсы пайдаланған Лю Юан көтеріліп, Солтүстік Қытайдың денін қолына алды да, өзін Хəн Ханы ( ) деп жариялады. 311 жылы Лояңды ( ), 316 жылы Чаңəнді ( ) басып алды. Батыс Жин əулетін ( ) құлатып, ширек ғасыр дəурендеген империяны құрды. 2. Бактрия (, 407~431, Тиефу ғұндар ). Тиефулар ( )ғұндар белінен сянбилер ( ) құрсағынан туған метистер делінеді. Бұлардың елбасы Лю Бобо (, Лю Баба, Хылян Бобо, ), сянбилерден жеңілгесін, Чяңдарға ( ) [148] барып паналаған еді. Артынан тегін(фамилиясын) Хылиенге ( ) өзгертіп, Хасқамытта ( ) Шя (тарихта ХуШя - атанған) қағанатты құрды. Оны кейін Солтүстік Уей ( ) құлатты. Бұлардың ең соңғы тұқымын - Батыс Шя ( ) империясын, мың жылдан соң, Шыңғыс қаған бүкіл бөдүнін қырып, тұқым қалдырмай құртып жіберді. 3. Солтүстік Ляң (. 397~460 ). Ғұндар ішінде Лушуй ху ( ) атанғандар нүкістердің (жүздер, юежылар, ) бір бұтары еді. Оларға Солтүстік ляңдардың ( ) Жюйчюй (Сақа, ) тайпасынан шыққандуанйе ( ) дейтін елбасы болатын. Оны өлтірген Мыңшюн ( ) қазіргі Гансу өлкесінде Солтүстік Ляң қағанатын құрған еді, оны кейін Сянби жағы құлатты. 4. Кейінгі Жау (б. з жж. ). Ақ пен сары нəсілділер араласқан бұл метис ғұндардың ішінде өзінің ақ нəсілдігін толық сақтаған топтар едəуір болды. Мысалы, жиелер (, əтектер ) - қазіргі Шəнши ( ) өлкесінің солтүстік- 146 «( ) 147 http: //www. xjass. com дағы «дан алынды. 148 Тибеттердің бір тегі

77 ЕЖЕЛГІ ҰЛЫС ТАРИХЫ шығысында жасаған ғұндар. Бұлардан Шы Лы ( ) құрған Кейінгі Жау ( ) қағанатын 351 жылы хəндер құлатты. 5. Йөбан (Албан, Йұрпан, ) қағанаты да - Ғұн хандығы. Қазақтағы Албанмен тектес бұлар туралы алда тағы сөз болады. Дегенмен, бұлардың жұртынан батысқа аумай қалғандарының көбі кейінгі заманда, ұлттық ортақ тұлғасы біртіндеп шашылып, хəндесіп кетті. Талайы Ұлы Даланың батысына ауып, кейін келе Орта Азия, т. б. өңір халықтарына, соның ішінде қазақ тайпаларына қосылып кетті. Ал, ғалымдар батысқа тым ұзап кеткендерді Еуропаға барған ғұндар деседі. Ұлы Даланың шығысынан сырғып батысқа ауған ғұндардың бір бөлігі (Орта Азия - Тұран мен Оңтүстік Сібір - Қазақстанның солтүстік жағындағы қандастарына барып қосылғандарынан өзгесі) Кавказға, Еділге (қазіргі Татарстан маңы), Дунайға (бүгінгі Мажарстан - Венгрия тарап), Ауғанстанға, тіпті Үндіге беттепті. Еуропаға қарай беттеп, Баранбел ( ) ханның бастауында Каспий жаққа барған ғұндар ең əуелі (б. з ж. ) Алан мемлекетін қиратып, Рим империясы жеріне қашпай қалған аландарды бағындырыпты. Алан ұлысы ішіндегі үнді-еуропа тілді тайпалардың түріктерге ассимилияциялануы осыдан басталады. Одан арғы, Еуропаға барып ғұндар құрған ұлыимперия тарихына біздің бұл «Үйсіннамада» бұрылу міндетіміз жоқ. Ол империя, аумақ жағынан Аралдан Атлантика мұхитына шейінгі жерді алып жатқан, Еуропа тарихына тəн, ғұндар көсемі Еділ (Аттилла, ) құрған Ғұн Империясына қатысты зор тақырып. (Оң жақтағы сурет еуропалықтардың қолымен сызылған-тұғын) [149]. Демек, соншама ғұндар барып қосылғандығы үшін, хəндер де сақтардың шығыста Ғұн атанып қалған бөлігін ата-баба санауға ақылы. Хəн ғалымдарының зерттеуінше, сақтардың шығыста қалған ұрығының (ғұндардың) хəндерге сіңген тобынан тараған ұрпағы негізінен бүгінгі екі Шəншиде ( ) деседі. Қазірде Лю, Хы, Хуян, Мочи ( ), т.б. фамилияларды қолданып жүргендердің дені солардың ұрпағы [150]. Бұл жақтың халық əндерінде ғұндардың Ұлы Даладағы былайғы ұрпақтарынікіне сарындастық айқын байқалады. Өзін Чаң-ан ғұны ( ) деп атайтын, Ең соңғы ғұн шығармасының авторы Гау Жянчүн ( ), Ұлы Далалықтардың ғана емес, сонау Венгриядағы халықтың да қайжағынан қараса да ғұндарға ұқсайтын белгілерге ие екенін талай мысалдармен баяндаған. Мұның да мықты негізі бар. Өйткені Хун (Ғұн - С. Ж. )мемлекеті өз кезінде Шығыс Еуропаны өзіне қаратса, б. з. ғасырының ортасында алтайлық тайпалардың ең ірісі көктүріктер Түрік қағанатын құрып, Алтайдан Қырымға дейінгі жерге иелік етті. Ол көп кешікпей, Шығыс жəне Батыс Түрік қағандықтарына бөлінді. Батыс Түрік қағандығының орталығы Жетісу Http: //cul. hebnews. cn/wangx/ дан алынды. 150 http: //www. xjass. com дағы «дан алынды.

78 78 ЕКІНШІ БӨЛІМ болды [151]. Ал бұл Жетісудың ежелгі Үйсін Ұлысының аумағы екені жұртқа аян (алдыңғы беттегі солтүстік ғұндардың Хəн соққысы салдарынан батысқа аууы мен оңтүстік ғұндардың хəнге тізе бүгуі туралы карта). Демек ғұндар - көп тайпалы сақтардан қалған көп тайпалы ел. Үйсін ұлысындағылар - сол ғұн қағанатының ішіндегі бір тайпалық одақты құраушылар. Мəселенің беті ашыла түсуі үшін, ғұндардың тегі жайлы сөзімізді соза түсейік. Ғалым Жайқын да: Жалпы алғанда, көп санды ғалымдар ғұндар тілінің Алтай тілдер жүйесіне жататынын растайды. Бұл туралы талқылар алғашындағы Орал тіл жүйесіндегі фин-угор тіліне жатадыдан біртіндеп түрік тіл тобына тəн деген бірлікке келісті [152] дейді. Сөйтетін жөні бар. Меніңше, - дейді Лиң Ган, - түріктер түгел Түрік нəсілінен, ал шығысхулар моңғол нəсілінен. Ғұндар моңғол нəсіліне жатпайды, түрік нəсіліне тəн. Ноян тауындағы 25 ғұн қабіріне жүргізілген археологиялық қазбадан ғұн келбеті түсірілген кесте сурет шықты. Суреттегінің қолаң шашы артына қайрылған, маңдайы кең, бадырақ көз, қою мұртты, əлпеті суық, өте сұсты. Моңғол Республикасының археологы Ц. Доржысұроң: бұл кестеге сызылған адам қабірдің иесі, ғұн дейді. Өзге ғалымдар да, моңғолдарда мұрт болмайтындықтан, кестедегі жан моңғол нəсіліне жатпайды деседі. Ықылас аударарлығы - оның қарашығын қара қылғанымен, өзгесін зеңгірмен кестелегені. Бұл ғұндардың түрік нəсілдігін шешуге күшті заттық дəлел беріп отыр. Өйткені түріктердің бет əлпеттік белгісінің (нəсілдік нышанының) бірі -көк көзділік пен қою мұрттылық... Ғұндар - толып жатқан алуан ұлт пен нəсілден құралған тайпалық этнос. Ғұн нəсілін зерттегенде, Ғұнның ноқта ағасының - Луанди [153] (əр əулет тəңірқұттар шыққан ) руының сүйегі уəкілдік етілсе ғана типтік мəнге ие бола алады. Луандилермен жақынқандастығы не құдандалығы бар өзге - Хуян ( ), Лан ( ), Шюйбу ( ), т. б. тайпалардікінің де уəкілдік сипаты бар. Ұйғыр ( ), Түрік ( ), Шюеянто ( ) үшеуі - Телі ( ) жүйесіне жататын бұтарлар... Алтай мен Тəңіртау өңірінде, толып жатқан түрік тілді алуан этнос ежелден тіршілік еткен. Сондықтан мұнда тұрған түріктер атамзаманнан бері оған ізін де қалдырды, күшейген кезі де болды. Демек бұл аймақ б.з. 840 жылы ұйғырлар келуден бұрын-ақ түріктесіп кеткен болатын [154]. Ал, жоғарыда аталған ғалым Ц. Доржысұроң Ноян тауындағы Ғұн моласынан шыққан дүниедегі ою-өрнектерді зерделей келе: Бұл кестелер мен өрнектер жəне олардың құрылымы қазіргі қазақ арасында қолданып жүрген сырмақтардағы ою-өрнектерді еске салады депті [155]. Нығымет Мыңжанұлы өз шығармасында: Қорытып айтқанда, ежелгі замандағы ғұндар батысқа қоныс аударудан бұрын ежелгі қазақ тайпаларымен тығыз байланысты болған. Олар бір мезгіл Үйсін, Қаңлы, т. б. тайпаларды билеген. Солтүстік ғұндар батысқа қоныс аударғанда, Үйсін, Қаңлы, Алан жерлеріне келіп, одан соң шығыс Еуропаға қарай ауған. Осы кезде ғұндардың бір бөлегі осы өңірде қалып, Үйсін, Қаңлы, Алан ұлыстарымен тоғысып, оларға сіңісіп кеткен. ғасырда Еділ 151 Қ. Р. Аманжолов «Түркі халықтарының тарихы Алматы, «Білім 2005, 13-бет» < > (. 155 Н. Мыңжанұлы. «Қазақтың қысқаша тарихы» бет.

79 ЕЖЕЛГІ ҰЛЫС ТАРИХЫ мен Днепр аралығындағы ғұн одағы ыдыраған соң, бұлардың бір бөлегі қайта толқып қазақ даласына келіп, олардың кейінгі ұрпақтары оғыз, қыпшақ, қарлық атанып кеткен. Бұл тайпалардың бір бөлегі қазақ халқының құрамына қосылып, қазақ халқын қалыптастыруға елеулі үлес қосты. Соның үшін ежелгі ғұндарды қазақ халқын құраған қайнардың бірі деуге болады дейді. Ал, тарихшы ғалым Қойшықара Салғара, одан да аса түсіп, Барлық моңғолдардың да, түрік тайпаларының да жəне барлық дала тұрғындарының да шыққан тегі бір, бəрі бір халық - түріктер дейді [156]. Дегенмен сақтар тек қана үнді-еуропа тілінде сөйлескен деп, олардың түрік тілді тайпаларының да көптігін ауызға алмау қаншалық ағаттық болса, ғұндарды тек бір ғана түрік тілді деп, олардың ішінде өзге тілділер болғанын елемеу де соншалық қате болар еді. Ұлы Даланы жалпағынан бір-ақ баса билеген, көп тайпалы қағанатта өзге тілді не əр түрлі диалектілі топтардың, тіпті ұлттардың болмауы мүмкін емес. Қытайлықтар сызған ғұндар келбетін олардың мұрагері түріктер мен моңғолдардан көре аласыз. Вергерше ( ) айтқанда, олар аласалау, дембелше, жуан да дөңгелек басты, жалпақ бетті, бет сүйегі биіктеу, кең танау келеді екен. Мұрттары тығыз, сақалы шоқша көрінеді. Ұзын сырғалығын тесіп, оған сырға тағады, тақ төбесінен бір тұтам шаш қалдырып, өзгесін қырып тастайды. Қалың қас астындағы қой көздерінің нұры өткір. Ұзындығы тізелікке келетін, екі жағында жырығы бар, кең шапан киіп, белдерін буынады. Белбеулерінің екі ұшы алдыңғы жағында салбырап тұрады. Суық жер болғасын жең ұштары тарлау келеді. Бас жəне аяқ киімдері теріден. Кең шалбарларын қайыс белбеумен буынады. Қорамсақтарын белбеуінің сол жағына салбырата асып алады. Міне бұлар енді бір жағынан сізге ғұндардың ата-бабасы сақтарды елестетпей қоймайды. Оған мынаны қоса ойлаңыз: Геродот (. 65) сақтаржауының бас сүйегінің төбесін қасының тұсынан аралап алады да, сыртын терімен, ішін алтын қабыршағымен аптап сусын ішетін ыдыс қылады деп жазыпты. Ал, Алғы хəннамада ғұндарда да тəп сондай ғадет барлығы (тəңірқұттың Юежы - Нүкіс ханының бас сүйегін сөйткені) жазылған. Ғұндардың мұрагері түріктердің ғасырдағы ғадетінде, өлген сарбаздың мəйітіне оның өлтірген жауларының санына тура пропорционал тас қоса көмілген. Бұл ғадет оның алдындағы үнді-еуропа тілділерде де болған. Скитайлар (сақтар) жауының қанын жерге шаншылған қасиетті қайқы қылышына шашады жəне алғаш өлтірген жауының қанынан ұрттайды екен. Өз ішіндегілердің өлгеніне қатты қайғырған скитайлар да, ғұндар да беттерін бəкімен тіліп, жас пен қан бірге ақсын! деседі екен. Сақтар да, ғұндар да жартылай малшы, жартылай егінші болған. Олар төрт түлігін өз ауылына меншікті тұрақты аумақта (қыстау, көктеу, жайлау, күзеу) баққан. Негізінен ет пен ақты азық қып, тері киім жамылып, киіз не ағаш үйде жатқан. Тəңірге табынып, табиғатты кие тұтқан. Сондықтан Паул Пеллиот (Paul Pelliot ) көп салыстырулар арқылы, ғұндар (ең кемінде олардың үстем тайпалары) түріктілді деп қарайды. Һардумтұ ( ) шығармаларында да, «Жоунама. Түрікбаянында»: Түріктер ғұндардан бөлінген нəсіл. Оғы - Ашына. дегені бар. Бартольд те: Адам- 156 Қ. Салғара. «Ұлы қағанат». «Фолиант» баспасы, Астана, , 357-беттер 79

80 80 ЕКІНШІ БӨЛІМ дар бұрын да, қазір де ғұндарды түріктер деп қарайды. Оның үстіне Қытайлықтар ғасырдағы түріктерді ғұндардың ұрпағы деп білген деген екен. Б. з. ғасырының ортасында, нөнендер Көтеңді (Қожаны, ) басып алғасын, түріктер еріксіз Алтайдың қойнауына көшті [157] делінген. Бұл арада басын аша кететін үш түйін бар: Бірі, ең кемінде Ғұн қағанатының батыс жағындағылар түрік тайпалары болған. Енді бірі, сондықтан Қарақожа мен Жетісу жерінде тұрған ел ғана емес, оның маңындағы талай өңірдегілер де түріктер. Соңғы бірі, Алтайға көшкен тек түріктердің бір бөлігі - Қарақожадағы түрік тайпалары ғана. Олар Алтайдағы қандастарына барған. Ал, беделді тарихтың бірі: Қазақтың байырғы тайпалары толып жатқан ғұндарды өзіне қосып алған. Сондықтан ежелгі ғұндар да - қазақ ұлтын құраған бұлақтардың бірі... Қазақ ұлтының басты қайнарлары қаңлылар мен аландар ішінде де талай ғұн құрамы бар. Қазақтар мен ғұндар ара терең де тығыз байланысты қазақтың таңбалары мен ұрандарынан да көруге болады. Мысалы ежелгі қыпшақ тайпасының ұраны - Ойбас. Ал, Ойбас - байырғы ғұн батырының аты. Осыған қарап талай ғалымдар қыпшақтарды ғұндардың ұрпағы санайды [158]... Кей ғалымдар қазақ Ұлы жүзіндегі албандарды ертедегі юепəндар деседі. Олар б. з. - ғасырларында Йөбан одағына енген [159]. Бүгінгі қазақ ішіндегі албан, адбан, айман, т. б. тайпа аттары - йөбан [160]. Жə енді Ғұн сөзінің этимологиясы (шығу төркіні) жайлы əр алуан тұспал барын да айта кетейік. ғасырға келгенде Францияның əйгілі шығыстанушысы, профессор Ж. Дегугнес ( ) хəн жылнамаларындағы шюңну ( ) мен батыс жылнамаларындағы Huns дегеннің бір обьекттің аты екенін көтерді. Бұл қазіргі ғылымда əбден мойындалған ақиқат. Тек ғұндардың өздері өз атын қалай атайтынында ғана сəл дау бар. 1. Ғұн дегенді хəн тарихшылары əр заманда əр түрлі иероглифпен жазып келген. Тарихтағы хəн қаламгерлерінің ғұндардың атын,,,,,,,,,,,,, деп жазуларының бəрі де жаманаттық есімдерді-иероглифтерді (шата, жат, ит, албасты, тазы деген сықылдыларды) қамтиды. Мұны сол заманның өзіндік сырқаты есептеп, құлаққа ілмесек болғаны. Алайда бұларды ғұндардың өздерінше дұрыс атын табу үшін пайдалануға болады. Ғалым Лин Ганша болғанда, Шиоң ( ) да, Ху( ) да - Орқон дариясын кіндік еткен ғұндардың аты. Оның шығысындағылар Дұңху (шығыс оғыз, ), батысындағылар Шиху (батыс оғыз, ) деп аталған көрінеді. Дегенмен мұны ғұндардың өздерін атауы солай-ды, дыбыстық аударма деп қараған күнде де, дəл санау қиын. Бұл екеуінің əсілі Күн мен Ғұз (Оғыз) болу ықтималдығы күштірек. Оны жалғасты зерделеген дұрыс «( ) 158 «Қазақ совет энциклопедиясы». 1-том. 451-бет. 159 «Қазақ совет энциклопедиясы». 1-том. 249-бет бет.

81 ЕЖЕЛГІ ҰЛЫС ТАРИХЫ Бұл туралы Сүн Жəн дейтін ғалым былай дейді [161]: Елтану саласының əйгілі ұстазы Уаң Гоуей ( ) мырзаның «Гүйфаң, күній, шянюндерді зерделеу» [162] дейтін шығармасы - ғұндардың тегі туралы елімізде шыққан таяу заманғы тұңғыш туынды. Бұл шығармада, б.з.б. - ғасырлардағы гуйфаң ( ) күній ( ) ( ), б. з. б. ғасырдағы шянюн ( ), рұң( ) ди ( ), одан кейінгі ху ( ) дегендердің бəрі - ғұн дегенмен бір жүйеде, бір ұлттың əр түрлі аталуы делінген... - ғұнның тағы бір аты... Шялар ( ) [163] күнуей, индер ( ) [164] гуйфаң ( ), жоулар ( ) [165] шянюн ( ), хəндер ( ) [166] шюңну деп атаған ( ). 2. Əсілінде Ну ( -Құл) деген жоқ екен. Кей ғалымдар Ғұн ұлтының аты əсілі шүң ( ) еді. Хəн əулетіндегілер аз ұлттарды төмендету үшін атының артына ну (құл, ) дегенді қосып алды, сонымен болды деседі. Қазір қолда бар байырғы шығармаларға қарағанда, атауы сонау арыдағы деген кітаптардан бастап-ақ жолығады... «Қошқарбай шежіресінде» [167]: жер мен зат қытайша, ал қала мен адам өздерінше болсын дегені рас... Алайда, шынына келгенде, қытайша аудармаларда сүйіспеншілік пен жек көруді иероглиф мазмұнындағы жақсы - жамандық арқылы айырып отырған [168]. Ғұндардың саужоу ( - шөп ботқа) атанған кезі де болған. Ал, бір сəт ғұндар атының тұяғы астында қалған батыстықтар Ғұн, Һұн (Huns, Hunni, Huna) дегенді жабайылар, варварлар мағынасында түсінді, қабылдады. Ху адамы ( ) дегенді куман (ку адамы) деп аудара істетететін де болды. 3. Ғұн деген ат Орқон (Орхун) өзеніне байланысты деу де бар. Ғұн қағанаты астанасының Орхұн ( Өр+ Хұн - жоғарғы өзен - Хұн өзенінің бас жағы шығар?!) өзені бойында болғанына қарағанда, Ғұн атауының сақтардың хұн өзені бойындағы тобы дегеннен шығуы да ықтимал. 4. Тотемге қатысты, мысалы Аққу дегендегі Қу болуы да мүмкін. Хəндердің Ху ( ), батыстықтардың Ку деуі содан шыққан да болар( Куман = Ку+Ман = Ку адамы, ал хурын = + = ху+адамы дегендік емес пе). Ғұн мен Шюң осыдан өзгерген, туындаған шығар. 5. Енді бір ықтималдық - Күн. Жоғарыда аталған күній ( ) ( ), күнуей ( ) дегендердегі бірінші иероглиф Күн деп оқылады. Ал, екінші иероглиф сырттан қосылған кемсітпе мағыналы əріп. Демек, түп ат - Күн. Сөйте келіп, жоғарыдағы хəн жылнамаларындағы Күнуей ( ), Шюңну ( ) мен батыс жылнамаларындағы Huns дегендерден ғұндардың түпкілікті аты Күн болуға тиісті дегенге тоқтаймыз. Бұл пікірді талай ғалым қолдап отыр. Енді, осыған шабыт беретін төл шежіремізде бір дерек те бар. Яғни бұл тұспал «Жамиғ-ат тауарих» («Тарихтар Б.з.б жж. дəурендеген əулет. 164 Б.з.б жж. дəурендеген əулет. 165 Б.з.б жж. дəурендеген əулет. 166 Б.з.б. 206-б.з. 220 жж. дəурендеген əулет

82 82 ЕКІНШІ БӨЛІМ жинағы») пен «Оғызнама» да, «Түрік шежіресі» мен «Түрікмен шежіресінде» де айтылатын Оғыз хан ұрпақтары жайлы шежірелік мəліметтерге тікелей қатысты. Бұл шежірелердің қай-қайсысында да Оғыз ханның алты ұлы болғандығы айтылады. Олардың есімдері - Күн хан, Ай хан, Жұлдыз хан, Көк хан, Тау хан, Теңіз хан. Күн хан, Ай хан, Жұлдыз хан - үшеуі бозоқ, Көк хан, Тау хан, Теңіз хан - үшеуі үш оқ атанып, Оғыз қағанатының екі қанатына айналады. Оғыз хан əр баласынан төрт ұл көреді, яғни жиырма төрт немере сүйеді деп баяндалады бұл шежірелерде. Біз Оғыз ханның балалары мен немерелері таратылатын шежірелік кестені түрік халықтарының барынша қысқартылып тұжырымды да ықшам баяндалған тарихы деп қарастырғымыз келеді. Шежіренің бұл тұсында орта ғасырлық қаламгерлердің өздеріне де түсініксіз болып жеткен том-том кітапқа жүк боларлық ұлы тарихтың жатқандығы аңғарылады [169]. Гүн - қазақша Күн деген сөз. Ертегі бойынша Гүннің алғашқы ханы - Күн - күн сəулесінен жаратылыпты мыс делінеді [170]. Көне тарихқа қарап отырсақ, ертедегі көп елдің аты алғашқы даңқты билеушісінің, хандарының атымен аталып кете барған. Мысалы, өзбек, ноғай халықтарының аты солай аталған. Түріктердің тұңғыш ханы Күн есімді кісі болыпты деген аңыз да осы ойымызды құптауға қызмет етеді деп ойлаймын. Сондықтан хұн, ғұн немесе гүн демей, бұл елді о бастағы өз атымен күн деп жазғанымыз дұрыс секілді [171]. Əрине қатты иландырарлық жөн сөздер. Хəн тіліндегі жазба тарих пен төл жазба шежіреміз мазмұндық, дыбыстық жақтарынан түгел қабысып тұр. Мен, Күн дегенді қатты құптаймын, дей тұрғанмен оқырманға жеңілдік тудыру үшін, əбден бірлікке келгенге дейін Ғұн дей тұрғанды жөн білдім. Егер ілгерілей де қадай айтсақ, біз жоғарыдағы сақтар туралы баянымызбен Сун Жянның сөздерінен Ғұн туралы мыналарды болжай аламыз: 1. Ғұн қағанатындағы тайпалардың тарихы ұзын. Олар Тұнязылықтарға б.з.б жылдықтың аяғынан бастап-ақ белгілі болған. Əрине, оның арғы жағында тұниязылықтар білмейтін тарих тағы жатыр. 2. Б. з. б жылдықтағы заман - сақ тайпаларының Ұлы Далада, сондайақ Орта Жазық төңірегінде дəурендеп тұрған шағы. Демек Ғұн тайпалары - іс жүзінде сақ тайпаларының бір бөлігі, батысқа көшкен алғы топтарға ілеспей қалған сақтардың ұрпағы. 3. Б. з. б. 770 жылдан бұрын оларды өздері де, хəндер де Ху (Ақ қуды еске алыңыз, ) не Күн ( ) деп немесе соған таяу атпен атаған. Шялардың ( лардың - сақтардың бір бұтарының) (қазіргі дыбысталуы - чүнуей, ежелгіше - күн би ге таяу, Əлімғазы Дəулетханша Шоңби) дегені, бəлкім, хəндерше ну (, құл) дегенді (жамандауды) қоспай, неғұрлым ғұндардың өзінше атауын қолданғаны болар. Ендеше ғұндардың аты өзгелерге патшаларының аты не лауазымы - күнби бойынша таралған болуы да мүмкін. Кейін хəндер би дегеннің орнына төмендетпе атау ну - ды қолданған шығар. Күн сол замандағы оқылуы бойынша шұң ( ) болып түскен. Патшасының аты күнби болғанда, бірінші ықтималдық - оның қол астындағы жұртының аты күн болуға тиісті ( Түрікменбашы дегенді еске алыңыз). Де- 169 Байбота Серікбайұлы Қошым-Ноғай. «Күннен туған, гүннен туған пайғамбар» 170 Сəбит Мұқанов. «Халық мұрасы» Алматы. Қазақстан. 13-бет. 171 Б. Нұржекеев. «Өзендер өрнектеген өлке» беттер. Алматы. Жалын

83 ЕЖЕЛГІ ҰЛЫС ТАРИХЫ 83 мек олардың аты - ғұндар емес күндер. Екінші ықтималдық - күнби дегені, күн тəңірім тағайындаған би мағыналы болса, онда көп тайпалы қағанаттың халқының ортақ аты басқаша, тіпті жоқ болуы да мүмкін (КСРО халқын еске алыңыз). Онда күндер мен ғұндар сырт елдің қойып алған аты есептеледі. 4. Ғұн деген аттың шығу тегін іздеу барысында, əсіресе ол аттың қай тілден шыққанын ойлағанда, Тəңір гөдəгі, Тəңірқұт деген сықылды ғұндардағы түрік сөздерінен еске оралады, бұл кездегі ғұндар (кемінде оның билеуші, күшті жəне көп санды тайпалары) - нағыз түрік сақтарды негіз, кейін кіріге келіп əбден түріктенген өзге сақтарды қосалқы қылғандар. Оған түрік тілі туралы ғалымдар пікірі тіпті сүйеу болғалы тұр. Мысалы олар: Тіл ғылымының диахрондық (тіл тарихындық), синхрондық (мезгілдес, ) жəне тарихи салыстырмалы əдістері арқылы жүргізілген зерттеулер мен тарих, археология ғылымдарының жетістіктері Ғұн тілінің түрік тіліне жақындығын дəлелдеуге негіз болды. Мағына жəне дыбысталуы жағынан мынадай ғұн сөздері түрік тілдеріне сəйкес келеді: тəңір, құт, тархан, ажа (əже), қыз, түмен, шүлен, топырақ (мола ұғымында), қыңырақ (қылыштың бір түрі), сүт, отар (немесе орда), бөрі, құлан, сүг (əскер), т.б. [172] деседі. Егер мұндай ғұн сөздерін қытайша - түрікше баламаларымен қосақтап көрсетсек былай (жақша ішіндегі иероглифтің қазақша баламасы): Тəңір Чыңли Гөдəк Гуту (сəби) Күн би Күнуей Күн, Шюң, чун Дөкей (үлкен) Қу (Аққу) Тезек Жыжы Шоң үй, Шоңби Шюнюй Ұлан лан Рулы Роди (нақ тек) Анжы (ажын, еңлік, əтше) Қыз жюйцы Өту (шекара, өткел) Дүлей (Аруақты жер, оба) Қыңрақ Жиңлу (қанжар) Соңында айта кетерлік бір жайт - ғұндар өзіндік өскелең мəдениетке, сол қатарда жазу-сызу сықылдыларға да, т. б. ие болған. Л. Н. Гумилевтің: Көшпелілер арасында 172 «Қазақстан. Ұлттық энциклопедия», 3-том. Қайрат Ғабитханұлы. «Ғұн тілі».

84 84 ЕКІНШІ БӨЛІМ жазу-сызу туралы мүмкін емес деп ойлауға ешқандай негіз жоқ. Сауаттылық - ғасырлардың өзінде-ақ, түріктер, ұйғырлар жəне қырғыздар арасында кең тараған болатын. Ғұндар да одан құралақан қалмас еді деп тек айтпаған. Бергі жаңалықтар арқылы бұл көзқарасты бекемдей түскендер, мысалы Əлімғазы Дəулетхан: Моңғол үстірті мен Алтай, Ноюнула алқабынан табылған ғұн тəңір құттары молаларындағы ғажайып мəдени ескерткіштер, төрт бұрышты таңба жазулар мен Есік обасынан шыққан əйгілі алтын адам бауырына басып жатқан күміс тостағандағы 26 əріп, əлемдік түркология тарихына төңкеріс жасағандай болды. Осынау айтулы ғылыми жаңалықтардың тұғырын нықтай түсер үлкен жаңалық жылы моңғол археологтары тапқан Бұлғын аймағына қарасты Бабалы (Өвгөнт) ғұн моласынан шыққан шекіме алтын пеңгейдегі көне түрік руникалық алфавитімен жазылған төрт сөз (б.з.б. ғасыр) деуге болады [173] дейді жəне оған Батыс Хəн əулеті кезінің ірі мемлекет қайраткері Хуаң Куаң: Жөн-жоралғылық ережелер жинағы болғанымен, сүйекке ойып, теріге басқан жазуымен ұлықтары өзара хабарласады. деуіне қарағанда, жазу-сызуы бардай көрінеді, Каң Тай [174] да өзі барған Фунан (Камбоджа) туралы жазып келе жатып: Олардың кітаптары бар жəне оларды ұқыпты сақтайды. Олардың жазуы ғұндардың жазуын еске түсіреді [175] депті дегендерді қосады. Біз «Ғұннама» жазып отырмағандығымыз үшін оған бұдан артық орын бермедік. Алайда, арғы сақтар мен бергі Үйсін мəдениетінен ортадағы ғұндардың мəдениеті де елестейтін болады. Керісінше айтсақ, ғұндарда жазудың болғаны үйсіндерде жазу болғанына тіпті сендіре түседі. Өйткені ол көне мəдениет ошағы Қытай, Қосөзен, Еуропалардың жол торабында ғана емес, Орта Азиялық Екі өзен (Мауреннахар, Сыр мен Аму) мəдениет ошағының қасында емес пе. 4. ҮЙСІН ҰЛЫСЫ ҰЛЫ ЖҮЗДЕРГЕ ТУЫС ЕЛ Иə, ұлынүкістер (ұлы жүздер) де - Африкадан келгендердің ұрпағы, үйсіндер сықылды Ұлы Дала сақтарын тұқиян еткендер, сол даланы билеген Ғұн империясындағы хандықтар сықылды, бірақ одан дербес бір ұлыстың халқы, үйсіндермен ауылы аралас, қойы қоралас жұрт. Сондықтан бұлардың туыстығында дау жоқ. Бірақ бұлар түгіл бір атаның балалары да не саяси бағыттан, не жеке мүддеден кейде қайшыласып, кейде соғысып, кейде мүлде жат болысып кетіп жатады. Мұндай қылық бүгінде де жоқ емес. Үйсін тарихындағы кей оқиғалардағы мұндайларға қарап бұларды туыс емес деу ағаттық болар еді. Онсыз да, Үйсін тарихында ауызға жиі алынатындықтан, бұл ұлысты аз да болса айта кеткеніміз жөн. Ұлынүкістерге (ұлы жүздер,, да юечжи, ұлыйөзілер, кейде ұлытохры делініп те жүрген этносқа) хəн жылнамалары əр түрлі ат қолданған екен. Мысалы, (Юй - мешін, маймыл) (жы), (юйжы), ( - ескіше ру, қазіргіше юе), (ню - сиыр) (шы, жы),,, сықылдыларды. Бұрын бұл иероглифтердің қазіргі оқылуы бойынша Ұлыйүз, Ұлыжүз деушілер көп еді. 173 «Хұн-түрік-қазақ тарихын зерттеу мəселелері». Алматы бет. 174 Үш патшалық кезіндегі У əулетінің дипломаты. 175 У дəуіріндегі шетел хикаялары».

85 ЕЖЕЛГІ ҰЛЫС ТАРИХЫ Бертінде иероглифтердің ескіше оқылуын қуып Ұлын үкіс деушілер де шықты. Жоғарыдағы қытайша берілген аттарының ішінде Ұлы жүзге таяулары көбірек екенін байқап отырған боларсыз. Оның үстіне Юе ( ) дегеннің фамилия екені де белгілі. Фамилиялық иероглифтің оқылуы, демек Юе деген заманға ілесіп оңай өзгере бермейді. Сонда мұны да Юежы, демек Йүз, Даюежы (Үлкен юежы) дегенді Ұлыйүз, Ұлыжүз деген жөн. Хəн жылнамалары ұлыжүздерді (ұлынүкістерді) Көшпелі ел. Малына ере жылжиды. Ғұндармен ғұрыптас [176] деген екен. Осы сықылды деректерге арқа сүйеген ғалымдарша айтқанда, ұлы жүздер бұрын Дүнхуаң (Тохар, Дахата,, ертеректегі ) жақта малын бағып жатқан жұрт көрінеді. Тохар деген Грек географтарының Ұлыжүзге қойған аты. Іс жүзінде Ұлыжүз - Тохар жүйесіндегі ұлттардың ең тебінділерінің бірі ғана... Тəйшя ( ) мен ежелгі Грек қаламгерлері көтерген, Орта Азияның шығысындағы дала тайпасы Тохар ( ) дегендер оқылым жағынан таяу болғандықтан, зерттермендердің бəрі АлғыЧин жазбаларындағы Дашя ( ) дегенді Таң əулеті жазбаларындағы Тохар деп біледі [177]. Ұлы жүздер ғұндармен тайпалық қақтығыстардан соң, əуелі Іле маңына, кейін келе Екіөзен (Аму мен Сыр) жаққа барады. Ғұн қағанатының соққысынан Сыр мен Аму жаққа ауған Ұлы жүзден қалған дейтін бір шумақ өлеңді 60 жылдың алдында Чын Дыңзы [178] ауызға алған екен. Онда былай делініпті: Ұлым! Қаталасаң да ішпес бол өзен суын! Ішсең, татарсың жауыңның уын. Өйткенше жау қанын іш, соған жуын. Ұлым!Өлсең де бағынба, ие етпе қасыңды! Өлсең, табыттан көрмейін денеңді - асылды, Əкелер болсын қалқанға салып басыңды! Иə, ол кез тілден гөрі қарумен сөйлесетін заман емес пе. Ұлыстар мен тайпалар ара қақтығыс жиі болған. Бірақ Ұлыжүздің шын жаулары кім болғаны тым айқын емес. Əйтеуір оның бірі Ғұн қағанаты екені рас. Ұлыжүздер осы өлеңдегіше бағынбаған, қайта өзгені бағындырған бір дəуірді басынан кешкен екен. Бұл Екі өзен арасын кіндік еткен өңірді тарихшылар көбінесе Соғдияна деп атайды. Соғдыны Хəн тілді тарихи материалдар, көбінесе, тіке Соғды ( ) демей, Жауудың тоғыз оғы (, Қаһарман Салқынбаевше тоғызтему ) [179] деп те атаған. Бұл ат да кезігеді. Онда Каң елінің ( - Самарқанды кіндік еткен нағыз соғдылықтар регионы) ханының əсіліндегі тегі (фамилиясы) Уын ( - жылу мағыналы иероглиф - С. Ж. ) болатын. Ертеде Келентаудың (Гансу өлкесіндегі Чиланшан,. - С: Ж. ) теріскейіндегі Жауу қаласында тұрушы еді. Ғұндар шабуылдаған соң батысқа көшіп, Памирден аса барып ірге тепкен. Оның хан ордасындағыларының ұрпақтары Каң елінің маңынан əкімият құрғанда, байырғы (http: //www. xjass. com ) 178. << >>,, бет. 179 Хəн тарихшыларынша, соғдылардың (əсіресе оның ішіндегі Каң ( ) тайпасының) əсілі жұрты - Қытайдың Гансу өлкесіндегі Жауу ( ) қаласының маңы (қазіргі ауданыны қасы). Олар сол жұртын ұмытпау үшін Жауу дегенді фамилия қып алған.

86 86 ЕКІНШІ БӨЛІМ қонысын ескеріп, бəрі Жаууды фамилия еткен. Сондықтан əйтеуір Жаууды фамилия еткен ұлттар тегіс Соғдылық есептелді. Тарихи материалдарға қарағанда, Жауу фамилиялылардан Каң (Қаңға, ), Əн (Бұхара, ), Похан (Перғана, Барғана, Барған, Бақан ), Ми (Маймарғ, ), Шы (Кеш, ), Хы (Қай, ), Унаже (Онағар, ), Му (Мургаш, Мерв, ), Зау (Забұл, ), Сау (Кебұт, ), Шы (Шаш, ), Хошұн (Хорезм, ), Рұңди ( ), Дұң-ан ( ) дейтін 14 ұлыс бар [180]. Ертедегі хəндер, көбінесе, шет əкімияттағылардың мемлекетінің атын сол мемлекет бұқарасындағы жекелердің фамилиясы санайтындықтан, өздері көрген Каң, Əн, Ми, Шы, Хы, Му, Сау, Шы,... фамилиялы шеттіктерді түгел соғдылықтар деп білген. Қытай мен шетелдердің арғы-бергі əр алуан жазбаларында Соғдының географиялық аумағы түрліше делінгенімен, мөлшермен айтқанда, Орта Азиядағы Аму мен Сырдың арасын, Зерабшан дариясын кіндік еткен регионды жəне Ташкенттің Сырдың солтүстігіндегі таяумаңын Соғды өңіріне санаса іс жүзінен тым алшақ кетпейді. Бұл аймақ үлкен емес. Алайда ол ертедегі ірі өркениеттер көзінің бірі саналады жəне өзге өркениеттермен қатынас торабы болып келді. Сондықтан соғдылықтар сыртқа қарай дамудың өзгелерде жоқ абзалдығына ие болды. Соғдылықтар кезбе келетін. Олардан көрінген басты ерекшелік - саудаға шеберлік. Сонымен бірге əр жердің өркениетін қабылдап өзіне жаратуға жəне оны өзге аймаққа таратуға құмарлығы [181]. Бұл əрине біз сөз қозғап отырған б.з.б. ғасырдың аржағындағы ірі оқиғалардың салдарына да байланысты. Мысалы, кезінде Ескендір Зұлқарнайын (А. Македонский) бұл өңірге қалың қолмен басып келген; Сырдан өте алмаса да, оның сол жағын билеп, уəлилерін тағайындап, ерте келген қалың əскерінің (Грекиялық, римдық, т. б.) талайын жерлік халық арасына тастап кеткен; Сондықтан, шығыстан келіп билікті тартып алған ұлыжүздер ғана емес, дүниенің талай тұсының мəдениет уəкілдері бұл аймақта мейлінше тоғысқан болатын. Ұлы жүздер келіп басып алған, Соғдыны қамтыған, Бактрия елі отырықты, ауқатты, мəдениетті еді. Бірақ ол бұл тұста қатты əлсіреген болатын. Билік басындағы Еократидмес өз ұлының қолынан қаза тапқан. Оның орнына шыққан Хелиоклес əлі таққа толық орныға қоймаған-ды. Ұлы жүз осы өңірдегі Бактрияға (Bactria, Ұлы Шя, ) барғасын, оның билеушілерін қуып жіберіп, Бактрияны басып қалады. Бұл оқиға туралы Уаң Жылайдің мына сөзі құлақ түрерлік: Страбо тохарлардың Бактрияға басып кіруі туралы тоқталып бүй дейді: Көшпенділердің ең атақтылары - əлгі римдіктердің қолынан Бактрияны тартып алған асылар (asii, asiani), тохарлар мен сакараукаелар. Бұдан сырт, Помпейус Трогус та бүй дейді: Сақтардың Сараукае тайпасы мен Асы тайпасы Бактрия мен Соғдиянаны басып алды... Асылар тохарлардың ханы болып қалды. Сараукаелар жеңілді. Бұл арада айтылған асылардың тохарлар екені, сараукаелардың тохарлар қуып жіберген сақтар екені анық [182]. Бұл арада Асылар дегеннің Ұлыжүз екені, үйсін еместігі тағы да алдымыздан шығып отыр. Ұлыжүз билеген Бактрияның астанасы Ламше қаласы (, Көккент, 180 Алғашында тоғыз ғана екен. 181 ( ) 182 Уаң Жылай. «Оттұра Асия тарихы». 1-том. ұйғырша. 123-бет.

87 ЕЖЕЛГІ ҰЛЫС ТАРИХЫ Қамшеқала, Қазіргі Ауғанстандағы Уəкилауат - ) болыпты. Олар Бактрия елін 5 хандыққа ( - шихуго, жабғылыққа) бөліп басқарыпты. Олар - Кушан (Қəніһар қаласын кіндік еткен Кушан,, ) Шұм (Уахан қаласын кіндік еткен Шюми, ) Шуамак (Шуамака қаласын кіндік еткен Шуаңми, ) Шыдүн (Паруан қаласын кіндік еткен Шитүн, ) Дом (Кабулды кіндік еткен Думи, ) екен. Аму өзенінің солтүстігіндегі Ұлыжүздің шығысы Ферғана, Оңтүстігі өзі билеп отырған Бактрия, солтүстік-шығысы Үйсін, солтүстігі Қаңлы, батысы Арсак болған. Арсак (Парфия, ) Парсы империясы жеріндегі (Иранның шығыс солтүстігі мен Каспийдің шығыс оңтүстігіндегі), мықтап дамыған, Ұлы Жібек жолын тізгіндеген, көп қалалы, көп ұлтты, көп тілді, егіншілігі де өркендеген, құлдық мемлекет болатын. Бұл тұста əлемдегі ең ірі ел осы Арсак, Хəн əулеті мен Рим еді. Арсак б. з. б. 141 жыл маңайында іргесін Орта Азияның оңтүстік-батысына, Қосөзен төңірегіне дейін кеңейтіп ірі империяға айналған. Бұл ел Кушан империясы көтерілген соң əлсіреп, Сасанилар шыққасын құлады. Ұлыжүз (тохарлар) Бактрияны басып алғаннан кейін, б. з. б. 124 жылы Арсакқа шабуылдап, жеңіп, бір сыпырып қайтқан. Сосын Арсак қайта күшейсе де, бұларға тым тиіспей, іргесін батысқа қарай кеңейте берді. Одан соң да, талайға шейін Римға төтеп берумен болып, шығыс жағына соқтыға қоймады. Тек б. з. б. 115 жылы, Антоқ (, қазіргі Түркия оңтүстігіндегі Антакия) дейтін қаланы Ұлыжүзден қайтарып алып, оның атын иранша Мулуға ( ) өзгертті. Осыған қарағанда да, Ұлыжүз тілі иранша (демек үнді-еуропаша) емес болып шығады. Егер Ұлыжүздің Бактрияны беске бөліп басқарғанын, оған қойған ұлықтарын жабғы атағанын ескерсек, Ұлы жүз тілі түрікше болуға тіпті де тиісті. Уаң Жылай: Ұлыжүздер Бактрияны басып алғанымен, олардың бір бөлігі Амудың солтүстігінде тұрған. Ұлыжүз мемлекетінің 100 мың түтіні, 400 мың жаны, 100 мың сайжарақ қолы болған [183] дейді. Б. з жылдарында, Кушан тайпасынан шыққан Кужула (Көккөзоқ,, ) [184] бұл елді, өзге төрт жабғылықты да бағындырып, күшті Кушан əулетіне ( ) айналыпты. Əулет астанасы Пешауар ( яғни, бүгінгі, Peshawar) бопты. Күшан əулеті - ғасырдан бастап əлсіреп, сосын ыдырапты. Халқы кейін жергіліктерге сіңіп кетіпті. Ғəйрат Абдұрахман: Кушан мен өзге төрт жабғылықтағылар -Ұлыжүздер емес, бактриялықтар (сақтар [185] ). Ұлыжүз əулеті - араластыруға болмайтын, екі басқа ұлт құрған əулеттер. Кушан əулеті - Ұлыжүз əулетінен кейін, бактриялықтар құрған əулет... Кужуланың алғаш шығарған жармақтарындағы ныспы Yavugasa ғана, яғни Jabga,, (ябғұ, жабғы. - С. Ж. ) дегенге сай. Демек бұл кезде ол Ұлыжүз ханының қоластындағы сең үн (жабғы. - С. Ж. ) ғана. Ал, б.з. 38 жылына келгенде ол ныспын ұлы хан (Maharaja) дегенге ауыстырады. Кужула ұзақ жасап, 80 неше жасында қайтыс болған... Б.з. 75 жылы оның орнын ұлы басты. Бұл тұста Ұлы жүз ханы, əлсірегенімен, əлі де Уаң Жылай. «Оттұра Асия тарихы». 1-том. ұйғырша. 138-бет. 184 Кей əдебиеттерше 228 жылы құрылған, деген Куджула Кадфиз KujulaKadphises делінеді. 185 Сақтардың Шығыс Иран тілді бұтары демекші болар.

88 88 ЕКІНШІ БӨЛІМ бар-ды. Уейсутипо ( ) - Ұлыжүз хандығының ең соңғы ханы. Одан кейін Сасанилар əулеті шыққасын, Ұлы жүз хандығы күйреткіш соққыға тап болды. Біртұтас Ұлыжүз хандығы жойылды. Орнында əкімияттық жұрт пен ірі елге бағындылық қалды [186] деп дұрыс айтады. Ғəйраттың бізге берер бір шабыты - Бактриядағы ежелгі-отырықты этностар мен Ұлы жүздің бір ұлт еместігі. Содан барып туындайтыны ұлы далалықтардың көп ұлтты, көп тілді екендігі. Енді бір анығы - əкімияттық жұрт пен ірі елге бағындылық қана қалған, біртіндеп өзге этностарға сіңген ұлы жүздіктердің қасындағы үйсіндерге де сіңетініне шүбəланбау. Ұлы жүздіктердің тегін бұрын əркім əр түрлі атап, тілін де əр алуан (Иран тілді, түрік тілді, қытай-тибет тілді) дейді екен. Ғалымдардың дені Бактрияның тұрғын халқын шығыс иран тілді деседі. Ғəйрат айтқандай, Кушан əулеті мен Ұлы жүз əулеті - араластыруға болмайтын, екі басқа ұлт болса, оның үстіне ұлы жүздердің шығыстан ауып келгенін жəне түріктерге тəн жабғы атты лауазымдарды қолдануын ескерсек, ұлыжүздердің иран тілді болмауы əбден қисынды. Ол заманда бұл жақта хəн-заң тілділер жоқ болатын. Сондықтан ұлы жүздерді түрік тілді деуге əбден ақылымыз. Дегенмен, ол кездегі тілдердің бір-бірінен тəп бүгінгідей алшақ емесін де ұмытпаған жөн. Осыған қолдау білдіретін мынаны да айта кетейін. Соғды мен Соғдияна - аймақтың, жердің аты. Соғдының ежелгі тұрғындары (аборигендері) отырықты, аз санды, шығыс иран тілді. Жоғарыда айтқанымдай билігі əлсіз болған тұста Ұлы жүз келе сап билеп ала жөнелген. Ал, Жяуу тоғыз оғы ( ) дегендегі Жяуудың Келентаудың (Тəңірдағ, Шүлентау, ) солтүстігіндегі Жаң-йе ( ) аймағында жатқан ертедегі Жяуу ( ) қаласымен (қазіргі аттас ауылмен) иероглифке дейін ұқсастығы кездейсоқтық па, жоқ əлде бұл тайпалардың ертедегі қонысы сол ауыл маңы жақ болған ба? Бұл əлі де зерделеуді қажет етеді. Жауу тоғыз оғының (тайпасының) Жүзбен (Нүкіспен, этнотөркіндестік байланысы бар дейтіндер Уейнама. Батыс өңір баянына негізделеді. Онда Самарқандықтардың ( )... фамилиясы əсілі Уен ( )еді. Жүздер ғой (бұл жүздер қоластында дегендік болар. - С. Ж. ). Бұрын Келентау теріскейіндегі Жяуу қаласында тұратын... Жаң-йе аймағында Жауу атты ауыл əлі де бар. Сонымен бірге Жаң-йедегі қазба жұмысынан шыққан жюйян (Гаян, Күсан, ) [187] қытайша жазбаларынан Ан ( ), Цау ( ), Ми( ), Шы ( ), Хы ( ), Шы ( ), Му ( ), Су ( ) дейтін оқ аттары жиі кезігеді. Батыс Хəн əулеті солтүстік-батысты игерген алғашқы мезгілде, солтүстік-батыста хəндер жоқ болатын, игеру негізінен жерлік тұрғындар арқылы жүргізілетін. Ал жерлік тұрғындар құрамында жүздер мен чяңдар басым санды ұстаушы еді делінген. Бұдан ойымызға мыналар келеді: А. Бұл тұстағы Уен фамилиялы самарқандықтар жүздерге бағынышты ел. Уен - олардың тайпа атының басқы иероглифі ғана. Оны əсіліне келтіру былайғы міндет. Ə. Жүздердің тайпалары Соғды деген аймаққа барған, оны билеген. Бірақ оның 186 (http: //www. xjass. com ) 187 Бұрынғы Ғұн жері. Батыс Хəн əулеті кезінде аудан болған. Қазіргі Ішкі Монғолияның Ежина дейтін жерінің шығыс оңтүстігінде.

89 ЕЖЕЛГІ ҰЛЫС ТАРИХЫ тоғыз оқты (тайпалы) ел делініп отырған, қалалық, ежелгі жерлік халқымен жақын тектес те, бір тілдес те деуге ертерек. Оны ілгерілей зерделеукерек. Б. Жүздер, тек өздері билік құрған жерлерде ғана емес, Батыс өңірдің өзге тұстарында да (хəндер игерген, Хəн əулетінің басқағы тұрған жерлерде де)болған. Үйсін, т. б. ұлыстарда да өмір сүрген (демек қазақтағы Ұлы жүз-үйсін деп қосақтау тегін емес!). Жанұзақ Əкім «Түркі өркениеті негізіндегі қазақ идеясы» деген еңбегінде : Ежелгі түркі тайпалары, оның ішіндегі Ұлы жүз тайпалар одағы құрамындағы кердері, мойтұн (қарақалпақ) жəне басқа тайпалар б.з.б. - б.з. ғасыр аралығында Орта Азияда, Ауғаныстанда, Үндістанда, Кушан мемлекетін құруға атсалысқан жəне осы мемлекеттің ақсүйектері болған. С. Кляшторный жүздерді үйсіндермен бірге шығыс скиф (сақ) тайпаларына жатқызады. С. Руденко бастаған ғалымдар. жүздер тайпасының құрамында, еуропалықтармен қатар, түркілердің де болғанын айтады. Академик В. В. Бартольдше кушандықтардың немесе ұлыжүздердің ақсүйектері кердерілер болған, Ұлыжүздер ертедегі түркілер мен үндіеуропалықтардың арасында тұрғандықтан, əр түрлі нəсілден құралған Ұлыжүздер ішіндегі түркілер негізінен əскербасшы жəне сарбаздар болуы керек дейді. Рахманқұл Бердібайдың тікелей зерттеуінше, Қазіргі алтай халқының құрамында Жүз атты тайпа ұрпағы əлі де бар екен («Байқалдан Балқанға дейін», Алматы, 1996, 11-бет). Демек Ұлыжүз елі географиялық жағынан бек шашыраған, этникалық тарапынан талайды қамтыған. Бұлардың ішінде түрік тілділер жоқ та, талайы кейін келе қазақты құрауға атсалыспаған да дей алмайсыз. Əрине, Арғы тарихтағы Даиожы (Үлкен иөжы, Ұлыжүз) мен соңғы мыңжылдықтағы қазақ Үшжүзінің Ұлыжүзін байланыстыру қисынды болғанымен, оның нақты байланысу процесін айшықтау үшін əлі талай шаруаны тындыру қажет. Дегенмен сақ, ғұн, түрік халықтарында өз бөдүні мен əскерін үшке (сол, оң, ортаға) бөліп билеу ғадеті болған. Сондықтан қазақтағы Ұлы, Орта, Кіші деп бөлулер мен бұлар ара идеялық, салттық сабақтастыққа күдіктену орынсыз. В. Соғды - талай ру-тайпалар (оқтар) отырған жер. Əр бірі бас-басынашағын қалалық хандық құрған. Оның кейі түрік тілді, кейі өзге тілді болуы мүмкін. Жоғарыдағы Жюйян қытайша жазбаларынан шыққан оқтардың(тайпалардың) атын соғдылықтарға қосақтасақ былай болмақ: Каңго, Қаңға, - Самарқандтағы қалалық хандық [188], (Анго - Бұхара қаласын кіндік еткен ұлыс), (Шыго - қазіргі Ташкент маңындағы Шаш-Чач), (Шыго, Самарқандтың оңтүстігіндегі Кеш елі (Цауго, Самарқанд солтүстігіндегі Хебуд, Кебұт елі), (Хыго, Самарқанд солтүстік-батысындағы Кошана елі, Қай), (Миго, Самарқандтың шығысындағы Маймарғ елі), (Хошүн, қазіргі Хоразм маңындағы ел), (Фади, Betik) [189]. Ал, Му (Мургаш, Мерв, ), Су ( ), Дұң-ан ( ) сықылды Мұны Қаңлы ұлысымен шатыстырмау керек. Бірақ қаңлылар кең таралған. Бəлкім Самарқанның негізгі тұрғыны қаңлылар шығар. Самар+қаң деген шешен қаңлы мағыналы сөз. 189 Кейде рұңди ( ) деп жазылып жүр.

90 90 ЕКІНШІ БӨЛІМ бірталай елдер кейін мəлім болып, Соғдыдағылар, тоғыз емес, 14 оқ саналған. Бұл қосақтаудың дұрыстығы екі жауудың тегін дəл тапқанда ғана айқындалады. Ұлыжүздердің бұрынғы қонысында (Келен тау жақтағы Дұнхуаң [190] төңірегінде) көшпей қалғандары хəнге адалдықпен бағынған хулар ( )санатында, Кішінүкіс (Кішіжүз, ) аталыпты. Олардың ұрпағы кейін біртіндеп хəндерге сіңіп кетіпті [191] С. Сұңғатайша айтқанда, Кушан дейтін Патшалықтың халқы этникалық жағынан əр түрлі болды. Дегенмен негізгі тұрғындар Шығыс Иран тілдес тайпалар мен түріктердің арғы аталары - ғұндар мен тохарлар еді [192] дегенінің қисыны бар. Ал, ғалымдар өткен ғасырда ШҰАР дағы Күшар жақтан табылған үндіше жазудағы ( ) тілді осы ұлы нүкістердің тілі - тохар тілі десіп жүр. Егер ол шығыс иранша болса, бұл топшының (тохар-нүкіс-жүз тілі деудің) қисыны аз болады да, Кушан патшалығының негізгі тұрғындарының тілі деп түзетуге тура келеді. Жапон ғалымы Ханеда Тоуру Ұлыжүздер басып алған Бактрия жерінде, б. з. ғасырында бой көтерген Кушан империясының теңгелеріндегі бассуретке қарап, Ұлыжүздерді аландарға жатқызады [193]. Бактрияның жерлік (мысалы кушандық) халқын талай тайпадан құралған аландар ішіндегі кей тайпамен туыс санауға болар. Бірақ аландармен туыс та жақын ұлыжүздердің жерлік Кушандардан басқа ұлт екенін Ханеда Торуру ескермеген секілді. Алайда осының бəрінің сақтардың ұрпағы екенінде дау жоқ. Тағы бір дерек: Вавилонның ғасырдағы тарихи жазбаларында Gutium, Tukris деген екі этностың аты аталатынын айтқан едік. Неміс ғалымы Һенниң ( ) бұл екі ұлт біртіндеп шығысқа жылжып (Эфиопиялықтардың бір бөлігі батысқа барып, Ұлы Дала жаққа қайта оралған дегеніміз есіңізде шығар. - С. Ж.) Орта Азия арқылы, Ұлы Дала жаққа барып қоныстанған. Guti - ұлы нүкістердің ата-тегі. Ал, Tukri - тохарлардың ата-тегі деп қарайды. Қазір бұл екеуін бірхалық деп қарау басым орынға шығуда. Əрине екеуі бір халық екені рас болса жəне Түкрі деген Түркі, Түрік дегенге ұқсас тұрса, Ұлыжүз халқын түріктілді деуге тіпті ақылымыз. Ал, Хəн жылнамаларында түріктер Каспий жақтың сақтары еді деген сөз барын былайғы бөлімде де кезіктіресіз. Жоғарыда айтқанымыздай, Хəн жылнамаларында, бұлардың шығыстан тағы батысқа қарай көшкені жайлы Өзен батысындағы ( ) көшпенді тайпалардың сұғанақтығын түбегейлі жою үшін, б.з.б. 623 жылы Нұм ханына ( ) əскери соққы беріліп, көшпенділердің толып жатқан жері тартып алынды. Мұның арты жеңілген бұл тайпалардың солтүстік пен батысқа көшуіне барып соқты. Бұлардың ішінде Юншиң Нұм, Бактрия, Нүкіс, Сака ( ), т. б. тайпалар бар-ды. Б. з. б. ғасырдың соңында бұл тайпалар Іле, Шу өзендерінің өңірінен көрінетін болды [194] деген дерек тағы бар. Ғалымдардың талдауынша мұндағы Бактрия мен Нүкіс өз ара қатты байланысты ұғым болып отыр. Оның үстіне бұл тай- 190 (Tokhar). 191 http: //www. xjass. com Қазақстан. Ұлттық энциклопедия». 5-том. 106-бет. С. Сұңғатай Торсайт //www. htb. com. cn/ мен //imgsrc. baidu. com/baike/ ден алынды.

91 ЕЖЕЛГІ ҰЛЫС ТАРИХЫ паларды, өзен батысындағы тайпалар деуден гөрі, бір шеті өзен батысына шейін барған сақ бұтарлары деген дұрыс. Одан сырт, қайталай айтсақ, «Жаңа таңнама. Батыс өңір баяны» сықылды кітаптар мен хəн тіл-жазуындағы ежелгі ерекшеліктерге негізделген ғалымдар: Тохар ( ) деген - Дашя(Бактрия, ) деп жүр. И. Маркуарт (, J. Marquart) өзінің 1901 жылы жарық көрген «Иран зерттеу» атты еңбегінде Дашя ( ) деген - Тохар ( ) деп кесіп айтқан. Мұны қолдайтындар да барған сайын көбеюде. Ал, əйгілі тарихшы Шюй Жұңшу ( ) Дашя (Бактрия) деген - Шя ( ) ұлты деп біледі. Ендеше бұлардың пікірінше, Дашя (Тохар) - Даюй ( ) құрған Шя əулеті ( ) [195] болып шығады. Бұл тарихшылар (бір соғыста күйрей жеңілген соң) шялардың талайы ұлы жүздермен (ұлынүкістермен) бірге батысқа ауып кеткен деседі. Сонымен, ең əуелі бұл арадағы мына бір ойдың қисыны бар. Яғни Да ( ) -ның оқылуы То -ға таяу, ал Шя ( ) кейде (тіпті бүгінгі диалектілерде де)ха деп оқыла береді ( сықылды). Р - кейде түсіп қалуы да мүмкін таңба(мысалы бүгінгі ұйғырлар бар дегенді ба дей салады). Сонда бір этностыңдашя ( ) жəне Тохар деп хатталуы жəне бұл екеуінің кезінде дыбыстас оқылған болуы əбден мүмкін. Кезінде Птоломей нүкістерді тохарлармен туыстас халық деп жорамалдаған екен [196]. Мұндайда ол, туыстас қана емес, тіпті бір халық болып шығады. Ал, бірталай ғалымдар (мысалы Нығмет Мыңжанұлы, Д. Жұмаш, т. б.) Ұлы Нүкістер мен бүгінгі Қазақ ішіндегі Ұлы Жүзді тіке байланыстыра қарайды. Меніңше бұлардың арасына қарапайым теңдік белгі қоя салу келіспейді. Бірақ Ақ ғұндар келіп жойғанға шейінгі Ұлыжүз патшалығы осы маңдағы қатты дамыған, көп ұлтты қамтыған іргелі ел болды. Əлсіреп барып құлауға бет алғанда халқы тозып өзге этностарға сейіле берді. Ақ ғұндар билеген кезде де бұл халықтың өзгелерге сіңуі толастағаны жоқ. Алайда тарихта жарқыраған сəулелі аты талайға дейін ықпалын жоймады. Мұндайда қазақты құрасқан үйсіндер мен кезінде Ұлы жүз ішінде болған, артынан одан шығып қазақ, т. б. ұлттарды құрауға кіріскен түрік тілдестердің, талай ғасыр өтсе де, ол жарқыраған сəулелі атты тастағысы келмеуі түп-түсінікті. Сондықтан да Нығмет Мыңжанұлы, Д. Жұмаш, т. б. ұлы нүкістер мен бүгінгі Қазақ ішіндегі Ұлы Жүзді тіке байланыстыра келе: ғасырдың 2-жартысында Жетісуда қазақ хандығының құрылуы Ұлыжүз бірлестігінің қалыптасуын тездетті. Осы кезден бастап бұл бірлестікке қазақ жеріндегі қилы-қилы кезеңдерден өткен жалайыр, қаңлы, албан, суан, дулат, шапырашты, сіргелі, шанышқылы, ысты, ошақты, сарыүйсін, қатаған тайпалары ене бастады. Бұл тайпалардың басым бөлігі б.з.б. І- ғасырда... құрылған Үйсін мемлекетінің құрамында ерте темір дəуірінде тіршілік еткен болатын. Үйсін мемлекетінде үйсіндермен туыстас (юежи [197], т. б.) бір қатар тайпалар тіршілік етті дейді. Əрине мұндай тіке байланыстырулар (əсіресе бұл арадағы Үйсін мемлекетінің Нəндібиден бұрынғы тарихы, қазіргі қазақ Ұлыжүзі мен тарихтағы ұлы нүкістердің байланысы, ұлы нүкістердің Үйсін мемлекеті құрамында қаншалық болғаны туралы пікірлер, жылнамаларда біраз деректер тұрғанымен) Қытай тарихындағы ең алғашқы (б. з. б. - ғғ) патшалық. 196 «Қазақстан. Ұлттық энциклопедия». 10-том. 113-бет. 197 Бұл сол Ұлыжүз дегендегі жүз иүз.

92 92 ЕКІНШІ БӨЛІМ ілгерілей де мықтап дəлелдеуді талап етеді. Дегенмен менің бұл пікірім Ұлын нүкіс пен бүгінгі Ұлы жүз байланыссыз дегендік емес, байланыстың тікелік-тығыздық дəрежесін айыра түсейік дегендік. Ал, бұл байланыс қай дəрежеде болған күнде де, Ұлы жүз құрамындағы талайдың, үйсіндермен бірлесе келіп, қазаққа қосылғанына күманданбау керек. Қысқасы, Ұлынүкіс елі де - Ұлы Далалық сақтардың бір бұтары, одан кейінгі Ұлы Ғұн империясының белгілі кезеңіндегі оған бағынбаған хандық, Үйсін ұлысымен үнемі іргелес отырған ұлыс жəне бірнеше ғасыр қатты дəурен деген, Бактриядай ірі мемлекетті билеген ел. Жоғарыдағы Ғəйраттың сөзі бойынша, Ұлыжүздер мен үйсіндерді араласпады деуге де болмайды. Бүгінгі қазақтағы Ұлы жүз-үйсін деген де тексіз шыға келмеген. Ал, ұлыжүздердің атағы олардың өзге өнерлерімен де - мысалы, тегене құйрықты қой [198], етті сиыр [199], нəсілді түйе [200], дəмді жеміспен [201] ғана емес, арбамен де шыққан. Арба Ұлы жүздердің - басты қатынас құралдарының бірі. «Жалпыжарғы» () деген кітапта: Ұлы жүз ұлысында төрт доңғалақты, үлкендігіне қарай төрт, алты, сегіз өгіз тартатын арбалар бар [202] делінген. Шаруашылық тұрмысынан қарағанда, Ұлыжүздердің қазақ ұлтымен байланысы өте тығыз [203]. 5. КЕЙІНІРЕК МОҢҒОЛ ТЕКТІЛЕР ДЕ АРАЛАСТЫ Əрі Моңғолоид дегенде тұрған, əрі ғұндарға ерте бағынған, тілі жүйелес моңғолдарға да бұрыла кетейік. Моңғолдарға тектес болғасын, кезінде үйсін сықылдылармен (солар арқылы қазақтармен) қаны араласқан өзгелерге (роуран, сянби, т. б. ға) аялдамасақ та болар. Моңғол халқы да - тарихы ұзын, гүлденген мəдениеті бар, əлемге əйгілі, туысқан халық. Ғұлама ғалым Əлкей Марғұлан: Ғұндардың, түріктердің, моңғолдардың тарихын көлемді етіп ғасырда француз тіліне аударған атақты ғалымның бірі - И. Дегин. Ол кісінің толық түсінуінше Түріктердің шығуы ескі ғұндардан екені ап-айқын. Моңғол мен түріктердің шығуында да оншама айырмашылық жоқ. Моңғолияда туған Шыңғыс қағанның елі түріктердің бір бөлігі. Ғұндар ең ескі түріктер деген болатын. Моңғолдардың тарихнамаларға ілінгеніне 1000 жылдан асқан, ал аңыздық тарихы 3000 жылдан бері емес. Кей ғалымдар Моңғол дегенді мəңгі маздайтын алау деп жүр. Мүмкін ол түркі тіліндегі мəңгілік ағын да ( Мəңгі+ ғол дегеннен өзгерген де) шығар. Ғалымдар моңғолдарды шығыс оғыздарға (Дұңху, шығыс ғұз, ) байланыстырады. Б. з. б. ғасырдың басында, Мөде тəңірқұт шығыс оғыздарды талқандаған соң, олар 3 ғасырдан артық Ғұн үстемдігінде 198, : < > Сонда. 200 Бұл да сонда. 382-бет. 201 Бұл да сонда. 381-бет. 202 Сонда

93 ЕЖЕЛГІ ҰЛЫС ТАРИХЫ болды. Б. з. ғасырының аяғын ала, Хəн əулеті Ғұн қағанатын қиратқанда, атақонысында қалған ғұндар мен шығыс оғыздар өздерін Сянби деп атасты. Бұлар өздері тұрған ежелгі жұртындағы тау атымен аталған болатын. Кейін сянбилер əскери одаққа айналды, күшейді де, талай ұлысты, соның ішінде Үйсін жерін де басып алды. Үйсіндердің еріксіз батысқа - қазіргі Оңтүстік Қырғызстан мен Оңтүстік Қазақстан өңіріне сырғуына себепкер болды. Бірақ Сянби ұлысы көп ұзамай ыдырап кетті. Аяғы бағындырған үйсін сықылды елдерімен бірге Түрік қағанатына қосылды. Бұлар салт, тіл жағынан моңғолдарға өте жақын еді. «Жиннама» () дейтін тарихта, Сянбидің тегі- Аю, Аю - Хуаңдиге [204] ( ) қарайтын тайпа, Хуаңдидің немересінен бұтарланады деген сөз бар. Б. з. ғасырының ортасын ала Сянби ұлысы əбден күшейген тұста, бір (шығыс) жағы өздерін Қытай (Қытан, Қытанй, Кидай [205], Чидан, ) деп атасты. Енді бір (батыс) жағы өздерін Шығай (Шыуей, ) десті. Сянби ұлысындағы ертедегі халықтар түрік, моңғол, т. б. тілді болды. Түрік тілді жылнамалар Шығайды Татар (Дадан,, ) деп біледі. Олар ертедегі ұзақ уақыттың көбінде тайпалар мен аумақтың денін бағындырды, биледі. Ұлы, күшті һəм мүлде құрметті болды. Олар аса ұлы да құрметті орында болғандықтан өзге түрік тайпалары, аты-жөні басқаша тұрса да, біртіндеп солардың атымен аталатын, бəрі татар делінетін болды [206]. Бертін келе, моңғолдар күшейгенде, татар деген ат біртіндеп моңғол дегеннің орнын басқан кезі де болды. Моңғолиядағы тас бітіктердегі отыз оқ татар деген - Түріктің Шығай тайпалары. Түріктер бір кез барша Шығай тайпаларын осы атпен атап жүрді. Моңғолдарды осы Шығайдың бір бұтары деушілер де бар. Таң əулеті кезінде ол Моңғол шығай ( ) деп хатталған. Шыңғыс қаған кезіне келгенде, ол Моңғол тайпаларының басын құрап қана қоймай, қазіргі Моңғолиядан Тəңіртауға шейінгі өңірдегі Татар, Керей, Найман, Меркіт, Қоңырат сықылды түріктік тайпаларды да бағындырды. Сосын бүкіл Орта Азия халықтарын өзіне қаратты. Соңғы топ халықтарға сіңген үйсіндер осы тұста ғана моңғолдармен араласа бастады. Кей ғалымдар Шыңғыс қаған кезіндегі ұлыста моңғол тілді тайпалардан жалайыр, татар, меркіт, қоңырат, барғұттар, түрік тілді тайпалардан керей, найман, оңғұт дейтін үш үлкен тайпа бар болатын десіп жүр [207]. Бұл қате. Бұлардың бəрі - түрік тілді тайпалар болатын. Тек олардан аздаған қалдығы батысқа көшпей, атын сақтаған беті моңғолдар ішінде қалып қойған. Сосын моңғолдасып кеткен. Кей ғалымдардың «Моңғолдың жалпы тарихындағы» жоғарғы көзқарасы - соларға қарап айта салған сөз. Ұлы Даладағы талай тайпаның ішінде негізінен Шыңғыс қаған заманынан кейін көптеп кірген моңғолдар ұрпағы бар. Қазақ ішінде төре атымен жүргендер соған мысал. Демек туысқан халықпыз. Алайда жігін ашып алуға тиісті мынаны айқын айтқанымыз жөн: Арасында 4000 шақырымдық жер жатқан екі этнос - бірі моңғолдар (Шыңғысқан жорығы арқылы), ал екіншісі үйсіндер (құраған қазағымен) Хəндер өздеріне ататек санайтын алғашқы патшаның бірі. 205 Біз бүгінгі хəндерді осылармен шатыстырып, Қытай деп əлі қателесіп жүрміз. 206 «Тарихи Рəшиди». 1-том, 1-қысым

94 94 ЕКІНШІ БӨЛІМ бертінде (соңғы мың жылдықта) ғана араласты. Одан бұрын бұлар ара географиялық іргелестік те, этностық тығыз да тұтас байланыс та болған емес. Сондықтан ежелдегі Үйсін - тайпасы моңғолдағы сүйшіндерден (шюйужынбу -, яғни тайпасынан) шыққан деудің ешқандай қисыны жоқ. Оған тілдік негіз де табылмайды. Бүгінгі археологиялық қазбалар мен жер бетіндегі қалың обалар берген ақиқат та ол көзқарасты тойтарады. 6. ҮЙСІНДЕР ТҮРІК ТЕКТІ Енді, жоғарыдағы баяндарымыз негізінде, жазып отырған тарихымыздың негізгі тұлғасы үйсіндердің өзінің тегіне келейік. Бертінге шейін Үйсін. т. б. этностардың нəсілдік тегі жайлы көзқарас əралуан болып келді. Оны Хан Каңшин мен Пан Чифыңның «Үйсіндер мен нүкістердің антропологиялық тегі» деген мақаласындағы мынадан-ақ байқайсыз: Үйсіннің этникалық аттрибуциясы ( ) жөнінде, бұрынғы ғалымдар көп реттерде тіл ғылымы тұрғысынан əр түрлі қуаттамаларды алға қойған. Олар W.M. McGovern (1939) дегеннің сараптауы бойынша негізінен мынадай екі түрліден тұрады: бір түрлі пікірдегілер үйсіндерді түрікке тəуелді деп қарайды, енді бір түрлі пікірдегілер үнді-еуропа нəсіліне [208] жатады деп есептейді, оның үстіне соңғы көзқарастағылар көп санды ұстап келді. Ал енді Қытай ғалымы Цын Жұңмянның байымдауынша, Үйсін ұлысын Ж. Дегинь татарларға, Нюман финн-угорларға, Кларпулошин үнді-ариларға, Фиестр скифтерге, В.В. Григорьев, Петровский қырғыздарға, Аристов пен Радлов, сондай-ақ Ширатори Куракичи мен Ханеда Тоурулар түріктерге жатады жəне т.б. дейді. Нүкістің (Жүздің) этнотегі жөнінен де түрліше пікірлерді кезіктіруге болады. Негізінен оны татарларға, тибеттіктерге, түріктерге, ғұндарға тəуелдейді, сонымен бірге бірқыдыру ғалымдар оны үнді-еуропа нəсілдеріне [209] жатқызуды жақтайды. Міне осындай этимология тұрғысынан этникалық аттрибуциясын айқындауда, көп санды ғалымдар үйсіндерді кавказдық нəсіл жүйесіндегі бір этноспен байланыстырады. Нүкістерді кавказ нəсіліндегі этноспен байланыстыратындар да аз емес [210]. Алайда, меніңше, бұған қарап Үйсіндердің нəсілдік тегі əлі де беймəлім деуге келмейді. Бұғанға шейінгі үйсіндердің тегі туралы алуан пікірлер ішінен сөзі қисынды да дəлелді көп санды ғалымдардікін жинақтай түссек, түптеп келгенде мынадай көзқарастарға саяды: А. Шығыс ирандық текті деу. Өткен ғасырдың 30 жылдарында КСРО-ның А.Н. Бернштам уəкілдік еткен ғалымдары үйсіндер шығыс ирандық сақтардың бір бұтары, сақ пен үйсін мəдениеттері бір мəдениеттің екі сатысы деп қарады. Бұл 208 W. M. Mc Govern: 1958 жылы, «Орта Азиядағы байырғы елдер тарихы», 262-бет, Жұңхуа шужүй баспасы. 209 Цын Жұңмян: 1981 жылы, «Хəннама Батыс өңір баяны. Жағрапиялық түсініктер». 518-бет, Жұңхуа шужүй баспасы. 210 Хəн Каңшин, Пəн Чифың. Үйсіндер мен нүкістердің антропологиялық тегі»

95 ЕЖЕЛГІ ҰЛЫС ТАРИХЫ арадағы сақ пен үйсін мəдениеттері бір мəдениеттің екі сатысы деп қарауда тұрған қателік жоқ. Егер бұлар ол кездегі сақтардың көптайпалы, көп тілді (Неміс ғалымы А. Фон-Ликогша айтқанда, тек Шынжаң өңірінде он жеті түрлі тіл, жиырма төрт түрлі жазу қолданылған [211] ) екенін ескерсе, содан барып төмендегі көзқарастарға бейімделсе ұтар еді. Бəлкім еуроцентристік сезім оны бұйыртпаған шығар. Бұл көзқарастағыларға біздің солай деген күнде де, ол үйсіндердің бір жаққа бір жан қалмай қотарыла көшіп кете қоймағанын, сол жұртта қалғандарының кейін келе түрік тілділерге сіңіп, ассимилияцияланғанын, Үйсін ұлысының бұл өңірдің мемлекеттілік тарихынан талай бетті алып жазылуға тиістілігін мойындасаң болғаны дегеннен артық талап қоюымыздың қажеті шамалы. Олар əрине бұған еріксіз келіседі. «Хəннама. Батыс Өңір баянында»: Батыс Өңірде (бұл арада қазіргі оңтүстік Шынжаң айтылып тұр. - С. Ж. ) əсілі 36 хандық бар еді. Кейін бөлшектене келе 50 неше хандық болды. Олардың бəрі ғұндардың батысы мен үйсіндердің оңтүстігіне орналасқан. Батыс өңір хандықтарындағылардың дені жергілікті адамдар еді. Олардың тұрғын қалашықтары, егістік жерлері жəне баққан малдары бар-ды. Əдет-ғұрыптары ғұндар мен үйсіндерге ұқсамайтын. Олардың бəрі де ғұндарға тəуелді болатын делініпті. Демек, бүгінгі оңтүстік Шынжаңнан шығып жатқан археологиялық табыстарға (əсіресе сақтардың түрік емес тайпаларына тəн жазулар мен тіл деректерге) сүйеніп, əдет-ғұрыптары ғұндар мен үйсіндерге ұқсамайтын оларды үйсіндерге қоса салуға, үйсіндерді де солар сықылды дей салуға келмейді. Демек үйсіндер - сол тұстағы Тарым өңіріндегі, ақ нəсілді болғанымен, тілі басқа халықтарға ұқсамайтын түрік тілді халық. Ə. Ғұн текті деу. Меніңше мұнда тұрған қателік жоқ. Үйсіндердің ғұндармен салттастығы да, б. з. б. ғасырдың алғы жарымында соның қоластындағы шағын ел болғаны да жылнамаларда ашық айтылған. Ғұн қағанатының батыс жағындағылардың негізінен түрік тілді дегенбіз. Үйсіндер тəуелсіздік алып, Ғұн қағанатынан бөлініп шыққаннан соң да, аратұра шайқасып қалған сəттері болғанымен, екі жақтың құдандалық сыйластығы да, қарыстан көрі сүйем жақын дейтін сезімдері де үзіліп көргені жоқ. Бұл да жылнамалардан айқын аңғарылады. Ғұн қағанатындағылардың талайы батысқа, тіпті Еуропаға ауғанда оның бір қыдыруының Үйсінде қалғаны тағы бар. Б. з. б. І ғасырдың орта шеніне келгенде, Үйсін ұлысы екіге ыдырағанда да, кемінде көпсанды үйсіндер ғұншылдығын əйгіледі. Бірақ Ғұн қағанаты да көп тайпадан құралған мемлекет. Оның ішінде ақ, сары нəсілділер де барды. Үнді-еуропа тілжүйесіндегілер мен алтай тіл жүйесінде сөйлеушілер де біргетін. Үйсіндер солардың қайсысына жатады немесе таяу? Бұған жауап ашық болуға тиісті. Демек бұл көзқараста тек нақтылық қана кем. Меніңше ғұндардың шығыс жағындағы бауларында бейтүрік (алтай тіл жүйесіндегі моңғол, тұңғыс, т. б.) тілділер басым болуға тиісті. Ал, батыс тарабындағы (қазіргі Моңғолия даласынан Каспийге қарайғы өңірдегі) баулары негізінен түрік тілді баулар болған. Бұл екі жақта да əлі де үнді-еуропа тілділігін сақтап жүрген аз санды тайпалар тағы да болуға тиісті. Үйсін ғұндардың батыс жағындағылармен тектес, тілдес, түрік тілді этнос. 211 Ғалым Жұмашұлы. Қазақ халқы жəне қазақ жазуы жөнінде ( Туған тіл альманағы бет) 95

96 96 ЕКІНШІ БӨЛІМ Б. Түрік текті деу. Бұл, Қазақстандағы көп ғалымдардан сырт, Ресей түрік танушысы В. В. Радлов, Жапон ғалымдары Ширатори Куракичи мен Ханеда Тоуру, Қытайдағы хəн ұлтынан шыққан Су Бейхай бастаған қалың бір топ ғалымдар мен қазақ ұлтынан шыққан Нығымет Мыңжанұлы, Жақып Мырзаханов, Жақып Жүнісұлы, Шадыман Ахметұлы, Ясын Құмарұлы сықылды көп ғалымдардың көзқарасы. Үйсіндердің тегі мен тілі туралы бұл зерттеушілер дегенмен де үйсіндердің түрік тектестігі туралы пікірді жақтаушылар басым деуге болады [212], Үйсін тілі қолда бар материалдарға қарағанда түрік тіліне жатады [213] деп тұжырады. Бұлардың негізге алған тиянақтары көбірек те мығым. Мысалы, үйсіндер мен түріктердің аңыз, тотем (киетек), т. б. жақтардағы ұқсастығы; үйсіндердің түрік тілділігіне дəлелдердің молдығы; түрік елатасының (Ашынаның - ) үйсіндерден шығуы; үйсіндер жайлаған аумақтың түріктер шаңырақ көтерген тұсқа дөп келуі; Меніңше бұл ең қисынды да айқын көзқарас. Əрі бұл жоғарыдағы екінші қараспен қабысады. Үйсін ұлысы - ғұндар ішіндегі түрік тілді тайпалардың бір тобы деген айқын көзқарасқа əкеледі. Үйсіндердің кейінгі кезде де түріктер ішінде болғаны біздің көзқарасымызды мықтай түседі. Оны шығыстанушы С.Е. Малов Тоныкөк (Тонйұқұқ) ескерткіштеріндегі Үйсін есімінің жазылуымен дəлелдейді. Жетісу үйсіндерінің шығу тегін анықтау жолында А.Н. Бернштам, Қ.А. Ақышев, Г.А. Кушаевтар археологиялық қазба жұмыстарын жүргізді. Шығыстағы Орқон-Енисей жазба ескерткіштеріндегі деректер де осындай бұлтартпас қорытынды жасауға мүмкіндік береді. Бұл деректерге сүйенген Ресей ғалымдары үйсіндердің исседондармен туыс екенін дəлелдейді. Б. з. ғасырынан бастап Үйсін этнонимі тарихи əдебиетте кездеспейді (Бұл автор үйсін этнонимінің бертінге шейін кездескен жерлерін көрмеген екен. Оған біз соңғы бөлімде аялдаймыз. - С. Ж. ). Бірақ одан тараған рулар дулат, албан, шігіл (жікіл) Түрік қағанаты кезіндегі мемлекеттерді құруға қатысқан [214]. «Жоунама. Түрік баяны» ( ) деген кітапта Арғы түріктер сақтардан шыққан ( ) деген екен. Ғалым Чи Насың ( ) өзінің «Түріктер мен сақтар» деген еңбегінде, бұл деректегі Суого деген -Саканың дыбыстық аудармасы ( Saka ). - дей келе, мынадай пікір білдіреді. - Ашына тайпасының төркінін сақтардан іздеу керек. Түріктер араласпа ұлт. Оның ұйтқы тегі - Ашынаның тайпасы ( ). Түріктер бас көтерген алғашқы кезеңде, олардың хандық ордасы саф болатын. Жылнамалар Мұқан қағанды Келбеті ерек. Кең бет, қызыл шырайлы. Көзі зеңгір деген емес пе. Демек Ашынаның тайпасы көк көз, қызыл жүзді секілді кавказ нəсілдік кей белгілерді сақтаған. Ал, ол билеген қалың Телек (, Телі) сықылдылардың көбі сары нəсілді болатын. (Тəңіртаудың шығысына таман ертерек келген түріктер - телек, т. б. тайпалар ертерек метистене бастаған шығар. - С. Ж. ). Үйсіндердің ақ нəсілдігінде шек жоқ. Қазба жұмыстарынан шыққан, үйсін деп танылған сүйектер мұны дəлелдеп отыр. «Хəннама. Батыс 213 Жақып Мырзаханов: «Ежелгі үйсін еліне» жазған Алғысөзі. Үрімжі Ханеда Тоуру.» «Қазақстан. Ұлттық энциклопедия». 9-том. 91-бет. Д. Жұмаштегі.

97 ЕЖЕЛГІ ҰЛЫС ТАРИХЫ өңір баянында», Үйсіндер Батыс Өңір жат жұрттары ішінде бітімі ең ерекшелер. Бүгінгі хулардың (ғұздардың, - С. Ж. ) шегір көз, жирен сақал, мешін іспеттілері -солардың тұқымы делінген. Үйсіндер мен кейінгі Түрік ығайларының байланысы тіпті тығыз. Үйсін мен Ашына - бір аттың екі түрлі аударылуы. Үйсін деген Asii дан шыққан ат. Үйсін сақтардың тайпасымен тектес, бірақ өзге бұтары. Ашына деген Asiani-дың дəл аудармасы. Ежелгі сақ тілінде асияни -асы, қымбатты ( ), асыл ( ) дегендік. Бұл Таң əулетінің уəзірі Ди Рынженің ( ) Ашына тайпасы Барқын таудың (Иньшань) асыл тұқымы( ) дегенімен қабысып тұр. Үйсіндердің мəнсап атақтары да кейінгі түріктердікіне өте жақын келеді. Бəрі де ежелгі сақтарға ұқсағанымен, ғадет-ғұрып жағынан түріктер ғұндардан гөрі үйсіндерге таяуырақ. Түріктер қымызға құмар. Қазіргі Орта Азия түріктері əлі де сондай. Қымыз ежелгі сақтардың табысы (тағы бір табысы ат үстінен садақ ату). Бұл ғадет ғұндарда жоқ, тек үйсіндерде ғана бар. Түріктер есігін күнгейге қаратады, күнге тəу етеді, бұлар да сақтардың салты. Үйсіндер күнге өте табынады. Үйсіндердің патшасының лауазымы да күнби. Ежелгі үйсіндердің обаларының сыртқы пошымы да күн сықылды дөңгелек. Үйсіндердің киіз үйі де дөңгелек. Үйсіндер мен түріктердің бөрі тотемі туралы аңыздары да ұқсайды. Осының бəрі түріктердің үйсіндермен, сақтармен тығыз байланыста екендігін түсіндіреді [216]. Айта берсеңіз, Византия жазушысы Симокатта: Күншығыста тұратын скифтерді біз түріктер деп атаймыз [217] деген екен! Жөн сөз! Бұдан біз мыналарды қорытындылай аламыз: 1. Үйсіндер де, түріктер де - Ұлы Далалық сақтардың ұрпағы. Үйсіндер - сол Ұлы Далалық сақтардың түрік тілді тобындағы тайпаларының бір бөлігі. 2. Чи Насың, көбінесе өз жұртына көбірек араласқан шығыстағы ғұндарды назарға алғандықтан, батыстағы ғұндардың түріктермен де, үйсіндермен де ұқсастық жақтарын байқай алмай отыр. 3. Түріктер, соның ішінде үйсіндер əсілінде ақ нəсілді болған. Заман өте, сарылар қосыла келе, бүгінгідей метистенген. 4. Үйсін, Ашына, Асы (Asii), Асияни (Asiani) дегендер үшін керілдесудің қажеті жоқ. Үйсін - ұлыс аты. Ашына - тайпа атасының есімі. Ал, оның мағынасы - асияни дегендік - асыл екенін білдіретін баяндауыш (Бұл сөз қазіргі түркі тілдерінің бəрінде бар). А, О, Ү, Ұ дыбыстарының заман горизонтына ілесе, бір ұлттың өз ішінде де, бірінен өзге біріне өткенде де өзгеруіне таң қалу жарамайды. Ал маңайдағы алуан этникалық топтардың оны тіпті əр түрлі дыбыстауы мүмкін. 5. Исседондар - ежелгі түрік тайпаларының бірі. Үйсіндердің арғы тегінің кейбір ғылыми əдебиеттердегі атауы [218] дегенге де əбден нануға болады. Ғалымдардың бір тобы, сақтар əлемін зерттеуге елеулі еңбек сіңірген белгілі тарихшы Толстов исседондарды - үйсіндердің арғы бабаларын яссилер деп есептейді. Ясси атауында дыбысталу жағынан үйсінге жақындық барында дау жоқ. Ал, ис-се-дондарды Исет өзенінің ыстары [219] (сақтары) деп пайымдау бар. Ал бұлар туралы білетініміз 216 «Түріктер мен сақтар» 217 Феофилакт Симокатта. История», 106 (Əлкей М. «Эпос тудырған ортаның мəдениетке қосқан үлесі») 218 «Қазақстан. Ұлттық энциклопедия». 4-том. 337-бет. 219 Қазіргі қазақ үйсіндерінде ысты деген тайпа бар. 97

98 98 ЕКІНШІ БӨЛІМ - яс-си тайпасының есімі Сыр өңіріндегі Яссы шаһарының атында сақталғаны [220] дейді Ə. Сарай. Бір ұлттың əлде неше түрлі аталуы, бұрынғы заман түгіл қазірде де бар. Мысалы Қытайдың негізгі тұлғалық ұлты хəн, китай, қытай, чайнес, чин, шін, қытайлық, хуарын, т. б. деп аталып келеді. Қазақ та соңғы ғасырлардың өзінде қырғыз, қайсақ, хасакы, хаса аталды. Ендеше бұл исседон сөзінің төркінін, тұқияндық мағынасын іздей түсу ғана керек. Бəлкім ол да кезінде асыл дегенге таяу мағына беретін сөз болып шығар. 6. «Чытан» дейтін сайтта ( ): Хəн əулеті кезінің «Жау Шы Илин» ( ) деген кітабында Үйсіндердің əйелдері шүңірек көз, қара қожалақ, ындыны өзгеше ( ) дейді. Бұған қарап үйсіндерді терісі қара адамдар ма деп қаласың. Ал, Таң дəуіріндегі Ян Шыгу ( ) деген «Хəннама. Батыс өңір баянына» салған түсіндірмесінде, Үйсіндердің бітімі тым ерекше. Бүгінгі көк көз, жирен сақал, маймыл кейіпті хулардың ( ) тегі сол нəсілден ( ) деп жоғарыда айтқанымызды қайталағандай жазады. Бұл сөзге негізделсең, үйсіндер жирен шашты, зеңгір көзді, ақшыл еуропеоид нəсілінен болып шығады. Бұл екі сөз өзара қайшы тұрғанымен, үйсіндердің хəндерге ұқсамайтын нəсілден екенін танытады-ақ. Археологиялық материалдар үйсіндердің талай типі барын, үйсіндер мен Тəңіртау регионының сақтары бір ұлт тобына тəн екенін түсіндіреді. Уей, Жин əулеттерінен (б.з жж. - С. Ж. ) кейінірек үйсіндер Телі, Түрік тайпаларына (өз қандастарына. - С. Ж. ) қосылып кетті. Бүгінгі Тəңіртау аймағындағы Қазақ, Қырғыз сықылды бұрын көшпенді болған ұлттардың бəрі де үйсіндермен қандас депті. Бұл арадағы өзара қайшы тұрған екі сөз іс жүзінде қайшы емес. Бірі үйсіндердің толық ағара қоймаған, қарақожалақтары əлі бар кезінің, ал енді бірі ағарған, бірақ сарғая қоймаған тұсының келбетін айтып отыр. Біз жоғарыдағы деректерге қарап ертедегі үйсіндерді тікелей, қарапайым түрде, тек бүгінгі бір ұлтқа ғана тəн, одан өзгеге ататек емес, өзгеге сан қайнатса да сорпасы қосылмайды дей салғалы отырғанымыз да жоқ. Бұл ол үйсінді бүгінгі қазақтағы үйсіндермен еш байланысы жоқ [тіпті қазақтағы Үйсін - тайпасы моңғолдағы сүйшіндерден (Шюйужынбу -, яғни тайпасынан) шыққан дей салудай-ақ күлкілі болар еді. Бізге жеткен Үйсін ономастикондары аз емес. Бірақ оның көбі əлі қалпына келіп үлгермеді. Қалпына келгендерінің бəрі қазіргі түрік, не көнетүрік тілі екенінен хабар береді. Мысалы, бөрі ( ), би ( ), ябғұ ( ), тəңір ( ), күн ( ), т. б. Бұлар да біздің жоғарыдағы көзқарасымызды нықтай түседі. Бұл пікірімізді құптайтын өзге деректер де баршылық. Мысалы, 1. «Тарихи жазбалар. Дад-уан баяны»: Дад- уанның (Ферғананың - С. Ж.) батысынан Парфияға дейінгі елдердің тілі түрліше болғанымен, бір-біріне өте жуық. Бірінің сөзін бірі түсіне береді. Адамдары шүңірек көз, еркектері қаба сақалды, мұртты келеді. Саудаға шетінен жүйрік, бір тиынды да ары-бері жібермейді деп көрсеткен. Үйсін, Қаңлы, Алан, Жүз елдері осы көрсетілген Парфияның бергі (шығыс) жағындағы жағрапиялық өңірде. Парфия сықылды елдер жұртының шығыс жағындағы бұл аталғандар ол кезде ақ нəсілділер ішіндегі түрік тілділер болған. 220 Əнес Сарай. Қазақ атауының ізімен»

99 ЕЖЕЛГІ ҰЛЫС ТАРИХЫ 2. Жоғарыдағы Хан Каңшиндердің мақаласында мыналар да айтылған екен: 1936 жылы Кеңестер Одағының ғалымы Т. А. Трофимова Қырғызстан аумағынан ашылған үйсіндердің обасынан шыққан бас сүйектің орта типтегі екеуі жерорта теңізі нəсіліндегілердің типіне жатады, қалғаны Памир-Ферғана типіне жатады [221] деп есептепті; 1948 жылы Дебец Г. Ф краниологиялық көрсеткіштер жағынан, бұл орта типтегі екі бас сүйектің басқа қалған бас сүйектерден зор айырмасын байқау қиын, оның орта типтегісі болсын, əлде қысқа типтегісі болсын, бəрі кавказ нəсіліндегілердің ерекшелігін аздап көрсетеді деп есептеген екен; Ал, Хан Каңшиндер, 1960 жылдары Сатыдан (Шатыдан, Өртекестен) қазып алған бас сүйектерді зерттеулеріне негізделе келіп, Біздің алғашқы анықтауымызша, осы бас сүйектерден кеңсірік сүйегі дөңестеу, мұрнының ұшы қайқайыңқы, беті салыстырмалы кішілеу, ат жақты, қасқа тісі жалпақ емес сықылды кавказ нəсіліндегілердің ерекшелігін айқын аңғаруымызға болады. Үйсін, Нүкіс этникалық аттрибуциясы жөніндегі зерттеулерге, ежелгі жазба деректердегі үйсіндер мен нүкістердің дене бітімі жөніндегі байымдауларға жəне сүйек жөніндегі антропологиялық тексерулерге негізделгенде, үйсіндердің кавказ нəсілі құрамына жататын тұрғындар екеніне шүбəлануға келмейді дейтін таным қалыптасты. Нүкістердің сүйек бітімінің ерекшелігі айқын болмағанымен, кавказ нəсіліне тəуелді болу мүмкіндігі аса зор деп түйеді. 3. Алғы бөлімде айтылған мынаны есіңізге сала кетейін. Меніңше, -дейді Лиң Ган, - түріктер түгел Түрік нəсілінен, ал шығыс хулар моңғол нəсілінен. Ғұндар моңғол нəсіліне жатпайды, түрік нəсіліне тəн (үйсіндер осы ғұндардың ішіндегі, батыс хулар аталып жүрген бір бау емес пе еді. - С. Ж. ). Ноян тауындағы 25 ғұн қабіріне жүргізілген археологиялық қазбадан ғұн келбеті түсірілген кесте сурет шықты. Суреттегінің қолаң шашы артына қайрылған, маңдайы кең, бадырақ көз, қою мұртты, əлпеті суық, өте сұсты. Моңғол археологы Ц. Доржысұроң: бұл кестеге сызылған адам - қабірдің иесі, ғұн - дейді. Өзге ғалымдар да, моңғолдарда мұрт болмайтындықтан, кестедегі жан моңғол нəсіліне жатпайды деседі. Ықылас аударарлығы - оның қарашығын қара қылғанымен, өзгесін зеңгірмен кестелегені. Бұл ғұндардың түрік нəсілдігін шешуге күшті заттық дəлел беріп отыр. Өйткені түріктердің бет əлпеттік белгісінің (нəсілдік нышанының) бірі - көк көзділік пен қоюмұрттылық. Ғұндар - толып жатқан алуан ұлт пен нəсілден құралған тайпалық этнос. Ғұн нəсілін зерттегенде, Ғұнның ноқта ағасының - Луанди [222] (əр əулет тəңірқұттар шыққан ) руының сүйегі уəкілдік етілсе ғана типтік мəнге ие бола алады. Луандилермен жақын қандастығы не құдандалығы бар өзге - Хуян ( ), Лан ( ), Шюйбу ( ), т. б. тайпалардікінің де уəкілдік сипаты бар... Ұйғыр ( ), Түрік ( ), Шюеянто ( ) үшеуі - Телі ( )жүйесіне жататын бұтарлар. Алтай мен Тəңіртау өңірінде, толып жатқан түріктілді алуан этнос ежелден тіршілік еткен (Үйсін де соның бірі. - С. Ж. ). Сондықтан мұнда тұрған түріктер атамзаманнан бері оған ізін де қалдырды, күшейген кезі де болды. Демек бұл регион б.з. 840 жылы ұйғырлар келуден бұрын-ақ түріктесіп кеткен болатын [223]. Демек, үйсіндер Трофимова Т. А. 1936: «Хронологический очерк татар Золотой Орды». Аж,

100 100 ЕКІНШІ БӨЛІМ үнді-еуропа тілді деп безерушілер, кемінде, осыны - б. з. 1-мыңжылдығының басында, бұл өңірдегі түрік тілді еместердің де түріктесіп кеткенін мойындауға тиіс. Орайты кеп тұрғасын тағы да айта кетейін, Профессор Лин: Əйгілі иран танушы ағылшын У. Б. Һенниң ( ): Ежелгі Вавилон сына жазбаларында талай рет кезіккен гутилердің (кути, Guti/Kuti) кейінгі тохарлар болуы əбден ықтимал дейді. Һенниң лингвистикалық дəлелдеу арқылы, гути тіліндегі арнайы атауларды тохаршамен салыстыра келіп, олар ара тығыз байланыс барын тапқан. Бұдан да қызығы, гутилердің іргелес шығысында оларға ағайын Тукри (, Tukri) тайпасы да бар екен. Бұл дəл Тохар ( ), Дахата ( ) дегеннің тілдегі баламасы. Ал, Гутиді тохарларға жататын Чюцы (Күчар, ), Жүз (Нүкіс, ) сықылдыларға телуге болады. Тохар тайпалары, талай елді басып, Орта Азияға келген. Олар жол бойы, б. з. - ғасырларына тəн тохарша құжаттарды қалдырған. Ежелгі Иран мен Қытай жазба деректерінен де Иран мен Қытай арасындағы сауда жолының иесі. Ең алғашқы үнді-еуропалықтар - тохарлар екені белгілі. Тохарлар Орталық Азияға екінші үнді-еуропалықтардан - арийлерден əлдеқайда бұрын келгендіктен, протоүнді-еуропалықтар (алғашқы үнді-еуропалықтар) мен протохəн-тибеттіктердің ең ерте араласуы тохарлар мен хуашялар ( ) арқылы жүзеге асқан. - дей келіп, енді бір тұсында, - Бұдан сырт, жылнамалардағы [224] : Ғұн - кəйти мемлекеті ( ), бұлардың елі солтүстік-батыста деген сөз де бізге дəлел ұстатып, мынаны түсіндіреді: Ғұнның Чиң, Хəн əулеттерінен бұрынғы орны Қытайдың батыс-солтүстігінде; мұндағы кəйти деген Һенниң тұспалындағы гути (кути, Guti/Kuti) дегенді еске салады. Егер бұл екеуара байланыс бар болса, онда ғұндар оңтүстіктегі Хуаңхы алабына ірге кеңейтуден бұрын тохарлармен араласқан болып шығады [225] дейді. Қызықтың үлкені - мұның Эфиопиялық сақтардың ішіндегі түрік тілді тайпалар да, сонау атамзаманда, еуропа жаққа ат басын тіреген, сосын олжақты жерсінбей, талай елді басып, Орта Азияға келген, Һенниң тұспалындағы Тукри (, Tukri) деген - түрки, түрік тілділер дей алмауы! Бəлкім бұл арада да еуроцентризм ықпалы өз өнерін көрсетіп тұрған шығар. Бұл осы өңірдегі талай тайпаның, соның ішінде үйсіндердің түріктер екеніне тіпті сендіре түседі. Сондықтан меніңше мына қорытындыға тоқтағанымыз жөн сықылды. 1. Ежелгі үйсіндер - сақтар ішіндегі кавказ (еуропеоид) нəсілді этнос. Бұл көзқарастағы - үйсіндерді Еуропалық (кавказ) нəсілді дейтін ғалымдар аз емес. Мысалы, Г. А. Кушаев, К. А. Ақышев, Ж. Чарпантиер, У. М. Мкговерн, Юй Тайшан ( ), Оразақ Сымағұлов, т. б. лар. Бірақ оның ұрпағы бертінгі кезде шығыстан келген сары (моңғолоид) нəсілділермен араласа келе, біртіндеп метистене барып, бүгінгі қазақ, т. б. метис ұлттарға сіңген. 2. Үйсіндер - сақтар ішіндегі түрік тілді этнос. Алайда ол ұзақ тарих барысында өзіне енген немесе өзі барып сіңген басқа тайпалардың не тайпа уəкілдерінің ықпалынан басқа (парсы, моңғол, араб, т. б. ) тіл лексикаларынан едəуір қабылдаған «

101 ЕЖЕЛГІ ҰЛЫС ТАРИХЫ 3. Үйсіндерді үнді-еуропа (шығыс иран) тілді деп қасарысушылармен айтысудың қажеті шамалы. Бірақ олар кемінде екі нəрсені мойындауға тиісті:бірі, бұл өңірді б. з. бірінші мыңжылдығының ортасынан бастап түріктер биледі, өзге тілділерді (соның ішінде оларша үнді-еуропа тілді үйсіндерді де) түріктендірді; енді бірі, түріктер иарандықтарды да билеген, ал ирандықтар түрік халықтарына ұзақ уақыт жəне терең ықпал да жасаған (бұл туралы алда тағы аялдаймыз). Бүгінгі қазақ тілінде 3000-нан астам парсы сөзі, ал иран тілінде дай түрік сөзінің жүруі бұған мықты айғақ. Сондықтан не тек тілге, не тек нəсілге ғана қарап ежелгі үйсіндерді айдалаға алып қашу орынсыз. Ал, енді, тегін тануға пайдасы болар деген оймен, Үйсін деген сөздің өзінің төркініне де соға кетсек, Үйсіннің аты жайлы əр алуан талдау бар. Талдаудың біріншісі. Шынжаң Қоғамдық Ғылымдар академиясының ғалымы Чян Бочюан ( ) былай да дейді: Үйсін деген этностың аты кейінірек қойылған. Оның əсіліндегі дыбысталуы бойынша талдағанда Гыса ( ) дегеннің ертедегіше аударылуы болып шығады. Бұлар - Сүй, Таң əулеттері кезінде (б. з жж. ) Орта Азияның солтүстігінде мемлекет құрған Түрік Каса ( ) дегендердің ататегі. Бұрынғы Кеңестер одағындағы қазақтар мен біздің елдегі қазақтарға тығыз қандастық байланысы бар... Үйсіндер - түрік ұлт [226]. Дегенмен дегенді түрік хазар деп жүргендер де баршылық. Ол хазарлар - түрік текті халық. Оның ішінде қазақты құраған тайпалардың да көп болғанын ұмытпауға тиіспіз. Бұл туралы Чян Бочюан [227] ілгерілей түсіп: Үйсін этносының өз атын үйсінге өзгертуден бұрынғы намы Күн ( ) болатын. Алғы Чиң (б. з. б жж. - С. Ж.) кезінде, солтүстік-батыс регионда, шынында да күндер ( ) дейтін ұлт болған [228]. Үйсіндердің ататегі - Күнше ( [229] ). Бұрынғы үйсіндер күнрұң ( ) делінген. Бұл этностың Үйсін ( ) деген аты Хəн Уди заманында қойылған дейді. Егер бұған сенсек, біріншіден үйсіндердің күнге табынуы еске оралады; екіншіден Ғұн дегеннің əсілі айтылымы Күн болуы мүмкін деген тұспалымызға да келесіз; үшіншіден Күнби (Күн пенделерінің биі) дегеннің түсіндірмесі де ашыла түседі; Расында да, Хəн əулетінен бұрынғы кездегі хəн тілді жылнамаларда, үйсіндерді күн ( ), күнрұң ( ), күн-и ( ) дейтін ғадет бар екен. Мысалы, «Мыңзы. Ляңхұй хан тарауында», күн-и (күн адамдары) - ( ) деген сөз тұр [230]. Бұл ғалымдар, Үйсін деген атты тəуелсіздікке шыққаннан кейін, тайпа одағының, яғни ұлыстың (мемлекеттің) есімі ретінде Елжау қойған деседі. Ондағы себебі Үйсінге өзге талай тайпалардың келіп қосылғандығы екен. Бұл бізді ілгерілей ойлауға итереді, əрине. Ойымызға Күн деген оның алдындағы ноқтаағасы тайпаның ғана аты болып, талай тайпаны қамтыған кейінгі Үйсін ұлысының шаңырағын көтергенде, одақ мағыналы «( ) 228 Осы арада ол Мың Зының қатарлы еңбектерінен дерек келтіреді. 229 Қазіргіше тағы бір оқылуы Күние. 230 Толық мəтіні -,,

102 102 ЕКІНШІ БӨЛІМ үйсін дегенді істетуді құп көрді ме?! дегендер оралады. Оны тағы зерттей жатармыз. Кіріссөзде айтылған осыған байланысты мынаны да еске сала кетейін. Өз аңыздарымыздағы Ұмай ана дегендегі У ертеде күн дегенді білдірсе керек деген едім. Сонда, май (дұрысы ма, қазірде мама ) ана дегенді білдірген. Демек У Май деген Күн Ана деген сөз болып шығады. Хəндер буддизмді, талай өнерді Батыс Өңірден қабылдағанда, бұл жақтың бірқыдыру сөздерін де алған болар. Соған бір дəлел - қытайшада да У ( ) дегеннің күн, яғни қытайшадағы тəйяң ры (, ) мағынасы бар. Оның үстіне сол арада Алтай Аманжоловтың сөздерінен де бірталайын айтқан едім. Бұдан Үйсін дегеннің этимологиясы (төркіні) Күннің ұрпағы дегенде жатырма деген ой да туғызғамын. Өйткені, ді иероглиф бойынша баспа бас аударсақ, күннің немересі дегенді білдіреді. У (тіпті Үй) деген күн болғанда, Сын (тіпті Сін) көне түрікше ұл дегендік болуы мүмкін (Арабша мен орысшада да солай [231] ). Талдаудың екіншісі. Тағы бірталай ғалымдар Үйсін дегенді түрік (мысалы қазақ) тілінше одақ (, ), ұйысу (, ) мағыналы деседі. Мұның да қисыны зор. Сайып келгенде, мүмкін кей диалектілерде -дың дыбысталуы У дан сəл-пəл өзгешелеу (мысалы, Ұ, Ү, Үй, ) болған да шығар. Бірақ оның бүгінгі ортақ тілдегі (хəн ұлтының путоң хуасындағы) У болып оқылуы көктен түсе қалған бертінгі оқылу дегеннің еш қисыны жоқ. Сондықтан, тағы айтайын, Шадыман Ахметұлының ді Үйсін деп алуына дау жүрмейді. Иə, Шадыман айтқандай, Біздің ежелгі үйсіндер де осы батыс нұмдарының бірі Юншиң нұмдарынан тарады деген жорамалдар бар. Қазақстан тілгері Ғ. Мұсабаевтың үйсін этнонимін үй жəне шен деген сөздерге жіктеп талдауы да тегін емес [232]. Ол Ғайниден Мұсабаев əсілі: Үйсін деген атау үй жəне сін (шен) деген екі сөз. Көне заманда ол сөздердің əр қайсысында жеке мағына болып, бертін келе қосылып, бірітүбір, екіншісі - жұрнақ болып кеткен. Ескі түрікмен тілінде үйшен (Көроғлы жырында) бір нəрсенің үйілген, топталған жері деген мағынасы осы күнге дейін сақталған. Сондықтан үйсін сөзін ру, тайпалардың жиналған жері, мемлекеті деп ұғуға болады [233] деген болатын. Расында да үйсін дегеннің бүгінгі одақ мағынасындағы ұю, ұйысу, ұйыссын сөздерінен шығуы да əбден ықтимал. Үйсін мемлекеті тайпалар одағы болды емес пе. Бұлайша талдау жоғарыдағы бірінші талдауды құптай да түседі. Талдаудың үшіншісі. Кей қаламгерлер (мысалы, синолог Виктор Г. Маер) үйсін дегенді Литова тіліндегі асва ( ašva - - бие) дегеннен шыққан дейді. Мұнда еш қисын жоқ. [234] Ал, жоғарыда айтқанымыздай, қазақтағы Үйсін - тайпасы моңғолдағы сүйшіндерден (Шюйужынбу -, яғни тайпасынан) шыққан деушілер де кезіккен. Бұл, қисын жоқ қана емес, тіпті күлкілі талдау. Сондықтан бұл соңғы талдауларға аялдамаймыз. 231 «Тауарих хамса» (Алматы. 1992) 34-бетіндегі Б. Е. Көмековтың түсіндірмесіне қараңыз. 232 Шадыман Ахмет. «Ежелгі Үйсін елі». Құрастырушыдан (Үрімжі. 2005). 233 Ғ. Мұсабаев. «Үйсін туралы пікірлер». 234 http: //www. hudong. com/wiki/ торсайтынан алынды

103 ЕЖЕЛГІ ҰЛЫС ТАРИХЫ Бұл бөлімнің ең соңында есіңізге Уаң Жылайдің мына сөзін сала кетейін. Ол Былай деген болатын: Орта Азия мен Шынжаңдағы түркі тілін қолданатын əрбір ұлт өзінің қалыптасу барысында, Түрік тегіне мұрагерлік етіп қана қоймай, түрікке ұқсамайтын, жерлік үнді-еуропа тілді ұлттардың тегін де қабылдады. Шынжаңдағылар Түнязылық текті де қабылдады. Біз бұл аймақтың ұлт тарихы мен мəдениет тарихын зерделегенде, бұл үш түрлі қайнарды ескеруге тиіспіз. Сонда ғана біржақтылық сырқатынан айығатын боламыз. Орта Азиядағы осызамандық түрік тілді əрбір ұлт əрі шеттен келген, əрі төлтума деуге де болатын шығар. Өйткені олар - мұндағы ежелгі тұрғындардың қарапайым ұрпағы да емес, əрі оларға байланыссыз да емес, оларды қабылдаудың жемісі. Біз ертедегі үнді-еуропа тілді жəне басқа нəсілдегілердің қазіргі түрік тілді ұлттар құрамына енгенін жоққа шығара алмаймыз. Орта Азия - ежелден көп ұлт шыққан сахна. Сол көп ұлттың қосылуы мен көп түрлі мəдениеттердің ауысуы, кірігуі - бүгінгі ұлттардың қалыптасу көзі, сондай-ақ бұл ұлттардың көркею, даму жəне ілгерілеуде басып өткен жолы [235]. Хəн жылнамалары бұл өңірде шаңырақ көтерген əлде неше ондаған ұлыстарды атайды. Бізге мысал жəне дəп қазіргі «Үйсіннамадағы» сөзімізге тиек болуы үшін осы қысқаша таныстырғандарымыз жетіп жатыр

104 ҮШІНШІ БӨЛІМ

105 ЕЖЕЛГІ ҰЛЫС ТАРИХЫ 105

106 106 ҮШІНШІ БӨЛІМ Еске сала кетейін, Үйсін ұлысы (мемлекеті) туралы айтарымызға тіл тиегі үшеу дегенмін: Біріншісі, бұрынғы заман тарихшыларынан қалған жылнамалар. Қазірше бұл салада (Үйсін туралы тарихта) «Хəннама» мен «Тарихи жазбалар» басты орында тұрып келеді. Мұндағы Үйсінге қатысты деректер тобы Жақып Мырзаханов пен Шадыман Ахметұлы сықылды ғалымдардың қолымен негізінен таңдап алынды, қазақшаға аударылды, жарық та көрді. Ол жұртқа аян. Бірақ, қорытып айтқанда, ондағы материалдар тым аз... Ондағы кейбір жазба деректердің күңгірт жерлері мен бір-біріне қайшы жерлері де бар [236]. Екіншісі, соңғы ғасырлардағы ғалымдардың зерттеулері. Мұның жария болған бөлігі мен оның ішіндегі пікір ұксастығы, пікіралауыздығы, т. б.лар бұл сала ғалымдарына белгілі. Оның қазақшалары да бар. Мысалы, Шадыман Ахметұлы құрастырған «Ежелгі Үйсін елі» (Шынжаң халық баспасы. 2005), «Қазақстан. Ұлттық энциклопедия» т. б. (мысалы мен пайдаланған əдебиеттер) ішіндегі қатысты мəтіндер Үшіншісі, археологиялық қазба мен соған тəн зерттеу жұмыстары. Бұл Қазақстан мен бірталай шетелдерде ертерек басталды. Өткен ғасырдың соңғы жарымынан кейін Қытайда да қолға алынды. Мысалы, ҚХР-ның Іле аңғарында 1988 жылы жүргізілген археологиялық жаппай барлау кезінде есепке алынған байырғы үйсін обаларының ұзын ырғасы он мыңнан асады екен (Автор 2009 жылы Іледегі осы сала азаматтарының аузынан 20 мыңнан асты дегенді естіді. - С. Ж.). Олардың арасынан диаметрі метрге жететін əйдік обалар да жиі кездеседі. Қытайдағы ежелгі үйсін археологиялық ескерткіштерінің зерттелуі 1960 жылдардың басында қолға алынды. Ең алғаш 1962 жылы Іле қазақ автономиялы облысының Қазақстанмен шектесетін Моңғолкүре ауданындағы Саты, Бома қорымдарында археологиялық қазба жұмысы жүргізілді (археологтар Уаң Биңхуа, Уаң Миңжы, И Манбай, Ж. Мырзаханов). Арада біраз үзілістен соң, 1980 жылдардан бастап қазірге дейін тағы да сол облыстың аумағындағы ежелгі үйсіндердің Қаратөбе, Темірлік, Судунбұлақ (археологтар Жаң Юйжұң, Ли Шяу), Чоңкөк қорымдарында (ЛюЫнго, Лю Шюетаң, т. б. ) іргелі қазба жұмыстары жүргізіліп, үйсіндердің аса құнды археологиялық жəдігерліктері жинақталды. Үйсін ескерткіштерінің топографиялық ерекшеліктері, хронологиялық аясы, жерлеу ғұрпы, антропологиялық кескін-келбеті т. б. анықталды. Ғалымдар ежелгі үйсін қоғамының мемлекеттік құрылымы, əлеуметтік қатынастары, шаруашылығы, қолөнері, діни наным-сенімі жəне т. б. мəселелері туралы дəйекті ғылыми тұжырымдар жасады. Қазірге дейінгі жүргізілген археологиялық зерттеулер ҚХР жеріндегі Үйсін ескерткіштері көршілес Қазақстанның Жетісу өлкесінен ашылған ежелгі үйсіндердің археологиялық мəдениетімен біртектес, бір тұтас екендігін көрсетті. Антропологиялықнəсілдік бітімі де Жетісу үйсіндерімен бірыңғай болып шықты [237]. «Үйсіннама», қолынан келгенінше, жоғарыдағы үш тіл тиегінің Ұлы Даладағы ежелгі үйсіндерге тіке байланысты өңірлер (Қазақстан, Қытай, Моңғолия, Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан) туралы берген мағлұматтарына өз талдауын қоса сөз қозғайды. 236 Уаң Миңжы, Уаң Биңхуа. «Үйсін туралы зерттеу». Іле халық баспасы бет. 237 Жақып Мырзаханов: «Ежелгі үйсін еліне» жазған Алғысөзі. Үрімжі. Шынжаң халық баспасы

107 ЕЖЕЛГІ ҰЛЫС ТАРИХЫ 1. ҮЙСІН ҰЛЫСЫНЫҢ ЖЕТІСУҒА КЕЛУ АЛДЫНДАҒЫ МЕКЕНІ 107 Сөйтіп, үйсіндерді Эфиопиядан келген қара нəсілді арыдағы адамзаттың, ілгерілей айтқанда олардың ұзақ тарих барысында ақ нəсілге өзгеріп, Ұлы Далада тұрып қалған, сақтар дейтін тобының ұрпағы дедік. Оның ішіндегі нақты атабабалары шошақ бөрікті сақтарды қамтыған, түрік тілді сақ бұтарлары екен. Бұл бұтар өсе, көбейе келе əлде неше ұлыс, хандық болыпты. Олардың ең күшейген кезі Ғұн қағанатына біріккен тұс екен. Үйсіндер талайға шейін соған бағынып тұрыпты. Географиялық жағдайға қарай талдау мен тұспал жасағанда, олардың арғы атабабаларының Аму мен Сыр жақ арқылы, Каспий жаққа да, Ілені өрлей, Тəңіртауды аралай шығысқа таман да барғаны туралы деректерге сенуге болады. Үйсін ұлысының (мемлекетінің) Сыма Чянның қаламына ілінген кездегі (б. з. б. І ғасырдың басындағы) территориясы туралы талас тым күрделі емес. Ғалымдар бұл кездегі Үйсін елінің Іле дариясын кіндік еткен Жетісу өңірінде болғанына бір ауызды. Мұндағы пікір алалығы тек оның Ілені кіндік еткен осы аумақтағы төрт тарабының қай тұстарға шейін барғаны мен қай кезде барғаны жəне астанасының аты мен орны туралы ғана. Оны алда тағы зерттей жатармыз. Қолымызда Үйсін ұлысының құрамындағы тайпалардың тым арғы заманғы Ұлы Даладағы нақты жұрттары, Жетісуға келіп орнығудан бұрын тұрған қоныстары жайлы нақты да бірауызды мағлұмат жоқ. Тек соның алдында ғана сəл шығыста тұрғаны жайлы мағлумат «Тарихи жазбалар» мен «Хəннамада» айтылған. Ал, Ілеге келудің алдында Тəңіртаудың шығыстағы қай тұсында (Боғда маңайында немесе сонау Дунхуаң жақта) тұрғаны жəне Ілеге қашан келгені туралы талас бар. Біз көрген жылнамалар үйсіндердің Іле жаққа келуден бұрынғы жұрты шығыста, нақтырақ айтқанда Хəн əулеті мен Ғұн қағанатының батысында еді деседі. Бірақ бұл жылнамалар бізге, б. з. б. 177 жылдың маңында жау қолынан опат болған Үйсіннің Нəнді күнбиінен арғы Үйсін ел иелерін айтып бере алмайтыны сықылды, арғы заманғы нақ мекенін де, ол (шығыста деген) жұртына қашан қалай барғанын да түсіндірген емес. Уаң Биңхуа мен Уаң Миңжы айтқандай: Үйсіндер жөніндегі тарихи материалдар «Тарихи жазбалар» мен «Хəннамаға» жинақталған. Бірақ қорытып айтқанда, ондағы материалдар тым аз. Өте-мөте үйсіндердің Хыши ( ) дəлізін (мөлшермен қазіргі Гансу өлкесін. - С. Ж. ) мекендеген кездері мен батысқа қоныс аударғаннан кейінгі қоғамдық шаруашылығы, т. б. жөніндегі материалдар тіпті мардымсыз [238]. Бұл екеуі дəл осы пікірін өзге тұста, Үйсіндер жөніндегі деректер «Тарихи жазбалар», «Хəннама» жəне т. б. ертедегі тарихи кітаптарда едəуір шоғырлы кезігеді, бірақ тым үстірт, əсіресе олардың Хыши дəлізін мекендеген кездегі қимылдары, басқа да тірлік аясы, ұлынүкістермен (Ұлыжүз), ғұндармен арадағы қарым-қатынасы, батысқа ауу жағдайлары жайындағы нақты деректер өте мардымсыз [239] деп тағы үстемелей қайталаған. Меніңше бұларды айқындай түсу былайғы зерттеушілердің сыбағасы. Кей ғалымдар Үйсіннің Нəнді күнбиінен арғы елиелерін айтып береді. Мысалы, Геология-минералогия ғылымының докторы, профессор Əділхан Байбатша 238 «Үйсін туралы зерттеулер». Іле халық баспасы Уаң Миңжы, Уаң Биңхуа. 239 Жақып Мырзаханов: «Ежелгі үйсін еліне» жазған Алғысөз. Үрімжі

108 108 ҮШІНШІ БӨЛІМ сықылдылар. Алайда, Əділхандардың Арыс (Аргиппей, Арсақ, Аорыс) тайпасы б. з. б. - ғасырлар шамасында, Қазақ Даласының қастерлі ұлдарының бірі Үйсін бытыраңқы сақ тайпаларын біріктіріп құрған Ұлыодақтың (жүздің) құрамына кірді. Арыс тайпасы іргелі де құдіретті Үйсін мемлекетінің негізгі халықтарының бірі болып, даму жолының жаңа тарихи айналымына түсті. Үйсіннің өзі, Қаратауда туды деген деректерге сүйенсек, осы Арыс тайпасынан шыққан дегеніне («Қазақ даласының ежелгі тарихы». 65-бет) сену де, сенбеу де қиын. Өйткені: 1. Тарихи тұлғаларды недəуір толық терген доктор, профессор Тұрсын Жұртбаевтің «Дулығасында» Үйсін атты адам жоқ. Қытай тарихтарында да мұндай жеке тұлға кезікпейді. Ал, Ə. Байбатшаның шығармасында мұндай адамның болғаны, оның б. з. б. - ғасырлар шамасында өмір сүргені, т. б. туралы деректі қайдан алғаны айтылмаған. Егер осы туындысының 73-бетіндегі Үйсін б. з. б. - ғасырлар шамасында өмір сүріп, өте көп жасаған адам екен (Шапырашты Қазыбек бек Тауасарұлы, 1993) дегеніне қарап «Түп тұқияннан өзіме дейінге» сүйенді десек, онда сүйенген негізінің өзі шын-өтірігі айқындалмаған, таласқа толы дүние. 2. Қазақ шежіресіндегі Үйсін атаны ойдан шығарылған деу де қиын. Ал, б. з. б. ғасырда Үйсін атты ұлыс болғанын ойлағанда, егер бұлардың билеушілерін Үйсін атты адамның ұрпағы десек, Үйсіннің одан арғы екі-үшғасыр бұрын өткен жан екеніне де сенуге тиістіміз. Біз, мұндайларды былайғы зерделеулерге қоя тұрып, сөзді Үйсін ұлысының Жетісуға келер алдындағы жұртының орны туралы айтарымыздан ғана бастайық. Ғалымдар бұл туралы бір пікірге толық келе қоймады. Оларда кемінде мынадай ойлар бар: 1. Ғұндардың батыс жағында деу. Сыма Чянша болғанда, ол кездегі үйсіндер Ғұндардың батыс жағындағы шағын ел, Леузаң (Лаушаң, ) Тəңірқұт өлгеннен кейін, күнби ғұндарға бағынғысы келмей, елін бастап, шалғайға қоныс аударып бөлек кетеді («Тарихи жазбалар. Ферғана баяны»). Сыма Чян мұны елші Жаң Чянның патшаға берген есебі арқылы да баяндайды: Жаң Чян бұл тұста (бір соғыстағы қателігіне байланысты - С. Ж.) бек мəртебесінен айырылған еді. Ол: Пақырыңыз Ғұнда жүрген кезінде Үйсін ханының күнби деп аталатындығын естіген. Күнбидің əкесі ғұндардың батыс жағындағы шағын елді билеген екен деп [240]. Меніңше бүгінге шейін бұл пікірге қарсы уəж айтушы шыға қоймады. Алайда Сыма Чян батыс (Іле жақтан қарағанда шығыс) жақ болғанда нақты қай тұс екенін ашып айтпаған. Талас осыдан туындайды. 2. Ұлы жүздермен бірге отырған деу. Бан Гуше болғанда, Күнбидің əкесі Нəнді би тегінде Келен (Чилян, ) мен Дахата (Дунхуаң, ) аралығындағы ұлыжүздермен (ұлынүкістермен) қанаттас отырған кіші мемлекеттің билеушісі екен («Хəннама. Жаң Чянның ғұмырнамасы»). Үйсін мен Ұлы жүз Дунхуаң тарапта бірге еді («Хəннама. Батыс өңір баяны»). Мұның қисыны аздау. Сондықтан Уаң Биңхуалар да ол заманда Екі ұлт бір жерде аралас-құралас қоныстанды деген жазба деректің өзі күңгірт, жаңсақ. Жүздер мен үйсіндер Хыши дəлізінің шығысы мен батысына бөлек мекендескен. Хыши дəлізінің батысына үйсіндер, шығысына жүздер қоныстанған. Екеуі шама- 240 «Тарихи жазбалар. Дад-уан (Ферғана С. Ж. ) баяны».

109 ЕЖЕЛГІ ҰЛЫС ТАРИХЫ мен Жаң-йеден Жючюанға дейінгі өңірмен шектеледі дейді [241]. Бөлек мекендескен дегендерінің жəне Хыши дəлізінің батысында 3. Тəңіртаудың (Тяншанның) [242] Боғдасын кіндік еткен аумақта деу. Мен осы үшінші пікірге тұрақтап отырмын. Бұған мынадай негіздер бар. А. Маған Бан Гуден гөрі сөз болып отырған кезеңнің куəгері Сыма Чян сенімдірек сезіледі. Сыма Чянның ғұндардың батыс жағында деп қана шектелуінде мəн бардай. Оның үстіне, талай ғалымдар Егер «Тарихи жазбалар» мен «Ханнамада» қайшылық көрінсе, онда соңғысын тастап, алдыңғысынікін алу керек дейді [243]. Бұл орынды пікір. Өйткені Сыма Чян, шыншылдығын былай қоя тұрғанда, нақты ахуал өмір сүрген заманға таяукездің кісісі. Ə. Матсуда Хисаоша ( ) айтқанда, Егер «Тарихи жазбалардың» Үйсіннің тегі туралы хаттамаларын дұрыс түсінер болсақ, онда одан үйсіндердің бұрын Хыши жақта тұрғанынан бірер ізді де таба алмайсың. Шынында, Като Шигейлу (Жя Тыңфəн, ) түйіп айтқандай, «Тарихи жазбалалардың» авторы хаттаған үйсіндер əсілі Хышиде тұрмаған [ 244 ]. Матсуда Хисао үйсіндерді Боғда тауы (. Қазіргі Үрімшінің шығыс іргесі. - С. Ж.) жақта болған деп қарайды. Ал, Жапон синологы Като Шигейлу «Тарихи жазбаларда» үйсіндерді Хыши жақта тұрған деген сөз жоқ. «Хəннамада» Хыши дəлізінде тұрған деп жазу Бан Гудың «Тарихи жазбалар. Ферғана баянын» қате түсінуінен туындаған деп қарайды [245]. Тағы бір кітапта [246] да, Тиңжоу (бүгінгі Үрімшінің қасындағы Жемсары, - С. Ж.) Ақпақұмның (Такламакан. - С. Ж.) солтүстік-батысында, алғы Хəн əулеті кезіндегі ежелгі Үйсін жері деген тұр. Ал мұны Матсуда Хисао «Көнетаңнамадағы» үйсіндердің алғашқы мекені деген Жемсарымен ғана шектелмейді, Жемсарыдан Үрімшіге шейінгі барлық жасыл алқапты, яғни Боғданың солтүстік етегін бір-ақ қамтиды деп анағұрлым айқындай түседі [247]. Б. Ол заманда Ұлы Дала халқының саны аз, қазіргідей тығыз отырмаған. Алдымен арғы заманда бүкіл дүние халқының өзі аз-ды. Мысалы, 2009 жылдың 19-қаңтары күнгі Нью Йорк Таймс газетінде тілші Николас Видтің гендік зерттеу жүргізген генетик ғалымдар аузынан алған мағлұматы жарияланды. Ондағыша болғанда, 1 миллион 200 мың жылдың алдында бүкілжер шарында 55 мың жан ғана өмір сүріпті. Тіпті 100 мың жылдың алдында, олар жұқпалы дерттен құрып кете жаздап, дай адамы əрең аман қалыпты. Біз солардың ұрпағы екенбіз жылдың алдында да жер шарындағы адам саны оншама көп болмаған. Ол тұста да, 241 «Үйсін туралы зерттеу». Уаң Миңжы, Уаң Биңхуа. Үйсіндер деуінің жөні бар. Алайда бұл екеуінің пікірінше Сыма Чянның Ғұндардың батыс жағы деген сөзі қазіргі Гансу өлкесінің батысы(дунхуаңның шығысы, дəліз ішіндегі батыс) арқылы ғана шектеледі. Дей тұрғанмен бұл көзқарас кей фактілерге тым қабыспай тұр. 242 деген, ( деген Ak. Ak-tag түрікше. Тəңіртау солай да аталыпты ) ,

110 110 ҮШІНШІ БӨЛІМ халық саны ең көп болған Қытайдың халық саны 12 мен 50 миллионның арасында ғана толқыған күйде екен. Уаң Биңхуалардың деректерге негізделе жүргізген хисабынша, сол кездегі сонау Баркөл мен Жемсарыдан Қашқар, Хотанға шейінгі (негізінен бүгінгі ШҰАР аумағындағы) хандықтардың халық санының жиынтығы ғана екен. Бір Үйсін ұлысының халық санының (630 мың!) жарымына да жетпейді. Бұл Хəн əулеті елшілерінің Батыс Өңірді əбден шарлап, қолдарына айқын санақ ілінген заманның есебі. Мөлшермен, ең ары дегенде, б. з. б. ғасырдың аяғындағы сан. Ал, б. з. б. ғасырдың басында бұлар бұдан да аз. Үйсіндер олардың жиынтық халық санынан жəне де бір есе көп болуға тиісті. Оның үстіне қалалықтары жартылай, өзгесі түгел малшаруашылығымен шұғылданған Үйсін сықылды елдің етегі кең болады. Егер үйсіндер Боғданы кіндік етіп отырса, ол елдің бір шетінің Дахата (Дунхуаң) жаққа шейін отарлап жайылуы таң қаларлық емес. Мұндайда Бан Гу үйсіндердің Дунхуаң маңындағы шетін ғана көріп келгендердің немесе сондайлардан естігендердің лебізін хатқа түсіре салуы əбден мүмкін. Өзгені қойып бүгіннің өзінде де көп-көрім беделді кітаптарда қазақ дегенді, бейне өзге елдерде жоқтай, Шынжаңда тұратын азсанды ұлтымыз деп қана таныстырып жүргендер бар емес пе. В. Археологиялық барлау мен қазба жұмыстарының нəтижелеріне қарағанда, Үйсін обалары Жетісудан (Балқаштың шығысынан) шығысқа барған сайын сирейді. Қазірше байқалғандары Баркөлден шығысқа аса алмаған (Уаң Миңжылардың «Үйсін туралы зерттеуіндегі» карталарға қараңыз). Қазба жұмыстарынан табылған мұралар да сондайырақ. Мұны Уаң Биңхуалардың мына сөзі де растайды: Археологиялық тексеру материалдарына қарағанда, Үрімжінің оңтүстік маңынан, Тəңіртаудың орта бөлігіндегі Саяпыл көлі атырапынан, Мичюан ауданындағы Дасаутаннан, сондай-ақ Шиху қаласының батысынан Жың ауданына дейінгі аралықтан оңтүстіктен солтүстікке қарай тізбектеліп жататын біраз топырақ үйінді обалар табылды. Олардың тізбектеле орналасу ерекшеліктері Іле өңіріндегі Үйсін обаларына ұқсайды [248]. Алайда бұлар - Уаң Миңжылар айтқандай үйсіндер батысқа ауғанда көш жолында солардан қалған ескерткіштер ғана емес, қайта Іле жаққа шоғырланудан бұрынғы, шашыла отырған кезеңдегі, Үрімжіні кіндік еткен тұста отырғандағы ескерткіштері болуы қисындырақ. Ол кезде халқы аздау болғасын, бұл тұстағы обалар да аздау болары сөзсіз. Ал, Дунхуаң жақтан Үйсін обаларының көп кезікпеуі үйсіндердің денінің ол жақта болмағанын аңғартады. Ал, үйсіндер Дунхуаңның шығысында болған, бірақ ол кезде əйдік обалар жасау əдеті жоқ болу керек. Батысқа ауғасын ғана əйдік оба жасайтын болған шығар деп талдау ақылға қонбайды. Өйткені салт-ғұрыптың өте тоң мойын болатыны жұртқа аян. Бір-екі он жыл ішінде оншама зор өзгеріс туыла қоюы мүмкін емес. Г. Ғұн қағанатының ең əйгілі тəңірқұты Мөденің, б. з. б. 176 жылы, Хəн əулетінің патшасы Хəн Уындиге жазған хаты бар. Хатта былай делінген: Оңбілгі ханды (Ғұнның үшінші дəрежелі ұлығы - С. Ж. ) жазалап, батыстағы жүздерге шабуылдадық. Тəңір жолымызды қып, сардар-сарбаздар сайлауыт, ат-тұрманы 248 Уаң Биңхуа, Уаң Миңжы. «Үйсін тарихындағы келелі мəселелер»

111 ЕЖЕЛГІ ҰЛЫС ТАРИХЫ мығым болды да жүздерді тапап, қырғындап бағындырды. Кроран, Үйсін, Хужие (Хужие яғни Хагат деген қыпшақтар - С. Ж. ) елдерін жəне олармен көрші 26 елді орнықтырып, түгел ғұндарға қостық. Барлық садақты халайықты бір елге айналдырдық. Осы арадағы аты айқын аталған үш ірі елдің тізілуі географиялық орны (шығыстан батысқа қарайғы реті) бойынша айтылғандай. Олай болса Үйсін ұлысы Кроранның батысында болып шығады. Бұл Үйсіннің негізгі аумағы, Дунхуаң жақта емес, одан (тіпті Крораннан) да батыста дегендік. Бұл əрине Боғда маңына тура келеді. Ғ. Алдыңғы бөлімде айтылған, археологиялық қазба жұмыстары Боғда етегінен тапқан мол да бағалы дүниелер Боғда маңы (нақтырақ айтқанда қазіргі Үрімшінің оңтүстігі - Сағынсай [249] өңірі) арыда сақтардың, беріде ғұндардың (соның ішінде Үйсін хандығының) ірі ордасы тұрған мекен шығар деген əсер береді. Д. Басқа ғалымдар да: Деректердің ішінде «Тарихи жазбалар. Дад-уан баянындағы» жазба деректер тарихи шындыққа неғұрлым жанасатындығын аңғарамыз. Үйсіндердің бұрынғы қоныстанған жері əрине Шығыс Тəңіртаудың солтүстік бөктері болады. «Көне таңнаманың» 40-бумасындағы «Жер дерегінің» Жемсары ауданы тарауында, «Шардестірдің» 174-бумасындағы Бесбалық дуаны тарауында, «Тайпиң юйлан» деген шахналық шардестірдің 165-бумасындағы дуан, аймақ, ұлыс Лұңю бұлығы тарауында Таң əулеті заманындағы Бесбалықты алдыңғы Хəн əулеті заманындағы Үйсіннің көне жұрты деп ашық жазған [250]. Батыс өңірдің маңызды қақпасы болған Бесбалық өңірін үйсіндер батысқа ауудан бұрын негізгі тіршілік еткен аймақ ішінде болған деу неғұрлым ақылға сияды... Қысқасы, Хəн əулетінің алғашқы заманында Шығыс Тəңіртаудың солтүстік бөктері Бесбалықты өзек етіп, шығыс-батысы мың лиден астам ұлан-байтақ алапты алып жататын. Бұл арадағы Касилықтар мен басқа ұлыстардың халық саны өте аз еді, сондықтан жоғарыдағы пайымдалған себептерге қарағанда, кезіндегі бұл өңірде тұлғалық ұлыс үйсіндер ғана еді деп қарауға əбден болады деп отыр [251]. Ал, Шадыман Ахметұлы: Хəн əулеті тұсында Боғданың теріскейінде Артқы каси еліне көрші біраз ұсақ елдер болды, бірақ олардың халық саны тым аз. Айталық Алдыңғы Беглүк елінде 270 түтін, Артқы Беглүк елінде 462 түтін, Үлепсе елінде 190 түтін, Кап елінде 99 түтін, Каси бас жасауыл елінде 40 түтін, Каси артқы қамалбасы елінде 154 түтін бар (Бұл мəліметтер «Хəннама. Батыс өңір баянынан» алынды). Бұл ұсақ елдердің халқы Чин əулетінің соңы мен Хəн əулеті билік басына келген алғашқы мезгілдерде (б. з. б. ғасырдың аяғында. - С. Ж. ) аталған таудың теріскейіне шашырай қоныстанған, алайда бұларда мемлекет болмаған [252]. Ол заманда бұлсанды мəліметтер бұдан да аз болған, оларда Үйсіннің осы араны қоныстауына ықпал жасардай күш болмаған [253] деп құптай түседі Сансай делініп те жүр. 250 Уаң Биңхуа, Уаң Миңжы. «Үйсін туралы зерттеу». Іле халық баспасы Мың Фанрын ( ). «Үйсіндердің батысқа қоныс аударудан бұрынғы мекені» 252 Мың Фанрынның «Бесбалықтың тарихи географиясы» атты кітабындағы атты мақалаға қараңыз 253 А. Шадыманның «Ежелгі Үйсін елі» кітабына берген ескертуіне қараңыз.

112 112 ҮШІНШІ БӨЛІМ Е. Бүгінге шейін Хыши жақтан қазба жұмыстары тапқан Алғы Чиңзаманының археологиялық материалдарының бəрі де моңғол нəсілі типті сипатқа ие. Ал Құмылдан батысқа қарайғы өңірден табылған, б. з. б. - ғасырларға тəн мəйіттер тегіс еуропеоидтар типіне тəн. Бұл да ескеруге татиды. Ж. Ғəйрат Абдұрахман: Дунхуаң ( ) деген дегі, демек «Хəннама. Батыс өңір баянындағы» Тяншанның солтүстігіндегі алты ел ішіндегі (Дəнхың, Занғуан. - С. Ж. ), бүгінгі Шынжаңның Санжысындағы Боғда тауы ( ). Ал, деген іс жүзінде Таң əулеті кезіндегі, бүгінгі Құмыл аймағындағы Баркөлтауы ( ) [254] деп жоғарыдағы көзқарасымызды қолдай түседі. Сонымен Үйсін ұлысының Жетісуға келу алдындағы мекені - бүгінгі Боғда тауы мен Үрімші қаласын кіндік еткен кең өңір деуге ақылымыз. 261-бет. 2. ҮЙСІН ҰЛЫСЫНЫҢ МӨДЕ ТƏҢІРҚҰТҚА БАҒЫНУЫ Тарихи деректер, үйсіндердің Жетісуға келуден бұрын жолыққан бір трагедиясы туралы, Күшті көршілерінің шабуылынан Үйсін елінің билеушісі өлтіріліп, хандық үзіліп, билік ойрандалған. Жері басқалар қолына өтіп, халық тозып, тоналған [255] деп жазады. Осы арада, жоғарыда айтылған бір деректің екінші аудармасын да бере кетейін. Онда: Келесі жылы (Хəн Уынди заманы чянюанның 4 жылы, б. з. б. 176 жылы), тəңірқұт ( - Моду, Мөде, Мете, кей əдебиеттерде Бақтұғ. Б. з. б жылдары билеген - С. Ж. ) Хəнпатшасына мынадай хат жіберді: Оң білге ханды жазалау тұрғысынан батыстағы нүкістердің үстіне аттандырдым. Тəңірім медет бергендіктен, сардарларымыз бен жасағымыз сығай, алмауыттарымыз арқалы болды да нүкістерді күйреттік. Қарсыласқанның басын шауып, қалғанының тізесін бүктірдік. Кроран, Үйсін, Хагат ұлыстары жəне олармен іргелес 26 ел Ғұнға бағынды. Садақ асынған көшпелілердің баршасы бір үйдің адамындай болды [256]. Бұл арада бейбіт бағынды деген сөз жоқ. Əрине ол мүмкін де емес. Бəрі де Тəңір медетімен, жасақ сығайлығымен, алмауыт арқалығымен, демек қару күшімен, сұрапыл соғыс не тактикалық айлалармен, (соңғы аудармаша айтқанда) күйретілген немесе (алғы аудармаша болғанда) қырғындап, бағындырған. Ендеше Үйсін елі де Ғұн тəңір құтына бейбіт бағына салмаған. Керісінше ауыр қырғын арқылы еріксіз тізе бүккен. Ал мұны жүргізіп отырған Ұлы Далалықтардың басын құрап іргелі ел ету үшін атқа мінген əйгілі көсем Мөде тəңірқұт. Мұны жоғарыда айтылған елші Жаң Чянның патшаға берген есебі жайлы мына сөз дəлелдей түседі: Жаң Чян бұл тұста бек мəртебесінен айырылған еді. Ол: Пақырыңыз Ғұнда жүрген кезінде Үйсін ханының күнби деп аталатындығын естіген. Күнбидің əкесі ғұндардың батыс жағындағы шағын елді билеген екен. Ғұндар шапқыншылық жасап, күнбидің əкесін өлтіріпті [257]. 254 (http: //www. xjass. com ) 255 «Тарихи жазбалар. Ферғана баяны», «Хəннама. Жаң Чянның ғұмырнамасы». 256 «Тарихи жазбалар. Ғұн баяны» 257 «Тарихи жазбалар. Дад-уан (Ферғана С. Ж. ) баяны».

113 ЕЖЕЛГІ ҰЛЫС ТАРИХЫ Уаң Биңхуа мен Уаң Миңжылар айтқандай,...б.з. б. 177 жылдары ғұндардың, батысқа қауырт жорық жасап, үйсіндерді бағындыруы «Тарихи жазбалар» мен «Хəннама. Ғұн баянында» жазылған келелі оқиға, оның шын екендігінде күмəн жоқ, зерттеушілердің баршасы оны жаппай мойындап отыр [252]. Алайда бұл екі тарихи кітапта Нəнді биді қай жақ өлтіргені туралы сөз қарама-қайшы. «Хəннама» Жүз (Нүкіс) жақ өлтірді десе, «Тарихи жазбалар» Ғұн жақ өлтірген дейді. Жоғарыда айтылған таласты түйін де міне осы арада. Меніңше Ұлы қаған Мөде тəңірқұт, бірінші бөлімде айтқанымыздай, тек қара күштің аңғал батыры ғана емес. Ол өз заманынан оза туған, стратегия, тактика, доктрина, саясат, амал, айла атаулыға жүйрік көсем. Сондықтан халқы көп (халық саны сонау Баркөл мен Жемісарыдан Қашқар, Хотанға шейінгі хандықтардың халық саны жиындысынан бір есе артық), күші мығым Үйсін ұлысын əшкере соғыспен басып алудың оңай емесін де, ол əдіспен бағынудың баянды болмасын да əбден біледі. Күндердің күнінде, бір көтеріліс шығып, қайтадан бой бермей кетерін межелей алады. Сондықтан алдымен түнделеткен астыртын, тұтқиыл да шапшаң шабуылмен Үйсін ордасын ойран қылған, артынан бұл қастықты басқаға (қас жауы Ұлы жүзге) жаба салып, өзі бассыз да бейшара күйге түскен Үйсінге, оның аман қалған (іс жүзінде бəлкім əдейі аман қалдырған) күнбизадасына (былайғы Елжау күнбиге) шапағатшы болып шыға келуі əбден мүмкін. Ол өз əкесін де өзгенің ойына келе қалмайтын басқаша амалмен өлтірген емес пе еді. «Хəннама. Жаң Чянның ғұмырнамасы» дегендегі мыналар Елжаудың көңіліне күдік ұялатпау үшін ғұндар жағынан жасалған, таратылған үгіттің Бан Гу қолымен орындалған көшірмесі сықылданады. Онда, Күнбидің əкесі Нəндуби тегінде Келентау (Гансу өлкесіндегі Чилян тауы - С. Ж. ) мен Дахата (бүгінгідунхуаң - С. Ж. ) аралығындағы Ұлыжүзбен (ұлын үкіспен - С. Ж. ) қанаттас отырған шағын ұлыстың билеушісі екен. Ұлы жүз шапқыншылық жасап, Нəндібиді өлтіріп, олардың жерін тартып алыпты. Халқы босып ғұндарды паналапты делінген. Былайша айтқанда: А. Осы кезеңде, Үйсін сықылды бауларды (хандықтарды, ұлыстарды) өзіне бағындыру жорығын жасаған да, ол мақсатына жеткен де Мөде тəңірқұт қана. Бұл туралы оның Хəн патшасына жазған хатын жоғарыда айттық. Ə. Сыма Чян «Тарихи жазбаларды» Бан Гудың «Хəннамасынан» ғасырлап бұрын жазған. Оқиғаны көрген не естіген адамдар тірі кезде хатқа түсірген. Мұндай адамдар Хəн əулетінің қолына Ғұннан түскен тұтқындар ішінде де аз емес. Демек Сыма Чяндікі сенімділеу. Б. Қай заманда болса да, Хəн патшаларының Сыма Чянға ұқсамайтын, аса саясатшыл кей тарихшыларының өзінен бұрын жазылған дүниені редакциялап, патшасының қабағы мен заман ықлымына орай жөндеп отырғаны құпия емес. Бірде тату құдандалы, бірде өліспей беріспейтін қас жау болып келген іргелес алып ел Ғұн қағанатының қытығына тие бермеу үшін, Бан Гудың Сыма Чяндікін сонау жер түбіне (Сыр мен Аму жаққа) ауып кеткен Ұлы жүз өлтірдіге өзгерте салуы əбден мүмкін. Бұл тəңірқұттарға қағанкесін (патша тұқымынан саналатын қыздарын) 258 Уаң Биңхуа, Уаң Миңжы. «Үйсін тарихындағы келелі мəселелер» 113

114 114 ҮШІНШІ БӨЛІМ бергенге қарағанда оңай да арзан жағатсу ғой. Хəн жақ үшін бұратаналардың қай жағының қай жағын қырғаны маңызды емес. Бірін-бірі қырғаны ғана маңызды. В. Егер Нəнді бидің ордасын Ғұн тəңірқұты талқандамаған болса, былайғы тарихтағы Үйсіннің Ғұннан алыстап (тəуелсіз кетіп), Ұлы жүздерге жақындауын түсіндіру қиын. Г. Бұл ойымызды талай ғалымдар құптап отыр. Мысалы олар былай дейді: 1. Чин əулетінің соңғы кезінен Хəн Уынди заманы (б. з. б жж. - С. Ж.) чянюанның 3-4 жылдары аралығында, Ұлынүкіске (Ұлы жүзге) ғұндар ауыр қатер төндірді. Нүкістер жойылу қаупіне дөп келіп, өз басын амандаудың өзі оларға мұң болған еді. Сондықтан ұлы нүкістердің шағын күшімен Үйсінге шабуыл жасауы өте қиын. Іс жүзінде, ол кездегі Үйсіннің күші нүкістерден олқы соқпайтын [259], сол себепті нүкістердің үйсіндерді жеңе қоюы да оңай-оспақ іс емес. Əсіресе, сол кездегі жағдайда, Нүкістер мүбада, үйсіндерге шапқыншылық жасаса, көп жаудың арасында қалар еді, сондықтан бұл тұста нүкістердің қауіп-қатерге бел байлап, үйсіндерге шапқыншылық жасай алмайтындығын кесіп айтуға болады. 2. Хəн Уынди заманы чянюанның 3-4-жылдары аралығында, ғұндар нүкістерді күйретіп, Кроран, Үйсін, Хагат ұлыстарын жəне олармен іргелес 26 елді бағындырған. Бұл сол кезде ғұндардың Батыс Өңірді шаужайлай бастағандығын ұғындырады. Дəл осы кезде - нүкістер тұңғыш рет батысқа ауғанда Хыши дəлізінен Іле өзені алабына көшіп барғаны айдан анық болады. Мұндай жағдайда, нүкістер батысқа ауғаннан кейін шапқыншылық жасап, күнбидің əкесін өлтірді деген пəтуа қисынға келмейді. 3. «Тарихи жазбалар» мен «Хəннамадағы» жазба деректерге қарағанда, үйсіндердің батысқа ауудан бұрын шапқыншылыққа ұшырауы бір-ақ рет қана болған. Нақтылап айтсақ, тек Хəн Уынди заманы чянюанның 3-4-жылдары аралығында ғұндардың Кроран, Үйсін, Хагат ұлыстарын жəне олармен іргелес 26 елді бағындырған оқиғамен бірге болған. Бұл деректі жоғарыда пайымдалған ахуалмен байланыстырсақ, мынадай тұжырым жасай аламыз: «Хəннама. Жаң Чянның ғұмырнамасында» жазылған нүкістер шапқыншылық жасап күнбидің əкесі Нəнду биді өлтірді дегенге толық сеніп кетуге болмайды; ал «Тарихи жазбалар. Дад-уан баянында» жазылған ғұндар шапқыншылық жасап, күнбидің əкесін өлтірді дегеннің жаны бар (бұл Хəн Уынди заманы чянюанның 3-, 4 жылдары аралығында ғұндардың үйсіндерді бағындырған кезі). Қысқасы, жоғарыдағы талдауға негізделер болсақ, күнбидің əкесін өлтіру оқиғасы нүкістермен қатыссыз, ал нүкістердің екінші рет батысқа аууы Леузаң тəңірқұттың шапқыншылығы салдарынан болған. Сонымен бірге, жоғарыда жасаған талдаулардан біз деректердің ішінде«тарихи жазбалар. Дад-уан баянындағы» жазба деректер тарихи шындыққа неғұрлым жанасатындығын аңғарамыз. [260]. Нүкістерге Леузаң тəңірқұт шабуылдағанын жөн көретін Канада синологы Проурибн ( ) да 259 «Хəннама. Батыс өңір баяны. Үйсін баянында» үйсінде 120 мың түтін, 630 мың жан, соғысқа жарамды 188 мың 800 адамы бар; Дад-уан баянында: Ұлынүкісте 100 мың түтін, 400 мың жан, соғысқа жарамды 100 мың адамы бар делінген. Аталған статистикалық мəліметтің уақыты сəл кешірек болғанымен, алайда, мұнан Хəн əулетінің бастапқы мезгілдеріндегі үйсіндердің шама-шарқын бағамдауға болады. Кемінде үйсіндер ұлынүкістерден сан жағынан аз емес немесе қуаты онан кем емес. 260 Мың Фанрын ( ). «Үйсіндердің батысқа қоныс аударудан бұрынғы мекені»

115 ЕЖЕЛГІ ҰЛЫС ТАРИХЫ Елжау атакегі үшін (vendetta) Нүкіс еліне шабуыл жасады дегенді Бан Гу оқырманын қызықтыру үшін ғана қосып қойған деп санайды. Демек Мөде тəңірқұт Үйсін ұлысын жоғарыдағы аса шебер ұйымдастырылған құпия қырғынға əшкере қормалдық араластырып бағындырған ТƏҢІРҚҰТТЫҢ ƏМІРІНДЕГІ ҮЙСІНДЕР Тəуелсіздіктен айрылған үйсіндер Ғұн қағанатының қоластындағы бір бау (хандық) санатында 20 неше жыл өмір сүреді. Мұның денінде тəңірқұт тікелей басқарып, Бөжей жабғы сықылдылар атқарушы ретінде болған шығар. Жылнамалар бұл туралы нақты сөзден аттап кетеді. Үйсіндердің тəңірқұт қоластындағы күйі жайлы бергі пайымдаулар былай: 1. Құл тайпа болған. Уаң Биңхуа, т. б. ғалымдардың, Мөде тəңірқұт тұсында, Үйсін іс жүзінде ғұндарға тəуелді болды. Шаруашылық тарапта алым-салық төлеу, көпшір тапсыру, саяси тарапта бағыну, əскери тарапта бұйрықты қабылдау сияқты зорлықты борыштарды өтеді. Мəні жағынан алғанда тұтас тайпа бойынша ғұндардың құлы болды [261] дегенінің жаны бар. Ол заманда бағындырушының бағынушыға байланысының басқаша -сыйласымды, құрметтеулі, жанашырлы, тең күйде болуы мүмкін емес. Ондайды бүгінде де толық жүзеге асыру қиын болып отыр. Уаң Биңхуаларға қоса кетеріміз - біріншіден, бұл байланыс, Уаң Биңхуалар айтқандай Мөде кезінде ғана емес, кейінгі Леузаң (Лаушаң, ) [262] тəңірқұттар заманында да жалғасын тапты. Хəн əулетімен соғыс өршіген сайын бауларға түскен жүк те ерепайсыз ауырлай берді. 20 неше жылдан соң үйсіндердің Ғұн қағанатына бағынбауға қарай беттеуіндегі көп себептің бірі де осында тұр. Алайда амалды елбасылары - Мөде мен Леузаң тəңірқұттар Үйсін күшінен шебер де толық пайдаланған, ал көреген көсем Елжау да бұл барыста өз есесін ұтымды ескерген көрінеді. 2. Тəңірқұт үйсіндерді өз қоластындағы жуас та адал ел қылудың амалын əу бастан келістіре ойластырған. Бұған жау жағынан ордасы күйретілгеннен соңғы Үйсін ахуалы ретіндегі мына дерек мықты мысал. Оның бірінде: Жаңа туған нəресте күнби иен далада қалыпты. Кейін көрсе, ет тістеген қарғалар оның үстінен шырылдап ұшады екен. Көкқұртқа келіп оны емізіп тұрады екен. Бұған қайран қалған тəңірқұт, оны киелі бала екен деп, өз қолында бағып ержеткізіпті [263] делінген. Бұл арадағы мыналардың қайсысына тоқтау ми жүгіртуді талап қылады: А. Дəл сондай (сəби иенде қалған, құс пен бөрі оны баққан) ахуал табиғи да шын болған іс. Ə. Ол ахуал болған, бірақ оны біреу (мысалы Бөжей) əдейі қолдан жасаған. 261 Уаң Биңхуа, Уаң Миңжы. «Үйсін тарихындағы келелі мəселелер» 262 Кей əдебиеттерде Рошат Бағдұрхан, Хайрых не Қайұқ деп те жүр. Б. з. б жж. билік құрған. 263 «Тарихи жазбалар. Дад-уан (Ферғана С. Ж. ) баяны».

116 116 ҮШІНШІ БӨЛІМ Б. Тіпті қолдан да жасамаған. Тек сондай болды деп сөз таратқан жəне оны тəңірқұтқа жеткізген. В. Ахуалды (мейлі қолдан жасалсын немесе табиғи да шын болсын)тəңірқұт көзімен көрген. Бұл деректі Бəнгу Жаңа туған нəресте күнбиді аталық (абыз көке - ) Бөжей (Бозоқ -. - С. Ж. ) ябғұ (жабғы, лиңхоу - С. Ж. ) қалың шөптің арасына апарып жасырып қойыпты. Бөжей оған азық алып қайтып келсе, оны көк құртқа емізіп жатыр екен, ет тістеген қарғалар оны төңіректей ұшып жүріпті. Ол мұны киенің құдіретіне жорыпты. Сонан нəрестені көтеріп барып Ғұнға бағыныпты. Тəңірқұт бұл баланы жақсы көріп, өз қамқорлығына алып ержеткізіпті [264] деп тіпті толықтай түседі. Бұған сенсек жоғарыдағы Ə мен Б ықтималдықтарға ауа түсеміз. Сонда да біз бұған мына талдауларды ілгерілей жасап көрейік: А. Дербесшіл ниеттегі Нəнді би бастаған елиелерін оқыс та құпия шарамен құртарда, ертең үшін керекті күнбизатты аман алып қалу алдын ала жоспарланған немесе ол нəресте ерекше жағдайда аман қалып былайғы амандығын Бөжей амалдаған. Ə. Көк құртқа (бөрі қаншығы) туралы сөз - қолдан жасалған шараның жемісі. Бұл арада Бөжейдің (Үйсін ұлысындағы аталық, жабғы бола тұра)аман қалуы - үлкен сыр (Байқалмай сау қалды ма, алысқа сапар шеге кетіп аман қалды ма, жоқ əлде Мөде тəңірқұтпен ымыраласты ма,... - былайғы жерде зерттеуге татитын кесек тақырып). Ал, көкқұртқа шарасын осы Бөжей жасауы да мүмкін. Бəлкім ол Мөдемен ымыраласқан болса, тəңір құттың ертең үшін керек деген ақылы бойынша, ал онымен ымыраласпаған болса, онда төтенше жағдайда аман қалған күнбизат арқылы тəңірқұтты тіксінтіп, Нəндібиден тұяқ қалғанын əйгілей келе, болашақта елдің есін жию үшін амал жасаған болар. Қалай дегенмен де мұның елбасысыз, қаңырап қалған орда астындағы есі шыққан үйсіндердің көбін тəңірқұтқа қарай тартуға, тулатпай бағындыруға себі тиген. Б. Кейін келе көкқұртқа мен бұл нəресте (Елжау) аңызға, ал көкқұртқа (бөрі) үйсін дерге, тіпті бүкіл түркі халықтарына тотемге айналған (Ашына -Алашты еске түсіріңіз). Осы арада айрықша айта кетерлік бір жайт мынау: Жылнамаларда Елжаудың аты Лиежяу ( ) деп жазылған. «Қошқарбай шежіресінде» [265] : Жер мен зат қытайша, ал қала мен адам өздерінше болсын деген қағида бар. Демек адамның (ендеше Елжаудың) аты өздерінше (демек үйсінше) алынғанына, бұл күнбидің аты Елжау екеніне сену керек. Бəлкім жау шапқанда туылған не жау шапқанда ат қойылған болғасын солай аталған шығар. Ол кезде бір жасқа не жеті жасқа толғанда ресми ат қойылатын дағды да болыпты. Ал, дегеннің енді бір оқылуы Лапкөк. Бəлкім бұл қастерлеген лақабы Алып көк шығар. Алып пен көк сөзі түркі тілінде ертеден бар. Бұған кей қаламгерлер Елжау емес, Елсау болуы керек деп жылнамаларда бадырайып тұрған түпнұсқадан алшақтаған жаққа тартып, үйсінді қазаққа бұйыртқысы жоқтарға ауыз бірліксіздік арқылы жем қылуға итереді. Бұл пайдасыз. Қазақта Есет Көтібарұлы (Кішіжүз көтерілісшісі), Жамантайұлы Боқбасар (ағасұлтан), Күшік (Жəкула болыстың, Тұрақтоқтаның, Еңсе қажының əкелері), 264 «Хəннама. Үйсін баянында». 265

117 ЕЖЕЛГІ ҰЛЫС ТАРИХЫ Көтібар (Итаяқовтың аты, Бəсендеұлы мен Əлидің фамилиясы, т. б.), Жолды аяқ Тілеу ұлы, Ережеп Итбаев сықылды аттар аз ба?! Өз заманының дағдысы атты олай да, бұлай да қойғызады. Орыста Собакин сықылды фамилиялар да толып жатыр. В. Хəн жақтың екі жылнамасында бұл туралы да қайшылық байқалады. «Тарихи жазбалар»: жаңа туған нəресте күнби иен далада қалыпты. Бұған қайран қалған тəңірқұт оны киелі бала екен деп танып, оны өз қолында бағып ержеткізіпті дейді. Бұл арада Бөжейді ауызға алмайды. Тəңірқұт тіке көріп, тіке өзі істеген іс қып баяндайды. Ал, «Хəннама»: Жаңа туған нəресте күнбиді аталық Бөжей жабғы қалың шөптің арасына апарып жасырып қойыпты, сосын көк құртқа мен құстардың хикметін көргесін, ол мұны киенің құдіретіне жорыпты. Сонан соң нəрестені көтеріп барып Ғұнға бағыныпты дейді. Егер бұған сенсек, онда Бөжей Нəнді биге сатқындық жасамаған (Мөдемен ымыраласпаған), ерекше себептен аман қалғасын өзін де, нəрестені де, бүкіл елін де құтылдырудың осындай хикметті жолын таңдаған жəне ол жолды келістіріп жасаған болып шығады. Бұл əрине Үйсін тарихы тұрғысынан алғанда ересен зор үлес, аса парасатты шара саналар еді. Əрине Мөдемен ымыраласқан күнде де Бөжейдің орны төмендегелі тұрған жоқ. Ол тұстағы ой-санада, бірлік түбі - тірлікті əбден білген тəңірқұттар бас-басына тəуелсіз ел болуды көксеген бауларды (хандықтарды) бағындырып, қарсыласы Хəн əулетіне төтеп берер алып империяға айналуды армандағаны сөзсіз. Егер Бөжей, қара басының қамы үшін емес, дəл осындай Ұлы Даладағы шашыранды хандықтардың басын құрап іргелі ел болудай стратегиялық ой биігінен Мөдеге сəйкескен (Мөде идеясына қарсы Нəнбиден аулақтаған) болса, екінші бір биіктен көрінген саналмақ. 3. Елжау (іс жүзінде Бөжей) бастаған үйсіндер ғұнға ел болғаннан кейін, үйсіндер тəуелсіздіктен айрылса да, тайпалық елдігінен айырылған емес. Үйсіндер едəуір көп халқымен, тұтасынан ғұндарға тайпалық бағынды күйге түсті, яғни шағын ел санатындағы Үйсін мемлекеті жойылғанымен, олар ел немесе тайпа ретінде өздерінің ішкі бөлігіндегі бұрынғы ұйымдық күйді жəне қандастық қатынасты үлкен жақтан сақтаған. Өйтпей торғайдай тозып бытырап, өзгеге сіңіп кеткен болса, жиырма жылдан астам уақыттан кейін əкесінің ел-жұрты қайтарылды деген сөздерді айтудың жөні келмес еді. 4. Елжау (іс жүзінде Бөжей) бастаған үйсіндер Ғұнға ел болғаннан кейін, оған көп еңбек сіңірген жəне Елжау сол барыста елбасы бола аларлық биікке көтеріліп алған. Əрине ол заманның көсемдері əрі батыр, əрі шешен, əрі көреген жандардан ғана шыға алады. Заман олардан осыны талап етеді. Тəңірқұт Ғұн тəңірқұты оны киелі бала деп біліп, өз жанына алып, асырап ержеткізеді. Ол есейіп-ержеткен соң, шеру тартып, жорыққа аттанып, жеңістерге жетіп, ерлік көрсетіп, еңбек сіңіреді. Ақырында Ғұн тəңірқұты оны əкесінің орнына күнби етіп, əкесінің елін жинап, билігін береді. Сонымен бірге, оған Батыс жақты мəңгі қорғау міндетін тапсырады. Күнби өз елінің басын құрағаннан кейін, көршілес қалашықтарға шабуыл жасайды. Он мыңдап əскер ұстап, соғысқа əбден төселеді [266] дегендік осыны аңғартады. Бұл əлбетте қып-қысқа уақыттың ісі емес. Ескерте кетерлік бір жайт - Елжауға мəңгі қорғау үшін тапсырылған батыс жақ жылнамаларда батыс өңір, батыстағы қалалар, батыс жақ деп əркелкі «Тарихи жазбалар. Дад-уан (Ферғана С. Ж. ) баяны».

118 118 ҮШІНШІ БӨЛІМ жазылған. Меніңше бұларды батыс жақ деп түсінген жөн сықылды. Өйткені ол осы айтылғандардың бəрін қамти алады. 5. Бағынды күйдегі Елжау өз жұртын аялай білген. Елжау күнбидің тəңірқұттың өзін киелі бала санап, аруақтардан қорқып, жеке басына бейілі түсіп, ержеткізіп, соғыстарға жұмсап сомдап, аяғында өз елін өзіне билеткеннен кейінгі ахуалын жылнамалар Күнби халқына қормал болыпты, қоңсылас отырған ұсақ елдерді шауып ірге кеңейтіпті. Сонымен оқшыларын бірнеше түменге жеткізген екен. Күнби оларды шабуылдау мен қорғануға машықтандырыпты [267] деп жазады. Мұның бəрі бір жағынан өз елін алдағы ірі іске (ертеңгі тəуелсіздік үшін əскери құдіреттенуге) дайындату, əрі тəңірқұтқа жағу, əрі оған өзінің жеке əлеуетін аңғарту. Бұл арада есейген Елжаудың асқан парасаты байқалып тұр. 6. Бұл арадағы Елжаудың туылған жəне есейген жылдары туралы Уаң Биңхуалардың талдауында қисын бар. Олар былай деген болатын: «Тарихи жазбаларда» да, «Хəннамада» да жазылған тарихи деректер бір-бірімен байланысты мына үш мəселені анық ұғындырады: бірінші, үйсіндердің елдігінен айырылған кезі - күнбидің жаңа туған нəресте шағы (бұл мөлшермен б. з. б. 175 жыл төңірегі. - С. Ж. ). Олардың елдік санаттан қалған жылдары -күнбидің дүниеге келгеннен бастап, азамат болған, кəмелетке келген есею барысы; екінші, үйсіндердің батысқа аууы - күнби санаттағы азамат болып, кəмелетке келгеніне көп ұзақ болмаған мезгіл; үшінші, бұл аралықта үйсіндер ел ретінде өмір сүруден қалған (Мұны тəуелсіз мемлекет ретінде өмір сүруден қалған деген мағынада түсінген дұрыс. Əйтпесе үйсіндер құрып жоғалып кеткен дегенге сайып қалуы мүмкін. - С. Ж.) күнбидің азамат болып, кəмелетке келді делінгені жігіт болу дейтін ұғыммен мəндес сөз, яғни жасы дерге ілінгенін (Демек б. з. б жылдар болғанын - С. Ж.) ұғындырады. Мен мұны құп көрдім. 7. Ұлы жүзді Іледен Ғұн қолы қуған. Бұл туралы Нүкістердің екінші рет батысқа аууы Леузаң тəңірқұттың шапқыншылығы салдарынан болған [268] дегеннің қисыны бар. Леузаң тəңірқұт əсілі қумақ емес, бағындырмақ болған шығар. Алайда Леузаң тəңірқұттың ниетінен хабары мен дайындығы бар, бағынғысы келмеген Нүкіс елі батысқа ауған жəне бұл көшуден тіпті де зор пайдаға кенелген - Бактрияны басып қалған! Үйсіндер ұзағанда бұл шабуылға қатысқан болу керек. Сосын бүкіл Жетісу өңірі иенге жуықтап, ежелгі сақ тайпаларының өте сирек қоныстанған ұрпағының мекеніне айналған. 8. Елжаудың өз елін тəуелсіздікке дайындауы, Ілеге қарай аууы осыдан соңғы іс. Жылнамалар былай дейді: Тəңірқұт қайтыс болғаннан кейін, күнби өз елін алысқа көшірген екен. Тəуелсіз ел боламыз деп ғұндарға қол тапсырудан бас тартыпты [269]. Демек ел құлағы елу емес пе, Үйсін ұлысының кешегі ордасын күйреткен осы ғұндардың өзі екенін, əкесі Нəндібидің Мөде тəңірқұт қолынан өлгенін əбден естіген Елжау күнби (бұл оның тəуелсіздікке беттеуінің былайда айтылғалы тұрған екінші себебі ғой), оны білмеске сала жүріп ержетеді, кегін іштей қайрай жүріп, 267 «Тарихи жазбалар. Ферғана баяны» 268 Мың Фанрын ( ). «Үйсіндердің батысқа қонысаударудан бұрынғы мекені» 269 «Тарихи жазбалар. Ферғана баяны»

119 ЕЖЕЛГІ ҰЛЫС ТАРИХЫ сырттай еңбегінің бодауымен билікті қолына келтіреді, астыртын тəуелсіздік дайындығын жасайды, сосын біртіндеп тəңірқұтқа бағынбау жолына түседі. Мұның əрине қисыны бар жəне ол бірер жылда біте салған іс те емес. Жартылай бағынды болу Леузаң тəңірқұт кезінде де жалғасқан. 9. Парасатты көсем Елжау негізінен иен қалған Жетісудың стратегиялық маңызын бір көргенде-ақ білген. Ал тəңірқұттың өзіне берген батыс жақты қорғау міндетін ( батысты баянды қорғау жөнінде əмір бергенін ) мықтап пайдаланған. Алдымен батыс жақты, əсіресе негізінен иен тұрған Жетісу тарапты қорғау үшін Іле жаққа халқын сырғытады, талайға дейін Ғұнға бағынған байланысын сақтайды. Бағынбауды біртіндеп іске асырады ЕЛЖАУДЫҢ ТƏУЕЛСІЗДІККЕ БЕТТЕУІНІҢ СЕБЕПТЕРІ Үйсін ұлысын тəуелсіздікке жетектеген басты адам - Елжау күнби Нəндібиұлы. Бұл беталыс неден туындады дегенге жауап бере кету борышымыз, əрине. Бұл туралы мынадай ойларды айтуға болады: Елжау есейе келе өз əкесінің Мөде тəңірқұт қолынан өлгенін білгесін, кектеніп, өшігіп, оның қағанатынан түптің түбінде бөлініп кетуді ойлаған деу. Жылнамалар бұл ойдан ашық дерек бермейді. Бірақ Нəнді бидің Мөде қолынан өлгеніне сенсек, Елжауда бұл ой болмады дей алмаймыз. Алайда Мөде Елжаудың сəби кезінде қайтыс болып кетеді. Елжау Мөденің ұлы Лаушаң заманында есейіп, жігіт болады. Тəуелсіздік алуы оның ұлы Жюнчын (Кеюк, Киік) кезіне тура келеді. Тəңірқұттар өз парасаттарын толық пайдалана отырып, бар құқықты өздеріне əбден шоғырландырғаны жəне тəңірқұтқа мұрагерлік түзімі бойынша, басты биліктілердің бəрі дерлік оның ноқтаағасы тайпасынан шығуы керектігін айқын жариялағаны себепті, Елжауға кек қайтарудың бөлініп кетуден өзге жолы (тəңірқұттық тақты тартып алу, т. б.) жоқ екені белгілі еді. Қанға қан жолын қуып Мөденің бір ұрпағын, мысалы тақта отырған Жюнчынды жайратудың тым парасаттылық емесін Елжау əрине біледі. Сонымен, бұл əке кегі аса парасатты Елжау үшін ең басты себеп бола алмайтын сықылданады. 2. Елжау немесе Елжауды кіндік еткен Үйсіннің ең жоғарғы ығайлары ортақ өгізден оңаша бұзау артық санады деу. Мен олардың ішін араларын ғана болмаса, дəл Елжаудың өзін бұған қимаймын. Ол Елжау бірлік түбі - тірлікті білмейді дегенге саяр еді. Мұның мүмкіншілігі аз. Əсіресе берекесіздіктің тақсіретін ғасырлап тартқан, енді ғана бас құрап, ес жиюға беттеген Ұлы Дала елінің төбе тобында (тəңірқұтқа таяу сатыда) жүрген парасатты Елжау үшін мұны білмеуі мүмкін емес. 3. Тəңірқұт жүргізіп жатқан соғысқа қол тапсыру, оның шығыны үшін алымсалық беріп тұру жұртын жауыр қыларлық дəрежеге жеткендігі үшін деу. Бұл себеп бар. Дегенмен бұл да басты себепке жата алмайды. Өйткені егер жолақ, іс дұрыс, болашақ нұрлы болса, оған қажетінше құрбан беру керегін Елжаулар да біледі. 4. Елжау тобы Ғұн қағанатының болашағын көмескі санады, тіпті түңілерлік нышандарын байқады деу. Меніңше мұның жаны бар. Ең басты себеп те осы болуға тиісті. Қалғанының бəрі қосалқы себептер. Хəн əулетінің атақағаны ( ) Лю Баң

120 120 ҮШІНШІ БӨЛІМ б. з. б. 206 жылы таққа отырса, Мөде одан 3 жыл бұрын таққа шыққан болатын. Лю Баң 12-ақ жыл билесе, Мөде 36 жыл билеген еді. Елжау олардың мұрагерлері заманында ержетті. Ол өзі тұрған елді (Ғұн империясын) ғана емес, соғыс барысында өзге (соның ішінде, əсіресе Хəн əулетін) де көріп, біліп жүрді. Миы бар адам əрине ойлайды. 20 неше жыл ішінде екі елде екі түрлі өзгеріс туылды. Хəн əулетінде, ғасырлаған тарих қалыптастырған өркениет пен мəдениеттің, көп қала мен қалың жанның үстіне, бір орталыққа мықтап бағынған күшті мемлекеттілік, сол үшін қызмет ететін заң-жарғы, оны қорғайтын əлеуетті əскери жүйе қалыптасты. Ал, Ғұн қағанатында осының бəрі олқы. Бір орталыққа ауызда ғана бағынғанбаухандықтардың (бəрін қосқанда) неше миллион ғана жанымен (қару көтеріп шыға алатыны 300 мың ғана) патшаның ашса алақанында, жұмса жұдырығында болатын неше он миллиондық хəндерге қарсы толассыз соғыстың, оның керісінше Ғұн ақсүйектері ішіндегі қатая бастаған тақталасының, елдегі іштілік пен əлеуеттілік жақтағы əлсіздіктердің (табиғи апат, мешеу өндіріс қатарлардан туындаған кедейлік) т. б. аяғы қайда апарары беп белгілі еді. Елжау елдің ішкі жағындағы шипасы табылмайтын дерттер мен сыртқы (күші мен айласы үстем) əсерлерді, Хəн əулетінің түптеп келгенде, Ғұн қағанатын құртатынын ерте сезді. Кейінгі тарих, Ғұнға қараған бетінен таймаған баулар түгіл, бүкіл Ғұн қағанатын да құрдымға əкетті емес пе. Сондықтан Елжау ертерек ес жиып, өз еліне нұрлы болашақ іздеді. 5. ТƏУЕЛСІЗДІККЕ АТТАНҒАН МЕЗГІЛІ Уаң Биңхуалар былай талдайды: Үйсіндер елдігінен айырылғанда, күнби жарық дүниеге жаңа келген; азамат болып, кəмелетке келген кезде де ол ғұндардың қамқорлығында болды, солардың сойылын соқты. Арада көп өтпей елжұртын бастап батысқа қоныс аударды. Жоғарыдағы талдаулардан біз үйсіндердің батысқа қоныс аударғанға дейінгі жалпы елдік санаттан айырылған уақыты жылға созылғанын, бұл Елжау күнбидің дүниеге келгеннен азамат болып, кəмелетке келгенге дейінгі есейіп- ержету кезеңіне тура келетінін байқай аламыз. Содан былайғы жерде ол халқын бастап батысқа қоныс аударады. Олай болса, б. з. б. 177 жылдан бері қарай есептесек, б. з. б б. з. б. 160 жылдар үйсіндердің батысқа ауған жылы болып шығады. Тек кейінірек шаруашылығы өркендеп, күш-қуаты күн санап зорайғаннан кейін, жарлықты қабылдамай, ғұндарға қол тапсырудан бас тартады [271]. Меніңше бұл негізінен қисынды. Алайда Арада көп өтпей ел-жұртын бастап батысқа қоныс аударды дегендікте сəл асығыстық бар. Елжаудың соғыстарға қатынасып өз батырлығы мен тапқырлығын көрсетуін жас шамасында басталды десек те, оның тəңірқұтқа əбден танымал батыр, шебер қолбасшы болып саналуы үшін тағы да жылдар керек болары сөзсіз. Өз елінің билігін қолына алуы содан кейін ғана мүмкін болмақ. Оған да уақыт қажет. Сосын батысқа көшуді ақылдасуға да, дайындалуға да, көшудің өзіне де едəуір жылдар керек болады. Оны 271 Уаң Биңхуа, Уаң Миңжы. «Үйсін тарихындағы келелі мəселелер»

121 ЕЖЕЛГІ ҰЛЫС ТАРИХЫ бүгіннің өзінде де бірер жылда біте салар іс дей алмайсың. Сонда б. з. б б. з. б. 160 жылдар үйсіндердің батысқа ауған жылы болып шығады деу тым дұрыс бола қоймас. Меніңше үйсіндер бұдан жайырақ ауып келеді. Тарихшы Чян Бочуəн да Б. з. б. 161 жылы Үйсін күнбиі Елжау 18 жаста ғана. Жастық кезеңге енді ғана енген... Ең ұзағанда тəңірқұт қол бастатып байқау ( ) дəрежесінде ғана. Көп реткі соғыста үлес қосқан ( ) сатыға жете қоймаған. Мұндайда бір ірі ұлтты бастап, мыңдаған шақырымдық жол басып, жаңа қоныста мемлекет шаңырағын көтере қоюы мүмкін емес. Үйсіндердің батысқа ауып Іле жақтан ел шаңырағын көтеруі б. з. б. 141 жылдың айналасындағы іс болуға тиіс [272] деген екен. Бұл Елжаудың 30 -дан асып 40-қа беттеген кезі. Меніңше көшуі бұдан ертерек болуға тиісті. Ал, толық тəуелсіздік алуын (тəңірқұтқа əрі құлдық ұрмайтын, əрі сыйласып қатар өмір сүретін кезге жетуін) осы тұс десек келісер. Ғұндардың батысындағы Рыжу ханы (бауы) бағындылар басқармасын құрып, Қарашəр, Корла, Ақсу, Қарақұмда тұрақты адам тұрғызып, Ғұн [273]. Талайға шейін үйсіндер де бұдан құтыла алмаған болу керек. Əр жылдың басында (наурызда. - С. Ж. ) баубасыларының тəңірқұт ордасында бас қосып, тəуап қылуы, мамырда Ұлубалықта зор жиын өткізіп, аруаққа, көкке, жерге, жынға атап тасаттық беруі, күзде мал тойынғанда Тилин (Шоқтерек) өңірінде зор мəжіліс өткізіп, мал-басты түгендеуі [274] тəңірқұтқа, астанаға аман-сəлемге бару саналады екен. Бұл əдеттегідей діндік, салттық мағына алып қана қоймай, ең маңыздысы, Ғұн қағанатының тəуелді тайпаларды саяси, шаруашылық, идеялық жақтардан тізгіндеуді күшейтуінің тəсілі болғаны айқын [275]. Үйсін бұл шырмаудан да, кенет емес, тек біртіндеп қана сытылуға тиісті. Демек, Үйсін ұлысының Жетісуға ауып келе салып тəуелсіз бола кетуі мүмкін емес. Тек кейінірек шаруашылығы өркендеп, күш-қуаты күн санап зорайғаннан кейін, жарлықты қабылдамай,ғұндарға қол тапсырудан бастартады [276] дегеннің əбден жөні бар. Бəлкім бұған да əлде қанша жыл кеткен болар. Тіпті Үйсінге Хəн елшісі Жаң Чян келген кезде де (б. з. б. 119 жыл) Елжау тəңір құттардың қабағына титтей де қарап қоймайтын күйге жете алған емес. Қандастық, тілдестік, салттастық, діндестік дегенді былай қойғанда, маңайын қоршаған Ғұн қағанатына бағынды да ниеттес талай баулары тұрса. Сол тізесін басып Ғұн қызы отырса. Өз елі ішінде талай ғұншыл ығай мен сығай жүрсе. Ғұн қағанатымен есептеспейтін, ол жақтың қабағына қарамайтын, дипломатиялық сыйластықты ескермейтін жаққа дереу бара қойған емес, əрине бауларынан салық жиып тұрған 273 «Ханнама. Батыс өңір баяны». 1-бөлім. 274 «Хəннама. Ғұн баяны». 275 Уаң Биңхуа, Уаң Миңжы. «Үйсін туралы зерттеу». 109-бет. 276 Уаң Биңхуа, Уаң Миңжы. «Үйсін тарихындағы келелі мəселелер»

122 122 БІРІНШІ БӨЛІМ

123 ЕЖЕЛГІ ҰЛЫС ТАРИХЫ 123

124 124 ТӨРТІНШІ БӨЛІМ Жақып Мырзаханов: Ежелгі үйсіндер - қазіргі Қазақстан мен оған көршілес аймақтарда (Қырғызстан жəне ҚХР Шынжаңда) іргелі мемлекет құрған байырғы этнос. Олар қазақтың этникалық түп-тегінің ең тереңде жатқан ежелгі тамыры есептеледі. Ғалымдар ежелгі Қытай жазба деректемелеріне жəне археологиялық материалдарға сүйене отырып, ежелгі үйсіндерде мемлекеттік биліктің көшпелі халықтарға тəн едəуір кемелді жүйесі қалыптасқанын, мемлекеттіліктің барлық нышандарының болғанын атап көрсетеді. Мұның өзінің қазіргі Қазақстан жеріндегі мемлекеттіліктің пайда болуы мен қалыптасып, даму эволюциясын зерттеп-білудегі маңызы аса зор [277] деп дұрыс айтқан. Біз енді осы ұлыстың тарихына, географиясына, мəдениетіне, т. б. жақтарына көз жүгіртіп бағайық. Дегенмен ғалымдар Үйсіндердің батысқа ауып Іле өңіріне қоныстанғаннан былайғы саяси, экономикалық жағдайлары, Батыс Хəн, Шығыс Хəн əулеттерімен арадағы қарым-қатынасы жəне т. б. мəселелері əлі де біздің ішкерілей зерттеуімізге зəру тақырыптар болып есептеледі [278] деп санайды. «Үйсіннама» соған демеу беруді, олқы санаған тұсына толықтамасын айтуды ғана мақсат тұтқан. (Картада Іле дариясының қазіргі жағрапиялық орны көрсетілген). Реті кеп тұрғасын айта кетерлік бір жайыт - филология ғылымының докторы Ғұбайдолла Айдаровтың мына талдауы. Ол «Күлтегін ескерткіші»деген еңбегінде, Іле деген өзен, өңір атауының шығу тегі ЕЛ, МЕМЛЕКЕТ, ҰЛЫС ұғымына тіке байланысты сықылды. Бүкіл Батыс Өңірде ірі де күшті елболып тұрған Үйсін ұлысы түрік тіліне ІЛ дегенді ел, мемлекет мағынасымен енгізген секілді деп өте дұрыс айтқан. 1. ҮЙСІН ҰЛЫСЫНЫҢ Б. З. Б. - ҒАСЫРЛАРДАҒЫ ҚЫСҚАША ТАРИХЫ Жер жаннаты Жетісуға келгеннен соң, парасатты да тегеурінді Елжау күнбидің жетекшілігіндегі Үйсін ұлысы біртіндеп тіптен күшейе бастайды. Халқы табиғи өсім үстіне Жетісудағы көшпей қалған өзге сақ тайпаларының (нүкістердің, т.б.) қалдығы, өзге елден ауып келушілер мен соғыс тұтқындары есебінен тіпті көбейе түседі. Жұртының əл-ауқаты да бұрынғыдан көтеріледі. Өзге жағынан да дами бастайды. Бұл үдеріс əсіресе толық тəуелсіздікке қолжеткізіп, бейбіт өмір сүрген тұстарда тіпті шапшаңдайды. Елжау күнби алғашында Ғұн қағанатына қарата əрі жауласпау, əрі құл болмау саясатын біртіндеп қолдануға бекіген сықылды. Төлейтін алым-салықты жалғасты төлейді, бірақ сиыр құймышақтатып, оны барған сайын азайтады. Тəңірқұт тұрған Ғұн астанасы Ұлубалыққа (Лұңчың, -Айдағарқала) əр жылғы белгіленген 277 Жақып Мырзаханов: «Ежелгі үйсін еліне» жазған Алғысөзі. Үрімжі ,.»

125 ЕЖЕЛГІ ҰЛЫС ТАРИХЫ мезгілдерде барып тəу етуді жалғастырғанымен, сылтауын тауып барған сайын сиретеді. Өзі бармай өзгені жіберуін көбейтеді. Қысқасы Ғұн мен Хəн ара соғыстан өзін алыстатудың, одан өз еліне түсетін жүкті жеңілдетудің, екі елмен де жауласпай, өз жолымен, жөнімен жүрген дербес ел болудың амалын қарастырады. Бұл барыс туралы Уаң Биңхуа сықылды ғалымдардың, үйсіндердің Мөде қайтыс болғаннан кейін ғана, олармен арадағы қарым-қатынасы алшақтады. Өмірдегі саяси, шаруашылық мүдде қақтығыстары салдарынан үйсіндердің күнбиі өз елін алысқа көшірді, тəуелсіз ел боламыз деп ғұндарға қолтапсырудан бас тартты [279] дегені ілгерілей талқылауды талап етеді. Өйткені, жоғарыда айтқанымыздай, мұнда сəл жаңсақтық бар. Мөде б. з. б. 174 жылықайтыс болған. Ол жылы Елжау ұзаса 2-3 жаста ғана. Оның ержетуі Леузаң тəңірқұт заманындағы (б.з.б жж. ) іс. Демек Мөде қайтыс болғаннанкейін ғана дегенді, ең кемінде, Леузаң қайтыс болғаннан кейін ғана дегенге өзгерткен жөн болмақ. Оның үстіне Олармен арадағы қарым-қатынасы алшақтады деген де қысқа уақыттың процесі бола алмайды. Елжауға бұл арманын біртіндеп атқаруқисынды келеді. Ол əрине ұзаққа созылған болу керек. Хəн əулетінің жылнамаларына сүйенген Уаң Биңхуалардың тағы бір жерде, үйсіндер Тек кейінірек - шаруашылығы өркендеп, күш-қуаты күн санап зорайғаннан соң, жарлықты қабылдамай, ғұндарға қол тапсырудан бас тартады Ғұндардың құлдануы мен үстемдігінен құтылудың жолын қарастырады. Əсіресе, үйсіндер батысқа - Іле өңіріне ауып барғаннан кейін айрықша жаратылыстық, географиялық шарт-жағдайда шаруашылығы қауырт өркендейді, халқы көбейеді, мемлекеті де күшейеді. Олар ғұндардың құл иеленуші тобының шаруашылық жақтағы ауыр талан-таражысына, өз бастарының саяси жақтағы келемеждену жағдайына наразылығы бұрынғыдан əрі күшейеді. Бұл жайт қайшылықты ушықтыра түседі [280] дегенінің белгілі дəрежеде жаны бар. Сонда Елжаудың толық тəуелсіздікке əшкере қимылы мен өнімді ісі Леузаң тəңірқұт өлгеннен соң басталып, Гүнзен (Жюнчын, Күнұлық, Күйік, Қайұқ, Киік, б. з. б жж. ) тəңірқұт кезінде негізінен жүзеге асқан болуы мүмкін. Уаң Биңхуалар одан əрі: Осындай құлшынулар арқылы белгілі табыстарға қол жеткізеді. Ғұндар бұрынғы үстемдігін сақтап қалуға ұмтылып, соғыс тəсілімен оларды жаныштамақ болады. Ғұндар атты қосындарын қаптатса да, оларды жеңе алмаған екен. Мұны киенің құдіретіне жорыған ғұндар олардан бойын алыс ұстайтін болыпты. Солайда өз уыстарынан шығарып алмауға ұмтылып, оларға тым көп шабуылдамайды екен. Əскери жаныштау сəтсіз аяқталғаннан кейін, ақырында олар үйсіндердің салыстырмалы түрдегі тəуелсіздігін амалсыз мойындапты [281] дейді. Бұл шындыққа жанасады. Ол тұстағы ой-санаша айтқанда мынаған сенуге болар. Бірлік түбі -тірлікті əбден білген тəңірқұттар бас-басына тəуелсіз ел болуды көксеген бауларды (хандықтарды) жуасытып, ауа жайылғанын қайырып, қайта бағындырып, «Тарихи жазбалар. Дад-уан Баяны». 280 Уаң Биңхуа, Уаң Миңжы. «Үйсін тарихындағы келелі мəселелер» 281 Уаң Биңхуа, Уаң Миңжы. «Үйсін тарихындағы келелі мəселелер»

126 126 ТӨРТІНШІ БӨЛІМ қарсыласы Хəн əулетіне төтеп берер алып империяға айналуды армандаса да, Хəн əулетінің түбегейлі жеңілуінің қиындығына көздері əбден жеткен жəне Хəн əулетімен болған ғасырлаған соғыстан əбден қажыған баулар ішіндегі шамасы барлар тəуелсіздікке ұмтыла берген. Бұл тəңірқұт пен күнби-хандар ара қайшылықты əрине ушықтырған болатын. Батыс Хəн əулетінің елшісі Жаң Чян дəл осындай тұста (б. з. б. 119 жылы) Үйсінге келеді. Ол Хəн əулетінің дəстүри саясаты бойынша жеткен болатын. Оның патшасына айтқан ұсынысында, Хəн əулеті үйсіндерге қыруар тартутаралғы ұсынып, оларды шығыстағы мекеніне қайтарса, Хəн патшасының қағанкесін беріп, құдандалық байланыс орнатса, ғұндардың оң білегін үзуге, үйсіндермен байланыс жасап, олардың батысындағы Бактрияға тəуелділердің бəрін өзімізге қаратуға болады делінеді. Бұл ұсынысты патша қабыл көреді де, Жаң Чянға патша атқосшысы мансабын беріп, Оған қос атты 300 адам қосып, он мың тұяқ мал айдатып, тартуға қыруар алтын-күміс, түмендеген топ торғынторқа дайындатып жолға салады. Жаң Чян Үйсінге əне сол тартуларды беріп, патшаның əмірін жеткізеді. Бірақ олардан кесімді жауап ала алмайды [282]. Мей Чаурұң ( ) [283] айтқандай: Хəн əулетінің баяғыдағы атақағаны Хəн Гаузу Байдыңдағы қоршаудан ( ) соң [284] өзінің арбалы-жаяу əскерлерімен ғұндардың атты əскерлеріне төтеп беру мүмкін емесін əбден білген. Сонымен бас уəзір Лю Жиңнің (, ) ұсынысын қабылдап, (ғұндарға қарата. - С. Ж. ) құдаандалық саясатты жүргізуге ниеттенген. Ғұндардың сан-мыңдаған жылқысына қыз қызуымен төтеп беруге ұмтылған. Сөйтіп Қытай əкімияты мен іргелес елдер ара байланыстың жаңа бетін ашқан. Хəн əулеті бұл айланы өзге елдерге де қолдануға кіріскен. Сол дəстүр бойынша Жаң Чян: Егер Үйсін елі шығыстағы атамекеніне көшіп кеп қоныстанатын болса, онда Хəн патшасы сізге ханымдыққа қағанкесін берер еді, екі ел ағалы-інілі туысқа айналып, ғұндарға тізе қоса отырып қарсы тұрар еді деп жетті. Бұл Хəн жақтың əрі Үйсін ұлысының күші мығым ел екенін мойындағаны, əрі ішкі жағындағы өз жұртын Ғұн жақтағы шекараға көшірудің əзірше қиындығын есепке алғаны, əрі аттылы мемлекетті аттылы мемлекетке айдап салып, басты жауын əлсіреткесін, сол барыста өз қолын да аттылы еткесін, бəрін өзіне қаратып алудың қиын емесін білгені болатын. Хəн əулетінің көз алдағы үміті Ғұн жақ шекарасын, Ұлы қорғанмен ғана емес, адаммен де мықтау еді. Ал, ұзақтағы арманы ғұн патшалығын жойып, оның барлық елін өзіне қаратып, мүмкін болса жəне батысқа ірге кеңейте түсу болатын. Бұған уақытша ғана мықты серік қажет-ті. (Оң жақтағы сурет Үйсін Елжау күнбидің ҚХР Өртекес Моңғол күре ауданындағы мүсіні) Бұл Жаң Чянның Батыс Өңірге екінші рет келуі-тін. Ол алғаш келгенде, аяғы жеткен Ұлы жүз, т. б. елдерден Үйсін деген бір ірі де күшті ұлыс барын естісе де, оған соға алмай қайтқан. Бұл жолғы келісіне байланысты жылнамалар жазбасына қарата айта кетер бір ауыз сөз бар. Ол заманның əрелінде өзіндік салт болатыны табиғи. Соның бір мысалы - тəңірқұттың сəлем-ибасы. Ғұнмен 282 Уаң Биңхуа, Уаң Миыңжы. «Үйсін туралы зерттеу». Іле халық баспасы бет. 283 жариялаған да. 284 Лю Баң Ғұн қолының бұл қоршауынан əрең құтылған болатын.

127 ЕЖЕЛГІ ҰЛЫС ТАРИХЫ салттас болғандықтан, мұндай заң үйсінде де (мысалы, екі оттың арасынан өткізіп аластау, шырша күлімен қол, бетін сүрткізу, т. б. ) болған. Ғұндар заңында белгіленуінше, Хəн əулетінің елшілері патша куəлік белгілемелерін тастап, беттерін қарамен шұбарлап боямаса үйге (ордаға. - С. Ж. ) кіргізілмейді екен Күнби өзін тəңірқұтпен тең қояды да, Жаң Чяндарға куəлік белгісін тастап, бетін шұбарлап бояп келіп үйге кірсін дейді екен [285]. «Хəннама. Үйсін тарауында» осыған қатысты мынадай бір сөз бар: Күнби Жаң Чяннан тəңірқұтқа көрсетілетін сəлем-ибаны талап етеді. Бұған қатты ашуланған Жаң Чян: Патша ағзам сізге мол тарту жіберді. Күнби өзің жүгініп сəлем бермесең, тартуды қайтарып əкетемін дейді. Күнби оған жүгініп сəлем жасайды. Бұрынғыдай ізет- құрмет көрсетеді. Меніңше бұл сөзде титтей қисын да, ондай болуға азырақ мүмкіндік те жоқ. Бұл Жаң Чянның не оның ергегінің өз еліне қайтқасынғы бөспелік (понттық) туындысы. Шалғайда жатқан күшті елді серік болуға шақыру үшін келген, əбден ысылған мəмілегердің таныспай жатып құлдық талап етуі, тіс жармай тұрып сұмдық көрсетуі мүмкін емес. Бұл бір. Екіншіден, тəңірқұтқа оннеше жыл тұтқын-құл болған Жаң Чянның бейтаныс күнби алдында мұншама қодыраңдауы да қисынсыз. Үшіншіден, бір басына байлығы жетерлік, ол түгіл Ұлы Далада аюдай ақырған Тəңірқұттан да тіксінбейтін Елжаудың, кішкентей Жаң Чянға, əкелген тартуына бола, бас ұрып, құлдық ете қоюы тіпті мүмкін емес. Төртіншіден, бұл даладағы ұлыс басыларында ашуын келтірген Хəн елшілерін өлтіре салу, бұл кез түгіл, Хəн іргесі таяп тұрған одан беріректегі заманда да болған. Сондықтан мұндайды жылнамалардың қисынсыз мазмұндарына жатқыза салған жөн. Алайда кей ғалымдардың бұған нануы, кей жазушылардың сол сыңайлы (мысалы, Хəн қыздарын күнбиден де ақылды да айбарлы көрсететін) сюжеттерді қыстыруы өкінішті-ақ. Сөйтіп, бұл жолы Жаң Чян Елжаудан кесімді жауап ала алмай қайтады, яғни Елжау күнби бұл аса келелі іске жеңілтектік қылмайды. Жаң Чянның ұсынысына ашық жауап беру орнына, əліптің артын баққанды жөн көреді. Əрі жылы орны - Жетісудай жер жаннатынан қозғалмау, əрі Хəн əулетіндей ірі елдің көңілін қалдырмау жолын қарастырады. Өз адамдарынан ірі үйірме (делегация) құрап, Жаң Чян тобына қосады. Көзбен көріп, құлақпен естіп, Хəн əулетінің дипломатиялыққұдандалық байланыстар орнатуға тату-татымауын жəне шын ниетін байқаптаразылап келуді тапсырады. Сыйға сый, сыраға бал ретінде жылқы айдатады (Бұл өңір елдерінің Хəнге айдатқан жылқыларының кейін келе Хəн əулетін қабағат құдіретті ел қып жіберерін олар өте жай білді). Меніңше Елжаудың бүйтуіндегі басты себеп мыналар: 1. Ең алдымен бұл кезде (Еженше, Ечықса, Ійжыше - тəңір құт заманында - б. з. б жж. ) Ғұн мен Үйсін ара байланыс жауласу дəрежесіне 285 Уаң Биңхуа, Уаң Мыңжы. «Үйсін туралы зерттеу». Іле халық баспасы бет. 127

128 128 ТӨРТІНШІ БӨЛІМ бірнеше рет көтеріліп барып басылған, Үйсін тəуелсіздігін төңірек мойындаған. Ғұн қағанатынан да, өзге елдерден де Үйсінге төніп тұрған ауыр қатер жоқ-тын. 2. Елжау Хəн əулетінің бертінгі (өзі елін Жетісуға көшірумен əуре болып жүрген, Ғұн мен Хəн ара соғыстарға қатыспаған бергі кездердегі) нақты да соңғы жайкүйіне тым қанық емес-ті. Оған ол жақтың соңғы ахуалын, Хəн Уди патшаның шын ниетін елшілер етқұлағымен естіп, көзімен көріп ішкерілей біле түсуі қажет болды. Сонан соң ойланып көруді жөн тапты. 3. Ғұндағы Тəңірқұттың Үйсін мен Хəн ара жақындасуды мүлде құпалмасын біле тұра, əлі де аталас, салттас, сыйлас күйі сақтаулы тұрған оған бұл жайды хабарлап, оның тамырын ұстап көруі де керек еді. 4. Ұлы далалық демократия бойынша, Күнби төңерегіндегі ақсақалдардың пікірін бірлікке келтіру де ұмытылмауға тиіс-тін. Бұл кезде ол топтың ішінде ғұншылдар да, антиғұншылдар да, антихəншілдер де, томаға тұйықтықты құптайтындар да болуға тиісті. Осы мəселе туралы «Хəннама. Үйсін тарауында» мынадай бір тұспал бар: Күнбидің он неше ұлынан күш-қуаты мықтысы, ел басқаруға шебері екінші ұлы Дару (Дулат, Датлұқ, ) өзіне қарасты ел-жұртпен, он мыңнан аса қолды басқарып, бөлек тұрған. Дарудың ағасы күнбизада еді. Оның Жөнші (Күнсүй -, лақабы Саншора - - Цынзоу) деген ұлы болған. Күнбизада тым ерте өлген. Ол өлерінде күнбиге Жөнші күнбизада болсын деп талап қойған. Күнби күйініш үстінде оған мақұл болған. Бұған наразылығы қозған Дару өз бауырларын жинап, ел-жұртын қарсы көтеріп, Жөншіге шабуыл жасауға сұқтанған. Күнби Жөншіге он мыңнан аса жасақ беріп, оны бөлек отырғызған. Күнби өзі сақтық үшін он мыңнан аса жасақ ұстаған. Сөйтіп елі үшке бөлінген. Бірақ, жалпы алғанда, бəрі де күнбиге бағынышты болып отырған. Ал, «Тарихи жазбалар. Ферғана баянында» жоғарыдағы баянның арасындағы, «Хəннамаға» көшірілмеген мына сөздер - Күнбизада дүние салғаннан кейін, Жөнші мирасқор болған. Дару оның орнына мен мирасқор болмадым деп наразылық білдіріп, Жөнші мен күнбиге шабуыл жасауға сұқтанған, Осы себепті өзі (Елжауды демекші. - С. Ж. ) жеке-дара билеп -төстеп Жаң Чянға жауап бере алмаған. Меніңше бұл арадағы (күнбидің Жаң Чянға жауап бере алмауындағы) себепті бір Үйсіннің үшке (өзі, екінші ұлы жəне үлкен ұлынан туған немересі бас-басына бірер түменнен қол ұстап) бөлініп, Елжаудың оларды біріктіре алмай тұрған жағдайына итерудегі таған тым сенімді емес. Егер мұндай жағдай рас болса, Ғұн тəңір құтының Үйсінді бас салуы оп-оңай іс болар еді. Бұл мүмкін Елжаудың Жаң Чянға дереу жауап бермеу үшін айтқан желеуі болар. Немесе «Тарихи жазбаларда» айтылғандай, бұл істің бабын таба алмаған Жаң Чянның [286] иесінің алдына барғанда бабын таба алмаған күнəсін жеңілдету үшін жасаған жалы болуы да ғажап емес. Өйткені, 1. Күнбидің жайшылықта, ең сенімді жандарына - ұлына да, немересіне де, өзіне де əскер қойып, елдің үш (Сол, Орта, Оң) стратегиялық тұсын қорғап тұруды қамтамасыз етуі сол кездегі сақтық амалына тəн қалыпты жағдай. Бұл түрік 286 Уаң Биңхуа, Уаң Миыңжы. Үйсін туралы зерттеу». 208-беттегі «Хəнна мадан» алынған дəйексөзде.

129 ЕЖЕЛГІ ҰЛЫС ТАРИХЫ халықтарында тым ерте басталған доктриналық дағды. Кезінде тəңірқұтта Елжауға өз елінің билігін тапсырып, демек қол беріп, батыс жақтағы шекараны мықтап қорғауды міндет еткен емес пе еді. Қазақ халқының бертіндегі Үш Жүзінің шығу тегі де əне сонда. Ғалым Ə. Дəулетхан айтқандай, үш бөлік, үш тарап, үш қанат, үш жүз дегендер - тарихи тұрғыдан бағамдағанда, түрік халықтарының ертедегі сақ, хұн, үйсін, қаңлы, түрік, кердері мемлекеттігі заманынан бері, ел билеу мен əскери жүйенің қажеттілігі бойынша, Сол-Орта-Оң қанатқа (Ордаға) бөліп орналастыру дəстүрінің қазақ хандығы тұсында жаңаша жетілдірілген түрі - формасы [287]. Бұл ежелгі Үйсін ұлысы кезінде де болған. 2. Бұл кезде Елжау деген толысқан 50 неше жас шамасында. Ұзаса, ақыл жасы алпысқа беттеген шағы. Қаусаған, маңындағылар басынатын кезі емес. Ең əлеуетті мезгілі. 3. Егер б. з. б. 119 жылы жағдай соншалық шиеленісті болса, онда ол қайшылық былайғы кезде, ұл мен немере үлкейе, күнби қартая келе тіпті ушығуы тиісті еді. Бергі тарихта ондайдың дерегі жоқ, қайта Елжау тіпті де тегеуірінді бола түскен. Үйсін елі тіпті күшейген. Сондықтан жоғарыдағы Бірақ, жалпы алғанда, бəрі де күнбиге бағынышты болып отырған дегенді іс жүзінде бар билік толығымен бір күнбидің қолында уыстаулы деген мағынада түсінген дұрыс. Демек Күнбидің Жаң Чянның ұсынысына ашық жауап бермегенін не ұлдың (Дарудың), не немеренің (Саншора Жөншінің), не кей ақсақалдардың пікір қарсылығы болғандығынан (мұндай тек пікір ұқсамастығы - табиғи құбылыс) немесе оларға сөзі өтпегендігінен дегеннен гөрі, Елжаудың өзі сабырлы ұстаныммен əліптің артын бақты, тонды асықпай, кеңесіп пішкенді жөн білді, Жаң Чянды сылтаумен шығарып сала тұрды, өз елін жауыр қылған ғұндармен тізе қоса хəндермен соғысудан кеше ғана құтылып шыққан тұра, енді халқын тіпті жауыр қыларлық хəндермен тізе қоса ғұндармен соғысуға баспау жағын көздеді деп қараған қисындырақ. Сөйтсе де, Елжау Хəн əулетіне тұңғыш рет елшісін, тартуын жібереді. Бұлда оның жоғарыда айтқанымыздай сабырлы ұстаныммен əліптің артын баққанын, тонды асықпай, кеңесіп пішкенді жөн білгенін дəлелдей түседі. Жылнамаларда: Үйсін жол бастаушы, тілмаш қосып беріп Жаң Чянды жеткізіп салған. Жаң Чянмен бірге келген ондаған елші Хəн əулетіне əлде неше ондаған жылқы тарту етіп, рахмет айтқан. Олар əмір бойынша Хəн əулетін барлап, іргелі ел екенін аңғарған [288] делінеді. Артынан (10 шақты жыл өткенде, Жаң Чян өлгесін 5 жылдан кейін, шамамен б. з. б. 109 не 108 жылы) мына себептер зор өзгеріс əкеледі: А. Елжау жіберген елшілері арқылы Хəн əулетінің дəл қазір де халқы көп, байлығы мыңғырған, сан қалалы, дамыған да күшті ел екенін бұрынғыдан да анық біле түсті. «Тарихи жазбаларша» айтқанда, Үйсін елшілері Хəн əулетінің халық саны көп, бай ел екенін өз еліне қайтып барып айтқаннан кейін, олардың Əлімғазы Дəулетхан. «Хұн-Түрік-Қазақ тарихын зерттеу мəселелері». Алматы бет. 288 «Тарихи жазбалар. Ферғана баяны».

130 130 ТӨРТІНШІ БӨЛІМ елі Хəн əулетіне ден қоя бастайды. Оң жақтағы сурет Б. з. б. ғасырдағы Хəн əулетінің (қызылкүрең түсті) картасы. Ə. Хəн əулетінің елшілері бұл маңға қаптай бастады, тіпті ту сыртындағы Ферғана, Ұлыжүз, Қаңлы, Бактрия, Алан, т. б. елдерге де барыпқайтып жатты. Мұнан тіксінген үйсіндер (Хəн əулетіне. - С. Ж. ) елші жіберіп, жылқы тарту етеді, Хəн əулетінің қағанкесін алып, құда-андалы болсақ деп ниет білдіреді («Тарихи жазбалар. Ферғана баяны»). Оң жақтағы сурет Б. з. б. І ғасырдағы Хəнəулетінің аумағы ( - И Миңның картасы). Б. Хəн əулеті, бұрынғы замандағыдай Ғұннан таяқ жей беретін емес, Ғұн қағанатымен соғыста көбінше жеңіске жетіп, оларды солтүстікке, батысқа тықсыра бастаған. Хəн Удидың б. з. б жылы Хо Чюйбиң дейтін шербасысы бастаған ауыр қолы ғұндарға қарсы сұрапыл шабуылға өткен болатын. Хəн əулеті, 10 шақты жыл жалғасқан ғұндарға қарсы аяусыз соғыс барысында, бүгінгі Шанши мен Гансу өлкелері аумағындағы талай жерді тартып алып, Жючюан ( ), Ууей ( ), Жаң-йе ( ), Дунхуаң ( )аймақтарын ( ) құрған. Ол аймақтарға теңіз жағалауындағы жұртынан талайды көшіріп, жер беріп, шекара районын əрі егінші, əрі қарулы халқымен (бүгінгі Шынжаңдағы өндіріс-құрылыс армиясы - Биңтуан сықылдымен) қымтап, ғұндардан тізе бүккендерді теңіз жағалауына, шығыс шекарасына бытырата орналастырып, ассимилияцияға беттетіп тастаған болатын. Сонымен, Хəн əулетінің батыс іргесі біртіндеп Үйсіннің шығыс шекарасына таяйын деген. Алтынқала (қазіргі Ланжоу. - С. Ж.), Хыши батысы жəне Оңтүстік тау мен Тұздыкөл (Лобнор - С. Ж. ) жақтарда ғұндар көрінбес болған [ ]. Елжау жылдар өткеннен кейін болсада мұны естіді, білді. В. Ғұндардың құлдырауы Ғұня ( ) ханның Хəнге тізе бүгуімен басталған болатын. Ғұндар Барқынтау (Иншан), Хытау (Ордос маңы), Хыши (Бүгінгі Гансуге шамалас) сияқты өңірлерінен айрылған. Оның үстіне Ғұн қағанатының ішкі қайшылығы үдеп, тақ таласы қозуға, ел əлеуеті əлсіреуге бет бұрған. Г. Ең бастысы - Жаң Чян өлгеннен кейін, Хəн əулетінің үйсіндермен барыскеліс жасағанын естіген ғұндар, от алып қопаға түсіп, үйсіндерге шабуыл жасауға бекиді («Тарихи жазбалар. Ферғана баяны»). Əрі Ұлы Даладағы бауларының басын қайта құрауды көксеген, əрі Хəн əулетімен дипломатиялық-құдандалық байланыс орнатуға кіріскені үшін Үйсінге ызаланған Ғұн қағанатының елбасыларының не болса да Үйсінге шабуылдау ойына түскенінен шыққан бұл сыбыс Елжауға да жетеді. Бұл əрине Үйсінге қатер еді. Жаман айтпай жақсы жоқ. Елжау, күндердің күнінде ол қауіп басқа төнсе, тым құрығанда арашаға да ел керек деп санады. Бұл кездегі жағдай салдары туралы «Хəннамада» былай делінген:сонымен үйсіндер Хəн əулетінің қағанкесін алғымыз келеді дейді. Патша ағзам бұл жөнінде

131 ЕЖЕЛГІ ҰЛЫС ТАРИХЫ уəзірлеріне ақыл салады. Олар ақылдаса келіп, алдымен құда түссін, қызды сонан соң берейік деседі. Үйсіндер мың жылқы қалың айдатып құда болады. Арғысын айтпаған күннің өзінде, атты əскерін көбейту үшін Хəнге бір қызын мыңдаған жылқыға сату өте тиімді сауда болатын. Сөйтіп, араға он неше жыл салғасын, Елжау күнбидің сыртқы саясаттағы ұстанымы, дипломатиялық көзқарасы өзгерді де, Хəн мен Ғұн ара байланысты тепе-теңдікте тұтуға батыл кірісті. Дегенмен ғұндармен туыстық-сыйластық байланысты əлі де бұрынғыдай (хəндермен байланыстан гөрі жоғарырақ) ұстай беруден айни қоймады. Ғұн қағанатынан сескенсе де, Хəн əулетінен сезіктенгені жоқ. Хəн патшасы Хəн Удидың өз елін күшейтуде ата-бабаларынан асып туған жан екенін, елінің іргесін батысқа қарай мейлінше кеңейту мұраты барын, Ғұн қағанатын қирату тек оның алғашқы қадамы ғана екенін, сонан соңғы кезек Үйсін, т. б. елдерге де (өгізге келгеннің ертең бұзауға да) жетерін болжай алмады. Бəлкім болжаса да, пендешілік дейтін нəрсе қолындағы билік тізгініне жабысқан болса, өз басының амандығы үшін ертеңгіге бас ауыртуды артық санаған да шығар. Бұл əлемде олқысыз алып болмаған ғой. Кей кіші елдерде мұндай қылық бүгінде де бар емес пе. Сөйтіп, Хəн əулетімен дипломатиялық-құдандалық байланысты Ғұн қағанатының баса көктеуіне тұсау санай тұрумен ғана шектелді. Мұны бүгінгі біреулер Елжаудағы парасаттылық санаса, енді біреулер алжығандығының белгісі десіп жүр. Елжау Хəн əулетінің құдандалық саясатына мақұл болып, мол қалың малды айдатты. Бірақ «Хəннама. Батыс өңір баяны. Үйсін баянында» Хəн Уди заманы юанфың жылдарындағы (б.з.б б.з.б. 105 жылдарда) Елжау күнби қартайған адам ретінде айтылады. Расында да сол кездері ол жетпістен асқан болу керек. Демек Елжаудың Хəн қағанкесін өзі алу, одан бала сүю ниетінде болар кезі емес. Ғалымдар айтқандай, Батыс Хəн əулеті мен Үйсіннің құда-андалық іс-əрекеті, іс жүзінде, саяси одақтасудың тəсілі болып есептеледі. Тиімді саяси, əскери жағдайларда мұндай құда-андалық арқылы тамаша саяси табыстарға жол ашуға болады. Өйткені мемлекет билігі патриархалдық, мирастық үлгіде жалғасатын хандық үстемдік жағдайында, ханның өзіне қыз беру, сөйтіп сол хан-айым арқылы ханға жəне бүкіл ордаға ықпал жасаудың өзі белгілі нақты жағдайда айрықша рөл атқарады. Батыс Хəн əулеті Үйсінмен құдаласқанда осындай тілекті негізге алды. Лю Шижюн ( ) Елжауға - қойнының жылуы, сойылының қаруы қалмаған қартамыс күнбиге күйеуге шықты. Елжау күнби кейін Шижюнді үлкен немересі Жөншіге қаратпақ болғанда, Хəн əулетінде конфуцийшілдік - этикалық өнегемен өскен Шижюн бұған мақұл болмай, ордадан ақыл сұрады. Хəн патшасы Лю Чы оған: Сол елдің əдет-ғұрпына көнгенің жөн. Үйсіндермен тізе қоса отырып, ғулардың [289] тұқымын құртуға ниет бекіттік деп жауап қайырды. Осының өзі-ақ бұл саяси құда-андалықтың мəнін айпарадай ашып тастайды [290]. Меніңше бұл арада Хəн əулетінің Лю Шижюн қағанкені күнбиге (əйтеуір күнбиге!) ұзатқаны шындық. Бірақ əбден қартайған Елжау, өзіне емес, болашақ Ежелгі хəндер Ұлы қорғанның Солтүстігіндегі жəне Батыс өңіріндегі халықтарды осылай атаған. Жалпы алғанда жат-жұрт деген мағынада. 290 Уаң Биңхуа, Уаң Миңжы. «Үйсін тарихындағы келелі мəселелер»

132 132 ТӨРТІНШІ БӨЛІМ күнбиге айттырған болар. Бірақ оны əу баста ашып айтпауы да, айтқанымен Хəн тіліне толық аударылмауы да мүмкін. Күнбиге ұзатылдым деген Лю Шижюн, Елжауға емес, Саншораға тиетінін Үйсінге келгесін білген. Ол кезде Саншора күнби емес. Шижюннің жас адами-табиғи сезімін ойлағанда, шалға емес жігітке барғысы келетіні сөзсіз. Ал міндетіндегі саяси сезімін ойлағанда, өзінің Хəн ордасынан үстіне алып келген құпия жауапкершілігін атқару үшін, сөзсіз түрде, күнби ұлдарының біріне емес, кім болса да, тұпа тура күнбиге баруға тиісті. Оның патшасына хат жазып, Саншораға баратын болдым деп налуы осы күнбиге қолы жетпеген өтпелі кезеңнің (Саншораның күнбилігі əлі жарияланбаған, оның орнына Дару сықылды өзгенің шығып қалуы да ғажап емес тұстың) тудырған түсінбестігінің салдары. Егер бұған ол кездегі тілдік бөгеттер мен аударудағы ағаттықтарды заманына сала ойласаңыз бұл көзқарасыма иланып та қаларсыз. Күнбиге айттырылды дегеннің хатқа Елжауға айттырылды болып түсуі мен түсінілуі, ал Елжау жүрегінде Хəн қағанкесін болашақ күнбиге қосу бекімі болуы əбден ықтимал да қисынды. Мұны, 2100 жылдың алдындағы жазбаларға құл болмай, милы баспен дұрыс таразылаған жөн. Кейінгі ісжүзіндік ахуал - Лю Шижюн қағанкенің Саншора күнбиге қосылуы бұған айғақ. Хəн əулетінің Үйсінге қағанке ұзатқанын ести сала, тəңірқұт та бір қызын күнбиге (Саншора Жөнші күнбиге) береді. Əрі екі ел ара тепе-теңдікті, əрі қарыстан сүйем жақын саналатын дəстүрді сақтау үшін күнби Ғұн қағанкесін сол күнбише етеді. Ол кездегі салт бойынша лауазымдар ішінде сол атанғандар оң атанғандардан жоғары тұратынын алғы бөлімде айттық. Лю Шижюн Жяңсу өлкесінің Яңжоу қаласында туылған. Қытай тарихындағы Батыс Өңірге тұңғыш рет ұзатылған Хəн қызы - осы Лю Шижюн. «Хəннамада» оған əлімға (хатшы), даяшы, ордабасы, шабарман бірден жəне екі нөкер, үш күзетші берілгендігі айтылады. Үйсінде өзі сарай салдырып алды делінеді. Мөлшермен б. з. б. 109 жылдың соңында Лю Шижюн Үйсін еліне, Күнбидің (меніңше Саншораның) оң тізебасар күнбишелігіне ұзатылады. Б. з. б. 108 жылы келіп түседі. Бірақ Лю Шижюн Үйсінде 5 жыл (кей əдебиеттерше б. з. б. 105 жылы түсіп, бір-ақ жыл) ғана өмір сүрген. Жылнамалар оның əн-күйге құмар, көркем жазуға шебер, əдебиетке зауықты болғанымен, көңілі нəзік еді. Үйсін тілін білмейтін. Үйсіннің ғадет-ғұрпына көндіге алмағаны тағы бар. Əйгілі Аққу жыры ( ) Шижюн қағанкенің туған жерін сарыла сағынған сезімін жұртқа жайған-ақ. Ол жырдың алғы шумағы төмендегідей: аудармасы: Мені ұзатты əлемнің ар жағына, Шалғай, жат ел Үйсіннің қағанына. Дөңгелек үй, туырлық там орнына, Ет жеп, айран ішеді тағамына. Аққуша оралсам деп сарыламын, Туған жұртты сарғая сағынғанда. - дегендік талайды аңғартады деп қана тоқтайды. Бұл http: //www. myspact. cn сайтынан алынған (əрине ол екі Хəн

133 ЕЖЕЛГІ ҰЛЫС ТАРИХЫ жылнамасын кеңіте жазған) көзқарас, іс жүзінде талайға ортақ пікір болғанымен, оның салдары неге соқты? Ауырды ма? Өзіне қол жұмсады ма? Не əлдебіреу қастық қылды ма? дегендерге жауап берілмеген. Ал, шындығында бұл арада кемінде мынадай ықтималдықтар тұр: 1. Қатты торығудан барып ауруға шалдыққан не өзіне өзі қол жұмсаған. Мүмкін ол əсілі Үйсінге келгісі жоқ қыз, яғни кейінгі заманда тəңірқұтқа ұзатуды өзі тіленіп тұрып алған, ұзатыларда ғана көріп, ересен сұлулығына қатты тəнті болған Хəн патшасы соғанға шейін бұл қызды өзіне көрімсіз деп келген жанды өлтірткен Уаң Жаужюн сұлуға ұқсамайтын райдағы қыз. Оның əкесі, Жяңду деген жердің ханы Лю Жян ( ) - əрине Хəн əулетінің атақағаны Лю баңның тұқымы. Бірақ, б. з. б. 121 жылы Лю Жян патшаға қарсы көтеріліс жасап, жеңілгесін өзін-өзі өлтірген адам болғандықтан, Лю Шижюннің өзінің Үйсінге ұзатылуын жер аудару сипатында сезінуі де ғажап емес. Ал, Профессор Жаң Шиман Үйсін қазақтары туралы зерттеу деген еңбегінде: Лю Шижюн күнбише өзінің төркінінен ертіп келген нөкер, қорғаушы, кəнизек, əтек, т. б. жүздеген адамының күтуімен ордада тірі жесір болып отыра берді. Тек құрғақ атағы болмаса, бір жылдан астам мезгіл ішінде күнбидің дидарын бір-ақ рет көрген болатын дейді. Хəннамада да Ол жылына бір рет күнбимен кездесіп, дəм-тұз таттырып тұрды. Оның оң-сол қол ақсүйектеріне ақша тарту ететін делінген. Нығымет Мыңжанұлы: күнбидің Хəн əулеті ханышасы Шижюнді айттыруы оған некелену үшін емес, тек саяси дипломатиялық мақсат үшін еді. Жаң Шиманның бұл пайымдауы шындыққа үйлеседі деп бұл байланысты расқа шығара түседі. Мұның бəрі көңілі нəзік қызды жоғырыдағы ықтималдықтарға итеруі əбден мүмкін. (Оң жақтағы сурет ҚХР Құлжа қаласындағы Лю Шижюн мұражайындағы Шижюн мүсіні) 2. Қастандық болған. Сыртқы күштегі ғұндар жағынан немесе Үйсін ішіндегі Хəнге қарсылар тарапынан қастандық болуы мүмкін. Осыдан жарым ғасырдан соң Лю Жиеюдың Нəби күнбиді өлтіруді жоспарлап, іске асыра алмай қалғанын (жаралы күнбидің Лю Жиею ордасынан қашып құтылғанын) еске алғанда, үйсіндер ішінде де Лю Шижюнге қас қылғысы келетіндер барлығына күмəнданудың орны жоқ. 3. Туыттан кетуі де ықтимал. Шижюннен Шяфу атты бір қыз қалған. Бəлкім сол туыттан кеткен де болар. Бұл ықтималдықтарды өзіңізше талдау алдында, сіз мына И Миңның ( ) мақаласынан алынған үзінділерді оқып алыңыз: Онда, Əлемнің алуан ісінің қайсысында тепе-теңдік болған-ды? Тауарихтың əңгімелері мен реал өмір арасында ұқсамайтын ештеме де жоқ. Бəрі де қырық пышақ болып шайқасу. Мысалы, алысқа қыз ұзатып құдандалы болуды ( )алайықшы, Уаң Жаужюн күллі əлемге əйгілі, ал одан бұрынғы Лю Шижюнді ешкім де білмейді. Тірісінде азап шеккен, өлгесін тым-тырыс қалған оған кейінгілердің ең төменгі түсінігі де, лайықты құрметі де болмады. Лю Шижюн қап-қара түнектей көлеңкеде, өзінің ғажайып хикметтерін ішіне бүккен беті кетті. Ол текті-ақ еді: Арғы атасы - Хəн Уынди 133

134 134 ТӨРТІНШІ БӨЛІМ деп аталған Лю Хың (. Б. з. б жж. Билік құрған Хəн əулетінің патшасы. - С. Ж. ). Атасы Хəн Жиңди лақапты Лю Чи (. Б. з. б жж. билік құрған патша. - С. Ж. ). Əкесі Лю Жян - б. з. б. 127 жылы таққа отырған хан. Амал не, Лю Жян адам-айуан деп айырып жатпайтын, шектен асқан ұрғашышыл болды, тіпті өз қарындасын да қойнына алды;қос қолы 35 адамның қанына боялған, сəбиді жыртқышқа талатып қызықтауды ғадет еткен жауыз да еді; ол жатса -тұрса Хəн əулетінің тағына шығуды көксеген аранды албасты да болатын; аяғы осы ниеті оны жаһаннамға əкетті - өзі қозғаған көтерілісі жеңіліске тап болғасын өзін-өзі өлтірді; Хəн Удидың көңілшектігінен, бақ-талайы бар Лю Шижюн аман қалып, нағашысының қолында өсті. Бұл жылы ол 11 жаста ғана болатын. Мерт болған самұрық тірі тауық құрлы жоқ ( -қазақша өлі арыстаннан тірі тышқан артық. - С. Ж. ) деген - əдеттегі жұрттың əшкере пиғылы. Өспірім Лю Шижюн əке-шешесінің күнəсін көтеріп қала берді. Егер қыз Шижюн Жяңдуда жасай берген болса, былайғы бақытын өзі табар да еді. Алайда, тағдыр деген адамды дедектетеді емес пе. Ол əшкере де құпия ағаттықтар арасында, бір алып саяси иірімге түсті де кетті. Кəсіби саясаткер процеске емес, тек салдарға қарайды, мақсатқа жету үшін тəсіл таңдап жатпайды. Хəн Уди əне сондайды. Дұшпанның төсегіне апарылған қыз бала əрине патшаның өз баласы емес. Б. з. б. 105 жылы Шижюн 25-ке келген кəрі қыз боп қалған-ды. Бұйрық келді. Қайтеді. Жасана бастады. Əмір қатты, жан тəтті. Үйсінге бару керек. Дегенмен оған бұл сапардан əлде қандай үрей елестеді. Сыртқа көңілі тасыған жандай көрінсе де, жан дүниесінің түкпірі əлдеқашан күйреп-ақ кеткен-ді. Үйсінге келді. Тілін білмейді. Тілден айрылу- жартылай өлу! Ішіп-жем мен жатып-тұрудағы ыңғайсыздықты айтпа. Күнби емес, күнбидің немересіне тиетін болды! Ер-жұбай ара сезім салқын. Жайшылықта келіп жүрген күнби жоқ. Мерекеде ғана амандасып қояды. Күндесі қасында. Тағы ол сол күнбише - өзінен (оң күнбишеден) жоғары мəртебеде! Оң күнбише мен сол күнбише бетпе-бет кеп тұрған, тек махаббаттық күрес қана емес, ең маңызды саяси күрес. Саяси күрестің жеңісіне жету үшін жетерлік құқыққа қол жеткізу керек. Екі жылдан соң Шəфу (Шауфу, ) деген қыз туды дегендер бар. И Миңның айтарының басты мазмұны осы. Онікін арыға апару мен жоғарыдағы ықтималдықтарды осы негізде талдау сіздің міндетіңіз. Елжау күнби б. з. б. 104 жылы өз ажалынан дүние салады. Оның тірікезіндегі өсиет-уəдесіне құрмет еткен Тайпа Көсемдер Алқасы (ТКА) оның немересі Жөнші Саншораны күнбилік таққа көтереді. «Хəннаманың» айтуынша оның аты Жөнші, лақабы Саншора, қағандық лауазымы - күнби. Лю Шижюн өлгесін, б. з. б. 101 не жылы, Хəн Уди Үйсінге əрі іске асыра бастаған құдандалық саясаты бойынша, əрі Саншора күнбидің разылығына сай тағы бір қыз ұзатады. Ол Чу хандығының ( ) билеушісі Люрұңның ( ) немересі, 20 -ға енді таяған Лю Жиею (, Б. з. б жж. ) болатын. Оның арғы атасы Хəн əулетін құрған Лю Баңның кіші інісі Лю Жяу ( ), бергі атасы Лю рұң еді. Лю рұң да фамилиялас жеті ханның былығына ( ) қатысып, қылмысты күйде өлген-ді. Лю Жиею жайшылықтағы қыздардың бірі ғана емес, Лю

135 ЕЖЕЛГІ ҰЛЫС ТАРИХЫ Шижюннен мүлде басқаша ару болатын. Əкесінің қылмысына бола бүкіл туыстарымен қатар нелер жапаны да тартқан, алуан қақпайды да көрген еді. Асқан сұлу, шымыр денелі, қайратты, қайсар Жиею саясатқа да қатты қызығатын. Содан да шығар, ол əулет ордасының құда-андалық саясатын недəуір тез түсіне қойды. Сонымен бейне алып қолбасының еліне зор үлес қосу үшін алысқа аттанарындағыдай, жеңіспен оралар сеніммен, асқақ көңілмен шалғайға ұзады. (Оң жақтағы сурет Лю Жиеюдың ҚХР Құлжадағы Лю Шижюн мұражайындағы мүсіні). Ол келе салып, саяси міндетіне қажетті дайындыққа кіріседі. Тіл үйренеді. Салт-ғұрыпты игереді. Үйсінге балдай батып, судай сіңудің қамын қарастырады. Үйсіндерден өз маңына неғұрлым көп тартудың барлық амал-айласын іске салады. Ертең күнбиге ізбасар боларлық Хəн жиендерін дүниеге əкелу мен оны баулу тіпті ұмыт қалмайды. Көп ұзамай, 10 жылдай билік құрған алғашқы күйеуі Жөнші күнби қайтыс болады. Оның ұлы əлі жас-тын. Ол өлерінде Менің орныма көкемнің (əкесінің інісі - əдебиеттерде Датлұқ, Дару делінеді, Далу -. Дулат - С. Ж.) ұлы Оңғай (, Уыңгүй) шықсын. Ол менің ұлым (ғұн қызынан туған - С. Ж. ) Нəби (Ней би - ) ержеткенде орнын соған берсе деген өсиет қалдырады. Үйсін ығайлары (ТКА) бұған мақұл болады. Сөйтіп Оңғай мөлшермен б. з. б. 93 жылы Күнбилік таққа отырады. Лю Жиею əменгерлік салт бойынша Оңғай күнбиге оң күнбише болады. Алып денелі, ақылды, қайратты болғасын шығар, оны хəндер етжеңді би (семіз хан, фейуаң - ) деседі екен. Əрине, Жиею іштей: Мақсатқа жетпей тынбаймын! Ол үшін барша ебін тауып, Етжеңді биге, Үйсін ығайларына жағуым керек дейді. Ол дегенін келістіріп атқаруға кіріседі де. Күнбиді өзіне магниттей тартады ғана емес, көп ұзамай арт-артынан Өңкей(Нуангұт, Юəнгүй - ), Мəнəн (Муаннен, Уаннян, ), Датлок (Далы - ) дейтін үш күнбизатты да дүниеге əкеледі. Күнби оның сөзіне құлақ асқыш та бола бастайды. Хəн əулеті мен Үйсін ұлысы ара байланыс та қыза түседі. Екі ел ара елшілер қайшалысып жатады. Бұл барыста елінен ере келген қолқанат қыз ( ) Фың Ляу ( ) да ересен ес қатады. Ол оқыған, шешен, жосыншыл, мұқият, айлакер, сергек, адал, тіпті өзіне əпке-сіңлідей боп кеткен бойжеткен болатын. Ол ретін келтіріп, Үйсіндегі зор биліктің иесі болып жүрген оңшербасыға (оң сеңүн, ) тиіп алады. Сонымен біртіндеп Лю Жиею мен Фың Ляу тобы Үйсін ордасының іші-сыртында бөлекше күшке айналып, Үйсін мемлекетінің саяси, экономикалық, əлеуметтік, əскери, т. б. салаларына терең ықпал жасай бастайды. Лю Жиеюдың ысылған саясаткерлігі мен Үйсіндегі өмірінің ұзақтығы салдарынан Хəн əулетінің үйсінге ықпалы күн сайын күшейе береді [291]. Əрине, Лю Жиеюдың басты күндесі бұдан орны жоғары, ғұн қағанкесі, сол күнбише еді. Ол төркіні Ғұн қағанатына бəрін жеткізіп тұрды. Жылдар өтіп жатты. Ғұн мен Үйсін арасына шоқ түсті. Бертін келе ол тіпті от алайын да деді. От алып маздаған тұсы да болды. Соғыс қаупі төнді. Мысалы, Б. з. б. 74 жыл төңірегінде Хəн патшасы Жауди ( ) сырқат http: //www. hudong. com/wiki/ торсайтынан.

136 136 ТӨРТІНШІ БӨЛІМ болатын. Хəн əулетінің күйі де Хəн Уди кезіндегідей емес-ті. Бұл Қоянды ( ) тəңірқұтқа талай жылдан бергі ашуын бір шығарар орай саналды. Сонымен ол қалың қолымен Үйсін жерінің шығыс жағын бүгінгі ШҰАР-дағы Сауанға шейін басып алып, Үйсінді Хəннен бет бұруға, Лю Жиеюді Ғұнға тапсыруға қыстапты. Жылдар өтіп жатады. Оңғай күнби түмендеген қолын шекараның əртұсына қойып, арбасқан күй сақтап, əрі Ғұнға қарсы шабуылға дереу шықпайды, əрі Лю Жиеюды оларға тапсырмайды. Екі ел ара арбасқан жағдай созыла түседі. Ыза кернеген Лю Жиею иесіне - əлі таққа шыға қоймаған болашақ Хəн патшасы Шюанди ( ) Лю Шюнге (, б. з. б жж. билік құрушы) аттандаған хатын тізгін ұшымен жіберіп, Ғұнға қарсы соғысқа көмек сұрайды. Алайда Хəн патшасының мұрагері туралы Хəн ұлықтарының талқысы ұзаққа созылады да, Үйсін ісіне ешкімнің бұрылар шамасы болмайды. Хəн Шюанди таққа шыққасын, оған Оңғай мен Лю Жиею бірлесіп тағы хат жазады. Тағы да көмек сұрап. Бірақ бұл да ұзаққа дейін жауапсыз қалады... Аяғы əрең дегенде Лю Жиеюдың көне досы Чаң Хуй ( ) б. з. б. 71 жылы Үйсінге келеді. Хəн жақтан 150 мың қолдың көмекке келе жатқанын айтып. Лю Жиею үйсінге ұзатылғаннан кейінгі 3 жылдан соң Чаң Хуй Су Умен бірге Ғұнға елші бола барып, ұсталып, сол елде 19 жыл ( қошқар төлдегенде қайтатын ) сүргінде жүрген болатын. Оны Хəн Жауди патша əрең сұрап алған. Келгесін Чаң Хуйды санаткер абыз ( ) етіп көтерген. Хəн əулеті жақ осы Чаң Хуйды сəйкестіруші етіп, 5 шербасының əр біріне үш түменнен қол беріп, жиыны 150 мың əскерді шығыстан аттандырады. Ал, Үйсін ұлысы жақ Оңғай күнби өзі қолбасылық еткен, шекараның əр тұсында Ғұнға қарсы атылуға дайын тұрған 50 мың қолымен батыстан тиісетін, ғұндарды екі бүйірден соға құртатын болысады. Бірақ соғыс басталғанша Хəн қолы келмейді, тек Үйсін қолы ғана ғұндармен айқасып, ғұндарды ойсырата жеңеді. Оңғай күнби тəңірқұттың көкесі, жеңгесі, əйгілі хандары мен тұтықтары бастаған 40 мың адамын тұтқындап, төрт түлігінен 700 мыңдайын олжалап айдап қайтады. Соғысқа қатыспаған, тек жол-жөнекей жортуыл жасаған Хəн жақтың бес қолбасысы көп олжа түсіре алмай («Хəннама. Ғұн баяны. 1-бөлім»), бос қайтады. Ғалымдар ішінде бұл деректерде жаңсақтық та, асыра сілтеушілік те бар деушілерге құлақ асуға да, оны зерттей түсуге де тиістіміз. Себебі олар 50 мың қолдың жорығына кемінде жүз мың жылқы, елу мың сойыс мал, отыз мыңдай салықшы топ еруге міндетті. Оған 50 мыңға таяу тұтқынды, 700 мыңдай əр түлік малды қосыңыз. Сонда жорық аз ғана уақытта сəтімен жəне оңай біте сала ма? деп қарайды. Қисыны бар. Бірақ, егер мыналарды: А. Ресми соғыс алдындағы екі жақ арбасқан күй кемінде 2-3 жылға жалғасқан. Бұл барыста күнби соғысқа əбден дайындалып, сақадай сай тұруы мүмкін; Ə. Үйсін елінің бұл тұстағы шығыс шекарасы Тəңіртаудың солтүстік қапталындағы Боғда маңына дейін созылып жатқаны рас. Бірақ, Тəңірқұт олжақты басып алып, қолының, жұртының, малының бір бөлегін Манас маңына дейін əкелген; Б. Ғұн жақ, Үйсінге қысым жасап, төніп келіп тұрғанымен, қашанда басты да

137 ЕЖЕЛГІ ҰЛЫС ТАРИХЫ күшті жауы Хəн жақтан сақтануды баса ойлайды. Сондықтан сайлауыт қолының көбі арғы шығыста болуы ықтимал; В. Ресми басталған соғыс та айларға созылған. 50 мыңға таяу тұтқын мен 700 мыңдай əр түлік мал, қысқа уақытта емес, сол айлар ішінде топ-тобымен қолға түскен, Үйсін артқы шебіне топ-тобымен айдатылып отырған. Үйсін қолы жеңіспен адымдап, біртелеп алға басқан; Г. Қолға түскеннің көбі Ғұн тылындағы бөдүн мен мал болуы да ықтмал. дегендерді ескерсек, жаңсақтық пен асыра сілтеудің тым ауыр саналмауы да мүмкін. Əрине ол заманның адамдарында да небір парасаттылар бар болатын. Бұл тұста, Үйсін іші-сыртындағы əркім бұл керемет жеңіске əр түрлі талдау жасасып жатты: Біреулер, Хəн қолының кешігуін сылтауға балап, олардың шын ниеті екі бөріні таластырып қойып барлау, екеуі де əбден қалжырап титықтағанда екеуін де бас салу, сосын Үйсіннің бетінен сүйіп, Ғұнның бетіне шапалақтап екеуін де айдаһар қойнына басу еді. Оған Үйсін бой бермей кетті. Хəн жақ енді Үйсіннің бұдан ары күшеюінің алдын алу керектігін байқады десті. Енді біреулер, Ғұндар, Үйсінді көзге ілмей, шығыстан келатқан Хəнқолын тосуға бір бөлек күшін жіберді де, Үйсін жақта қалған аз қолымен жеңіліп қалды. Іс жүзінде, соғыспаса да, Хəн қолының үйсіндерге көмегі зор болды. Нағыз достық деген міне осы десті. Осы жылы қыста Ғұн жақ (тəңірқұт он мың қолмен) Үйсінге тағы шабуылға өткен екен. Аяқ астынан құбылған қатаң ауа райы Ғұн жақты ауыр апатқа тап қылады. Сұрапыл қарлы дауыл Ғұн қолының мал-жанынан 10-нан 9-ын қырып салады. Олардың əлсіреген орайын пайдаланған диңлиңдер тусыртынан шабуылға өтеді. Ухуандар шығыстан шабуылдайды. Үйсіндер батыстан тиіседі. Үш ел ғұндардың он мыңнан аса адамын қырып, он мыңнан аса жылқысын, сиырын, ұсақ малын олжалайды. Оның үстіне, олардың адамының оннан үші, малының оннан бесі (апаттан. - С. Ж. ) қырылады. Ғұндар барынша əлсірейді («Хəннама. Ғұн баяны. 1-бөлім»). Аман қалған Ғұн жұрты мұны тағы да күнбилер ата-тегінің киелі хикметіне балап, тəубе қып, жуасып қайтады. Дейтұрғанмен, үйсіндердің бұл жеңісінің батыс өңірдің саяси ситуациясында бұрын көрілмеген сипаттағы зор өзгерісті тудырғаны хақ. Сондықтан, Жиею тобының Үйсін ордасы іші - сыртындағы ықпалы тіпті күшейе түседі. Тіпті қолқанат қыз Фың Ляудың өзі Фың ханым ( )атанып, Хəн ордасының уəкілі мəртебесімен Батыс Өңірдегі əр ел хандары мен уəзірлеріне күймемен шапқылайтын Лю Жиеюдың елшісіне айналады! Əрі Хəн, əрі Үйсін ықпалының артқандығының мысалы ретінде айта кетсек, Такламаканды жиектеген қалалық хандықтарда мынадай екі оқиға өтеді: 1. Сака елінің (Sakarauli, - қазіргі Қашғардың шығысындағы жұрттың) ханы ұл көрмеген екен. Ол Үйсінге сапарлай кеп жүріп, өз орнына Үйсіннің бір күнбизадасын отыртып кетуді көксейді. Бұл кезде Оңғайдың Лю Жиеюдан көрген екінші ұлы Мəнəн Хəн ордасында тəрбиеленіп жатқан болатын. Əрі Хəн əулетіне арқа сүйеуді, əрі Үйсінге жағуды ойлаған Сакаханының көзі осы Мəнəнға түседі. Мəнəнді өзіне ханзада етуді сұрайды. Үйсін жақ бұған мақұл болғасын, Хəн патшасы елші Ши Чұңго арқылы Мəнəнді Сакаға жеткізіп салады. Сака ханы 137

138 138 ТӨРТІНШІ БӨЛІМ дүние салғасын, ол оның орнына б. з. б жылдары хан болады. Бірақ ол таққа шыға сала қатты қатігез болғандықтан, ұзаққа бармай, бұрынғы ханның інісі Хутууей тарапынан өлтіріледі. Хутууей Хəн əулетінен іргені аулақтау жолына түсе бастайды. Бірақ Ферғанаға кетіп баратқан, Хəн əулетінің қорғаушы бегі Фың Фыңшы сол маңдағы хандықтардың қолын жиып, Хутууейді өлтіреді де, орнына оның інісін хан қып кетеді. 2. Оңғай Лю Жиеюдан туған қызы Дишыны Хəн астанасы Чаң-анға музыка үйренуге жібереді. Бұл туралы Уаң Биңхуалар Батыс Өңір музыкасының Қытайдың ішкі жерлеріне қатты ықпал еткені шындық. Солайда, бұл Орта Жазық музыкасының Батыс Өңірге тарап, ықпал жасағанына да факт [292] дейді. Мұнысы рас. Батыс Өңір ықпалын қабылдаған Түнязылықтар қабылдағандарын дамыта түскен болатын. Оны алда айтылатын музыка аспаптарының ахуалынан байқайтын боласыз. Күсəн ( ) ханы Жяңбиң, құды Сака ханы сықылды ниетпен, əрі Хəнəулетінің жиенін алып, əрі Үйсінге күйеу болып мəртебесін өсіре түсу үшін, қалап-сұрап жүріп Дишыны алады. Б. з. б. 65 жылы Жяңбиң мен Дишы Хəнордасына сəлем қыла барады. Дишы қағанке атағына ие болып, ерепайсыз мол тарту-таралғымен қайтады. Келгесін Жяңбиң тіпті хəншіл бола түседі. Дегенмен бұл кезеңдегі Хəн ықпалы осал емес-ті. Соның тағы бір мысалы- əлгі ғұндарға қарсы соғыста қол жеткен жеңістен соң (б. з. б. 65 жылы), Оңғай күнби өз еркімен бе, жоқ əлде Лю Жиеюлардың жасаған қысымымен бе, əйтеуір Хəн жаққа екі ұсыныс жолдайды: Бірі, Хəнге жиен ұлы Өңкейді (Юангуй -, Нуангүт) өзіне ізбасар мұрагер етсем деу. Енді бірі, Өңкейге де бір Хəн қағанкесін алып берсем деген тілек. Əрине, Хəнге жиен ұлы Өңкейді өзіне ізбасар мұрагер етсем деу Саншора күнбидің өлерінде айтқан, Үйсін ығайлары құп көріп қаулыласқан Нəбиді күнби етуге қайшы еді. Бұл Үйсін ішіндегі əңгімені күрделілестіреді. Хəн ордасында да бұл туралы кəдімгідей қызу талқы өрістейді. Олардың кейі жат елдерге жүргізіліп келген Құдандалық - іс жүзінде Хəн əулетін қорлау. Бұрынғы патшаларымыз бұл барып тұрған ақылсыздық шарасын амалсыздан қолданған. Бүгінгі Хəн əулеті теңдессіз көркейді. Құдандалық саясатты тастау керек деп қарсы шығады. Ал, кейі құдандалық бəрін шешетін ем. Ежелден бері дұспанды досқа айналдырған - осы. Үйсін алыста жатыр. Қоя тұралы. Бұл амалды алдымен Хəннің күшті жауы Ғұнға істетейік те деседі... Сонда сыртқы істер уəзірлігіндік мансап биігіне тез шыққан Шяу Уаңжы ( ) соңғы пікірді құптап шыға келіпті. Бірақ Хəн Шюанди оған көнбей, Үйсіннің Оңғай өзі бастаған, мұрагер ұлы саналып тұрған Өңкей қостаған, Үйсіннің оң жəне сол шербасылары ерген, 300 адамдық құдалар тобын қабылдайды. Аяғы Үйсінге Шяңфу ( ) - Лю Жиеюдың бауырының қызы ұзатылатын болады дей адам Шаңлинюанда ( ) жатып Үйсін тілін үйренуге кіріседі. Үйсіндік құдалар еліне қайта тұрады. Б.з.б. 61 жылы Шяңфу ұзатыларда, Чяңдардың(тибеттіктердің арғы тегі) Хəнге қарсы көтерілісі бұрық етіп, жол бөгеліп қалады. Шяңфудың ұзатылуы кешігеді. 292 Уаң Биңхуа, Уаң Миңжы, «Үйсін туралы зерттеу». Іле халық баспасы бет.

139 ЕЖЕЛГІ ҰЛЫС ТАРИХЫ Оны Чяңдарды жаныштап болғасын ұзатқанымен, Дунхуаңға келгенде Оңғайдың қайтыс болғаны, орнына Нəбидің шыққан хабары кеп жетеді. Əрине, бұл жылы үйсін іші де тыпа-тыныш жатпаған болу керек. Оңғайдың өлімі, дəл сол жылы (б.з.б. 60 жылы) қайтыс болған Ғұн тəңірқұты Шюй люй чюан чюй ( ) өлімі сықылды, сырлы күйі қалады. Сосын, уəзір Шяу Уаңжылар: Лю Жиеюдың Үйсінге барғанына 40 жылдан асты. Үйсін мен Хəн екі ел байланысы əлі де тығыз емес. Хəн шекарасы да тынышталмады. Мына Үйсіндегі саяси өзгеріс менің өткендегі пікірімді растады. Лю Жиеюдан туған ұл күнбиге мұрагер бола алмайды екен, онда жас қағанке Шяңфуды астанаға қайтартайық. Əйтпесе мұның арты апат болуы да ықтимал дейді. Бұл жолы бұларға Хəн Шюанди көніпті. Сөйтіп бұл жолғы құдалық сəтсіз болады. Оңғайдың орнына Саншораның ғұн күнбишесінен туған ұлы Нəби (Нейби - ) Үйсін ығайларының алғы аруақ өсиетіне құрметі бойынша, Тайпа Көсемдер Алқасының (ТКА) күшімен шығады. Ол күнби болғасын, Үйсін ұлысындағы саяси ахуал кенет өзгере бастайды. Сəл қыстыра кетсек, Ғұн қағанаты мейлінше былыққан тұс та осының артынан (б. з. б жылдары) болатын. Нəби таққа шыққан жылы, Дөкейдаң ( ), өзінің Жуанчюй анжы (Жуанчюй атше, ) дейтін тəңірқұт қатынымен тамырлық байланысынан пайдаланып, тақты тартып алып, өзін Оян құтек (Уо ян чюй ди, ) тəңірқұт деп жариялаған-ды. Саяси өзгеріспен таққа отырған Оянғұт тəңірқұт əсіре зұлымдығымен ел берекесін қашырады да, көтеріліс бұрық етеді. Бірінші бөлімде айтқанымыздай, Бір уақытта бес тəңірқұт бой көрсетеді. Нəби күнби бұған қуаныш пен алаң араласқан көңілмен назар салуда еді. Нəби күнби Оғе (Ууей,, б. з. б жж.) тəңірқұтқа жиен болатын. Оң білге хан ( ) Дөкейдаң ( ) Оғе тəңірқұттың ұрпағы еді. Сондықтан өте жақын қандастығы бар болатын. Нəби саясатына шешесінің де ықпалы болды əрине. 3 жылға бармай Оянқұтек тəңірқұт Хағаниядан ( ) жеңіліп өзін-өзі өлтіреді. Бұл Нəбидің қуанышын басып, алаңын асырады. Көп ұзамай Хағанияның ағасы Хутуосы (Хадаас, ) да өзін Тезек Гудуху (Жыжы Гудуху, ) тəңірқұт деп жариялап, інісімен тақ үшін айқасқа түседі.. Демек бұл кезде Үйсін ісіне килігерлік, Нəбиге дем берерлік күй Ғұнда жоқ-тын. Дегенмен бұл оқиғалар Нəбиге əсер етпей қоймайтын. Оның үстіне, сəби кезінен тартып талайды көріп жүрген Нəби, Үйсінге келген хəндердің барған сайын тым асып баратқанына, өз (демек дербесшілдермен ғұншылдар) жағына хəндерден түскен қысымға тісін қайраулы еді. Бан Гуге сенер болсақ, ол ғадет бойынша Лю Жиеюді Күнбишелікке аларын алады, тіпті одан Тер би ( - Ди ми, Чи ми) дейтін бір ұл да көреді [293]. Бірақ Хəн мен Үйсін ара қызи түскен байланысқа суық су құя бастайды. Жағдайды өз арманы бойынша оңауға кіріскен ол қатаң болуға да мəжбүр-ді. Лю Жиею бастаған хəндерге құлақ аспауы да керек-ті. Сондықтан оны жек көрген хəндер өз ішінде құтырық хан, аусар хан, есер хан (Куан уаң, ) десетін де болысады. Хəндер мен хəншілдер Мұның, жылнамада осылай жазылғанымен, қисыны аз. Бұл кезде Лю Жиею əбден кəртейген.

140 140 ТӨРТІНШІ БӨЛІМ оған қарсы болса, дербесшілдер мен ғұншылдар оны қолдап, шаттыққа бөлене түседі. Менің бұл мөлшерімді құптағандай, Етжеңді күнби, Аусар хан дегендер - хəндердің қойған аты. Өз елі қойған лақап ат емес. Бұл сөз тура дейді Уаң Биңхуалар, «Хəннамаға шолу» сықылды кітаптарға сүйене келе [294]. Бұл есте болуға тиісті. Шыдамы таусылған Лю Жиею тағы да иесіне хат жібереді жəне əлде бір ірі қимылға дайындалғандай, Чаң-анда оқып жатқан үшінші ұлы Далыны(Датлок, ) алдыртады. Оны елші Уей Ру-и ( ) мен оның орынбасары Рын Чаң ( ) алып келеді. Бұл кезде, Хəн əулетіне, өзі əбден күшейгендіктен, ғұндарға қарсы соғысуы үшін Үйсінмен тізе қосу тап бұрынғыдай тым қажет болмай қалғанды. Бірақ Хəн жақ, əрине, Үйсінді мықтап тізгіндеу, реті келсе бағындырып бірөлкесіне айналдыру ниетінен қайтпаған. Уақыт өте келе, өзіне бой бермей баратқан Нəби күнбиге деген Лю Жиеюдың наразылығы өшпенділікке, тіпті қастандыққа өршиді. Экспанцияшыл патшасына аса адал, борышына тым жауапкер айлакер қыз қайынжұрт елдің дербесшіл елбасысын сұмдық амалмен құртпақ болады. Лю Жиею Хəн əулетінің елшілері Уей Ру-и, Рын Чаңдармен құпия ақылдасып, аусар ханды оқыс қастықпен жоюға дайындалады. Қалай өлтірудің бəрін мықтап жоспарлап, қанішерді сайлап алғасын, Лю Жиею Нəби күнбиді ордасына келіп дəм татып қайтуға шақырады. Үйсін аңғалдығына басқан Нəбижетіп келеді. Сұмдық қастандық жасалады. Бірақ көкқұртқаны емген киелі Елжаудың тұқымы, қалың жаудың ортасынан қанын берсе де жанын бермей сытылып кетеді. Бұл туралы «Хəннамада» былай делінген: Есер күнби Лю Жиеюмен шығыспайды. Зорлық-зомбылыққа басып халықтан (əрине, бұл -хəншіл жұрттан дегендік. С. Ж.) айрылады. Хəн патшасы орда ісін басқарушы Уей Хы-и мен орынбасар бек Рын Чаңды елші етіп, күнбидің кепілге берген ұлын жеткізіп салуға жібереді. Сонда оң күнбише: есер күнби елді зарлатып жүр. Оның көзін жояйық дейді оларға. Сөйтіп олар қонақасы өткізеді, арақ-шарап құяды. Сол арада елші əскері сілтеген семсер оның иығына тиеді. Жараланып қалған есер күнби атқа мініп тұра қашады. Нəби күнбидің Лю Жиею сарайынан қашып шыққасын Қызылкүрендегі өз ордасына барары сөзсіз. «Хəннама» бұл сөзсіздікті жазып отыруды езбелік санаған болу керек, ауызға алмаған. Лю Жиеюдың қастық оқиғасы туыла сала, қаһарланған үйсіндер жағынан Нəбидің ұлы Седімсоқ (Шишыншоу, ) Қызылкүрендегі Лю Жиею мен əлгі елшілер отырған сарайды қоршап алған болатын. Көп санды үйсіндер аз санды, бірақ сүйеніші мықты хəндер мен хəншілдерді қоршауға алғанымен, одан арыға батылы жетпей, ушыққан жағдай айларға созылады. Уаң Биңхуалар: Қаланы бірнеше ай бойы қоршауға алғанына қарағанда, бұл кездегі Қызылкүрен қаласы недəуір зор көлемді əрі мығым қорғаныстық бекінісі бар қала болған секілді [295 ] дейді. Бұл арада қоршалған бүкіл қала ма, жоқ оның ішіндегі Лю Жиею сарайыма ілгерілей зерттеуді талап етеді. Меніңше «Хəннамадағы» 294 «Үйсін туралы зерттеу». Іле халық баспасы бет. 295 «Үйсін туралы зерттеу». Іле халық баспасы бет.

141 ЕЖЕЛГІ ҰЛЫС ТАРИХЫ, деген сөз, қаланы қоршады демей, оның ұлы Шишыншоу Чыгу қаласындағы Уей Хы-и, Рын Чаң менен Лю Жиеюды қоршап алды деп тұр. Олар қала ішіндегі өздеріне берілген сарайда ғана болуға тиісті. Шишыншоу сол сарайды қоршаған. Сақ ұрпағы аса кекшіл-ді. Сəтсіз болған қастандық, ауыр зардап тудырып, күнби мен күнбише арасына ғана емес, Үйсіндегі екі жақ, тіпті екі ұлы ел арасына да орны толмас ор қаза қояды, əрине. Хəншіл үйсіндер мен хəндер бір жақ, дербесшілдер мен ғұншылдар бір жақ болып, екі тарап енді бір сіріңке түртілса лап етерлік өрт алдындағы жағдайға тап болады. Іс жүзінде Үйсін жұрты ниет жағынан екіге ашық ыдырайды. Қастандық сəтсіз болғасын, Қызыл күрендегі Лю Жиею сарайы қоршауда қалғасын, Хəн жақтан (патшалық сарай ішіндегі саясаттық алауыздықтан да болар) алғашында қатаң мен жұмсақ саясат қатар қолданылыпты: 1. Хəн ордасы Лю Жиеюдың оғаш қылығы үшін кешірім мен көңіл сұрағансып, Үйсінге нөкер сардар ( ) Жаң Зун ( ) бастаған үйірмені, Нəбидің жарасын емдейтін дəрігер мен 20 жың (10 килограмдай) алтынға толы торғын торқаны қосып жібереді. Қастандыққа қатысқан Хəннің екі елшісі (Уей Хы-и мен Рын Чаң) ұсталып, арнайы қапас арбамен қылмысты ретінде астанаға айдатылады. Лю Жиею да мырзақамаққа түсіріліп, ат арбалылар сеңүні, зұрған ( ) Жаң Уың ( ) тарабынан қатаң сұраққа тартылады. Өзін емдеген орынбасар елші Жи Дуға разы болған Нəби күнби оны, қасына қорғаушы қосып, еліне жеткіздіртеді. Меніңше бұл - Үйсін сықылды елдердің мінезін білетін уəзір Шяу Уаңжылар əмірімен болған іс. 2. Бірнеше айдан кейін, басқақ Жың Жи бірнеше елдің əскерін жиып барып оларды (Лю Жиеюдың тобын. - С. Ж. ) құтқарып, қоршауды таратады [296]. Нəбидің ұлы Шишыншоу қоршауын еріксіз əкетеді. Иесіне сенімі зор Лю Жиею патшаға тіке хат жазып өзін ақтаған болатын. Хəн Шюанди оның хатын көргесін қаһарланып, Жаң Уыңды өлімге бұйырады. Хəн əулетінің дəрігер апарған орынбасар елшісі Жи Ду ( ), қолынан келіп тұрса да Нəбиді өлтірмегені үшін, Сыма Чян сықылды, піштіру жазасына ұшырайды. Екі елшімен Лю Жиею, т. б. лар ақталып, мақталады. Бұл патшаның тіке өзінің қылығы болуға тиісті. «Хəннаманың» бұл оқиға жайлы жазғандары мынадай: Хəн жақ жұңлаңжяң Жаң Зунді дəрі апарып, есер күнбиді емдетуге жібереді. Оған тартуүшін 20 жың алтын береді. Жаң Зун Уей Хы-и мен Рын Чаңды тұтқындап байлатады. Оларды Қарақұмнан (Үрле, Уили - ) қапас арбаға салған бойы Чаң-анге əкеліп басын алады. Арбалы-аттылар сеңүны, зұрған ( ) Жаң Уың сонда қалады да, бірігіп есер күнбиді өлтіруге сұқтанған Лю Жиеюмен елшілердің ісін тексереді. Күнбише иланбай, бас ұрып дəт айтады. Жаң Уың күнбишені жұлмалап янаттайды. Күнбише жоғарыға арызданады. Жаң Уың қайтарылып, өлімге кесіледі. Көмекші елші Жи Ду, басқа дəрігер апарып, есер күнбиді емдетуге жіберіледі. Есер күнби он неше атты жасақ қосып, Жи Дуды қайта жеткіздіртіп салады. Жи Ду қайтып келген соң, есер күнбиді өлтіру керегін біле тұра қол жұмсамады деп жазаланып, орда зынданына тасталады. 296 «Хəннама. Үйсін баяны» (Уаң Биңхуалардың Үйсін туралы зерттеуі». 168-бет. ) 141

142 142 ТӨРТІНШІ БӨЛІМ Мұны оқып шыққан сіз бəлкім жоғарыда мен айтқан қатаң мен жұмсақ саясат қатар қолданылыпты, оның бірі уəзірдікі, енді бірі патшанікі дегенге қосылмай, əу бастан қатаң саясат жүргізбек болған, бірақ оның үйсіндерге ж ау ы зд ы қ си пат т а ə с е р б е рме у і н, көп с а н д ы ү йсі н де рден а й ры л ы п қ а л мауд ы ескеріп, қатаң саясатын өтірік көлгірсу мен қормалсыну арқылы бүркемек болған, оны жіберген адамдарының кейі түсінген, кейі түсінбеген, кейі құптаған, кейі қарсы болған дегенге өзгертетін шығарсыз. Тіпті алғашында патша жақ нақ ахуалды толық біле алмай, бірауыздылыққа келе алмай абдыраған да дерсіз. Мұныңызға мен қарсы емеспін Əйтеуір, ең соңында, қарама-қайшы екі саясаттың екіншісі жеңіп шығады. Əрине Жаң Зун, Жаң Уың, Жи Дулар - Хəн ордасының адал мүридтері. Аяғында құрбандыққа шалына салынды. Ал, жай егіншінің ұлы, төреші абыз ( ) ғана болып жүрген жерінен, алғыр да тырысшаңдығымен көзге түсіп, Хəн Шюандидің алдында өзіндік ойын көтере алатын уəзірлік мəртебеге дейін барған Шяу Уаңжы, осы реткі ұстанған амалы үшін мансабынан алынып, тегіндер абыздығына (мұғалымдығына) түсіріліп тасталады. Орнына төменнен көтеріліп келген, күрделі істерді біржақтылы ету тəжірибесі олқы Хуаң Шя ( ) сыртқы істерге жауапты уəзір боп шыға келеді. Үйсіннің былайғы ісіне жаңа уəзір оның да, патша Хəн Шюандидың де бір сəт дайын шарасы болмай қалады. Оңғайдың ғұн күнбишесінен туған ұлы Өжет (, Ужюту, Азоқда), алғашында, зор аласапыран туылады деп есептеп, солтүстіктегі тауға (мүмкін Алакөл маңындағы Арқас тауы шығар) барып бекінеді. Артынан əрі пендешілік жетегінде өзі күнби болғысы келіп, əрі сырттай қоршап тұрған Хəн қолына жарамсақтанып, егер еңбек сіңірсем Хəн жақ менің күнби болуыма мақұл болар деген дəмемен, Нəбиге шабуылдап, оны өлтіріп, өзін күнби деп жариялайды, əмбе маған тиісуші болса, солтүстіктен келе жатқан нағашыларымның қолы тас-талқан етеді - деп бопсалайды. Оның нағашыларының қазіргі күйін біліп отырған Хəн жақ ол сөзге құлақ та аспайды жəне Өжеттің күнбилігін танымайды да. Хəн басқағы (Такламакан жиегіндегі қалалы хандықтарға қойылған ең зор ұлық) Жын Жи ( ), Хəнəулетінің Шюанди патшасы жіберген, кезінде Чяңдарды (Тибеттердің арғытегін) күл-талқан еткен шербасы Шин Ушян ( ) сырттай қалың қолын төндіріп, егер Хəн жақтың сөзіне құлақ аспаса Өжетті бас салмақ болып тұрады. Хəн ордасы шұғыл ақылдасу арқылы, Лю Жиеюдың Үйсіндегі күйін есепке алып, аяғында, жаңа елші жіберумен қатар, Үйсін ісіне əскери килігуге əбден бекиді. Фың Ляу ханым Чаң-анге барып иесінен нұсқау алып қайтуға да үлгереді. Тіпті ресми елшілік лауазыммен, жасаулы күймемен, салтанатты оралады. Батыс Өңір басқағы Жын Жи ( ) Фың ханымды, Үйсіннің жоғары əскери мансаптысы болып жүрген күйеуіне қосып, Өжетті тізе бүгуге қыстайтын келіссөзге жібереді. Үйсін елінің ішек-қарнына шейін толық білетін, өзгені иландыруға шебер, асқан шешен Фың ханымды, күйеуімен бірге, іске салудағы мақсат, əрине, неғұрлым əскери қақтығысқа апармай, Жиеюдың Оңғай күнбиден көрген ұлы Өңкейді күнбилікке шығару болатын. Егер осы жүзеге толық асса, былайғы Үйсіннің Хəн əулетінің ашса алақанында, жұмса жұдырығында болары, мемлекет шекарасының ішіне толық енері сөзсіз

143 ЕЖЕЛГІ ҰЛЫС ТАРИХЫ еді. Бірақ оған Нəби күнби мен Өжетке ерген топтың бөгеті зор болады. Хəн жоспарының атқарылуы қиындасады. Үйсін ұлысындағы тəуелсіздікті жақтайтындар Хəн жақтың ниетіне толық көне салмайды. Дербесшілдер, Нəбишілдер, Өжетшілдер мен Ғұншылдар саны басымды. Дегенмен күш атасын тани ма. Өжет мүлде көнбеуге де бара алмайды. Сыртта қалың Хəн қолы төніп тұрса, іште жүздеген хəндер мен олар ұзақ уақыттан бері тəрбиелеп жетілдірген мыңдаған хəншіл үйсіндер Лю Жиеюларды жақтаса, қайтеді. Мықтының (Хəн) күші мен шешеннің (Фың Ляу)тілі Өжетті саудаласуға, ымыраға əкеледі. Өжет күнби алғашында Ғұн қағанатынан зор үміт күткен болу да крек. Бірақ, өзін күнби деп жариялағанымен, сыртқа артында Ғұн бардай күпигенімен, Ғұнға сүйене алғаны жоқ. Бұл кезде Ғұндарда оған сүйеніш боларлық мүмкіндік те жойылғанды. Ол Ғұн еліндегі бес тəңірқұт қатар шыққан, іштей қырық пышақтық жағдайын естіген соң, Ғұннан күдер үзіп, Хəн жақпен келісуге мəжбүр болған секілді. «Хəннамада» бұл тұстағы оқиғалар жайлы былай делінген: Жың Жи Фың Ляу ханымды Өжетке елші етіп жіберіп: Хəн əулетінің қолы жорыққа аттанды (Шин Ушянның 15 мың қолмен Дунхуаңға келіп, тың игеріп, үйсіндердің сазайын тартқызу дайындығына кіріскені айтылып тұр. - С. Ж. ). Қырылып - жойылғанынан тізе бүккені жөн дегізеді. Тіксінген Өжет: маған кішірек мансап берсе де болушы еді дейді. Патша Шюанди Фың Ляу ханымды шақырып алып, жағдайды ұғысады... Фың Ляу ханым орда бұйрық белгісін алып, күймемен қайтады. Ол Жаңло бегіне əмір беріп, Өжетті Чыгу қаласына шақыртып, Юангуй (Өңкей) биді ұлы күнбилікке, Өжетті кіші күнбилікке тағайындап, шашақты мөр (Хəн əулеті уəзірлерімен дəрежелес санап, көгілдір шашақты алтын мөрді. - С. Ж.) береді. Сөйтіп, Б. з. б. 53 жылы, Хəн жақ Үйсінді екіге жарып, бірін Хəн жиені Өңкей ұлыкүнби атағымен, енді бірін Ғұн жиені Өжет кішікүнби атағымен басқаратын рақайға тоқтасады ҮЙСІН МЕМЛЕКЕТІНІҢ ДЕМОГРАФИЯСЫ Ең алдымен айтарым, Үйсін ұлысы екіге жарылардың алдында мейлінше көркейген болатын. Оның ең басты белгісі халық санының артқандығында еді. Бертінгі зерттеушілер «Ханнама. Батыс өңір баянындағы» санды мағлұматты, яғни 120 мың түтін, 630 мың жан, соғысқа жарамды əскер бар дегенді алғашқы кездің - Жаң Чян елші үйсінге келген тұстағы (б. з. б. 119 жылғатəн) сан десіп жүр. Дұрыс айтады. Одан бір ғасырға жуық уақыт өткенде - б. з. б. І ғасырдың орта шенінен ауғанда халық санының тіпті көбейгені сөзсіз. Өйткені: 1. Табиғи туыттық өсім Жетісудай жер жаннатын кіндік еткен өлкеде, өзге ел соқтыға алмайтын, өзгеге барып тиісуі сирек күшті де үлкен елде жоғары болады. Оның үстіне ол заман - қайсы ел болса да, алдымен адамының көптігімен күшті саналатын, соған орай қыл аяғы аталық жыныс мүшесіне дейін табынатын заман; 2. Ауқаты оңалған ең күшті де бай елге өзге ел, тайпалардан ерікті ауыпкелушілер де көп болады;

144 144 ТӨРТІНШІ БӨЛІМ 3. Соғыста Үйсінге тізе бүккендер де көп болды (б. з. б. 71 жылғы, ғұндармен бір шайқастың өзінен 40 мыңдай адамды айдап қайтқан тұрса); 4. Құлдар да аз емес еді. Соғыста тізе бүккендерден сырт, өзге елдерден құл сатып алу, салық төлей алмаған жұрттан салық орнына құл алу, т. б. жалғасып тұрды. Үйсін обаларына кеткен еңбеккүшін есептеу Үйсінде құлдардың недəуір санды ұстағанынан дерек береді. Сонда б. з. б. І ғасырдың орта шенінен ауғандағы Үйсіннің халық саны екі миллионға таяды дей беріңіз. Өйткені халық саны 2 миллионнан асатын Ғұнқолының шабуылын б. з. б. 71 жылы жайпап тойтарған Үйсінде соншалық халық болуға тиісті. Үйсіннің ол кезде бұл өңірдің ең күшті ұлысы саналуының орны бар. Өйткені жоғарыда айтқанымыздай оның халық саны Хəн басқағына бағынды күйдегі, Такламакан жиегінде отырған қалалы хандықтардың халық санының жиындысынан бір ғасыр бұрынның өзінде бір есе артықты. Ол елдердің ең ірілерінің өзіндегі халық саны да тым аз болатын. Мысалы, Хəн жақтың ертедегі екі жылнамасының берген мəліметіне қарағанда, Күсанда (Күшар, ) 81317, Агниде (Қарашəр, ) 32100, Гамүкте (Ақсуда, ) 24500, Ұзынтатиде( ) 20040, Шамшанда (Пышан, ) 14100, Ұдүнде (Хотанда, ) 19300, Шалікте (Қашқарда, ) ғана жан бар екен. Ал қалғандарындағы халық саны тіпті аз. Мысалы, Касиде (Жемсарыда,, ) 4774, Барыста (Баркөлде, ) 1070, Кесұғде (Корлада, ) 4900, Алүйде (Бүгірде, ) 1200, Самұтта (Шаршанда, Сармаданда, ) 1610, Нақиянда (Шарқылықта, ) 1750 ғана адам тұрады екен. Меніңше, Үйсін күшейгеннен кейін - бұдан бір ғасырға жуық уақыт өткесін - б. з. б. І ғасырдың орта шенінен ауғанда, бұл маңдағы Ғұн мен Хəнге қарамайтын ұсақ елдердің талайы, кезінде Жаң Чян мəліметі арқылы хатқа түскенімен, тəуелсіз елдік-хандық күйден айрылған, Үйсінге бағынған болуға тиісті. Өйткені бірден, Үйсінге іргелес мұндайлардың халқы өте аз еді. Мысалы, Беглукте ( ) 1385, Батыс Самеде ( ) 1926, Ғағада ( ) 264 жан ғана бар тұрса, ол заманда алыптар - Хəн, Ғұн, Үйсін арасында тəуелсіз өмір сүруі қиын ғой. Екіден, жылнамаларда айтылғандай, төңірегіндегі шағын елдерді бағындырған Елжау күнби Боғдадан тартып батысқа қарайғы, сонау Қаңлыға барып тірелетін өңірде өзіне бағынбаған елді қоймаған-ақ шығар. Сондықтан, Үйсіннің этностық құрамы аса күрделі болуға тиісті. Себеп -алдымен, үйсіндер келудің алдында, Жетісу өңірінен көшпей қалғандардың өзі сақтарға тəн əртүрлі тайпаның қалдықтары; жоғарыда айтылған 40 мың тұтқында Ғұн қағанатындағы тек бір тайпаның ғана адамы емес, əрине; Хəн жылнамаларындағы шектемеліліктің бірі үйсіндердің өзінің батыс жағымен (Қаңлы, Алан, Ұлыжүз сықылды елдермен, Ұлыжүз билеуіндегі Бактрияның ежелгі тұрғындарымен, ферғаналықтармен, парсылармен, т.б.) араласын тəптіштірек жаза алмағандығында. Бұл араласудың да талайды, тіпті өзге тіл, өзге дін, өзге салтты тайпа уəкілдерін əкелетіні сөзсіз. Бүгінге дейін батыс рұңдар ( ) ішінде скитайлық құрам немесе ариантілді тайпа барлығы байқалған жоқ. Ол кездегі ариандардың ең шығыс шеті Тəңіртаудың орта шенімен шектелетін. Сондықтан Жүз бен Үйсінді иран тілді тайпа санау ақылға қона кетпейді. Дегенмен Үйсін жері батыстарақ. Іледегі скитайлармен

145 ЕЖЕЛГІ ҰЛЫС ТАРИХЫ іргелес болуы мүмкін. Сондықтан арасында ариан қандылар жоқ деуге де болмайды. Жылнамаларда үйсіндерді Батыс Өңірдегі ұлттар ішінде еуропалық нəсіл ерекшелігі ең айқын делінуі де бұған айғақ [267] дегенге қарағанда, Үйсін ішінде, іргелес те замандас отырған елдердің (Қаңлы, Жүз, Ферғана, Қыпшақ, т. б. ) түгіл, олардан арыда өмір сүрген (мысалы ариан секілді)скит - сақ ел адамдарының өзге ұрпағы да болған. Дегенмен, жылнамалар Үйсін елінің сол кездегі тайпалық құрамын бере алмаған, тек былайғы заманда біртіндеп тарих сахнасына көтерілген тайпалар (Дулат, Албан, Шігіл) атының көзін ғана көрсеткен. Бірақ қазақ шежіресі бойынша мынадай тұспал жасау айып емес. Ең алдымен, ол замандағы халық саны миллионнан асқан мұндай зор елді əлдеқанша туыстас тайпалардан құралған одақ деп мойындаған жөн. Сосын оның тайпаларын іздестіруге кірісу керек. Бұл іздеу барысында қазақ шежіресінің белгілі тарихи деректер жинағы сипатын жоққа шығармаған дұрыс. Сосын ең кемінде шежіредегі Ұлы жүз - Үйсін атты қазақ құрамына тəн басты рулардың(оны мен артқы бөлімде бергелі отырмын) осы Үйсін мемлекеті тұсында бар екеніне сенген жөн. Ол талай ғасыр ауызша таралып, айтылып келген. Оның хатталуы ғана бергі (мысалы Абылайлық) заманға есеп. Ол басты рулардың (мейлі бір қара шалдың ұрпағы болсын, яки бір рулы елді басқарған атаның атымен танылған болсын) əр бірі 2000 неше жүз жылда ұрпақтық тізбекті құрауға тиісті (2500 жылдың алдындағы Күң Фузының ұрпағы 80 - іншіге аяқ басып, жиыны 2 миллионнан асты!). Бірақ бізде ол шежірелер Кұң Фузінікінше 2500 жыл үздіксіз хатталып келмегендіктен, талай ата ұмытылған (Шежірелік тізбектегі буын саны көбінесе ге толмайды. Оған қарап шежіредегі басты рулардың атын бергі ғасырларда шыққанға жатқыза салу əрі ағаттық, əрі күнə болады!) Оған əдейі ұмыттыратын сыртқы (арабтық, моңғолдық, т. б.) саяси ықпалдарды қос. Сонымен ең болмағанда Үйсін мемлекетінде ол заманда əлгі басты рулар болған деп келіскен жөн. Ораз Исмаилов «Əлем тарихындағы жалайырлар» (Алматы бет)атты еңбегінде: Тарихшы Əбдікəрім Хасеновтың зерттеу-дəлелдеулеріне қарағанда, Үйсін конфедерациясына 15 ұлыс бірігіп отырған. Олардың бастылары: сары тарұқ, қызыл тарұқ, ақ тарұқ. Қазақ шежіресі тарұқты ТАРАҚ есімімен біледі. Үйсін ататектерінде АБАҚ, ТАРАҚ атанған тарихи тұлғалар еске алынып, оның тарағынан Жалайыр тайпасын таратып шығарады. Үйсін ордасына енген 15 ұлыс мыналар: 2 керей, 3 қауға, 2 даған, 2 шашыжүн, 1 дулат, 1 тарышы, 1 кіркүн жəне 3 тарақ. Осындағы кіркүн ұлысы сəл кейінірек тарақтың құрамына кіріп кеткен. Сөйтіп, тарақ саны жағынан 4 ұлыс боп көбейген. 552 жылы Түрік қағандығы көтерілгенде Үйсіннің ру-ұлыстары Естеми жабғудың ту тіккен жері - Жетісуда отырған болатын дейді. Ал, тарихшы Əбдікəрім Хасенов «Қазақстан мəдениеті мен өнерінің тарихы» атты шығармасында (Алматы, 1987, 34 бет) : бұл 15 ұлыстың бастылары: Сянь Далу Сары тарұқ, Цзо Далу Қызыл тарұқ, Юе Далу Ақ тарұқ, Гянь кер (керей), Хэу кау (қауға), Дагянь даганделі, Йаған (жаған-жалайыр), Дую-тулы (дулат), Дали - тарышы, Таринах, Ше чжун шашыжүн, Кигбюнь кіркүн, Күкіркін дейді

146 146 ТӨРТІНШІ БӨЛІМ Мен бұл екі автордың зерттеулеріне толық бас изеу алдында мыналарды қоса ойластырған жөн демекпін: 1. ҰЛЫС деген мемлекет дегендік. Қазіргі Түркия елі мен көне түрік тілінде де солай. Сондықтан 15 ұлыс дегенді 15 тайпа деген лайығырақ. 2. Екі автордың бұл көзқарасын деректермен ілгерілей толықтыра отырып, оның нанымдық қуатын асыра түскен жөн. 3. Бұл арадағы ДАЛУ дегеннің Елжау күнбидің аса құдіретті бола тұра мұрагер бола алмаған үлкен ұлының - Далудың қоластындағы жұрттан тарауы ықтимал. Бұлай деу Су Бейхай, Нығмет Мыңжанұлы сықылды ғалымдар көзқарасына дөп келеді. Кейін келе ДАЛУ деген Дулатқа ( Далу+атты = далу+ат, сосын дулат болып) өзгерген шығар. Ə. Хасеновтағы «Сянь Далу - Сары тарұқ, Цзо Далу - Қызыл тарұқ, Юе Далу - Ақ тарұқ» дегендер мен «дую-тулы(дулат)» дегеннің байланысын ілгерілей зерттеу қажет. Мұндағы сары, қызыл, ақ дегендерді С. Ораз мекендікбағыттық мағынада түсіндіреді жəне профессор Сəрсен Аманжолов ертедегі ақ нəсілді үйсін орнында отырған тек сары үйсін тайпасы дегенінде терең ғылыми қисын бар деп біледі. 4. Тарұқ дегеннің тарау, тармақ мағынасы да бар. Сонда, сары тарұқ деген Үйсіннің сары тармағы яғни сарыүйсін болуы да үмкін. 3. ҮЙСІН МЕМЛЕКЕТІНІҢ ГЕОГРАФИЯСЫ Мейлі қай кезеңде болса да əр ұлыстың (мемлекеттің), баудың (хандықтың) өз территориясы болды. Ол кезде жесір дауынан гөрі жер дауының қаттырақ болғанын Мөде тəңірқұттың Шығыс Оғыз (дұңху - шығысху) бен Ғұн екі ел аралығында иен жатқан жерді сұраған шығыс хуларға берген жауабынан-ақ байқалады. Мөде олар тұлпар сұраса да, қатұн (тəңірқұтша) сұраса да бергізіп, жер сұрағанда басынғандық санап, шабуылдау үшін атқа қонады. Ал, Хəн Шюанди патша (б. з. б жж) кезінде, ішкі қайшылық ушығып барып ыдыраған Үйсінге келген Хəн əулетінің шендісі Чаң Хүй Чаңлобегінің үйсін астанасы Чыгуде (Чекүкте, Қызылкүренде) тұрғандағы басты міндетінің бірі ара ағайын ретінде екі күнби халқының жер шекарасын айырып беру болды делінуі де осыны айғақтайды. Үйсін туралы ұзақ уақыт та мұқият зерттеулер жүргізген Уаң Биңхуа мен Уаң Миңжылар: Бұл арада айта кетерлік тағы бір жайт, байырғы ұлыстардың қай-қайсысының да көршілес халықтар немесе тайпалық одақтар үлкен жақтан мойындайтын едəуір тұрақты өрістері болды. - дей келіп, Үйсін ұлысының Нəнді би мерт болудан бұрынғы аумағы туралы бір қыдыру дəлелдеулерден соң, - Тоқ етер түйінін айтсақ, Хəн əулеті заманынан бұрын йүздер (жүздер, нүкістер) мен үйсіндер Хыши дəлізінің шығысы мен батысына бөлек қоныстанған, батыс бөлігінде үйсіндер, шығыс бөлігінде йүздер мекендеген. Оларға қазіргі Жаң-йе шекара болған [298] - деп өздерінше тұжырым жасап, əр елдің өз аумағы, шекарасы болғанын айқындай түседі. Əрине бұлардың сөзіүйсіннің ел кіндігін Ілеге əкелуден 298 Уаң Биңхуа, Уаң Миңжы. «Үйсін тарихындағы келелі мəселелер». (, )

147 ЕЖЕЛГІ ҰЛЫС ТАРИХЫ бұрынғы аумағының шығыс шеті туралы кетіп барады. Біз бұл пікірге ұқсамайтын көзқарасымызды жоғарыда айтқамыз. Меніңше, Ілеге ауудың алдындағы Үйсін аумағы да бұрынғыдан əлде қайда кең болуға тиісті. Жоғарыда Күнби халқына қормал болыпты, қоңсылас отырған ұсақ елдерді шауып ірге кеңейтіпті. Сонымен оқшыларын бірнеше түменге жеткізген екен (Ол заманның күшті елдері өз армиясын жайгер, найзагер, қылышкер, сақпыгер, т. б. түр-түр бойынша ұстаған, машықтандырған. Бүл арадағы оқшы деген - жайгер - С. Ж. ). Күнби оларды шабуылдау мен қорғануға машықтандырыпты [299] деген деректі көрсеттік. Сонда Үйсін хандығының (ғұнға бағынышты баудың) кіндігі кең мағынадағы (Бесбалық, Манас, Тоқсын, Боғда бауыры сықылдыларды қамтыған) Үрімжі өңірі болуға тиісті. Ал, ол халық сирек заманда, күшті хандық түгіл, кез-келген хандықтың иелік жерінің де кеңірек болатыны түсінікті. Сонда Үйсінұлысының шығысы қазіргі Гансу өлкесіндегі Жаңиеге тірелсе, батысы бүгінгі ШҰАР -дағы Байынғолынға дейін созылып жатқан болуы ықтимал. Ендеше Үйсіннің батысқа аууы туралы мыналарды айтуға болады: А. Елжау күнби тəуелсіздік үшін былайғы басқы дайындық елінің шығыстағы (Гансу жақтағы) етегін батысқа қарай жинау мен ел кіндігін Ілеге (Ғұн қағанатына қарайтын аумақтың батыс жағына жəне шұрайлы қонысқа) көшіру деп білген. Ə. Бұл тəңірқұттың оған батыс жақты қорға деген жоғарыда айтылған міндетіне қайшы болмағандықтан, əу баста ғұндардың күдігіне, сондықтан да қарсылығына ұшырамаған. Б. Бұл көшу қырғын соғыс арқылы атқарылмаған. Ғұндар Іледегі нүкістерді əлдеқашан қуып жібергендіктен, олардың аз қалдығы күшті қарсылық көрсете алмаған. В. Көшу барысы-əлде неше жылға созылған біртіндеген процес. Қысқа қайырғанда, Елжау күнби тек ел кіндігін ғана кең мағынадағы Үрімжі өңірінен Жетісу жаққа көшірген жəне шығыс шекарасын Құмыл жақтан шегіндіріп, Боғдаға шейін жыйған. Жер жаннаты Жетісуға келгесін жағдай тіпті жақсарады, əрине. Өйткені бүгінгі Өртекес - Моңғолкүре ауданын мысалға алсақ, аудандық ауа райы пунктінің санақ мəліметтеріне қарағанда, жылдық жауын-шашын мөлшері жалпы алғанда 500 мм, жылдық күн шуақты мезгілі 2400 сағаттан асады. Жылдық орташа ауа температурасы төмендеу, 5. 2 ғана, қыраусыз мезгілі небары жүз күндей, орны теңіз деңгейінен м жоғары. Мұндай климаттық-жағрапиялық ерекшеліктер егіншаруашылығына тиімсіздеу болғанымен, мал шаруашылығына қабағат үйлеседі [300]. Бəлкім бұл жердің райы 2000 жылдың алдында бұдан да тиімділеу шығар. Ал Өртекестің маңайындағы өзге жерлердің - Жетісу ойпатының ауарайы тіпті жанға жайлы жəне егін шаруашылығына да ыңғайлы. Меніңше Үйсін ұлысы кей ғалымдар айтқандай Тəңіртау мен оның батысының мемлекеті. Синолог Матсуда Хисао ( ) Үйсін мемлекеті, Тəңіртаудың солтүстігіндегі ел емес, тəңіртау ішіндегі ел. Оның негізгі тұлғасы Нарын, «Тарихи жазбалар. Ферғана баяны» 300 Уаң Биңхуа, Уаң Миңжы. «Үйсін тарихындағы келелі мəселелер». (, )

148 148 ТӨРТІНШІ БӨЛІМ Текес жəне Жұлдыз өзендерінің атырабында деп қарайды. Синолог Ширатори Куракичи да «Ханнама. батыс өңір баянындағы» Үйсіннің жері жауынды, суық. Таулары көп жəне қарағайлы дегендер Өртекестің ауа райына дөп келеді [301] деп біледі. Дұрыс айтады. Бірақ бұл екеуіндегі олқылық - тек Іле дариясын ауызға алмағандығында ғана емес, жер жаннаты Жетісудың кең аумағын ескере алмағандығында. Ал, Іле Ахбарат Торсайтындағылардың [302] осыны түзеткендей: Археологтардың байқауына қарағанда, Үйсін обалары мен өзге мұра іздері Тəңіртау солтүстігіндегі Манас өзенінен айналып, Тарбағатай, Балқаш көлі, Талас дариясымен ораған ұлан-қайыр аумақтың Үйсін жері екенін айғақтап отыр - деп, ақылға қонатын сөз қозғайды да, айтарының аяғын: - Оның саяси орталығы - Қызылкүрен (Чекүк, Шығу) қаласы. Оңтүстік, Солтүстік əулеттер кезінде Үйсіннің Солтүстік Уей əулетімен байланысы тығыз болды. Ляу əулеті тұсында ордаға елшілері келіп тұрды. Кейін келе өзге этностармен қосылып осы заман қазақ ұлтын құрады деп түйеді. Үйсіннің астанасы жайлы мəлімет тым кемшін. Оның аты Хəн жылнамаларында деп жазылған. Енді соның аты мен орнына бұрылайық. А. Мұның бұған шейінгі талданулары: дің бірінші əріпінің бүгінгі оқылуы - чы, ескіше оқылуы че. Мағынасы - қызыл, жалаңаш. Мұның өзге мағыналарының (жалаң, жалаңаш, т. б. ) бұған түсуі қисынсыздау. Отқа, күнге, алауға, сондықтан да қызылға табынатын (Ғұнға қарайтын жəне үйсін, қаңлы. т. б.) сақтарды еске алғанда, мұның мағыналық аударма болу ықтималдығы да жоқ емес. Сонда оған түріктілдерінен қызыл, ал, күн сықылды мағналы сөздерді іздеуге тиістіміз. Тіпті шие сықылды сөздер де көкейге қонады. Ал, екінші əріп: 1. Бүгінгі оқылуы (1) Гу. Бірінші мағынасы - сай (əсіресе сулы сай). Екінші мағынасы -дақыл, дəн (күріш, бидай, т. б. ). Сонымен, тек дыбыс қуалап, дегенді қазақыландырып Шығу қылып алғандар да бар. Мен дыбыс қуалағанға қарсы емеспін. Алайда оның неге шығу атанғанына иланарлық айтарымыз болуын тілеймін. Оны сəлден соң айтпақшымын да. (2) Юй. Бұл жеке мағына алмай, тек Тұйғұн ( ) деген, ертеде Гансу өңірінде əкімият құрған бір этностың атына ғана қолданылған. Ендеше дегеннің бүгінгі оқылуы Чыгу немесе Чы-юй болуға тиісті. Егер толық мағыналық аударма жасасақ, алдынғы оқылуы Қызыл сай болады(соған кей ғалымдар Қызылаңғар, т. б. десіп жүр). Ал, Кей қаламгерлер (Соның ішінде «Үйсіннама» авторы) көркемəдебиеттік шығармаларында Қызылқол, Қызылкүрен, Қызылқорған десіп те келді. Мұның да қисыны жоқ емес. Өйткені хəндер кейде ономастикондарды араласпа да (дыбыстық пен мағыналығын қосып та) аудара береді. Мүмкін олар қызыл дегенге мағыналық аударма жасап, қол (өзен, арна), күрен (қоршау), қорған (қалқа) дегендердің басқы екі əріпіне (буынына) ғана гу (ескіше күк)деп оқылатын иероглифті қоя салған да болар. 301 http: //www. hudong. com/wiki/ торсайтынан алынды http: //www. tianshannet. com ( )

149 ЕЖЕЛГІ ҰЛЫС ТАРИХЫ 2. Ескіше оқылуы Лүк, күк еді деседі (Ахметұлы Шадыман құрастырған «Ежелгі Үйсін еліне» қараңыз). Чекүк деген содан шығып жүр. Ə. Мұның жаңаша талдануы. 1. Егер екінші оқылуына (Чы-юй дегенге) назар салсақ, Юй дегені бүгінгі түрік тілдеріндегі үй, өй,... сөздеріне таяу келіп тұрғандықтан, жартылай мағыналық аударма жасасақ, Қызыл үй (Қызыл орда не Қызыл сарай) дегенге таман келеді. 2. Енді бір үлкен қисын мынада: Үйсін ұлысы нөнендер тиісе бергесін, Солтүстік Памирге қарай ордасын көшірді, бірақ ежелгі қонысынан арылып та кеткені жоқ. Мысалы, баста Сары үйсін, кейін келе Жікіл (Шігіл, Шығыл) атанған бір тайпасы, Іле аңғары емес, тіпті сонау Тарбағатай (Сарғұсын - Сарыүйсін атты жер бар) жақта да қалған екен. Үйсіннің бұл тайпасы кейінірек (б. з. ғасырлар аралығында), Күнгей Тарбағатайдан (бүгінгі Дөрбілжін, Шəуешек, Үржар өңірінен) Жетісуға ауады. Бұлар келгесін, ежелгі үйсін жерінің кіндігіндегі Жікіл (Шігіл, Шығыл) қаласын ұстап тұрғандықтан жəне бұл қалада өзге талай тайпаның өкілдері де болғандықтан, өздерінің алғашқы атын ( Сары Үйсін не Дулат [303] дегендердің бірі шығар) бұл қалаға келмегендерге тастап, өздерін осы қаланың атымен атайтын болады [304]. Бұлқала Шығыл немесе Шігіл сол ежелгі Үйсін астанасы Қызылкүрен (Чыгу)болуы əбден мүмкін. Хəндер оны толық дыбыстық аудармаға таяу (тек соңғы буынды ғана сəл өзгертіп ғыл не гіл дегенді гу арқылы таңбалап) алған болар. 3. Түргеш қағанаты шаңырақ көтере салып арабтардың шабуылына ұшырайды. Арабтарға қарсы күресті басқарған Үш-еліг қаған ( жж.) қысқы ордасын Шу бойындағы Сұяб қаласына, жазғы ордасын Іле өзені жағасындағы Күңіт қаласына орнатады. Осы қаланың да кезіндегі Үйсін астанасы болу ықтималдығы бар. Өйткені бірден Іле бойында. Екіден Күн мен Гіт қосылып тұрған қала атының Үйсін астанасының Чы (қызыл) мен Гу ден құралған қытайша аты болуы да ғажап емес. 4. Төрайымдығын М. Əбусейітова үстіне алған ғалымдар ұжымының Бақыт Еженхан ұлының ғылыми редакторлығында шыққан кітабында: Чимуэр қаласын Уаң Гоуей, т. б. қытайлық ғалымдар Хəннамада айтылатын үйсіндердің астана қаласы Чыгу қаласы ретінде қарап, оның орнын Текес өзені бойынан іздейді. Алмалық қаласының (Қорғас кеденіне таяудағы көне қала айтылып тұр. - С. Ж.) оңтүстік өкпе тұсында 42 км жерде жергілікті қазақтар мен ұйғырлар Мұқыр деп атап кеткен елді мекенде, көне қаланың орны күні бүгінге дейін бар. Қатысты орындардың келтірген мəліметіне қарағанда, көне қаланың батысынан шығысына дейін 3475 метр келсе, оңтүстігінен солтүстігіне дейін ұзындығы 3400 метрге дейін болған. Бұл өңірдің кешегі өткен тарихта Қазақ даласымен аумақтық жақтағы біртұтастығын ескерер болсақ, аталмыш қаланың ұлтымыз тарихына қатысы əбден бар. Бұған, басқа емес, Ұлы жүз құрамында Шымыр Барлық пен Тарбағатай таулары арасында Сарғұсын мен Долаты дейтін жер атарын Ниғмет пен Су Бихай секілді ғалымдар Үйсіннің Сарыүйсін, Дулат тайпалары тұрғанда қалған аттар деседі. 304 «Қазақстан. Ұлттық энциклопедия». 4-том. 144-бет. ( )

150 150 ТӨРТІНШІ БӨЛІМ (Чимуэр, дегенге келіп тұрмай ма. -С. Ж. ) деген ру атының күні бүгін сақталып келуін айтсақ та жетер еді [305] делініпті. Меніңше, қала атының аудармасын дəл табу үшін 2-талдаудың жаны бар, қисыны мол. Ал, ол қала аты кейінгі тарихта сан өзгерген болар. 3-мен 4-талдаудағыларды соның мысалы еткен жөн шығар. Əрине соңғы жауапты археологиялық ізденіс пен былайғы ғалымдар талдауы береді. Мұны жалғасты зерделей жатармыз. Əзірше біз оны Қызылкүрен дей тұрайық. Көріп тұрсыз, жаңағыдай ұсыныс талдауларды айтқанымызбен, бұл Қызыл күреннің нақты аты ғана емес, оның орны да əлі айқындала қойғаны жоқ. Біреулер Ыстық көлдің шығыс-оңтүстігінде, енді біреулер Нарын өзенінің жағасында десіседі. Тағы біреулер жəне басқа тұсты нұсқайды. Тəптішті зерделемей тұрып оның біріне мақұл бола кету келіспейді. Жері кең жəне жартылай болса да көшпенді ұлыс астанасының кемінде екеу (жазғы жəне қысқы) болуы табиғи. Меніңше Үйсін астанасының аты бір болған күнде де (Хəн жылнамаларында, өзге қаласы бар деген күнде де, екінші астана жайлы сөз жоғына қарап айтып отырмын, алдына жазғы мен қысқы дегенді қосар), орны екеу болуға тиісті. Сонда жазғы астанасының Жетісудың төріне таман (мысалы Өртекес - Моңғолкүре жақта) болу ықтималдығы күштірек. Ал, қысқы астанасы Алматы маңында (мысалы Есік, Нарын, Қарақол, Жаркент төңірегінде) болуы қисындырақ. Сонда, Үйсіннің қысқы астанасының орнын Мұқыр мен Кегеннің бірінен іздеген дұрыс болар ма екен. Бұл туралы өзгелердің сөзіне де құлақ түрейік. Мың Фанрын Қызылкүрен яғни Чекүк қаласы - Үйсін елінің астанасы, Үйсін елі мен соңғы Хəн əулетінің барыс-келіс жасау орталығы. Сондықтан Чекүк қаласының орнын анықтау аса маңызды мəселе саналады. Чекүк қаласының орны туралы қазірге дейін мынадай екі түрлі болжам бар. Бірінші болжам бойынша Чекүк қаласын Текес өзені алабында деп қарайды. Екінші болжам бойынша Нарын өзені алабында деп есептейді. Қазіргі кезде көп санды ғалымдар екінші болжамды құптайды. Алайда Чекүк қаласына қатысты жазба деректерді көргенімізде жəне жер жағдайына тексеру жүргізгенімізде Нарын өзені алабы деудің күдіккүмəні көбірек. Меніңше Чекүк қаласы Текес өзенінің оңтүстік өңірі деу біршама үйлеседі [306] дей келіп, өз көзқарасын дəлелдеуге тырысады. Алайда ол екі астаналық ұғым мүмкіндігін ескермейді. Оның үстіне бұл астананы Өртекес маңында деп бекіте салу «Хəннама. Батыс өңір баянындағы»: Ұлы күнбидің ордасы Чекүк қаласында тұрады. Жері ұлан-асыр жазық, ауа райы жаңбырлы, салқын келеді. Тауларында қарағай, самырсын көп өседі дегендегі Жері ұлан-асыр жазық сөзіне жəне «Хəннама. Чын Таңның ғұмырнамасында»: Тезек тəңірқұт Қаңлы қолынан пайдаланып Үйсінге талай мəрте шапқыншылық жасап, Чекүк қаласына дейін ат ізін салды. Тұрғын елді қырып-жойып, талантараждап, малдарын айдап кетті. Үйсіндер өкшелей қууға батына алмады. Өйткені батыс жақ иен, шет-шегі мың лиге таяу созылып жатқан иен далада мекен тұтқан жан баласы жоқ еді дегендерге сəл қайшылау келеді. Өйткені Өртекес жақтың ұлан 305 «Қазақстан тарихы туралы қытай деректемелері». 1-том. Алматы. Дайк-Пресс. 80-бет. 306 Мың Фанрын. Ежелгі Үйсін елі». 117-бет.

151 ЕЖЕЛГІ ҰЛЫС ТАРИХЫ - асыр жазық емесі де, оның батысы да соншама иен жатпауға тиісті жер жаннаты екені де беп-белгілі. Бұл иен жер, Өртекес маңы емес, Балқаштың айналасы (əсіресе оның батысы) болуға тиісті. «Жаңа таңнаманың» 43-бумасында: Бұл Юйжу немесе Уынсу ( ) дуаны деп аталады. Мұнан солтүстік-батысқа 30 ли жүргенде Сулу шыңы, 40 ли жерде Бедел тауы, 50 ли жерде Дүндо қаласы ( ) бар. Үйсіннің Қызылтау қаласы ( ) міне осы деп жазылған екен. Мұндағы Уынсу - Хəнəулеті кезіндегі Үштұрпан. Демек бұдан Үйсіннің Қызылтау (Дүндо) дейтін тағы бір қаласының аты шығып тұр жəне ол Үштұрпаннан 120 лидей жерде екен. Ал, «Хəннама. Батыс өңір баянында» Уынсуғдың (Ұштұрпан, ) солтүстігінен Үйсіннің Чекүк қаласына дейін 610 ли келеді депті (Бұл 305 шақырымдай деген сөз - С. Ж. ). Егер бұл жазбада жаңылыстық жоқ деп сенер болсақ, онда Қызылтау (Дүндо) жазғы астана, Чекүк қысқы астана болуы ықтимал. Əйтеуір, алдымен, Үйсін астанасы екеу дегенге келіскен жөн. Сосын оның жазғысы Өртекесте (мысалы Саты сайының аузында), қысқысы Жетісу Алатауы мен Іле Алатауының арасында дегенге барудың ыңғайы келеді. Бұл пікірді Су Бейхай, т. б. ғалымдар да қолдайды. Мысалы Су Бейхай: Көшпенді халықтарда ежелден жазғы жəне қысқы астана деп бөлінген. Көтең Хұйхы (, Қара қожа) елінің қысқы астанасы Тұрпандағы Ідіқұт, жазғы астанасы Тəңіртау солтүстігіндегі Бесбалық (Бейтиң, ) болған. Сондықтан Үйсіннің де қысқы астанасы Шығуда, жазғы астанасы Моңғолкүре ойпатында болған [307] деген. Бұл ойымызды мына үш дерек дəлелдей де түседі: Бірі Саты аузындағы обалардың жиілігі. Обалар Моңғолкүредегі Саты мен Сарқобының маңайында ең көп шоғырланған. Саты өңіріндегі қорымдарда 200-ге тарта оба барлығы межеленуде. Бұлар топырақтан үйілген күмбез пішінді обалар, үлкендерінің периметрі (орамы) 260 метрден асады, табанының диаметрі мен көлбеу биіктігі түгел 20 м шамасында; орташа обалардың орамы м айналасында, ал шағындарынікі 50 метрге жетпейді, биіктігі 1 м шамасында. Осы обалар үлкен, орташа, шағын болуына қарай, үштен, бестен тіпті 20 шақтыға дейін бір шоғыр болып, оңтүстіктен солтүстікке қарай тізбектеле орналасқан, 3-5 оба бір жерге шоғырланғандары да бар [308]. Енді бірі, Саты аузындағы қала ойраны (харабасы). Бұл қала арғы түріктілді сақ тайпалары кезінде (1- бөлімдегі картаға қараңыз) негізі қаланып, Үйсін ұлысы заманында (нақтырақ айтсақ б. з. б. ғасыр ортасында) шаңырағын тіпті биіктетіп көркейген, сосын Түрік, Түргеш қағанаттары кезінде Ұлы Жібек жолының бір торабы ретінде шалқыған, бертін келе (Шыңғыс қаған жаулауы кезінде Найманның Күшлік ханы қатты қарсыласқаны үшін) аяусыз ойрандалып, қала күйінен қалған сықылды. Бұл екі дерек Саты аузындағы қала харабасының орнында Үйсіннің жазғы астанасы болған шығар дегенге жетелейді. Тағы бірі Алматы облысы өңіріндегі қалың обалар мен Есіктен табылған Алтын бет. 308 Мың Фанрын. «Ежелгі Үйсін елі». 122-бет.

152 152 ТӨРТІНШІ БӨЛІМ адам сықылды археологиялық табыстар Үйсіннің қысқы астанасы осы маңда (Алматы облысында) дегендей белгі береді. Академик В. В. Бартольд: шығылдар (шігілдер) Ыстықкөлдің солтүстік шығысын мекендеген ел еді [309] дейді. Олай болғанда, ертеректе Үйсін мемлекетінің астанасы болған Чығу қаласының маңын мекендеген болады [310] деген сөзді жоғарыда айтылған үйсіндер Памир солтүстігіне ауғанда Күнгей Тарбағатайда қалып қойып, кейінірек Жетісуға - ежелгі үйсін жерінің кіндігіне көшіп келген үйсін бөлігінің Жікіл (Шігіл, Шығыл) қаласын ұстап тұрғандықтан, алғашқы атын ( Сары Үйсін не Дулат сықылды бір атын) тастап, өздерін осы қаланың атымен атайтын болғанын [311] бірлестіре ойлансақ, бұл қала - Шігіл (Шығыл) сол ежелгі Үйсін астанасы Чыгу екеніне, хəндердің оны толық дыбыстық аудармамен недəуір таяу алғанына сене түсеміз. Сондықтан да шығар, Қызылкүреннің орны жайында Жаңадан табылған деректерге сүйене отырып көптеген ғалымдар оны Кеген немесе Шарын алқабында орналасуы мүмкін деп есептейді. Кеген жазығында Үйсін дəуірінің патшалар қорымы тобына жататын алып обалар көп. Бұл Үйсін билеушілері осы маңайда тұрған деген қорытынды жасауға негіз болды. Оған қоса Қарқараның маңында Құмтөкей аталатын ат төбеліндей ашық аймақ бар. Айналасы көк шалғын, биік тау жазығындағы осы жерден көне заттардың түрлі қалдықтарын жергілікті тұрғындар тауыпты. Қытай деректерінде айтылатын үйсіндер еліндегі суық ауа райы осы жердің климатымен сəйкес келеді [312] деушілер де бар. Бұл пікірді бірқыдыру ғалымдар қолдап Қызыл күрен - Кеген ауылынан (Алматы облысы Нарынқол ауданына қосылған бұрынғы Кеген ауданынан. - С. Ж. ) 10 км жердегі Құмтөкей. Бұл ескі қала мейлінше ірі болған. Қалың құм басып кетсе де, бір орталық екенін еске салады. Құмтөкей деген ат ол қаланы құм басқаннан кейін аталғанға ұқсайды. Құмтөкейдің ұзындығы 2200 метр, ені 1000 метр. Баласағұнның ұзыны 650 метр, ені 400 метр. Сөйтіп Құмтөкей Баласағұннан 3 есе үлкен. Қаланың тұрған жері де жаугершілік заманға сай. Тегіс жазықтың дөңестеу жеріне салынған. Қаланың төңірегінде жау жасырынып келетін сай-сала, адыр-бұдыр жоқ. Бұл қалаға суды 12 км жерден үлкен тоған арқылы əкелген. Тоғанының кеңдігі 3 метрдей. Су құбыры да болған дейді [313]. Тағы бір пікір бойынша, Шығу Шарын өзенінің оң жағалауынан табылған көне елді мекеннің орнымен сəйкес келеді. Бұл елді мекен б. з. б. -б. з. ғасырларында өмір сүргендердікі [314] екен. Ал, кейбір зерттеушілер Шығу (Қызылкүрен) Ыстық көлдің оңтүстік жағалауында деген пікір білдірген. Су Бейхай Шоқан Уəлиханов Ыстық көлдің шығыс-оңтүстігінен ежелгі қала ізін тауыпты жəне көне қала ішінен қытайша құрылысты, Хəн əулеті кезінің бұйымдарын, қытайша жазуларды көріпті. Көне 309 Бартольд В. В. История культурной жизни Туркменстана. л., 1927, с Ғ. Мұсабаев. «Үйсін туралы пікірлер». 311 «Қазақстан. Ұлттық энциклопедия». 4-том. 144-бет. 312 «Қазақстан. Ұлттық энциклопедия». 9-том. 546-бет. 313 Ғайниден Мұсабаев. «Үйсін туралы пікірлер» 314 «Қазақстан. Ұлттық энциклопедия». 9-том. 546-бет.

153 ЕЖЕЛГІ ҰЛЫС ТАРИХЫ қаланың сыртынан ертедегі суару тоғанын да байқапты. Уəлиханов та Қытай жылнамаларындағы Шығу - осы [315], дейді деп жазған екен [316]. Қызылкүреннің нақ орнын тапқанша, Матсуда Хисао Үйсіннің Чекук қаласының орны Тəңіртаудың оңтүстігі мен солтүстігіндегі ең маңызды сауда жолының үстінде дегенге қосыламын [317] деуін құптай отырып тəптіштей і здеген жөн сықылды. Енді Үйсіннің төрт тарабына келейік. 1. Үйсіннің шығысы. Бұл туралы Əй Тубу өзінің еңбегінде [318], Үйсін ұлысының шығыс тарабындағы ұлыс-хандықтарды былай атайды (сызықшаның оң жағындағы - қазіргі орнына шамалас жер не қала): Кусан(Чюцы, - Күчар), Агни (Янжи, Анжы, - Қарашəр), Шəлік (Шулы, - Қашқардың Көне шəр маңы), Уынсұғ (Уынсу, - Ақсу маңы), Үрле(Уйли, - Корла маңы), Гамук (Гуму, - Бай ауданы жақ), Беглүк(Бейлу, Валука, Фукаңның солтүстігі), Атымзела (Утəнзыли, - Санжының батысы), Занғуан (Дəнхың, - Манастың шығыс-солтүстігі), Батыс Саме (Шичеми, - Шиху ауданының шығыс-оңтүстігі), Шығыс Саме (Дұңчеми, - Санжының батысы), Кап (Жего, - Құтыбидің шығыс-солтүстігі), Ғаға (Хуху, - Тұрпанның солтүстігі), Каси алды (Чышы чянго, - Тұрпандағы Ярғол), Каси арты (Чышы Хоуго, - Үрімші маңы), Каси артқала ( - Шонжы маңы). Бұл арада Əй Тубудың Үйсіннің оңтүстігіне жататын елдерді де [мысалы, Шəлік (Шулы, - Қашқардың Көне шəр маңы), Уынсұғ (Уынсу, -Ақсу маңы), Үрле (Уйли, Корла маңы), Гамук (Гуму, - Бай ауданы) жақтарды] қоса атап отырғанын байқаған боларсыз. Оны мейлі дейік. Меніңше, жоғарыда аталған нағыз шығысындағы (Тəңіртау сілеміндегі) ұсақ елдердің талайы, Жаң Чян мəліметі арқылы хатқа түскенімен, бір ғасырға жуық уақыт өткесін жəне үйсін күшейгеннен кейін - б. з. б. І ғасырдың орта шенінде, ілгеріректе айтқанымдай, тəуелсіз елдік-хандық күйден айрылған, Үйсінге бағынған болуға тиісті. Өйткені бірден, жоғарыда дедім, бұлардың халқы өте аз. Мысалы, Беглукте 1385, Батыс Самеде 1926, Ғағада 264, Каси артқы қалалық хандығында 560 жан ғана бар тұрса, ол заманда алыптар - Хəн, Ғұн, Үйсін арасында тəуелсіз өмір сүруі қиын. Екіден, төңірегіндегі шағын елдерді бағындырған Елжау күнби Боғдадан тартып батысқа қарайғы, сонау Қаңлыға барып тірелетін өңірде өзіне бағынбаған елді қоймаған-ақ шығар. Б.з.б. 71 жылғы Үйсін мен Ғұн шайқасында жеңген күнби өзі жабғыдан төменгі 50 мың əскермен батыстан ғұндарға шабуыл жасап, оң қанат Лули хан ордасына дейін барды [319]... Осыған қарағанда, үйсіндер шығыста ғұндармен 315 Ə. Марғұлан редакторлығындағы Ш. Уəлиханов. Таңдамалы шығармалары» жыл. Алматы бет. 317». 230-бет «Хəннама. Үйсін тарауы» 153

154 154 ТӨРТІНШІ БӨЛІМ іргелес болған [320]. Оң қанат Лули хан ордасы бүгінгі Баркөл маңында [321] дегендерге зер салсақ, Үйсіннің шығыс шекарасы Баркөлге таяйды. Ол кезде басып алған жерді оп-оңай қайтара салу болмаған. Сонымен Үйсіннің шығысы Тəңіртау солтүстігінде Мори, тіпті Баркөл тарапына шейін, Ал тəңіртау оңтүстігінде Тоқсын (профессор Су Бейхай мұның атының төркіні Торы үйсін дейді) мен Байынғұлынға дейін барғаны сөзсіз. Торы Үйсін дегеннен еске түседі, Су Бейхайдың ды (бүгінгі Шихуауданын. - С. Ж. ) қазақтар қара үйсін (дұрысы - Көрқарасу) дейді; ал, Толы ауданындағы əйгілі Қарапұшық маңындағы Сарғұсын - Сары Үйсін дегеннен шыққан; Іледегі Моңғолкүренің солтүстігіндегі, Тəңіртаудың бір сілемін жұрт қазірде де Үйсін тау деседі. Бұлар атамзаманнан бері үйсіндердің осы өңірде болғанының күшті айғағы дегені. Үйсіннің мұнда болғанына дау жоқ қой. Бірақ ономастикалық мəселелер əрине ілгерілей зерттеуді қажет етеді. 2. Үйсіннің батысы. Үйсін кейін келе Ферғананы бағындырып алған деушілер де бар. Солай болды деген күнде де оңтүстік-батысы Ферғанадан арыға кете қоймаса керек. Үйсіннің батыс жақ шекарасы ұзағанда Балқаш пентаразға таяу тұсқа ғана барған. Өйткені одан арыда өзінен осал емес, əрі өзіне туыстас Қаңлы, Ұлы жүз (Бактрияны билеп жатқан Нүкіс), оның арғы жағында Алан елдері жатыр. «Хəннама. Батыс өңір баянында»: үйсіндердің солтүстік-батысы Қаңлы елімен, батысы Дад-уан (Ферғана. - С. Ж.) елімен шекараласады деп жазылған. Профессор Су Бейхай Қаңлыны Үйсіннің батыс-оңтүстігінде дейді. Сенімді зерттеулі деректерге сүйене отырып, Ширатори Куракичи: Қаңлы мен Үйсін елдерінің шекарасы Ыстықкөлдің батысына жақын екенін, əуелі Ыстықкөл мен Балқаш көлінің аралығындағы көсіліп жатқан тау жоталары екенін білуге болады [322] дейді. Үйсіннің батысы Шу өзеніне тым таямауға тиісті. Өйткені Қаңлылар қызу қарсы алған Тезек тəңірқұттың б. з. б. І ғасыр ортасында қазіргі Таразға келіп астана салғаны бар. Ал, Əдетте, Дад-уан елінің негізгі мекені Ферғана деп қаралады. Бұлай болғанда Дад-уан елінің солтүстік-шығысындағы Нарын өзені алабы да үйсіндердің өріс-қонысы деуге болады [323]. 3. Үйсіннің оңтүстігі. «Хəннама. Батыс өңір баянында»: Үйсін елінің оңтүстігі қалалы мемлекеттермен шекаралас, Əсілі батыс өңірдегі 36 хандық бөлшектене келе 50 неше хандық болды. Бұлардың бəрі де ғұндардың батысына, үйсіндердің оңтүстігіне орналасқан делініпті. Əрине ол қала мемлекеттері деген Тарым ойпатын жиектеген ұсақ хандықтар. Олар - Гамұк (Гумо, ), Кусан (Чюцы, ), Агни (Янжы, ), Уынсуғ (Уінсу, )сықылдылар. Оның арғы жағында өзге қалалар жатыр. Жылнамаларда кей ұсақ елдерді де атайды, Уандұқ (Жюанду, Һинду, ) елінің батысы памир, Хузүн елі... солтүстігі Үйсінге тіреледі. Киінісі үйсіндер сияқты [324]. Урдо (Уиту, ) мен Улұр ( ) елі де сондай деп. 320 Бұл да сонда. 321 Уаң Биңхуа, Уаң Миңжы. «Үйсін туралы зерттеу». Іле халық баспасы бет. 322 Ширатори Куракичи: «Батыс өңір тарихын зерттеуден», Янбо кітап дүкені, жаухының 16 жылы. 323 Мың Фанрын. Ежелгі Үйсін елі» бет. 324.

155 ЕЖЕЛГІ ҰЛЫС ТАРИХЫ 4. Үйсіннің солтүстігі. Бүгінге жеткен Үйсін обалары, сирек те болса, Тарбағатай тауларына дейінгі тұстан жолығады. Мысалы Барлық тауының шығысындағы Қоңыроба сазында, Құлыстай жазығындағы Күртіде (Көрті ғой, көр бар жер дегендік. Дəл осындай жер аты Шиху ауданының батысында да тұр) Үйсін обалары əлі де бар. Сонда Үйсіннің солтүстік шекарасы Тарбағатаймен, ұзағанда Ертіс өзенімен, Балқаштың солтүстігіндегі Иле ( ), Тарбағатай солтүстігіндегі Уже ( ) хандықтарының іргесімен шектелсе керек. Матсуда Хисао: Уже ( ), Хуже (, ) дегендер бір ұлт екені ап-айқын. Мұны Худы ( ) елі деп те жазады жəне бұлар Алтай тауы жақта [325] дейді. Бірталай ғалымдар Хужиені (яғни көнеше оқығанда Хагатты) қыпшақтар дейді. Меніңше бұл дұрыс. Алтай (оның батысы, шығысы, солтүстігі, оңтүстігі) жақта өңшең түрік тілді (үйсіндер ғана емес, тағы басқа ужие, теле, цыли, т. б. аталып жүрген) тайпалар мекендеген ғой. Мұны шошақбөрікті сақтармен ұштастырған Ж. Мырзахановтың сөзі де есіңізде болар. Шынында да, Үйсін солтүстігіндегі басты тайпалар одағы қыпшақтар, қимақтар, қырғыздар болатын. Ол кезде қыпшақтар Ғұн қағанатындағы белді баулардың бірітін. Көбінше қыпшақ атынан көрі Ғұн аты жиі шыққан. Қыпшақтар жөніндегі алғашқы мəлімет жазба деректерде б.з.б. ғасырда кездеседі [326]. Б. з. б. 201 жылы Ғун мемлекетінің негізін қалаушы Мөде тəңір құт солтүстікте жаулап алған жерлерінің ішінде кюйше (цзюйше) [327], динлин жəне гэгуньдер [328] болған [329]. Осындағы кюйше этнонимін кыйчак немесе кыпшақ деп қарастыруды алғаш рет Б. Карлгрен ұсынған болатын [330]. А. Н. Бернштам да осы пікірде болып, Мөденің солтүстік жорығының картасын жасағанда цзюйше тайпаларын жоғары Ертіс пен Енисей аралығында қоныстанғанын көрсеткен [331] Шығыс Дешті Қыпшақтың шекарасы шығыста- Ертіс, батыста - Жайық өзені, солтүстікте - Тобыл өзені, оңтүстікте - Балқаш көлі мен Сырдарияның орта ағысына енетін жерлер жатты [332]. Бұл да осы сөзімізді бекіте түседі. 4. ҮЙСІН МЕМЛЕКЕТІНІҢ ТҮЗІМІ Ғұн құрамындағы тайпалардың, сол қатарда үйсіндердің арғы сақтардан бері талай тарихи сатыларды бастарынан кешіргені табиғи. «Тарихи жазбалар. 112-бума. Ғұн баянындағы»: ғұндар арғы атасы Чүнуейден ( ) Тұманға (б. з. б. ғасыр бет. 326 Таскин В. С. Материалы по истории сюнну. Вып. 1. М., бб. 327 Хуже (Хагат, ) дегені. - С. Ж. 328 Жянкүн (Генгүн, ) демекші. - С. Ж. 329 Кызласов Л. Р. Таштыкская эпоха в истории Хакасско Минусинской котловины. М., Савинов Д. Г. Об основных этапах развития этнокультурной общности кыпчаков на юге Западной Сибири// история, археология и этнография Сибири. Томск, бет. 331 Бернштам А. Н. Заметки по этногенезу народов Северной Азии // СЭ «Сібір жұртындағы қыпшақтар («Отан тарихы журналынан /1). Ф.М. Шамшиденова.

156 156 ТӨРТІНШІ БӨЛІМ - С. Ж. ) шейінгі мың жылдан астам уақытта, кейде ірілеп, кейде шағындап, тарапбытырап отырды дегеннен байқайтынымыз мыналар: 1. Ғұндар тарихы тым арыдан бастау алады. Тек мына сенімді дерекке қарағанда, оның б. з. б. ғасыр аяғындағы тəңірқұты Тұманнан оның арғы атасы Чүнуейге (, Д. Əлімғазы оны Чоң би немесе Күн би болар дейді) дейіннің өзінде мың жылдан артық заман жатыр. Бұл сатыда оның аталары сақтар деп атанған кезеңді бастан кешірген. Əрі көне өркениет ошағы екі (Амумен Сыр) өзенге, əрі шошақ бөрікті сақтар жұрты Тəңіртау мен Алатауға таяу жүрген Үйсін ұлысының құрамындағы тайпалардың тарихы да одан қысқа емес, əрине. Бірақ, жылнамаларға сенсек, б.з.б. ғасырға шейін Үйсін түріктілді сақтар ішіндегі шағын ғана ұлыс болуға тиісті. 2. Бұл ұзақ тарих барысында рулық, тайпалық демографиялық құрам талай рет өзгерген де (оған талайлар кірген де, талайлар шыққан да) болар. 3. Ғұндардың, əсіресе оның озықтау өредегі құрамы үйсіндердің б.з.б. ғасырға, одан көп арыдағы қауымдық (ортақ өндіріс, ортақ бөліс орын алған, тапсыз, қанаусыз алғашқы коммуналық өмір кешкен) құрылым ыдырағаннан кейінгі сатыларды, тіпті құлдық қоғам басқышын əлдеқашан басып өтіп, одан кейінгі сатыға аттағанына недəуір заман болған. Үйсін қоғамында б. з. б. І ғасырда құлдық түзім ыдырап, феодалдық қарым-қатынас қалыптаса бастаған. Бұл туралы жазба деректер болғанның үстіне, археологиялық материалдар да молынан табылады [333] дейтін ғалымдар бұл тұжырымға қарсы бола қоймас. 4. Алтай көктүріктерінің темірші атануы бұл маңдағы тайпалардың темір мəденеті кезеңіне недəуір ерте енгенінен дерек береді. Оған бүгінгі археологиялық фактілер дəлел берсе, кенге бай өңірде тіршілік еткендік пен адами бітімділік қолымызға қисын ұстатады. Ер қанаты ат бүкіл əлемде ең алғаш осы маңда қолға үйретілгендіктен, ат тұяғы жетер көне өркениет бұлақтары (шығыста Қытай, түстікте Қос өзен мен кіші Азия, т.б.) таяу тұрғандықтан, өзгеден ауысары мен үйренері тағы бар деңіз. Қазіргі заман ғылымында, ерте темір дəуіріндегі далалықтар қоғамының ерте мемлекеттілік деңгейде тұрғандығы туралы пікірлер кеңінен айтылуда. Б.з.б. 1-мыңжылдықта өмір кешкен дала халықтарының даму дəрежесін пайымдай отырып, сібірлік ғалымдар дала өркениеті деген атауды ұсынды. Ерте темір дəуірінің соңын алатын, яғни скиф-сақ дəуірінен кейін келетін кезеңді ғылымда ғұн-сармат дəуірі деп атау қалыптасқан (б. з. б. ғасыр - б. з. - ғасырлары) [334] Темір дəуірі дейтін кезеңге келгенде, əрине, қоғамдық өндіргіш күш деңгейі тез өсе бастап, төрт түлікті негіз еткен малшаруашылық өнімі артып, жеке (əсіресе жеке байды кіндік еткен ауылдық) меншік өріс алды. Жекелердің еті тірілерінде қор жиналып, ауқаттылар бой көтерді. «Тарихи жазбалар. Ғұндар баянында» айтылғандай: Үйсін сықылды ұлыстағылардың, от-су қуалай көшкендерімен, əр біріне тиесілі жер бөліктері болды. Демек малды негіз еткен байлыққа ғана емес, жерге де (əсіресе шұрайлы жайылымдарға, отты шабындықтарға, жайлы қыстау, 333 Жақып Мырзаханов: «Қазақ халқы жəне оның салт-санасы». Шынжаң халық баспасы бет. 334 «Қазақстан. Ұлттық энциклопедиясы». 8-том. 344-бет.

157 ЕЖЕЛГІ ҰЛЫС ТАРИХЫ көктеу, күзеу, жайлауларға) ауылдық меншік (іс жүзінде ауылнайдың жекелік меншігі) орнады. Таптық жіктелу ілгерілей түсті. Сонымен малшаруашылығы мен егін шаруашылығындағы ауқаттану өзге əр саланың дамуына түрткі болды. Үйсін сықылды ұлыстардағы адамдар, тіпті оның байлары да, ежелгі Грекия мен Римдағылардай емес, еңбектен қол үзбеді. Сонда да, соғыс қана емес, өндірістің өзіне де (малшылық, егіншілік, аңшылық, аушылық, əсіресе қолөнері мен қара жұмысқа) басқаруды күшейту қажет болды. Шаруаға салынатын құлдардың немесе тұтқындардың, тіпті жай кедейлердің көбеюі бұл қажеттілікті тіптен асыра түсті. Сонымен, торсайттардағы ( //www. htb. com. cn/ мен //imgsrc. baidu. com/baike/ дегі) авторлар айтқандай, Б.з.б. ғасырларында, Орта Азия даласындағы көшпенді тайпалар мен шұраттардағы (оазистердегі) егінші тұрғындарының алғашқы коммуналық түзімі ыдырай бастап, Орта Азияның ең алғашқы мемлекет формасы біртіндеп қалыптасты. Қытай жылнамалырындағы Сақ мемлекеті дегендер сақтардың да құлдық мемлекет құрғанынан дерек береді. Енді бұдан 5-6 ғасыр өткенде сол сақтардың бұтары үйсіндердің ұлысы рулық-феодалдық қоғамды қалыптастырып, сол дəуірге лайық кəдімгідей мемлекеттілікке ие болды. Үйсін мемлекетінің қоғамдық күйі туралы тақырыпқа Уаң Биңхуа, Уаң Миңжы, Яң Жяншиндерден [335] бұрын ешкім шындап келе қоймағанды. Қазір бұл қызу талқы өрісіне айналды. Уаң Биңхуалар Жазбаша жəне археологиялық материалдарға қарағанда, Батыс Хəн, Шығыс Хəн əулеті замандарында (б.з.б б.з. 220 жж. - С. Ж.) Үйсін қоғамы күшті патриархалдық сипат алған, көшпелі малшаруашылық негізіндегі құлдық қоғам болды [336] деп қарайды. Бұл ойды «Хəннама. Батыс өңір баяны. Үйсін баянында» тұрған бір ауыз сөз де- олардың салты ғұндармен ұқсас дегендік те мықтай түседі. Ғұндарды тарихшылар Батыс Хəн, Шығыс Хəн əулеттері заманында-ақ олар құлдық түзімде еді деп жүр. Ендеше, Үйсін тəуелсіздік алғанша сол қағанаттың қарамағындағы бір ұлыс болғандықтан, үйсіндердің ғұндармен түзім жағынан да ұқсас болуы даусыз. Мұндағы салт ұқсас деген сөз олардағы əр салалық (дін, тіл, əлеуметтік ғұрып, шаруашылық дағды, саяси түзім жағындағы)негізінен ұқсастықтың бəрін қамтып жатыр. «Хəннама. Батыс өңір баяны. Үйсін баянында» тұрған, б.з.б. 71 жылы Үйсін ұлысы ғұндармен бір шайқаста, тəңірқұттың көкелерін, олардың əйелдерін, қыздарын, күлік хандарын, бас жасауылын, мыңбасы, батыр басыларын жəне одан төменгі 40 мың адамын тұтқынға алды. Үйсіндердің өз олжалары өзіне тиесілі болды деген сөз құлдық түзімде дегенімізді тіпті растай түседі. Өйткені үйсіндер осыншама қалың тұтқынды төрлеріне шығарып күтпейді, қайта құл қылып шаруаға салады. Үйсіндердің Қытай Моңғол күресіндегі обаларына жасалған археологиялық экспедицияның нəтижелеріне аялдаған Уаң Биңхуалар: Мұзарт сағасынан (яғни Сатыдан) 60 жылдардың басында үш жыл уақыт жұмсап, бізүйсіндердің ZSM3 деген едəуір үлкен бір обасын аштық. Бұл обаның өзі төбе болғанда да кəдімгідей Уаң Биңхуа, Уаң Миңжы. «Үйсін тарихындағы келелі мəселелер» )

158 158 ТӨРТІНШІ БӨЛІМ бір тау еді. Таған аумағы 200 м 2, биіктігі 10 метр келетін. Обаны айналдыра таяз ор қазылған. Межелеуімізше обаның топырағын үюге10 мың м 3 топырақ жұмсалған. Оның үстіне бұл үйілген топырақ ауық-ауық түйіп шыңдалып отырған. Осындай обаға əкелінген топырақты қазу, тасу, үйу, оны біртебірте түйіп шыңдау сияқты еңбек барысына талдау жасағанымызда, бұған жалпы 30 мың шамасында жұмыс күні жұмсалады екен (сол кездегі мешеулеу еңбек құралдарымен қазғанда, бір адам күніне бір м 3 топырақ қаза алса, оған тасуға, үюге, шыңдауға жұмсалатын еңбек қосылса, жұмыс күні шамамен 2 еседей көбейеді). Бұл əйдік обаның ортасында тік төртбұрыш ақым бар. Ақымның бойы 6 м, ені 4 м, кеңдігі де 4 м. Жалпы аумағы 100 текше метрдей. Осындай ақым шығару үшін 200-ден аса жұмыскүн кетеді (мұндай терең шұңқырдан топырақ шығару қиын болады да, жұмыскүн көбірек жұмсалады). Ақымның төрт қабырғасы диаметрі см келетін қарағайдан қиюластырып қаланған. Төбесі 3-4 қабат етіп ағашпен жабылған. Долбар есеппен бұған 50 текше метр ағаш кеткен. Мұнша көп ағашты кесуге, тасып əкелуге де кемінде жүздеген жұмыс күні жұмсалады деп өте дұрыс айтқан. Əрине бұл əрі Үйсін еліндегі жан басының көптігінен де, əрі осы сықылды жұмыстарға салатын құлдарының аз емесінен де дерек береді. Əрине Ахметұлы Шадыман айтқандай, «Мұнда автор топырақ шыңаудың ат күшімен орындалатындығын ескермегенге ұқсайды. Яссауи кесенесінің орны да топырақ төгілген соң, үйір-үйір жылқыларды айдап шыңау негізінде жасалғаны белгілі. Аграрлы елдің ғалымдарына бұл таңсық». Үйсіндерде кей жұмыстарға (мысалы топырақ тасуға) лайық қарапайым техникалар да болған шығар. Алайда мен бұл арқылы Үйсін ұлысында адам көп, құлдар бар дегенді жоққа шығарғалы отырғаным жоқ. Қазақ қоғамында некен саяқ құлдар (мысалы, хандар мен байтөрелер есігінде ) соңғы ғсырларда да кезігуші еді. Бірақ тəуелсіз кезеңге өткен Үйсін ұлысын əлі де сол құлдық қоғамның ғұндардағы қалпында тұрған санау сəл ағаттық тудыруы мүмкін. Сондықтан бұл арада жоғарыда Уаң Биңхуалар айтқан үйсіндердің қоғамы күшті патриархалдық сипат алған, көшпелі малшаруашылық негізіндегі құлдық қоғам болды дегенге қарата басын аша кететін төрт түйін бар: А. Патриархалдық сипаттағы қоғамдығына дау болмауға тиісті. Ендеше, Үйсін ұлысындағы əйелдердің орнын тым жоғары бағалау табан тіреп тұра алмайды. Ал, бұл үйсін ішіндегі ерекше орынға ие (бақсы, абыз, т. б. ) əйелдермен Үйсінге келіп түскен Хəн, Ғұн қыздарына да солай. Тарих ғана емес, көркем əдебиетте де бұл əйелдерді ерлерден, тіпті күнбиіден де жоғары қою қисынсыз. Ə. Малшаруашылық негізіндегі деудің астарында, жоғарыда баяндағанымыздай, жартылай көшпенді, жартылай отырықтылыққа қоса, заманына сай қала ұстаған, егін еккен, қолөнермен айналысқан, т. б. дегендік жатыр. Жартылай көшпенді дегендегі көшпенділігін де дұрыс түсіну керек. Ол- жер меншігі болмаған, ұшарын жел, қонарын сай білетін көшпенділік емес, төрт маусымда пайдаланатын жұрты мен өрісі тұрақты да басыбайлы, аумағының кеңдігіне сүйеніп, табиғаттан дұрыс та толық пайдалану үшін шекті де тұрақты маршрутты көшу. Б. Тəуелсіздік алудан бұрын ғұндарға бағынды, бодан (Уаң Биңхуаларша айтқанда құл) болғаны шындық. Үйсіндерді тарихта ұзақ уақыт бойы ғұндар биледі жəне құл етті. Оларды ғұндар билігіндегі құлдар тайпасы деуге болады.

159 ЕЖЕЛГІ ҰЛЫС ТАРИХЫ Айтылмыш бұл құлдар тайпасы, іс жүзінде ғұндарға бодан болған тайпалық одақ əрі шағын ел болып есептеледі. Олар өздерінің бұрынғы қоныстарында дəстүрлі əлеуметтік ұйымдары мен өндіріс тəсілі бойынша баяғысынша өзді-өзінің өндіріс қимылдарын жүргізіп отырды да, белгілеме бойынша ғұндардың билеуші тобына қыруар салық төлеп тұрды. Еңбек борыштарын, тіпті соғыс борыштарын өтеді. Саяси жақта бағыныштылығын білдіріп ордасына қол тапсырып жүрді [337]... Осы өңірдегі өзге ұсақ елдер сияқты ғұндардың Батыс өңірде құрған ең жоғары билік органы - Құл-құтандар басжасауылының басқаруында болды [338]. Ол кездегі билеуші мен биленуші ара байланысты, темір мен тат ара қатынасты бүгінгі адамгершілік, туысқандық ойлармен сыпайылауға келмейді, əрине. Сондықтан Ғұн қағанаты мен Үйсінұлысы ара байланысқа келгенде бұл талдаудың да қисыны жоқ емес. В. Үйсін қоғамының ішкі жағы бұл тұста одан бұрынғы жай бай мен кедейлік жіктелуден кəдімгідей таптық қоғамға өткен, соған сай мемлекеттілік орнаған сатыда болатын. Басында тек күнби ордасында жəне байлар отбасында (байларында 4-5 мың жылқы болыпты дедік ) құлдар мен малайлар тұрса, жұрт ішінде кірмелер мен таттар жүрсе, кейін - əрі ұлыс ұлғайғанда, əрі соғыс тұтқындары көбейгенде, əрі өзге (Қосөзен, Қытай, Рим, Үнді, т. б. жақтағы) өркениет көздерінің оң-теріс ахуалы жібек жолы арқылы жеткенде, Үйсін ұлысы тіптен күрделілесе түсері хақ. Бұл оның құлдық сатыдан феодалдық түзімге кіруін əлдеқайда тездетеді. Жылнамалардағы деректер мен археологиялық қазбалар үйсін елінің ішкі жағдайындағы феодалдық қатынастан недəуір айқын белгі береді. Сондықтан, оның феодалдық қоғамға аяқ басқандығын да мойындаған жөн. Бұл Үйсіннің қоғамдық сатысы жайлы қарасымыз. Ал Үйсіннің мемлекеттілік басқару əлеуеті де өз дəуіріне сала айтқанда осал емес екен. Батыс Хəн əулеті заманының соңғы мезгілінде ұлыкүнби Селет бүкіл елді айбарымен бас ұрғызып тұрған кезде: Малшы қауымға айтыңдар, шұрайлы өріске жылқы апармасын, ел іші Оңғай би заманынан да орнықты болсын [339] дейді екен. Бізге келіп жеткен осы бір ауыз деректің өзі-ақ, əрине, мыналарды айқын түсіндіреді: А. Бұл кезде бай мен кедей, үйсін мен тат (кірме), құл-күң (əлде ненің бодауына келгендер) мен тұтқын (соғыс жесірлері) сықылдылардың жігі ашық болған. Соған сай ол жіктердің əрбіріне белгілі шек қойылған. Ə. Жартылай отырықшы, жартылай көшпенді қоғамда жер меншікке айналған. Шұрайлы жерлерді күнби бастаған, жабғылар қостаған билік иелері мен байлар меншіктенген. Əр байдың (ол билеген ауылдың) меншігі саналып мойындалған, тұрақты қыстауы, күзеуі, жайлауы, көктеуі болған. Мұндай кең аумақтық жəне тұрақты меншікті тар жердегі отырышты (аграрлық) жұрт адамдары дұрыс түсіне алмайды. Содан барып оларды ұшарын жел, қонарын сай білетін қаңбақ сықылды халық іспетті көреді. Əсіресе осы ұғымды білмейтін тарихшылар, ертедегі үйсіндерді былай қойғанда, бертінгі қазақтарды да қонысы мен Уаң Биңхуа, Уаң Миңжы. «Үйсін тарихындағы келелі мəселелер». (, ). 339 «Хəннама. Батыс өңір баяны. Үйсін баяны».

160 160 ТӨРТІНШІ БӨЛІМ мекенжайы тұрақсыз, жер меншігі жоқ, аң сықылды жортып, дала кезе көшіп жүретін көшпенді деп елестетіп, қателескен болатын. Үйсіндік ұлыста əне осы меншікті қорғайтын күнбилік жарлық-белгілемелер болған. Осы сықылды жарлықтар, өз заманының заңы ретінде, бүкіл қоғамды басқару құралы рөлін атқарған. Ұлыкүнби Цыли (Селет) кезінде ресми жарияланған қалайық баққан жылқысын табынға қосушы болмасын деген жарлық. жайылымның ақсүйектер меншігінде болуын заң формасында қорғап, малшаруашылығын өркендетуге тиімділік туғызған [340]. Жоғарыда айтқанымыздай, Үйсін мемлекеті - рулардың қандастық ұйымымен алғашқы мемлекет əкімияты, əскери құрылым тығыз ұштасқан патриархалдық түзімдегі ұлыс. Күнби - ең жоғарғы үстемгер. Одан кейінгі мансап иелері күнбидің балалары мен ең жақын да сенімді туыстарынан құралған. Əскери ұйым мен əлеуметтік ұйым əбден біріккен. Күнби мен жабғылар (өлке, тайпа басшылары) - əрі əскери қолбасылар, əрі қоғамдық жұртбасылары. Ұлыстар, тіпті тайпалар ара қақтығыс, талан-тараж жиі, ұлыс ішіндегі əралуан қайшылықтар жетерлік заманда, тайпалық одаққа бірігу зəрулігі күшейіп қана қоймай, оның күштілеріне келіп паналайтындар да көбейе түсетіні табиғи. Бұл барыста тайпалық одақтың ноқта аға тайпасы тіпті үстем орынға көтерілді, оның көсемі қолына анағұрлым зор билікті де, байлықты да, қолды да, құлды да жинай түсті. Мəртебесі тіпті көтеріліп, мысы анағұрлым асты. Сонымен алғашындағы сайлау арқылы таққа шығудың орнын мұрагерлік басты да, сайлауды жүргізетін тайпа көсемдер алқасының (ТКА) рөлі төмендеп, тек ерекше жағдайда (мысалы, тақтағы үстемгер кенет қайтыс болғанда, т. б. ) ғана күшін көрсететін болды. Бұл кездегі Үйсін мемлекетінің билік басындағыларды тарата айтсақ, төмендегідей: Күнби (қытайшада,, деп бірнеше түрлі жазылған) - Үйсін ұлысының қағаны, патшасы. Аса күшті билік пен ең жоғарғы мəртебеге ие, бүкіл елдің саяси, əскери, мəдени, шаруашылық құқығын уысына мықтап алған тұлға. Мұндағы - күн - кəдімгі ғарыштағы өз системамыздың жарық көзінің түрік тілділерге ортақ атауының қытайшаға дыбыстық аудармасы (қытайлар оны тəйяң дейді). Ал,,, - ми, мо дегендер би дегеннің (қазіргіқазақшада əлі де қолданылып келе жатқан атаудың) қытайшаға дыбыстық аудармасы. Бəлкім бүгінгі би деген сөзіміз əуелде бастағы ми дегеннен шыққан да болар. Тіл өзгерісі барысында Б мен М ның ауысатын жағы тағы бар. Ғұлама ғалым атамыз Махмұт Қашқари мың жыл бұрын: Сөз басындағы М əріпін оғыз, қыпшақ жəне суварлар Б əріпіне айналдырып айтады деген екен. Расында да Шадыман Ахметұлы айтқандай [341] : бұл құбылыс говордан ғана емес, əдеби тілден де мықтап орын алғаны белгілі. Мысалы, мауыздау-бауыздау, мейнет-бейнет, мейіл-бейіл, мекіре-бекіре, мойыбойы, мешпет-бешбет, мұны-бұны. Демек ми мен би туралы осыны ескергенде, қытайшадағы күнми түрінде жазылғанның күнби екеніне титтей де дау жоқ. Ал,,, лар ескіше Хəн тіліндегі кей диалекттерде би деп те оқылыпты. 340 Уаң Биңхуа, Уаң Миңжы. «Үйсін туралы зерттеу». Іле халық бапасы бет. 341 Шадыман Ахметұлы: Массагеттер жəне Баянгол жазбалары, «Шынжаң қоғамдық ғылымы»

161 ЕЖЕЛГІ ҰЛЫС ТАРИХЫ Жоғарыдағы сайт авторларының: Сақтар хандық түзім жүргізді. Елін төрт бөлікке айырып басқарды. Əр бөлік бірнеше регионға ( ) бөлінді. Əр регионды бір ұлық басқарды. Іс жүзінде бұл ұлық сол тайпаның көсемінің мұрагерінен-ді. Сақтар құлдық қоғамға енгенімен ру, тайпа жəне тайпалық одақ ұйымын сақтады. Əр дəрежелі ұлықтардың құқығы өте зор болды. Ал, хан билігі оның бəрін басып түсетін-ді дегені өте орынды. Ал осы сақтардың ізбасары - үйсіндер бұған да мұрагерлік етті. Олардың ханы күнби болатын. Дар (Далу, қытайшасы, кейде деп жазылған) - уəзір. Мұндағы дар дегеннің қазіргі қазақ тілінде дардай үлкен деген сөз тіркесінде бүгінде де кезігетіні белгілі. Дар - күнбиден кейінгі, əкімият, қарулы күш жағындағы жоғары билік иесі. Чин əулетіндегі, ларға ұқсайды. Мына шяң да лу ( ) дегендегі алғы иероглиф шяң ( ) Хəн тіліндегі уəзір дегендік. Ол бұл араға артындағы дар ( ) дегенді түсіндіру, уəзір лауазымы екенін білдіру үшін қыстырылған секілді. Ол Хəн əулеті сарайының бас уəзірімен шендес болғандықтан қытайша шяң деп аударылған. Бірақ оның ісжүзіндегі қызметінен алғанда, оның қолында əскери билік те болды. Бұл мүзəлімді көп ретте жоғары дəрежелі ақсүйектер иеледі. Елжау күнби болып тұрғанда, үлкен ұлы тақ мұрагері, қалға атанса, екінші ұлы дар болды. Мұның жай мəртебе еместігін осыдан-ақ аңғаруға болады [342] дегенге қарағанда, оның құқығы Хəн əулетінің уəзірінен де жоғарылау. Сол шербасы (Сол аба сардар, ) - күнби мен дардың əскери жақтағы ең жоғарғы қолқанаты. - дажяң - бүгінгі Хəн тіліндегі армия генералы, бұрынғы ардабек. Қазақ тіліндегі шерік (əскер), шеру тарту сықылдылардағы шер (парсы тіліндегі сар ) дегеннің мағынасын кеңейтіп отырмыз. Елжау бұған үшінші ұлын қойыпты. Оңғай күнби кезінде оның үш ұлы бірдей, арт-артынан, сол шербасы болды. Оң шербасы (Оң аба сардар, ) - күнби, дар жəне сол шербасыдан соңғы əскери жоғарғы мансап иесі (Үйсінде де ғұндардағы сықылды кезкелген мəртебедегілердің солы оңдағыдан жоғары тұрады). Елжау күнбидің Хəнəулетімен жасалған саяси құдалығы барысында, Лю Жиею күнбишеге қолқанат ретінде келген Фың Ляу дейтін қыз осы оң шербасыға тиеді жəне кейінірек (алпыстан асқан Лю Жиею Хəн əулетіне немерелерін алып Хəнге бір жолата қайтқанда) Фың Ляу Үйсінде қалып қояды. Бертініректе Лю Жиеюдан туған бір ұл да осы мансапқа шығады. Ябғұ (Жабғы,,,, кей əдебиеттерде оңқа) - жерлік өңірдегі (өлкедегі) əскери-əкімшілік жақтың төбе ұлығы. Жаң Чян келген тұста мұндай шенді үшеу ғана екен. Кейін келе, Үйсін аумағы кеңейіп, халқы көбейген соң мұндай шенділер саны да артқан болар. Ябғұлар, Ұлы жүздегі сияқты, тайпа көсемі де. Бұл да бір Уаң Биңхуа, Уаң Миңжы. «Үйсін тарихындағы келелі мəселелер». (, ). 343 Уаң Биңхуа, Уаң Миңжы. «Үйсін тарихындағы келелі мəселелер». (, ).

162 162 ТӨРТІНШІ БӨЛІМ маңызды шен. Оның қол астында да бірталай жұрт (өз тайпасына тəн ру-аталар мүшесі мен солардың меншігіндегі құл-күңдер) жəне қарулы қол болған. Ябғұ - жабғы деген бертінгі Түрік, Түргеш сықылды түріктілді мемлекеттерде де қолданылып келді. Мұны «Хəннамада» айтылған маңызды оқиғаларда (тақ таласы кезіндегі қимылдарда) жиі ауызға алынуынан-ақ (ең маңызды адамдармен бірге əрекеттенуінен-ақ) байқауға болады. Байқасам, Хəн əулетіндегі уаң (хан) дегенмен дəрежелес сықылды. Хəн əулетінің үкіметі Батыс Өңір басқағының тілегін қабылдап, ұлы күнбиді құрметтету, қолдату тұрғысынан үйсіндердің ұлық əкіміне, дарына, бас бағамдарына күрең баулы алтын таңба ұсынған. Күрең баулы алтын таңба ұсыну - Хəн əулеті үкіметінің уəзірлерге, арда бектерден жоғарғы ұлықтарға көрсететін сыйы. Осыдан-ақ жоғарыда аталған ұлықтардың Үйсін еліндегі мəртебесінің қадыр-құрметін байқауға болады [344]. Сол бас жасауыл (Сол қарауылбасы, сол доууей, ) - Хəн əулетінше болғанда, аймақтың əскери істерін басқаратын шонжар - доууей. Мұның доууей деп аударылуына қарағанда, міндеті соған таяу болса керек. Кей əдебиеттер оны орда қарауылшы тобының қолбасшысы, ұланбасы деп біледі. Оң бас жасауыл (Оң қарауылбасы, оң доууей, ) - іс жүзінде солбас жасауылдың орынбасары. Бас бағамдар (Төбе бақ, зор бақылаушы, дажян, ) - заң-жарғы, жөн-жосықпен айналысатын, соған қатысты істерге бақылау жүргізетін ұлық. Бұл алғашында екіақ адам екен. Кейін көбейген. Бас ұлықнай ( ) - ұлыс ұлықтарының жұмысымен айналысатын төре (ауылнай деген атауды еске алыңыз). Орданай (Орда əкімі, ) - бас ұлықнайдың қолқанаты. Бас шабарман (Əмір сарбаз, ) - байланысшы, хабаршы, шабарман топтың басшысы. Тілмашбасы ( ) - аударушылар тобының бастығы. Шетел діктердің (мысалы Жаң Чян сықылды дипломаттардың, жібек жолындағы бөгде елді карқыштардың) бұйымтайлары (мысалы Үйсінге іргелес өзге елдерге зиярат етуге көмектесу - əрі жол бастау, əрі аударушылық жасау өтініші) бойынша жұмыс істейтіндер мен ордадағы аударушылар тобының бастығы. Үйсін бұл өңірдегі ең ірі ел жəне ұлы жібек жолының үстіндегі мемлекет болғандықтан күнбилердің тым алшақ (хəн, араб, грек, т. б. ) тілдерді білетін абыздарды ұстағанына шек келтіруге болмайды. Ол кезде Батыс Өңірде ұлттар күрделі, тілдері де əр түрлі болуына жарай оларда тілмаш, жол бастаушы секілді мансаптылар сөзсіз болуға тиісті еді. «Хəннама. Батыс Өңір баянында», көптеген шағын елдерде тілмаш болғандығы айтылады. Үйсіндер ірі ел болғандықтан, əрине, мұнан қағыс қала алмайды [345]. Бұл аудармашылар сол кезде мəмілегер - дипломаттар болғанын ұмытпаған жөн. Демек тілмаштық мекеме сыртқы істер министрлігінің міндетін қоса өтеген. Төбе би мен билер алқасының мүшелері - ел ішіндегі дау-дамайды сол заманның өзіндік заң - жарғысы бойынша біржақтылы ететіндер. Мұндайлардың ұжымдық 344 Уаң Биңхуа, Уаң Миңжы. «Үйсін тарихындағы келелі мəселелер». (, ). 345 Уаң Биңхуа, Уаң Миңжы. «Үйсін туралы зерттеу». Іле халық баспасы бет.

163 ЕЖЕЛГІ ҰЛЫС ТАРИХЫ тобы - билер алқасы. Оның басында төбе би тұрды. Билер алқасы келісе алмаған істер күнбидің алдына баратын болу керек. Бұл қазақ сықылды халықтар арасында бергі ғасырларға шейін жалғасын тапқан ғадет. Абыздар, əкімғаралар (хатшылар), жыраулар, бақсылар (сағұндар), шешендер, балгерлер, емшілер, т. б. - бұлар ел ішіндегі өз кезінің зиялы тобы ретінде белгілі ықпалды жікті құрады. Бұл арадағы төбе би мен билер алқасының мүшелері жəне зиялы топ дегенді мен өмір қисыны бойынша қосып отырмын. Жылнамаларда бұлар туралы айқын дерек кезіктіргенім жоқ. Алайда баяндалған уақиғалар бұлардың болғанын аңғартады жəне кез-келген қоғам өз заманына лайық мұндай топтан құралақан болған емес. Тайпа Көсемдер Алқасы (ТКА) - Уаң Биңхуаларша Үйсін ақсүйектері. Жоғарыдағылардың ең ықпалдыларынан құралған Тайпа Көсемдер Алқасы ( ) күнби жоқ кездегі ең жоғарғы билік ұйымы болған. Жылнамалар, мұндай топтың атын менше атамағанымен, ол топтың барлығын білдірген. Бұған Оңғай күнби Лю Жиеюдан туған ұлы Өңкейді өз орнына күнби болсын десе де, оныхəн патшасы Шюанди мақұлдаған тұрса да, Оңғай өлгесін, ТКА, бертінгі Оңғайдың өсиетін тойтарып тастап, одан бұрынғы Саншора Жөншінің өсиеті бойынша, Ғұн қызынан - сол күнбишеден туған Нəбиді күнбилікке көтеріп жіберуі-ақ мықты мысал. Бұл мысалымызды Уаң Биңхуалар да Оңғай би таққа отырғаннан кейін үйсіндерді бірлікке келтіріп, мемлекет қуатын мейлінше нығайтты. Б. з. б. 71 жылы, ғұндарға қарсы шайқаста орасан зор жеңіске жетті. Ол өмірінің соңында Хəн əулетінің қолдауына арқаланып, Ней биді (ғұн əйелінен туған ұл Нəбиді. - С. Ж. ) тақ мұрагері ету жөніндегі бұрынғы уағданы (Саншораның өсиетін. - С. Ж. ) бұзып, өзінің Жиею ханшадан туған үлкен ұлы Нуангұт (Өңкей - С. Ж. ) биді тақ мұрагері етіп тағайындады. Бұл іс Хəн əулетінен мейлінше қолдау тапты. Бірақ Оңғай би көз жұма салысымен-ақ, үйсін ақсүйектерінің қолдауында Ней би (Нəби - С. Ж. ) таққа мінді, Оңғай күнби билік жүргізіп тұрғанда, көп еңбек сіңіріп, Үйсін елін барынша көркейткен болатын. Сондықтан, оның үйсіндер ішіндегі беделі мен ықпалына жеңіл-желпі қарауға болмайтын. Бұл кездегі Хəн патшалығының үйсіндерге қолданған келелі əскери, саяси шаралары да оларды бүкілдей тізгіндей аларлық еді. Бірақ үйсін ақсүйектері (ТКА. - С. Ж. ) ортақ келісім (аруақ Саншораға тірі кезінде берген серттері. - С. Ж. ) бойынша, Хəн патшасының қарсылығын елемей, Нəби биді сүйеп күнби қоя алды. Бұл жағдай олардың Үйсін қоғамындағы ықпал күштеріне де елеусіз қарауға болмайтынын аңғартады [346] деп құптай түседі. Алайда кей ғалымдар мұны алғашқы рулық-тайпалық қоғам сатысындағы шексіз беделді көсемдер тобына жатқызып, үйсіндердің таптық қоғамға, хандық мирастық түзімге, мəдениеттің жаңа сатысына енгеніне ұзақ болмағанының белгісі деп тұжырады. Меніңше мұнда ағаттық бар. Ұлы Даладағы дала демократиясын, оның таптық қоғамдағы мемлекет əкімияты, əскери құрылым тығыз ұштасқан патриархалдық - құлдық түзімдегі ұлысбасыға - күнбиге - ең жоғарғы үстемгерге ТКА арқылы ауыздық қоя білген өзіндік соны мəдениет екенін түсіне алмау жатыр. Елжаудың Жаң Чянға дереу де жеңіл-желпі жауап бере Уаң Биңхуа, Уаң Миңжы. «Үйсін туралы зерттеу». Іле халық баспасы. 47-бет

164 164 ТӨРТІНШІ БӨЛІМ салмауындағы бір себепті осыған байланыстырғаным да есіңізде шығар. Осы арада сонау сақтардан келе жатқан бір тағылымның ықпалы да бар сықылды. Ол əдеп-иба, сый-құрмет, адалдық-фəктік, ар-ұят, ант-суға беріктік, аруаққа ізет сықылдылар. Кұң Фузының: дегені бар [347]. Мағынасы - елді заң-жарғымен билесең, жазғанын жазаласаң, жұрт қылмыстан халы болғанымен, қылмыстың ұят екенін білмеуі мүмкін. Елді ахлақпен баулысаң, əдеппен түзесең, олар ұятты біліп қана қоймай, бар ықыласымен бағынатын да болады. Бүгінгі қазақтарда жалпыласқан өлімнен ұят күшті дегендер сықылды толып жатқан тағлиматтар бəлкім біздің де сол кездегі дана аталарымыздың бірінен бастау алған шығар. Үйсін ығайлары Саншора күнбидің өсиетінен аттауды - аруақ алдындағы айып, ол тірі кезде берілген уəдеден таюды - ахлақсыздық, өз ұлын жөнсіз таққа ала жүгіруді өзімшілдік, Хəн əулетіне жалтақтауды - жағымпаздық санаған болар. Кейінгі Лю Жиеюдың Нəбиге жасаған қастығына ғазап та осыларға байланысты қозған болуы мүмкін. Ескерте кетерлік бір жайт - осы айтылған соңғы шенділердің қайқайсысында да азынаулақ əскери билік, тым құрығанда атқосшы ретіндегі қорғаушы топ болуға тиісті. Өйткені Уаң Биңхуалардың үйсіндердің əскери түзімі балалары қойға мініп құс, тышқан атып садақ тартуды үйренетін, өспірімдері түлкі, қоян аулап аужал табатын, жігіт-желеңі шетінен садақ асынып, сайлауыт сарбаз болатын, Салт бойынша олар жайшылықта мал бағып, аң аулап күнелтетін, жаугершілік бола қалса, барлық адам соғысқа аттанып, жортуылға шығатын [348] ғұндардың түзімімен бірдей. Мұнан жайшылықта өндіріс ұйымы мен жаугершіліктегі əскери ұйымның бүкілдей бір екендігін байқаймыз [349] деп талдауы сол заман талабына үйлесетін күйді айшықтай елестетеді. Қазақ қоғамында да бұл үрдіс бертінге шейін өз маңызын жойған жоқ. Үйсінде мұрагерлік түзімі жүргізілді. Хəн тарихи деректері бізге бүгінгі мұрагерлік түзімге тым ұқсамайтын түзімдік мазмұндарды да хабарлайды. Ал, ол деректерге толық нанатын бүгінгі тарихшылар ол кездегі Үйсіннің неке түзімін рулық қоғамның əдет-дағдыларының тым арыдағысын аңғартатын жақ арқылы талдайды. Ол деректер Лю Жиею күнбишенің алғашында Саншора (Күнсүй) күнбимен, ол күнби өлгеннен кейін таққа отырған оның немере інісі Оңғай күнбимен, Оңғай күнби өлгеннен кейін Саншора күнбидің Ғұн қатынынан туған ұлы Нəби күнбимен отасқаны жайлы айтады. Алайда, Елжауды Лю Шижюнмен отасты, сосын Саншорамен отасты деген сықылды, Лю Жиеюді Нəби күнбимен отасты деудің қисыны жоққа тəн. Бəлкім бұл Лю Жиеюдың күнбише деген атағын сақтағанына бола пайда болған хəндік жаңсақтық шығар. Өйткені əрі бұл Лю Жиеюдың əбден қартайып кемпір болған шағы, əрі оның Нəбимен жұлдызы қатты қарсы болып, аяғы оны қастықпен өлтіруге дейін оқталған тұсы. Кей ғалымдар үйсіндердің бұл əдеттері ғұндардың əке өлсе, баласы өгей шешесін, ағайындылардың бірі өлсе, қалғаны оның əйелін «Хəннама. Ғұн Баяны (1).

165 ЕЖЕЛГІ ҰЛЫС ТАРИХЫ əйелдікке алатын [350] əменгерлік салтымен бүкілдей бір деп қарайды. Іс жүзінде бұл алғашқы қауымдық кезеңдегі рулардың өз ішінде қыз алыспау дəстүрінің сарқыны. Таптық қоғамға қадам тастағанда ханның тағы да міндетті түрде ханның қандастығы бойынша көшіп отырады. Ханның əйелі де тақтың кейінгі иесіне ауысады. Сөйтіп, Хəн əулетінің қандастығындағы былық-шылықтың себебінен туатын хан билігіне деген кедергілердің алды алынады. Ежелгі дəстүрдің қабыршағы бұл тұста жаңа тарихи мазмұн алады [351] деп талдайды. Бұл арадағы ежелгі дəстүр дегені жұбайлық ұғым бола қоймаған кездің түзімі (, Group marriage system) дегендік болса керек. Бұлай талдау ілгерілей зерттеуді талап етеді. Əйтеуір ішінара істі (мысалы, адам-айуан деп айырып жатпайтын, шектен асқан ұрғашышыл болған, тіпті өз қарындасын да қойнына алған Лю Шижюннің əкесі Лю Жян сықылдыны) жалпылық іске айналдырмаған дұрыс. Сонымен, Үйсіндегі мұрагерліктің басты жақтарын атасақ, ол мыналарды қамтыды: А. Мүлік мұрагерлігі. Бұл қазіргі қазақтікіне ұқсас. Əке өз ұлдарын есейгенде (отаулы болғанда) енші бөліп шығарады; Өз мүлкі кенже ұлына қалады. Ə. Мəртебе мұрагерлігі. Отбасының қоғамдағы орнына, əкенің мансабына, т. б. дағды бойынша есейген үлкен ұл мұрагерлік қылады. Ол əлі есеймеген болса, ол есейгенше көкесінің бірі ізбасар бола тұрады да, есейген соң өткізіп береді. Ол есейген соң, мұрагерлік ете алмайтын күйде болса, оның бір əке-шешеден туған ағайыны мұрагерлік етуі мүмкін. Бұл да қазақта бертінге шейін жалғасқан салт. Б. Əменгерлік. Үйсінде ағайындылардың бірі өлсе, оның жесірін артында қалған ағайындарының лайықты бірі алу болды. Бұл да бертінгі кезге шейін қазақ халқында жалғасын тапты. Ал, ол кезде, əменгерліктің қажет болу себептері мыналар-ды: 1. Жаттан ұзатылып келсе де, өз руының бір мүшесіне айналған жақсы келінді, жесір болғасын иесіз, панасыз қалдыру мейрімсіздік саналатын; 2. Қайтыс болған отағасының мал-мүлкін тоздырмау, жесірі мен балаларын, тіпті кейде қолындағы шешесін де бағып қағу міндеті отағасының ағайынының үстіне жүктелсе тіптен лайық болмақ-ты; 3. Қалың мал арқылы айттырып əкелген келінді төркініне қайтару əрі қазыналық, əрі демографиялық жақтан зиян болушы еді. Мысалы, кемінде бірер баласы ере кетеді ғана емес, былайғы туу-өрбу мүмкіндігі де ілесе жойылар-ды ҮЙСІН МЕМЛЕКЕТІНІҢ ЭКОНОМИКАСЫ Үйсін ұлысы Батыс Өңірдегі əрі ең үлкен, əрі ең күшті ел ғана емес, əрі ең бай ұлыс болған. Бұған тілтиек бола алатын себептер молшылық. Ең алдымен, басты ресурс - халық санының артуы жəне оның маңайдағыларға қарағанда сапалық жоғарылығы. Бұл Елжаудай ел көсемі тобының, өзге елдерге салыстырғанда, жоғары интеллекті мен мықты басшылық қабілетіне тіке байланы- 350 Уаң Биңхуа, Уаң Миңжы. «Үйсін туралы зерттеу». Іле халық бапасы бет. 351 «Тарихи жазбалар. Ғұн Баяны».

166 166 ТӨРТІНШІ БӨЛІМ сты. Бүкіл үйсін жұрты солардың жетегінде жан-жақтылы көтерілді. Сосынғы бір абзалдылық табиғи ресурста болатын. Жетісуды кіндік еткен аймақтың қай саланың өркендеуіне де қолайлы жағдайы жар болды. Бұл кездегі Ұлы Жібек жолының жазғы тарауы мен Ұлы Далалық тармағы (Жайлау Жібек жолы) Үйсіннен өтпей қоймайтын-ды. Үйсін елі Батыс пен Шығыс арасына көпірлік рөл атқарды. Бұл Үйсінге, қазыналық пайда келтіріп қана қоймай, мəдениет пен өнер, шаруашылық пен сауда сықылды жақтардан да ауыс-түйістік көп орай ұстатты. Шығыс пен Батыс елдерінің артық тарапынан үйренуіне ыңғайлылық туылды Əрі ежелден байланысы қою, əрі жап-жақында тұрған батысы мен оңтүстігіндегі елдердің (мысалы Қосөзен - Тигр мен Эфрат сияқты көне мəдениет ошақтарының) озық жақтары Үйсінге, қай тарапынан болса да, тіке əсер етуші еді. Оған кейін келе Қытай жақтың озық мəдениеті де ықпал жасай бастады. Жылқыны қолға (əлемде ең бірінші болып) ерте үйреткен, қанатты сарыарқалықтар қатарындағы үйсіндердің харекет өрісі өте кең еді. Соған орай көргені көп болды, естігені одан да асып түсті. Қазіргі тілмен айтқанда, информация алу орайының молдығы үйсіндердің өзгелерге (əсіресе маңындағы талай отырықшы жұрттарға) қарағанда көзін тіпті ашты, көкірегін анағұрлым оятты. Тəуелсіздік алғасынғы əлде неше ондаған жылдар, сұрапыл соғыссыз, негізінен бейбіт өтті. Өзгелер үйсінге тиісе алмады. Ал, үйсін қажет тапқанда іргесін оп-оңай кеңейтіп алатын болды. Үйсін қоғамында дала мен қала, көшпенділік пен отырықшылық, малшылық пен егіншілік, сауда мен қолөнері, т. б. өзара толықтырысып, демесіп отырды, т. б. Біз енді экономикаға тəн басты салаларды атай кетейік. 1. Малшаруашылығы. Бүгінде мол суына, тың құйқасына, шұрайлы көгіне, орманды тауына, мол жауын-шашынына, жылы ауа-райына бола жер жаннаты атанған Жетісу өңірінде (ҚХР -дің Іле Қазақ Автономиялы облысы менқр -ның Алматы қаласында, Алматы облысында жəне Шығыс Қазақстан облысының оңтүстігінде) кемінде 6-7 миллион халық ауқатты өмір сүруде. Бұл 2000 жылдың алдындағы 2 миллионға ғана таяған үйсіндер үшін өте жайлы табиғи ресурсты қоныс еді. «Хəннама. Үйсін баянында»: олардың Елінде жылқы көп. Байларында 4-5 мың жылқы бар делінген. Шижюн ханшаны айттырғанда қалыңға мың жылқы айдатқанының өзінен-ақ жылқыларының көп екендігін аңғаруға болады. Жылқыларының сапасына келсек, Хəн əулеті тұсында Үйсін жылқылары өте даңқты болды. Жаң Чянның Хəнге үйсіндерден алып барған асыл тұқымды сəйгүліктері, алғашта тəңірлік сəйгүлік ( ) делінді де, Дад-уанның (Ферғананың) сəйгүліктері Түнязыға əкелінгеннен кейінғана олардың аты қиыр батыс қазанаты ( ) дегенге өзгертілді. Іле өңірі -іс жүзінде сол кездегі үйсіндердің мекені - қазіргі таңда да бүкіл елімізге (Қытайға. - С. Ж. ) əйгілі Іле жылқысының өндіріс базасы болып отыр. Бұл жылқының дене бітімі тым зор болмағанымен, мүсінді, жүрісті, жүйрік. Бұл да олардың сол бұрынғы тегіне тартқандығынан болар. Шижюн ханша Аққу жыры деген бəйітінде: Қорегі тек ет екен, айран, қымыз-сусыны дегендегі ет жылқы, сиыр, қой еттерін қамтиды. Бірақ қой басты орында тұрады. Обадан қазып алынған қой сүйектері көп ретте кездікпен бір жатады. Тіпті кездіктің сүйекке түйрелген күйінде табылғандары да бар. Бұл сол кездегі сүйек шығарушылардың

167 ЕЖЕЛГІ ҰЛЫС ТАРИХЫ өлгендердің о дүниеге барғандағы ет жейтін құралына дейін орналастырғанын нақты бейнелейді [352]. Бүгінде кей ғалымдар ол кездегі Үйсін ұлысындағы малдың жалпы санын 4 миллион 536 мыңнан асады десіп жүр. Үйсіннің мал байлығына, осы Жетісуды кіндік еткен ежелгі Үйсін жеріндегі обалардан табылған асыл дүниелер түгіл, сол обалардың сыртқы келбетінің өзі-ақ зор айғақ. Өйткені олар өте ауқатты елдің ғана қолынан келетін, көп еңбеккүш пен талай азық-түлікті жəне қаржыны қажет ететін алып та ауыр құрылыстар. Бұл обалар арғы сақтардан бастау алып, Үйсін кезінде жалғасып, түріктердің алғашқы кезеңіне шейін ұласым тапқан. Көбінесе конус пошымды келеді, тақ санды (1, 3, 5, ) болады, солтүстіктен оңтүстікке қарай тізіледі. Бір тұсқа 10 шақтыдан 200-ге шейін шоғырланады. Кей үлкен обалардың (мысалы 20 метрлік биік, табан периметрі 200 метрден асатындарының) төрт тарапына төрт кішірек оба да қойылған. 2. Егін шаруашылығы. Ежелгі Үйсін аумағының шығыс шеті саналатын, Үрімжінің шығысындағы Боғда маңынан (мысалы Боғда көліне шығар сайдан, яғни Сəнгұң ауылынан) тас кетпеннің шығуы [353] бұл өңірде сонау тас дəуірінен бастап егіншілік болғанын растап отыр. Бұл жақ егіншілігінде тары мен бидай сияқты дəнді дақылдар басты орын ұстаған сықылды. Нығымет Мыңжанұлы Ежелгі үйсіндердің отырықшы егіншілік мəдениетінің дамуына олардың Ұлы Жібек жолы бойында болуының, Қытайдың ішкі өлкелерімен, Орта Азия елдерімен экономикалық қарым-қатынасының игі ықпал жасағаны даусыз [354] дейді. Жақып Мырзахановта, Көне Хəн жазба деректемелерінде ежелгі үйсіндер кілең көшпелілер ретінде сипатталған. Ал археологиялық материалдар үйсіндердің, малшылықпен ғана емес, отырықшы болып, егін шаруашылығымен де айналысып, жартылай көшпелі, жартылай отырықшы ел болғанын көрсетті [355] деген екен. Бұл көзқарасты құптаған Уаң Биңхуа сықылды ғалымдар да «Хəннамада» үйсіндердің қоғамдық шаруашылығының ерекшеліктеріне аялдағанда, олар Ағаш шаншымайды. Халқы сулы, шүйгін қоныс қуалап көшпелі малшылықпен шұғылданады деген дерек көрсетілген. Мұның өзі - осындай шаруашылық ерекшелігінің қысқаша қорытындысы болмақ. Бұл арада назар аударарлық мынадай жайт бар: мұндай салыстырмалы түрдегі тұрақсыз көшпелі тұрмыс тəсілі оларда салыстырмалы отырықшы елді мекендердің болмағандығынан дерек бермейді. Біздіңше, Үйсін қоғамында салыстырмалы түрдегі тұрақты қоныстар болған. Құжаттарда үйсіндердің астанасы Чекүк қаласы, ол сол кездегі қоғамның саяси, экономикалық жəне мəдениет орталығы есептелінеді делінген. Бұл олардың отырықты қоныстары болғандығының тіке дəлелі [356] дейді. Бұл арада тұрақсыз көшпелі тұрмыс тəсілі дегендегі тұрақсызды аграрлық елде өскен азаматтың сонауүйсіндерден тартып бергі қазақтарға шейінгілерде тұрақты қыстау, тұрақты 352 Уаң Биңхуа, Уаң Миңжы. «Үйсін тарихындағы келелі мəселелер». (, ). 353 Уаң Биңхуа, Уаң Миңжы. «Үйсін тарихындағы келелі мəселелер». (, ) Үрімші. 355 «Қазақтың қысқаша тарихы». Шынжаң халық баспасы бет. 356 «Ежелгі үйсін елі». Алғы сөз. Үрімжі

168 168 ТӨРТІНШІ БӨЛІМ көктеу мен күзеу, тұрақты жайлау болғанын ескере алмаудың нəтижесі деп отырмын. Ал енді, «Хəннама. Үйсін баянындағы» үйсіндерді ағаш шаншымайды дегендік əрі егін екпейді дегендік емес, əрі жалпы беттік ахуал бола алмайды. Моңғолкүре ауданындағы Үйсін обаларынан табылған ауырлығы 3 кг келетін тіл тəріздес шойын түрен сықылдылар үйсіндерде егіншілік те болғанына айғақ [357]. Үйсіндерге қатысты Қазақстандағы археологиялық зерттеулер олардың егіншілікпен шұғылданғандығын (астық жəне басқа егіс дақылдары, сондай-ақ қолаорақ, диірмен тас, тастан жасалған қол диірмен, т. б. астық өңдеу құралдары табылғандығы арқылы) дəлелдеп отыр [358]. Қазақстан мен АҚШ ғалымдары бірлесе отырып жүргізген археологиялық қазба жұмыстарының Талғардың батыс - солтүстігіндегі Түзусайдан тапқандары мұны тіпті растай түседі [359]. Егінге қолайлы жер жаннаты Жетісудағы үйсіндер түгіл, негізінен малшылыққа жайлы өңірдегі Ғұн қағанатындағы тайпалар да егін еккен. Оған сол «Хəннаманың» өзіндегі Жауди патша тұсында, Лю Жиею патшаның құзырына хат жолдап: Ғұндар Касиға (Жүйчыға, қазіргі Тұрпан маңы. - С. Ж. ) тың игеруші атты жасақтар жіберді. деді, Ғұндар тың игеретін төрт мың атты əскерін Касиға тағы жіберген. Толассыз бірнеше ай бойы жауған қар-жаңбырдан ғұндардың малдары қырылып, еліне оба таралды. Астығы піспей қалды дегендер-ақ дəлел. Уаң Биңхуалар ғұндарда қамбашы деген мансап болғанын айта келіп, Бұл мансап ғұндарда егін шаруашылығының белгілі көлем алғанын түсіндіреді дейді. Мұндайда Үйсін елінде егіншіліктің ғұндардың солтүстіктегі тайпаларынан да тəуір дамығанына сене беріңіз. Меніңше де «Хəннама. Үйсін баянындағы» сөздің бəрін дұрысқа жатқыза беру келіспейді. Ондағы үйсіндерді ағаш шаншымайды дегенінің өзі де біржақтылы сөз. Үйсін байлары егінге құлдарын салады жəне ол байлар жұртынан аулақтағы, шыбын-шіркейлі, құл- күңдер жатағы саналады. Əуелі, бертінгі ғасырларға шейін, қазақ ішіндегі қыстауынан ұзап шыға алмайтын, өзге үш маусымның рахатын көре алмайтындар төмен жік, жатақ саналып келгені белгілі. Ол ғадеттің беті қайтқан бергі заманда да, дихан қазақтардың бір талайы жазғытұрым қыстау маңына егінін егіп тастап жайлауға шығып кететін, күзде бір-ақ келіп орып алатын ғадетін бертінге шейін жалғастырды жылдың арысындағы үйсіндер де шетелдік қонақтарын неғұрлым тəуір тұстарында қабылдайтын шығар-ау. Түзу келіп-кетіп жүрген Хəнелші, арқыштарының жатақтар жағына ат ізін сала алуы да, Үйсін жерін түгел шарлап шығуы да мүмкін емес. Мүмкін күнбиге жайлауда кезіккен Жаң Чянолардың егіндігін көрмеген де болар. Ал, фактілер үйсіндерде егіншілік те болғанын дəлелдеп отыр. Кеңестер Одағындағы Үйсін аймағына жүргізілген археологиялық жұмыстардың дəлелдеуінше, үйсіндердің егіншілігі негізінен өзен, көл жағалауларында болған. Ақтас қыстауындағы археологиялық жұмыстар үйсіндердің сол кездегі диқаншылық арықтарын жəне ауданы К. А. Ақышев: «1954 жылғы Іле археологиялық экспедидциясының жұмысынан есеп» жəне К. А. Ақышев, Г. А. Кушаев: «Іле айдынындағы Сақ пен Үйсіннің байырғы мəдениеті» 1963 жыл. Алматы. 359 Kazakh American TalgarProject

169 ЕЖЕЛГІ ҰЛЫС ТАРИХЫ дан 150 шаршы метрге дейінгі жеміс бақшасының орнын тауып отыр. Бұл Үйсінде суармалы егіншілік болғанын дəлелдейді. Олардың бидай, қонақ, тары сықылды дақылдарды өндіргенін, оны дөңгелек диірмен таспен өңдеп істеткенін аңғартады. Істетушілер қол диірменнің үстіңгі тасын тесіп, оған ұстайтын тұтқа да орнатқан. Бұл орыннан бұдан басқа қол орақ сықылдылар да шықты [360]. Осы сықылды фактілерге негізделген «Қазақстан. Ұлттық энциклопедия»: Қазақ даласында, Егіншіліктің өзіндік көне тарихы бар. Ежелгі арийлердің (б. з. б. 2-1 мыңжылдықтар), сақтардың (б. з. б. 9-2 ғасырлар), үйсін, қаңлы мемлекеттері тұрғындарының, ғұндардың, түріктердің малшаруашылығымен бірге өзен аңғарларында, тау бөктерлерінде суармалы егіншілік-диханшылықпен де айналысқаны белгілі деп əділін айтқан. Үйсіндегі егіншілік, бағбаншылық, терімшілік атаулылардың келу көзін тек сыртқа ғана жəне сыртқа болғанда тек бір көзге ғана тірей салу да əділдік болмайды. Бұл шаруашылықтың түп көзі, ең алдымен, олардың арғы ата-бабалары жəне жерлестері саналған сақтарда жəне онікіне мұрагерлік еткен өздерінде жатыр. Одан қала берсе ғана өзгеден үйренді деген жөн. Бұл үйренудің де ең басын қасындағы (мысалы, Аму мен Сыр бойындағы) елдерден көрсеткен қисынды, əрине. Сосын ғана лайықты дəрежеде өзгеге кезек келмек. 3. Қол өнеркəсібі. Үйсін ұлысының қолөнер кəсібі (металл қорыту жəне одан əр алуан дүниелерді жасау, керамикалық нəрселерді өндіру, жүн тоқу, ыдыс-аяқ пен əшекей не жасану бұйымдарын дайындау, т. б. лар) едəуір көлемге ие бола дамыған. Ол тек отбасылық қосымша кəсіп қана болып қалмай, кəдімгідей өнеркəсіп деңгейіне өркендеген. Бұл арада, өзге мəдениеттері сықылды, Үйсін қолөнерінің де оның алдындағы Сақ қол өнерінің сабақтастықпен жалғасуы екенін баса айтуға тиістіміз. Үйсін ата-бабаларының- сақтардың қолөнер жағында да мықты болғанын археологиялық қазба жұмыстары дəлелдеп отыр. Оны төмендегі суреттерде тұрған өнери деңгей тіпті де дəлелдей түседі [Төмендегі суреттерде Құты, сырғалар көрсетілген. Ұлы Даланың орта шенінен яғни Солтүстік Қазақстан мен Оңтүстік Сібір жақтан археологтар тапқан ежелгі сақтардың ыдыстары мен бұйымдары (б. з. б. ғасыр)]. Əрине үйсіндер сақтардың ұрпағы ретінде ата-бабаларының осы деңгейдегі жоғары дəрежелі өнеріне мұрагерлік етті жəне оны одан ары дамыта да берді. Ежелгі үйсіндерді зерттеуші ғалымдар былай дейді: Қол өнеркəсібі - Үйсін қоғамында аса келелі маңыз алған тағы бір өндіріс саласы болып саналады. Археологиялық материалдарға қарағанда жəне жазба деректерге негізделгенде бұл тұста оларда металл қорыту, қыш ыдыстар жасау, жүн тоқыма кəсібі, сүйек-мүйіз өңдеу өнері болды. Металл қорыту - үйсіндердің басты қолөнер өндіріс саласы болып есептеледі. Олардан күнделікті тұрмыста пайдаланылатын пышақ, біз жəне т. б. соғылған түрен, жебе масағы сықылды заттар да табылды. Қоладан жасалған біз, телпек, сəндік бұйым сияқтылар да шықты. Бейіттің төрт қабырғасы мен ақымағаштарын мəнерлеу іздерінен металдан жасалған күрек, қашау жəне т. б. еңбек құралдарын қолданғандығы айқын байқалады. Сонымен қабат, тат басып шіріген қола бұйымдар жыл.. 169

170 170 ТӨРТІНШІ БӨЛІМ жəне алтыннан жасалған сақина, сырға, сондай-ақ əртүрлі үлгідегі алтын жалатқан əшекейлі заттар табылды [361]. Ғалымдар: Металл қорыту үйсіндердің негізгі қолөнеркəсіптік өндіріс саласы. Металл қорытудың, металл құрал жабдықтар жасаудың өзі бір қыдыру арнаулы өндіріс өнеріне саяды. Бұл өндіріс тəсілі ендігі жерде отбасылық қосымша кəсіптің қолөнеріне симас еді. Бұл тəсілдің мал шаруашылығынан, егін шаруашылығынан дербес жаңа бір өндіріс саласы болып бөлініп шыққаны табиғи. Үйсіндердің металл қорытуда кен байлығын пайдаланған Тəңіртаудың батыс сілемінде қола, мыс, темір рудалар байлығы мол. Бұл туралы тарихи материалдарда жазба деректер бар [362] немесе Үйсін қабырларынан байқалған темір құралдардың өте жалпыласқаны байқалады. Мысалы темірден істелген қанжар, қылыш, бəкі, пышақ, балға, соқа сықылдылар [363] деп отыр. Шынында да, біз сөз қозғап отырған б. з. б. - І ғасырларда, Үйсін ұлысы ғана емес, сақтардың бұл өңірдегі ұрпағын билеген Ұлы Ғұн қағанаты тұтастай темір мəдениеті сатысында болатын. Бұл туралы Лин Ган: Ғұндар шаңырақ көтерген б.з.б. ғасырда, олар игерген басты еңбек құралы, мыс емес темір болатын. Мемлекет іші-сыртындағы неше ондаған жылдық археологиялық қазбалар толып жатқан бұған қатысты материалдық фактілермен қамдап отыр [364] деп өте дұрыс айтқан, сондай-ақ ол 1979 жылы Қытай Ішкі Моңғолиясынан табылған, б.з.б. - ғасырларға тəн алуан түрлі темір қарулар сықылды талай мысалдарды көрсеткен. Ғұн қағанатының құрамында болған Үйсіннің бұл қағанат ішінде озық өрелі екені, соған сай ондық темір мəдениетті ыспаттайтын археологиялық табыстардың мол екені беп белгілі. Бұл негізінен Бегазы-Дəндібай заманынан бастау алады. Қазір кеңінен танымал болып отырған Пазырық, Берел, Шілікті, Бесшатыр, Тасмола, Есік, Қырықоба, Қызылүйік, т.б. ескерткіштерден шыққан дүниелер мұны тіпті дəлелдей түседі. Профессор Су Бейхайша айтқанда, Алтайдағы Тұяқтының (Тұйықтың шығар. - С. Ж. ) ежелгі молаларынан шыққан жүген ауыздықтарының бəрінің шығыршығы бар. Оның төртеуі темірден соғылған, тек біреуі ғана қоладан құйылған. Бұл б.з.б. ғасырда жалпыласқан сақ темір ауыздықтарына мүлде ұқсайды Уаң Биңхуа, Уаң Миңжы. «Үйсін тарихындағы келелі мəселелер». (, ) 362 Уаң Биңхуа, Уаң Миңжы. «Үйсін туралы зерттеу». Іле халық баспасы бет. 363 Су Бейхай. «Қазақ мəдениетінің тарихы». Шынжаң халық баспасы бет

171 ЕЖЕЛГІ ҰЛЫС ТАРИХЫ Б.з.б. - ғасырлардағы Алтай өңірінде жарыққа шыққан жаңа тұрпатты қару-жарақтар Енисей бойындағылардан бұрын пайда болды. (ШҰАР ІҚАО Нылқы ауданы Қас өзені бойындағы Нөре сайынан табылған мыс кенінің қалдықтарын ескеріңіз). Оны қорыту өнері де тез жақсарып, батыстағы скифтер мен иран-сакалардың қару - жарақ жасау əдістеріне ұқсап кеткен [365]. Бұл дəуірде, шынында да жоғарыда Лин Ган айтқандай, олар игерген басты еңбек құралы, мыс емес темір болатын. Үйсіндер осының бел ортасында жүрді. Демек, ең алдымен, үйсіндер темір өндіру мен одан пайдалануды біз сөз қып отырған кезеңнен (б.з.б. - ғасырлардан) неше жүз жыл бұрын игерген ата-бабаларынан үйренді жəне дамытты. Сосын, өзге елдермен ауыс-түйіс жасады десек, ол жəне жалқы емес көп векторлы болды. Қытаймен де, Иран, Қосөзен, Кіші Азия, т. б. жақтармен де байланыс жасады. Алтайдағы түрік тайпаларының өзі бағынышты болған тайпаларға темірші болып беруі де талайды ұғындырады [Жоғарыдағы сурет: ҚХР Іле өңірінде жүргізілген археологиялық қазу жұмысы барысында, Өртекестен (Моңғол күреден) шыққан ежелгі үйсіндердің жақұтты, əшекейлі, қақпақты құтысы]. Үйсіндердің оның алдындағы сатыларды нық-нық басып өткеніне де дау жоқ. ҚХР Іле аймағы Нылқы ауданының оңтүстігіндегі 3 шақырым жерде жатқан, Нөре (қытайша Нула) сайындағы, ежелгі (б.з.б. 500 жылдың) мыс кені талайды түсіндіреді [366]. Бұл кенге жасалған зерттеу ол жерде кенді (5 м кеңдікпен 20 м тереңдікке шейін) қазу мен қорыту жұмыстарының қатар жүргенін айғақтап отыр. Кеннің қазу орнынан қажетті тас құралдар, ағаштар, т. б. дүниелер шыққан. Қорыту орны да соған таяу жазық жерде. Мұнда отын, көмірлерден сырт, мыс құрамы 60 пайызға шейін баратын кентастар да жатыр. Соған қарағанда бұл өте сирек кезігетін құрамы бай, қамтымы жоғары кен болған. Демек, үйсіндер ғана емес, олардың арғы ата бабалары да қола мəдениетінен, соның ішінде кен көзін табу, ашу, таңдау, тасу, қорыту, өңдеу саласынан да едəуір деңгейге көтерілген екен. Бергі сөз болып отырған заманға келгенде, сақ ұрпақтарының, соның ішінде үйсіндердің ол өнерге мұрагерлік етіп, тіпті дамытқаны шындық. Іле дариясының басындағы Күнес ауданынан табылған (жүгіне отырған, шошақ бөрікті, тұрқы 40 см келетін) сарбаздың (солжақтағы суретке қараңыз) қола мүсіні (мұны кей ғалымдар сақ Су Бейхай. «Қазақ мəдениетінің тарихы». Шынжаң халық баспасы бет 366 http: //www. xjass. com.

172 172 ТӨРТІНШІ БӨЛІМ жауынгері деп қарайды) мен Іленің сол жағасынан (Шапшал ауданынан) шыққан (тік төртбұрышты, сирақты, ұзындығы 76 см келетін) қола табақ [367] сақтар мен үйсіндердің металл өңдеу өнерінің арғы ғасырларда-ақ недəуір өрлегеніне көп айғақтың бірі бола алады. Бұл туралы өзге ғалымдар да Үйсін обаларынан табылған сəндік бұйымдардағы. суреттер, ерттеулі атты ұстап тұрған адам мүсіні қойылған шамдалдар тым тамаша. Əйелдердің əшекейлі бұйымдарына түйелікөш, əр алуан құс бейнелері нақышталған. Бұлар өте əсем. Күнес ауданынан табылған cарбаз мүсіні [367] Үйсін өнерінің даму деңгейін дəлелдейді [368] деп, бұл пікірімізді құптай түседі. Уаң Биңхуалардың археологиялық жұмыстарының нəтижесіне қарағанда, үйсіндердің қорымдарында, ежір бұйымдар жаппай бірге көмілген екен. Бұл үш кезеңді бастан кешірген сықылды: А. Алғашқы кезеңдегі қолдан дөрекі жасалған саз балшық ежірлер. Ə. Орта кезеңдегі қолдан жасалған, бірақ білдекпен мəнерленген, едəуір нығыз əрі майда, нəзік, пішіні де əжептəуір жүйеге түскен ежір дүниелер (табақ, шұңғыл тегеш, т. б.). Б. Соңғы кезеңдегі дами түскен, білдекпен жасалған, пішіні толық жүйеге түсіп, сындарланған, сұңғат деңгейдегі, бабымен өртелген керамикалық бұйымдар. Бұл тұста керамикалық бұйымдарды жасау отбасылық қосалқы өндіріс санатындағы күйден өз алдына бөлек жаңа қолөнеркісіптік өндіріс сатысына көтерілген көрінеді. Осы кездегі ыдыстар ішінде мүлде ерекше қауашақ пішінді ыдыстар дабар. Бұл ыдыстардың мойны жіңішке, аузы тар, иығы кең, бүйірі шығыңқы, түп жағы дөңгелек, екі иығына дөңес тұтқа салынған. Шəйнектің жалпы тұлғасы қауашақ секілденгенімен, бір жақ бүйірі дөңес, енді бір жағы жалпақ. Бұл ол ыдыстарды қанжығаға байлап жүретін, керегеге іліп қоятын, арқалайтын ыдыстар екенін түсіндіреді [369]. Қазіргі малшылардың киіз үйлерінде де осы тектес ыдыстардың ілулі тұрғанын көретініміз қызығарлық-ақ. Бұл екеуінің жасалу форымы бүкілдей ұқсайды. Бірақ қазіргі торсықтар фарфордан емес, теріден жасалған. Оған су немесе ақ құйылады. Демек бұл ыдыстар екі мыңжылдан бері мұра болып келген, төтенше ұзақ тарихқа ие [370]. Бұдан біз, өз заманындағы Үйсін өнері жайлы мəлімет алып қана қоймай, бүгінгі қазақтардың сол үйсіндер ұрпағы екеніне де тағы бір фактіні байқаймыз. Əрине жүн мен тері өңдеу кəсібі жартылай көшпелі ұлыстар өмірінде аса маңызды орын ұстаған. Күмбез пішінді киіз үйлер олардың негізгі баспанасы іспетті. Лю Шижюн ханша назалы көңілмен жазған «Аққу жырында» күмбезденген үйлері, қабырғасы - туырлық деп үйсіндердің киіз үйлерін айтқан ғой. Уаң Биңхуаларша айтқанда, Киіз үйден жел де, жаңбыр да өтпейді. Көшіп-қонуға оңтайлы. Көшпелі малшаруашылық өндірісі мен тұрмысының нақты ерекшелігіне қабағат үйлеседі; сондықтан ол күні бүгінге дейін малшылық өңірлердегі қалың қауымның өте ұнататын баспанасы бо Үрімші. 368 «Іле суреттер жинағы». Іле халық баспасы Нығмет Мыңжани. «Қазақтың қысқаша тарихы». Шынжаң халық баспасы бет. 370 Уаң Биңхуа, Уаң Миңжы. «Үйсін туралы зерттеу». Іле халық баспасы. Қазақша бет.

173 ЕЖЕЛГІ ҰЛЫС ТАРИХЫ лып келеді. Соның үшін киіз басу, оны білектеп пісіру малшы отбасыларының игеруге тиісті техникасы болып табылады. Лобнор, Құмыл жəне т. б. жерлерден табылған ерте заманғы жүн тоқыма бұйымдарына қарағанда, Шынжаң өңірінде жүн тоқыма өнерінің өте ұзақ тарихи дəстүрі бар. Ауасы ылғалды, жауыншашыны көп болғандықтан, Іле өңіріндегі Үйсін қорымдарынан күні бүгінге дейін жүн тоқыма үлгілері табылған жоқ. Дегенмен киіздің тозыққан бопырлары ақымның астынан да, ағаш ақымдығының қабырғаларынан да кезігіп отыр. Үйсіндерде сол кездің өзінде жүн тоқыма өнерінің болғандығын нақты айтуға болады [371]. Уаң Биңхуа мен Уаң Миңжылар: Қорымдардан қазып алынған сырлы ыдыстардың сынығы жəне жібек тоқымалардың қалдығы сияқтылар үйсіндерде жібек пен сырлы бұйымдардың болғандығын аңғартады. Бұлар түгелімен Түнязы өңірінен (Қытайдан. - С. Ж.) əкелінген тартулар немесе тауарлар болса керек. «Хəннама. Үйсін баянында» Үйсінге ұзатылған Шижюн ханша мен- Жиею ханшаның Хəн үкіметі тартуға жіберген қыруар жібек бұйымдарын ала келгендігі жазылған. Моңғол күреде жауын-шашын көп болғандықтан, бұл мəдени жəдігерліктер бізге жетпеді деген екен. Қисыны бар. Олар да əкелген шығар, Жібек Жолымен керуен тартқан саудагерлерден сатып та алған шығар. Алайда сырлы ыдыстар өзінен шықпады деу қисынсыз. Үйсіндерге алдымен өз өмірі, қала берді арғы сақтар мен бергі Ұлы Жібек жолын бойлаған ауыс-түйістер талайды үйреткен. Қазбалардан табылған үшқырлы сүйек жебе масағы, тоқылған ши (өрнекті) сықылды материалдар сүйек өңдеу, ши тоқу өнерлерінің де болғандығын түсіндіреді [372]. Ал мұны Су Бейхай: Үйсін қабырларынан қазып алынған үш қырлы жебе масағы, бойра сықылды материалдар сол кезде сүйек жабдықтар жасау, қамыс тоқу (ши тоқу. - С. Ж.) өнерінің өркендегенін де түсіндіреді. Үйсіндердің қол өнеркəсібі едəуір жоғары деңгейге жеткен. Археологиялық қазбалардан шыққан алтын, күміс, мыс ыдыстардың бүйірінен əр алуан хайуанаттардың, əйелдердің қолашаш қыстырғыштарынан құстардың, жүзік-сырғаларынан түйенің мүсінін көруге болады [373] деп мұны анағұрлым мықтайды. Əрине мұндайдың бəрін түгел тізбелеудің қажеті шамалы. 4. Аңшылық, саятшылық, аушылығы. Бұл ол кездегі талай ұлтта əбден дамыған маңызды кəсіптердің бірі болды. Адам аз, жер кең ол заманда табиғат дүниесі бүгінгідей бұзылмаған, жануарлар əлемі мыңғырған күйде болатын. Күнделікті тіршілік үшін де, соғыстық азық-ауқатқа да аңшылық, саятшылық, аушылық қатты ес қататын. Оның үстіне Үйсін ұлысы тұрған Жетісуды кіндік еткен мекен мұндай ресурсқа тіптен бай-ды. Бұл тұстағы соғысқа аттанған қалың қол үшін ер азығы жолдатын. Тұнияздықтардай, қосарға ат алса да, азыққа тым көп мал айдамайтын Уаң Биңхуа, Уаң Миңжы. «Үйсін тарихындағы келелі мəселелер». (, ) 372 Уаң Биңхуа, Уаң Миңжы. «Үйсін тарихындағы келелі мəселелер». (, ) 373 Су Бейхай. «Қазақ мəдениетінің тарихы» Шынжаң халық баспасы. 224-бет.

174 174 ТӨРТІНШІ БӨЛІМ Аңшылықтың жеке, топтық жəне қаумалап (ұлық ау) түрлері Үйсіндерде кең етек алды. Мұның сонау сақтар кезінен келе жатқан шаруашылық екені бұл даладағы петроглифтерден айқын байқалады. Не не жыртқыш аңдар бар олкезде аңшылық, саятшылық үшін көбінесе жүйрік ат, ұшқыр тазы, қыран құс, мықты қару қолданылған секілді. Петроглифтерден садақ пен сүңгі жиі көрінеді. Илин Сегалдың: Жебе жасауға адамдар неше мың жыл уақыт жұмсады. Бастабында садаққа жебе істетпеді, қайта сүңгіні (дұрысы жыданы. -Ш. А.) пайдаланды. Соған орай, ол кезде садақты адам бойындай қып өте үлкен жасады [374] дегенінің жаны бар секілді. Алайда біз сөз етіп отырған заманда -петроглифтер түсірілген кезден 6-7 ғасыр өткен дəуірде үйсіндердің қару-жарағы замандастарынан қалыспайтын деңгейде мықтап дамыған болатын. Олардың садақтары өте серпімді, жебе масақтары недəуір үшкір, жақ тарту техникалары көп көтерілгенді. Сүңгі мен найза да мықты қару саналатын. Мал бағуға төбеттерді, аң аулауға тазылар мен қыран құстарды салатын. Бұл бүгінгі қазақтарда мықтап жалғасуда жəне ондық қоғамдар да бар. Өз аумағында үлкен дариялар мен көлдер болғасын, үйсіндерде тіршілік үшін аушылық та болды дегіміз келеді. Алайда балыққа, ауға, қайыққа байланысты деректер əзірше кезіге қойғаны жоқ. 5. Сауда-саттығы. Үйсін ұлысы Ұлы Дала жібек жолының өткелінде тұрғандықтан, өз заманына сай сауданың да базары болды дей аламыз. Оның үстіне қасындағы Соғды елі саудагерлері көп, саудаға шебер болғандықтан сынықтан басқаның бəрі жұғатыны рас. Үйсіндер Жетісуды кіндік еткен өңірге келуден бұрын Боғданы кіндік еткен аумақта (Тəңіртау мен Алтай арасында) тұрды дедік. Таулы Алтай өлкесін ерте темір дəуірінде мекендеген тайпалардың археологиялық мəдениеті (б. з. б. - ғасырлар), Еуразия археологиясындағы ерекше құбылыс саналған, кезінде Руденко бұл мəдениеттің бүгінгі жалғастырушылары осы күнгі қазақ, қырғыз халықтары деген, К. Ақышев, т. б. ғалымдар сақ мəдениетінің бірі деп, ал өзге ғалымдар байырғы түріктердің мəдениетіне жатады деп есептеген [375] Пазырық - патша обаларындағы көп шыққан қыш-ежір ыдыстар, алтын зейнет бұйымдар, өте-мөте Қытайдың торғын-торқасы мен басқа да кездемелер, жады (нефрит, jade, қастас) бұйымдар, сырлы дүниелер, қола нəрселер, т. б. сол тұстағы Алтай сахарасында сауда мен айырбастың төтенше дамығанын, Қытайдан Алтайға, Орта Азияға баратын жібек жолы əлдеқашан ашылғанын бейнелейді. Бұдан ғасырлар аттағасынғы Үйсіндердің, батысы мен оңтүстігі түгіл, қиырдағы Қытаймен де дипломатиялық құдандалық байланыс орнатқандығы үшін, ол жақтармен саудасы, айырбасы тіпті қызды дей беріңіз. 6. ҮЙСІН МЕМЛЕКЕТІНІҢ МƏДЕНИЕТІ Үйсіндердің қол жеткізген табыстары мен шығармашылығының жиынтығы да, тындырған жұмыстары мен өзіндік ерекшеліктері де, əр саладағы жетілу деңгейі де, т. б. оның мəдениетіне есеп. Үйсін ұлысының жоғарыда аталған 374 Илин Сегал. «Адам қалай кемелденген». Үштік кітап дүкені жыл. Хəнзуша. 142-бет. 375 «Қазақстан. Ұлттық энциклопедия». 7-том. 292-бет

175 ЕЖЕЛГІ ҰЛЫС ТАРИХЫ қысқаша тарихы да, түзімі де, экономикасы да оның мəдениетін аңғартпайды емес. Өйткені оның бəрі - Үйсін рухани əлемінің заттануы, сыртқы көрінісі. Сөз болғалы тұрған бұл Үйсін мəдениеті - б. з. б. - ғасырлардағы үйсіндердің материалдық (заттық) жəне рухани (бейзаттық) даму деңгейі. Бұл кездегі үйсін мəдениеті - оның алдындағы сақ мəдениетінің табиғи жалғасы дегенді айтқамыз. Бұл арадағы мəдени сабақтастық əсте естен шықпауға тиісті. Жақып Мырзахановтың Үйсін ұлысының мəдениет деңгейі туралы бір қисынды талдауы бар. Ол онда былай деген болатын: Үйсін елінің астанасы Шығудың өз заманында Жібек Жолы саудасында маңызды орын ұстағаны күмəнсіз (демек бұл мəдени ауыс-түйістің қайнаған алаңы болды. - С. Ж. ). Осы қаладағы (немесе қала төңірегіндегі) қарапайым бұқара Үйсін шонжарларын астықпен қамдап отырған (Əрине. Бұл егіншілікке құл-күңдерді салды деген күнде де, əйтеуір егіншілік, бағбаншылық мəдениетінің болғандығы даусыз. Оны жоғарыда да дəлелдедік. - С. Ж.). Бұл ел жылқылы келеді. Байларында 4-5 мыңнан жылқы мыңғырады (Демек таптық қоғам қалыптасып, феодалдық қоғамға өткен. - С.Ж.), халқы қырыс, обыр келеді (Демек сауда, пайда, қор жию, т. б. жақтарға ысылған. - С. Ж.). Сенімсіздік істегендерге қатты өшігеді, ұры-қарысы көп (Демек недəуір күрделі қоғам. - С. Ж.), ең күшті мемлекет [376] деп жазылуы Үйсін қоғамында таптық қатынастар айқын, мемлекеттік билік органы күшті екенін, ел ішіндегі бөлшектенуге де, сырттан келетін шапқыншылыққа да төтеп беретін құдіреті бар екенін дəлелдейді. Оның үстіне үлкен байларының болуы, ең күшті мемлекет деп жазылуы Үйсін мəдениетінің өз дəуірінде биік өреге көтерілгенін дəлелдейді. Үйсіндердің мəдениетін сақ мəдениетінен төмен мөлшерлеу ғылыми жақтан табан тірей алмаса керек [377]. Ал, мен Үйсін мəдениеті оның алдындағы Сақ тайпалары мəдениетінен жоғары дей аламын. Өйткені қалыпты жағдайдағы кез келген этностық мəдениеті заманның ілгерілеуіне ілесе дамиды, ұрпақтан ұрпақ сөзсіз озады. Бұл адамзат тарихының ақиқаты. Б. з. б. - ғасырларынан бұрын Ұлы Далада өмір сүрген сақ тайпаларын əрі Ғұн, Үйсін, Қаңлы, Алан елдерінен мүлде бөлек санау, əрі оларды өзге жұртқа бар мəдениетін түк қалтырмай алып кеткенге есептеу, сөйтіп Үйсін сықылдыларды ғана емес, бұл аймақтағы бүгінгілерді де тарихи тамырынан айыруға ұмтылу, егер еуроцентризм мен шығысцентризм болмаған күнде, өзге жат пиғыл саналар еді. Үйсін мəдениеті жайлы сөзді рухани əлемге қатысты мазмұннан бастайық. Өйткені одан басқаның бəрі соның заттануы ғой. 1. Дін (Наным-сенім) мəдениеті. Бір халықтың дін тарихын білмейінше оның өмірін, мəдени болмысын терең тану мүмкін емес. Өйткені өткен тарихта дін мəдениеттің барлық салаларын қамтыған болатын. Дін адам пайымының бүкіл əлем мен болмысқа, қоршаған дүниеге, табиғатқа, өзі өмір сүретін ортаға жəне өзінің ақыл-ойы мен сана-сезімінен тысқары тылсым дүниеге қатынасы;адамзат танымының дүние мен жаратылысқа деген көзқарасты айқындайтын мифология, философия жəне ғылымнан ерекше өзіндік бір тұрпаты; адамзат қоғамындағы аса күрделі де маңызды əлеуметтік, мəдени институт; ерекше қоғамдық сана жəне əлеуметтік құбылыс [378]. 376 «Хəн əулеті тарихы. Батыс өңір шежіресі». 377 «Қазақ халқы жəне оның салт-санасы». 122-бет. 378 «Қазақстан. Ұлттық энциклопедия». 3-том. 321-бет. 175

176 176 ТӨРТІНШІ БӨЛІМ Адамзаттың бітімі, менталитеті, ой-санасы өте төмен кезде жан бағудан өзгені ойлауы мүмкін емес-ті. Мұндайда дін де болмайды. Діннің туылуы -адамзат ойқиял тарихындағы елеулі секіріс. Адамзат қоғамында тас дəуірінің бір сатысына жеткенде діндік сенім туыла бастады. Сосын ол біртіндеп дамыды. Плехановтың: Табиғат діннің ең алғашқы, ең бастапқы обьектісі болып табылады. Бұл түйінді барлық діннің, барлық ұлттың тарихы дəлелдеді [379] дегені - шындық. Алғашқы қауымдық қоғамдағы адамдардың діни дүние танымының негізгі ерекшелігі, олар өздерін қоршаған табиғи ортадан бөлген жоқ. Өндірістік аумақ, оның жануарлары, өсімдіктері мен минералдық байлықтары, оған əсер ететін табиғи күштер мен осында тіршілік ететін адамдардың топтары - барлығы біртұтас болып қабылданды. Сондықтан табиғатқа адамға тəн қасиеттер, ал адамға табиғат қасиеттері тəн деп түсінді. Бұл діни түсініктердің барлық алғашқы түрлерінде - фетишизм ( ), тотемизм ( ), анимизм ( ) жəне магия да ( ) ерекше көрініс тапты [380]. Үйсіндерде алғашында бұлардың бəрі дерлік болды жəне олар талайға шейін жалғасты. Айталық, кейбір жансыз денелердің ерекше құдіретті күштеріне сену - фетишистік түсініктер - жансыз денелерді жанды дүние ретінде қабылдау ол заманның адамдарының бəрінде (соның ішінде үйсіндерде) де болды. Мысалы, аспандағы ай, нажағай, от (алас), арасан не тұма жəне оның басындағы жалғыз терек, т. б. - фетиш болып саналды. Ежелгі үйсіндер мен оның жалғасы түріктер түгіл, қазақтар да бертінгі заманға шейін оларды фетиш санап келді. Анимизм (белгілі бір денелер бойында болатын ерекше құдіретті күшке сену), үйсіндер түгіл, бертінгі қазақтарда да күшті болды. Үйсіндер Ұлы Дала сақтарының жан-жақтылы мұрагері ретінде өзіне ең жақын сақ бұтарларының діни нанымына ізбасар болды. Сақтар басында табиғи рухқа нанды. Бұл да əрине тайпаларына қарай əр алуан еді. Жалпы ғұндар, соның ішінде үйсіндер көкті (аспанды), күнді, жұлдыздарды құдіреттендіріп қарады. Тəңірқұт, Күнби, Хантəңір, Тəңіртау, т. б. атаулар əсте тегін шықпаған. Бұл олардың өздері өмір сүретін жағдайға, табиғатқа құрметінен туған натуралистік түсінігі, панашы рухы, қабылдаған субъекті, өзімен табиғат арасындағы үйлесімділікті мойындауы еді. Плано Карпини түріктердің бір Аллаға иланатындығын айта келіп, оның үстіне олар күнге, айға жəне отқа, құдай деп табынады, - депті. Жаң Чян келгенде Күнби оны екі алаудың арасынан өткізбек, аршаның күлімен беті-қолын сүрттірмек болады. Бұл іс жүзінде құрмет, аластау, тазарту (қазіргіше айтқанда, бұрқылау немесе дизенфекциялау) салты болатын. Бірақ оны Жаң Чян дұрыс түсінбейді əрі еліне бөсе сөйлеп барады. В. В. Бартольд: Ежелгі түріктер дінінің негізі Көкке (Тəңір) жəне Жерге (Жеранаға) сыйыну болды, - деген екен. Бұл кешегі үйсіндерде де, бертінгі қазақтарда да айна -қатесіз жалғасымын тапқан болатын. Тоныкөк ескерткішінде: Көк, Ұмай құдай, қасиетті жер-су, міне, бізге жеңіс сыйлаған осылар деп ойлау керек!, - делінген екен. Ертедегі үйсіндер, 379 «Плехановтың философиялық шығармаларынан таңдамалылар». Соңғы кітап беттер. 380 Р. А. Мирзадинов. «Жаратылыстану концепциялары».

177 ЕЖЕЛГІ ҰЛЫС ТАРИХЫ қаңлылар аспанға табынып, оны тəңір деп, аспан көк түсті болғандықтан оны көк тəңір деп атады. Қазақтардың көк соққыр деп қарғағаны тəңір атқыр деген мағынаны білдіреді. Бұл сол байырғы идеяның қалдығы. «Тарихижазбалар. Ғұндар шежіресінде»: Тəңірқұт жорыққа аттанғанда, күндіз күнге, түнде айға сиынады делінген [381]. Гередодша айтқанда да, сарматтар (демек оларға туыс үйсіндер де) əсіресе күнге табыныпты. Оған (əлемдегі ең ұлы, ең нұрлы, ең тез тəңірге) қолындағы ең серік, ең тез қолқанаты жылқыны құрбандыққа шалысыпты. Іледегі Үйсін обаларынан ертедегі үйсіндердің мəйіт басын күншығысқа қаратып жерлегенін, қабірдің сыртын күн пішінді күмбездеп үйгенін, кейінің оның сыртынан тағы бір қабат шеңберлеп тас жатқызғанын, сонымен бірге оба төбесіне үйілген тасты да дөңгелектеп қойғанын көрдік. Ол кезде үйсіндер, қаңлылар күн құдай- бір жайгер, ал нажағай - оның атқан жебесі деп есептеді [382]. Үйсіндер мен қаңлылардың киіз үйді дөңгелек етуі, ең жақын ауылдастардың алқа-қотан(күрен жасап) қонуы, талай тайпалардың (мысалы Үйсін ішіндегі Қаңлы, Албан, Дулат, Суан, Абдан, Ботбай, Сəмбет, Сиқым, т.б.) ентаңбаларында күн белгісі - О пішіннің болуы міне осыдан. Үйсін елбасының күнби атануы да соған байланысты. Маздеизм (Mazdeisme, ) ежелгі үйсіндерде күшті болды. Ол кейін келе тіпті іргелес Ирандағы Сасанилар əулетінің мемлекет діні дəрежесіне шейін көтерілді. Бұл діннің сарқыны қазақтар ішінде əлі де бар. Қазақтағы отты лаулату мағынасындағы маздату, Ахура мазда деген сөз бəлкім сол маздеизмнен қалған болар. Тіпті бұл діннің түрік халықтарынан шығуы да мүмкін. Əйтеуір, кейін келе Түрік, Слав, Парсы, т. б. ұлттарға дəстүр болған Оттəңір (ирандықтарша Атəш ата - От ата,,, аландарша Ад У Ни - ОтҚұдай, ) [383] үйсіндерде Алас Ата боп өмір сүрді. Бұл арадағыаланның Адуни дегеніндегі Ад - от, У - күн немесе құдай (Умай анадағы У-ды еске алыңыз), Ни - ие, кие дегендік шығар. Ол б.з. ғасырында Қытайдың солтүстігіне барғанда отқақұлдық ( ) деп аталды. ғасырда, Чаң-анмен Лояң қалаларында оның ғибадатханалары да болды. Бірақ əрі шет ел діні деп қаралғандықтан, əрі Қытай дəстүрімен сиыса алмағандықтан бұл елде дами алғаны жоқ. Үйсіндер, қаңлылар отты күннің жер бетіндегі киесі деп қарады. Отты кіршіксіздіктің символы, жарық нұрдың қайнары, арамдықты аластаудың, пəле-қазадан арылудың қуаты есептеді [384]. Қазақтағы қазірге шейін үзілмеген аластау салттары - əне соның жалғасы. Үйсіндер, қаңлылар, күнге табынумен бірге, айға да сиынды. Ай жаңаланғанда, əйелдер айға қарап тізерлеп отырып, ерлер тұрған беті алақандарын жайып ( жаңа ай жарылқа, ескі ай есірке! деп. - С. Ж. ) айға сиынды. Бұл ғадет қазақтар арасынан қазірге дейін кезігеді [385]. Үйсіндер жерді ана ретінде тəу тұтыпты. Мысалы, қажеті болғанда қылыштарын Су Бейхай. «Қазақ мəдениетінің тарихы». Шынжаң халық баспасы бет. 382 Су Бейхай. «Қазақ мəдениетінің тарихы». Шынжаң халық баспасы бет. 383 Торсайт //www. htb. com. cn/ мен //imgsrc. baidu. com/baike/ ден алынды. 384 Су Бейхай. «Қазақ мəдениетінің тарихы». Шынжаң халық баспасы бет. 385 Су Бейхай. «Қазақ мəдениетінің тарихы». Шынжаң халық баспасы бет.

178 178 ТӨРТІНШІ БӨЛІМ қара жерге шаншып, үстіне ақ не қан сеуіп, қара жермен қарудан соғыс жеңісін де тілеседі екен. Сақтар жылқыға, бұғыға, аққуға, үкіге, т. б. тəу ететін. Бұл да бүгінгі қазақ, қырғыз, т. б. халықтарда сарқынын сақтаған. Қыздар баскиіміне, бесікке, домбыраға, т. б. үкі тағу соған мысал. Сақтар өлгендерінің мəйітіне жылқыны қоса көметін. Үйсіндер ғана емес, жалпы Түріктер сақтар мəдениетінің мұрагері ретінде, мəйітке атты қоса көму салтын жалғастырды [386]. Жалпы алғанда, Үйсін мəдениетінде психоанализдің ( ) түп бастауы санауға болатын шаман діні мықты орын алды. Шамандық дегеніміз, - депті Шоқан Уəлиханов, əлемді, дүниені сүю, табиғатқа деген шексіз махаббат жəне өлгеңдердің рухын қастерлеу, аруағын ардақтау. Шамандық сенім табиғатқа бас иеді. Шамандар аспан Тəңірі мен Рухтың жердегі қолдаушы адамдары ретінде саналған. Шаман сиқырлық қасиеттерімен қоса білікті, талантты, басқалардан мəртебесі жоғары, ақын да, сəуегей де жəне емшіде, сегіз қырлы, бір сырлы адам болған. Үйсіндер шаман адам санасынан тыс күштермен қарым-қатынаста болады деп нанды. Оларда шамандар (сағұндар, бақсылар, бақшылар ұстаздар) əлеммен байланыс жасай алатын, сол негізде тəуіптік, балгерлік, сəуегейлік, сиқыршылық, т. б. қасиеттері бар адамдар едəуір жоғары мəртебеге ие болды. Үйсіндерде шамандар (бертінгі, шамандықтың инварианттылығын тұрмысқа икемделген нұсқасын ұстанған бақсылар) атасағұн, баласағұн, т. б. лауазымдарға да иелік етті. Жай тұрмыстан тартып ірі істерге (тіпті соғыстың жеңістеріне дем беруге) шейін араласатын болды. Оның кейі сол заманға тəн оқығаны бар абыздар болатын. Айта берсеңіз, Хəн Уди патшаның, өмірінің соңын ала, өлместің емін іздеткен емшісінің біріде, Сізге маңыңыздағылардан қастық бар деп алдап, патшаның сарай ішіндегі талай сенімді серіктерін өлімге бұйырттырғанның бірі де осы Батыс Өңірден барған ху (мүмкін құдандалы ел Үйсін) емшісі Луанда ( ) сықылдылар болатын. Үйсіндерде тотемизм де (киетек, үндістерше туыс, белгі дегендік)айқын болды. Мысалы бүкіл түрік халықтарына ортақ бөрі тотемі (Елжау күнбиді емізді делінетін көкқұртқаға байланысты) осы үйсіндерден басталған сықылды. Үйсіндер бөріні тотем етті. «Тарихи жазбалар. Ферғана баянында»: Жаңа туған нəресте күнби иен далада қалады. Бұл баланы құстар ет тасып беріп, көк бөрі емізіп асырайды. Ғұн тəңірқұты оны киелі бала деп біліп, алып кетіп, асырап ержеткізеді деп жазылған. Ал, «Хəннама. Жаң Чянның өмірбаянында»: Осы кезде жаңа туған нəресте күнбиді əкесінің туысы Бөжей оңқа қалың шөптің арасына орап қойып, өзі тамаққа кетіп қайтып оралса, нəрестені көк бөрі емізіп, ет тістеген құстар төбесінен ұшып жүреді. Мұны көрген ғұндар баланы киелі санап, еліне апарады. Оны Ғұн тəңірқұты асырап ержеткізеді деп жазылған [387]. Көкқұртқаны (бөрі қаншығын) қастерлеу аңыздарының өзге нұсқалары да бар. Алаша ханның өзі жəне оның арғы аталары (Яфет, Түрік, Түтік, Елшехан, Дипбагүй, Киікхандар) туралы да бұл тотем сөз болған. Бұл əрі үйсіндік тотемді, əрі үйсіндердің түрік екенін тағы да аңғартады. Сонау сақтардан тартып бергі үйсіндерге шейін күшті болған генотиптік ( ) наным бүгінгі қазақтарда да тым əлсірей қойғаны 386 Торсайт //www. htb. com. cn/ мен //imgsrc. baidu. com/baike/ ге қараңыз. 387 Су Бейхай. «Қазақ мəдениетінің тарихы». Шынжаң халық баспасы бет.

179 ЕЖЕЛГІ ҰЛЫС ТАРИХЫ жоқ. Профессор Т. Ғабитовше айтқанда: Генотиптік діни жүйе деп рулықтайпалық қауымға тəн ілкі ата текті қастерлеп, оларды жаратушы жəне қоғамдық өмірдің барлық салаларында шешуші күш ретінде қабылдайтын сенімдер мен нанымдардың бірлігін айтады. Генотиптік сенімнің орталық бейнесі - аруақ. Атабаба аруағын қастерлеу - мысалы аруаққа сиыну, одан көмек сұрау сықылдылар Сақ заманынан осы күнге дейін жалғасқан дəстүр. Үйсіндегі арғыдағы Саншора өсиетін ұмытпауы, Оңғайдың Саншорадан кейінгі сөзін қайыра тұрып, Нəбиді күнби етуі сол аруаққа (Саншорадан тартып арғыдағы күллі Үйсін ата-бабаларына) жоғары ізеттің нышаны сықылды елестейді. Батыр ата-бабаларының атын ұранға айналдырып, жауға шапқанда солай ұрандап шабуылдау, ертедегі үйсіндер мен қаңлылар түгіл, бергі қазақтарда да болды. Бүгінгі қазақтарда да ол жаңаша түспен жалғасуда. Тайпа немесе ру атаулының бəрі тұрмысындағы ерекше жаратылыстық жағдайды жəне жаратылыстық туындыны түгелдей өз дініне енгізді [388] деген рас. Үйсіндер генотиптік нанымды малға да істетті. Үйсіндер өздері баққан малды киелі санады жəне олардың киелерін ( шопан ата, қамбар ата, зеңгібаба, ойсыл қара, шекшек ата, т. б.) қастерледі. Бұл ғадет бертінгі қазақтарда толық жалғасын тапты. Үйсіндерде магия (яғни сиқыршылық - адамдардың басқа адамдарға, жануарларға, өсімдіктерге, тіпті табиғат құбылыстарына əсер ету қабілетіне сену) де болды. Əсіресе махаббат, емдік, т. б. магиялар (мысалы жадылау, т. б. )қазақтар ішінде де бертінге шейін жалғасты. Арғы заманда, əсіресе сақтар деп аталған кезеңде-ақ, үйсіндердің ата-бабаларында жыныстық ағзаға табыну да етек алған екен. Бұл кезінде ата-бабалары Ұлы Даланың шығыс шетінде жасаған бүгінгі кəрістерде де бар. Тарбағатай аймағындағы Шағантоғай ауданының Бардақұлы мен Санжы облысындағы Құтыби ауданының Қызыл қия ( ) деген жеріндегі жыныстық ағзаға табынуды көрсеткен петроглифтер осыны дəлелдейді. Қауымдық қоғамдағы адамзаттың қимылы бейнеленген осы екі жартас суреттері, Қытайда көп ұшырамауы былай тұрсын, тіпті халықарада да сирек кезігеді. Ол төтенше маңызды ғылыми құнға ие [389]. Бұл петроглифтердің бірталайы арғы сақтар кезінен тартып Үйсіннің сөз боп отырған заманына шейінгі тұстарда салынған. Шадыман Ахметұлының талдауынша, Еуразияның ұлан-ғайыр даласын қоныстанған көшпелі түріктер ана тəңір Ұмайға табынған. Ол сонау Сақ-Үйсін дəуірінен қалған дара тұлға. Əйелдер мен балалардың жебеуші тəңірі Ұмай ананың атын тіліміздегі ұма (аталық малдың ені. - С. Ж.), сарғынай (сарғы ұмай) сөздерінен тапсақ, М. Қашқари: Ұмай - бала жолдасы дейді. Міне бұдан Ұмай анаға табыну дəстүрінің Түрік қағандығынан көп бұрын қалыптасқандығын əрі оның аналық рулық қауымнан қалған анаға табынудың жалғасы екенін аңғарамыз [390] дейді. Қисынды сөз. 388 «Маркс, Энгельс шығармалары». 26-том халық баспасы. 63-бет. (Су Бейхай. «Қазақ мəдениетінің тарихы». 229-бет. 389 Су Бейхай. «Қазақ мəдениетінің тарихы». Шынжаң халық баспасы бет. 390 Шадыман Ахметұлы: Массагеттер жəне Баянгол жазбалары, «Шынжаң қоғамдық ғылымы»

180 180 ТӨРТІНШІ БӨЛІМ Бұл өңірдегі халықтарға жыл басы наурыз мерекесі сықылдылар да ортақ болды. Қадім замандардан тартып батыстағы эллиндерден (гректерден) шығыстағы бирмалықтарға шейін мерекеленген бұл мейрам бұл өңірдегі тайпаларда гүл гардон, наусаржы, нардуган, шаған сара, ноурыз оях, ұлыстың ұлы күні сықылды аттармен тойланып тұрды. Бүгін ол Қазақстан cықылды елдерде мемлекеттік мерекелердің бірі. Ұлы Даланың Үйсіндер өмір сүрген өлкесінде, дəстүрлі нанымдармен қатар таралған діннің ең байырғы бірі зоороастризм болған сықылды. Шығыстанушы ғалымдар (В. Струве, В. Абаев жəне т. б.) бұл діннің бұл өңірге б. з. б. ғасырда таралғандығын айтқан екен. Бұл үйсіндер ішінде, тым етек алмаса да, əсерсіз өте шықпаған болар. М. С. Орынбековтің «Қазақ сенімдерінің бастаулары» деген кітабында Қазақстан жеріне əлемдік діндердің ішінде алғашқысы болып буддизм келді. Бұмынның інісі Мұхан қаған осы дінді қабылдады, ал оның мұрагері Тобоқаған Нирвана-сутрадан бастап будда əдебиетін түрік тіліне аударуға жарлық берді деген сөз тұр. Шынжаң өңірінен шыққан археологиялық деректер мен бүгінге жеткен мың үйлер мен бұдханалар мұны растайды. Ұлы Даланың Үйсін, т. б. елдері буддизмді қабылдап қана қоймай, оны шығысқа, Орта Жазыққа таратуда да күшті рөл атқарған болатын. Алайда бұл Үйсіннің екіге жарылған, тіпті батысқа көшкен кезіне (б. з. бірінші мың жылдығының басына) тура келеді. Сондықтан үйсін ішінде тым етек алмаған сықылды. Үйсін, т. б. елдердің талай дарынды буддистерінің шығысқа ауып барып қоныс тебуі, Хəн əулетіндегі елге ірі ұстаз болуы да сондықтан шығар (Бұған қызығатындар автордың «алысқа кеткен арыстар» деген еңбегіне қарар). Бірақ Ұлы Даланың бұл тұсындағы басты этностардың (түріктердің) жоғарыда сөз болған басты дəстүри итағатын (тəңіршілдікті, аруаққа табынуды, шаманизмді), зоороастризм мен буддизм түгіл, соңғы мыңжылдықтан бері əбден жалпыласып, мықтап орныққан ислам діні де түбегейлі ығыстырып шығара алмады. 2. Психологиялық мəдениеті. Рухани əлемнің ішінде психологиялық элементтерді ескерусіз қалдыруға болмайды. Хəн ұлты қырық темірдің қылауы дедік. Соның ішінде Чин (, Жоу да делінеді) мен Чу ( ) мəдениеттеріндегі бір ортақтық дала мəдениеті факторының недəуір барлығында еді. Əрине мұны өзге хандықтардағыларға (адамдағы көңілдік психологияны дəріптейтін көзқараспен айтқанда, қайсарлық пен батырлық психологиялық факторларға кедей саналған, кейін келе Хəн əулетіне бағынған Орта Жазықтың хандықтарына) салыстыра айтып отырмыз. Соған Орта Жазықтықтар чиндерді бұратаналарға, бұратаналық мəдениетке ( ), іс жүзінде жабайылыққа жатқызатын. Бірақ чиндердегі бұл фактор да Ғұн қағанатындағыларға қарағанда олқы еді. Бұлардың ғұндар шабуылының алдында үнемі қорғанушы болып келуінің басты себебі де осы-тын. Бүкіл Қытайды бір орталыққа бағындыра бастаған Чин Шыхуаңның Ұлықорғанды салдыртуы да соған айғақ. Ол сол арқылы ғұндарды өз мемлекет шекарасының сыртына тастап, ғұн аттарының тұяғынан қорғана аламын деп есептеді. Міне бұл сол кездегі көшпенді ұлт психологиялық сапасының аграрлы ұлт психологиялық сапасын басып түскендігінің белгісі (Əрине кейін, Чин, Чу мəдениеттері өзгелермен қосылып Хəн дəуіріне тəн мəдениет қалыптасқанда

181 ЕЖЕЛГІ ҰЛЫС ТАРИХЫ жағдай өзгере бастады). Хəн Удидың ғұндарды, Таң Тəйзоңның түріктерді, Еділ патшаның еуропалықтарды, Шыңғыс қағанның бүкіл Еуразияның денін ойсырата жеңуін, олардың жеке басының артықшылықтарына тели салмай, сол кезеңдегі мəдени ситуацияға, ұлттық психологиялық сапаға байланыстыра қараған жөн. Мұны айтып отырғаным, ұлыжүздердің жетіп барып егінші ел Бактрияны басып алуында да осы психологиялық сапа айырмасы тұр. Ал, жартылай көшпенді Үйсін ұлысындағы жұрттың мəдениетіндегі психологиялық сапаның дəл осы тұста ғұндардан да жоғары екеніне б. з. б. 71 жылы Ғұн қалың қолын 50 мың ғана үйсін қолымен қиратқанынан-ақ байқауға болады. 3. Тұрмыс мəдениеті. Жоғарыда аталған экономикалық өре, рухани жəне психологиялық, т. б. мəдениеттегі деңгей үйсіндердің тұрмыс мəдениетін де көтере түсетіні белгілі. Ол киім-кешек, үй-жиһаз, əрлену мен тазалық, т. б. жақтардың бəрін де қамтып жатады. Соған бір мысал мынау: Үйсін ішіндегі белді тайпаның бірі Йұрпан (Юебан, қазіргіше Албан [391] ) ханының нөнендермен жауласпай тұрғандағы бір сапары туралы жылнамалар былай депті: Йұрпанның ханы мыңдаған адаммен Нөнен еліне Датанмен дидарласу үшін келеді. Олардың жеріне жүздеген ли ішкерілеп кірген Юебəн ханы нөнендердің кір жумайтынын, əйелдері ыдыстағы жұғынды жалап кетіретінін көреді де, қасындағы ұлықтарына ренжіп: мені алдап қайдағы иттердің еліне əкелгенсіңдер?! деп атының басын кері бұрады. Содан бастап бұлар (нөнендер мен албандар. - С. Ж.) бірі мен бірі жауласып, өзара көп шабысты. [392]. 4. Тіл-жазу мəдениеті. Ол кезде Ұлы Далада қолданылған тіл көп болған. - ғасырдың соңы ғасырдың бас шендерінде Шынжаңда экспедициялық жұмыста болған неміс зертеушісі А. Фон-Ликог өзінің бір еңбегінде тек Шынжаң жерінде он жеті түрлі тіл, жиырма төрт түрлі жазу қолданылған депті [393]. Сақтарды көп тайпалы, көп тілді, оның ішінде түріктілділері де толып жатыр дейтініміз де осыдан ғой. Алайда, бұл өлкедегі Сақбұтарларының, Хəн тарихшылары ху тілдері ( ) санап келген, мына тілдерін ғана атап өтейік: А. Тохар тілі. Бұл тілдегі деректер бізге Күшар, Қарашəр, Тұрпан (Ідіқұт, Қарақожа), Дунхуаң (Дахата, Дашя) өңірлерінен табылған будда классиктері, өзге дін (мысалы манихей - ) жазбалары, медицина əдебиеттері, келісім-шарт, жерхаттары мен іс-шоттар арқылы жетіп отыр. Саны да аз емес. Ғалымдар бұл тілді сатем тіл тобының шығыс бөлігіне жатады, италиялықтар тіліне таяу, ең ежелгі үндіеуропа тілдерінің бірі болар деседі. Олар оның екі (Күшарша немесе батыс тохарша жəне Қарашəрше немесе шығыс тохарша) диалектін де байқаған. Кей оқымыстылар Крораннан шыққан дүниелерді зерттеп, оны тохар тілінің үшінші диалекті деп те жүр. Олардың кейі ұлыжүздердің тілін де осы тілдің диалектіне жатқызысады. Алайда иландыруға əлсіз. Ə. Шығыс иранша тіл немесе сака тілі ( ). Бұл Хотан, Керия, Қашқар Бақыт Еженханұлы: «Юебант этнонимі туралы», Шығыс 2004 жыл 1, 134 бет. 392 «Қытай жылнамаларындағы қазаққа қатысты деректер». 2-кітап. Ұлттар баспасы. 248-бет. 393 Ғалым Жұмашұлы. Қазақ халқы жəне қазақ жазуы жөнінде ( Туған тіл альманағы. 3(11), 2009).

182 182 ТӨРТІНШІ БӨЛІМ жақтан табылған мəтіндерге қарап шығарылған салдар. Мұның да кемінде үш диалекті бар екен. Б. Соғды тілі. Ғалымдар мұны ежелгі иран тілінің шығыс диалектіне жатқызып жүр əрі б. з. б. ғасырдағы Жібек Жолының халықаралық тілі деп те санайды. Бұл тілге аздаған дерек Самарқаннан жəне Дунхуаңнан табылып отыр. Дунхуаң дерегі - Лояңдағы өрт пен сонда аштан өлген көп соғдылықтар туралы жазылған 8 хат. Жоғарыда аталған бұл тілдердің біз үйсіндерге тілі жуық емес қалалы хандықтар деген жақтың тілдері екенін ұмытпағанымыз жөн. В. Түрік тілі. Торсайт //www. htb. com. cn/ мен //imgsrc. baidu. com/ baike/дегі авторлардың ( да жариялаған мəтіннен алған) мына сөздері бұл өңірдегі түрік тілі мен ондық диалектілер тарихының арыда екенін растай түседі. Онда: Лингвистердің болжауынша тохар тілінің алғашқы үнді-еуропа тілдерінен бөлініп шығуы тым ертедегі - б. з. б жылдың басындағы іс. Сосын, алғашқы тохар тілі мен фин-угор, үнді-иран жəне түріктілдері ұзақ мезгіл араласқан. Сондықтан бұл араласудың дені Орта Азияның солтүстігі мен шығысындағы регионда өткен делініпті. Бұл үзіндінің беретін шабыты кемінде екеу сықылды: Бірі, кей ғалымдардың тек археологиялық қазба жұмыстарынан арыда шыққан ішінара мəтіндермен ғана шектеліп, бергі кезде табылған жазуларды ескермей, бүгінге дейін жеткен тарихи да реал шындыққа да мəн бере алмай, бұл өңірдегі түрік тілдерін ауызға алмауының қате екендігін сезе түсу. Енді бірі, алғашқы тохар тілі мен түрік тілдері ұзақ мезгіл араласқан дегеннің, тəп сол дəуірде түрік тілінің де өмір сүріп жатқанымен қоса, бұл тілдер ара парықтың бүгінгідей зор емесін жəне түрік тілінің өзге (мысалы тохар) тілге енуі мен оны өзіне де қабылдауының шынайы процес екенін мықтап ескеру. Ғалымдардың көбі үйсіндерді түрік тілді халық деп санайтынын əлденеше жерде айттым. Толып жатқан ғалымдардың зерттеп дəлелдеуінше, Үйсіннің тілі түрік тілдері тобына жатады. Жапон ғалымы Ширатори Куракичидің зерттеуінше, ертедегі Үйсін билеушісінің атының артындағы Мидеген Хəн əулеті кезінде Би деп оқылады екен. Демек бұл бүгінгі қазақтардағы би. Бұл фактілер ертедегі үйсіндердің осызаман қазақтарының ататегі екенін анағұрлым түсіндіре түседі [394]. Алайда оның түрік тілдерінің қай диалектінде сөйлегені былайғы жерде зерделеуді күтіп тұр. Су Бейхай профессор: Кеңес Одағындық А. Н. Бернштам: Б. з. б. бірінші мыңжылдықтың орта шенінде Орта Азияға келген ұлттар барған сайын көбейді. Олар түріктермен тектестеу ұлттар. Бұл жаңа келушілер Үйсін мен Қаңлы арасына, олармен іргелес боп қонды. Б. з. б. - ғасырларда, олар жергіліктерге барынша қосылып, жергілікті тұрғындардың нəсілін, келбетін біртіндеп өзгертті. Б. з. басталуының алды-артында, түрік тіліне жуық бір тіл(дұрысы түрік тілінің бір диалекті делінуі керек-ті. - С. Ж. ) Үйсін мен Қаңлы көшпенділерінің арасында тіпті кең етек алды. Ғұндардың батысқа енуі түріктік құрамның кірігуіне күшті қозғаушы болды дейді. Бернштамның археологиялық материалдарға негізделіп жасаған талдаулары б. з. басталуының алды - артындағы Үйсін, бет.

183 ЕЖЕЛГІ ҰЛЫС ТАРИХЫ Қаңлы, Қыпшақ этностарының бəрі түрік екенін көрсетеді жəне бұл жазба деректерге үйлеседі [395] деген болатын. Бұл жоғарыдағы сөзімізді тіптен күшейте түседі. Дегенмен, үйсіндерді иран тілдес дей салудың орынсыздығы айқын болғалы қашан. Бұл туралы ғалымдар: Бүгінге дейін батыс рұңдар ( )ішінде скитайлық құрам немесе ариан тілді тайпа барлығы байқалған жоқ. Ол кездегі ариандардың ең шығыс шеті Тəңіртаудың орта шенімен шектелетін. Сондықтан Жүз бен Үйсінді иран тілді тайпа санау ақылға қона кетпейді. Дегенмен Үйсін жері батыстарақ. Іледегі скитайлармен іргелес болуы мүмкін. Сондықтан арасында ариан қандылар жоқ деуге де болмайды. Жылнамаларда үйсіндерді Батыс Өңірдегі ұлттар ішінде еуропалық нəсіл ерекшелігі ең айқын делінуі де бұған айғақ [396]. Бұл арада, Лин мырзаның дұрыс сөздеріне қоса, ариан тайпаларын түгел бейтүрік тілді, еуропалық нəсілдегінің бəрі де сондай дейтін біржақтылықтың əсері барлығын да сезген боларсыз. Əрине, б. з. алғашқы мың жылдығында Түрік қағанатының мемлекет тілі, ал қыпшақ тілі деген атпен солтүстік Жібек Жолындағы халықаралық тіл болған түрік тілі аяқ астынан аспаннан түсе қалғаны жоқ (Кеңестер Одағында орыс тілі дəурендегенде қазақ, т. б. өзге ұлт тілдері жойылмағаны сықылды, Ұлы Далада өзге этнос тілдері дəурендегенде, түрік тілі де түрік тілді этностармен бірге өмір сүре берген). Оған қазіргі Моңғолия даласында тұрған түрік тас кітаптарындағы мəтіндер ғана емес, оның арғы жағындағы (б. з. б. 500 жыл шамасында кескінделген) Есік, т. б. жерлерден шыққан түрік тілді, түрік жазуларыақ куə. Дегенмен, бұл тілдер балаң сатыда - соншама көп тіл болғанымен, бір-бірінен тым парықталып кете қоймаған, өзара өте алшақтамаған тілдер екенін есіңізге тағы да сала кетейін. Бұл тұста алғашқы жазу да болған. Үйсіннің іргелес елі Ғұндар туралы Уаң Жұнхəн: Ал, Батыс Хəн əулеті Жауди патша тұсында өмір сүрген ірі мемлекет қайраткері Хуаң Куаң: «Тұз, темір хақында қызмет көрсету мəселесі»деген кітабында: Жөн-жоралғылық ережелер (тұрмыстық кодекс болар - Ə. Д.) жинағы болғанымен, сүйекке ойып, теріге басқан жазуымен ұлықтары өзара хабарласады. Хан мен уəзірлері жоғары төменге шабармандарды жұмсайды деуіне қарағанда, жазу-сызуы бардай көрінеді. Олай болмағанда Сүйекке ойып, теріге басылған жазу демеген болар еді. Сондай-ақ жоғарыдағы өзарахат-хабар алысу, шапқылаған шабармандар деген сөз қолданыстардың да мəн-мағынасы қалмас еді [397] деген. Б. з жылдары Фунан (Камбоджа) еліне барған У хандығының дипломаты Каң Тай барған елі туралы аялдағанда 430 Уаң Жұңхəн.. Бейжиң бет. (Əлімғазы Дəулетхан. «Хұн-түрік-қазақ тарихын зерттеу мəселелері Алматы. 32-бет) Олардың жазуы ғұндардың жазуын еске түсіреді деген екен [398]. Академик Əлкей Марғұлан жыл бет Уаң Жұңхəн.. Бейжиң бет. (Əлімғазы Дəулетхан. «Хұн-түрікқазақ тарихын зерттеу мəселелері Алматы. 32-бет) 398 Сонда. 183

184 184 ТӨРТІНШІ БӨЛІМ да жазу мəдениетіне аялдағанда Қазақстанның байтақ өлкесінде төрт түрлі жазудың үлгісі сақталған. Ескі Ғұн, үйсіндер пайдаланған руна жазуы, Шынжаңдағы ұйғырлар пайдаланған арамей жазуы (Жұбан ана, Батағай), араб жазуы деген. Ху, Ғұн, Үйсін деңгейлес те аралас елдер болғасын, айтпағымызға осы дəлелдер де жетерлік болар. Д. Əлімғазы айтқандай, Сонымен, біз де Қаржаубай Сартқожаұлы тиянақтаған бірнеше түйінді пікірді нақтылай түскіміз келеді: 1. Ғұндар, (демек үйсіндер де. - С. Ж. ) дыбыс белгілейтін алфавиттік жазуқолдан ған. 2. Бұл жазу ғұндардан бері үзілмей, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып, Х ғасырға дейін қолданылып келген. 3. Ғұндар байырғы түрік (прототүрік, бабатүрік) тілінде сөйлеген, мемлекеттік тілі түрік тілі болған. 4. Ғұндар қолданған бабатүрік тілі бүгінгі қазақ тіліне өте жақын тіл. 5. Орқон-Енисей сына жазуы - Ғұн, Үйсін мен Қаңлы қолданған ежелгі алфавиттік жазудың тікелей жалғасы, жаңғыртылып, жетілдірілген жаңаша жазу үлгісі. [399]. Ерте замандағы Үйсінге іргелес елдерде де жазу болған. Соның бірі - Қаңлы (есіңізде болғай, Қаңлы мен Самарқанд іргелес жəне самарқандықтар ұлы жүздермен тектес ел). Нығымет Мыңжанұлы жылнамаларда [400] Қаңлылардың жазуы көлденеңнен жазылады. Олардың өздері жазған кітаптары бар делінгенін ауызға алады. Егер ішінара қайталауларға əдейі жол бере отырып, тіл мен жазу жайлы əңгімені соза түссек, сөйтіп, Үйсін ұлысында да, үйсіндер түрік тілінде сөйлесіп қана қоймай, жазу да болған. Ол жəне Ұлы Даладағы өзге түрік тілді сақ тайпалары қолданған жазулар - бертінгі (жоғарыда мысал етілген сықылды)ескі түрік жазуының төркіні. Сондай-ақ, бұл түрік жазуы өзге жазулардың(мысалы, кей ғалымдар айтып жүргендей ескі соғды жазуының) көшірмесі емес, түрік тілді тайпалардың, соның ішіндегі үйсіндердің рулық таңбалары негізінде дамытылған төл тумасы. Еркін Ауғалидың зерттеуінше [401], Түрік руна жазуы мен ескі Соғды (арамей) екі жазу формасындағы басты сызықтарда айырмашылық бар. Бұлар тұтасынан, жүйесінен, жасау əдісінен алғанда сəйкес емес. Бұлар ара біржолата көшіру байланысы жоқ [402]. Түрік руник жазуының тұтас ерекшелігінен қарағанда, ескі соғды жазуымен сəйкес келетіні тек жеке əріптері немесе дыбыстас əріптердің ішіндегі пішіндік кей ортақтық қана. Көрінген жуықтық немесе сəйкес пішіндер бүкіл түрік руна жазуының кіндіктұсын құрай алмайды. Қазір бұл археологиялық табыстар арқылы мықтап дəлелденді де. Б. з. б. - ғасырлардағы сақтардың солтүстіктегілері түрік тілді, оңтүстіктегілері 399 Əлімғазы Дəулетхан. «Хұн-түрік-қазақ тарихын зерттеу мəселелері». Алматы. 44-бет. 400 «Солтүстік əулеттер тарихы. Батыс өңір тарауы мен «Сүй əулеті тарихы. Қаңлы тарауында». 401, «(http: //www. xjass. com : 12: 48. ) 402

185 ЕЖЕЛГІ ҰЛЫС ТАРИХЫ иран тілді болған жылы Қазақстанның Алматы қаласынан 50 шақырымдай сырттағы Есік қаласының іргесіндегі қорымнан, б. з. б. - ғасырларға тəн күміс тостағанша қазып алынды. Тостаған бетінде, күміс күптелген өрнектен сырт, 26 əріптен құралған екі жол жазу да бар. Қазақстан ғалымдары бұл екі жол жазуды: Аға саған бұл ошақ! Жаттар тізеңді бүк! Халықта азық мол болғай! - деп оқыған [403]. Бұл туралы Қазақстан. Ұлттық энциклопедиясы да: бұл күміс тостағаншадағы осы таңбалар, көне түрік сына жазу таңбаларына ұқсас. Көне түрік тілінде оңнан солға қарай оқылуы: Аға саңа очкук! Без чөк! Букун ічре азуқ! Аудармасы: Аға саған (бұл) ошақ! Бөтен (жат ел адамы) тізеңді бүк! Халықта азықтүлік мол болғай! депті. Бұл жазудың аса бір құндылығы - ертедегі Қазақстан жерін мекендеген сақ тайпаларының тілі көне түрік тілі болғандығын тағы да нақты дəлелдей түседі. Сондай-ақ, Қазақстан жеріндегі алғашқы көшпенділерде жазу-сызу болмады-мыс деген пікірдің ешбір негізсіз екенін айқындап, бұдан 2500 жыл бұрын түрік тілдес тайпалардың жаза білгендігін жəне оның кең түрде пайдаланылғанын куəландырады [404] дейді. Ал, Алматы қасындағы Есіктің Үйсін ұлысы тұрған аумаққа кіндік болған маңызды орын екені жоғарыда айтылған. Демек бірінші бөлімде біз көрсеткен картадағы түрік тайпалары (Turkic tribes) дегеннің дұрыстығы, бірақ оның түрік тайпаларына тиесілі аумақты, Алтайдың шығысы мен батысына жəне солтүстігіне жая көрсетпей, тым тар қып сызғаны басты олқылық болып отыр. Қазақтарда тағы атамзаманнан бері қолданылып келатқан əр түрлі тайпалық таңбалар да бар. Оның ішіндегі 20 неше тайпаның таңбасы ежелгі түрік жазуына ұқсас. Сондай-ақ, талай таңбалар тіпті Алтай мен Тəңіртау аралығындағы петроглифтердегі ежелгі жазулармен бір қалыптан шыққандай. Сондықтан көптеген лингвистер тайпалық таңбаларды ежелгі жазумен, яғни түрік ескі жазуымен байланыстыра зерттей келіп, бұл екеуінің арасында туыстық байланыс бар деп отыр. Толып жатқан фактілер қазақ ұлтының құрамына енген ру-тайпалардың бұл дыбысты жазуды қолдана бастағанына неше мың жыл болғанын дəлелдейді. Дəлірек айтқанда, ертедегі сақтар заманынан бастап қолданған. Демек бұл жазуды ең баста сақ тайпалары, сосын ғасырдағы түріктер істеткен. Бұл жазу сақ ру-тайпалары арқылы түрік ру-тайпаларына (қаңлы, үйсін, қыпшақ, т. б. ) өткен. Қытайдың «Солтүстік тарихы. Батыс өңір баяны» мен «Сүйнама. Қаңлы баяны» сияқты ертедегі жылнамаларында қаңлылардың жазуы көлденең жазылады жəне жазумен баяндалған хаттамалары бар делінген дедік. Қаңлылар мен үйсіндерде күн мен ай тəрізді жəне ертедегі түрікше жазу таңбаларына ұқсайтын тайпа ендері бар. Сондықтан оларды байырғы рулық қоғам кезінде-ақ пішіндік жəне мағыналық жазулар негізінде өз жазуларын жаратқанда қолданған деп кесіп айтуға əбден болады. Профессор Жаң Шиман ( ) өзінің «Үйсін-қазақ ірі істер жылнамасы» деген еңбегінде: Хəн дəуірі кезіндегі Үйсін диалектілері кітабын оқыған соң, ол кезде Үйсіннің жазуы болғанына кəміл сендім. Бұл жазу ертелі-кеш табылады - деген еді [405]. Жоғарыда сөз болған Есік жазуынан сырт, 1963 жылы Ақтастан, 1968 жылы Қаратомадан, 1976 жылы Талас бойынан, т. б. (Сібірдегі Енисейден, Лена бет. 404 «Қазақстан. Ұлттық энциклопедия». 3-том. 433-бет бет.

186 186 ТӨРТІНШІ БӨЛІМ аңғарынан, Орқон, Онгин, Селенга өзендерінің алқабынан, Талас пен Сыр бойынан, Ертіс пен Іле жағасынан) табылған жазулар профессор Жаң Шиманның ойын дəлелдеді-ақ. Яғни Есік жазуының табылуы ертедегі Қазақстан тұрғындарының бұдан 2300 жыл бұрын жазу жаратқанын жəне қолданғанын түсіндіреді [406]. Бұл да сөзімізді нықтай түседі, əрине. Ағылшын радио серіктестігінің хабарлауынша, археолог Ричард Медотапқан ең алғашқы (5500 жыл бұрынғы) жазу Пəкстанның Хараба деген жерінен, ежір сынығынан шығып отыр. Бұл Мысыр оңтүсігіндегі патша зиратынан шыққан, карбон-14 жылөлшеу тəсілімен қарағанда б. з. б жылдікі саналған жазудан да бұрынғы дүние. Демек ең ертедегі жазу шыққан адрес Орта Азияға (демек Үйсін ұлысы жұртына) барған сайын таяуда. Ал, мұны профессор Су Бейхай «Қазақтың мəдениет тарихы» деген еңбегінде: Үйсін, Қаңлы ұлыстарында, алғашқы қоғам кезінде-ақ ру-тайпалық таңбалар болды. Оның көбі əр алуан пішінде. Кейбіреуі күнге, кейі айға, кейі бұтаққа, т. б. ұқсайды. Міне, бұл үйсіндер мен қаңлылардың алғашқы қоғамнан таптық қоғамға өту барысында, əр ру-тайпаларда бұрыннан жалғасып келе жатқан таңбаларды негіз ете отырып, бірте-бірте өз жазуларын жасағанын түсіндіреді, осыған дейінгі археологиялық табыстар Қазақтардың ата-бабасы сақтар мен үйсіндердің б. з. б. - ақ белгілі формадағы жазуды қолданғанын, сонымен бірге, б. з. б. ғасырдағы Үйсін, Қаңлы ұлыстарының сақтар мəдениетіне мұрагерлік еткенін жəне оны үздіксіз дамытқанын дəлелдейді дейді. Ал, Шадыман Ахметұлы: Сақтардың байырғы мекені Есік қаласынан табылған, бұдан ғасыр бұрын көмілген күміс тостағандағы жазудан көктүріктердің Талас, Орқон, Енесайлардан табылған жазуларын сақ жазуының заңды жалғасы деп толық тұрақтандыруға негіз ете аламыз. Есік жазуындағы əріптің көпшілігі түрік таңба - алфавитінде бар болып шықты. Сақтардың аты қазақтың қарасақ, қарымсақ, саққұлы, бассақ, мұсақ, массақ руларының есімінде күні бүгінге дейін сақталып отырса, Əлмисақтан бері деген тұрақты сөзтіркесімен жарасым тауып тұр [407] дейді. Демек, ежелгі үйсіндердің арғы аталары сақтар мен бергі ұрпағы - туысы түріктерге жазу жағынан да көпір болмауы қисынсыз. Үйсін күнбишесі Лю Жиеюдың туысының қызы Шяңфуды Үйсінге ұзатарда Хəн ордасы оның 100 -ден астам ергегін, Шаңлинюанға жатқызып, Үйсін тілін үйретті деген де бар. Хəн ордасы Үйсін тілін үйрену шарасын сан рет жүргізген. Соған қарағанда, Үйсін тілі сол кездің өзінде-ақ деңгейі жоғарылау, əрине жазуы да бар тіл болған [408]. Ал, А. М. Щербак «Оғызнама» - б. з. б. орта ғасырдағы, Үйсін ұлысы өңіріндегі, оғыз-қыпшақ тайпаларының байырғы аңызына сүйеніп жазылған əдеби туынды десе, академик Бартольд анағұрлым тереңдей түсіп, бұл шығарма қазақ Ұлы Даласының тұрғындарын қайнар еткен туынды деген екен [409]. Ғұн астанасының, соған орай тəңірқұттардың басты харекет алаңының Моңғолия бет. 407 Шадыман Ахметұлы: Массагеттер жəне Баянгол жазбалары, «Шынжаң қоғамдық ғылымы» бет бет.

187 ЕЖЕЛГІ ҰЛЫС ТАРИХЫ аумағын кіндік еткені белгілі. Моңғолия жеріндегі Ғұн молаларын қазу кезінде табылған көптеген құнды материалдардың ішіндегі ең құндысының бірі - ғұндардың таңба жазуы. Əзірге дейін табылған таңба жазуларының саны 14-ке жетті. Бүгінге дейін табылған таңба жазулардың біраз əріптері Орқон-Түрік жазу əріптерімен бірдей екені белгілі болды. Түрік қағанаты қоғамның жаңа қажетіне қарай Ғұн əріпі негізін реформалау арқылы Орқон-Түрік жазуын жасаған [410]. Тарихшы ғалым Ахметұлы Шадыманның айтуынша: Астанадағы Еуразия университетінің жазу мұражайында Ғұн қағанының өз елшілеріне берген алтын кіркесінің фотосуреті тұр. Онда Түрік руна жазуы ойылған. Үйсін тілі мен жазуы жөніндегі мəдени өрені осы айтқандарымыз-ақ недəуір елестететін шығар. 5. Баспана мəдениеті. Үйсін қалаларын, соның ішінде баспаналарын бүгінгі деңгеймен елестету, оған келмесе, жоққа есептей салу ғылыми көзқарас бола алмас еді, əрине. Қаланың да, баспаналардың да өз дəуіріне сай деңгейі болады. Үйсіндер жартылай көшпенді, жартылай отырықшы болған дегенді жоғарыда айттық. Үйсіндердің көшуге ыңғайлы баспанасы киіз үй туралы археолог Уаң Биңхуалардың лебізі де берілді. Қазаққа ата-тек болған тайпалардың төл туындысы киіз үйдің ғылыми ойға (ең кемінде геометрияға) сіресіп тұрғаны жайлы əдебиеттер мол болғасын оған бұрылмай-ақ қоялық. Хəн жылнамаларында Ғұн қағанатына қараған талай тайпаларды, соның ішінде Алан, Қаңлы, Үйсін ұлысындағыларды өзара салттас деп жазады. Онысы рас. Дейтұрғанмен табиғи ресурсы ұқсамайтын екі жердегі қаланы да(мысалы Орқон басындағы Тəңірқұт қаласы Ұлубалық пен Жетісу жақтағы Үйсін астанасы Қызылкүренді де) ұқсас санай салу жеңілтектік болар еді. Меніңше Қызылкүрен, Тараз сықылды қалалардың баспаналарына түйме дуал, шикі кірпіш, əсіресе ағаш пен тас пайдаланылған. Амал не, жауын-шашынның көптігі, сұрапыл соғыстар, ақтабан-шұбырындылық ол заман ескерткіштерінің көбін бізге жеткізбеген. Əсіресе ағаш ғимараттардың ешкім тиіспеген күнде де, мықтап күтілмесе, ұзаққа шыдамайтыны беп-белгілі. Ал енді, Сол кездегі (киізүйлерден сырт) баспана қандай үлгіде болған? Бұған археологиялық материалдар мен этнографиялық тексерулер біраз деректер ұсынды. Моңғолкүре сықылды аудандардың ауыл-қыстақтарында қазір де қабырғаларын бөренемен тұрғызып, төбесін сырғауылмен жапқан шағын ағашүйлер кезігеді. Бəрінен қызығы, бұл ағаш үйлердің құрылымы үйсіндердің ежелгі қорымдарындағы ағаш ақымға қабағат ұқсайды. Оның да төрт қабырғасы жұмыр ағаштан тұрғызылады, ағаштың бір-біріне қималасқан жерлері қашалып қиюластырылады əрі сына қағылады. Сондықтан ол орнықты да тегіс болады. Оның да ішкі қабырғаларына кезінде киіз тартылған. Мұның тозыққан бопырын қазір де байқауға болады. Киіз сыртына сида ағаш керіш қағылады. Ағаш ақымның төбесі 2-3 қат қарағаймен жабылған. Оба - тірінің өліге салған жер асты баспанасы. Ол белгілі дəрежеде сол кездегі өмір шындығының көріністерін аңыс етеді. Ал бұл ағаш ақымдардың бітімі бізге жетіп отырған сол шағын ағаш үйлерден аумайды. Біз оларды ежелгі 410 «Монғол мемлекетінің тарихы». (Монғолша) Ұланбатыр бет. (Əлімғазы Дəулетхан. «Хұн-түрік-қазақ тарихын зерттеу мəселелері». Алматы бет). 187

188 188 ТӨРТІНШІ БӨЛІМ үйсіндердің тұрғын үйлерінің нұсқасы деп қабылдаймыз. Біз мұны тым негізсіз айтып отырғанымыз да жоқ [411]. 6. Өнер мəдениеті. Өнер - өз алдына көп мазмұнды қамтитын форма. Бастысы, қоғамдық сана мен адам танымын бейнелейтін форма. Ол ішкі сезімді, жан дүниені көркем образдар жүйесімен бейнелеуді мақсат тұтады. Бүгінгі өнер көркем əдебиет, музыка, мүсін, кескіндеме, театр, кино, би, сəулет өнері, т. б. түрлердің бəрін қамтиды. Ал, ертедегі сақтар мен оның мəдени сабақтас мұрагерлері Ғұн қағанатындағыларда өнер өз заманына сай дамыды, əрине. Оның сəулет өнеріне жататын киіз үй, ағаш үйлерін жоғарыда ауызға алдық. Қолөнері де айтылды. Үйсін елінде əсіресе əн, күй, музыка (өнердің мезгілдік түрлері) жəне оның аспаптары, мүсіншілік, сурет (өнердің мекендік түрлері), би (өнердің мекендік-мезгілдік түрі) жақсы дамыған деуге болады. Өйткені, бұл елдегі тума-төл жасампаздықтан сырт, арғы сақтар мəдениетінің сабақтастығы бар, бұл саладағы өз кезінің əлеми озықтары Араб, Парсы елдерінің ықпалы бар. Əрі Жібек Жолының торабы тұрса, əрі атты ұлыс тұрса, Араб, Парсы. Еуропа елдерімен ауыс-түйісіне титтей де шек келтіруге болмайды, əлбетте. Лю Юңның ( ) сықылды ғалымдар айтқандай, Ұлы Далада (əсіресе үйсіндер өмір кешкен аумақта) ең алғашқы би бұдан 2500 жыл бұрынғы жыныс ағзаларына табыну биі болды. Ол кезде өндіргіш күш өте төмен-ді. Тіршілік үшін ұлы табиғатпен адамдар тобының қаракүшіне сүйеніп алысу қажет болатын. Сондықтан алғашқы тұрғындар этносының көркеюін, халық санының артуын тілеп, ер-əйел ара байланысты дəріптейтін жəне оған тəу ететін. Ұлы Даланың талай тұсында (көбінесе көш жолдарына) мұндай билер жартастарға да кескінделген. Кезінде жұрт сол петроглифтерге барып табынатын да болған. Мұндай петроглифтердің ең айқын бір тобы Қытайдың Барлық тауындағы Бардақұл (б. з. б. ғасырдікі) мен Құтыби ауданындағы Қызылқияда ( ) да тұр дегеміз. Бұл таңбалы тастарға ер-əйелдердің жеке, топтық билері кескінделген. Бишілер тыр жалаңаш беті өз сымбаттарын əйгілеген. Əр алуан мүшелік қимылдары арқылы өзге жыныстағылардың сезімін қоздыруға ұрынғаны байқалады. Соған қарағанда қазақтың айгөлек, қаражорға сықылды билерінің төркіні арыда жатыр. Жоғарғы беттегі сурет 1998 жылы, Шəнши өлкесінің Фучың қаласынан шыққан ( ) ертедегі қабырға суреттен алыныпты. Суретке алдағылар билеп, ең артқы қобыз ( ) тартып тұр деп жазылған екен. Домбыра шерткен шошақ бөріктінің алдындағы екеудің қимылы еріксіз қазақтың қаражорға биін есіңізге салады. ҚХР Алтай аймағындағы Бурылтоғай ауданының Жетіарал ауылынан табылған, б. з. б. - ғасырларға тəн қола айнаның (көлемі 50 шаршы см-ге таяу) 411 Уаң Биңхуа, Уаң Миңжы. «Үйсін тарихындағы келелі мəселелер». (, )242

189 ЕЖЕЛГІ ҰЛЫС ТАРИХЫ сыртына сыбызғы, сырнай сықылды 12 түрлі, осы өңір халықтары қолданған музыка аспаптарының суреттері ойып түсірілген екен. Демек музыка өнерінің бəрін бұл маңның оңтүстігіндегі жұрттарға ғана тəн деу сыңаржақтылыққа əкетеді. Үйсін ұлысы ғана емес, оның солтүстігіндегі өзге түрік тайпаларының да бұл өнерден кенде емесін бұл факт дəлелдеп отыр. Музыка аспаптарынан қобыз басты орында тұрған сықылды. Бұл көптеген түрік халықтарында кездесетін қос ішекті музыкалық аспап. ОртаАзия, Алтайды мекендеген түрік тектес тайпаларға ортақ. Оған ұқсас аспаптарды Кавказ, Сібір халықтарынан да кездестіруге болады. Бұл атау өзге халықтарда бірде ысқышты, бірде шертпелі, бірде тілмен ойналатын аспаптарды білдірсе, қазақта қос ішекті ысқышты аспаппен байланысты қолданылады. Қобыз - көненің көзі. Онда ертеде бақсылар ойнаған. Олардың қобыз аспабында орындайтын арнайы сарыны, мақамы болған [412]. Бұлатаудың ысқышты, шертпелі, т. б. аспаптарға қолданыла беретіні рас. Жоғарыдағы суретте шертпелі аспапты қобыз депті. Қырғыздарда да шертпелі(домбыра сықылды) аспаптың аты қомұз. Бəлкім ертеде музыка аспаптарының бəрі қобыз не қомұз атанған да шығар. Қобыз сөзінің шығу тегін О. Хаймолдин қамыс сөзіне ұштастырады екен. Оны Т. Қоңыратбаевтер құптай түсіп, Іші қуыс, орта шеніне дейін шанақпен жабылған қобыз атауының семантикасы қауыз ұғымына əбден сай келеді. Күп, күбі, қабы, қабыз, қауыз, қобыз атаулары фонетикалыық тұрғыдан өзара жақын, үндес. Ал семантикасы қауыз сөзімен сабақтас дейді. Мүмкін. Қисыны бар. Енді мына ықтималдық та ойлап көруге татиды. Бұл қу мен боз сөздерінің жалғануынан шыққан болуы да мүмкін. Ол заманда аққу да тотем еді. Қобызбен сарын айтып ойнайтын бақсылар аққу қанатын жамылып та жүретін. Ал боз дегенің боздаудағы түбір сөз ( үндеу дегендегі үн сықылды). Демек аққуша боздайтын музыка аспабы деген мағыналы болуы да ықтимал. Бақсылар аққу қанатын жамылып қана қоймай, оның боздаған үнін шығаруға да тырысқан көрінеді. Сосынғы бір аспап домбыра. Домбыра тектес аспаптар Орта Азиядағы түрік тектес халықтардың барлығында дерлік бар. Мысалы башқұртта думбыра, қырғыздарда қол қомұз, түріктерде саз, ұд (Т. Қоңыратбаев, т. б.). Домбыра сөзінің тəмбір дегенмен төркіндес болуы да мүмкін (мəдени ауыс-түйісі тығыз халықтар емес пе), Дутар (қос ішекті) сықылды, тең бұра, ду бұра (екі бұрауышты, екі құлақты) дегеннен шығуы да ықтимал. Үйсіндерде музыка аспаптарынан үрлемелі (сырнай, сыбызғы, қурай, т. б.), соқпа лы (дауылпаз, дабыл) аспаптары да, шертпелінің өзге түрлері де (жетіген, т. б.) болған сықылды. Оған археологиялық табыстар мен төменде айтылмақ музыка аспаптары жағындағы ауыс-түйістер айғақ бола алады. 7. Мəдени ауыс-түйістер. Үйсіндер əсіресе Батыс Өңірдегі қандас, тілдес, діндес ұлыстармен тығыз мəдени байланыс орнатты. Одан қала берді, Ұлы Жібек жолындағы маңызды торап жəне аттылы мемлекет болғаны үшін, батыс пен шығысқа көпір де, байланысшы да бола отырып, талай ауыс-түйіс орайына ие болды. Соңғы байланысты тек бірер жаққа (не Қытайға, не Еуропаға, не Таяу шығысқа) ғана шектеп қою, əділетсіздік 412 «Қазақстан. Ұлттық энциклопедия». 5-том. 694-бет. 189

190 190 ТӨРТІНШІ БӨЛІМ саналмаған күнде де, шалағайлық болмақ. Бұл мəселені тарихи деректердің санына жыға салмай, тарихи, географиялық, этникалық, логикалық, т. б. қисындар бойынша ғылыми жүйелеген жөн. А. Хəн əулетімен байланысы. Бұл жоғарыда аз айтылмады. Дегенмен мəдени байланыс жағын толықтай кетейік. Бұл туралы Хəн тарихшыларының көзқарасына мынау өкілдік ететін-ақ шығар: Хəн ордасы мен Үйсіндердің құдандалық қатынасының үйсіндердің шаруашылығының дамуы, мəдениетінің өсуі, ғылым-техникасының алға басуы жөнінде белгілі белсенді маңызы болды. Хəн əулеті Шижюн ханшаны үйсіндерге, Күйме, ат-көлік, киім-кешек жəне басқа да жасау-жиһаздарын түгел жабдығымен ұзатты. Оған қызмет ететін шендісі, əтегі, күтушілері бар бірнеше жүз адам тағайындап, аса салтанатпен шығарып салды. Ханша Үйсін еліне барған соң, өзіне арнайы сарай салғызды. Осындай неше жүз адамдық құдалар тобының құрамында өнердің əр түрінің дарындылары болды; олай болмағанда, оның өзіне арнайы сарай салғызуы қайтіп мүмкін болмақ?! Жиею Үйсін елінде өмірінің елужылдайын өткізді. Оның хəндермен (қытайлармен) ара байланысы өте тығызеді. Жиеюдың қызы Дес астана Чаң-əнға барып, əуез аспаптарын үйренді, Дестің күйеуі Күңпен Күсəнда Хəн əулетінің түзімдерін жүргізбек болды; арада көп ұзамай үйсіндердің металл қорыту техникасы едəуір жоғарылап, Хəн əулетінің металл қорыту техникасымен арадағы алшақтығын недəуір жақындатты; Чаң-əнда Үйсін тілі оқытылатын болды [413]. Үйсіндерге олар озық санаған Хəн жақтың мəдениетінің енгені даусыз. Бұл арада озық санаған дегенім елеп-екшеп қабылдаған болу керек. Мысалы, иероглифтік жазуды өзінің түрік тіліне үйлеспейді деп санап, қабылдамай, тума көне түрік жазуында қала берген. Хəн ұлты өңіріне өте жалпыласқан ғимарат үлгісі де қабылданбаған. Бұл арада Хəн шеберлерінсіз қытайша сарай салу мүмкін емес дегенге сенуге əбден болады, əрине. Ал, көшуге сонша ыңғайлы киіз үй қаңқасына миы жеткен, ағаш барақтарды сала білген халықты - үйсіндерді ешқандай басқа үлгідегі ғимараттарды сала алмайды деп ұқсақ мүлде қателесер едік. Сонымен қоса, Үйсін мəдениетінің Хəн əулетіне барғанын да айтуға тиіспіз. Жоу Жиңхоң ( ) [414] : Солтүстіктегі көшпенді ұлттардың мал нəсілдері мен малшаруашылық техникалары Хəн ұлтының малшылығына кірді жəне оның дамуына түрткі болды. Маңайдағы ұлттар Хəн егіншілігінің дамуына да белсенді үлес қосты. Төңеректегі ұлттар қытайлардың қолөнеркəсібі мен саудасының өркендеуіне де белсенді ықпал жасады. Олардың діни нанымы Хəн ұлтының дəстүри итағатына аса зор əсер етті. Хəн ұлтының киіміне, асына, жатып-тұруына, көңіл ашуына ықпалы да өте зор болды деп, бұларға талай нақты мысалдар келтіреді. Осы орайда музыка аспаптары мен əуез мəдениеті жағындағы ауыс-түйісті мысал қыла кетейік. Хəн жылнамаларында бұл туралы Тəй У (б. з жж. билік құрған. - С. Ж. )патша. Қатысты басқармаларына Йұрпанның (Юебəннің, Албанның. - С. Ж. )жауынгерлерді ерлікке шақыратын күйін орданың əуез мекемесіне енгізуді бұйырды [415] деген сықылды деректер көп. Ал, http: //www. xjass. comсайтындағы 413 Уаң Биңхуа, Уаң Миңжы. «Үйсін тарихындағы келелі мəселелер». (, «Гуаңмиң газеті» «Солтүстік əулеттер тарихы. 97-бума. 85-баян. Батыс Өңір».

191 ЕЖЕЛГІ ҰЛЫС ТАРИХЫ «Қытайға кірген туысқан ұлт адамдарымен ере келген бірнеше түрлі музыка аспаптары» [416] деген мақала 2008 жылдың 14-желтоқсанында көп сыр шерткен. Одан мыналарды біле аламыз: Батыс Хəн əулеті кезінде ежелгі жібек жолы ашылып жəне негізінен қалыптасып Қытай мен Батыс Өңірдегі мемлекеттер ара əр жақтылы барыс-келіс біртіндеп күшейді. Таң, Юан, Мин ( ) кезіне жеткенде тіпті қайнап, Батыс Өңірдің хулары ( ) Қытайға ағылып келе бастады жəне олар Қытай мен Батыстың мəдени ауыс-түйісінде маңызды рөл атқаруға кірісті. Бұл мəдени ауысудан туған əсер бұрын болып көрмеген дəрежеде тиді. Жұңхуа мəдениетін мейлінше байытты да дамытты. Астрономия, күнтізбе, металл қорыту, керамика, инженерия, медицина, сəулет, əскери, қаругерлік, саяси, кемешілік ( ), егіншілік жақтарынан маңызды ықпал жасаудан сырт, Орта Азия мен Батыс Азия мемлекеттері мен ұлттарының музыкасы мен музыка аспаптары шығысқа еніп, Орта Жазыққа тарала түсті ( ). Міне бұл үлкен ұлтқа тəн астамдықтан аулақ, əділ баянның мысалы. Əрине бұл сөз б. з. 1-мыңжылдығынан бергі ауыс-түйісті айтып отыр. Алайда сізге мен осы бергі кездің осыншалық ауыс-түйісінің б. з. б. тұстан бастау алатынын ескерте отырып сөз қозғамақпын. Егер осы ойды негізге ала таратсақ: (1) Сырнай барыпты. Хəн дəуірінен тартып Жин, Юан (, ) кездеріне шейінгі аралықта парсылар мен түріктерден сырнай (, Surnay, Zurna) барған екен. Жоғарыдағы суретте соның өңделген, металдан істелген бүгінгі түрі көрсетілген. Хəндер оны суона ( ) деп атаған. Мұның Хəн жақпен ең алғаш тату байланыс орнатқан үйсіндер, Тарым жиегіндегі елдер арқылы бару ықтималдығы зор. (2) Онымен қатар қобыз да жетіпті. Оны хулар жасағасын хəндер ху аспабы ( ) дей бастапты да, артынан екіішекті болғандықтан, алдына өздерінше екі (əр)дегенді қосып, арху ( ) атапты. Кейде шичиң ( ) дейді де екен. Соң əулеті кезінде шыққан музыка теориясы туралы кітап «Лешу» ( )дегенде: Шичиң - əсілі хулардың музыка аспабы ( ) деп жазылған. (Оң жақтағы суреттерде: Қобыздың Хəндер (қырғыздар секілді) қобыз ( ) деп атаған шертпе түрі мен Хəндер қолданып жүрген бүгінгі Қыл қобыз - архудың бір түрі). (3). Домбыра да барған екен. Хəн тілді əдебиеттерде Пипа ( )хулардан шыққан. Ат үстінде тартуға да болады. Ішегін бері шертсең пи, ары шертсең

192 192 ТӨРТІНШІ БӨЛІМ па деген дауыс шыққасын пипа деп аталған [417] деген бар. Пипаның сол жақта көрсетілген түрі аумаған домбыраның өзі. Егер бұған сенсек, тарихы 5000 жылға баратыны сөз болып жатқан домбыраның Қытайға баруы, біз сөз қып жатқан кезеңде емес, арғы сақтар кезіндегі іс болар. Өйткені қытай жылнамаларында Шижюн ханшаны үйсінге ұзатарда, Пипаны ат үстінде ойнауға лайықтап жасағаны айтылады. (4) Жетіген де жетіпті. Хəндер оны яңчиң ( ) деп атайды. (Оң жақтағы сурет жетіген мен шыңдауылдың бүгінгі хəндердегі дамыған түрі) (5). Дауылпаздың шыңдауыл түрі. Мұны хəндер тоңбо( ) деп атапты. Жылнамаларда Тоңбо - мыс табақ ( )деп те аталады, батыс рұңдар мен наймандардан ( ) шыққан [418] деген бар. Өзге əдебиеттерде Мысыр, Сирия мен Парсы жақтан хулар арқылы келген деу де кезігеді (анау бүгінгі дауылпаздың шыңдауыл түрі - тоңбоның бір мысалы). Ал И Миң [419] Батыс Өңірден Түнязыға барған, таралған деп көрсеткен өзге дүниелер де көп-ақ. Бұлар да сол кездің ауыс-түйісінің айқын дəлелдері. Мысалы, кат ағашы ( ), усарымсақ ( ), бедиян ( ), бадам ( ), əнжір ( ), шүйіншөп ( ), анар ( ), зірə ( ), қарбыз ( ), шабдалы ( ), мақсары ( ), қияр ( ), түйежаңғақ ( ), тораңғы ( ), сəбіз ( ), қауын ( ), шыны ( ), жүзім ( ), шекер ( ), кілем ( ), арыстан (Шадыман Ахметұлының талдауынша, түрік тілдеріндегі арыстан арсыл аң - жыртқыш аң деген сөздің кірігуінен жасалған. Ал қытайша мына иероглиф иран-үнді тілдеріндегі шир дегеннен келген), түйе( ), суық жердегі аттылы адамға лайық киімдер ( -, ) сықылдылар үйсіндер өмір сүрген аймақтан Хəн əулеті жаққа барған екен. Əрине оның кейі Араб, Парсы, Үнді жақтікі. Орта Азиялықтар көпір болысқан, шығысқа таратқан. Біз мəдени ауыс-түйістің, бір беткей емес, ерсілі-қарсылы болатынын дəлелдеу үшін ғана аз мысал көрсеттік. Сол арқылы Үйсінге өз шығысы мен батысынан да талай мəдени келістің болғанын да аңғарттық. Əрине, бұл арада осы музыка аспаптарының бəрін үйсіндер жасаған дегелі отырғанымыз жоқ. Бұл бір. Екіншіден Хəн жылнамалары мен əдебиеттері батыстан келгендігін ашып айтып отырғанда, бұл музыка аспаптары Үйсін ұлысынан аттап өте шыққан деуге де аузымыз бармайды. Сол кездегі Үйсін елінің мəдениетінде бұлардың да өз дəуіріне лайықты дəрежеде болғанын ескеруіміз керек. Үшіншіден бұл аспаптардың, жайшылықтағы 417 жазған ге қараңыз (http: //www. xjass. com )

193 ЕЖЕЛГІ ҰЛЫС ТАРИХЫ мəдени шараларға ғана емес, басқа (соның ішінде соғыс, т. б. да) қолданылғаны шындық. Төртіншіден, қазіргі түрік халықтарында, соның ішінде қазақтарда бұл музыкалық аспаптардың бəрі бар жəне олар дамыған, өзгертілген екенін де ескерте кетеміз. Оның кейі (мысалы жетіген сықылдылар) хəн ұлты жақта тіпті мықтап дамытылған. Сөз реті кеп тұрғасын қайталау араласса да айта кетейік. Хəн əулетінің шаңырағын көтерген патша Лю Баңның фамилиясы, Хəн емес, Лю. Бірақ ол жасаған көтерілісінің алғашқы сатысы жеңіске жеткенде Ханшуй ( ) бойындағы Хəнжұң ( ) деген қаланы қамтыған өңірге хан (уаң) болып тұра қалған. Төңкерістің екінші сатысында, тақ таластарын жеңіп, патша болғаннан соң, патшалық атын Хəн əулеті ( ) деп атады. Хəн əулеті күшейгесін, даңқы артқасын, билеген жылы ұзарғасын оның бұқарасы өздерін Хəн халқы санап, хəнбіз десісетін болды. Хəндер маңайындағы өзге ұлттарды нанман (найман), бейди, шичяң, дұң-и ( ) дейтін. Кейін келе солтүстіктегіұлттарды хурын (ху адамдары, ) дейтін болды. Əр алуан себептен б. з. б. кезден бастап, əсіресе б. з. 304 жылынан соң солтүстіктіктер Орта Жазыққа ағыла бастады. Олардың Хəн тіліне шалалығы хуларша ( ), тіпті хуларша шүлдірлеу деген мағына беретін талай сөз бен сөз тіркестерін (, сықылдыларды)қалыптастырды. Сол қатарда, батыстан (соның ішінде үйсіннен) Орта Жазыққа барған дүниелердің аты да Ху сөзі тіркеле айтылатын болды. Мысалы (қарабұрыш, тораңғы, ху музыкасы, сəбіз) дегендейін. Жоғарыда айтқан ауыс-түйістің, тек музыкамен ғана шектелмей, тіл, шаруашылық, т. б. жақтарды да қамтығанын осыдан да көруге болады. Орта Жазықтан батысқа, соның ішінде Үйсінге келген озық нəрселер туралы айтушы ауыз көп болғасын, оған бұл арада көп аялдауды артық көрдім. Ə. Батыс жəне оңтүстік жағымен байланысы. Ең тығыз араласқаны Ұлы жүз бен Қаңлы, Қыпшақ болуға тиісті. Ілгеріректе дегеніміздей, Ұлы жүз Алғы Чиң (б. з. б жж. ) кезінде деп аталды. Артынан, деп хатталды. Мұндағы дегендегі кезінде Роу ( ) деп, ал кезінде Жы ( ) деп оқылатын. Сондықтан бірталай ғалымдар оны Йүзі ( ), Жүз ( ) деп, дегенді Ұлыжүз (Ұлыйүз)деп аударып келген болатын. Меніңше бұл түрік тілінен алынған қытайша жазылым. Тəңірқұттар соққысынан батысқа ауған Ұлыжүз елі Аму дариясының басына таман барып Бактрияны (Дашя, ) басып қалғаны (ол ел үстемдігіндегілердің оңтүстікке қашып кеткені) жоғарыда айтылды. Олар алғашында Ланшыны (Балх, Көккент, ) астана етті. Елін бесжабғылыққа [ ( ) ] бөліп басқарды дедік. Үйсіндердің біз сөз қылған Нəнді күнбиінен Оңғай күнбиіне дейінгі заманда (шамамен б. з. б жж. ішінде), гректік мəдениет негізіндегі Бактрия патшалығының маңайына ықпалы өте күшті болғаны сөзсіз. Ол Аму өзенінің сол жағындағы ұлан-байтақ аумақты алып жатты. Бұл патшалықтың өз шығысындағы Үйсін сықылды елдерге əсері де аз болғаны жоқ, əрине. Ол қала тұрмысынан тартып өнер мен əдебиет сықылдылардың бəрін қамтитын. Əйгілі шығыстанушы Һанс - Жоахим Климкейт «Die Seidenstrasse» деген кітабында (48-бет): Көшпенді Жүз тайпасының Қытай батысынан (қазіргі Гансудан)көшіп келуі гректік Бактрия 193

194 194 ТӨРТІНШІ БӨЛІМ хандығының жойылуында шешуші рөл атқарды дейді. Əрине бұл жою - билікті тартып алу ғана. Ал тұрғын халыққа қарата айтқанда - жүздермен араласу, ассимилияция, метистесу. Мəдениет тұрғысынан алғанда өзара мейлінше ауыс-түйіс жасау. Бұл барыстың əрі іргелес, əрітуыстас Үйсін ұлысына да қатты əсер еткенінде дау жоқ. Жоғарыда кең мағынадағы Батыс Өңірден Түнязыға барған дүниелердің (алуан өсімдік, хайуанат түрлерінен тартып көркемөнер салаларына шейінгілердің) Бактриямен оның төңірегінен Үйсін жəне Такламакан жиегіндегі хандықтар арқылы барғаны да аз емес. Бұл осы сөзімізге де мықты айғақ. Алдыңғы жақта айтқанымыздай, кейін келе Күсəн (Гуйшяң, Кушан, ) жабғылығы күшейіп, өзге төрт жабғылықты өзіне қосып алып, Кужула(Чюжежю, ) жетекшілігіндегі Кушан қағанатын құрды. Б. з. ғасырында Орта Азия мен Үнді түбегін қамтыған ұлан-байтақ жердің иесі, алып мемлекетке айналды. Сосын буддизмді қабылдап, саудасы дамып, Рим империясымен ауыс-түйіс жасай бастады. Хəн жылнамалары бұл кезде де оныұлыжүз дейтін. Оның Келентау (Чиляншан, ) бауырынан көшпей қалғандарын Кішіжүз ( ) атады. Бүгінгі қазақтағы үш жүздік, əсіресе Ұлыжүздік құрылымның тарихи негізі жоқ деуге аузымыз бармайды. Егер ол негіз арыда десек, осы кезеңнен таған қалаған болуы да мүмкін. Б. з. ғасырына келгенде Ұлыжүз ыдырады. - ғасырда мемлекеттігі жойылып маңын дағы өзге этностарға тарап, сіңіп кетті. Бұл барыста қасындағы Үйсін, Қаңлы, Аландарға сіңгені де аз болмаса керек. Егер айқындай айтар болсақ, құдіретті Кушан қағанаты тұсында үйсіндер оның ықпалына сөзсіз жолықты. Ал артынан, Кушан мемлекеті жойылған соң, тараған ұлыжүздердің Үйсінге сіңгендері де көп болуға тиісті. Қазақтағы Ұлыжүз-Үйсін атауының шығуы, тегін емес, əне содан да болар. Кейін келе қазақтар үш жүздік басқару түзімін орнатқанда, үйсіндерге Ұлыжүз атауын беруде де кешегі тарихтағы Ұлыжүз патшалығын, сондық мəртебені ескерген шығар. Нығмет Мыңжанұлы, Д. Жұмаш, т. б. ғалымдардың Ұлынүкіс (Ұлыжүз)пен бүгінгі Қазақтағы Ұлыжүзді тіке байланыстыра қарайтынын, ғасырдың 2-жартысында Жетісуда қазақ хандығының құрылуы Ұлыжүз бірлестігінің қалыптасуын тездетті. Осы кезден бастап бұл бірлестікке қазақ жеріндегі қилы-қилы кезеңдерден өткен жалайыр, қаңлы, албан, суан, дулат, шапырашты, сіргелі, шанышқылы, ысты, ошақты, сарыүйсін, қатаған тайпалары ене бастады. Бұл тайпалардың басым бөлігі б. з. б. І ғасырда. құрылған Үйсін мемлекетінің құрамында ерте темір дəуірінде тіршілік еткен болатын. Үйсін мемлекетінде үйсіндермен туыстас бірталай тайпалар (юежи, т. б.) тіршілік етті дегенін алғы бөлімде айтқан едік. Бұл пікір қатты қисынды. Үйсіннің батысында олармен араласқан ұсақ тайпалар да аз болмаған. Тек жылнамалардың бергенімен ғана шектелсек, онда Хузүн (Шюшүн, Яшын, ) елі. Памирдың батысында салты мен киінуі үйсіндердікі сықылды, Уандұқ (Жюанду, Һинду, ) елінің батысы памир, Хузүн елі, солтүстігі Үйсінге тіреледі. Киінісі үйсіндер сияқты [420]. Урдо (Уиту, ) мен Улұр ( ) елі де сондай, дегендер бар. Бұл Батыс Өңірдің ірі де күшті мемлекеті ретіндегі Үйсіннің өзінің батысындағы ұсақ ұлыстарға мəдениет жағынан да күшті ықпал жасағанын аңғартады. 420.

195 ЕЖЕЛГІ ҰЛЫС ТАРИХЫ Оңтүстіктегі Сака (Яркент, ) хандығы мен үйсіннің байланысы да тығыз болғаны айтылды. Ұл көре алмаған Сака ханы Оңғай мен Лю Жиеюдан туған Муанненді (Уаннян, ) өз орнына мұрагерлікке қалап-сұрап алды. Оған еріп талай үйсіннің Яркентке барғаны да сөзсіз. Ал Қаңлы сықылды елдермен ауылы аралас, қойы қоралас болғаны шындық. Оны Үйсіннің екіге бөлінгеннен соңғы тарихы тіпті дəлелдей түседі. Талайға шейін, Үйсіннің кіші күнбиіндегі атқа мінерлердің бір тобы Қаңлының күшімен елінің басын қосуға, ұлы күнбиді жоюға талпынды. Оған Қаңлы да недəуір сəйкесті. Ал, Қосөзен жағымен байланыс барған сайын жиілегенін тарихи деректер айқын көрсетеді. Ертедегі Месопотамия (Қосөзен) төңірегіндегі Шумер елі бұдан бес мың жыл бұрын-ақ адамзат тарихындағы алғашқы мемлекеттердің, Библия (Таурат) кітабындағы аңыздардың, Адам ата мен Хауа ана дəурен сүрген ұжмағы туралы дүниежүзілік алғашқы жазба əдеби туындылардың мекені болғанын білеміз. Орталық Қазақстандағы, Сарыарқадағы Кеңгір өзен атының Кеңгер (Шумер, Кенегір) жерінің атымен үндес келуі тегін емес, тілдік жақындық пен тайпалардың араласып байланысуынан пайда болды деп білеміз [421] деу де бар. Б. Солтүстік жағымен байланысы. Меніңше үйсін солтүстігіндегі басты тайпалар одағы қыпшақтар, қимақтар, қырғыздар болатын. Ол кезде қыпшақтар Ғұн қағанатындағы белді баулардың бірі-тін. Сондықтан көбінше қыпшақ атынан гөрі Ғұн аты көбірек шыққан. Қыпшақтар жөніндегі алғашқы мəлімет жазба деректерде б. з. б. ғасырда кездеседі [422]. Б. з. б. 201 жылы Ғун мемлекетінің негізін қалаушы Мөде тəңірқұт солтүстікте жаулап алған жерлерінің ішінде кюйше (цзюйше) [423], динлин жəне гэгуньдер [424] болған [425]. Осындағы кюйше этнонимін кыйчак немесе кыпшақ деп қарастыруды алғаш рет Бернхарт Карлгрен ұсынған болатын [426]. А. Н. Бернштам да осы пікірде болып, Мөденің солтүстік жорығының картасын жасағанда цзюйше тайпаларын жоғары Ертіс пен Енисей аралығында қоныстанғанын көрсеткен [427]. - дейді ғалым Ф. М. Шамшиденова. Меніңше үйсіндердің бұлармен жан-жақтылы байланысының өте тығыз болғанын бертінгі реалдылық арқылы дəлелдеген жөн сықылды. Өйткені бертінгі кездегі қыпшақтардың көбеюі мен күшеюі, ықпалының артуы мен жылнамаларға жиі түсуі сол арғы кезден өз тағанын қалай бастаған болатын. Мысалы, Ф. М. Шамшиденова жоғарыдағы сөзін былай жалғастырады: - Батыс Түрік қағанатының жорығында цзюйшемен гэгу, яғни қыпшақтар мен Енисей қырғыздары аталады [428]. Қыпшақтар бір ғана территорияда 800 жылға жуық тұрған (демек, олар осы өңірде б. з. б. ғасырда да бар деген сөз. - С. Ж. ). Мұны М. П. Грязновтың жүргізген археологиялық қазба материалдары толық дəлелдейді. Селенгі жазбаларында ( ғ. ортасы) қыпшақтар жөнінде түрік А. С. Аманжоловтың «Қос өзен өркениетінен Қорқыт аңыздарына дейін». 422 Таскин В. С. Материалы по истории сюнну. Вып. 1. М., бб. 423 Хуже (Хагат, ) дегені. - С. Ж. 424 Жянкүн (Генгүн, ) демекші. - С. Ж. 425 Кызласов Л. Р. Таштыкская эпоха в истории Хакасско Минусинской котловины. М Савинов Д. Г. Об основных этапах развития этнокультурной общности кыпчаков 427 Бернштам А. Н. Заметки по этногенезу народов Северной Азии // СЭ Грум Гржимайло Г. Е. Западная Монголия и Урянхайский край Т. 2. Л., бет. 195

196 196 ТӨРТІНШІ БӨЛІМ қыпшақтар бізді елу жыл бойы биледі, - деп жазылған [429]. Бұл жазба ұйғыр ханы Боян - чордың атына жазылған. Селенгі жазбаларында қыпшақтар ежелгі түріктер деп аталғандықтан, олар ғ. бірінші жартысында ұйғырларға үстемдік жасады деген сөз. Ертеде Алтайда тұрған қыпшақтар Алашаньға қоныс аударып, болашақ екінші қағанаттың демографиялық негізін қалады [430]. Шығыс Дешті Қыпшақтың шекарасы шығыста - Ертіс, батыста Жайық өзені, солтүстікте - Тобыл өзені, оңтүстікте - Балқаш көлі мен Сырдарияның орта ағысына енетін жерлер жатты. Шығыс Дешті Қыпшаққа он алты тайпа енген: бөрілі, тоқсоба, иетиоба, дуртоба, ал-арс, боржоғлы, манқұроғлы, имак, тағ, башқұрт, құманлы, базанак, баджна, қарабөріклі, үз, жортан. Батысқыпшақтарға он бір тайпа енді: тоқсоба, иетиоба, боржоғлы, елбөрілі, кангароғлы, анджоғлы, дурутоба, құлаоғлы, жортан, қарабөріклі, котан. Тобыл жəне Бараба татарларының тілі түрік тілдерінің қыпшақ тобына кіреді [431]. Моңғолдар келместен бұрын Ресейдің оңтүстік-шығыс бөлігіндегі сан жағынан көп тайпалар қыпшақтар еді. Сондықтан Алтын Орданы орыстар Қыпшақ Ордасы деп те атаған жылы Батый Ресейдің шығыс жəне оңтүстік бөліктерін жаулағанда қыпшақтарды талқандады. Қыпшақтардың өз ішіндегі алауыздықтар моңғолдардың тез жетістікке жетуінің бір себебі болды. (юге Западной Сибири // история, археология и этнография Сибири. Томск, бет [432]. 7. ҮЙСІН МЕМЛЕКЕТІНІҢ ҚОРҒАНЫСЫ Үйсін мемлекетінің тəуелсіздік ала бастағаннан-ақ қорғанысқа баса мəн бергені байқалады. Əйтпесе ол Ұлы Даланы жалпағынан билеп тұрған тегеуірінді тəңірқұты, 300 мыңнан астам сайжарақ қолы, төңірегін қоршаған талай хандықтары бар Ғұн қағанатынан сытылып шыға алмас еді. Үйсіндердің əскери түзімі - іс жүзінде бүкіл халық жаппай жасақ болу. Мұның мəнісі - əр үйдегі ер азамат түгел жасақ деген сөз. Олардың салты -жайшылықта мал баға жүріп, аң аулап тіршілік ету, қысылтаяң кезеңде соғысқа аттанып, жауға қарсы жорық-шабуылға, жортуылға шығу. Бұл - олардың тумақасиеті [433] деген ғұндар түзіміне ұқсайды [434]. Со заманды елестетсек мұның əбден қисыны бар. Үйсіннің Жаң Чян келген кездегі (б. з. б. 119 жылдағы) халқының саны 630 мың, түтін саны 120 мың, сайжарақ қарулы күші 188 мың 800 деген айтылды. Одан бір ғасырға жуық өтіп, Оңғай заманына (б. з. б. І ғасырдың алғы жарымына) келгенде бұл сан тіпті де артты дедік. Бұл қорғаныс күшінің сан жағы. Ұлы Даланы бір өзі сұраған тəңірқұттың аттандыра алатын əскерінің жалпы саны ұзағанда 300 мыңға 429 Малов С. Е. Памятники древнетюркской письменности Монголии и Киргизии. М. Л., бет. 430 Гумилев Л. Н. Древние тюрки. М., бет. болады 431 «Сібір жұртындағы қыпшақтар («Отан тарихы журналынан /1). Ф. М. Шамшиденова. 432 Гумилев Л. Н. Древние тюрки. М., бет 433 «Хəннама. Ғұндар тарауы». Бірінші бөлім.

197 ЕЖЕЛГІ ҰЛЫС ТАРИХЫ ғана баратынын еске алсақ, Үйсіннің шынында да батыс өңірдің ең күшті мемлекеті екеніне кəміл сенеміз. Б. з. б. 71 жылы төніп келген ғұн қолына қарсы 200 мың (оның 150 мыңы Хəн жақтікі) қарулы күш дайындалғаны мəлім. Ғұндардың бұл реткі шабуылын Оңғай бастаған 50 мың Үйсін армиясының, Хəннің 150 мың қолының араласуынсыз-ақ, тас-талқан етуі Үйсін қарулы күшінің бұл өңірдегі сапасында көрсете алса керек. «Хəннама. Чын Таңның ғұмырнамасында», Чын Таң Хəн əулетінің Чыңди патшасына (б. з. б жж. билік құрған ): Жат жұрттықтардың бес əскері Хəнның бір əскеріне пара-пар келеді. Неге десеңіз, олардың қылыштары өткір емес, жебелері доғал. Қазір олар Хəнның əдемі соғыс қаруларын жасауын үйреніпті дегенді естіп жатырмыз. Сонда да, олардың үш əскеріне Хəнның бір əскері татиды деп мəлімет жасаған екен. Мұнда Хəн əскер санының көптігіне дау жоқ. Ал Чын Таңның айтқан қару сапасына келгенде, өз елін көтере айтумен иесіне жағатсу бар деген күнде де, бұл сөз Хəн жақтың қару-жарақ өнері жағынан осал емесін жəне атты əскер санының артқандығын дəлелдеп те тұр. Дегенмен бұл арадағы жатжұрттықтар дегенге Үйсін сықылды жаттардың кіру - кірмеуін ойланып көрген жөн. Өйткені мына себептер бар: 1. Хəн əулеті ұлықтарының бəрі бірдей Сыма Чян сияқты аса шыншыл деуге келмейді. Олардың ішінде жандайшаптар да, өтірікшілер де жоқ емес. Чын Таң да солардың өзгені төмендетіп, өз жағын асқақтата сөйлеумен жағымситындарына жатады. Өйткені оның, б. з. б. 36 жылы, патша атынан жалған жарлық шығарып, Такламакан аймағындағы қала-полистер мен үйсін армиясын аттанысқа келтіруі де өтірікшілігі жағындағы біраз сырдың бетін ашады. Демек ол əрқандай жаманаттан, тіпті басы алынудан да қорықпайтын, қарабасының қамын ойлайтын зəндем. 2. Адамзат тарихындағы қола дəуірінен соңғы, аса маңызды (жан-жақтылы зор өзгерістерді əкелген, заттық мəдениетке негіз болған) темір дəуірінің Ұлы Далалықтардағы тарихы да зерделеуді, ескеруді қажет етеді. Бұл кез -шикізаттан алғашқы тəсілмен (мысалы Үйсін ұлысына тым алыс емес Кіші Азиядағы Хетт тайпаларының үрлеу əдісімен) темір ала бастағанына 1300 жылдай болған шақ. Аса абыройлы ғалымдардың қолынан шыққан əдебиеттер Ерте темір дəуірі б. з. б. - ғасырлардан бастап... б.з. ғасырына дейінгі уақытты қамтиды. Ерте темір дəуірінде суармалы егіншілікке негізделген көнешығыстық өркениет елдерінде (Месопотамия, Алдыңғы Азия, Кіші Азия, Солтүстік Африка, т. б. ) мемлекеттік жүйе мен саяси институттардың нығаю үдерістері жедел қарқынмен дамыды. Далалық тұрғындар қоғамы бұрынғыға қарағанда ерекше қарқынмен дамыды, металл өндірісі, сауда айырбасы гүлденді. Ерте темір дəуірінің соңын алатын уақытты, яғни скиф-сақ дəуірінен кейін келетін кезеңді ғылымда ғұн-сармат дəуірі деп атау қалыптасқан (б. з. б. -б. з. ғасырлары). Бұл кезде тарих сахнасына жойқын өзгерістер шықты [434]. Дүниеде ең ерте, мөлшермен б. з. б жылдары, темір шығарған хет ( ) хандығы. Қытайдағы өңірдің дені б. з. б. ғасырда темір қаруларды қолдана бастады [435] дейді. Сонда Ұлы Далалықтардың, əсіресе үйсіндердің темір өндіруді қашан игергенін, өзгеден үйренсе қашан, қай жақтан Уаң Биңхуа, Уаң Миңжы. «Үйсін туралы зерттеу». 51-бет. [435] «Қазақстан. Ұлттық энциклопедия» 8-том. «Темір дəуірі»

198 198 ТӨРТІНШІ БӨЛІМ (хеттерден бе, жоқ əлде Қытайдан ба?), қалай үйренгенін тəптішті зерделеу керек. Зерделемей тұрып, өзгеден үйренген, тіпті өзге елден жай игерген дей салу Ұлы Дала мəдениетіне жеңіл қарайтын көне ойдың жемісі болып қалар. 3. Сөз теңізі ( ): Түрік - ертедегі ұлттар аты. Кең мағынада Түрік, Теле сықылды тайпалар, тар мағынада Түрік қағанаты. Б. з. ғасырында Алтайдың оңтүстігінде көшпенді еді. Көсемінің тегі (фамилиясы) Ашына ( ) болатын. Алтайдың пошымы дулығаға (соғыста басқа киетін жабдық -доумоу, - С. Ж. ) ұқсайтындықтан түрік (тужө, ) атанып кетті. Басында нөнендердің (жужан, роуран, ) теміршісі ( ) еді дейді. Бұдан түрік тайпаларының (соның ішінде үйсіндердің) темірді өзгелерден тым жай игермегені байқалып тұр. Сақтар істеткен қарулар (шабуыл саймандары) мен жарақтарды (қорғаныс жабдықтары) үйсіндер тегіс жəне дамыта түсіп қолданды. Қаруларды, бес қарудан (қылыш, айбалта, найза, шоқпар, жақ) сырт, қанжар, пышақ, селебе, т. б. құрады. Жарақтар қатарында сауыттар, шарайна, дулыға, жеңсе, балтырлық, білектік сықылдылар болды. Олар - ат үсті соғысына лайық жəне шұғыл қимылға епті қарулар. Оның ең көп қолданылғаны жақ (садақ) пен жебе (оқ) еді. Оларда құрама (бетіне сіңір тартылып, ішкі жағына мүйіз жапсырылған, екіжайды ұштарынан буып бірлестірген) нарсадақ көбірек істетілді. Қорамсақтағы жебелерінің масағы, алғашқы тас, сүйектен дами келе, қоладан темірге дейін ілгеріледі. Үйсін қылыштарында сапы, семсер, ақинақ сықылдылар болды. Тас лақтыратын сақпан мен ұстау құралы шалма (бұғалық) да соғыстың тəуір қарулары саналды. Дегенмен, сол тұстағы Хəн əулетінің Сүнзінің əскери айласы секілді жазба əскери ғылымның үйсіндерде болғаны жайлы мағлұмат жоқ. Чын Таңның Хəн патшасы Чындиға бұратаналардың əскері аңғал, қаруы добал, семсері тесе, жебесі доғал, үйсін əскері қырық құрау, ұзақ соғыса алмайды дегендерін тегіс сенімсіз санай салу да қисынды емес. Əсіресе аңғалдық пен доғалдықтың талай ауыр опық жегізері хақ! Талай рет жегізген де. [436]. 485-бет

199 ЕЖЕЛГІ ҰЛЫС ТАРИХЫ 199

200 200 ТӨРТІНШІ БӨЛІМ 1. ЫДЫРАУ АРТЫНЫҢ ХƏННЕН АУЛАҚТАУҒА АЙНАЛУЫ Еске сала кетсек, б. з. б. 60 жылы, Үйсін ТКА-сының, Оңғайдың өмірінің соңында Хəн əулетіне уəде ретінде берген өсиетін аруаққа (Саншора Жөншікүнбиге жəне одан арғыларға) жат, қиянат санап, алдыңғы аруақ - Саншора өсиетінен аттамай, күнбилікке Нəбиді шығаруы сыртқы Хəн əулеті мен Ғұн қағанатының, ішкі тəуелсіздікті жақтайтындар мен хəншілдердің Үйсінбилігіне деген таласын анағұрлым паш етуге сіріңке бола кеткен-ді. Əу бастан билікке өз жиендерін шығару арқылы Үйсінді Хəнге бағындыруды жоспарлаған Хəн жақ Нəбидің күнби болғанын естіп қатты қапаланған. Бұл отқа Нəбидің таққа шыққаннан соңғы ұстанған хəншіл емес, дербесшіл жолы тіпті май құя түскен. Алдыңғы жақта айтқанымыздай, Саншораның Ғұн күнбишесінен туған Нəби таққа шыққаннан кейін, Хəн əулетіне де, үйсіндегі хəндерге де, тіпті хəншіл үйсіндерге де салқын саясат ұстанған сыңайлы. Сосын хəндер мен хəншіл үйсіндер оны жаратпай аусархан, есер хан атаған. Б. з. б. 53 жылға келгенде, саяси мақсаты Нəби күнбидің бөгетінен орындалмайтын болғанына көзі əбден жеткен оң күнбише Лю Жиею Нəбиді, ордасындағы сияпатқа шақырып, дайындаған жендеті арқылы өлтірмек болды. Бірақ Нəби ауыр жараланған беті қашып құтылды да, Қызылкүрендегі өз ордасына, өз жақтастары жаққа барды. Нəбидің ұлы Шичиншу астанадағы Лю Жиею бастаған Хəн жақтың адамдарының сарайын қоршауға алды. Ал, Үйсіннің тусыртынан Хəннің Батыс Өңірге қойған басқағы Жың Жи, Такламакан жиегіндегі қалалық хандықтардан əскер құрап, қалың қолмен бой көрсетті. Оның үстіне Чаң Хуй бастаған, кезінде чяңдарды тас-талқан еткен Шин Ушян қостаған топ 15 мың қолмен Дунхуаңға жетті. Сол арада тың игеріп(алдағы соғыс ұзаққа созылады деп мөлшерлегені ғой), Үйсінге шабуылдаудың дайындығына қамданды. Айлар өткесін, Оңғайдың ұлы Өжет əрі əкесіне өзі мұрагер болғысы келіп, əрі хəндерге қай мəміледе болу мəселесінде Нəбимен келісе алмайтынына көзі жетіп, оны жою арқылы Хəн жаққа жағынуды, сол арқылы өзінің күнбилігін Хəн тарапқа мойындатуды көздеп, оқыс шабуылмен жаралы Нəбиді өлтірді де, өзін күнби деп жариялады. Хəн тарап, əрине, Ғұн жиендерінің де, өзге дербесшіл үйсіндердің де Үйсін тағына шығуына қатты қарсы еді. Сондықтан Хəн əулеті Өжеттің күнбилігін мойындамай, бір тараптан сырттай, шығарған қалың қолы арқылы əскери қысым жасауын жалғастырды. Өжетті берілуге қыстады. Енді біртараптан əрі күйеуі Өжетпен жақын, əрі өзі тіл-жақты, Үйсіннің ішек-қарнын түгел білетін Фың Ляу ханымды Хəн Шюанди патша шақыртып алып, Үйсін жағдайынан есеп тыңдады. Үйсінге қолданатын саясатты ақылдасты. Сосын оны Өжетке жіберіп, Өжетті Хəн жақтағылармен рақайласуға көндіруді тапсырды. Аяғында Өжет кіші күнби болуға көніп, Ұлы күнбилікті Хəн жиені жаққа - Оңғайдың үлкен ұлы Өңкейге беруге көнді. Бұл есіңізге оралған болса, енді бұдан былайғы Үйсін тарихына қатысты мəліметтердің кемшіл екенін де есіңізге салайын. Оны тарихшылардың кейі Үйсіндердің Шығыс Хəн патшалығынан (б. з жж. - С. Ж. ) кейінгіахуалынан жəне олардың (Қытайдағы. - С. Ж. ) ішкі өлкелермен байланысынан білетініміз

201 ЕЖЕЛГІ ҰЛЫС ТАРИХЫ тым аз. Мұнда мынадай екі түрлі себеп бар: Біріншіден, екі күнби бірдей əлсіреді, үйсіндердің өзі күн санап құлдырады; екіншіден, Шығыс Хəн патшалығынан кейін, əсіресе Уей, Жин патшалықтары, Оңтүстік, Солтүстік патшалықтар мезгілінде (б. з. 589 жылдан бұрын. - С. Ж.) ішкі өлкелер алды-алдына бөлшектеніп, жаугершілік жағдай жарыққа шыққандықтан, шекара райондармен арадағы саяси, шаруашылық қатынастар қатты азайған жəне тұрақсыз болып отырған. Ал, бұл туралы тарихи кітаптарға жазылған деректер тіпті мардымсыз [437] деп, өзіндік тұрғымен, əбден мойындайды. Өзіндік тұрғымен дегеніміз мұндағы білетініміз тым аз дегенді олар өз бетімен кетті дегенге, ішкі өлкелер алды-алдына бөлшектеніп, жаугершілік жағдай жарыққа шыққандықтан, шекара райондармен арадағы саяси, шаруашылық қатынастары қатты азайған дегенді олар тəуелсіз күй кешті дегенге апара алмауына қаратылып тұр. Бұл кездегі іс жүзіндегі өмір шындығы осы мен айтқандай болған. Хəн жылнамаларындағы бұдан былайғы Үйсін тарихына қатысты мəліметтер, кемшіл болғанымен, мүлде жоқ та емес. Талай ғалымдар осы аздаған, алайда өте бағалы мəліметтерді байқамай немесе байқағысы келмей қателесіп жүр. Сол мардымсыз мағлұматтардан талайды аңғаруға болады. Əсіресе осы мен айтқанның дұрыстығын тіпті сезе түсесіз. Біз былайғы сөзімізді осы негізбен өрбітеміз. Б. з. б. 52 жылы Чаң Хуй тағы келіп екі күнбидің жерін, елін бөлісіп береді. Бұл əрі Үйсіннің меншікті аумағы болғанынан, ол аумақтың күнби менен байларға тəн жекелер меншігі екенінен дерек береді, əрі Хəн əулетінің Үйсінге əлі де тебінді харекет жасауда екенін көрсетеді. Ара ағайындық еткен Хəнұлықтары жағынан жұрттың 10 -нан алтысын Ұлы күнбиге, 10 - нан төртін [438] кіші күнбиге бағындыру бекітілген болса да, іс жүзінде елдің көбі Өжетке қарай ағады. Жұрт кіші күнбиге бағынуды қалайды, Өжет те жабғылардың елін толық қайтармайды, кейінірек Дуан Хуйзұң басқақ болады да, қарсылық көрсетіп қашқандарды [439] қайтарып əкеліп жағдайды тыныштандырады [440]. Бірақ іс мұнымен біте салмайды, əрине. Сөйтіп бір заман дəурендеген Үйсін ұлысы екіге жарылып тынады. Қазірде, тек Хəн мүддесінен шыға талдаушылардың ішіндегі бір топ, Үйсіннің екіге ыдырауы - Хəн Шюанди патшаның қате саясатының салдары. Егер патша ұлы күнбиді ғана мойындаған болса, Өжет еш қайда да бара алмас еді деп қарайды. Ал, тек Хəн мүддесінен шыға талдаушылардың ішіндегі енді бір топ бұл қате деседі. Олар: Ол кезде, Хəн патшасы егер кіші күнбилікті мойындамаса, Өжеттің Хəн əулетіне наразылығы қара қазандай болып, өзге бағытқа бетбұруы əбден мүмкін еді. Мұны Хəнге залалды деп пайымдаған Хəн Шюанди амалсыздан оны мойындап, Үйсіннің қалың елінен айрылып қалмауға жалғасты ұмтылып, уақытша болса да жартылай қол жеткізді. Ал екіншіден, Үйсін ғана емес, сонау Бактрия сықылды 437 Уаң Биңхуа, Уаң Миңжы. «Үйсін туралы зерттеу». Іле халық бапасы бет. 438 «Жылнамаларда 66 мыңнан астам түтін ұлы күнбиге, 40 мыңнан аса түтін кішікүнбиге»делінген. Іс жүзінде бұл шақтағы Үйсіннің жан саны 100 мың түтіннен көп. Бір соғыстың өзінде 40 мың жан қолға түскен тұрса. Сондықтан осылай мөлшерлеген жөн шығар. 439 Шюй Сұң «Хəннама. Батыс өңір тарауы түсініктеріне толықтама» деген еңбегінде мұны «Ел-жұрт кіші күнбиге қарау үшін қарсылық көрсетіп қашқан» дейді. 440 Соңғы үш дəйексөз де «Хəннама. Үйсін тарауынікі». 201

202 202 БЕСІНШІ БӨЛІМ елдерді де өзіне бағындыруды көксеген Хəн патшаларының (Хəн Уди мен Жаң Чянның диалогын еске алыңыз) дəл осы тұстағы өкілі Хəн Шюанди ешқашанда Үйсіннің шын мəнінде күшеюін тілемейді. Ыдыраса əлсірейді. Өзара ішкі қайшылық ушығады. Екі жағы да Хəнге жағатсуға тырысады. Хəннің көмегіне, тіпті панасына зəру болады, ең соңында толық бағынады деп біледі. Сондықтан Хəн патшасы қателесіп отырғаны жоқ. Қолынан келгені сол болды. Қателескен Лю Жиею. Лю Жиеюдың қателігінен ең соңында Хəн Шюандидің салыстырмалы санағанда Хəнге пайдалылау айласы да іске аспай, Елжау бастаған құдандалық саясаттың түбі неге апарарын əбден білген Үйсін ұлысы Хəнторынан бір жолата шығып кетті дейді. Меніңше, бұл екі топты ғана өзара салыстырғанда, екінші топтың пікірінде қисын күшті. Əрине, ыдырағаннан соңғы жағдайда, екі күнбиліктегі əр екі жақтың өз арманы бар-ды. Ұлы күнби амалын тауып кіші күнби жақтың елін өзіне қосып алып, кіші күнби деген лауазымды жойып, нағашыларының ақылы бойынша, Хəн əулетіне толық бағынуды көксейді; кіші күнби де, алғашқыда, амалын тауып ұлы күнбиді жойып, елінің басын қайта құрап, бұрынғыша Хəн, Ғұн жақтармен теңгермелі байланыстағы тəуелсіз Үйсін ұлысын қалпына келтіруді тілейді. Алайда оған дереу жету мүмкін болмай қалғанын ескеріп, кейінірек, Хəн жақтың сөзін мүмкіндігінше тыңдай тұруды жөн табады. Тіпті Хəн тарапқа жағу жөнінен Ұлы күнбимен жарысады да. Ал Үйсін ішіндегі дербесшілдер өкілі байқаған орайлардан пайдаланып толық тəуелсіздік үшін əрекет етуін жалғастыра береді. Осы кезде Өжет ұстанған саясат шынында да қайшылыққа толы еді. Өжет кіші күнбилігін тапсырып, ұлы күнбиге қосылып кетуге де қатты қарсы еді. Ал, қасында ғана тұрған ұлы күнбидің Хəн əулетіне сүйеніп өзін құртып жіберуінен сескеніп, оның ызасын қоздырудан да қашатын. Оның күшті иесі Хəн əулетімен қарсыласуға тіптен де бармайтын. Хəн əулетінің қас жауы Ғұн қағанатымен одақтасуға да баспайтын. Өйткені одан түсер пайдадан зиян мол екеніне əбден сенетін. Бұл шақта Ғұн қағанаты да Хəн əулетінің соққысынан есеңгіреп кеткен-ді. Алдымен, алғы бөлімде айтқанымыздай, бес тəңірқұт жарыса шығып, елін беске бөліп өзара соғысқан болатын. Аяғында, өзгелерді құртып, тақты қолына алған ағайынды екеу тағы шығыса алмай, елін тағы екіге жарып, күштерін мейлінше əлсіреткен. Ағайынды бұл екеу - Қағания (Хухəнйе, ) мен Тезек (Жыжы, ) тақ таласы салдарынан өштесе келіп, соғысып, аяғында бірі - Қағания Хəнге тізе бүгіп, енді бірі - Тезек тəңірқұт Хəнге бағынбайтын раймен батысқа, Алтай арқасына сырғыған. Сонымен Ғұн жақта Өжетке пайда берер қуат та қалмаған-ды. Сондықтан Өжет олардан қайыр күтпейді. Хəнжаққа ұлы күнбимен жарыса жағатсу арқылы күн кешіп, ұлы күнбилікті құртудың астыртын жолын ғана көздейді. «Хəннама. Ғұн баяны. 2-бөлімде» айтылуынша, Хəн əулетінің əскер шығарып Қағания тəңірқұтқа болысқалы жатқанын естіген Тезек оң қанатқа ірге теуіп қоныстанады. Сондай-ақ, өзінің ғұндарды орнықтырып кетерлік шамасы жоғын аңғарып, батысқа ығысады да, үйсіндерге таяйды. Олармен күш біріктіруді ойлап, Өжетке елші жіберіп байланыс жасайды. Қағанияны Хəн əулетінің қорғап отырғанын, Тезектің қаңғып қалғанын ескерген Өжет, Тезекке шабуылдау арқылы Хəнге сəйкескісі келіп, Тезектің елшісін өлтіреді де, басын басқақ тұрған жерге апартып бергізеді. Сосын 8 мың əскермен Тезектің алдынан шығады. Үйсін қолының

203 ЕЖЕЛГІ ҰЛЫС ТАРИХЫ көптігін, өз елшілерінің қайтпағанын көрген Тезек, Үйсінге қолын шоғырландыра шабуылдап, олардың бетін қайтарады. Сосын Тезек терістіктегі қыпшақтар (жылнамаларда Хужие,,, Хагат. - С. Ж.) хандығына шабуылдайды. Қыпшақтар тізе бүгеді. Батысқа аттандырған қолы да қырғыздарды бағындырады. Солтүстіктегі диңлиңдер де (деңлең,. - С. Ж.) мойынсұнады. Үш елдің басын құрайды. Үйсіндерге содан кейін де сан рет шабуылдайды, əр ретте жеңіспен оралып отырады. Бірақ, олжалы оралғанымен, Үйсінді бағындыра алмайды. Б. з. б. 52 жылы Хəн əулетінің атақты қолбасшысы Жау Чұңго қайтыс болғасын, оның орнына Чаң Хуй сол сеңүн болып көтерілген-ді. Сонымен Чаң Хуй Хəн астанасына қайтып кетеді. «Хəннаманың» айтуынша, Өңкей мен Терби екеуі де өз ажалынан өледі. Ал, меніңше Өңкейдің үш-ақ жыл билік құрып, шамамен 40 жасында, Тербидің тіпті 9 жасында дүние салуы саяси күреске қатыстылыққа, өз ажалынан өлмеуықтималдығына да ие. Өңкей қайтыс болғасын орнына Өңкейдің ұлы Сеңби (Шиңби, ) ұлы күнби болады. Бірақ ол хəндердің ниетін атқаруда белсенді болмауынан ба, жоқ кіші күнбиге салыстырғанда қабілетсіздігінен бе, əйтеуір хəндер жағынан босбелбеу атанады. Сондықтан Үйсіндегі қол жеткены қпалдан айрылып қалмау үшін Хəн əулеті тағы киліге түседі. Бір жағынан, басқақ Хəн Шюанның ( ) ұсынысы бойынша, Сеңбиді қолдап қайрау үшін Үйсін ұлы күнбиіне қарайтын ұлықтарға тарту-таралғы, мөр-таңба сықылдылар беріп, Хəн жаққа тіпті тарта бастайды. Енді бір тарапынан, тағы сол басқақтың Сеңбиден үміт үзгеннен соңғы айласы бойынша, оны ұлы күнбиліктен алып тастап, орнына сол зор шербасы болып жүрген, оның көкесі(əкесінің інісі) Далены (Датлок, ) ұлы күнби етуді де қарастырады. Бірақ бұл соңғы ойға патша Юанди ( ) қосылмайды. Осыдан соң, Хəн Шюанның ( ) Далені ұлы күнби қып шығару өтініші өрге баспаған беті, 20 жылға жуық уақыт сол босбелбеу Сең билеген беті өте шығады. Демек бұл 20 жылда Хəн тараптың талай үміті ақталмады деген сөз. Б. з. б. 51 жылдың қысында Лю Жиею, Фың Ляу бастаған хəндер Хəн астанасы Чаң-анге қайтқан болатын. Хəн ордасында Үйсін туралы арнайы ақылдасулар өтеді. Ақылдасудан соң, Фың ханым босбелбеу Сең биге көмектесу міндетін алып Үйсінге оралады. Ол ұлы, кіші күнбилерге Хəн патшасының қарамағындағы хандарға лайық, қызғылт шашақты алтын мөрлерін ала келіп таратады. Үйсін ұлықтары оның мəнісін білсін-білмесін əйтеуір қабылдайды. Бұл іс жүзінде маған қараған елсің, сондықтан мен тағайындаған хансың дегеннің ишараты болатын. Үйсінде 50 жылдан астам жасаған Лю Жиеюдың бұл кездегі ықпалы ең шыңына шыққан-ды. Соған орай онда асқақтау да байқалды. Оның ұрпағынан үлкен ұлы Өңкей үйсінге ұлыкүнби болды. Екінші ұлы Уаннян ( ) Сакаға (Сакараул, қазіргі Қашқариядағы Яркентке, ) хан болды (бірақ, көп ұзамай сакалықтар қолынан өлді), үшінші ұлы Далы (Датлоқ, ) үйсіннің сол шербасылығына ( ) шықты. Үлкен қызы Дес Күсəнханына, кіші қызы Үйсін жабғысы Рух ( ) дегенге тиді. Бəрі де осал жерде емес-ті. Алайда Үйсін елінің тамыры нағыз үйсіндер атанған қара жерге терең бойлаған ғой. Оның бұтағына келіп қонғандар, қаншама дəу болса да, оны əкете де, қурата да алмайтын. Өз қолымен Нəби күнбиге жасаған қастандығынан соң, Лю Жиеюдың Хəн жақтағы кей жандар алдындағы беделі өскенімен, үйсін ішіндегі жəне пара- 203

204 204 БЕСІНШІ БӨЛІМ сатты хəндер алдындағы абыройы бұрынғыдан көп пəсейген болатын. Елдің де көбі Өжетке қарап кетеді. Ішкі себептеріне байланысты Хəн əулетінің күші де бұрынғыдай болмай қалады. Сонымен, Үйсінде ұзақ жасаған Лю Жиею, кемпір болған кезінде, иесіне Қартайған, елді сағынған күйдемін. Сүйегім Хəн жеріне көмілсе деген тілегім бар деген өтініш жіберіп, аяғында, ұлы Өңкей күнби өлгесін - б. з. б. 51 жылы үш немересін (екі ұл, бір қыз) алып еліне кетеді. Ол екі жылдан соң 72 жасында қайтыс болыпты. Осыдан соң, екі Үйсін арасында ғана емес, оның маңындағы мемлекеттердің іші-сыртында да тозуға итеретін берекесіздік тіпті ушығып, ол бұл өңір елдерін қайтадан басқаша құралуға итереді. Қысқасы, кешегі ұлы Ғұн қағанатының басындағылар, сол сықылды іргелес отырған Қаңлы мен екі Үйсін, тіпті Тезек пен Қаңлы ханы да өзара озатын елдің баласынша бірін бірі батыр деу емес, тозатын елдің баласынша бірін бірі қатын деуге басады. Жұлысқан бөрілер бөтенге жем болуға еріксіз ыңғайлана береді. Бұл қырқысу арасында жеке тұлғалардың бірін бірі қастықпен жамсатуы да жүріп жатады. Іргелес отырған Үйсіндегі бар құбылысты əлі де Ғұн қағанатына тілектес Қаңлы ханы мұқият бақылауда еді. Хəн əулетінің барған сайын төніп келе жатқанын, ұлы күнбидің мүлде, кіші күнбидің жартылай хəншілдігін ескерген ол солтүстіктегі (Енисей жақтағы) Қырғыз хандығы сықылдыларды тірек қылған тəңірқұт Тезекті өзіне қормал санап, сыйлап, өзінің Үйсін жақ іргесіне келіп тұруға шақырады. Тезек мұны құп көреді. Екеуі біріне бірі қыздарын беріседі. Екі ел ара бал ай басталады. Б. з. б жылдары Үйсін, үлкен саясаттың жалғасы болар, Тезекке тірек болып, оны таяуға шақырып отырған Қаңлыға да бірнеше рет шабуылдайды. Келесі - б. з. б. 43 жылы Тезек Қаңлы ханының ұсынысы бойынша, Талас бойына ордасын көшіріп əкеледі жəне астана қылмаққа Тараз қаласын салдыра бастайды. Əрі Қаңлымен бірлесіп Үйсінге жиі тиісіп тұрады. Бірақ оны өзіне қоса алмайды. Алайда, оның арты Тезек пен Қаңлы ара бал айының бұзылуына соғады. Белгісіз себептен (Хəн жылнамаларынша болғанда, Тезектің өркөкіректігінен, Қаңлыға құрметсіздігінен, кей ғалымдар болжалынша, араға от жағып, Тезекті оқшаулап құрту үшін жасалған сыртқы қулықтан) араларына от түсіп, ол ауыр қайшылыққа ұласады. Бір ашуланған сəтінде, Тезек өзі алған Қаңлы ханікесін, оған ере келген адамдарымен қоса, қырып салып, мəйіттерін боршалап, Талас дариясына тастатады. Б. з. б. 36 жылы Хəннің Батыс Өңір басқағы Ган Яншоу мен оның орынбасары Чын Таң (іс жүзінде Чын Таң патшаға айтпай, патша атынан өзі өтірік жарлық шығарып, оған басында көнбеген Ган Яншоуға қарумен қысым жасап, Такламакан маңайындағы бағынды қалалық хандықтарынан қол жиып), Тараздағы Тезекке тұтқиыл тиіседі. Тезек алғашында қаланы тастап шығып кетуге оқталады. Бірақ далаға шыққан оны, келе жатқан Хəн қолы түгіл, екі жағындағы Қаңлы мен Үйсін де оңдырмау ықтималдығы бар-ды. Соны ойлап, алыстан шаршап келген Хəн қолы қайте қояр дейсің деп, қалада тұрып қорғануға бекиді. Сұрапыл соғыста, басым күшпен жеңген Чын Таң оны өлтіріп, ордасын ойрандап кетеді. Өңкейдің ұлы Сең б. з. б. 33 жылы өлгесін, орнына Сеңнің ұлы Цыли(Селет, ) ұлыкүнби болады. Əкесіне қарағанда билігін қатайтқан осы Цыли күнби. Соның бір мысалы, ол кезде жай бұқараның кей мықтылары тіпті күнбидің

205 ЕЖЕЛГІ ҰЛЫС ТАРИХЫ жайылымын да иемденіп кететін, басқа ақсүйектер бірінің жерін бірі басып алатын, қосып əкететін жайттар үнемі кезігіп тұрушы еді. Цыли күнби мемлекеттік билік күшімен жарлық жариялап, жайылымды меншіктену, пайдалану құқығын қорғайды. Күнби əулетінің жайылымына қол сұғуға, оған мал түсіруге, бірін-бірі бұлап-талауға тиым салады. Күнбидің ең жоғарғы меншік құқығын кепілдендіреді. Сондай-ақ, əр дəрежелі ақсүйектер арасындағы қайшылықты қалайда бəсеңдетіп, қоғамды біршама тыныштандыру арқылы, ел ортасында Оңғай би заманындағыдай тыныштық орнаған тамаша жағдай туғызуға мүмкіндік əзірлейді [440]. Өжет өлгесін, орнына ұлы Бөрі (Фули) шығады. Үш жылдан соң, б. з. б. 30 жылы, Бөріні хəншіл болып кеттің деген өз інісі Рыер ( ) өлтіреді де, кіші күнби болу үшін жалғасты ұмтылады. Оның алдында, Дуан Хуйзұңды қоршап алып, недəуір қысым жасайды. Бөрінің орнына хəндер (үш жылдың алдында Батыс Өңірге басқақ болып тағайындалған, бұл жолы Үйсінге елші болып келген Дуан Хуйзұңның ақылы бойынша), Рыерді емес, Анетті (Əнріні)шығарады. Б. з. б. 30 жылы таққа шыққан Бөрінің ұлы Əнрінің (Анеттің) күшейгенін көргесін, Дуан Хуйзұң өзіне илікпеген соң, Рыер Қаңлыға қашып кетеді. Хəн əулетінің əскерлері бұйрық бойынша, Ақсудан тың игеріп, оны жазалауға жабданады. Бірақ ол əскерлерсіз-ақ оның көзі жойылады. Оны Əнрі өзіне адал Гумони ( ) сықылды үшеуді Қаңлыға жасырын жіберіп өлтіртеді. Б. з. б жылдары (Рыер өлтірілгеннен кейін) Үйсін жұрты батыс Өңірге екінші рет басқақ болған Дуан Хуйзұңды қоршауға алады. Дуан Хуйзұң патшаға кісі салып, құтылдыруын өтінеді. Бірақ, бұл сыбысты естіген үйсіндер, Тезектің көргені сықылдыларды еске алып, ақылдаса келіп, бұдан түптің түбінде жақсылық таппайтынына сеніп, қоршауын таратады. Б. з. б. 28 жылдары Хəн əулетінің батыс Өңірге қойған басқағы Лян Бау, Гумониларды осы еңбектері үшін 20 жиң алтын, 300 топ торғынмен сыйлайды. Гумониды кейінірек Бөрінің жақтастары өлтіреді. Б. з. б. 21 жылы Дуан Хуйзұң үшінші рет Батыс Өңір басқағы болып келеді. Дуан Хуйзұңды Хəнге бағынды ел хандары алдынан шығып қарсы ала бастағанда, Əнрі де бармақ болады. Оны жабғылар құп көрмейді. Бірақ Əнрі көнбей, Күсəнға барып Дуан Хуйзұңға сəлем береді жəне содан бастап онымен байланысын тығыздай түседі. Сонымен, б. з. б. 17 жылы, Əнрі де өзіне өтірік тізе бүге келгендер жағынан өлтіртіледі. Оның орнына інісі Бұдженсан яғни Өжеттің сол Бөрі дейтін ұлынан туған немересі шығып, кішікүнби болады. Б. з. б. 16 жылы, кіші күнби Бұдженсан абыройы өсіп баратқан ұлы күнби Цылиді («Хəннамадағыша» айтқанда, елін қосып əкете ме деп қорқып ), Ұрылиң ( ) дегенді өтірік тізе бүгуші етіп жіберіп, өлтіртеді. Сосын Хəн əулеті əскер аттандырып, оның сазайын тарттыруға тырысады. Бірақ бұл мақсатын іске дереу асыра алмайды да, Дуан Хуйзұңды жіберу арқылы, басқақпен ақылдасып, алтын беру жолымен амал-айла қарастыруды тапсырады [441]. Хəн ордасы Бұдженсанның Чаңандағы ақ үйлі аманатта тұрған ұл-қыздарының дəрежесін құл-күңдікке түсіріп тастаумен шектеле тұрады Уаң Биңхуа, Уаң Биңжы. «Үйсін туралы зерттеу». Іле халық баспасы. қазақша. 29-бет. 441 «Хəннама. Үйсін тарауы» (Уаң Биңхуалардың «Үйсін туралы зерттеулерінің»196-беті).

206 206 БЕСІНШІ БӨЛІМ Ұлы күнби Цылидің орнына оның көкесі Етет (Ижыми, ) шығады. Б. з. б. 12 жылы Етет би жабғысы Нəншиді ( ) жіберіп Бұдженсанды өлтіртеді. Бұдженсанның ағасы, Əнрінің ұлы Анли би ( ) Бұдженсанның орнына кішікүнби болады. Артынан Хəн басқағы Дуан Хуйзұң патшасының əмірі бойынша, Бұдженсанның тұқымын құртпақ боп, оның ұлы Фəнчюды ( ) да өлтіруді жоспарлайды. «Хəннама. Дуан Хуйзұң ғұмырнамасында» айтылуынша, Дуан Хуйзұң басқаққа қарасты елдерден əскер алып шығады. Қалың қолды көрсе Фəнчю қашып кетер деген Дуан Хуйзұң, таяп келген соң, қалың əскерді жуыққа тастап, таңдаулы 30 кісісімен келіп, Фəнчюды күнби тұрған тұсқа шақыртып алады. Сосын оған: Бұдженсанның туыстары өзара қырқысып, Хəн əулетіндік күнбишенің немерелерін өлтірді. Олар жазықсыз еді. Міне енді патшаның əмірі бойынша елші Фəнчюдың басын алғалы келіп тұр дейді де, семсер сілтеп Фəнчюды шауып өлтіреді. Фəнчюдың атқосшылары қашып кетеді. Бұдженсанның ағасының баласы, Фəнчю мен немере ағайын, кіші күнби Анли би мұны ести сала, мыңдаған қолмен келіп, Дуан Хуйзұңды қоршауға алады. «Хəннаманың» жазуынша, Дуан Хұйзоң Фəнчюды неге өлтіргенін оған түсіндіре келіп, Мені қоршауға алғандарыңмен, тіпті өлтіргендеріңмен, оған бола Хəн əулеті сиырының бір тал жүні де жұлынғалы тұрған жоқ. Ферғана патшасының, Тезек тəңірқұттың басының көшеге ілінгенін үйсіндер əлі ұмыта қоймаған шығар?! деп, таяуда Хəннің қалың қолының тұрғанын ескертіп, айбар қылады. Анлидің Маған неге айтпадыңдар, тым құрығанда мен оған ақтық дəм таттырар едім ғой дегеніне, Дуан Хуйзұң Фəнчю қашып кетсе ауыр қылмыс болар еді. Сендерге алдын ала айтсам, сендер тіпті егілер едіңдер. Сондықтан айтпадым дей салады. Əрі қайғыға батқан, əрі қорлыққа шыдамаған кіші күнби Анли еңіреген беті тұрағына қайтады. Хəн жақ Бұдженсанды өлтірген Нəнши cықылдыларға разы болып мансап жəне тартулар береді. Хəн əулетінің сарай ұлықтары, патшасына айтып жүріп, Дуан Хуйзұңның салт бас, сабау қамшы жетіп барып, Фəнчюдың басын алып, құдіретімізді танытқан. Үйсіндегі дар, бас ұлықнай, бас бағамдардың қарап тұрып Цылиді өлтіртіп алғандығы үшін, оларға Хəн жақ берген қызғылт шашақты мөрлерді алып ап, орнына қара шашақты мөр берген үлесіне бола мол сыйлық (ішкі аймақ бектігі мен 25 жиң алтынды) бергізеді. Өжеттің тоқалынан туған бесінші ұлы Бейюанжы ( ) жабғы Бұдженсанның көкелік орындағы інісі болатын. Оның жұрты Чяңхуаң ( )деген жерде еді. Əлде неше жүз мың адамы бар-ды. Алғашында шығыс жағындағы Ғұн қағанатына жортуыл жасап, олардың мал-жанына тиісе бергесін, ғұндар бұған шүйілгенде, Ғұнмен келісімге келе қап, Шүйдай ( )дейтін ұлын Ғұнға ақ үйлі аманатқа да берген. Ол б. з. б. 11 жылы, екі күнбиліктің басын құраймын, ұлы күнбиді өлтірем деп, өлтіре алмай, аяғы 80 мың адаммен Қаңлыға кетеді. Одан қорыққан екі күнби Хəн басқағына тіпті ықтай түседі. Бірақ, Бейюанжы мақсатына жете алмайды. Қайта Хəн жаққа жақындауға мəжбүр болады. Б. з. 1-5 жылдары аралығында, Бейюанжы кезінде Цылиді құртқан Ұрылиңді өлтіргені үшін Хəн тарапынан əділетке оралған бек деген лауазым алады жəне Хəн жақтың көмегімен Ғұн қағанатында ақүйлі аманатта тұрған ұлын қайтартады. Бірақ, Үйсіннің басын құраймын деген ойынан

207 ЕЖЕЛГІ ҰЛЫС ТАРИХЫ қайтпай, ұлын қайтарып алғасын, екі күнбиге шабуылдай бергесін, аяғында оны Хəн ұлықтары Дуан Хуйзұң мен басқақ Сун Жян ( ), əскер шығарып, шабуылдап өлтіреді. Демек Үйсін екіге жарылғаннан бастап, екі Үйсін ара қырық пышақ күй қалыптасады. Бұл кезде кіші күнби негізінен, тəуелсіз ойға қол жеткізсе де, тəуелсіз күйге жете алмаған сықылды. Жылнамалар ұлы күнби Етет (Ижыми) б. з. б. 16 жылдан Уаң Маң ( )Жаңа əулет ( ) құрғанға (б. з. 09 жылына) дейін бар еді деседі. Соны растағандай «Хəннама» б. з. б. 2-(не 1-) жылы ұлы күнби Ижыми тəңірқұтпен(роди тайпасынан шыққан Ужиолю дегенмен) бірге Хəн ордасына аман-сəлемге келген, оны Хəн əулеті үлкен абырой санаған деп жазады. Енді сөз болған соңғы оқиғаларға сүйеніп үш мəселеге өз ойымызды айтуға бұрылайық. (1) Екі Хəн қызы туралы. Лю Шижюннің назалы көңілмен бəйіт шығаруы, Лю Жиею күнбише жөнінде Шяу Уаңжының: Ханша Үйсін елінде қырық неше жыл тұрса да, күнбидің мейір-шапағатына бөлене алмады деген деректері Хəн қыздарының Үйсіндегі саяси қылықтарының барған сайын əшкереленіп, хəншіл емес үйсіндерге (ғұншылдар да соның ішінде) жақпағанын ашық аңғартады. Мұндағы хəншіл еместердің аз санды еместігі де беп-белгілі. Бұл бізден ол қыздарға қарата ғылыми сарап жүргізіп, жеке-жеке өзіне лайық, заманына сəйкес əділ бағалар беруімізді талап етеді. Уаң Биңхуалардың Лю Жиеюдың Үйсін еліндегі іс-қимылына жалпылама назар салғанымызда, ол іс жүзінде Батыс Хəн əулетінің Үйсін елінде тұратын өкілетті өкілі болып танылады. Ол үйсіндердің əр түрлі жағдайларын қадағалау жəне оған талдау жасау арқылы шешуші ұсыныстар беріп отырды немесе өз мəртебесін кəдеге жаратып, ықпал көрсетіп, жағдайды тиімді жаққа қарай беттете де білді. Б. з. б. 71 жылы Батыс өңірдің саяси жағдайына бетбұрыс болып, ғұндарға күйрете соққы берген келелі шайқаста, Жиею аса елеулі рөл атқарды; Аусар хан Ней би оспадар, қатыгез мінезінің салдарынан жұрт көңілін қалдырып, елден оқшауланып қалғанда, оған жұрт наласы күшті болғандықтан, Жиею ханша аусар ханның көзін құрту жөнінде орда төңкерісін тіке жоспарлап, оған қолбасшылық етті. Бұл жолғы орда төңкерісі жұмыс тапсырған адамдардың олақтығынан сəтсіз аяқтады. Десе де мұнан Жиеюдың үйсіндер арасындағы ықпалын жəне оның амалшылдығын аңғаруға болады. Олүйсіндердің саяси жағдайына өзінің бедел ықпалы арқылы əсер етумен ғана тынбай, оның үстіне Үйсін елін база ете отырып, өзінің оң көзі бұрынғы күңшесі Фың Ляуды Хəн əулетінің моншағын ұстатып, ханшаның елшісіретінде қалалық мемлекеттерге тарту-таралғы жіберді, сөйтіп сый-құрметке бөленді. Фың Ляу тарихтан хабары бар, мəмілегерлік жұмыстарға жатық, Батыс өңірдің жағдайларын алақанындағыдай білетін, қабілетті əрі едəуір іскер əйел мансапты еді. Батыс өңірдегі елдер оны сыйлап Фың бике деуші еді. Оның күйеуі үйсіндердің оң қол аба сардары еді. Ол кезінде өзінің осы қатынасынан пайдаланып, Өжет жоспарлаған тағы бір бүлікті тыныштандырып, бір жайлы етті. Аусар хан Ней би өлгеннен кейін, Хəн əулетінің мақұлдауынсыз, Өжет өз бетімен хан тағына отырып алды. Мұны естіген Хəн əулеті оған аттаныс жасамаққа қосындарын жасақтап, астық жинап жіrжапар болды. Ақырында Фың бике бастаған Хəн əулеті елшілігінің жарастыруы 207

208 208 БЕСІНШІ БӨЛІМ нəтижесінде, Өжет күнбилік орынды босатуға келісімін беріп, кіші күнби болды да, Хəн əулеті Өңкей биді Үйсіннің ұлы күнбиі етіп тағайындады. Сонымен бір ел екіге бөлінді, қияндарды (чяңдарды) талқандаушы сеңүн қорғаннан шықпай жатып, дүмпігелі тұрған қырғын соғыстың алды алынды. Фың бикенің үйсіндердің арасындағы беделі жоғары еді, үйсіндерге мейірі де бар еді. Жиею ханша жасы егделеп Түнязыға қайтып кеткеннен кейін де, ол үйсіндердің ұлы күнбиі Сең би тым босбелбеу болғандықтан, жасының ұлғайғанына қарамай, патшаға өздігінен үйсін еліне барып, Сең биге сүйеніш болсам деп талап қойды əрі оның бұл талабы да іске асты [442] деген талдауына айтарым мынау: Əрине тарихи тұлғаларды төрлету мен төмендету белгілі ережелерді таған етеді. Əлмисақтан бүгінге шейінгі əлемдік тарих ғылымының дамуына көз тастағанда, тарихи тұлғаларды төрлету мен төмендетудің мынадай өлшемдері бар: Бірі, адамзат қоғамының ілгерілеуін өлшем ету, адамзат қоғамының ілгерілеуіне жəне мəдениеттің дамуына пайдалы болса төрлету, олай болмаса төмендету; енді бірі, айрықша дəуірдегі ұлттық этикалық моральді өлшем ету, соған лайығын төрлету, əйтпесе төмендету; тағы бірі, жекенің табының не тобының мүддесін өлшем ету, белгілі тап не партияның мүддесіне пайдалыны төрлету, пайдасызды төмендету. Тұлғаларды бағалаудың жалпы алғандағы өлшемі осы үшеу, дей тұрғанмен адамзат табиғатындағы шындық, ізгілік, көркемдікке негізделгенде, адамзат өркениетінің ілгерілеуін негіз еткен өлшем жетекші өлшем болады [443]. Мен əсіресе Лю Жиеюға осы негізде қараймын. Нақтылап айтқанда: А. Уаң Биңхуалар Хəн қыздары мен олар ерте келген адамдардың Хəн əулеті үшін міндет өтеген саяси қызметкерлер (қадағалайтын, талдайтын, ұсыныс əзірлейтін жəне ықпалын жүргізетін, қажеті түскенде соғыс не қастық жолымен Хəн əулеті мүддесін қорғайтын өкілетті өкіл тобы) екенін дəл де дұрыс жəне ашық айтқан. Мұнысы жөн жəне шыншылдық. Ə. Б. з. б. 71 жылы, Үйсін ғұндарға күйрете соққы берген керемет шайқаста, Лю Жиеюдың Хəн жақтан əскери көмек сұрағаны жəне ол көмекші қолдың соғыс майданына беттегені рас. Алайда ол əскери көмек Оңғай айқасқан соғыс майданына да, соғыс олжасына да араласқаны жоқ. Бұл былайғы жерде себебі зерделеуді қажет ететін күрделі тақырып. Б. Нəби күнби (Ней би) хəншілдер көзқарасы бойынша жағымсыз саналған. Оспадар, қатыгез мінезінің салдарынан жұрт (демек Хəн жақтың -С. Ж. ) көңілін қалдырған, олардан оқшауланып қалған, оған бұл жұрт наласы күшті болған. Алайда хəншіл еместер аз еді деу де, ондай үйсіндер ішінде оны қолдайтындар аз еді деу де ақылға сыймайды. Дəл осындай жағдайда Лю Жиеюдің аусар ханның көзін құрту жөнінде орда төңкерісін тіке жоспарлап, оған қолбасшылық етуі - зор қателік. Бұл арада Нəби күнбидің хəншіл емес жұрт ішіндегі абыройын мөлшерлей алмау тұр; бүкіл Үйсінді тек Нəби күнбидің көзін құртумен ғана хəнге қарата салу мүмкін емесін мөлшерлей алмау жатыр; Хəн əулетіне арқа сүйеген дөрекі күшім жеттіліктің көз алдағы жəне ұзақтағы салдарының неге соғарын біле алмау 442 Уаң Биңхуа, Уаң Миңжы. «Үйсін тарихындағы келелі мəселелер». (, ). 443 «Гуаңмиң газеті»

209 ЕЖЕЛГІ ҰЛЫС ТАРИХЫ көрінеді; екі еларасындағы құда-андалық, татулықты дөрекі тəсілмен бұзу харекеті бар; осыдан былайғы құлдырау оқиғаларының өрбуіне де - Үйсін ұлысының ыдырауы мен бара-бара мемлекет санатынан қалуына да; тіпті тек Хəн мүддесінен шыға айтқанда да, өзге іргелес ұлыстардың, хəнмен құдаласқан Үйсін жолын қате санап, ол беталыстан қашуына да (Уаң Биңхуаларша, яғни «Үйсін туралы зерттеуінің» соңындағы Батыс Хəн патшалығы заманында үйсіндерде болған ірі оқиғалардың жыл көрсеткіші дегеннің ең ақырғы сөзімен айтқанда, Батыс өңір елдері содан кейін Хəн патшалығынан бетбұрып, басқақ Дан Чинді өлтірді дегендерге дейін баруына да); тіпті Хəн əулетінің іргесінің осыдан соң кеңеюден қалуына да; Лю Жиеюдың сол қателігі жауапты. Ол тарихи оқиға мен қателік бүгінгі заман үшін де өте маңызды сабақ! В. Лю Жиеюға қарағанда Фың Ляу əлдеқайда ойламды дипломат. Ол қырғын соғыстың алдын алды ғана емес, үйсіндерге мейірі арқылы абыройға да ие болды. Соның арқасында (Лю Жиею сықылды Чаң-анға қайтып кетпей), қалып қойып, үйсіндерге балдай батып, судай сіңді. Этностар ара берекеге белгілі дəрежеде үлгі көрсетті. (2) Екі ел байланысы туралы. «Хəннама»: Үйсіндер екі күнбилікке ыдырағаннан кейін, Хəн əулеті оларды ренжіткендіктен, бұл мемлекетте тыныштық болмады деп жазған екен [444]. Мұның шындық екенін жоғарыдағы қырық пышақтық жағдай əбден растайды. Уаң Биңхуалар: Сонымен, Батыс Өңірдегі елдер Уаң Маңнан (осы кездегі Орта Жазықтың патшасы. - С. Ж.) үміт үзеді. Сонан, Қарашəрі хандығы алдымен көтеріліп, басқақ Дан Чинді (. - С. Ж.) өлтіреді дейді. Мұны Уаң Маңнан үміт үзеді дегеннен гөрі, Лю Жиею сықылды Хəн ұлықтарының астам да дөрекі қимылдарынан соң, Хəн əулетінен үміт үзді деген жөн. Əрі бұл ащы сабақ есте мықты ұсталуға тиісті. Бұл арада, Ли Далұңның өз еңбегіндегі [445] мына сөзі екі ел (Хəн мен Үйсін) байланысының соңғы нəтижесіне жасалатын қорытындыға көмекші бола алатындай. Ол: Батыс Хəн əулеті мен Үйсін байланысына қатысты шығармалардың дені Батыс Өңір басқақтығының құрылуын [446] Батыс Хəн əулеті мен Үйсін байланысындағы бұрылыстың нышаны санайды. Менің бұл дəріптеуге қосылғым жоқ. Ең алдымен, Батыс Өңір басқағы құрылған алғашқы кезеңде (демек б. з. б. 59 жылдан соңғы 10 шақты жылда да. - С. Ж.), оның Үйсінді басқару құқығы болғаны жоқ. Екіншіден, Үйсіннің күнбиден құлдай қарайғы ұлықтарына Батыс Хəн əулетінің тағайындаулары (іс жүзінде оларға тағайындау нышаны саналатын шашақты мөрлерді ұсынуы - С. Ж.), Батыс Хəн əулеті басқағы құрылған кезде емес, б. з. б. 53 жылдан соң ғана болды. Үшіншіден, (Б. з. б. 72 жылы. - С. Ж.) Батыс Хəн əулеті мен Үйсін тізе қоса Ғұнға соққы берді, Чаң Хуй Күсəнді жазалағанда Үйсін əскері қатысты дегенге сүйеніп Батыс Хəн Үйсін армиясын жию, тізгіндеу, Бұл Уаң Биңхуалардың «Үйсін туралы зерттеу» дейтін еңбегінде де (202-бет) тұр. «Хəннамадағы» төлсөз,, «Б. з. б. 60 жылы құрылған əскери-əкімшілік орган. Орны қазіргі Бүгір ауданы маңында» («Сөз теңізі» жалпыластыру нұсқасы. 3-том бет. ). Яғни ҚХР Оңтүстік Шынжаңында.

210 210 БЕСІНШІ БӨЛІМ қолбасылық ету құқықтарына ие болды деудің себебі жеткіліксіз. Өйткені Ғұнға қарсы Үйсін қолын Күнби өз еркімен аттандырды, Батыс Хəн əулеті жиып аттандырды деген сөз жоқ. Жылнамалардағы күнби өзі басқарып ( ) деген сөз Чаң Хуйдың Үйсін армиясын тізгіндеу, оған қолбасылық ету құқығын жоққа шығарып тұр (оның үстіне ол кезде басқақтық құрылмаған. - С. Ж.). Ең соңында, Батыс Хəн əулетінің Өжет былығын сəтті жөндеуі негізінен, Чяңдарды күйреткен Шин Ушян сеңүнның қалың қолды шекараға (Дүнхуаңға. - С. Ж.) əкеп тұрғандығы үшін, Өжеттің амалсыз тізе бүгуінен. Жиып келгенде, мен Батыс Өңір басқағының құрылуы Батыс Хəн əулеті мен Үйсін байланысының бұрылыс нышаны, яғни ол Батыс Хəн əулеті Үйсінді өзіне біріктіруді орындады деп қарайтын көзқарасты тарихи фактіге үйлеспейді дептанимын дейді. Басқақ Го Шуннің ( ) Хəн ордасына сан рет жазған хатындағы: Қазіргі жағдайдың тұрғысынан қарағанда, үйсіндерге жанасудан түк те пайда түскен жоқ. Қайта, олар Кіндік Қағанатқа (Қытайға - С. Ж.) басы артық шаруа тауып беріп отыр [447] дегені де тағы бір қырынан Ли Далұңдікін растай түседі. Хəн əулеті мен Батыс Өңір ара бір ғасырдан аса (үйсіндермен бір ғасырға таяу ғана) байланыстың Үшінші сатысы - (Батыс Хəн əулетінде, б. з. 1-5 жылдары салтанат құрған патша. - С. Ж. ) Пиңдидің ( ) таққа отыруы мен басқақ ( ) Дан Чинның ( ) өлтірілуі. Бұл кезде Батыс Хəн əулетінің 481 «Хəннама. Батыс Өңір тарауы. 1-бөлім» Батыс Өңірдегі үстемдігі біртіндеп жемірілді. Юанди (. б. з. б жж. -С. Ж.) кезінде қатер төне бастаған Батыс Хəн əулеті Чыңди (. б. з. б жж. - С. Ж.) уағына барғанда құлау жолына түскен болатын. Таққа Юанди ( )шыққаннан кейін дағдарыс тіптен ауырлады. Туылған оқиғалар БатысӨңірдегі мемлекеттердің Хəн істерінен жерігенін, ал ғұндардың Батыс өңірге қайта ықпал жасай бастағанын аңғартатын. Дан Чиң - Батыс Хəн əулетінің ең соңғы тұтығы (басқағы. - С. Ж. ). Дан Чиң өлтірілгенде Хəн жорыққа шыға алмады. Сонымен Батыс Хəн əулетінің Батыс Өңірдегі үстемдігі мүлде құлады [448]. Демек Хəн əулетінің Үйсін ұлысына сəл ықпалды болған кезі б. з. б. І ғасырдың екінші жарымының бас кезіндегі 20 жылға таяу уақыт қана. Шынына келгенде, жарым ғасырға жетпейтін уақыттағы сол үстемдік те шамалы болатын. Оған Хəн Шюандидің уəзірі Шяу Уаңжылардың үстемдік бар жəне ең күшейді саналып тұрған шақта (б. з. б. І ғасыр ортасында): Лю Жиеюдың Үйсінге барғанына 40 жылдан асты. Үйсін мен Хəн екі ел байланысы əлі де тығыз емес. Хəн шекарасы да тынышталмады. Мына Үйсіндегі саяси өзгеріс (Өңкей емес, Нəбидің таққа шығуын айтады. - С. Ж.) менің өткендегі пікірімді растады. Лю Жиеюдан туған ұл күнбиге мұрагер болаалмайды екен, онда жас қағанке Шяңфуды астанаға қайтартайық. Əйтпесе мұның арты апат болуы да ықтимал деуі де куə. Расын айтқанда, Батыс Өңір елдері сонан кейін (Хəн патшалығынан. - С. Ж. ) бет бұрып, басқақ Дан Чинді ( ) өлтіреді (, ) [449] деу немесе Батыс Өңірдегі елдер сенімсіздігіне бола Уаң Маңнан күдер үзеді. Алдымен Агни хандығы қарсыласады да, басқақ Дан Чинді өлтіреді. Сосын Батыс Өңірмен 447. ( ) 448, 1983 жылы, 161-бет. 449 «Ғибратнама. Уаңмаңның шыжянго 5 жылғы тарауы».

211 ЕЖЕЛГІ ҰЛЫС ТАРИХЫ байланыс ыдырайды [450] деу - үйсіндердің Хəн жақпен ат кекілін кесіскендігінің белгісі емей немене?!. Біз бұған Хəн əулеті б. з. б. І ғасырдың соңғы жарымы басталғанда, қысқа уақыт Үйсін ісіне белсене араласқанымен, оны өзіне толық бағындыра алғаны жоқ дейміз. Сондықтан, мен Үйсіннің сөз болып отырған замандағы күйі туралы мынаны қорытындылай айта аламын: Кезінде Хəн əулетінің Үйсін мемлекетіне ықпалы бір неше он жыл бойы соншалық дəрежеге дейін барса да, Үйсін ұлысы бастанаяқ Хəн иелігіне енбеген беті кеткен ( [451] ). Алайда Үйсіннің дербестігі мен өз алдына күшті де ірі елдігі екіге ыдырағаннан бастап құлдырауға бет алған. Бұл құлдырау оны батыстағы қандастарына қосылуға қарай жетектей берген. Ал, Хəн жақ үйсіндерден біртіндеп айырыла берген, əрі өзінің ішкі былығымен (оған ұласқан Уаң Маңның төңкерісі, Шығыс Хəн əулетінің ес жиюы, т. б. мен) болып кеткен. Оның арты үйсіндерді, Хəн емес, нөнендер (жужандар) билеуге кірісті. Оған толық бағынғысы келмеген үйсіндер тіпті батысқа қарай көшті. Оларды аз уақыт билеген нөнендер, үйсіндерді жетектей барып, Түрік қағанатына қосылды, сонымен үйсіндер түріктермен бірігіп кетті дегенді үстей түсеміз. Бұл - тарихи шындық. (3) Екі күнбиліктің тағдыры туралы. Ал, екі күнби қатар тұрған кезеңде бұлар ара қайшылық пен қақтығыс өршімесе басылмағаны жоғарыда баяндалды. Оған сыртқы күштің əдейі біріктірмеу ниетіндегі əсері де, іштей басты қайта құрау ойындағылардың талпынысы да толассыз ықпал жасаған екен. Байқап отырған шығарсыз, бастан аяқ кіші күнби жақ Хəн тараптың сөзін тыңдамайтын, ұзағанда жүре тыңдайтын, көбіне ұлы күнбиге қарсылық жасайтын, оны жойып, елін қосып алуға ұмтылатын, ал ұлы күнби жақ Хəн ақылынан шықпайтын, ебін тауып кіші күнбиді құртатын ұстанымда болып отырған. Бірақ ұлы күнби жақтағы үйсіндер барған сайын азая берген. Сонымен талайға шейін, екі Үйсін біріге алмай, қырғи қабақ, бірде бейбіт, бірде жауласқан теке тіресте жасаса керек. Хəн жақ қанша амалдаса да тыныштық орнамады ( ) деу содан ишарат береді [452]. Сөйтіп, біріккен, бір орталыққа бағынған, тəуелсіз де күшті Үйсін ұлысының тарихы осымен аяқтайды. Осыдан былайда екі күнбиліктің күнбилерінің кім болғаны, олар ара байланыстың қалай дамығаны туралы айқын мəлімет кезікпейді. Бұл да Хəн тараптың Үйсіннен қол үзгендігінің белгісі. Бірақ, Үйсін жақ тарих сахнасынан түсіп кетпеген, тіпті Хəн əулеті жақпен сиректе болса дипломатиялық байланыс жасап тұрған. «Хəннама. Уаң Маңның ғұмырнамасында»: Б.з. 13 жылы Үйсіннің ұлы, кіші күнбилері ордаға елші жіберіп тарту-таралғы ұсынады. Ұлы күнби Қытайдың жиені. Ал, ғұн əйелден туған ұлы - кіші күнби. Бірақ, үйсіндер оған (кіші күнбиге. - С. Ж.) бағынатын еді. Уаң Маң (Жаңа əулеттің патшасы. - С. Ж.) кіші күнбидің елшісін ұлы күнбидің елшісінен жоғары отырғызады делінген. Осы арадағы үйсіндер оған бағынатын жəне жоғары отырғызады дегендер, ұлы күнби қуыршаққа айналып қалды демеген күнде де, елдің көбінің кіші күнбиге ауып, бүкіл үйсінді кіші күнби иемденген бет.

212 212 БЕСІНШІ БӨЛІМ дей əсер берері хақ. Əйтпесе Уаң Маң өйтпес еді. Бұл табиғи түрде біртіндеп қайта бас құрауға бет алу дегендік болмақ. Əйтеуір былайғы тарихта, Үйсін аты өшпей, сирек те болса, бергі тарихта шаңырақ көтерген қағанаттар құрамындағы ел ретінде кезігіп отырады. Əсіресе оның құрамындағы күшейген (Албан, Дулат, Шігіл сықылды ірі) тайпалардың аты арқылы көбірек шығады. Ендеше оның былайғы тарихы - бірігуге талпыну мен оның бөгеттерімен күрес тарихы, тəуелсіздікке ұмтылу мен аяғында өз қандастарына қосылып, бұрынғыдан да ірі елдікке айналу тарихы. Бұған үшінші бөлімде аялдаймыз. Нағыз тарихшы тарихи оқиғалар мен тұлғаларға баға бергенде оған қатысы бар бүгінгі жəне кешегі жақтардың бір жағының ғана мүддесі тарапқа шығып алмауға тиіс. Өйткені тарих - үгіт тұрмақ, саясаттың да құралы емес. Əрі болған оқиғаның шынын айтуды, əрі оған адамзаттың ең ортақ мүддесі тұрғысынан əділ, соның үшін де қалыс баға беруді талап етеді. Бүгінгі адамзат өркениеті мен дəуір тынысының талабы да, шындық, ізгілік, көркемдік талаптары да тіптен сондай. Амал не, қазіргі тарихшылардың кейі не саяси қабаққа, не нацистік пиғылға, не өз ұлтынан беделдік капитал жиюға бой ұрып, не шала талдауға, не солардың біріне ере салуға бейім болып жүр. Мен бұл арада жұртқа əйгілі еуроцентристік пиғылды ғана айтып отырғаным жоқ. 2. ҮЙСІНДЕР ЖОҒАЛҒАН ЖОҚ (1) Сөйтіп Тұнязы (Орта Жазық) өзімен өзі боп кетті. Үйсін екіге ыдыраған, Лю Жиею бастаған хəндер еліне қайтқан, екі күнбиара, үйсіндер мен ғұндар ара қайшылық ушыққан заманда, жалпы б. з. б. І ғасырдың соңын ала, Лю Баң шаңырағын көтерген Батыс Хəн ( ) əулеті де іштен іри бастаған болатын. Патшалардың дамылсыз экспанциялық (сыртқа ірге кеңейту) саясаты, соған орай туылған ауыр соғыс шығыны мен алым-салықтың ерепайсыз өсуі, табиғи апат, халық санының тез көбеюі, əр дəрежелі ұлықтардың озбырлығымен жемқорлығы сықылды себептер əл-ауқаты қатты нашарлаған халықтың патшалыққа қарата ғазабын сонау Хəн Уди кезінен ақ күшейткен еді [453]. Билік басындағы ұлықтардың жемқорлығы шектен асып, ауыздарын егіншілердің жеріне салғанда, бұл ыза тіптен қозады. Халық ауыр су апатының зардабын шегіп жатқанда, Юанди патша (б. з. б жж. ) аңшылық саятшылық пен сайрандағанды ғана біледі. Чыңди патша (б. з. б жж. ) ойына келген ордасын салдыртып жатады. Бұқара кедей, қарақшы қайшыалысқан, ұлықтар шіріген, ашаршылық пен індет жайлаған [454] ауыр заман туады. Мұның арты табиғи түрде қалың халықтың ашулы көтерілісіне ұласады. Қоғамдық былығудан пайдаланып таққа шығып, Шинчау (Жаңа əулет) дегенді құрған, Юанди патшаның қағаншасы Уаң Жыңжюннің жиені Уаң Маң (. б. з. 9-23жж.) реформа жасағанымен онысы сəтті болмайды. Жаңа патша қалай қарайды екен дегендей раймен зияраттай барған Үйсін күнбилерін б.з. 13 жылы Уаң Маң қабылдағанын айттым. Бірақ, жоғарыда

213 ЕЖЕЛГІ ҰЛЫС ТАРИХЫ айтқанымыздай, өзінің алдындағылардан өзгеше саясат қолданарын көрсеткісі келгені ме, жоқ əлде кішікүнбидің əлеуетін мойындағаны ма, əйтеуір кіші күнбиді ұлы күнбиден жоғары отырғызыпты. Б. з. 17 жылынан бастап, Уаң Маң кезінде де басыла қоймаған көтерілістер тіпті күшейіп, Лүйлинжүн (Лүйлинге яғни бүгінгі Хубей өлкесінің Дахұң тауына жиылғандар) мен Қызыл қастылардың зор көлемді төңкерісіне айналады. Бүкіл елді дүр сілкіндірген бұл төңкерістер де, ел билегендер мен соған ұмтылғандарды бір шошытумен ғана тынып, сəтсіздікпен аяқтайды. Аяғы Шығыс Хəн əулетінің (, б. з жж.) құрылуына барып соғады. Бірақ Шығыс Хəн əулеті Батыс Хəн əулетіндей күшті бола алғаны жоқ. Оның себебі де көп-тін. Көп санды патшалары сəби шағында таққа отырды. Сəби патша есейгенше билік біткенді өз ығына келтіріп алған жуандардың айласы мен тақ маңындағылардың ішкі қайшылықтары оның қол-аяғын босата қоймады, еркіне жібермеді; əулет шаңырағы көтерілерден бұрынғы əбден борсыған былық пен шегіне жеткен кедейлік есін тез жиғызбады; ең бастысы əр дəрежелі ұлықтардың жемқорлығы, озбырлығы, билікке таласуы, бұл əулетті де өрге бастырмады. Мұның арты тіпті зор көлемді Сары орамалдылар көтерілісіне айналды да, Шығыс Хəн əулетін аударды. Одан кейінгі тарих бірімен бірі шабысқан үш елдік күйге енді. Олар Уей (, б. з жж.), Шу (, б. з жж.), У (, б. з жж.) елдері еді. Егер бұдан кейінгіні де айта түсер болсақ, Дау-у патша заманының (Б. з жж - С. Ж.) алғашқы жылдарында Түнязыны дамытуға тура келді де, төңіректегі бодандар бір мезет ескерусіз қалып, батыс нұмдар тарту-таралғыларын тартуды тоқтатты. Сонымен сарай ұлықтары, Хəн əулетінің үлгісі бойынша, Батыс өңірге елші жіберіп барыс-келіс жасауды (патшаға) тілек етті. Олар осылай істегенде ұлықтығымыз шетелдерге жетеді əрі сарайға қымбат бағалы бұйымдар құйылып тұратын болады деді. Патша оларға: Хəн əулеті қиырдағы Батыс Өңірмен барыскеліс жасаймыз деп, шекараны қорғаусыз қалдырып халықты қобалжытты, қазынаны бейберекет шашты. Онан пайда не? Қазір олармен қайта барыс-келіс жасайтын болсақ, бұрынғы кесет халықты қайта тұралатады деп, олардың ұсыныстарын қабыл етпеді. Сонымен Миңюан патшаның (б.з жж - С. Ж.) билігі тұсында да Батыс өңір бағындырылмады [455]. Демек Түнязы патшаларының, ең ары дегенде б. з. ғасырынан асқанша, ең кеңіте алғанда Ұлы Даланың Тəңіртаудың шығысынан батысқа қарайғы тарапына барыс-келіс қыла алмағаны беп-белгілі болып тұр. Мұндайда оларға үйсіндердің не күйде екені де беймəлім болмақ. Мұндайда олардың жылнамаларынан үйсіндер жайлы сөз кезіктіру де қиын. Түнязы хабарласа алмаған ұлт пен этносты жоғалдыға жатқызу да келісіп тұрғаны жоқ. Мұндай жағдайда, Ұлы Далалықтар өз еркімен Хəн жаққа бармаса, Хəн жақтың Ұлы Далалықтарға баруға да, оларды шақырып əкелуге де мұршасы жоқ еді əрине. Мұндайда, Түнязының Батыс Өңірдегілерді билеуі түгіл, оған ықпал жасауынан да сөз ашу қиын. Осыдан былайғы - Хəн əлеуеті əлсірегендіктен өзінің ішкі ісімен боп кет «Солтүстік əулеттер тарихы». 97-бума, 85-баян.

214 214 БЕСІНШІ БӨЛІМ кен заманда жəне Хəнге өкпелі үйсіндер одан аулақтай бастаған кезде, тіпті бұл жақтағылар Хəн елшілері мен арқыштарын, қабылдамау түгіл, өлтіруге дейін барған тұста, Үйсін деген елдің аты Хəн жылнамаларына сонау Жаң Чянның заманындағыдай түсе қоймағанын дұрыс түсіну керек. Иə, бұл жақтағы ұлттар атының Хəн жылнамаларына түссе де өте сирек жазылуы қисынды. Сол сирек жазбалардан да Үйсіннің еш қайда да кетпегенін айқын көруге болады. Мұны баса да қайтара айтып отырғанымыздағы себеп - Хəн жəне одан бергі əулеттердің тарихында Үйсін ұлысы бұрынғыдай жиі кезікпеуін əркім əртүрлі түсіндіріп жүр. Кей тарихшылардың мынадай олқылығы бар. Олар өзі көрген шекті жылнамаларда дерегі болмаған этносты да, елді де жоғалған ( ), құрыған есептей салуға бейім. Меніңше не не ірі істерді істеген, бірақ ол заманның бірде-бір жылнамаларына түспеген талай этностың тарихта болғанына да титтей күмəнданбауымыз керек. Ал жылнамаларға бір мезгіл түсіп, артынан түспей қалуды, олар жоғалдыға емес, сол артындағы заман тарихшыларының көзі оларға түспеген не құлағы оларды шалмаған немесе олар өзге ұлтқа қосылып кеткен не атын өзгерткен дегенге сайғызған ақылдылық болмақ. (2) Үйсіндер заманына сай өзге күйде өмір сүре берді. Мұны мына деректер мықтап дəлелдеп отыр: А. Тілімізге тиектердің біреуі - «Соңғы ханнама. Оңтүстік Ғұн баянында», б. з. 91 жылы, Ғұн қағанаты екіге жарылып, Хəн əулетіне бағынбаған жағы батысқа қарай ауғаны туралы айта келе, Қатты қорқып демі ішіне түскен Теріскей Ғұн тəңірқұты Үйсін еліне қарай зытты. Дешті құмның теріскейі иен қалды, Ешбір пана таппаған тəңірқұт киізге оранып үйсінге қашып барады делінген екен. Демек, Соңғы Хəн əулетінен жеңілген тəңірқұт қашып барып Үйсінді паналапты. Бұдан кемінде мынаны байқауға болар: Бірі, былайғы сатыда, екі Үйсін де Хəн елінен қорықпайтын күйге жеткен. Өйтпесе олар тəңірқұтқа пана бола алмас-ты. Енді бірі, бұл кездегі Үйсіннің Хəн жақпен байланысы сиреген, қайта ғұндармен тату қатынасы қайта күшейген. Ал мұның арты тіпті алыстауға тартқан. Сөйтсе де орта жазықпен дипломатиялық байланыс мүлде үзіліп те кетпеген. Бұл көзқарасты ғалымдар аз дегенде ғасырға дейін үйсіндердің ішкі өңірлердегі патшалықтармен (Қытаймен. - С. Ж.) саяси байланысы үзілмеген [456] деп құптай түседі. «Соңғы хəннама. Батыс Өңір баяны»: Б. з. 127 жылғы оқиғаны айта келіп, бұған Үйсіндер Памир тауының батысынан ары шалғайға кеткен дегенді қосады. Кеткен деген жоғалды емес, əрине. Ə. Тілімізге тиектің тағы бірі - Үйсін елі. Ордасы Чекүк қаласында. Орны Күсəннің солтүстік-батысына тура келеді. Дəйдан он мың сегіз жүз ли шалғай. Бұл ел Нөненнің шапқыншылығына көп ұшырады да, батысқа -Памирдың терең қойнауларына қоныс аударды. (Тəй Уди заманы) тəйянның 3-(б. з. 437-) жылы бұл елге елші ретінде Дұң Уан ( ), т. б. жіберілді. Сонан бастап сарайға елшілерін үнемі жіберіп, бағалы тартулар ұсынып тұрды дейді жылнамалар [457]. Оның үстіне, 456 Уаң Биңхуа, Уаң Миңжы. «Үйсін туралы зерттеу». Іле халық баспасы бет. 457 «Уйнама. Үйсін баяны»

215 ЕЖЕЛГІ ҰЛЫС ТАРИХЫ Дұң Уан, Гау Миңдер қисапсыз көп торғын-торқамен тағы жіберілді. Бұлар Пышамшанда тоғыз елдің елшілерін қабылдап, көңілдерін аулау мақсатында оларға сыйлықты мол-молдан тарту етті. Сол кезде Дұң Уандарға патшадан, баруға жолдың ыңғайы келсе, өзге елдерге де бара келіңдер деген жарлық түсті. Дұң Уандар тоғыз ел арқылы солтүстіктегі Үйсін мемлекетіне барды. Үйсін ханы Уей əулетінің таралғысын ілтипатпен қабылдап, айрықша қуанды. Ол Дұң Уан бастаған елшілерге: Естуімше Ферғана, Шаш деген елдер Уей əулетінің шапағатын естеріне жиналады екен. Əрмене ретінде кепшір тапсырайын десе де, соған жол таба алмай отырған көрінеді. Енді осы араға келіп қалған екенсіздер, олардың Орта Жазықтық қағанатты көксеген армандарының іске асуына сілтелеріңізді тигізіп, сол екі елге де бара кетіңіздер деді. Дұң Уан Гау Миңды Шашқа жұмсады да, өзі Ферғанаға баратын болды. Үйсін ханы оларға жолкезер тілмаш қосты делінген сөз де бар [458]. Бəлкім бұл арада əсірелеу де, мақтану да бар шығар. Бұл Солтүстік əулеттер заманындағы (б. з жж.) Солтүстік Уйдің патшасы Тағбат (Тоба) Тау (Тобатау, ) кезінің шындығы - үйсіндердің өз атын сақтаған ел күйінде өмір сүріп жатқанының дəлелі. Осыдан соң көп ұзамай үйсіндер Түрік қағанатының ішінде жүреді. Демек, аз дегенде Шығыс Хəн əулетінен Солтүстік Уей əулетіне дейінгі 4-5 жүз жыл ішінде үйсіндер мен ішкерідегі региондардың (Қытайдың. - С. Ж.) саяси байланысы бастан-аяқ үзілмегенін байқаймыз. Ал, саяси байланысқа сəйкес шаруашылық пен мəдениет ауысудың болып тұратыны шүбəсіз [459]. Осы туралы Матсуда Хисао: Алдын ала мəлімдеп қояйын, мен тек Дұң Уəн елші болып барғаннан кейін, Үйсін мемлекеті мен Уей əулеті арасында елші ауысқаны жайында із қалмаған дегенді ғана айтпақпын. Алайда, жазылмағандық фактінің жоқтығына тең емес екенін мен де білемін. Сондықтан Үйсін ұлты тарихтан жоғалды деуге мүлде болмайды [494] дегенді қосады. Оның б. з жылдары Ферғана мен Үйсіннің Уей əулетіне дүлдүл тарту еткені жайлы жазбалар да бар [460] дегені тағы тұр. Ол кездегі ірі елдерара сыйға сый, сыраға бал ғадеті жиі болғаны рас. Матсуда осы еңбегінде (258-бет), Үйсін менен Ферғана б. з. 437 жылы Уей əулетімен Юебəн ( Албан, ) [461] мемлекеті арқылы байланыс жасаса, артынан - б. з жылдары Уей əулетінің жазбаларына Эфталит мемлекеті арқылы түсті дейді. Бұл бізді мынадай ойға итереді: Біріншіден, Үйсіндердің бұдан бұрынғы басты тұлғасы Орта ЖазықтағыХəн елімен тіке байланысты үзген, одан тіпті алыстаған. Екіншіден, меніңше, Юебəннің қазақ Ұлы жүз-үйсініндегі Албанның арғы тегі екені шындық. Сонда екіге ыдырағаннан кейінгі тарихи барыста үйсіндердің ноқта аға тайпасында да өзгеріс туылған, не кей тайпалар (мысалыалбан) уақытша болса да өз алдына бөлек шаңырақ көтеріскен. Былайша айтқанда үйсіндер ішінен Юебəн (Албан) өзі бір ұлыс боп тарих сахнасына көтерілген жəне Хəн елімен Уаң Бимңхуа, Уаң Миңжы. «Үйсін туралы зерттеу». Іле халық баспасы бет бет бет. 461 Расында да бірқыдыру ғалымдар бұларды кейінгі қазақ ішіндегі ұлыжүз-үйсіндегі албандардың арғы тегі деп жүр.

216 216 БЕСІНШІ БӨЛІМ дипломатиялық байланысты, өзге үйсіндер емес, осы Юебəн (Албан) ғана сақтап қалған. «Солтүстік əулеттер тарихы. Батыс Өңір баянында»: Юебəн хандығы үйсіндердің солтүстік-батысындағы 10 мың 930 ли (Көне қытай тарихында бір лидің қашықтығы біркелкі болмаған. Атап айтқанда Хəн əулеті тұсында 414 метр, Уей əулеті тұсында 500 метр, Таң əулеті кезінде 531 метр - Ш. Ахметұлы) келетін шалғайда тұрады дегеніне қарағанда, ол кездегі албандар Сарыарқа сыртына, шігілдер Тарбағатайға таман қоныстанған секілді. Бұл кезде өзге үйсіндердің ноқта ағасы дулаттар болуы ықтимал. Б. Тағы бір факті мынау: Ма Манли мырза өзінің үйсіндердің Памирге аууына қатысты зерттеулерінде: Үйсіндердің Памир беталысына көшіп ауғанының екінші сатысы ғасырдың басында болған, іс жүзінде батысқа жəне оңтүстік-батысқа көшіп, Тəңіртаудың (нақтырақ айтқанда Алатаудың - С. Ж. )орта қойнауына яғни Ыстықкөлдің батысы мен оңтүстік-батысына барған деп жазады [462]. Ал, Уаң Биңхуалар: тарихи материалдардан анықтап көрсек, оларда Юебəн елі Үйсіннің батыс-терістігінде Дұң Уандар 9 елден өтіп, солтүстіктегі үйсіндерге барды делінген. Бұл 9 елдің ішінде Тасқорған Памирде, одан басқа Күсəн, Агни, Жүйчы, Пышамшан, Юебəн, Соғды елдерінің орны бойынша терістікке жүріп Үйсінге барды делінеді. (Демек, үйсіндердің ғасырдан бұрын. - С. Ж.) Памирге кетіп қалуы мүлде мүмкін емес. Бəлкім б. з. ғасырының басында немесе орта шенінде оңтүстікке қоныс аударып Памирге барған болу керек деп есептейміз [463] дейді. В. Сосын, «Билік ғибратнамасында» (211-бума) б. з. 714 жылындағы оқиғаларды сөз ете келіп, Ферғана - ежелгі Үйсін елі дейді. Бұл Түргеш қағанатында Үшелігтен кейін оның баласы Сақал қаған ( ) ел билеген, оның артынан Сүлік қаған ( ) тұсында Түргеш қағанаты қайта күшейіп, саяси құдандалық жолмен Таңнан келген қатерді басыңқырап тұрған заман. Əрине күшті Түргеш қағанаты Ферғананы да билігіне алған. Түргеш Сарыүйсін болғандықтан, Ферғана ғана емес, Түргеш қағанатына қараған елдердің бəрі де ежелгі (демек кəдімгі) үйсін елі аталады. Бұдан үйсіндердің көкке де шықпай, жерге де кірмей, ғасырдан соң ғана негізгі күшін батысқа сырғытқанын, сонда да жоғарыдағы Ма Манлише айтқанда, Тəңіртаудың (нақтырақ айтқанда Алатаудың - С. Ж.) орта қойнауына яғни Ыстықкөлдің батысы мен оңтүстік-батысына ғана барғанын, былайша айтқанда, тек қазіргі Қырғызстан мен Оңтүстік Қазақстан аумағына жылжығанын көреміз. «Орталық Тəңіртаудағы (Қырғызстан өңірін айтып отыр - С. Ж.) жылдардағы археологиялық қазбалардан мəліметте» [464] Орталық Тəңіртаудағы Үйсін қорымдарының ең ерте дегенде заманымыздың ғасырынікі екені баяндалған. Бірақ бұл қорымдардың уақыты қысқарақ көрінеді. Ол да түсінікті. Өзге этностарға араласа бастаған үйсіндер бұдан былай, өлгендерді бұрынғыша емес, қасындағы этносша жерлей бастайды, əрине. 462 «Үйсіндердің Көгартқа аууы жайындағы таластар» («Солтүстік батыстың тарихи жағрапиясы» ) 463 Уаң Биңхуа, Уаң Миңжы. «Үйсін туралы зерттеу». Іле халық баспасы бет. 464 «Қырғыз этнография-архелогия экспедициясының еңбектері», 2-том, 1956 жылы. Мəскеу.

217 ЕЖЕЛГІ ҰЛЫС ТАРИХЫ Г. Жоғарыда айтылған Ғұн қағанаты екіге жарылып, Хəн əулетіне бағынбаған жағы батысқа қарай ауғаны туралы, «Соңғы ханнама. Оңтүстік Ғұн баянында»: Қатты қорқып демі ішіне тұскен Теріскей Ғұн тəңірқұты Үйсін еліне қарай зытты. Дешті құмның теріскейі иен қалды дегеннің артында мынау бар: Олар жалпы алғанда Алтайдың батысынан оңтүстікке беталып, Тəңіртаудың солтүстігіндегі Үйсін иелігінің солтүстік-батыс шегіне барды, онан соң Қаңлыларға барды, онан Аорс еліне - яғни Аланға барды. Ең соңында Еуропаға ендей кірген ғұн сарбаздарының атының тұмсығы итарқасы қияндағы Константинополь мен Римге тірелді. Қалай дегенмен де ғұндар үйсіндердің арғы аталарына ықыласты болғандықтан, оның үстіне Теріскей ғұндардың қалдырып кеткен аш-арықтарының үйсіндерге төндірер қаупі шамалы болғандықтан, үйсіндер Ғұн аш-арықтарының қалуына көнген болуы да əбден мүмкін. Сондықтан Теріскей Ғұн тəңірқұтының үйсін еліне зытуы шындық болуға тиіс. Үйсіндер Памирге көшкеннен кейін, үйсіндердің бұрынғы иелігінде тіршілік қимылын жасағандар көбінде Теріскей Ғұн тəңірқұтын хан көтерген Юебəн ( Албан, ) елінің бағынышты халқы болды. Сянбилердің (Шянби, ) арасында тегіннен өздерін сянбилерміз десетін ғұндардан қалған 100 мыңдаған халық болған, оның үстіне сянбилер арғы аталарынан бері ғұндармен құдаласып, қыз алып, қыз беріп келе жатқан жағы тағы бар [465]. Бұл дəйексөздегі Теріскей Ғұн тəңірқұтын хан көтерген Юебəн (Албан, ) елінің дегенді мына екі сөзге ұштастыра ойлансаңыз, яғни бірі, жоғарыда айтылған Өжеттің тоқалынан туған бесінші ұлы Бейюанжы ( )жабғы Бұдженсанның көкелік орындағы інісі болатын. Оның жұрты Чяңхуаң( ) деген жерде еді. Əлде неше жүз мың адамы бар-ды. Алғашында шығыс жағындағы Ғұн қағанатына жортуыл жасап, олардың мал-жанына тиісе бергесін, ғұндар бұған шүйілгенде, Ғұнмен келісімге келе қап, Шүйдай ( )дейтін ұлын Ғұнға ақ үйлі аманатқа да берген. Ол б. з. б. 11 жылы, екі күнбиліктің басын құраймын, ұлы күнбиді өлтірем деп, өлтіре алмай, аяғы 80 мың адаммен Қаңлыға кетеді. Одан қорыққан екі күнби Хəн басқағына тіпті ықтай түседі дегенді; енді бірі, «Хəннаманың»: Үйсіндер екі күнбилікке ыдырағаннан кейін, Хəн əулеті оларды ренжіткендіктен, бұл мемлекетте тыныштық болмады деп жазғанын қоса талдасаңыз, тыныштық болмаған, берекесіздік жайлаған елден, уақытша болса да бөліне тұру да болады. Ірге айырып өз алдына шаңырақ көтеру де кезігеді. Ендеше үйсіндегі Албан елінің екі үйсіннен уақытша шығып, оның солтүстік-батысынан хандық құру ықтималдығын жепжеңіл жоққа шығара салу қиын. Бейюанжының Чяңхуаң деген жердегі 100 мыңдаған адамымен жасап жүрген харекеті өз алдына бір күнбилікті елестетеді емес пе, оны ешкім күнби ретінде хатқа түсіріп жатпаса да. Сондықтан, бұл арадағы Юебəн (Албан, ) елінің, іс жүзінде, үйсіндер батысқа сырғығанда көшпей, Қытай жылнамаларынша ғұндардан қалған аш-арықтар атанып, Чяңхуаң ( ) деген жерде қалып қойған, Өжеттің тоқалынан туған бесінші ұлы, Бұдженсанның көкелік орындағы інісі Бейюанжы ( ) жабғы басқаруындағы үйсіндер болуы да əбден мүмкін. Жылнамаларда, бергі кезеңнің Юебəні мен Үйсіні көбінесе қатар аталады. Мысалы, «Уейнама. 4 - бума(1). 4-билік баян. Шызу(1) мен (2)» де: б. з Ма Мəнли. «Үйсіндердің Көгартқа аууы жайындағы таластар»

218 218 БЕСІНШІ БӨЛІМ жылы 18-наурыз Күсəн, Юебəн, Үйсін елдері елшілерін жіберіп ордағатарту тартты деген сықылдылар əлде неше жерде қайталанады. Ал, енді екі емес, үш, тіпті төрт үйсін болып бөлініп кеткен күнде де, оның үстіне шығыстан келіп жатқандар қосыла береді. Қаншаға ыдыраса да, сол келімсектер (ол тек Ғұн аш-арықтары ғана емес қой, əрине) есебінен үйсіндер қатары молыға берері сөзсіз. Демек тілі де, діні де, салт-ғұрпы да жақын болғандықтан, ежелден бірі-біріне сіңе кететін бұл өңірдің ғадетіне сай, кемінде Жетісу өңірінде этностар тіпті де араласа бастайды. Əу басқы сақтардың (іс жүзінде басқалар да сол сақтардың бұтарлары ғой) əр текті қалдығы, Бақтрияға кетпей қалған не артынан ол жақтан қайта оралған жүздер тобы, Памирдың солтүстігіне келген үйсіндер, бұларға қосылған Ғұн аш-арықтары Түрік, Түргеш, т. б. қағанаттардың билігінде, сол қағанаттағы өзге түріктерге қосылып, сіңіп, анағұрлым үлкен түрік этносын құраудың барысына енді дей беріңіз. Ғ. Жуықта ШҰАР Хыжиң ауданы аумағынан (Дашанкоу су электрстансасынан 10 шақырымдай тұстан) 130-дай Үйсін обалары табылды. Археологтар тапқан шақа ( ), керамикалық, темір, мыс дүниелер, ат əбзелдеріне қарағанда бұл Хəн əулеті заманынан тартып Таң əулеті кезіне (б. з жж.) шейінгі 1600 жылдық тарихты басып жатқан обалар екен. Демек батысқа көшпей қалған аз үйсін бұл тұста Таң əулеті заманына шейін отырған көрінеді. Бірақ олардың Үйсін деген атпен хаттамаларға түсе қоюы əрине екіталай. Д. Жылнамаларда, (Хуйтұңның алғашқы жылы, б. з. 938 жылы) 14-тамызда нүйжіндер (шүршіттер, - Манжұрлардың арғы тегі) сарайға кепшір тапсыра келді. 24-тамызда Тұйғұн, Үйсін, Мүркеттер (Мохы) [466] сарайға кепшір тапсыра келді деген тағы тұр [467]. Осы тарихтың дерегінде Ляу (Қарақытай) əулетіне (б. з жж, ) əскери көмек беретін елдердің тізімінің ішінде де Үйсін елі (Түрік, Найман, Меркіт, Корей, Шүршіт, Таңғұт, Құжы ұйғыры сияқтылармен қатар) аталып тағы тұр. Е. «Батысқа елшілік сапардан естеліктер» дегенде, моңғол ханы Мөңкенің əмірімен оның солтүстіктегі інісі Құлағу ханға кезігу үшін аттанған Лю Юйдің көрген-білгендері жазылған. Сонда: Біз Қарақорымнан жолға шығып, Үйсінге жеткенге дейінгі 200 ли жолда - деген сөйлем тағы бар. Бұл 1263 жылдың дерегі. Міне осыған дейін əрі аты өшпеген, əрі айқын ізі бар Үйсінді ұшты-күйді жоғалдыға ( ) санау, егер өзге ниеттілік болмаса, тарихи деректерді мұқият қарамау саналатын шығар. Əсіресе, Хəн Уди заманындағы Үйсін ( ) атауының сол қалпында 1263 жылдарға шейін келуі обастағы үйсін ( ) дегеннің бүгінгі қазақтағы үйсіннің ( ) тəп өзі екенін тіпті дəлелдеп отыр. Осы арада мына сөз де адамға ой салады: Профессор Су Бейхай: Таң əулеті кезіндегі, Батыс Түрік қағанаты жойылғасын Түргеш тайпасы құрған Түргеш қағанаты - қазақ ұлтының дулаттары тұрғызған қағанат. Қазіргі қазақтар түргештерді əлі де Сарыүйсін деседі. Бұл дулаттар Таң əулетінен кейін, Қара хан мен Қара қытайлар үстемдігінде болды. Іле, Шу региондарында үнемі тебінді əрекет жасады. Халқы да көп. Шағатай хандығы феодал үстемдігі сүйенген саяси, 466 Меркіттер шығар. 467 «Ляу тарихы. 4 бума, 4- билік баян Тəйзұң -(2)».

219 ЕЖЕЛГІ ҰЛЫС ТАРИХЫ əскери күш бастан аяқ қазақтың осы дулат тайпасы болып келді [468] деген екен. Сондықтан да шығар Нығымет Мыңжанұлы: Дулаттар ежелгі Үйсін бірлестігіне қатынасқан тайпалардың бірі еді. - ғасырлардағы Батыс Түрік қағанаты кезінде үстем орынға шығып, бұрынғы Үйсін тайпалары дулат деп аталатын болды. Дулаттар осы дəуірден бастап жазба деректерде жиі кездесіп отырады дейді. Демек, бергі тарихта, Дулат пен Албан бар жерде Үйсін бар дей беріңіз. Өйткені, жоғарыда айтқанымыздай, бертініректегі тарих беттеріне, Үйсіннен гөрі, оның ішіндегі мықты тайпалар(мысалы Дулат, Албан, Шігіл, т. б.) көбірек түскен. Бұл бүгінгі Орта Азияда, Түрік дегеннен гөрі, Қазақ, Қырғыз, Өзбек, Түрікмен, Татар, Қарақалпақ, т. б. атауларының көбірек кезігетініне қатты ұқсайды. Бұдан былайғы аласапыраны жетерлік барыс (Ертедегі Үйсін ұлысына қараған жандардың заман ықылымына бағынып, Түрік, сосын Түргеш, Шыңғыс қаған, қағанаттарына мойынсұнып келе, талай ұлтты, əсіресе қазақты құрағаны (Қазақ хандығының шаңырағын көтеріскені) айтпаса да түсінікті шығар. Бұл талай ұлт дегеннің ішінде, өзге түрік тілділерді былай қойғанда, өзге тілді алыстағы ұлттар да болуы мүмкін. Бұған сіз төмендегі тарауды оқыған соң тіпті нана түсесіз ҮЙСІНДЕРДІҢ ТҮРІК ҚАҒАНАТЫНА ҚОСЫЛУЫ Заман ықлымына жəне елбасыларының пиғылына орай, əр заманда, Ұлы Даладағы елдердің əр бөлігі өзге алыс тұстарға ауған болатын. Ауған көктүріктердің бір бөлігі Түнязы деп аталатын Орта Жазыққа (Қытайға) кетті. Енді бір бөлігі батысқа, тіпті сонау Батыс Еуропаға шейін барды. Тынық мұхитты солтүстігінен айналып Америка құрлығына кетушілер де болды. Соңғылардың дені Алтайды кіндік еткен (Амурдан Кавказға шейінгі) жалпақдаладағы түрік тайпалары болатын. Ұлы далалықтардан Түнязыға ауып бару ерте басталған. Түнязылық əулеттердің ірге кеңейтуі салдарынан оған қосылған хандықтар жұртынан тыс, өз еркімен көшіп кіргендер, соғыс тұтқындары жəне жерлік табиғи өсім Түнияз халқының санын тез өсірді. Ғұн мен Үйсін қағанаттары ыдырап, əлсіреген сайын, соған қоса Батыс Өңірдегі жұрттың Хəн жаққа, өз іштеріндегі хəншілдерге наразылығы күшейген сайын, хəншілдердің бұл жақтан кетуі, Хəнге барып паналауы тіпті көбейді. Хəн əулеті Лю Жиею мен Уаң Жаужюннен [469] тараған жиендерін тегіс Шаңлинюандағы Футау сарайына ( ) жайғастырады. Тізе бүге келген шетелдік өзге ығайларды да қастерлеп, марапаттап, мəртебелі күтімге алады. Ондайларды неғұрлым көбірек тартуға тырысады. Бұл адам ресурсының маңыздылығын ерте білгендік еді. Қытай - əлем елдері ішіндегі бұл жағынан ең ұтқан ұлыс. Сонымен түрік тайпаларынан Орта Жазыққа барып сіңгендердің ересен көптігін айтудың өзі артық. Олардың кейі Қытай тарихына белгілі ықпал да жасады. Егер мысал ала кетсек, соның бірі - Шато ( ). Оның əсілі аты Чуюе( ) екен. Үйсін ұлысының ежелгі жұртының шығысында, Баркөлдің батысында, Құбының құмы жақта (бүгінгі солтүстік Шынжаңда) болғандықтан хəндер Шато түріктері ( бет. 469 Б. з. б. 33 жылы тəңірқұтқа ұзатылған сұлу.

220 220 БЕСІНШІ БӨЛІМ ) - құм қыраттының түріктері деп атап кетіпті. Б. з жылдары тайпа көсемі Жуше Жы-и ( )Таң əулетіне бағынып, Ли ( ) дегенді өзіне фамилия қып алады. Оның немересі Ли Кы-юң ( ), таң əулетіне көтерілісшілерді басып беріп, қарамағындағы бір жерге хан болады. Ли Кыюңның ұлы - Қытай тарихындағы Соңғы Таң əулетін (б. з жж. ) құрушы. Былайғы Соңғы Жин (, б. з жж.), Соңғы Хəн (, б. з жж. ) əулеттерін құрғандар да осы шатолар. Шюе Зұңжың ( ) шатоларды түріктенген жүздер тайпасы болар дейді. Оның көсемінің фамилиясы - Чуюе ( ) дегеннен шыққан Жуше ( ). Шатолар түбіттердің (, тибеттердің) қысымынан шығысқа ауған. Былайғы шатолар негізінен үш шато делінетін ұш тайпа болатын: Шато, Анчиң, Согы. Мұның ішіндегі Анчиң мен Согы Орта Азиядағы тоғыз оқ ғұздар(жауу) регионынан шыққан. Согы деген ат Соғдияна, Соғд дегендермен тіпті тіке байланысты. Анчиң мен Согы тайпалары... тоғыз оқ ғұздардан құралған. Ал, Шатоның өзі шығысқа ауған Чуюе тайпасынан. Бес əулет ( - б. з жж. ) кезінде, Ан, Ми, Хы, Шы, сияқты толып жатқан тоғыз оқ ғұз фамилиялары көрінеді. Бұл міне шатолар ішінде тоғыз оқ ғұздардың барлығының белгісі. Бұл құбылыс - Шато мен Жүздің, демек Тоғыз оқ ғұз бен Жүздің тығыз байланысты екендігінің айғағы [470]. Шато жолын қуған тайпалар одан бұрын да, кейін де ересен көп болыпты. Ұлы Даладағылардың батысқа да, шығысқа да аумай қалғандары тыныш жатқаны жоқ. Өсті, өнді. Өз тарихын жалғасты жаза барді. Ал, оңтүстікте Орта Жазық (Қытай), солтүстікте Ғұн қағанаты əлсіреген кезде, одан бұрын бұғулы күйдегі кей этностар бас көтере бастады. Соның бірі - Сянбилер ( Сəнбе, Шиəнби, ). Шығыс Хəн əулетінің соққысынан батыс-солтүстікке көшкен ғұндардың жерін сянбилер иелей бастайды. Ғұндар қашып кеткесін, сянбилер күшейді. Олардың жерін иелеп алды. 100 мың кісілік əскери қолға ие болды. Олар құдіретті, ақылпарасатты еді. Құрал-жарақ, ат-көліктері ғұндардікінен артық болатын [471] деп жазады сол заманның ғалымы Сəй Юң. Сянби Тан Шыхуай батыр да парасатты еді. Тайпалардың бəрі қорқып бағынды. Ол істі заңмен басқарып, қисықты түзетті. Қарсы келер адам шықпай, бара-бара ел ағасы болып кетті. Батыста үйсіндерді соққылап, ежелгі Ғұн жерін жеке дара иеледі. Аумағының шығысы мен батысы 14 мың лиден асты [472], Сянбилердің əйгілі шарбасысы Таң Шыхуай (. б. з жж.) еді. Шығыс пен Батыстың ірі елдері оған бағынған-ды. Əскері өте күшті болатын. Оңтүстікте Хəн əулетінің шекарасына кеп əлек салатын, солтүстікте чяңдармен айқасатын, батыста үйсіндерге шабуылдайтын. Таң Шыхуай өлгесін, сянбилердің күші біртіндеп əлсіреді. Бұл тайпалар одағындағы тұғбаттар бой көтергесін, қайта күшейіп, бірқыдыру тайпаларды өзіне қосып алып, Қытайдың солтүстігінде Дəй ( ) мемлекетін де құрды. Тарихта олар батыстағы үйсіндердің жерін қосып алған делінеді [473]. Міне бұдан онсыз да əлсіреген үйсіндердің өзгенің «Ел билеуге пайдалы жалпы үлгілер». Қытайша бет. (Уаң Жылай. «ОттұраАсия тарихы». 1-том. Ұйғырша. 209-бет. ). 472 «Ғибратнама. Шығыс Хəн Хыңди патша Иоңшоу 2-(б. з. 156-) жылы тарауы». 473 Уаң Жылай. «Оттұра Асия тарихы». 1-том. Ұйғырша. 212-бет.

221 ЕЖЕЛГІ ҰЛЫС ТАРИХЫ дамылсыз соққысына ұшырап тұрғанын көресіз. Ал, олар батыстағы үйсіндердің жерін қосып алған кезде, оларға адам да қатты керек қой. Үйсіндердің кемінде бір бөлігін басып, бағындырып қалғаны сөзсіз. Бұғулы күйден бас көтергеннің тағы бірі - Нөнендер (Жужандар). Солтүстік Уей заманында (б. з жж.) Нөнен (Ауарес, Авар, Жужан) елдік шаңырақ көтерген болатын. Олар Хəн жылнамаларында руру (,,, ), роурəн ( ) деп хатталып келді. Кей ғалымдар орысшаға ілесіп Жужан деп жазып жүр. Нөнендер Шығыс Ху (, Тоңғұс, Шығыс оғыз) этносының бір бұтары саналады. Олар б. з. ғасырының орта шенінде, қазіргі Орқон, Тоғла өзендерінің бойында малшылықпен шұғылданатын. Кей дерек көздерінің [474] айтуынша, кешегі Хəн əулеті билеген топырақта 16 мемлекет шаңырақ көтеріп, Оңтүсік пен Солтүстік дейтін əулеттер теке тіресіп жатқанда (б. з. ғасырының аяғынан ғасырдың ортасына шейінгі тұста), Түнязы (Орта Жазық) солтүстігінде Ғұн мен Сянбиден соң сахнаға көтерілген осы Нөнен мен Чылы (Теглек, Телы - Түрік) болыпты. Б. з. - ғасырларында, қазіргі Моңғолия даласында (Орталық Хангай тауының шығысында) малшылықпен шұғылданатын Нөнендердің ұлыс атасы ( ) саналған Мұқыл Юйжюлүй (Могулюй, [475] ) əсілі сянбилер ақсүйегінің құлы екен. ғасырда түменнен аса жанды бастап қашып шығады да, іргелес тайпаға барады. Оның ұлы Долан Саллан (Дэулан Шылүн, ) Чылүйхұй ( ) заманына жеткенде, көсемі сянби, бұқарасы түрік ел боп қалыптасып, біртіндеп күшейеді. Нөнен деген атты осы Чылүйхұй ( ) өзі қойыпты. Мағынасы зерек (немесе ермен, жусан дегендердің бірі)деседі. Сонымен өздерін Нөнен (Жужан [476], ) деп атасады. Ал хəндер бұларды ғұндардың бір бұтары, ғұндар мен сянбилер арасынан шыққан метис деп қараған. Ғалымдар ішінде оларды Ауар (Авар-жабайы) деушілер де бар. Нөнендер Ордасын Гыгын (Ыгын) дариясының басындағы Су өзені [ ( ) ] маңынан құрады. Б. з жылдары билік құрған көсемі Саллан өзін қаған деп жариялайды. Ең күшейген кезінде жер аумағы солтүстікте Байқалға, оңтүстікте Барқынтауға (Иншан, ), шығысы Үлкен Қадырханға (Үлкен Шинəнлиңға, ), батысы Тарбағатайға шейін жетеді. Құрамына 60 неше тайпаны алады. Олардың ішіндегіден деректерде кезігетіні мыналар: 1. Нөненге (Жужанға) кіретіндер - 2. Шығыс оғыз сянбиге ( ) жататындар - 3. Түрік (Чылы, Теле, Теглек, ) тайпаларына кіретіндер - Ашына ( 474 http: //www. xjass. com Сондықтан мұқыл деп аудардым, қасқа демей). Мұны Жапон ғалымдары да құптайды. Қазақтың белді тайпасының бірі Уақтың ішіндегі бір ата Жусан. Ғалым Ш. Ахметұлы мұны манжу-моңғол тілдеріндегі мұқыр( muhuri) сөзіне шендестіреді əрі деген екінші атын ұғра дей отырып, оны ұғрақ уақ атына байланыстыра қарастырады (Қараңыз: «Уақ этнонимінің этимологиясына талдау», Шынжаң қоғамдық ғылымы, 2008, 1). Меніңше, мұнда қисын бар. 476 Сонда мұның қазіргі қазақ тіліндегі жусан болуы əбден мүмкін. 221

222 222 БЕСІНШІ БӨЛІМ ) жəне, т. б. 4. Өзге Ғұн тайпаларынан Батыс Өңірдің басқа оғыздарынан (хуларынан) жылы, нөнендердің (жужандардың) көсемі Саллан өзін Чюдуфа ( ) қаған деп жариялаған соң, маңайындағы тайпалардың басын құрап тағы да күшейе түсіп, əскери түзім орнатады. Солтүстік Уей (б. з жж. ) жəне Оңтүстік əулеттерімен (б. з жж. ) экономикалық, мəдени байланыс орнатып тұрады. Б. з. - ғасырына келгенде, яғни нөнендер күшейген тұста, Үйсін ұлысы өзіне үздіксіз шапқыншылық жасап келген Нөнендерге жартылай бағынады. Үйсін елі. Ордасы Чекүк қаласында. Орны Күсəннің солтүстік -батысына тура келеді. Дəйдан он мың сегіз жүз ли шалғай. Бұл ел Нөненнің шапқыншылығына көп ұшырады да, батысқа - Көгарттың терең қойнауларына қоныс аударды [477] делінуі осы тұс. Үйсіндер Нөненге (Жужанға) жартылай бағынса да, елін тоздырмау үшін өздеріне тыныштау жер іздеген болар. Үйсін ұлысының ордасы мен негізгі халқының бұл көшпен нақты барған жері Көгарттың (Памирдың) солтүстігі, қазіргі Қырғызстан мен Оңтүстік Қазақстан өңірі. Ал, Ілені кіндік еткен тұстан да арыла қоймаған. Кей тайпаларының( мысалы, Дулат, Албан, Шігіл сықылдылардың) талай жұрты жылы орнын суытпай, ежелгі қонысында отырып та қалған. Хəн жылнамаларында: б. з жылдары. Үйсін сықылдылардың хандары елші жібере бастады делінуі, мейлі ол Үйсіннің қай тайпасының харекеті болса болсын, əйтеуір бұған айғақ. Есіңізге сала кетсем, осы тұста Түнязы жақ та үйсіндер ауып барған тұсқа елші жіберген. Б. з. 436 жылы Солтүстік Уей қағанаты Дұң Уан ( ), Гау Миң сықылдыларды Батыс Өңірге елші етіп жіберген. Олар Үйсін, Ферғана, Ташкент, т. б. елдерге барған... Бұл жақтың жұрты шығыс Иран тілімен сөйлесетіндер еді. Бірақ ұзақ тарихи даму барысында, бұл региондарға жаңа ұлттар, мəселен, Тохар, Үйсін, Ғұн, т. б. ұлттар толассыз көшіп кірген [478] дегеннен сіз кемінде мыналарға көз жеткізесіз: 1. Үйсіндер ел ретінде əлі де бар; 2. Үйсіндер барған тұстағы (Ташкент пен Оңтүстік Қырғызстан, Оңтүстік Қазақстан маңындағы) ежелгі тұрғындар шығыс Иран тілді болғанымен, олардың үстіне ол тілде емес (мысалы түрік тілді) сан тайпа көшіп барғалы ұзақ уақыттар болған. Сол түрік тілділердің бірі - Үйсін; 3. Былайғы (алда айтылатын) процес бұл жердің жерліктерін тіпті тез түріктендір ген. Ал, Археологиялық табыстарға сүйене отырып, Кеңес Одағындық ғалымдар: Б. з. ғасырындағы бір қыдыру үйсіндердің Тəңіртаудың орта шеніне енуі - ғасырлардағы Түрік дəуіріне дейін жалғасты. Үйсін тайпалық одағы Тəңіртаудың орта тұсында, б.з. - ғасырларында бар болатын. ( жылдары табылған. - С. Ж. ) Толып жатқан Үйсін, Түрік обалары үйсіндердің бағынса 477 «Уейнама. Үйсін баяны»

223 ЕЖЕЛГІ ҰЛЫС ТАРИХЫ да жойылмағандығын түсіндіреді деген болатын. Үйсіндер бұл кезде, оңтүстіктегі Памирге ауған емес, Орталық Тəңіртауға енген.. Жалпы алғанда, б. з. б. ғасырдан б. з. ғасырына дейінгі 800 жылда Үйсін мен Қаңлының негізгі көшпенді регионы тым өзгермеген, мəдениеті Сақ пен Жүз мəдениеттеріне мұрагерлік қылған қазақтық ертедегі дала мəдениет ерекшелігін қалыптастырған [479]. Осы арада, үйсіндердің басты күші батысқа (жоғарыдағыша айтқанда, Орталық Тəңіртауға) ауғанымен, оның белді тайпаларының кейі батысқа тым сырғып та кетпеген жəне нөнендермен күресін доғармаған екен. Соның бір мысалы Албан (Юебəн, ) елі туралы мына бір деректе тұр. Онда былай делінген: Юебəн елі Үйсіннің батыс терістігінде. Дай дуанынан ли қашық. Олардың арғы аталары əсілінде ғұндардың теріскей тəңірқұтына қарасты ұлыстан еді. Бұлардың тұрмыс салты жəне тілі қаңлылардікімен бірдей. Ал олардың адамдары өздерін оғыздардың қай-қайсысынан да таза ұстайтын еді. Шашын қиғызып, қастарын жасататын. Шірнемен боянып, бой түзейтін. Əр күні үш мəрте жуынып, ауыз шайқайтын. Сосын тамақтанатын. Нөнендермен одақтасу ойымен Юебəннің ханы мыңдаған адаммен Нөнен еліне Датанмен дидарласу үшін аттанады. Олардың жеріне жүздеген ли ішкерілеп кірген Юебəн ханы нөнендердің кір жумайтынын, əйелдері ыдыстағы жұғынды жалап кетіретінін көрді де, қасындағы ұлықтарына ренжіп: мені алдап қайдағы иттердің еліне əкелгенсіңдер?! деп атының басын кері бұрады. Содан бастап бұлар (нөнендер мен албандар. - С. Ж.) бірі мен бірі жауласып, өзара көп шабысты... Б. з. 448 жылы бұлар ордаға тарту-таралғымен елшісін жəне желбішісін жіберді. Желбішісі адамның алқымындағы тамыры қиылып, одан қан аққанда немесе зілді соққымен адамның төбесін ойып, қанға бөктіргенде, аузына шөп дəрі салып шайнатса қанның дереу тиылатындығын, жаралы адамды бірер ай емдесе, тыртық қалмай жазатынын айтты. Өтірік шығар деп, бұған күмəнданушылар көп болды. Сонымен өлімге бұйырылған қылмыскерге сынақ жасалып, рас екені дəлелденді. Ол мұндай дəрі шөп Түнязының ұлытауларынан да табылады деді. Оның өнерін үйренуге мол сыйлықпен арнаулы адам жіберуге келісілді. Олар Уей əулетінің əскерлерімен тізе қосып, нөнендерді шығыс пен батыстан екі бүйірлеп қыса соққылауды талап етті. Патша Тəй У олардың тілегін қабыл алды да, шекара аймақта тұратын əскерлеріне соғыс күйіне келу туралы жарлық түсірді. Оның үстіне қатысты басқармаға Юебəннің жауынгерлерді ерлікке шақыру күйін сарайдың əуез мекемесіне енгізуді бұйырды [480]. Б. з жж. недəуір салтанат құрған нөнендер (жужандар) кейін келе ыдырап əлсіреді де, б. з. 552 жылы Түрік қағанатына қосылып кетті. Əрине кезінде оған бағынған үйсіндер көтеріле барып, өзіне қандас та тілдес түріктерге қосылды да, нөнендердің үстемдігінен құтылып алды. Ол барыс мынадай: Нөнендер (жужандар) Солтүстік Уей əулетімен, кешегі Хəн мен Ғұн сықылды, ұзақ уақыт бірде құдандалы, бірде жауласқан күй кешкен. Жауласудағы көп себептің басты бірі Батыс Өңірге иелік ету үшін арпалыс-ты. Нөнендер 460 жылдан Бұл да сонда. 154-бет. 480 «Солтүстік əулеттер тарихы. 97-бума, 85-баян, батыс Өңір» («Қытай жылнамаларындағы қазаққа қатысты деректер». 2-кітап. 248-бет )

224 224 БЕСІНШІ БӨЛІМ бастап батысқа жорық жасап, 470 жылы Үдінге шейінгі аумақты алғанымен, жылдары Солтүстік Уей əулетінің басты сауда жолы Дунхуаңға (Дахатаға) шабуыл жасағанда, Солтүстік Уейдің қатты соққысына жолықты да əлсірей бастады. Содан пайдаланған қоластындағы тайпалар нөнендерден құтылудың жолына түсті. Дəл осы уақытқа жеткенде, жужандардың езгісінен құтылуға қамданғандардың ең бастысы Ұлы Далада бұғанға шейін əркім жағынан биленіп те иленіп келген түрік тілді сақ тайпалары болды. Түрік тілді тайпалардың ішінарасы ғана түрік атауын қолданатын. Онда да бірі Түрік десе, енді бірі соған жуық, тағы бірі жəне басқаша атасатын. Оны іргелес елдер де əр түрлі (теглек, телі, чылы, т. б. деп) хаттайтын. Талайы өз тайпа не тайпа одағының атымен де жүрген. Күшті Түрік мемлекеті шаңырақ көтергенше солай болыпты. Бұл қазіргі түрік тілді елдердегі, бəрі де түрік тілді бола тұра, Түркия мен Түрікпеннен өзгесі, түрік деген атты ел атына істетпейтін ахуалға ұқсайды. Олар əрине, əу баста бірі мен бірі алысып, ірі елдік үшін, бас құрау үшін, сол болашақ ірі елге бас болу үшін арпалысты. Сосын барып ең күштісі, өзге ағайындары түгіл, бөтен жұрттарды да бағындыруға кірісті. Б. з. 487 жылы Чылының (Түрік, Теглек, ) он екі оқ (Қыбыл, Тала, Итан, Тайлан, Құртқа, Тарбаған, Алұн, Бақғұн, Ірбін, Бөбекір, Қыруан, Ғұшұқбат) Қаңғасынан Фуфуло (Бөбекір, ) тайпасының көсемі Афужыло (Абұқтыра, ), өзінің немере інісі Құмкемен бірге билеп жүрген 100 мыңдай ауылымен батысқа ауып, Гаучы (Құтаң, Көтең, Қарақожа, Қаңға, ) [481] мемлекетін құрады да, өзін тəуелсіз хан қып жариялайды. Халқы оны құдай ұлы (Ұлы беглен, Хоулоуфулы, Қулы ұлы, ) деген наммен таққа отырғызды. Бұдан кейін Афужылоның мұрагерлері мен нөнендер ара шайқас ұзаққа созылады. Содан соң Нөнен Батыс Өңірден айрыла береді. 30 жылға жалғасқан əр алуан соғыстан кейін Нөнен əбден титықтап əлсірейді. Оның арты өзіндік ішкі тақ таласына ұласады. Бұл барыста жеңілген жақтары Солтүстік Уей əулетіне тізе бүгісіп жатысады. Нөнендер кейін Солтүстік Уей ішінде көтеріліс туылып, ол ел екіге жарылып, екі (солтүстік жəне оңтүстік) Уей өзара қырқысқанда, бір сəт қайта ес жиып көтерліді де. Алайда, одан кейін де өз ішіндегі жаншылған тайпалардың нөнендерге ызасы күшеймесе пəсейгені жоқ. Сол ызалылардың бір жуан тобы түрік тайпалары. Түріктер туралы қытайша жылнамалар көп жазған. Оларға мыналар өкілдік етер: 1. Түріктер - сақтардың ұрпағы, Ғұн қағанатының құрамында болған басты ел. «Солтүстік əулеттер тарихы. 99-бума. 87-баян. Түрік, Батыс Түрік, Телек»дегенде: Түріктің арғы аталары Батыс теңіздің ( ) [482] оң жағын мекендеп, өз алдына ұлыс құрған. Олар ғұндардың бір тармағы болса керек. Тегі -Ашына. Кей деректерде, түріктер əсілінде Пиңляңда ( ) жасаған араласғулар ( ) еді. Олардың əулет есімі - Ашына. Уей əулетінің патшасы Тəй У(б. з жж. ) сақаларды қырғанда, Ашына 500 отбасын ертіп, Нөненге кірме болып, Алтайды мекендеді де, оларға теміршілік етті. Алтайдың пішіні дулығаға 481 Қазіргі Тұрпанның қасында. 482 Нақты орны белгісіз. Бұл арадағы қисынға қарағанда мүмкін Каспий шығар.

225 ЕЖЕЛГІ ҰЛЫС ТАРИХЫ (Жақып Мырзахановша айтқанда, түрке дегенге [483] ) келіңкірейді. Дулыға түрік деп те аталады. Сондықтан түрік олардың нəмі болып қалды дейді. Былай деп те айтады: Түріктердің арғы аталары ғұндардың терістігіндегі Сақ елінен шыққан. Олардың ұлыс көсемі Абам (Апам, Аба, Абам деген - үлкен дегендік. - С, Ж. ) Бек деп аталады. Олар 70 ағайынды еді. Оның біреуі Іді Нышида деген. Ол қасқырдан туған. Нышиданың табиғаттың төтенше құбылысын сезетін қасиеті бар-ды. Ол бір жолда төрт ұл көрді. Оның бірі аққуға айналды. Біреуі Абасу ( ) [484] мен Кем (Ким, ) өзендерінің арасынан Қырғұр ( ) деген мемлекет құрды. Енді бірі Чатса судың ( ) бойынан мемлекет құрды. Тағы бірі Бас Чатшаш ( ) тауын мекен етті. Бұл оның үлкен ұлы еді... Сонымен олар үлкен ұлды құрметтеп, өздерінің көсемі етіп сайлады. Бұған түрік деген нам берілді. Оның өз аты - Нағыд Түрік Шад. Түріктің он əйелі болды. Ашына - оның кіші əйелінің баласы... Бауырлары Ашынаны Ағын Шад деген наммен қошаметтеп таққа отырғызды... Ашынадан кейінгі қағанның аты - Түмен Иə, Марижа Гумбутас (, Marija Gumbutas) үнді-еуропа көшпенділерін күргандар ( ) деп атаған. Орта Азияның сақтары, Шығыс Азияның тохарлары, ғұндары, түріктері, тегіс курган нəсілді топтың серкелері [485] деп бекер айтпаған ғой. Ал, Лин Ган былай да дейді: Шюе Зұңжың ( ) өз мақаласында Түріктің ұйтқы тегі - Ашинаның арғы төркіні каспийлік Сақ [486]. Шығыстағы Шөл солтүстігіне ауғасынғы Хуже(Хагат, Қыпшақ, ), Худы (Қыпшақ, ) Алтайға келгесін Түрік (Туже, ) атана бастады. Алтайда телылер көп болатын. Ашиналар қалың Телы этносының ішіне кіргесін, көп ұзамай бір-ақ телілесіп кетті деп жазады (Лин Ган бұл арада да түрік тайпаларын бейне аты түрік емес түрік ұлттары сықылды елестетіп отыр. - С. Ж.) Демек - ғасырлардағы. Түрік қағанаты - іс жүзінде телілескен (түріктенген. - С. Ж.) сақтар құрған мемлекет [487]. Меніңше бұдан мынаны айқын байқаймыз: Ұлы Даланың сонау Кавказдан Амурға шейінгі төсінде, əрбірі өзіндік тайпа атымен жүрген, түрік халықтары жасаған. Олардың тек бір бөлегі ғана шығысқа ауып, шоғырланып, телілескен - шындығы, бірлікке келіп анағұрлым түріктескен. Ең соңында түрік тілді сақ ұрпағы мемлекет құрып, Түрік қағанатына ұйысқан. Үйсін ғана емес, жалпы түріктер ежелгі сақтардың басты бұтақтарының бірі. Бейне Жақып Мырзаханов өзінің «Қазақ халқы жəне оның салт-санасы» (Шынжаң халық баспасы ) деген еңбегінде айтқандай, Ғұндардың орнын басып, түріктердің құдіретті Көктүрік қағанатын құруы аяқ астынан бола қалған емес. Оны ежелгі осы мекендегі Ғұн тайпаларының өз атамекенінде қалған ұрпақтары мен б. з. б. батыстан шығысқа қоныс аударған тиграхауда сақ ұрпақтарының ұзақ тарихи барыста тоғысуы арқылы қалыптасқан тайпалық одақ (ең дұрысы «Қазақ халқы жəне оның салт-санасы». Шынжаң халық баспасы бет. 484 Об өзені болар. 485 «: ( )521 Демек түріктер, Сақпен ғана емес, оның аландарымен де туыстас болып шығады « »( ) 487 «Қазақ халқы жəне оның салт-санасы». Шынжаң халық баспасы бет.

226 226 БЕСІНШІ БӨЛІМ кəдімгідей мемлекет. - С. Ж.) деп қарау керек [488]. Ал Үйсін, Қаңлы, Аландар - оның бұтарлары, бір-бір ұлысы ғана. Түрік қағанаты шаңырақ көтеріп, күшейгенше, түрік аты жалпыласқанша талай түрік тілді тайпалар өзіндік тайпа аттарымен (мысалы, Үйсін, Қаңлы, Алан, т. б. деп) жүре тұрған. Жақып Мырзаханов жоғарыдағы шығармасында, Хəн жылнамаларындағы түрікке қатысты төрт-бес аңызды айта келіп, Бұл аңыздардың ең тамаша жері -түріктердің ата-бабасы Сақ елінен деп айтуынан тыс, олардың мекені Ғұн елінің солтүстігінде делінуі (Ғұн қағанатының сан тайпаның басын құраған одақ екені есіңізде болар. - С. Ж. ). Бұл б. з. б. - ғасырда батыстан шығысқа ауған тиграхауда сақтарының Енисей, Абақан, Кем өзендерінің аңғарларына дейін барғанын меңзейді. Аңыздағы Сақ елінің Апам бек заманынан қалған он жеті ұлының бірі Егіл Ныша Чордың төрт ұлының біреуінің жабайы ақ қазға айналып кеткендігі бізді қазақ халқының аты қалай шыққаны туралы аңыздардағы аққуға байланысты аңыздарға жетелейді деген екен. Əлемдегі кез-келген ұлт тарихының ең алғашқы беттері - аңыз. Өзгенің аңызынан ғылыми дерек тауып, өз халқының аңызына күле қарау келіспес. Бұл аңыздарды ғылыми елексіз қабылдай берелік дегендік те емес, əрине. Əлбетте, төрт жақтың (батыстық Гередод, т. б., шығыстық Сыма Чян сықылдылар мен түстіктік араб, парсы тарихшылары жəне жергілікті түрік тарихшы-шежірешілер тарапының) бізге кезігіп отырған деректері ара қайшылықтарды салыстыру, талдау, сараптау, айқындау алдағы міндетіміз. 2. Түрік атауының төркіні Алтай тауының пішінінде ме, жоқ Нағыд Түрік Шадтың атына қатысты ма, немесе өзге аңыздардағыдай ма, не басқа лингвистикалық (қазақ тілінде сақ, түрік дегендер - мазмұны жуық сөздер)қисын бар ма,... былайғы жерде зерттеуіміз керек. Меніңше ол түрік деген -түрік тілді халықтың төл сөзі. Қазақ тілінде қазірге дейін бар. Мағынасы -көтеріңкі, жоғары [489]. Мүмкін ол кезінде, Төр (үйдің есігіне қарсыдағы жоғарғы жағы), Төре (үстемдік етуші, ақсүйек), Төрелік (төре тұқымына тəн қасиет) [490] дегендерден шыққан да болар. Қай тайпа өзін төмен санайды. Күшейген соң тіпті өрлей түседі емес пе. Мұсатай Ақынжанов та: Түріктер көпшілікті билеп, басқалардың есесінен баюға талпынған, билік айтуға ұмтылған дəулетті адамдар тобы. Сондықтан олар өздерін өздері көтермелеп төрлік деп атады. Төрліктен келе-келе түрік деген атақ пайда болды [491] деп бұл ойымызды əлдеқашан құптаған болатын. Былайша айтқанда, түрік - еті тірі, сақ, қажыр қайратты деген мағыналарға да ие сөз. Бəлкім ол əу баста тірік дегеннен (қазіргі түрік тілділердің талайында бар жанды, сергек мағыналы сөзден) шыққан да болар. Қазір қазақтарда құлағы түрік, қара түрік деген сөздер əлі де бар. Матсуда Хисао өз шығармасында [492] Баркөлдің шығысындағы Түркөл ( ), Аратүрік (, Aturuk) деген жер-көлдерді ауызға алады. Қытайша И-у ( ) делінетін Құмыл аймағындағы ауданның қазақша, ұйғырша аты қазірде 488 «Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі». Алматы том. 343-бет. 489 «Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі». Алматы том. 240-бет. 490 «Қазақтың тегі туралы». Алматы бет ( )

227 ЕЖЕЛГІ ҰЛЫС ТАРИХЫ де Аратүрік. Жер-су аты мен этникалық есімдер бірінен бірі шыққан болар. Түрік тайпаларының ең тығыз орналасқан жұрты Алтай ментəңіртау арасы екеніне бұл да қатысты əрине. 3. Ұзақ заман барысында этноаттардың сан құбылуы түсінікті. Хəн жылнамала рындағы Теглек (Чылы, ), Телы (Телек, ), Дили (Теглек, Деглек, ), Диңлиңдердің (Деңлең, ) бəрі - түрік (бұрынғыша төрлік) деген сөз. Оның бұлайша құбылуы ғажаптанарлық емес, ол не түрік тайпаларының өздерін өз диалектінше атауына, не қытайша хаттаушының өз бетінше иероглиф қолдануына қатысты болған. Талай ғалымдар [493] мұны əбден құптайды. Кейі оның бəрін Оғыз деп біледі. Шынында да түріктер-телелер (төрліктер) көп (Лин Ганша айтқанда 41) тайпалы ел болған. Демек, бұл түрліше аттың шығуы əрі түріктердің алуан тайпалы, сондықтан да түрлі диалектті болуынан, əрі иероглифтік ыңғайсыздықтан. Кейде тіпті біртүрік тайпасының аты да сан өзгерген. Мысалы, Құйғырдың (Ғүйғыр, - Ұйғыр дегеннің қытайша иероглифпен оқылуы. - С. Ж. ) арғы аталары - ғұн. Уей əулеті кезінде Қаңға ұлысы немесе Теглек ( ) деп аталды. Телек ( ) деп жаңылыс аталып та жүрді. Янғыр оғыз ( ) деп те аталды, кейде Ұғыр ( )делініп те жүрді. Сүй əулеті кезінде Ғұйғыр аталып кетті.. Түріктердің қоластына қарады. Түріктер қазыналық көмек беріп, оларды теріскей даланың мықты ұлысына айналдырды [494] делінгеннен осыны анық байқайсыз. Мұны, иероглифпен хаттаушыдағы алуандықтан сырт, бүгінгі бір қазақтың өз затын сұраушыларға əр түрлі (мысалы кейде қазақпын, кейде найманмын, кейде тіпті қара кереймін, т. б. деп) [495] жауап қайыра салуына да ұқсатуға болады. Жапон ғалымдары Матсуда Хисао мен Ханеда Тоурулар да, түріктер туралы жазып келе жатып, жоғарыдағы көзқарасты құптап, былай дейді: Олардың əсілі аты Дили ( ), Чылы ( ) делінетін, Сүй, Таң əулеттері кезінде Телы ( ) деген дағды болды. Мұның бəрінің Түрік ( ) дегеннің қытайша аудармалары екені анық... Чылы əрекет қылған сахна жоғарыда аталған Солтүстік Моңғолия, Жоңғар ойпаты, Қазақстан сықылды жерлермен ғана шектелмейтін сықылды. «Жиннама» мен «Уейнамаларда» жазылуынша, Қытайдың солтүстік шекара өңірлері мен Хыши дəлізі, т. б. жерлерде де толып жатқан осыған аттас тайпалар тұрған жəне əрекеттенген. Тағы бұл олардың бір бөлігі ғана [496]. Лин Ганның зерттеуінше де, Түріктер - Телы ( )жүйесіне тəн, Телының бір бұтары. Ал, Телы - Уей, Жиң, Оңтүстік-Солтүстік əулеттер кезіндегі Чылы (Теглек, [497]. Қысқасы, Телы, Чылы, Теглек, Дили, дегендердің бəрі бір Түрік деген сөз. Оны түріктердің əр тайпасы өзінше қолданған, хаттаушылар да өздерінше жазған. Демек, Хəн иероглифтерінің ыңғайына қарағанда, түрік дегеннің К-сін тастаса, Р-ды көбінесе Лы арқылы жазатындықтан, түрікті тулы, телы деп хаттауы сөзсіз. Артынан оның толық болмай тұрғанын ескерген қаламгерлер К-ні тастамау үшын Р-ды (иероглифше айтқанда Лы дегенді) қалтыра тұрған секілді. Ондайда «Жаңа таңнама. 217-бума (1). 142-баян (1). Құйғыр (1)». 494 Ұлтты, кейде тайпаны, ал кейде тайпа ішіндегі руды атау беттер « »( ). 497 Уаң Жылай. «Оттұра Асия тарихы». 1-том. ұйғырша. 256-бет.

228 228 БЕСІНШІ БӨЛІМ К дегенді жазуға кезіндегі оқылым бойынша Ке, Ге делінетін бүгінгі Же ыңғайлы келген шығар. Сонымен, Түрік деген бертіннен бүгінге дейін телек, туже (туке, туге) делінетін болған. Демек бір Түрік қытайшада қаламгеріне қарай бірде Телы, Чылы,, бірде Телек, Туже, бірде басқа болып түскен, яғни бір аттың əлде неше түрлі аударылуы мен жазылуы жарыққа шыққан. Тым арыдағы Дили мен Чылы дегендер де - осы Түрік атына қаратылған иероглифтік ыңғайсыздықтың туындылары. Əрине арғы заманда түрік атты шағын ел болуы да мүмкін. Ол біртіндеп халық санын өсіре, өзіне жақын өзге этностарды өзіне қоса, билей келе ұлғайған, іріленген. Сонымен, түріктердің тарихы тым арыдан бастау алады. Жоғарыда айтылған Лин Ганның зерттеуіндегі Түріктер - Телы ( ) жүйесіне тəн, Телының бір бұтары... Ал, Телы -Уей, Жин, Оңтүстік-Солтүстік əулеттер кезіндегі Чылы (Теглек, ) - дегені мен Шюе Зұңжың ( )мақаласындағы Түріктің ұйтқы тегі - Ашынаның арғы төркіні каспийлік Сақ дегендердің иланарлық жағы мен қисыны күшті жəне мұндағы Телы ( )дегеннің өзін де түрік тілді топ деп ұқсақ шындыққа тіпті жақындай түсеміз. Осыған (түріктің тарихи бастауы тым арыда дегенге) сарындас бір дерек қазақ шежірелерінде де бар. Мысалы академик Серғали Толыбеков өзінің«қазақ шежіресі» атты шығармасында мынадай екі мықтының сөзін ауызға алады: Бірі, Тарихшы Рəшид Əд-Диннен ( жж. Оның «Жылнамалар жинағы» дегенінен) сөз алып, оның түрікті былай таратқанын айтады: Нұх (Ной) пайғамбардың Хам, Сам, Яфет атты үш ұлының Яфетінен Бұлжа хан өседі. Оның ұлы Диб-Якуйден (Диббақой. - С. Ж. ) Қара хан, Ор хан, Гур хан тарайды. Қара хан өзінің Оғыз хан дейтін ұлынан Күн, Ай, Жұлдыз, Көк, Тау, Теңіз атты 6 немере сүйеді. Олардың əр қайсысының төрт-төрттен ұлы болып, Оғыз ханға 24 немере ереді. Бұл - əрине, тек шежірелік мəлімет қана. Дегенмен бұл мəліметтің Хəн жылнамаларында айтылатын түріктердің тайпалар саны 28 (Лин Ганша 41) дегенге сəл қабысатын жағы бар. Қара хан деген ат та тұр. Оның үстіне Нұх пайғамбар арқылы Эфиопия жақтан келген сақтар ата-бабасын, Күн хан деуі арқылы Ғұн қағанаты атының төркінін еске салатыны тағы бар. Біз шежірені басты таған етпеген күнде де, оның тарихи жазба жəне археологиялық қазба негізінде жүріп жатқан зерттеулерге қайшы емес тұстарын ісімізге қолдау ретінде ескеруге тиістіміз. Шежіре халықтікі екен, оның өзіндік құрметі болуға тиіс. 2. Орта Азияның атақты шежірешілерінің бірі - Əбілғазы Баһадүр( ) ханның баяндауынша түріктердің алғашқы атасы Оғұздың баласы - Бұқа (Ортаазиялықтарша Афрасияб). Бұдан екі жарым мың жыл бұрын, Орта Азияда құрылған Соғда хандығының ханы Афрасиябты, түріктер Бұқа хан деп атапты дейді. Иə, тағы да айтайын, шежіре академиялық өлшемдегі тарих болмаса да, оның ішінде құр қиялдан шықпаған тұстары барын ескеруге ақылымыз. Өз халқыңнан шыққан дүниеге ылғи да мұрын шүйіре қарау - кешегі отаршылдарүйреткен дағды. Жə,сөзіміздің басты ағынына - түріктердің нөнендерден азат болып, күшейіп, бүкіл ұлы даланы иеленгені мен ондағыларды түріктестіргеніне түсейік. Жоғарыдағы «Солт үстік əулет тер тарихы. 99-бума. 87-баян. Тү рік, Батыс Тү рік,

229 ЕЖЕЛГІ ҰЛЫС ТАРИХЫ Телек» дегеннен алынған дəйексөздің аяғында: (Нөнендерді жеңгеннен кейін. - С. Ж.) Түмен өзін Ел Қаған деп жариялады. Бұл ежелгі ғұндардың тəңірқұтымен бірдей. Өзінің əйелін қатұн деп атады. Бұл да ежелгі əтшеге(тəңірқұтшаға. - С. Ж. ) тура келеді. Түмен өлгеннен кейін ұлы Қара таққа отырды. Қараның нəмы Ыссық қаған еді. Қара өлген соң, орнына, баласы Шату емес, інісі Іркін таққа отырды. Бұл Мұқан қаған деп аталды. Іркіннің тағы бір аты - Йеңді. Олардың салты: Шаштарын жайып, алғы бойын сол жағына қайырып жүреді. Күмбез пішінді киіз үйлерде тұрады. Қаған Өтүкен(қазіргі Моңғолиядағы Қаңғай тауы. Əдебиеттерде Өтүкен, Түкен, Дуакен, Ұлатүкен,,,,. - С. Ж. ) тауында тұрады. Оның ордасының есігі шығысқа қаратылады. Бұл күннің шығуына еткен құрметі болса керек. Олардың жазуы ғулардікіне ұқсайды. Олардың салты жалпы ғұндармен бірдей. Іркін заманында ұлысы мықтап күшейді. Іркін өлгесін, баласы Төремен емес, інісі Таспар қаған деген нəммен таққа шықты. Таспар ауыз бекітіп, тиымдарды орындады, ғибадатхананы айналып (буддаға. - С. Ж.) тауап етті. Таспар өлген соң, орнына ұлы Əміре шықты. Төременді (Таспар өсиеті бойынша таққа шығуға тиістіні. - С. Ж.) бағындыра алмаған Əміре қағандықты Шатоға берді. Ол Ел Күлік Шад Баға Ышбара қаған деген нəммен шықты. Ол Түкен ( )тауды мекендеді деп талай маңызды хикаяны шұбыртады. Біз ол теңізге түспей, Түрік қағанатының шаңырақ көтеруіне қатысты басты да аз мысалмен жəне бұл қағанаттың бүкіл Ұлы Далаға билік жүргізіп, тіпті талай түрік емес тайпаларды да түріктестіргенін айтумен шектелейік. Дегенмен, қысқаша болса да сол құдіретке қалай жеткеніне соға кеткен жөн шығар. Түріктер нөнендерге бағынды болып тұрғанда, өздері жасаған темірсайман мен қаруларды салық орнында төлеген секілді. Алайда Нөнен ақсүйектері бүкіл түріктерді өздерінің құлы деп есептеген. Ұлттық езгі өмір сүрген ол заманда мұның қисыны бар. Езгі бар жерде қарсылық бар. Əрине түрік ұлттары нөнендердің езгісіне қарсы ұзақ күрескен. Қаңлылар түрік тілді тайпалардың бірі болатын. Б. з. 487 жылы қаңлылар нөнендерге қарсы көтерілгенде өзге түріктер де қатысқан болу керек (Əрине, соның ішінде нөнендер соққысына жиі ұшыраған үйсіндер де бар. - С. Ж.). Бірақ түріктердің тарихи жазбаларға дербес енуі - ғасырдың алдыңғы жарымынан басталады [498]. Онысы рас. Үйсін, т. б. елдер тұрған Алтай мен Тəңіртау жақ жужандар билеген өңірдің батыс шеті болатын. Осы аймақтағы түрік тілді Теле (Көк түрік)тайпасы 452 жылы жужандарға қарсы шығып, тəуелсіз мемлекет құрады. Оның артынан, жоғарыда атағанымыздай, б. з. 487 жылы Чылының (Түрік, Теглек, ) Фуфуло ( ) тайпасының көсемі Афужыло ( ) 100 мыңдай жанымен батысқа ауып, Гаучы (Қаңға, ) [499] мемлекетін құрады да, өзін хан қып жариялады... Сондықтан, түріктердің тарихи жазбаларға дербес енуі -ғасырдың алдыңғы жарымынан басталады дегеннің жөні бар. Түріктер Шоң жабғы кезіне келгенде, қауымы ұлғайып, біртіндеп күшейген [500] Қазіргі Тұрфанның қасында. 499 «Сүйнама. Түріктер баяны» бет. 500 Ел (мемлекет) қағаны дегендік.

230 230 БЕСІНШІ БӨЛІМ Түрік халықтарының ардагер қаһармандары Түмен мен Істеми -осы Шоң жабғының ұлдары. Түрік қағанатының (б. з жж.) дүниеге келуі Түрік тайпаларының көсемі Түменнің (Кей əдебиеттерде Ашына текті, түрік тілді Үйсіннің Дулат тайпасының басшысы Ағын шадтың ұлы Бұмын, қытайша əдебиеттерде. - С. Ж. ) б. з. 546 жылы жужандар (бұл тайпаға түріктер б. з. 460 жылы қараған болатын. - С. Ж. ) бұғауынан құтылып, Алтай регионында тəуелсіздік жариялауынан басталады (бұл теміршілер көтерілісі делінеді. - С. Ж. ) Тəуелсіз болғасын жужандарға шабуылға өтіп, оның Анайхан дейтін қағанын(кей əдебиеттерде Анағұй, Анахуан - С. Ж. ) өзін-өзі өлтіруіне дейін апарады да, сəлден соң Или [501] (Ілік, ) қаған деген ныспымен Түріктегі тұңғыш қаған болады. Түмен (Бумын) қаған тəуелсіздік ала салып (553 жылы) қайтыс болған. Оның мұрагері - Қара Ыстық хан да бір жылға бармай уапат болады. Бұл Қарақаған көбінесе ежелгі Үйсін жерін мекенденеді [502 ] (Осыдан, ежелгі Үйсін жерінде дулаттар көшпей қалды ма, тіпті Қара қағанның сүйегі дулат па дегенойға еріксіз батасыз. - С. Ж. ). Жужандар. аяғында Түменнің немересі Мұқан қаған (аты Сыжин) жағынан бағындырылады. Мұқан қаған жужандарды жойғасын [503], шығыс жағындағы қытайларды ( ) басып, іргесін Қадырханға ( ) дейін кеңейтті. Істемі қаған (Бұл əр автор жағынан əртүрлі аталып жүр. Кейі Sindjibu, кейі Silzibul, тағы бірі Dizabulus деп. Франциялық ғалым Едуарт Чаваннис айтқандай бұл аттардың соңғы жарымы ябғұ дегендік. Алғы жағы сəл өзгертілген өзінің аты, демек Син ябғұне Сил ябғұ дегендік. - С. Ж.) оны Орта Азияға дейін созып, Орқон дариясының бойындағы Өтукенге [504] бүкіл аумағына үстемдік ететін қаған ордасын тігеді Матсуда Хисаодың бұл сөзін тарата түссек, Мұқан қаған əрі батыр, əрі парасатты болғасын нөнендерді жойып, батыстағы ақ ғұндарды да(эфталиттарді - абделдерді. - С. Ж. ) жеңді [505] делінген екен жылнамаларда. Сөйтіп, Мұқан қаған билік құрған жылдарда (б. з жж.), Түрік қағанаты Орта Азияда саяси үстемдікке ие болады. Олар Бұмынның (Түменнің) інісі Істемі басшылығында Тəңіртау мен Алтай аралығына (Жоңғария деп аталып жүрген Құбыға) кеп орналасқан қидандарды (қытайларды [506], ), Енисейдегі қырғыздарды бағындырады жылдары Орта Азия, Ауғанстан, Пəкстан, Солтүстік жəне Батыс Үндістан, Шығыс Тəңіртау өңірін билеп тұрған, жауынгер көшпелі тайпалар мемлекеті Ақ Ғұндар (Эфталиттер)патшалығын басып алады [507]. Осыдан кейін олардың аумағы Каспий теңізінен Амур бойына, Солтүстік Индиядан Байқал көліне дейінгі жерді алып жатты. «Ескі таңнама. Батыс түрік баяны» дегенде: Істемі қаған қарамағындағы он зор шербасыға түгел қолбасылық жасайтын. 100 мың əскері бар-ды. Батыс жағына шабуылдап, ол 501 «Ғибратнама. Сүй Яңди Дайе алғашқы жылы тарауы». 502 Түркі қолының бастығы Істеми батысқа ауған нонендерді Каспий теңізінен де асырып қуып тастайды. Олар аварлар атанып, Дунай мен Солтүстік Кавказды қоныстанады. 503,,. [540] «Сүй əулеті тарихы» (Уаң Жылай, «Оттұра Асия тарихы». Ұйғырша. 259-бет. ). 506 Талайлар тарихи қателік себебінен хəндерді (чайнестерді, ханзуларды ) қытай деп жүр. 507 Ақ ғұндардың кейін келе ирандасқандары ауғандар, ал түркілескендері Сыр бойындағы Оғыз мемлекетін құрғандар.

231 ЕЖЕЛГІ ҰЛЫС ТАРИХЫ жердегі əлде неше елді алып, өзін қаған деп жариялады. Оның қол астында он тайпа бар болатын. Ол соның бəрін биледі [508] делініпті. Əрине, мұндайда үйсіндер тек алып ел Түрік қағанаты ішіндегі бір тайпалар тобы, «Ескі таңнамаша» айтқандай он ірі тайпа одағының бірі ретінде ғана өмір сүреді. Тіпті оның атын өз ішіндегі (бұрын үйсін делінетін тайпалық одақтағы)кейін келе күшейген бір тайпасының (мысалы, не Албан, не Дулат, не Шігіл) аты басады. Бұл əрине Үйсіннің жоғалғанына жатпайды. Түрік қағанатында бар билік қағанның қолында болады. Одан кейінгілерде, ірі тайпа басшылары шад, қағанның ұлдары мен інілері тегін лауазымына ие болды. Ірі ұлықтар ұлұғ жабғы, шад, құтлы, чор, бег, тұтық, елтебер, тудын (тұдұнбар), іркін (іркін күлчор. - С. Ж.), бөрүк (бұйрық), жанғұнда (янғұнда), тархан (дарқан), чора (шора), т. б. 28 дəрежеге жіктелді... Сарбаздары бөрі деп аталды [509]. Мұндай мүзəлім-лауазымдардың бірталайы Үйсін ұлысында да болғаны белгілі. Б. з. 568 жылынан бастап Түркі қағанаты 4 өлкеге бөлініп басқарылды. Сот қызметін бұй рық мен тархан атанған билер атқарыпты. Қаған ордасы Орқон өзені бойындағы Өтүкен мен Алтайға орнапты. Халық 3 жік болады - бектер, қара бөдундар, таттар (кірмелер мен құлдар). Түріктерге бағынатын тайпалардың барлығы оғыз деп аталады. Ал, жылнамаларда тағы былай делінген: Телының (Телек, ) тегі -Ғұнның ұрпағы. Бұтары өте көп. Батыс Теңіздің (Қара теңіздің. - С. Ж. ) шығыс жағалауынан бергі тау мен сай-саланың бəрінен бұларды кезіктіруге болады. Тоғла (, ) өзенінің солтүстігінде, Пугу (бүркіт, ), Тоңло (тоңра, ), Уейхы (ғұйғыр, ұйғыр, ), Байегу (байырқы, найман,,,, ), Фуло (бұғра, ) ұлыстары тұрады да көсемдерін Ыркін деседі. Мыңчын (мөнден, ), Турухы (танағыр, ), Сыже (сегет, ), Хұн (һұн, ), Хушө (қоқсыр, ) сықылды арыстарының(жоғарыдағы арыстар атының ескіше оқылуы жақша ішіне берілді. - С. Ж. ) соғысқа жарамды адамы 20 мыңдай. Үбірдің (Аратүріктің. - С. Ж. ) батысы менагнидың терістігінде, Ақтауды қапталдай Қыбыт ( ), Бұлақшық ( ), Едер ( ), Сұба ( ), Нағар ( ), Оғыз ( ), Қырқұт ( ), Ядыр ( ), Йүрегір ( ) оқтары тұрады. Бұлардың соғысқа жарамды адамы 20 мыңдай. Алтайдың батыс күнгейінде Сір-енда( ), Таринақ( ), Зыбан ( ), Дарқыттар ( ) мекендейді. Бұлар да жорыққа 10 мыңдай адам аттандыра алады. Қаңлының терістігіндегі Еділ суының бойын Едіз ( ), Ғажар (Хазар, ), Барғұт ( ), Биған ( ), Қоқы ( ), Қабыш ( ), Ажасу ( ), Бямыт ( ), Кердерілер ( ) мекендейді. Бұларда жорыққа 30 мыңдай əскер шығара алады. Каспийдің шығыс жəне батыс жағалауында Салар ( ), Қият ( ), Үш сақын ( ), Марсұқ ( ), Сақырлар ( ) отырады. Бұларда 8 мыңдай жасақ бар. Пұрұмның шығысында Ұңғұт ( ), Алан ( ), Печенек ( ), Құлас ( ), Барғұндар ( ) мекендейді (жоғарыдағылардың қытайшасы көне оқылуы бойынша берілді. Бұлардың оқылуы жəне ол туралы ғылыми анықтамалар Уаң Жылай. «Оттұра асия тарихы». 1-том. 259-бет. 509 «Қазақстан. Ұлттық энциклопедия». 8-том. 597-бет пен Н. Мыңжан ұлы ның «Қазақтың қысқаша тарихы» 163-беттегілер қосып алынды.

232 232 БЕСІНШІ БӨЛІМ Ш. Ахметұлының «Ұлы түрік қағанаты Қытай деректері мен түсініктерде» көрсетілген - С. Ж.). Бұларда 2 мыңға жуық адам бар. Солтүстік теңіздің күнгейінде Тыбалар отырады. Оқ аты əр түрлі болғанымен, бұлардың бəрі жалпы Телек деп аталады. Бəрінің үстінен қарап отырған билеушісі жоқ. Шығыс Түрік пен Батыс Түрікке бөліне бағынады. Атқа мықты əрі шетінен мерген келеді. Батыс жақтағы ұлыстары егіншілікпен айналысады. Мүйізді ірі қараны көп, жылқыны аз өсіреді. [546]. Сүй əулеті шаңырақ көтерген жылдың (б. з. 581 жылдың. - С. Ж.) соңында, ішкі соғыстарының беті ашылып, əсілі батысында тұратын кіші қаған Дату (Дарту, ) БатысӨңірдің саяси бірлігін жүзеге асырды... Мұнда Шыли ( ), Ашына ( ), Чау ( ), Сыби ( ), Байдың ( ), Сунұң ( ), Ашыды ( ), Рышы( ), Баян ( ), Хылу ( ), Гыло ( ), Юйшы ( ), Исы ( ), Бисы( ), Келен (Чилян, ), Шигаулан ( ), Шыян ( ), Бучиро ( ), Читан ( ), Ху ( ), Дису ( ), Анхуа ( ), Ниңшо ( ), Пугу ( ), 24 тайпа бар болатын [510]. Ахмет Ташағылдың зерттеуінше [511], Теле (төлес) тайпасындағылар, алты аймаққа орналасқан көрінеді. Бірінші аймақтағы пу-ку (бугу), тонгра(тұңло), вей-хо, байырку, фуло тайпалары Тола өзенінің солтүстігінде тұрған жəне маңындағы мең-чен, ту-жо-хо, хун, ху-хсие, су-чие сияқты кіші тайпаларды да өзіне қосып алған. Екінші аймақ, Аратүріктің (I-wu) батысы, Карашардың солтүстігі, Ақтаудың етектерінде чи-пи, пу-ло-чихи и - ших, су-по, на-хо, ву-куан, йе-ших, юни-хуан жəне басқа кіші тайпалар. Олардың кейбір тайпалары егіншілікпен айналысатын. Үшінші аймақ, Алтай тауының оңтүстік батысындағы сир тардуш, шие-ян-то, ших-пан, та-чилер. Төртінші аймақ, Самарқанд, Сырдария жəне Арыс өзені жағалауындағы хо-чие, по-ху, пи-кан, чю-хай, хо-пи-хси, хо-цо-су, па-йе-вэй, хо-талар. Бесінші топтағы төлестер Хазар теңізінің шығысындағы сан-суо-йен, мие-цу, луң-ху тайпалары. Төлестердің алтыншы тобы Кавказда эн-чю, алан, пей-жу-чиоу-ли, фу-вен-хундар. Бұлардың ариандардан өзгесі түрік тайпалары. Ахмет Ташағылдың бұнысы біз «Солтүстік тарихынан» алған жоғарыдағы тайпаларды географиялық орналасуы бойынша айқындап тізуі көрінеді. Мен тайпа аттарын автордың өзінше бердім. Жоғарыда аталған тайпалар атының денін (қытайша ескі жəне қазіргі оқылуы бойынша алғанда да) дұп-дұрыс дей алмаймыз. Оларды қытайшада нəсіліне (сол тайпаның өзінше дұрыс атына) аудару жəне оның былайғы өзгерістері мен бізге жеткен атын табу бір қыдыру зерттеуді талап етеді. Бұл былайғы міндет. Ал, бұл тайпа аттарының талайы қазіргі қазақ шежірелерінде де кезігеді. Бірақ оны зерттеусіз, жеп-жеңіл ұштастыра салу да қиын. Шежірелерде аты Ұлыжүз-Үйсін ішінен кезікпейтіндері не олардың өзге ұлттарға (көбі шығыстағы Орта Жазық патшалықтарына) яки қазақтағы басқа жүз тайпаларына сіңіп кеткендігінен, не исламияттан, тіпті моңғол шапқыншылығынан бұрынғылар болғандығынан əтейі ұмыттырылғандығынан, немесе бергі тарих барысында атының өзгергендігінен. Демек, б. з. бірінші мыңжылдығы басталғанша, Түрік деген атын ұлан-байтақ жер мен елді билеген мемлекет аты дəрежесіне көтере алмағанымен, Ғұн қағанатына жəне Үйсін, т. б. тəуелсіз ұлыстарға бағынып келген түрік тілді тайпалар ересен көп 510 «Солтүстік əулеттер тарихы. 99-бума. 87-баян. Түрік, Батыс Түрік, Телек»

233 ЕЖЕЛГІ ҰЛЫС ТАРИХЫ болған. Мұны ғалымдардың бəрі де растайды. Мысалы, Һанс - Жоахим Климкейт те «Die Seidenstrasse» деген кітабында (55-бет): Этникалық жағынан алғанда, ежелгі түріктердің туыстық байланысы толып жатқан тайпаларды қамтиды. Алғашында олар көктүріктердің жетекшілігінде бір тұлғаға айналды. Ежелгі түріктер негізінен көшпенді малшылар еді. Көлемі шағын егіншілігі болыпты. Тайпаларының кейі кен шарлап, металл өңдепті дейді. Б. з. бірінші мыңжылдығы басталып, Ұлы Даланың бұл тарапындағы ең зор билік ірі ел Түрік қағанатының қағанына шоғырланғанда, кешегі тайпалық одақтар құрамындағы тайпалар тіке қағанға қарайтын, көбінесе бұрынғы тайпалық одақ атынан (мысалы Үйсіннен) гөрі, бұрын оның ішінде болып, кейін күшейген тайпалардың аты жиі де тіке шығатын заман туған. Біздің бұдан былай, Үйсін дегенді сирегірек, ал оның кешегі құрамындағы (Дулат, Албан, Шігіл, Ысты, т. б.) тайпалар атын жиірек кезіктіретініміз осыдан. Демек бұл үйсіндердің жоғалмағандығы, қайта өсіпөнгендіктен құрамындағы тайпалар атымен де тарих сахнасына шығып жүргендігінің дəлелі. Осы арада тағы да тілге оралады. Археологиялық қазындылардан шыққан(түрікше жəне басқа) жазуларға негізделіп бұл өңірде түлен текті тайпалар жасаған дегенге айтар дау жоқ. Алайда ондай жазуы шықпаған, бірақ былайғы өмір мен бүгінгі шындық осыншалық көп тайпа, көп жұрт барын дəлелдеп отырғанда, түрік, т.б. тілділерден өзгелер ол заманда бұл (жазулар шықпаған) маңда жоқ еді деу дұрыс болмайды, əрине. Осыған қарағанда да, алғы бөлімде көрсетілген картадағыдай, сақтардың түрік тілділері тек (Есік сықылды жерлеріне жүргізілген археологиялық қазбадан түрік тілді мəтіндер шыққан) ежелгі Үйсін аумағында ғана емес, одан шығысқа не батысқа қарайғы талай өңірде де өмір сүргендігі тағы бір рет айқын көрінеді. Шюе Зұңжың ( ) ғасырдың оқымыстысы Гардизидің шығармасында [512] тоғыз оқ телінің (тоғыз оқ оғыздың) көсемі туралы аңыз жазылған [513] - дей келіп, сол аңыздағы əйгілі Күлтегінді, оның шешесі Арчынды, өзге анадан туған ағасының қаған екенін, оның Күл тегінге қастық қылғанын, бірақ оның өлмей қалып, тоғыз оқ оғыздың астанасы Азылда (кей əдебиеттерде Азал - Қарашəр, ) тығылып жатқанын, кейін Бесбалықтан қол жиып, қағандықты тартып алғанын сөз етеді. Бұл маңайдың Үйсін аумағы екені сізге белгілі. Бұл арада, Қарашəрдің мағынасы үлкен қала екені еске түсіп, Арчынды Ашинамен бір кісі ме деп те қаласыз. Басты сөзімізге қайта оралсақ, сөйтіп жоғарыда қысқа қайырғанымыздай, былайғы кезде, Түрік Қағанатын Түменнің (Бұмынның) ұлы Ыстық Қара хан ( жылы), немересі Мұқан (Сижин, жж.) қағандар басқарды. Кей əдебиеттер одан кейінгі сөзді: Б. з. 572 жылы Мұқан қаған қайтыс болады. Мұқанның ұлы Таспар (Тобо) қаған мұрагер болып таққа шығады. Таспар он жыл ел билеп барып дүниеден өтеді. Таспардың орнына шыққан мұрагері Яллучынға Мұқанның Төремен дейтін (заты төмендеу əйелінен туған) ұлы тым бағына қоймайды. Тақ таласы басталады. Оған күшінің жетпесін байқаған Яллучын тақты Түменнің немересі, Таспардың ағасы Құрар Ешкіннің ұлы Шатоға береді. Ішпара Ахмет Ташағыл. «Көк түріктер мемлекетінің іргесін қалаған тайпалар жүйесі». Анкара қ., Түркия (тайпа аттарын Ахметше бердім. - С. Ж.). 513

234 234 БЕСІНШІ БӨЛІМ қаған ныспымен таққа шыққан Шато Төременді Апақаған деп атайды. Бірақ Ішпара қаған қатігез болған көрінеді. Сөйтіп оған тайпалар наразылығы күшейе түседі. Осы кезде Түрік қағанатының батысын билеп жүрген Тардұш, Істемі жолымен жүре келе, күшейген болатын деп те жалғайды. 581 жылы құрылған Түняздың Суй əулеті ( жж. ) Түріктің Мұқанұлы Таспар (Тобо) қағаны қайтыс болғасын басталған тақ таласын сезіп, Түрік қағанатын ыдыратуға, əлсіретуге тырысады. Бұл туралы Уаң Жылайдің баяны тартымды-ақ. Ол: Сүй əулетінің түріктерді ыдырату тактикасы бұл тактиканы жобалаушы Жаңсүн Шыңның мына сөзінен айқын көрінеді: Темкіт (яғни батыс жақтағы Тардұш қаған) əскери күш жағында мығым болғанымен мəртебе жағынан Шатудан (Шатодан) төмен тұрады. Көріністе оған қарасты болғанымен, іштей онымен қайшылықты. Оның сол мойынсал болмай жүрген тарапын неғұрлым өршіте түссек, араларында ішкі соғыс басталады. Мұнан тыс, Шатудың інісі Чориға алаяқ қу, əйтсе де күші əлсіз. Адамға жағымдылығынан, елі оны жақсы көреді, Шату күндейді. Сонан мазасы май ішкендей. Араларында ара-тұра қайшылықтар да белең беріп жүр. Іс жүзінде оның қауіптен күдігі күшті. Ал, Аба - тым екібеткей. Осылардың ішінде ол Шатудан көбірек жасқанады. Оның ырқынан шықпайды. Қай жақтың күші басым болса, сол жаққа жығылады. Əсіре тұрлаусыз. Қазір алыстағысымен байланыс орнатып, таяудағысына соққы беру, күштісін ыдыратып, олардың əлсізімен бірігу, Темкітке елші жіберіп, Абамен ұшарласу əбден қажет сияқты. Сонда Шату жасағын кері қайтаруға мəжбүр болады да, оң тарапымыздағы жерлер шапқыншылықтан аман болады. Мұнан тыс Чориғаны қайлармен, септермен бірігуге иландыру арқылы Шатудың күшінің бір бөлігін өзінің сол тарапындағы жерлерін қорғауға алып кетуге мəжбүрлеу лағзым. Сөйтіп бұларды өз ішінде аңдыстырып, берекелерін бұза берсек, 10 шақты жылдан кейін патшалығымыз бір орайда оларға қарсы аттанып, бір жолда-ақ оларды түбегейлі құрта алады Суй Уынди (Яң Жян) Жаңсун Шыңның жобасын толық құптап, 583 жылы Сүй қолы сегіз жолға бөлініп, түріктерге шабуылға өтеді [514]. Міне осылай басталған іштей арандату мен сырттай қарулы соққы түріктердің онсыз да əрең тұрған есін əбден шығарады. Б. з жылдары үш билеуші (Чулоху, Дулан, Дату) қатар шығып, тақталасы тіпті өрбиді де, бір тұтас Түрік қағанаты аяғы (590 жылы) Батыс жəне Шығыс түрік қағанаттарына ыдырауға бет бұрады. Осы сыртқы жəне ішкі екі себептің нəтижесінде, жылдары, Түрік қағанаты ресми түрде екіге бөлініп кетеді. 604 жылы Батыс Түрік қағанатының қағаны болып Таман (Низүк Күлүг қаған, ), ал Шығыс Түрік қағанатының қағаны болып Жанғар шығады. Батыс Түрік қағанатындағы ( жж. ) ру-тайпалардың өзара диалекттік айырмасы болғанымен, олар бірыңғай түрік тілінде сөйледі. Осы кезде бұлардың арасында Орқон жазуы кең таралды [515]. Негізін Таман қаған қалаған Батыс Түрік Қағанатының халқы он оқ бұдұн, 514. ( ( ) ) 515 Уаң Жылай, «Оттұра Асия тарихы». 1-том. 271-бет.

235 ЕЖЕЛГІ ҰЛЫС ТАРИХЫ яғни бес арыс дулу (дулат), бес тайпалы нүшеби деп те аталған. Қағанаттың құрамына əр кезеңде қарлықтар, Енисей қырғыздары, шығылдар(шігілдер), чомулдар (шөмекейлер), тухсилер, т. б. енді [516]. Көріп отырсыз мынаның əлде нешеуі апайқын түрде арғы кезде Үйсін құрамында жүргендер. Шығыстанушы Н. Аристов: Қаңлылар - Дулат тəрізді ежелгі түрік руы деген еді. Бұл бізді Үйсін ұлысы дүрілдеп тұрған арғы шақта да, оның құрамында дулаттардың болғанына тіпті кəміл сендіреді. Осы тұстағы оқиғаларға аялдаған жылнамаларда адам аттары мен жылдар туралы сəл-пəл қайшылықтар болғанымен, мысалы бірінде: Ішбір қағантүркіт - Қымын қағанның ұлы. Ол б. з жылдары елін биледі. Алмағайып заманда оған Кіндік қағанаттықтардан (аударушы Жұңго дегенді осылай алып отыр. - С. Ж. ) көп адам келіп паналады. Оның елі құдіреттенді. Шығыста Қытан, Шығай, батыста Тұйғұн, Көтең елдері түгелімен оған қарады. Оқшылары миллионнан асты. Теріскей тиек əлмисақтан мұндай күшейіп көрмеген еді. Барқынтаудан ( ) қиырға көз салған ол хуашялықтарды қомсынды [517] десе, енді бірінде: Жегуй қаған (Шегүй, Шекер, жж.) мен оның інісі Түн жабғы қаған ( жж.) билеген кезде күшейеді. Сұяб қаласы қағанаттың қысқы астанасы, ал Мыңбұлақ (Түркістан қаласы жанында) жазғы астанасы болды. Қағанаттың этникалық өзегі он оқ (тайпа) бөдун Қаратау баурайынан Алтайға дейінгі аралықта жатқан ежелгі үйсін жерін жайлайды. Шу өзенінің шығыс жағында Дулының (он оқ бөдүн ішіндегі Дулаттың) бес арысы, ал оның батыс жағында Нушебенің бес руы жатты. Əрине, Үйсіннің өзге тайпалары да осы дулаттармен бірге, Шу өзенінің шығысында тұрған дейді. Дегенмен сіз бұлардан мынаны анық аңғарасыз: 1. Үйсіндер ішінен өскен рулар (дулат сықылдылар) тарих сахнасына көтерілді. 2. Түрік тайпалары бас құрап құрған ірі ел, мысалы Батыс Түрік қағанаты күшеюде жəне оның бел ортасында үйсіндер жүр. 3. Қағанаттың аумақтық өзегі тағы сол ежелгі Үйсін жерінде болды. Батыс Түрік қағанатының сол қанаты саналған бес арыс (рулы) Дулат қытайша жылнамаларда Долу ( ), өзге жылнамаларда duluw, tuolluol, doolalt, dulalat, dokalat, т. б. түрінде жазылып келген. Əйгілі шығыстанушы Н. И. Бичурин мен Г. О. Гром-Гржимайло: Дулат тайпасы б. з. б. ғасырдағы Үйсін мем ле кетінде болған деп қарайды. Дулат - Үйсін күнбиі Елжаудың ортаншы ұлы Далу дегеннің аудармасы. Ертеден таралған қазақ шежіресі де Түрік қағанаты кезіндегі Дулат тайпасының Үйсіннің бір бұтары екенін түсіндіреді [518]. Ал, Нығымет Мыңжанұлы мұны: Түргештер - Батыс Түрік қағандығындағы бес арыс ел Дулаттың белді тайпасы. Дулаттар - ежелгі Үйсін күнбиі Елжау бидің ортаншы ұлы Дулының (Далудың) үлесіне тиген он мың үйден өсіп-өрбіген, Далу атты ұлыс дегеннен Дулат атанған. Демек, түргештер - ежелгі Үйсін Дулы ұлысының ұрпағы. Олар шежіре деректерінде Сары үйсін деп те аталады. Қазіргі қазақ ішінде. Түрке (Түргеш) деген тайпа аты сақталған деп тіпті айшықтай түседі. Мұны ғалым М. Əлімғазы: Қытайдың - ғасырлардағы жазба деректерінде Дулат деген ат Дулу түрінде жазылған. Осы Н. Мыңжанұлы. «Қазақтың қысқаша тарихы». 165-бет. 517 «Көне таңнама. 194-бума (1). 144-баян(1). Түрік(1)» бет.

236 236 БЕСІНШІ БӨЛІМ - ғасырларда Қытай тарихшылары Дулу деп жазған халықты парсы авторлары Дуғлат яки Дукүлат деп жазғаны жөнінде С. Аманжолов [519] та арнайы тоқталған [520] дей келіп, Бес Дулатқа қарасты бастырулардың - ғасырлардан кейін, осы аумақта құрылған Түргеш, Қарлық, Қарахан, Қыпшақ хандықтары дəуірінде де, соңғы Моғолстан мен Қазақхандығы тұсында да, Үйсін хандығы заманынан бергі ата мекенінен жылжымай отырғанына тарих куə деп анағұрлым нықтайды. Бұлар анағұрлым мықты дəлелдерді күтіп тұр. «Көне таңнама. Түрік баяны. Батыс түрік» кітабында: Батыс түрік асылында Теріскей түрікпен аталас еді, кезінде Мұқан қаған мен Ішбара қаған араздасты да, елі екіге айрылып кетті. Елі Үйсін елінің көне қонысын мекендеді. Батыс түріктердің ішінде Түрік (Дулат), Нүшбе, Қарлық, Чоңұт (Шығыл, Шігіл, Чуюе, Чөре,. - С. Ж.), Чұмұл ( Шəмер, Шымыр, Шөмекей, Чомұл, Чуми,. - С. Ж.), И-у (Үбір, ) сияқты əр түрлі аталар бірге қоныстанған. Ғұрып - салттары түріктермен барандас келеді, тек тілдерінде ғана болар-болмас айырмашылық кезігеді делініпті («Ұлы Түрік қағанаты». ҚХР Шыңжаң жастар-өрендер баспасы бет) Демек, ежелгі үйсін жерінде Үйсіннің талай тайпасы жалғасты өмір сүре берген. Олардың үстіне өзге талай тайпа да келген. «Көне таңнама» сықылдылар: Тарихи деректерге қарағанда, дулаттар («Жаңа таңнама» түріктер дей салады. - С. Ж. ) бес арысына [521] бес үлкен шора (үлкен чор, дачуо, ) қойып басқарған. Олар (жақшадағылар өзге əдебиеттерге тəн): 1. Түргеш Қалаш (Алаш, Қылыш, Хылошы, ) чор (шорасының рулары, Чөбу, ). 2. Құлеке (Қойлау, Күлік, Хулуу, ) Күл (Чө, ) чор (шорасының рулары). 3. Шөмекен (Шимойын, Чумукүн, ) Лы (Лақ, Лүй, ) чор(шорасының рулары). 4. Шеп-шад (Ысты, Сышыти, ) Тон (Түн, ) чор (шорасыныңрулары). 5. Шаныш (Жаныс, Сунишы, ) Шопан (Суан, Шубан, ) чор (шораның рулары). Осы арада, өзгелердің анық-қанығына жете түсуі үшін тарихшы Жақып Мырзахановтың мына сөзін қыстыра кетейін: Əсілі Батыс Түрік ханды ғы құ ра мындағы бес тайпалы Дулаттың (бес оқ Дулоның) бірі əрі ең күштісі Түргеш Алаш Чор ұлысы еді. Дулаттың тегі арыда жатыр... Жылнамалардағы деректер бойынша, Дуло - б.з.б. - ғасырда тарих бетіне мəлім болған үйсіндердің күнбиі Елжау күнбидің екінші ұлының аты... Оның еншісіне тиген елдің ұрпағы Түрік қағандығына (өте-мөте Батыс Түрік қағандығына) қарайтын сол қанат бес тайпалы Дулат болып табылады. ғасырдың басына келгенде (704 жылы) күшейіп шыққан түргештер осы бес тайпалы дулаттың ең күштісі Түргеш Алаш Чор ұлысы болатын. Ол қазақ шежіресінде Сары Үйсін деп те аталады [522]. Иə, Бес арыс Дулат ішіндегі иелігі ең кең, күші ең мығымы Түргеш руы болған. 519 С. Аманжолов. «Қазақ тілінің тарихы мен диалектология мəселелері». Алматы Əлімғазы Дəулетхан. «Хұн-түрік-қазақ тарихын зерттеу мəселелері». Алматы Кейінгі заманда, даму мен өзгерістер бұларды кейін Дулаттан шығарып, Үйсін ішіндегі өз алдына бөлек тайпа да еткен. 522 «Қазақ халқы жəне оның салт-санасы». Шынжаң халық баспасы бет.

237 ЕЖЕЛГІ ҰЛЫС ТАРИХЫ Бұлар сары үйсіндер болатын. Олар Таң əулеті тұсында Іле мен Шу өзендері арасында тұрды. Қойлаулар Барлық тауы мен Ебі көлі маңында жасады. Шимойындар Тарбағатай бауырында болды. Ыстылар Іленің шығысы мен Боротала (Боздала, Буратал ) өңірінде малын бақты. Жалпы, дулаттың бес арысы Шу суының шығысында тұрды. Бұл («Көне таңнама» дейтін) кітапта Дулат қағанының қоластында, оның ана бес арысынан сырт, Туиешы ( ), Башими (басмыл, ), Бома ( ), Жегу ( ), Хошүн( ), тайпаларының барлығы да жазылған. Профессор, қазақ тарихының білгірі Су Бейхай да осы кітапта тілге алынған, Шу өзенінің шығысында тұратын Долу ( ) деген тайпаны Дулат тайпасы дейді жəне айтылған көзқарастарды толығымен құптайды. Ал, Нығымет Мыңжанұлы: Дулаттар ежелгі Үйсін бірлестігіне қатынасқан тайпалардың бірі. ғасырлардағы Батыс Түрік қағанаты кезінде үстем орынға шығып, бұрынғы Үйсін тайпалары дулат деп аталатын болды. Дулаттар осы дəуірден бастап жазба деректерде жиі кездесіп отырады. Дулаттар - қазақ халқының этникалық құрамына қосылған негізгі жəне белді тайпалардың бірі. Қазақтың байырғы шежірелері Дулатты Ұлы жүз Үйсіннен таратады. Дулаттан Ботбай, Шымыр, Сыйқым, Жаныс рулары тарайды. Қазақ ішіндегі дулаттардың таңбасы О (күн таңба), ұраны Бақтияр Дулат деген ат түрлі тілдегі деректерде Дулы, Дулұғ, Далу, Дулығас, Далұғ, Доғлат түрінде ұшырасады [523] дейді. Демек бұдан үйсіндердің əлі де барлығын жəне қалай өмір сүріп жатқанын біліп отырсыз. Осы Дулаттар (ішкі қайшылықты тиямын деген сылтаумен көтерілген күшті қолбасы Күлбаһадұрдың жетекшілігінде) 630 жылы, Түрік қағанатының патшасын (Түн жабғыны) өлтіріп, орнына Дулының арасынан шыққан Сібірханды таққа отырғызады. Осыдан соң (631 жылы, қарсы жақ Сібір хан мүлəзімді Күлбаһадұрды өлтіргесін) Дулат пен Нүшебе арасындағы билікке күрес ұзаққа созылады жəне біртіндеп қағанатты титықтатады. 638 жылы дулулар мен нүшебелер қатты қантөгістен соң, қағанатты оң жəне сол дегенге бөліп алып, Іле өзенін шекара етеді. Сол қанаттағылардың əр руын шоралар басқарды. Оң қанат (оң шадпыт) Нүшбе (Нушеби, Нушуби, Нүшебе, ) бесіркін (ру) еді. Əр руын іркін (сижин) лауазымдылар басқарды. Бұлар (Түрік қағанатының Мұқан қағаны атанған Іркін - Сижин ұрпағы болғасын шығар) бес іркін ( [524] ) делінетін. Ол іркіндер: Ізгіл (Азғыр, Əскіл, Askil, Ашижие, ) Күл (Чө, ), Көшу (Кесу, Қасо, Қазақ, Kasu, [525] ) Күл (Чө, ), Барсыған (Барысхан, Барсаған, Barsaghan, ) Тон Ышбара (Түншабо, Тон Ішбара, Тон ашбар, ), Ізгіл (Азғыр, Əскіл, ) Низек (Нису, Нижұқ, ), Көшу (Кесу, Қазақ, Kasu, ) Шопан (Суан, Чубан, ) болатын. Дулат пен Нүшебе ара таластан Тан əулеті пайдаланып, Батыс Түрік қағанатына қарсы соғыс жариялайды. Өзара , , жылдары өткен қырғын Н. Мыңжанұлы. «Қазақтың қысқаша тарихы». Үрімші бет.Уаң Жұңхəн.. Бейжиң бет. (Əлімғазы Дəулетхан. 524 Тағы бір оқылуы Чижин. Мүмкін түрікше тегін дегеннің қытайша хатталуы шығар. Кейде іркін де делінеді. 525 Кей əдебиеттерде,.

238 238 БЕСІНШІ БӨЛІМ соғыстардың нəтижесі, Ашина Хылу қағанның Таң əскерінен жеңілуі Жетісуға Таң əскерінің кіруіне əкеп соғады. Бірақ жергілікті халықтың Таңға қарсы көтерілісі толастамайды. Аяғы, 699 жылы Жетісудағы Түргеш (Сары үйсін) [526] тайпалары Үш-еліктің басшылығында көтеріліп, Батыс Түрік қағанатының соңғы (23-) қағаны Ашина Шинді Құлан қаласында өлтіріп, Батыс Түрік қағанатын қайта тəуелсіз мемлекет ретінде орнатады -Түргеш қағанаты шаңырақ көтереді. Демек, Үйсін халқының Сарыүйсін атымен тағы бір зор сахнаға көтерілгенін көрдіңіз. Бірақ Түргеш қағанаты шаңырақ көтере салып арабтардың шабуылына ұшырайды. Арабтарға қарсы күресті басқарған Үш-елік қаған ( жж.) болатын. Оның қысқы ордасы Шу бойындағы Сұяб қаласында, жазғы ордасы Іле өзені жағасындағы Күңіт қаласында болды. Үш-еліг қаған елді 20 тұтыққа(еншіге) бөліп, оның əрқайсысына 7 мыңнан əскер ұстатады. Үш-еліг қаған Қытаймен жəне Согды [527] мемлекетімен саяси бірлестік құрып, арабтарға қарсы күресті күшейтуге тырысады. Мұны тізбелеудегі басты мақсатым мына үш көзқарасты аша түсу: Бірінші, ежелгі үйсіндегі Дулу, бертінгі Түріктегі Дулу (Дуғлат, Дулат), қазіргі қазақтағы Дулаттың бірлігі. Жоғарыда айтқанымдай, Су Бейхай мырза бұл көзқарасты қуаттай келе: Дулу - іс жүзінде Үйсін күнбиі Елжаудың ортаншы ұлы Далу дегеннің аудармасы. Далуға қараған жұрттың Далу дегенді тайпа атына айналдыруы, оның еліне үлесін еске алғанда, табиғи іс. Ал, біраттың, болып иероглифтік өзгеруі қытайша жылнамаларда жиі кезігеді [528] деп əділ де дұрысын айтқан. Дулы дегеннің Дулатқа өзгеруі қазақ тіліндегі заңдылыққа сай. Түбір сөз дулы дегеннен ат журнағы арқылы дулат жасалған (Қырат, Сызат, т. б. ларды еске алыңыз). Екінші, жоғарыда аталған өзге тайпаларды иероглифтік күйден əсіліне(дұрысына) қайтарсақ (мысалы, Сунишы Шубан мүмкін Үйсін ішіндегі Суан)Үйсін, т. б. тайпалық одақ құрамындағылардың (Дулат пен Сары үйсін - түргеш, т. б. ғана емес) тағы талайының Түрік қағанатына кіргеніне көзіміз əбден жетеді. Үшінші, Түргеш - Батыс Түрік қағанатындағы бес рулы дулаттың ішіндегі ең күштісі. Жоғарыда айтқанымыздай, түргеш руы Үйсіндегі Далу тайпасының тұқымы. Қазақтар түргештерді сары үйсін дейді. Бұл түргештердің үйсіндер ұрпағы екенін тіпті түсіндіріп тұр [529]. Демек Үйсіндегі дулаттар ішінен бір бұтары көтеріліс жасап, Түргеш - Сары үйсін атымен таққа келген. 526 Мұның қазақ ұлыжүзіндегі бір арыс екені төменде айтылады. 527 Сугут, Соғдияна ( ) деп аталған Заравшан мен Қашқадария алабындағы аймақ. Мұнда б. з. б. - ғасырларында Маракандты (Самарқанды) орталық еткен, Ахемен мемлекеті құрамындағы ұлыс тұрды. Кейін Кушан патшалығына, Ақ ғұндарға, Түрік жəне Түргеш қағанаттарына бағынды. Жұртының көбі кейін өзбек, тəжік халықтарына сіңді. Ұйғыр, монғол, манжұр жазуларына негіз болған жазуы, əдебиеті, недəуір жоғары мəдениеті болды

239 ЕЖЕЛГІ ҰЛЫС ТАРИХЫ жылдары салтанат құрған Түргеш қағанатының халқы саяси жақтан қара жəне сары түргеш болып бөлінеді екен. Мұндай атты тайпалар, Үйсін ішінде ғана емес, Қыпшақ ішінде де бар. Түргеш қағанатында Үш-елігтен кейін оның баласы Сақал қаған ( ) таққа отырған кезде, тағы да сол жоғарыда аталған екі (сыртқы жəне ішкі) себепсалдарынан, Түргеш мемлекетінің берекесі қашып, қағанат екіге бөлініп кетеді. Сақалға сары түргештер, ал Сүлікке қара түргештер бағынады. Жəне қағанат үнемі арабтармен, таңдықтармен (қытайлармен) соғысып тұрады. Түргеш қағанаты Сүлік қаған ( ) тұсында қайта күшейеді жəне ол саяси құдандалық жолмен Таңнан келген қатерді басыңқырайды. Сүлікті арабтар Абу МұзаҺим (Сүзеген) деп атапты. 737 жылы Сүлікті өз қолбасшысы Баға Тархан өлтіреді. Оның қазасынан кейін сары түргештер мен қара түргештер арасында өкімет билігі үшін күрес тағы басталып, қағанат жəне əлсірей түседі. 746 жылы Жетісуға Алтай мен Тарбағатайдан қарлықтар келіп, оны тіпті əлсіретеді. Мұны пайдаланған Таң əулеті 748 жылы Такламакан жиегіндегі қалалық хандықтардың əскерімен Сұяб қаласына басып кіреді. Шаштың (Ташкенттің) көсемі дарға асылады да, баласы арабтардан көмек сұрайды. 751 жылы Тараз жанындағы Атлах қаласы маңында арабтар мен Таң əскері арасында зор шайқас болады. Шайқас бес күнге созылады. Шешуші сəтте ту сыртындағы қарлықтар көтеріліс жасағандықтан, Таң жақ жеңіліп, шегініп кетеді. Арабтар да Шашқа шегінеді. Бірақ 756 жылы Алтайда тұрып күшейген, түрік тілді ( ғасырда Бұлақ атанған, Шігіл мен Ташлықты қамтыған) Қарлық тайпалары онсыз да əрең тұрған Түргеш мемлекетін құлатады. Осыдан соң, түркі тілді жартылай көшпелі тайпалар Ұлы Даланың бұл тұсында, Қарлық мемлекетін ( жылдары. Араб тарихшысы Ибн-əл Факих«Китабахбар əл-булдан» еңбегінде Қарлықтар ежелгі түріктер деп жазған) ғана емес, басқа бірнеше (Хазар қағанатын, Оғыз мемлекетін, Қимақ мемлекетін, т. б.) дүниеге əкеледі. Əрине үйсіндер осылардың ішінде болады. Оның бір айғағы мынау: Түргеш қағандары шығарған шақаларға (метал ақшаларға) затым он оқтаңба деген жазу, оның арасына шанышқылы тайпасының, үйсіннің таңбасын басқан. Қарлықтар түрік тайпаларының бірі. «Жаңа таңнаманың» 217-бумасы «Қарлық баянында»: Қарлық асылында Түріктің бір жұрты. Олар Бесбалықтың (Бейтиңнің, ) батыс-солтүстігіне, Алтынтаудың (Жиншанның, Алтайдың. С. Ж.) батысына, Бұқытчын (, Пугужін, Қара Ертістегі Буыршын болар. С. Ж.) суынан екі қапталынан арғы, Тартар (Дода, Тарбағатайдың. С. Ж.) жотасын қамтыған, Қабы (Чыби, ) ұлысына жапсарлас кең өлкеге қоныстанды делінген. Қарлықтарда үш тайпа - Бұлақ(Мори, Бұлат, Моулу, ), Чігіл (Чысі, Жүз, Шігіл, Сəбек [530], 530 Кей авторлар: «Білгі қағанның қайынатасы, 13 жыл қытайша оқығаны бар, б.з. 716 жылы өз (Тонйұқұқ) ескерткішін өз қолымен жазған Тонйұқұқ осы рудан. Оның ұрпағы Тататұнға XIII-ғасырдың басында Найман Таян ханға хатшы болған, Шыңғысхан тұтқындаған соң оларға жазу үйреткен» деседі. Мұны ілгерілей анықтау қажет. 239

240 240 БЕСІНШІ БӨЛІМ ) жəне Ташлық (Ташыли, ) болған (жақша ішіндегілерді мен қостым. - С. Ж. ) -ІХ ғасырларда, Жетісу регионында Шумақ, Ұлықақ, Жəбшəйд, Түргеш, Қалаш (Қараш), Сұрнайшы, Азғыр, Қасым, Барысхан, т. б. тайпалар болды. Тарихшы Əл Маруазидің айтуынша, Қарлықта тоғыз оқ болған. Олар: үш оқ Шігіл, үш оқ Баскіл, Бір-бір оқтан Бұлақ, Көкіркін, Тіксəй. Ал, араб тарихшысы Мұхаммед Əупи: Алтайда тұратын қарлықтар тоғыз оғызға жатады. Олар кейін келе тоғыз оққа айрылған. Соның ішінде үш оқ шығыл мен үш оқ қазақ тайпасы бар дейді. Қарлықтар Түргеш жерін иеленгеннен соң, ол билеген тайпалар ішінде, өзінің Бұлақ, Чігіл, Ташлығынан сырт, Түргеш, Тіксəй (Тухси), Шығыл, Азкəше (Əзкіш), Қараш (Халаджы), Жарық (Чарук), Арғын, Барысхан тайпалары да болды. Тағы Оғыз, Түрікмен, тіпті түркілескен соғдылықтар да қарады [531]. Жақып Мырзаханов: Ежелгі Қарлық тайпасының Жүз руы қазақ Ұлыжүзінің қалыптасуына негіз болған делінеді. Осы Жүз руы ежелгі Йүзі тайпасының кейіндеп үйсіндермен араласып кеткен бөлігіне тəн есім болса керек (Жүздердің халқы талай тұста - Боғда мен Тұрпан маңында, Іле өңірінде, Самарқан секілді Соғдияна жақта, Қаңлыда, т. б. болғанын мен де айтқан едім. - С. Ж.). Қарлық тайпасының Болат руы қазақ Орта жүзінің негізі деу керек. Өйткені Болат қарлықтары - арғын тайпасының ата-бабалары. Ал, арғындар қазақ Орта жүзінің өкілдік тайпасы есептеледі дейді. Əрине бұл да ілгерілей зерттеуді, дəлелдеуді күтіп тұр. Жылнамалар: Қарлықтар əсілінде түрік халқы еді. Б.З жылдарында қар лық тар күшейіп, он тайпа қағандығының ежелгі жеріне көшіп кетті. Ақырында олар Сұяб, Тараз қалаларына барып орналасты [532] дейді. Қарлық мемлекетінің көсемі елтебер, жабғы, соңынан (840 жылдан бастап) қаған атанады. Ұлы Жібек жолындағы Тараз, Құлан, Мерке, Аталық, Тұзын, Балық, Барысқан жəне т. б. 25 қала осы қарлықтарға қараған. Күңіт те соның ішінде. Қарлық қағанаты ішкі таластартыс салдарынан əлсіреп тұрғанда ( жж.), Қарлық мемлекетінің астанасы - Баласағұнды Тəңіртаудан келген чығыл (шігіл), ягма тайпалары жаулап алады. Сонымен, 940 жылы Қарлық мемлекеті құлайды. Үйсіннен тараған рулар дулат, албан (юебəн), шігіл (чығыл, жікіл) [533], Түрік қағандығы кезіндегі мемлекеттерді құруға қатысқан. 13 ғасырда Рашит əд-диннің шығармасында Шағатай ұлысындағы Үйсін халқы туралы айтылады [534]. Осыдан кейін Ұлы Даланың бұл кіндігін билеген - түркі тайпаларынан тұрған, əсіресе, қарлық, қаңлы, шігіл, яғма тайпалары үлкен рөл атқарған, билеушілері яғма (В. В. Бартольдше айтқанда жалайырларлардың арғы тегі. - С. Ж.) тайпасынан шыққан [535], мұсылманшылықты алғаш қабылдаған Қарахан(Ұлы Хан) мемлекеті ( жж.). Оның алғашқы ханы - Алып Ер Тоңаның (Афрасиаб... - б. з.б бет. 532 «Таң əулеті тарихы. Қарлық тарауы». 533 Үйсіннің б. з. - ғасырлар аралығында (үйсіндер ордасын батысқа таман көшіргеннен кейін, соған ере), Күнгей Тарбағатайдан Жетісуға ауған тайпасы. Бұлар келгесін, ежелгі үйсін жерінде, Жікіл (Шігіл ) қаласын ұстап тұрған. Тайпа аты содан шыққан. Бұл ежелгі Үйсін астанасы Чыгу болуы да мүмкін. 534 «Қазақстан. Ұлттық энциклопедия» 9-том. 91-бет. 535 «Қазақстан. Ұлттық энциклопедия». 5-том. 625-бет.

241 ЕЖЕЛГІ ҰЛЫС ТАРИХЫ жылы Иран патшасы Кейқұсыраудың алдауынан уландырылып өлтірілген Тұран патшасының) ұрпағы Сатұқ Қарахан(Ұлыхан жж.), 940 (942) жылы Сатуқ Баласағұн билеушісін құлатып, өзін жоғарғы қағанмын деп жариялайды. Осы кезден бастап Қарахандар мемлекеті тарихы басталады. Қарахан мемлекетінің құрылуы мен оның ерте тарихында басты рөлді Қарлық конфедерациясының тайпалары атқарды. 10 ғасырдың соңына таман Қарахандар иелігі Батыста Амудария мен Сырдария арасындағы Мəуереннахрдан бастап, Шығыста Жетісу мен Қашғарға дейін созылды. Қарахан мемлекеті Ибрахим ибн Насырдың тұсында (11 ғасырдың 30 жылының соңында) Батыс хандығы (орталығы Бұхара) жəне Шығыс хандығы (астанасы Баласағұн) боп екіге бөлінеді. Бұл кезде үйсіндер осы (қарамағына Тараз, Исфиджаб, Шаш, Ферғана, Жетісу мен Қашғар кіретін) Шығысхандыққа қараған сықылды. Бұл елді содан былай Арслан-хан, Қадырханның ұлы Инал тегін (1056 жылы қысқа уақыт), Инал-тегіннің баласы Ибрахим (бұл да қысқа уақыт), Юсуф Тоғрулхан ( жж.), Бограхан Һарун ( жж.), басқарады. Бірақ Боғрахан 1089 жылдан бастап түрік тілді ұлыс Салжұқтың сұлтаны Мəлік шахтың бағындысына айналады жылы Боғрахан қайтыс болғаннан кейін, Мəуереннаһрға Баласағұн мен Таластың иесі Қадырхан Жабраил шабуылдап, Амударияға дейінгі жердің бəрін басып алады. Сұлтан Санжар билеген кезде ( ) - Қарахан əулеті саяси құлдырауға бет алғанда, салжұқтар Мəуереннахрда шексіз билігін жүргізеді. ғасырдың екінші жартысында қытайлар (чидандар, кидайлар) Батыс Түркі қағанатына қауіп төндіре бастап, 1141 жылы Қарахан-Салжұқтың əскерін талқандағаннан кейін, Қарахандар мемлекетінің екі хандығының билігін де тартып алады. Қарахан əулетінің тарихы осымен аяқтайды. Жақып Мырзаханов б. з. 841 жылынан бір ғасырдай өткен соң, Жетісу өңіріне Яғма тайпасының баса келіп қоныстанғанын, олардың бұдан бұрын Қашқардың солтүстігінде тұрғанын айтады да, сөйтіп Яғма, қарлық, оғыз, үйсін, қаңлы, дулат сяқты түрік тайпалары біртіндеп Қарахан хандығының қоластына біріккен. Қарахан хандығының құрамына бұлардан сырт арғын, қырғыз, қыпшақ, теле тайпаларының да кіргені Қазақ ССР тарихында жазылған дей келіп, Қарақытай патшалығына бұрылады да, Егер оны құрушы... Иелүй Дашының (Əбілғазыша айтқанда Тайыр Тойрыс. - С. Ж.) тақта отырып, өзін Гөрхан деп жариялаған (1131-) жылдан есептесек, 1212 жылы Найман ханы Күшлік оның тағын тартып алғанға дейін 80 жыл билік жүргізген болады. Бұл тұста ол өзінен бұрын осы өңірде билік жүргізген Қарахан мемлекетіне қараған қарлық, қаңлы, үйсін, дулат сияқты қазақ құрамын толықтаған ұлыстарға тікелей немесе сырттай ғана билік жүргізді [536] дейді. Түрік тарихы міндетіміз болмағасын, осылай ғана қысқа қайырдық. Бұдан былайғы тарих əрине «Үйсіннаманың» тіпті де міндеті емес. Саналы оқырман осы арада сөз болған тайпалармен бірге өмір кешкен үйсіндердің аяғы қайда барып тиянақтағанын (көбінің Қазақ ұлтын құрауға қатысқанын) айтпаса да біліп алады. Оған алда айтылатын мазмұн да себін тигізер. Қорыта айтқанда, Тұран даласына Көктүріктер келуден бұрын, түрік текті байырғы халықтар өмір сүріп, мемлекеттер құрып, өзінің тамаша заттық, рухани мəдениетін жасап үлгерген болатын. Көктүріктер бұл териториядағы этникалық «Қазақ халқы жəне оның салт-санасы». Шынжаң халық баспасы бет.

242 242 БЕСІНШІ БӨЛІМ тегі, тілі, тұрмыс салты, қоғамдық шаруашылығы мен саяси құрылымы бір-біріне жақын, нəсілдес Үйсін, Қаңлы, Кердері, Юебəн (Лабан, Албан), Дулат, Алан, т. б. ру-ұлыстардың басын біріктіріп ұлы мемлекет құрған демекпіз [537]. 4. БҮКІЛ ОРТА АЗИЯНЫҢ ТҮРІКТЕНУІ Əрине, Ұлы Даланың кіндігінде - Каспий теңізінен Тəңіртауға шейінгі жалпақ даланың о не бұ тұстарында түрік тілді емес этностар да кезігетін. Тіпті бірқыдыру ғалымдардың қарасына сенсек, Орта Азияның оңтүстігіндегілердің көбі үндіеуропа тілділер еді. Ал, Каспий жақтағы аландар ішіндегі ішінара тайпа, Сырдың сол жағындағы ежелгі бактриялықтар, сондайға жататын. Мұндайда, Сыма Чянның Ферғанадан батысқа қарайғы, Парфия (Арсак) еліне шейінгілердің тілдерінде айырмашылық болғанымен салттары негізінен ұқсайды, бірінің тілін бірі ұға береді [538] деуі де еске аларлық. Тілдерінде айырмашылық бар дегеннен бұл Парфия жақта да үнді-еуропа жүйесінен өзге(мысалы түрік) тілділер де бар дегендік шығады, əрине. Ол заманда тілдер тым дамып, бүгінгідей зор айырмашылыққа ие бола қоймағандықтан, бірін бірі ұға беретін болар. Кей ғалымдар Аму мен Сыр жаққа барған Ұлыжүз сықылды ғұндар түріктер болған күнде де, олардың орта Азияны түріктестіргені туралы айғақтар жоқ. Сондықтан, Орта Азияның түріктенуін, Қытай жылнамаларындағы Түріктердің бас көтеруінен бастап қана айта аламын [539] деп қиналады. Əрине Ұлыжүздің билеуге күші жеткенімен, оларды түріктестіруге шамасы келмеген болар. Бірақ олар бұл сөзі арқылы айтылған өңір халқының содан кейін түгел түріктенгенін мойындап та тұр. Одан бұрын мұндағы Ұлыжүз сықылдылар түрік тілді емес-ті, бұл жақта түрік тілділер жоқ еді де дей алмайды. Түрік қағанаты шаңырақ көтеріп, күшейген, сол барыста шығыстағы түріктер (көк түріктер) де Орта Азияға қарай көшкен кезде, Көшіп келген түріктер бейбіт жолмен келген жəне олардың тілі мен ұлттық ерекшеліктері қысқа ғана уақыт ішінде бүкіл регионды басып алды да, мүлде түріктестіріп жіберді [540]. Міне бұл да одан бұрын бұл регионда тұрғын түріктер болмаса бейбіт жол мен қысқа уақыт дегеннің жазылмайтыны да мықтап ойласарлық жайт. Бұл арада, ең алдымен, олардың (нақтырық айтқанда, түрік тілділер мениран тілділердің) арғы замандық ең баста тілдері тым парықты болмаған, балаң тілді кезін елестеткен дұрыс. Сосын, берірек келе, түрік-иран халықтары араұзақ уақыт жəне өте жиі жалғасқан мəдени, т. б. жақтардағы байланысты жете білген, əсіресе екі жақты да - түріктердің иран тілділерге, ал иран тілділердің түрік тілділерге ұзақ уақыт бойы өткен ықпалын, олардың бір-біріне сіңіскенін неғұрлым толық білген жөн. Сонда мұндай адамға талай мəселе түп-түсінікті болмақ. Енді соған қысқаша бұрыла кетейік. Сөзімнің тіпті де сенімді бола түсуі үшін 537 Əлімғазы Дəулетхан. «Хұн-түрік-қазақ тарихын зерттеу мəселелері». Алматы Бұл да сонда.

243 ЕЖЕЛГІ ҰЛЫС ТАРИХЫ мен неғұрлым өзгелерді (мысалы, Мұртаза Жүнісұлы Бұлұтай мен Уаң Жылай сықылдыларды) сөзге тартам. (1) Ирандықтардың түріктермен араласуы. Исламияттың Түркістан елдерінде таралуындағы Иран халықтары мен мəдениеттерінің алар орны ерекше... Алайда, ирандықтар мен түріктердің қарым-қатынастары Исламнан бұрынғы ғасырлардан, көне дəуірлерден-ақ басталғаны əйгілі. Сондықтан, ал дымен Исламнан бұрынғы дəуірлердегі Иран-Түркістан қатынастарына шолу жасағанымыз абзал. Ариандардың көне Иран мəдениетінің ықпалында болғаны археологиялық қазбалардан анықталған [541]. Халқы ирандықтар болған Ферғананың сəйгүлiктерiнің атағы күллі құрлыққа таралған-ды. Ферғана батыс жақтың, əсiресе, Иран мəдениеті тəсiрлерiнiң Орталық Азияға шығатұғын қақпасы едi [542]. Ферғана тұрғындары Иран тектi саудагер халықтар едi [543]. 659 жылға дейiн осы өңiрде Кушан мəдениетiнiң өктем екендiгi аңғарылады. 659 жылдан кейін түрiк əсерi айқын бола бастайды. Сақтардың нақты қай тiлде сөйлегенiн ашып айту қиын да даулы мəселе. Ғалымдар олардың басым көпшiлiгi иран тiлдi еді деседi. Алайда, кейбір солтүстiк сақ тайпаларының түрiк тiлдi болуы əбден мүмкiн. Қазiргi қазақ тiлiнiң сөз қорында парсы тiлiнен енген мыңдаған (бір санақ бойынша, 3000 нан астам. - С. Ж.) сөздердiң болуы, осы иран тiлдi сақтар мен соғдылардың түрiк тiлдi халықтарды қалыптастырған тайпалардың құрамына кіргендігінен... Түрiк мəңгі тас ескерткіштерінде [544] шад, қатын, тигин (тегін), тархан сықылды иран сөздерінің [545] кездесуі көне түріктердің парсылармен етене араласқанын дəлелдейді. Шад сөзі көне парсы диалектісінде діни билеуші, қасиетті билеуші мағнасындағы пат сөзінен хасіл болған шад формасы - бек (князь) деген мағнада. Түріктер соғдылармен қатар VI ғасырда Жібек Жолы саудасының бас кейіпкері болған-ды... Пазырық (м. б. V-III ғғ. ) қорғандарынан [546] табылған, бүгінге шейін бұзылмай, шірімей жеткен нəрселерден сақтардың о дүние туралы сенімдерінің Мысыр, Грек уə Иран инаныштарының араласқан формасы екендігін байқаймыз; мысалы, табыттың бетін жапқан жаулықтағы қораз суреті отқа құлдықтың белгісі. Қораз (əтеш), Авестада, яғни, зоороастризмде ұйқыны қуатын періні тəмсіл етеді. 5 қорғанның қабырғасындағы түскиіздегі суретте гректің ажал тəңірісі Артемис пен оның атты адам кейпінде бейнеленген қызметшісі Мегабизес көрінеді [547]. Ол көне үйсіндерді түркі тілді, бірақ мұңғолтекті халық дейді [548]. Кейбір ғалымдар оларды Шығыс Иран халықтарына жатқызады [549]. Ғалым А. Н. Берн Tallgren, A. M., Eurasia Septentrionalis Antigua, II, 48-бет 542 Ogel, B., Turk Kultur Tarihi, 79-бет 543 Бернштам, А. Н., Мат. и исс. по археологии, 26, 95-бет 544 Бартольд, В. В., Тюрки- Двенадцать лекций, 8-бет, 28-бет 545 Gabain, A. V., Eski Turkcenin Grameri, Зeviren: M. Akal? n, Turk Tarih Kurumu, Ankara, 1988, 42-бет 546 Таулы Алтайдағы Қазақстанның Қатонқарағай өлкесі сықылды жерді мекендеген дердің ірі обалары. Б. з. б. - ғасырлардікі. 547 Haussig, Hans Wilhelm, Ipek Yolu ve Orta Asya Kultur Tarihi, 54-бет 548 Olcott, Martha B., The Kazakhs, Hoover Instituion Press, Stanford, USA, 1987, 5-бет 549 Қазақтар, Қазақстан Даму Институты, Алматы, 1998, I-том, 25-бет жəне Қазақстан Тарихы, Алматы, Дəуір, 1993, 45-бет

244 244 БЕСІНШІ БӨЛІМ штам эрадан бұрынғы қаңлыларды түрiк тiлдi деп болжайды [550]. Ал, көпшiлiк зерттеушiлер қаңлыларды солтүстiк Иран халықтарына жатқызады [551] да олар эрадан кейінгі V ғасыр шамасында Сейхұнның (Сырдария) аржағындағы түрiк тiлдi тайпалардың əсерiне ұшыраған деген пікірді жақтайды [552]. Қаңлыларды иран тілді халықтарға жатқызған Б. А. Литвинскийдің пiкiрiнше, қаңлылар жəне олармен туысқан сармат тайпаларының ыдыстарында қой бейнесiнiң жиi кездесуi тiкелей зоороастризмге байланысты, өйткенi, қой отқақұлдықта тəңiрдiң нəрселенген (инкарнация, мүжəссəм) халi едi [553] VII-VIII ғасырларда Жетiсу өңiрiн иран халықтарына жататын соғ ды лар да қоныстанған [554]. Соғдылар доликосефальдық Ақ теңiз (Жерорта теңізі) нəсiлi едi [555]. Олар мəдениет, өнер һəм тiл жағынан Иранның əсерiнде болды [556] Исламият қарсаңындағы Жетiсу өңiрiнің тұрғындарының басым көпшілігі соғдылар едi. Түрiк қағанатында Иран мəдениетiн таратқан осы соғдылықтар. Өйткенi, соғдылардан өнерлi һəм iсмер адамдар көбiрек шығатұғын. Олардың жан-жаққа жайылуымен қоса отқа құлдық, маздеизм (маздакизм - Ахура Маздахқа табыну), бұддашылық дiндері де таралушы еді [557]. Түрiктерге отты сыйлау, отқа сиыну əдеттерiн тап осы соғдылықтар үйреткен. Ежелгі Иран жерінде пайда болған отқа құлдықтың жоралғылары бара-бара түріктерге сіңіп кетеді. Қыпшақ тайпалар одағына түркі тілді қимақ, құман, башқұрт, оғыз тайпаларымен қатар иран тілді халықтар да кірді. Дештi қыпшақ, яғни қыпшақ даласы атауы осыдан шыққан. «Қазақстан тарихы» атты кітапта: Қарлұқтардың қол астындағы халықтар этникалық жағынан біртектес болмаған, олардың ішінде иран тілді соғдылар, Таяу Шығыс пен Орталық Азия елдерінен ауған келімсектер бар-тұғын [558] деп жазылған. Осы ең негiзгi дiни сөздердiң, яғни қазақшада һəм күллі түркi тiлдерiнде бiрдей қалыптасқан дiни терминологияның барлығы да парсы сөздерi [559]. Ал, діни ұғымдардың парсы 550 Бернштам, А. Н., Проблемы древней истории и этногенеза Южного Казахстана, Известия АН КазССР, 57, серия археологическая, 2-басылымы, 1949, беттер 551 Қазақтар, Қазақстан Даму Институты, Алматы, 1998, I-том, 23-бет 552 Кляшторный, С. Г., Древнетюркские рунические памятники как источник по истории Средней Азии, АН СССР, Инс. Народов Азии, Москва, 1964, 174-бет жəне Қазақстан Тарихы, Алматы, Дəуір, 1993, 49-бет 553 Литвинский Б. А. Кангюйско-сарматский фарн, Душанбе, 1968, 110-бет 554 Гинзбург В. В., Антропологические материалы к проблеме этногенеза Бактрии, Материалы и исследования по археологии, 15, 1950, 248-бет 555 Қазақстан Тарихы, Алматы, Дəуір, 1994, 125-бет 556 Ошанин Л. В., Иранские племена Западного Памира, Ташкент, Бернштам А. Н., Согдийская колонизация Семиречья, Мат. и исс. по арх., 26, 133-бет 558 Қазақстан Тарихы, Алматы, Дəуір, 1994, 63- бет 559 Бұл туралы академик Бартольд та өзінің ойын жазған екен: «В Персии образовалась национальная христианская церковь с богослужением на персидском языке, оказавшая влияние как на распространение христианства в Средней Азии и в Китае, так и на дальнейшую жизнь Персии; персами-мусульманами до сих пор употребляются названия дней недели, заимствованные не у мусульман-арабов, но у персов-христиан» (Бартольд, В. В., Культура Мусульманства, 17-бет). Демек, қазақ тіліндегі күн атауларының қайдан шыққаны белгілі. Тек жұма атауы ғана арабша; жиналу, бас қосу, жамағаттану дегенді білдіреді.

245 ЕЖЕЛГІ ҰЛЫС ТАРИХЫ тiлiнде болатын себебi: Исламнан бұрын Орталық Азияда кең таралған, үгітнасихаттарында парсышаның диалектілері мен басқа да үнді-еуропалық тілдерді (мəселен, санскритше, соғдыша т. т.) қолданған отқа құлдық, бұддашылық, мани хей шілік, маздакшылық пен несториандық сықылды нанымдарда аталған ұғымдардың кезігуі. Екіншіден: түрiк халықтарын, оның iшiнде қазақ халқын құраған қауымдардың құрамында иран тектi һəм иран тiлдi халықтардың аса маңызды орын алуы. Мүмкiн, сондықтан шығар бүгiнгi тiлiмiзде парсышадан енген сөздердiң айтарлықтай мөлшерде орын алуы [560]. Өзбектер тарапынан құрылған 3 хандықтан Бұхара хандығында iс жүргiзу жəне əдебиет тiлi əрқашанда парсы тiлi болған; Хиуа хандығының ресми тiлі Орта Азиялық түрiк тiлi; Қоқанда (Хоқанд) болса iшiнара түрікше едi. Осман патшалығында ресми тiл түрiкше болғанымен сөздiк қорының басым көпшiлiгi араб-парсы сөздерi едi, сондықтан кейбiр мəтiндер қарапайым халыққа онша түсiнiктi емес-тi. Зəрдүшт нанымынан келе жатқан наурыз мерекесі аталмыш өңірде Исламнан кейін де жалғасты, бірақ, мұсылмандық көрініс алды [561]. Мінеки, М. Ж. Бұлұтай, қазақты құраған ғана емес, мұқым түрік тайпаларын құраған жұрттың ішінде иран тілділердің қаншалық болғаны мен қаншалық ықпал еткенін жетерлік-ақ айтты. Сіз, оның сөздеріндегі еуроцентризмнің шалығы сықылды көрінетін тұстарына тым елеңдемей, ирандық ықпалдың күшті болғаны мен иран тілділердің түріктерге қаншалық араласқанына баса мəн бергейсіз. Сонда менің талай мəселе түп-түсінікті болмақ деген жағыма таяй түсесіз. (2) Түріктердің ирандықтармен араласуы. Түрік шаңырақ көтеріп Орта Азияның Екі өзен бойын алғасын, тоғыз оқ ғұздар ( ) түрік ығайларына топтобымен еніп, түрік мəдениетіне терең əсер етті [562] дегеннен-ақ бұл араласудың ерте басталғанын сезесіз. Əрине, Мəдени ықпалдасу бір жақты ғана болмайды; Иран жерін ғасырлар бойы билеген түріктердің де көптеген сөздері, нанымсенімдері, əдет-салттары Иран мəдениетіне күшті əсер етті. Бүгінгі күні парсы тілінің сөз қорында алты мыңға тарта түрік сөзінің кезігуі осының айқын айғағы. Халықтарымызды бір-біріне жақындататын алтын көпір іспетті ортақ мұраларымыз бауырлас елдердің болашақтағы ізгі қатынастарының кепілі іспетті [563]. Орта Азия тарихының білгірі Уаң Жылай: Түріктер күшеймей тұрған кезінде тарихи жазбаларға түспей келді. Б. з. ғасырының соңына дейін түріктер Нөненнің қоластында болатын. Түріктер б. з. 546 жылы Телілерді жеңіп, оның 50 мыңдай жанын өзіне қосып алды. 552 жылы Нөненге шабуылдап ол хандықты құлатты. Нөнен ханы өзін-өзі өлтірді де, мыңдаған адамы қашып 560 Біздің бұл тұжырымымызды академик Ə.Т. Хайдаров та растайды. Ол өзінің мақаласында былай деп жазады: Арабо-иранские лексические заимствования, составляющие ныне ок. 15% общего объема лексики, являлись результатом контактовдревных тюркских племен и родов, вошедших впоследствии в состав казахского народа, с ираноязычными согдийцами, тохарами, саками, а через них с арабскими племенами на территории Средней Азии и Казахстана. Қараңыз: Қайдаров, Ə.Т., Казахский Язык, Языки Мира, Тюркские языки, Институт языкознания РАН, Москва, 1996, 253-бет 561 Мұртаза Жүнісұлы БҰЛҰТАЙ. «ИРАН ЖƏНЕ ТҮРКІСТАН» ж. Алматы қаласы Мұртаза Жүнісұлы БҰЛҰТАЙ. «ИРАН ЖƏНЕ ТҮРКІСТАН» ж. Алматы қаласы. 245

246 246 БЕСІНШІ БӨЛІМ кетті. 555 жылы Батыс Уей қолындағы 3000 нөненді қайтартып алып қырып салды. Нөнен жоғалып, қазіргі Моңғолия даласы мен Орта Азияның шығысына Түрік үстемдігі орнады. Сосын, түріктер жылдары батысқа жорық жасап,... ол жақтың жерін парсылармен бөлісіп алды. Амудариясы оларға шекара болды. Орта Азия Түрік аумағына айналды... Таң əулетінің (б. з жж. - С. Ж. ) алғашқы кездерінде, Аратүрік, Идіқұт(Қарақожа), Қарашəр, Күшар, Ақсу мен Хотəн региондары тегіс Батыс Түрік қағанатының қарамағында болатын. Сондай-ақ əр жердің хандары түрік қыздарын алатын. Бұл некеленулер оларды тіпті жақындастыра берді. Түріктер оларға тудүн ( ), елтебер (чилифа, ) сықылды ұлықтарын жіберіп елін басқартысты [564] деп жазады. Іс жүзінде Уаң Жылай мына деректерге сүйеніп отыр: Б. з. 780 жылы қайтыс болған буддис Хүйчаудың «Хүйчаусапарнамасында» ( ): Батыс Өңірдегі елдердің тұрғындары ғұздар( ), хандары мен қарулы қолы түріктер деген екен. Түріктер Идіқұтқа шабуылдады. Аяғы Идіқұт Түрікке одақтас болып кетті (. 15 ), Идіқұт ханы өлгесін, орнына ұлы Боя шықты. Оның үлкен шешесі Түрік қағанының қызы болатын. Əкесі өлгесін Түрік жақ Бояны өз салты бойынша істеуге қыстады. Боя көнбей, талайдан соң амалсыз бағынды ( ), Қарашəрдің ханының тегі Ұлу еді, аты Түргеш болатын нан астам сайлауыт жасағы бар-ды. Үнемі Батыс Түрікке қарап келген. Кұшарұлығы Батыс Түріктікі ( ), Ақсу Ханының ханымы түрік. Сайжарақ қолы Хуларша жазуы бар, Хотан (Ұдұн) батыс түрікке бағынған ( ). Теле. сықылды елдер бағынғаннан кейін, олардың халқы дулат, нүшбе, қарлық, шиуо, шымыр, обырларға (байқап отырған шығарсыз, бұлардың дені үйсіндер. - С. Ж.) араласып, сіңісіп кетті («Таң əулетінің көне тарихы. Түрік баяны» [565] ). т. б. Қазір қазақ даласынан (мысалы Меркі өзенінің бойынан) көне түрік жазуымен төкінделген мəтіндер арт-артынан шығуда. Ойтал өзенінің жағалауынан табылған жазуды профессор А, Аманжолов Менің өлімім қайғы деп оқыпты. Тарихшы ғалым Су Бейхай [566] өз еңбегінде Маловтың шығармасына [567] сүйене: Таластан шыққан түрікше жазуда, Шор атты адам сенімді 30 ұланынан айырылды. Фəнидің мəнфəғаты мен рахатынан кетті. Сендер - сенімді батырларым! Шордың ұлдары - сендердің қолқанаттарың. Оның қатыны жесір қалды деп жазылған екен. Бұл да ол тұста Талас маңында түрікшенің қолданылғанының дəлелі деп жазыпты. Міне осындайларға қарап Уаң Жылай тағы: Орта Азиядан руника əліппесімен жазылған түрікше мəтіндердің табылғанына қарағанда, түрік тілінің Орта Азияға таралуы өте ертенің ісі екен дейді. Мұның қисыны бар, əрине. Орта Азияның тез түріктенуінің арғы жағында қалың тарихи таған бар. Қайталай кетсек, Үйсіндердің біз сөз қылған Нəнді күнбиінен Оңғай күнбиіне дейінгі заманда (Б. з. б. - ғасырлар ішінде), «Қазақстан. Ұлттық энциклопедия». 9-том. 46-бет бет Ленинград.

247 ЕЖЕЛГІ ҰЛЫС ТАРИХЫ гректік мəдениет негізіндегі Бактрия патшалығының ықпалы өте күшті болғаны рас. Ол Аму өзенінің сол жағындағы ұлан-байтақ аумақты алып жатты. Бұл патшалықтың өз шығысындағы Үйсін сықылды елдерге əсері де аз болғаны жоқ. Ол қала тұрмысынан тартып өнер мен əдебиет сықылдылардың бəрін қамтитын. Əйгілі шығыстанушы Һанс - Жоахим Климкейт «DieSeidenstrasse» деген кітабында (48-бет): Көшпенді Жүз тайпасының Қытайдың батысынан (қазіргі Гансудан) көшіп келуі гректік Бактрия хандығының жойылуында шешуші рөл атқарды дейді. Əрине бұл жою - билікті тартып алу. Ал тұрғын халыққа қарата айтқанда - жүздермен араласу, ассимилияция, метистесу. Мəдениет тұрғысынан алғанда өзара мейлінше ауыс-түйіс жасау. Бұл барыстың əрі іргелес, əрі туыстас Үйсін ұлысына да қатты əсер еткені сөзсіз. Үйсіндер Жетісудың батысына таман сырғығанда (б. з. - ғасырларда), Аралдың шығысындағы Қаңлы жерінде, Тезек тəңірқұт 4 ғасыр бұрын бастап келген түрік тілді ғұндардың Еуропаға аумай қалғандары Ақғұндар (абдал, эфталит) деген атпен өмір сүретін. Б. з. 484 жылы Бактрияны бұлар басып алды да, мұндағылардың түріктенуін тіптен ілгерілетті. Түрік қағанаты құрылғаннан кейін, көп ұзамай бүкіл Орта азияның шапшаң түріктену ақиқатын оның алдындағы бұл барыссыз түсіндіру қиын. Мұндай жағдайда, сөз болып отырған өңірдегі Түрік тілділер басым орынға шығып қана қоймай, бұл жаққа шығыстағы (мысалы қазіргі Моңғолия тараптағы) түріктердің бірталайының да батысқа ағылатынына сене беріңіз. Уаң Жылайша айтқанда, Қашқардың солтүстігі мен батысындағылар Түрік тайпалары ( - күңіт пен - яғмалар), ал Іле көшпенді түріктердің базасы еді. Уаң Жылайдың Жалпы алғанда, Түрік далалық күшті мемлекет қана болып тұра берді. Əр жерде тегіс түріктер болғанымен, жасыл алқаптарда егіншілікпен шұғылданғандары аз еді. Сондықтан жергілікті ариандармен қосылып кетуі əлі мүмкін емес-ті дегеніне қарағанда, алысқа кетпей осы маңда тұрып қалған ариан текті елдің түріктенуі осыдан кейінгі мезгілдің ісі көрінеді. Уаң Жылайдің (жаңағы деген еңбегінде): Таң əулеті Орта Азияға қарата тек атақта билеу құқығын ( )ғана ұстанды, оның алдындағы Түрік қағанаты секілді тікелей үстемдікті жүзеге асырғаны жоқ. Түріктердің Орта Азия мен Шынжаңға енуі күн санап арта берді дегені де рас. Ол бұларды тағы да сол арғы жылнамалардағы мынадай деректерге сүйеніп айтып отыр: Шу өзенінің (, )ұзындығы мың шақырымдай. Өзге текті Түрік əскерінен сан түмені тұрады. Батысы Тараз қаласына тəн, Ташкенттің тұрақты қол шығарып қорғауында. Қаңлының ханы Шөміш ( ) Батыс Түріктің қызын алған. Соларға бағынады [568], Тохар елі ( ) жалпы алғанда Түрікке қарайды [569], Гучө елінің жарымы оғыз (Ғұз, дегендер де түрік қой. - С. Ж.), жарымы түрік. Тілдері тохарша, түрікше, жергілікше. Осы елден солтүстікке қарай Байқалға ( ), батыстағы Каспийге ( ), шығыстағы Хəн терістігіне шейінгі жер Түріктің аумағы. Бұл түріктер будданы білмейді [570]. Түріктердің иран тілділерді билеу барысындағы өзара сіңісудің бір мысалы

248 248 БЕСІНШІ БӨЛІМ Бартольд сөзінен де шығып тұр. Ол: Иран регионында үстемдік еткентүріктер түрік тілімен сөйлескен, аты-жөні мен лақабын түрікше қолданған. Əуелі ирандықтарға түрік тілі таралған да. Бірақ оқыған түріктер түрік тарихын ұмытқан. ғасырдың соңғы жарымындағы үлкен жазушы Науаи моңғолдардан бұрын түрік қағанатының болғанын да білмеген. Ол салжұқтардың көсемі Сұлтан Тұғырылды сарт, яғни Иран сұлтаны деп қараған. - депті [571]. Мінеки, Иран тілді мен Түрік тілді халықтар арасына бір-біріне өте алмастай ор қазудың орынсыз екені енді тіпті айқындалды-ау деймін. Ал, екі ел ара араласудың аяғы Ұлы Далада жаппай түріктену болғанын, біз айтқан жоғарыдағы мəтіндер ғана емес, бүгінгі реал өмір де дəлелдеп отыр. Ендеше үйсіндерді түрік тілді емес деп қасарысатындар олардың бұл тұсқа ұрық та қалдырмай жер шеті қиянға ауып кетпегенін де, қалған ұрығының өсіп өне келе түріктенгенін де мойындайтын-ақ шығар. 5. БҮГІНГІ ҚАЗАҚТЫ ҚҰРАҒАН ТАЙПАЛАР ТОБЫНЫҢ БІРІ ҮЙСІН Əйгілі тарихшы Жақып Мырзаханов: Б. з. дан бері аты тарихта белгілі болған елдер туралы сөз болғанда, олардың тегінің арыда жатқанын, сақтармен, ғұндармен, йүздермен, үйсіндермен жəне қаңлы, аландармен етене байланысып жатқанын ұмытпауымыз керек. Қытайдағы жəне шетелдердегі зерттеушілер қазіргі қазақ даласында, моңғол даласында, заманымыздан кейін күшейіп, артартынан дəурендеген елдерден жужандарды (аварларды), оғыздарды, түріктерді, түргештерді, қарлықтарды, қыпшақтарды, қимақтарды, қарақытайларды - осының бəр-бəрін қазақ халқының тегімен тығыз байланыстырады. Біз осы түріктік тайпаларды жалаң қазақ халқының ғана тегіне қатысты деп қарамаймыз. Олар əрине ұйғыр, өзбек, қырғыз, татар, қарақалпақ, түрікпен, башқұрт сияқты өзге түрік тілдес ұлттардың да құрамын толықтаған, Солтүстік жəне Батыс Шынжаң өңірінен, Қазақстаннан, Моңғолияға қарасты Орқон, Тамыр, Тула өзендері аңғарларынан қазір табылып жатқан мұралар мен тарихи ескерткіштер жұртты қатты қызықтырып отыр. Осы ұлан-қайыр кең далада, қазақ шежіресі бойынша қазақ үш жүзінің құрамын толықтаған, тіпті қазірге дейін байырғы атын өз қалпында сақтаған тайпалар мен ұлыстар жасаған. Бұған үйсіндер, қаңлылар, аландар, түріктер, түргештер, оғыздар, қарлықтар, керейлер, наймандар, жалайырлар, қоңыраттар, меркіттер, уақтар сияқты өз заманындағы рулық, ұлыстық елдердің көбінің аты қазірге дейін қазақ тайпалары арасында өз қалпында сақталып отырғаны даусыз факт. Олар қоныстанған жəне өмір сүрген өңірді ғасырдың басында Араб, Парсы тарихшылары дешті қыпшақ деп атаған. Ал, ғасырдан кейінгі тарихшылар мен этнографтардың қазақ даласы деп атағаны да жұртқа аян [572] деп өте дұрыс айтқан. Алайда бұл Үйсіннамада, көлемді далитпау үшін, бұлардың үйсіннен өзгесіне де жəне оның өзге түрік 571 Мұртаза Жүнісұлы БҰЛҰТАЙ. «Иран жəне Түркістан» ж. Алматы қаласы. 572 «Қазақ халқы жəне оның салт-санасы» Шынжаң халық баспасы. 137-бет.

249 ЕЖЕЛГІ ҰЛЫС ТАРИХЫ ұлттарымен байланысына да бұрылмай, тек қазақ пен үйсін қатынасына ғана аялдайық. Ежелгі үйсіндердің бүгінгі қазақтардың ең маңызды ататектерінің бірі екендігі əбден дəлелденіп, бұл туралы ғылыми талас аяқталғанымен, аздаған күреске тоймайтын жығылушылар əлі де бөтен əуен көтеріп жүр. Жия келгенде жазба не ауызша бөтен əуендер мыналарға саяды: А. Үйсіндер ақ нəсілділер. Сондықтан бүгінгі қазаққа қатысы жоқ. Ə. Үйсіндер б. з. - ғасырларында оңтүстікке ауып кеткен. Олардың тұқымын бүгінгі қазақ ішінде бар деу қисынсыз. Б. Көне Хəн тіліндегіше болғанда, Усүн ( ) дегеннің оқылуы Үйсінге жоламайды. Демек ол қазаққа қатыссыз басқа тайпалық одақ. В. Үйсіндер иран тілінде сөйлеген. Түрік (демек қазақ) тілдес емес. Меніңше осы қарастарға тойтарарлық жауаптарды алғы бөлімдерде, реті келген тұстарда недəуір-ақ айттым. Соларды қысқа қайырар болсам былай: А. Үйсіндер ақ нəсілділер дегенге айтарымыз - қазақтың да арғыата-тегі ақ нəсілді (сақтарға тəн) тайпалар. Бұл туралы алғы бөлімдерде жеткілікті айтылды. Б. з. бірінші мың жылдығында шығыстан келген ауғындар араласып, қазақты құраған тайпалардың біртіндеп ақ пен сары нəсілдердің метисіне айналғаны да түсіндірілді. Оған жоғарыда сөз болған түріктену барысын қоса қарастырыңыз. Нəсіл немесе тұқым - адамзаттың алғашқы сатысында қалыптасқан, дене бітімінде кейбір (тұқым қуалайтын, терісі мен шашының реңі, шашының формасы, бет əлпеті, көзі, бойы жақтарындағы) ортақ генетикалық нышандары бар, биологиялық мағынадағы кісілер тобы. Сары (моңғолоид), ақ (еуропеоид), қара (экваторлық яки негроид) дегендер осыдан барып шығады. Бұлардың отызға тарта тармағы тағы бар деген едік. Қайталап айтайын, Бүгінгі ғылыми жетістіктер қазіргі адамзат, бір атадан тарамады деген күнде де, бір регионнан (солтүстік-шығыс африкадан) тарадыдегенге сеніп отыр. Ең жаңа жетістік бойынша айтқанда Эфиопия аумағынан тараған болып шығады. Жер шарының өзге тұсында өскен адамсымақтар əр алуан себептен құрып кеткен сықылды. Тек қана осы айтылған региондағы (Солтүстік-шығыс Африкадағы) адамзат тобы ғана өсе, көбейе келе жаһанға тарапты. Олардың алғашқы бір көші Азияның оңтүстігіндегі мұхитты жағалай тарап қазіргі оңтүстік Қытай аумағына дейін жетсе, енді бір алғашқы көші Орталық Азияны кіндік еткен Ұлы Далаға жеткен көрінеді. Кезіндегі қоғамның ең негізгі шаруашылық бірлігі болған рулық (қауымдық) құрылыс ( ) матриархаттық (əйел үстемдігі) жəне патриархаттық (ақсақал үстемдігі) дейтін екі кезеңнен өтті. Ол қандастықты арқау ететін, жат рулармен құдаласуды дəріптейтін. Уақыт өте келе, қандастығы таяу бірнеше рулардан өзіндік жер аумағы, аты, тілдік диалекті, діни нанымы, ғұрпы, басқаруы бар тайпалар қалыптасты. Алғашқы қоғамның аяғына таман келгенде, өндірістің өркендеуі, халық санының көбеюі, əсіресе толассыз əскери қақтығыстар туыс не іргелес тайпаларды уақытша не мəңгілік тайпалық одаққа бірігуге мəжбүр етті. Мұның да өз аты, өз жер аумағы, өз тілі, т. б. болды. Тайпалық одақ, ұлтқа таяғанымен, ұлтқа түп мəні жағынан ұқсамаушы еді. Ру да, тайпа да қандастықты арқау ететін. Б. з. б. 249

250 250 БЕСІНШІ БӨЛІМ ғасырда шаңырақ көтерген жəне ұлы ғалым Сыма Чянның «Тарихи жазбаларына» енген Үйсін ұлысы тайпалық одақ болатын жəне таптық қоғамға өткендігі үшін өз заманының мемлекеті де еді. Ұлт - қандастықты арқау етпеген, өзге тайпаны, тіпті бөтен нəсілді де қосып алған, ұзақ тарих барысында ортақ тіл, ортақ аумақ, ортақ шаруашылық, ортақ психология сықылдыларға ие болған адамдар тобын білдіретін тарихи категория. Демек ұлт дəрежесіне көтерілген кез-келген адамдар тобы - таза қанды емес, метис ( ) топ. Олар əр алуан тайпадан (демек тіпті нəсілі, тілі,басқа адамзат топтарынан да) құралады. Оның білімді жандары, шежірені мəдениет қатарында санаса да, тайпашылдық пен рушылдық атаулыдан аулақ болады əмбе жікшілдік пен топшылдықты мұндаймен байланыстырмай, өзімшілдікке жатқыза біледі. Əрине қазақ ұлты да сондай. Ғылыми көзқараспен реал шындық бойынша қазаққа, ежелгі үйсіндер түгіл, одан да жат тайпалардың қосылғанын мойындаған, оны табиғи да тарихи болмыс санаған жөн. Айта берсеңіз, бүгінгі қазақ құрамында атамзаманғы сақ тайпаларының бəрінің де ұрығы барына сену керек. Мысалы, массагеттер де соның ішінде. Махмұт Қашқаридың: Сөз басындағы М əріпін оғыз, қыпшақ жəне суварлар Б əріпіне айналдырып айтады дегенін мықтап ескерген Шадыман Ахметұлы [573] : бұл құбылыс говордан ғана емес, əдеби тілден де мықтап орын алғаны белгілі. Мысалы, мауыздау-бауыздау, мейнет-бейнет, мейіл-бейіл, мекіре-бекіре, мойы-бойы, мешпет-бешбет, мұны-бұны дей келе, мас дегенді бас, саг дегенді сақ деп біледі де, этнонимдер құрамындағы ата, ете лердің ат, ет болып қысқаруын алтай тілдерінде тəн заңды құбылыс санайды, сосын Массагет - массақ тайпасы, сақтардың бас тайпасы деген мағынада болып, қызығарлығы, қазақтың Кіші жүзінде ұйтқы ұлыс (ноқта аға. - С. Ж. ) болған Алшынның байұлынан тарайтын масқарлар ішінде массақ атымен байырғы қонысында əлі де өмір кешіп жатыр деп тұжырады. Осы айтылғандарға сүйене отырып, берік байламға келуге болады: Қазақ - өзге ұлттар сықылды мейлінше метистенген ұлт. Оның құрамындағы екі жүздей тайпаның ақ пен сары нəсілділердің талайына мұрагер екенінде дау жоқ. Соның бірі - ежелгі, кезінде ақ нəсілді болған үйсіндер. Меніңше, салыстыра айтқанда үйсіндер туралы ең тіке, ең тыңғылықты, ең əділ зерттеу жүргізген қытайлықтар ішіндегі екі Уаңның (, )мына сөзі талайды ойлантар-ақ. Олар 27 жылдың алдында: Таяу заман қазақтарында Үйсін атты тайпалық одақ барлығы - жұртқа аян шындық; Іле Қазақ Автономиялы Облысындағы Моңғолкүре мен Чапчал аудандарының арасында тұрған тау сілемін жергілікті бұқара əлі де Үйсін тауы деп атайды; Қазақ ұлты таралған басты аумақтың ежелгі үйсіндер отырған аумақпен дөп келетінін де көріп отырмыз. Мұның бəрі назар аударуға татитын тарихи құбылыс... Үйсіндердің дене бітімдік ерекшелігі күрделі. Үнді-еуропалық нəсіл нышандары да, моңғолоидтық дене бітім нышандары да бар деген болатын. Егер осы заман қазақтарына тəптішті назар салсаңыз, тіпті нəсілдік белгілеріне шейін ғылыми зер- 573 Шадыман Ахметұлы: «Массагеттер жəне Баянгол жазбалары» «Шынжаң қоғамдық ғылымы» Көшпелілердің тыңнан ашылған археологиялық ескерткіштері». 26-бет).

251 ЕЖЕЛГІ ҰЛЫС ТАРИХЫ делеу жүргізсеңіз - олардың сыртқы келбетінен тартып ішкі Y хромосомасына (Y ) дейін қарасаңыз, ақ нəсілдік те, сары нəсілдік те нышандарды таба аласыз. Хəн, моңғол ұлттарына да, араб, парсы ұлттарына да, сонау еуропадағы ұлттарға да ұқсайтындар толып жатыр. Сондықтан бүгін, «Шынжаңның жергілікті тарихы» сықылды оқулықтар ежелгі Үйсін - бүгінгі қазақ ұлтының басты тегінің бірі деп жазды. Ал, Қазақстан сықылды ел ғалымдарын былай қойғанда, Қытайдағы Су Бейхай ( ), Уаң Шюйсұң ( ), Лəй Юйниң ( ), Нығмет Мыңжанұлы ( ), Жақып Мырзаханов, Жақып Жүніс, сықылды талай ғалым осы көзқарасты мықтап құптады. Демек ішінара бөтен пікірлерге құлақ асудың қажеті қалғаны жоқ. Ə. Үйсіндер б. з. - ғасырларында оңтүстікке ауып кеткен дегенге де айтарымыз айқын болды: Үйсіндер, іс жүзінде олардың хан ордасы ғана, Көкарттың (Памирдың) солтүстігіне ғана ауған. Памирдің солтүстігі ұзағанда бүгінгі Түркістан қаласы, Алай сырты, Сарыкөл жоталары, яғни бүгінгі Қырғызстан жері мен Оңтүстік Қазақстандағы Сыр бойы. Ма Манли дейтін ғалым: «Үйсіндердің Көгартқа аууы жайындағы таластар» деген еңбегінде: Тəңіртаудың (Тянь-шань - С.Ж.) солтүстігіндегі, соның ішінде Жетісу өңірі мен Іле аңғарындағы жиі топталған Үйсін обалары көбінесе б. з. б. ғасырынан б. з. ғасырына дейінгі обалар. Ең соңғы жерленгендерінің өзі көбінде ғасырдың соңынікі. Демек ІV ғасырда үйсіндердің негізгі күші Тəңіртаудың солтүстігінен көшіп, оның оңтүстігі мен оңтүстік батысына шоғырланған дей (Ақышев пен Кушаев пікірін қайталай) келіп, Нөнендер мазасын ала бергендіктен, бір бөлім Үйсін тайпалары Памир тауларының қойнауларына көшуге мəжбүр болды. Əрине, Іле аңғарындағы, Тəңіртаудың теріскейіндегі Үйсін тайпалары ол арадан мүлде арылып кеткен емес деп түйеді. Демек көшіп кету тек негізгі күшке ғана қаратылған жəне ол Памирдан ары (оның оңтүстігіне) аспаған жəне көне қонысында (тіпті сонау Тарбағатай тарапта да) көшпей қалған үйсіндер де көп болған. Лин Хұйшяң ( ) үйсіндер Уей əулетінен соңғы тарихтарда көп кезікпейді. Мүмкін мемлекет шаңырағын қайта көтермеген немесе Қытайдан біртіндеп алыстаған шығар дейді. Бұған мүйізі қарағайдай қалың ғалымдар ұжымының қолынан шыққан Цыхəйдағы» ( «Сөз теңізі») мына сөздер де дəлел: Онда үйсіндер Онтүстік-солтүстік əулеттер заманында (б. з жж. - С. Ж.) Памирдың солтүстігіне барды. Солтүстік Уей əулетімен (б. з жж. - С. Ж.) тығыз байланыста болды. Ляу əулетінің Тəйзұң заманының (б. з жж. - С. Ж) Хұйтұң жылында (нақты 938 жылы - С. Ж. ) үйсіндер Əулеттік ордаға тартулы елші жіберді. Кейін біртіндеп көрші этностарға сіңді. Қазіргі қазақ ұлтының ішінде Үйсін тайпасы əлі де бар делінген. Міне ендеше! Б. Көне Хəн тіліндегіше болғанда, Усүн ( ) дегеннің оқылуы Үйсінге жоламайды дегенге, жоламайды ғана емес, тəп өзі екені алғы бөлімде иланарлық-ақ талданып айтылды. Оны қайталаудың қажеті жоқ əрине. В. Үйсіндер иран тілінде сөйлеген дегенге де жауап беріліп болды. Қысқа қайырғанда, үйсіндер байырғы түрік тілінде сөйлескен. Көне түрік тілін недəуір толық сақтаған қазіргі қазақ тілі лексикасы да осыны дəлелдейді. Ежелгі үйсіндер түрік тілді жұрт. Бұл көзқарасты жапон ғалымы Ханеда Тоурудың ( ) Қазір бар материалдарға негізделгенде, үйсіндер түрік тілінде 251

252 252 БЕСІНШІ БӨЛІМ сөйлескен деп мықтағанын, Су Бейхай, Хұң Тау, Чян Бочюан сықылды талай ғалымдардың да үйсіндер түрік тілді деп осы көзқарасты құптағанын жоғарыда айттық. Үйсіндерді түрік тілді емес деушілердің де, Түрік қағанатының оларды əлдеқашан түріктестіргеніне кəміл сенерлік кез болды-ау деймін. Алдыңғы жақта айтқанымыздай, бүгінгі қазақ тілінде талай мыңдаған парсы сөзі бар. Егер кей жандар ежелгі үйсіндерді иран-парсы тілінде сөйлеуші еді деп қасарысқанда да, олардың қазақты құраған тайпалармен қосылу барысында ассимилияцияланып əбден түріктенгеніне бас шайқай алмайтын шығар. Осыны құптаған талай ғалым: Б. з. б. - ғасырлар аралығында Қазақстан аумағының солтүстігіндегі сақтар түрік тілімен, оңтүстігіндегі сақтар иран тілімен сөйлескен. Қазіргі қазақ тіліндегі толып жатқан сақтар тілін тіпті айыру да қиын... Сақтар қазақтардың құрамына айналғасын, олардың иран тілділері де ертедегі қазақ тілімен сөйлесетін болады. Бірақ əсілі істетіп жүрген ирантілін қазақ тіліне азды-көпті ала келері де сөзсіз [574] дейді. С. И. Руденко: Скиф дəуіріндегі таулы Алтайдың тұрғындары жылқышылар болды. Олардың тұрар жайы қазақтардікіне ұқсасты. Ал, антропологиялық жағынан қазіргі қазақтар мен қырғыздарға жақын болды деп жазса, М. П. Гриязнов пен С. В. Киселев Шибе обасынан табылған заттар туралы: Бұлардың өрнектері қазіргі алтайлықтардың, қазақтардың жəне Тəңіртау қырғыздарының ою-өрнектеріне төтенше ұқсас деп атап көрсеткен екен [575]. Міне бұл тарихты, тарихи өзгеріс ықтималдықтарын, сол қатарда тіл тарихын, т. б. жете білгендік. Сайып келгенде, Қазақты зерттеген тарихшылар, этнографтар, археологтар қазақ ұлтының түптегі б. з. б. - ғасырларда Орта Азияда өмір сүрген сақтар деп біледі. Кей ғалымдар тіпті қазақ деген сөз екі тайпаның - Орта Азияның ежелгі тұрғыны Қаспий мен Іле өңіріндегі ежелгі Сақтың аттарының қосындысынан шыққан деседі [576]. Бұл бір тұспал болғанымен, қазақ ұлтының ішінде толып жатқан ежелгі сақтық құрам барлығына күмəндануға болмайды. Қазақты құраған қыпшақ, арғын жəне басқа тайпалар ішінде сақ тоғалақ, бессақ, борсақ, қарсақ сықылды рулардың атындағы сақ дегендер - Қытай тарихындағы сақ. Демек сақтар - қазақты құрағандардың бірі [577]. Үйсін - қазақтағы ең ірі тайпа. Қазақтағы тарихи аңыз бен қазақ ұлтының шежірелік баяны бойынша, үйсін дегеннің кең жəне тар мағынасы бар. Тар мағынада Ұлыжүздің бір тайпасының аты. Кең мағынада Іле, Жетісу жəне оңтүстік Қазақстандағы Ұлыжүз тайпасының жалпы аты. Қазіргі Албан, Суан, Жалайыр сықылды тайпалар Үйсіннен шыққан. Үйсін сонау екі мыңжылдың алдында-ақ қытайша жылнамалардан көрінеді. Үйсін - қазақ ұлтының басты этногенезі, қазақты құраған бет. 575 Руденко С. И Культура населения Горного Алтая в скифское время, Киселев С. В Древняя история Южной Сибири («Шынжаң қоғамдық ғылымы» З. Самашев, С. Сұңғатай, Г. Жұмабековалар. «Қазақстан Алтайындағы ежелгі көшпелілердің тыңнан ашылған археологиялық ескерткіштері». 26-бет). 576 «A. N.» бет.

253 ЕЖЕЛГІ ҰЛЫС ТАРИХЫ негізгі тұлғалық ( ) тайпа. Шоқан Уəлиханов қазақ халық шежіресін зерделей келе: Үйсін - бүкіл Ұлыжүздің ататегі [578] деген. ғасырдағы орыс ғалымы А. Н. Аристов та Ұлы жүз шежіресін зерттеген соң Ұлы жүз - қазақ ұлтының ата тегі. Бұлай деудің аңыздық жағы болғанымен, ертедегі үйсіндердің бүгінгі қазақтардың басты ататегі екенінде күмəн жоқ деген екен [579]. Алайда екі түйінді айрықша ескерте кеткім келеді: Бірі, Адамның басы - Алланың добы дегендейін, ұрпағы шығыстағы Хəн сықылды ұлттардың ішінде де жүрген үйсіндерді (соғыстағы тұтқындарды былай қоя тұрып, Лю Жиею күнбише Чаң-анға ертіп кеткен үш ұлды ғана еске алыңызшы), Ұлы Даладағы өзге ұлттарда (соның ішінде түрік тілділерде) үйсіндердің тұқымы жоқ деуге əрине болмайды. Соның бір мысалы бүгінгі өзбектер ішінде де үйсіндер тұқымының барлығы. Құрбанғали Халид «Тауариххамса» деген еңбегінде (58-бетте) өзбектердің тұқиянына аялдай келіп, 92 баул ы өзбек дегенді таратады. Соның ішінде де Жүз (юз), Мың, Қырқ, Жалайыр, Сарай, Қоңырат, Алшын, Арғын, Найман, Қыпшақ, Қаңлы, Маңғыт, Меркіт, Тама, Тама, Рамадан, Үйсін, Телеу, Кердері, Шеркес, керей, оймауыт, Керейіт,... тұрмақ Қалмақ, Ойрат сықылдылар да тұр. Амал не, түрік тілді ұлттардың талайында, қазақтардағыдай не жазба, не ауызша шежірелік дерек сақталмаған. Енді бірі, ежелгі үйсіндер мен араға 2200 жылдай тарихты тастаған бүгінгі қазақтардан (тіпті оның үйсін тайпасындағылардан) тілдік, діндік, салттық, бейнелік, т. б. жақтарынан 100 пайыз ұқсастықты талап ету күлкінің көкесін тудырар еді. Қайталайын, Сөйтіп ежелгі үйсіндер ұрпағының басты тобы жерге де кіріп, көкке де ұшып кеткен емес. Олардың дені оңтүстікке қарай ауғанда да, Памирден ары аспаған. Ал, тарихи деректерді қайыра салып, өзге жұртқа(үндістанға не Еуропаға) ауып кетті деп безерген күнде де, ежелгі жұртында бірер ауыл да үйсін қалмады деу тіпті қисынсыз. Сонда, тағы да қайталай айтайын, б. з. Х ғасырына дейін өз атымен ел болып, əулеттік ордамен барыс келіс жасап тұрған үйсіндерді де жоғалған ұлт ( ) деген жөн бе!?. Тарихтан хабары бар жандар б. з. ғасырынан бастап Таң, Түрік, Түргеш (Сары үйсін) қағанаттарының дəурендегенін біледі. Қазақ тайпалары соңғылар ішінде болды. Сосынғы Шыңғыс қаған кезінен соң тіпті араласты. Бұл ғасырға келгенде, құраушы тайпалардың басы бірігіп, қазақ ұлтын қалыптастырып болуына, сосын Қазақ хандығының шаңырақ көтеруіне жалғасты. Үйсіндер соның ішіндегі Ұлыжүз -Үйсін болып өмір сүрді. Ұмытпаған шығарсыз, Уаң Жылай: Орта Азия мен Шынжаңдағы түріктілін қолданатын əр-бір ұлт өзінің қалыптасу барысында, Түрік тегіне мұрагерлік етіп қана қоймай, түрікке ұқсамайтын, жергілікті үнді-еуропа тілді ұлттардың тегін де қабылдады. Шынжаңдағылар Түнязылық текті де қабылдады. Біз бұл регионның ұлт тарихы мен мəдениет тарихын зерделегенде, бұл үш түрлі қайнарды ескеруге тиіспіз. Сонда ғана біржақтылық сырқатынан айығатын боламыз. Орта Азиядағы осы замандық түрік тілді бет

254 254 БЕСІНШІ БӨЛІМ əрбір ұлт əрі шеттен келген, əрі төлтума деуге де болатын шығар. Өйткені олар - мұндағы ежелгі тұрғындардың қарапайым ұрпағы да емес, əрі оларға байланыссыз да емес, оларды қабылдаудың жемісі. Біз ертедегі үнді-еуропа тілді жəне басқа нəсілдегілердің қазіргі түрік тілді ұлттардың құрамына енгенін жоққа шығара алмаймыз. Орта Азия - ежелден көп ұлт шыққан сахна. Сол көп ұлттың қосылуы мен көп түрлі мəдениеттердің ауысуы, кірігуі - бүгінгі ұлттардың қалыптасу көзі, сондай-ақ бұл ұлттардың көркею, даму жəне ілгерілеуде басып өткен жолы [580] деп негізінен дұрыс айтады. Қазіргі түрік тілді ұлттардың бірі - қазақ. Уаң Жылайша айтқанда, ертедегі үнді-еуропа тілді жəне басқа нəсілдегілердің қазіргі түрік тілді қазақ ұлтының құрамына енгенін жоққа шығара алмаймыз. Мұндайда түрік тілді үйсіндердің қазақ құрамына енгенін жоққа шығару тіпті де мүмкін емес. Менің ертедегі Үйсін мен бүгінгі қазақ ұлтындағы Үйсіннің еш байланысы жоқ деушілердің бұл қате сөзін қазақ халқында ежелгі Үйсіннен қалған ұрпақ жоқ деп түсінуімде еш ағаттық жоқ шығар!? Ендеше, меніңше олардан ұрпақ мол қалған. Оған айтарымды тарихтағы мынадай қызықпен ұштастырайын: Бірі, бүгінде ғалымдар жеті-ақ ғасырдың алдындағы жалғыз Шыңғыс қағанның ( жж.) белінен əлемде 17 миллиондай (бір Қазақстан халқындай, немесе дүние халқының 0. 5 пайызындай) ұрпақ өмір сүріп отырғанын дəлелдеп шықты! Ұлы Британияның Оксфорд Ататек Генін Тексеру Серіктестігі 2004 жылы Шыңғыс қағанның ұрпағын анықтауға арнайы жобаланған Y-clan атты қызмет өтеуді бастаған болатын. Бұл солардың зерттеуінің салдары. Профессор Секс бұл салдарды сенімді деп отыр. Ол: бұл адамзат нəсілдері ара тығыз байланысты, ешбір саф нəсілдің жоқ екендігін, нəсілдер ара теңдікті, жоғары - төмен дерлік айырма жоғын түсіндіреді депті. Жуықта (2007 жылдың 21- мамыры күні), Британияның Əр күндік интерфакс дейтін торбекеті (websit) Шыңғыс қаған - батыр, жыныси Илаһ деген тақырыппен осы хабарды кең таратты. Сонда Ұлы Даланың қазақты құраған тайпалары ертенің ертесінен бері өмір сүрген мына далада ежелгі үйсіндердің бір ауылы да қалмаған ба?! Тіпті жалғыз үйі қалған күнде де 22 ғасырдан соң олардың ұрпағы бірер миллион жан болмай ма, дегім келеді. Енді бірі, 2009 жылы, Шандұң өлкесінің орталығы Жинан қаласындағы«кұңзы ұрпақтары шежіресін» жалғастыру жұмыс қоғамының кеңсесі, 10 жылға созылған жию, реттеу шаруасының (шежірені 5-рет жөндеу жұмысының)аяқталғанын, бұрынғы 560 мың ұрпаққа бертінде 1 миллион 900 мың жан қосылғанын, олардың ең үлкені 68 -інші, ал ең кішісі 83-інші ұрпақ екенін жариялады. Демек, 25 ғасырлық тарихы бар «Күңзы ұрпақтарының шежіресі» (2008 жылғы санағы) бойынша, ол жарықтықтың ұрпағы екі миллионнан асыпты [581]. Егер ежелгі үйсіндерден бір ғана шаңырақ қазаққа қосылған деген күнде де, оның ұрпағы бүгінгі қазақ ішіндегі үйсіндер санына жетерлік. Қазаққа оны да бұйыртпайтындар шыға қоймас : 12.

255 ЕЖЕЛГІ ҰЛЫС ТАРИХЫ Тағы бірі, Ғылыми зерттеулерге қарағанда, Қытайдың солтүстігі мен Моңғолиядағы бір жарым миллион адам ғасырдағы біреудің ғана ұрпағы екен. Оны Жө Чаң-ан десіп жүр. Жө Чаң-аннің немересі соңғы патшалық - Чин əулетін құрған емес пе. Бұл да жоғарғы сөзімізді күшейте түседі. Мен осыларға негізделе келіп, қазақтар мен ертедегі үйсіндер ара тектік байланысқа сенімдік нүкте қойылып болғандығын, қазақтық Ұлы Жүз-Үйсін сол ежелгі үйсіндердің басты тұқымы, ал қазақтың өзге жүздерінде де, тіпті басқа түрік ұлттарында да ежелгі үйсіндер ұрпағы бар деуді батыра айтпақпын ҚАЗІРГІ ҚАЗАҚ ХАЛҚЫ Қазіргі қазақ халқын құраған басты тайпалардың бірі кешегі үйсіндер екенін айтқасын, бүгінгі қазақтарға да соға кетейік. Бүгінгі дүниенің 40 неше елінде 16 миллионнан астам қазақ өмір сүруде. Олардың ең көбі (10 миллиондайы) Қазақстан Республикасында. 1 миллион 530 мыңдайы Қытай Халық Республикасында. 1 миллион 500 мыңнан астамы Өзбекстанда, 1 миллионға жуығы Ресейде, 150 мыңдайы Моңғолияда. Қалғаны Қырғызстан, Түрікменстан, Түркия сықылды елдер мен өзге құрлықтарда тұрады жылы, 50-ге тарта ғалымның қолынан шыққан, Қытай Ұлт Істері Комитеті бекіткен «Қазақтың қысқаша тарихында» [582] : қазақтар толып жатқан тайпа мен этностардың, ұзақ замандық даму барысында, біртіндеп қосылуынан қалыптасқан. Ертедегі сақ ( ), жүз ( ), үйсін ( ), қаңлы (, ), алан (, ), дуолу (,, дулат), түргеш (,, сары үйсін), қарлық ( ), телы ( ), чиңца (,, қыпшақ), найман ( ), керей ( ), арғын ( ), уақ ( ), қоңырат ( ), жалайыр ( ), алшын ( ) сықылдылар қазақ ұлтының басты құраушы бөліктері [583] деп ашық айтқан. Меніңше бұл - қазаққа енген тайпаларды толық атай алмағанынан өзге кемшілігі жоқ, беделді қорытынды. Бұл көзқарасты Су Бейхай [584] сықылды талай ғалым мүлде қолдап та отыр. Бұл туралы Су Бейхай бүй деген болатын: Қазақ ұлтының басты ұлт төркіні - Үйсін, Қаңлы, Алан. Қаңлылардың, үйсіндердің, аландардың тілі түрік тіл тармағына жатады [585]. Біз енді мұның ашалауға тиісті кей жағына ғана аялдайық бет. 585 «Қазақ мəденетінің тарихы». Шынжаң халық баспасы

256 256 БЕСІНШІ БӨЛІМ (1) ҚАЗАҚ АТЫНЫҢ ТӨРКІНІ (ЭТИМОЛОГИЯСЫ) Бұл көп ғалым зерттеген, сан тұспал көтерілген, тарихы ұзын, аса күрделі тақырып. Жалпы алғанда, Қазақ сөзінің өзі қыпшақтар мекендейтін аймақта (əсіресе, Каспий мен Орқон аралығында) пайда болған деудің негізі бар. Бірақ бұл оған қаратылған географиялық меже. Ал оның семантикалық-мағыналық төркіні туралы кемінде мынадай пікірлер кезігеді: А. Құсқа қатысты деу. Бұл пікірді алғаш айтқан Абай мен Диваев. Сосынғы Н. Ивеселовский, А. Н. Чулочников, О. Сүлейменовтер. Тарихи аңыздарша, қазақ деген сөз қаз атауынан пайда болған деседі. Аққу болып келіп, Қалша Қадырды құтқарған аруды, ол екеуінен туған үш арыс жайлы аңызды жəне қазақтардың аққуды тотем еткенін, бақсылардың аққу терісін иығына жауып жүретінін, т. б. еске алсаңыз, бұл болжамға иланбаған күнде де, оны түсінетін боласыз. Өйткені бұдан неше ғасыр бұрын өткен атабабаларымызда мұндайға сенгендер жəне ондайдан пайдаланғандар көп болған. Осыған қатысты тағы бір дерек бар. «Жоунама. Түрік баянында»: Түріктердің тегі Сақ елінен шыққан. Ғұндардың теріскейінде. Тайпа ақсақалының аты - Абам бек (Абаңбу, ). Ағайынды 17 екен. Соның бірі бөріден туған Іді Нышида (Еже Ніш, Ійжынишы, ). Іді Нышиданың жел шақыратын ерекше құдіреті бар болыпты. Жаз құдайы мен Қыс құдайының қызын - екі əйел алыпты. Бұлардан төрт ұл көреді: оның бірі ақ қазға айналады;енді бірі Абасу (Афу, Об, ) мен Кем (Жян, Кин, ) суларының арасындағы ел болып, Қырғұт (Чигу, ) атанады; тағы бірінің елі Шатшаш (Чужы, ) өзенінде. Сонан соңғы бірі - үлкен ұлы Жас щатшаш (Шянсы Чужышы, ) тауында делінген. Жұртқа аян бұл кітаптағы Қырғұт -бүгінгі қырғыздар. Ал, мұндағы ақ қазға айналды деп жазылған бүгінгі қазақтардың ататегіне ұқсайды. Өйткені ақ қаз - қазақ ұлтының этногенезі жайлы аңыздағы ақ қу. Бұдан қазақ ұлтының тегі туралы аңыздың 1300 жылдан астам арыда-ақ қытайша жылнамаларға түскенін көруге болады. Бұл жəне осы аңыздың Уей, Жин, Оңтүстік, Солтүстік əулеттер кезінде кең таралып, сол тұстың тарихшылары жағынан хатталғанын түсіндіреді [586]. Абай Құнанбаевша болғанда, қазақ деген хузақи (арабтың көшпелі тайпасының аты), немесе шынымен қаз-ақ екен (тіркеулі түйелі көшке қарап, қаздарға ұқсатып айтылған сөз) дегендерден шыққан болады. ƏбубəкiрДиваевше болғанда, қаз жəне ұзақ сөздерінен шығады. Алайда, Əлкей Марғұлан: Қаз-ақ - белая гусыня (Чулошников. Очерки. 109), ғазы хақ - ислам əсерімен шығарылған аңыз. Бұлардың ешбір ғылыми тарихи негізі жоқ [587] дейді. Ал, Əнес Сарай да: Осы ойды қазақ ақыны О. Сүлейменов əрі қарай дамытқанымен, бұл тұжырым ғылымда онша елене қойғаны жоқ дейді. Бұл болжалды қисынды санамаған күнде де, екі нəрсені ескерген жөн: бірі, ертеде, тіл тым байымаған заманда, ақ қу, қу, қаз, тіпті самұрық, т. б. құстардың бет. 587 Əлкей Марғұлан. «Таңбалы тас жазуы».

257 ЕЖЕЛГІ ҰЛЫС ТАРИХЫ бəрі бір қу, аққу атауымен аталуы ғажап емес жəне иран-түріктілдері ара ықпал күшті кезде оның - ақ қаз дегеннің арыдағы дағды бойынша қаз ақ деп айтылуы да əбден мүмкін (қазір қыпшақ дешті деуге тиісті даланы бұрын дешті қыпшақ деппіз ғой); енді бірі, арғы шаманизм заманында аққудың тотем болғанын жоққа шығармау керек. Оны қазақтар бүгінде де қастерлі санайды. Қазақ бақсылары кешегі дəуірге дейін оның болмағанда қауырсынын иығынан тастап көргені жоқ. Ə. Тəуелсіз сықылды мағыналы сөз деу. Бұл көзқарастағылар Қазақ деген сөздiң көне түркi тiлiндегi тегi ерiктiлер дегендік деседi. Ал, қаз дегеннің құс атынан өзге мағынасына бұрылсақ, қазақтар сəби баланың ешқандай сүйемелсiз, өз еркiмен аяқ басып, тiк тұруын қаз тұру дейдi. Демек тəуелсіз, дербес деген мағынасы да бар екені рас. Ал, ноғай тілінде қазақ сөзі бойдақ, салт орнында қолданылады екен [588]. Мұның мағынасы да қаз тұру дегеннен (өз бетінше тұрудан) анша аулақ емес. Осы пікірді қатты құптаған Əлкей Марғұлан бүй дейді: Демек, қазақ сөзінің түбірі қаз - тұру, тік тұру, мықты, берік тұру. Қаз - ға қосып айтылатын ақ сөзі күшейтетін жалғау. Kазақ - мықты, алып, жойқын, берік деген сөз. Сөзді күшейтетін ақ жалғауы өте ескі замандікі. Оның мысалына тағы мынадай сөздерді келтіруге болады:... құш + ақ = құшақтау, қысу; арда (арда емген, ) + ақ = ардақ, аяулы; тұр + ақ = тұратын жер. [589]. Мұхамед Хайдар Дулати да өз тұспалының бір мағынасы арқылы бұл сөзде еркіндікке ұмтылу барлығын айтады. Ал, Түркия тарихшысы Зəки Уəлиди Тоған: Қазақ деп бiр саяси мақсатты көздеп, көтерiлiс жасау нəтижесiнде салт яки үй iшiмен бiрге өз қауымынан бөлiнiп шығып, өкiмет билiгiн алуға талпыныс жасаған сұлтандарды айтқан. Қазақ сөзi алғашқыда сұлтандарға ғана тəн болған, кейiн оларға қарасты тайпалардың жəне олар құрған мемлекеттiң атына айналған деген екен. Шоқан Уəлиханов қазақ сөзi əскери термин ретiнде қолданылып ержүрек, батыл деген мəндi бiлдiрген депті. Қ. Халид: «Мират əл Қайнат» кітабында қазақ деп əскердің жау жүрек басшысын айтады [590] депті. В. В. Радлов, А. Самойловичтер қазақ деген атауды тəуелсiз, еркiн, ерiктi адам деген мағынаға жатқызған. Шəкəрiм Құдайбердiұлы да қазақ дегеннiң мағынасы өз алдына ел болып, еркiн жүрген халық деген сөз деп түсiндiредi. Көне түрiк - Тонйұқұқ (Тоныкөк), Күлтегiн, ескерткiштерiнде қазғандұқ сықылды етiстiктер еркiндiкке ұмтылу мағыналарын да береді. Сiбiр халықтарының ескi тiлiнде қазақ деген сөз мықты, берiк, жойқын, алып деген мағынада екен. Сонда жоғарыдағы петроглифтегі қазғақ оғлұм деген сөздiң мағынасы алып ұлым, батыр балам болып шығады. Осы арада Абай Құнанбаевтың қазақ деген хузақи (арабтың көшпелі тайпасының аты) дегеннен шыққан деуі еріксіз еске тағы оралады. Одан Телғожа Жанұзақовтың Қазақ деген этникалық атаудың толық мағынасы - кең далада еркін көшіп-қонып жүрген батыл адамдар, ержүрек еркін кісілер деген қорытынды пікірге жүгінеміз [591] дегеніне құлағыңыз келеді. 588 Құрбанғали Халид. «Тауарих хамса». 61-бет. 589 Əлкей Марғұлан. «Таңбалы тас жазуы». 590 Құрбанғали Халид. «Тауарих хамса». 67-бет. 591 Телғожа Жанұзақов. «Қазақ деген сөз қайдан шыққан?» 257

258 258 БЕСІНШІ БӨЛІМ Б. Тайпа атына қатысты деу. Қазақ атауының арғы тегi ежелгi заманда қазақ даласын мекендеп, қазақ кұрамына енген тайпалар мен халықтардың аттарынан: Аса, Хасақ, Сақ, Қаспи дегендерден өзгере қалыптасқан деушілер де көп. Алғашында ол осы аттағы шағын тайпаның нəмі де болған шығар. Ондай дерекке жоғарыда кезіктіңіз. Профессор Су Бейхай «Қазақ мəдениетінің тарихы» деген еңбегінде, Іс жүзінде қазақ атауы ежелден бері бар ат. Қытайдың Хы Чютау, Жаң Шиман сықылды оқымыстылары сонау ертеде-ақ қазақ атауы үйсіннің дыбыстық баламасы деп көрсеткен. Нығымет Мыңжанұлы: Хəн патшалығы дəуіріндегі алан қазақ атауының үндес əріптермен басқаша аударылуы деген. Таң əулеті кезінде осы аударма ат онан ары айқындала түсті. Таң əулеті тарихында қазақ атауы каса, хаса немесе аса түрінде аталды. Мысалы, «Таң патшалығының жаңа тарихы. Парсы тарауында»: Парсылар шығыс жақта Тохар, Қаңлымен шекаралас. Олардың солтүстігінде түріктердің каса ұлысы тұрады деп жазылған. Хұң Жюн «Юан əулеті тарихындағы аудармаларға қосымша» атты кітабында: Түріктер мейлінше күшейген кезде,батыс жағындағыларды хаса, каса деп атады. Батыс елдерінің ежелгі деректерінде бұл - ұлыс аты, хаса - оның дыбыстық баламасы. Олар Каспий теңізі мен Қара теңіздің солтүстігін мекендеп, сол арада тұрған дейді. Парсы Əбілқасым Фирдауси «Шаһнама» атты əйгілі дастанында, Арал (Көк) теңізінің солтүстігі мен батысын мекендеген ұлтты қазақ деп атап, Көктеңіздің солтүстігін мекендеген қазақтар Қазақ хандығын құрды. Олар күшті əрі адамы көп ұлт саналады дейді. Жоғарыдағылар қазақ атауынының ғасырда ғана пайда бола кетпегенін, қайта Чин-Хəн (б. з. б. -б. з. ғасырлары. - С. Ж. ) əулеттерінен бастап жария екенін ыспаттайды деп жазған болатын. Жақып Мырзаханов та: Аландардың аты ежелгі тарихи деректерде янсай, аса, хаса, гыса, кыса, т. б. деп əр түрлі жазылса да, олардың қоныстанған өңірі ежелгі алан бірлестігі тұрған өңір еді. «Үш патшалық шежіресінде» жазылуынша, Аса (Алан) мемлекетінің шығыс-оңтүстігі Қаңлы мемлекетімен, батысы Рим мемлекетімен шекараланған. Олар бастабында Қаңлы мемлекетіне тəуелді болса да, кейін оған бағынбайтын болған. Қазір қазақ атауы жөніндегі зерттеулерде, оны ертедегі Аса, Хаса, Кас, Хазар, т. б. тайпалар атымен немесе сақ елі жəне Каспий көлі атымен байланыстыра зерттеп жүр. Француз академигі П. Полионың зерттеуінше, қазақтар - ерте кезден Каспий мен Арал теңізінің бойын мекендеген халық. Орыс ғалымдары А. И. Левшин мен В. В. Радловтың бақылауынша да, қазақ жəне хазар тайпалары Каспий теңізінің төңірегіне, солтүстік Кавказға ерте кезден қоныстанған... Жазба тарихи деректерде аландар қоныстанған өңір - қазіргі қазақ Кіші жүзі қоныстанған өңір. Олардың өкілдік тайпасының аты қазірге дейін алшын делінуі Қытайдың жылнамаларында жазылған алан елі жөніндегі деректің аса зор ғылыми құны бар екенін дəлелдейді [592] деп жазады. Меніңше, лигвистикалық тұрғыдан Алшын дегенді Алан + шын, Алан + сын (Алан ұрпағы, алан ұлдары) деп талдау мүмкіндігі де бар. Əлкей Марғұлан да: Көп зерттеген ғалымдардың дəлелдеуінше, бұл (қазақ. - С.Ж. ) тарихи аңызға айналған ескі сөз. А.И. Левшин (, 41-42) мен В.В. 592 «Қазақ халқы жəне оның салт-санасы». Шынжаң халық баспасы бет.

259 ЕЖЕЛГІ ҰЛЫС ТАРИХЫ Радловтың (, 193) бақылауынша қазақ сөзі ескі дəуірден үзілмей айтылып келе жатқан тайпаның аты. Ғалымдардың зерттеуінше, хазар, қазақ тайпалары Каспий теңізінің төңірегінде, Солтүстік Кавказда ерте кезден қоныстанған елдер. Қазақтар Орта Азиядан Алтай, Саян тауына дейін белгілі. Қазақ ол қазақ халқының ойында көп ғасыр бойы айтылып келе жатқан сөз. Халық оған көп заман этникалық мəн бермей, көбінесе ұлы тайпаларының атымен жүруге ерекше мəн берген [593] дейді. Демек академик Əлкей Марғұлан бұл атты хазар халқының атымен де байланыстырыпты. Əйгiлi ғалым А. Н. Бернштам қазақ сөзi жайындағы В. В. Радловтың, Г. Вам берийдiң, В. В. Бартольдтiң, А. Н. Самойловичтiң, Н. Я. Маррдың т. б. пайымдауларын талдай келiп, казақ деген сөздiң түп-төркiнi ежелгi замандағы каспи (ғұндар) жəне сақ тайпаларының бiрiгуiнен пайда болған деген екен. М. Ақынжанов пен С. Мұқанов та осы пікірді қуаттайды. Ал, Ғалым Ə. Қоңыратбаев өзiнiң «Көне мəдениет жазбалары» атты еңбегiнде А. Н. Бернштам пiкiрiн қостай келе: қазақ сөзiнiң түбiрi ғұз-сақ (оғыз-сақ) дейтiн екi түрлi тайпа атының бiрлесуiнен туған дейді. Хас пен сақ екеуінің қосылысынан (нағыз сақ) туған деушілер де аз емес. Əнес Сарай: Академик Н. Я. Марр қазақ, хазар сөздерінің түбірі қас, қаз дей келіп, тарихта ежелден мəлім кас-ки, кас-пи тайпаларымен байланыстырады. Ғалым ертеде Кавказ тауын əрі асып, бері асып жүрген кас-ки, касог тайпаларының есімі Солтүстік Кавказ халықтарының арасында, соның ішінде қазақ атауында сақталған Кас-ки - қазақ сөзінің арғы тегі деп ашып көрсеткен [594] Б. Грозный: Kасхи біздің заманымыздан бұрын Каспий теңізінің батысын мекендеген ғұн тайпасы. Касхи сөзінің түбірі кас, каз. Касак, касог сөздерінің түбірі де осыдан алынған Кавказ, Каспий бəрі де бір түбірден [595] деп қорытыпты. Сақ, скифтер туралы кейінгі кездегі тың зерттеулер аталмыш ғалымдардың шындыққа бір табан жақын екеніне сендіре бастағандай Каспий теңізінде, Кав-кас (Кавказ) тауында есімі мəңгіге қалғанына қарағанда өте ірі, іргелі тайпа болғаны даусыз, біздің шамалауымызша ол тарих бетіне б. з. б. 2 мыңыншы жылдардың шамасында шықты. Атақты Kас тайпасының бір бөлегі жырылып Бабыл барғанымен, негізгі ұйытқысы байырғы отанында қалып қойған. Олар кіндік қандары тамған ата жұрт Каспий теңізінің арғыбергі жағалауларын ен жайлап жатқан. Ал, біздің дəуіріміздің басында Страбон олардың Каспий теңізінің шығыс жағалауын, яғни Маңғыстау атырабын жайлап, қыстап отырғанын мəлімдейді. Біздіңше қазақ атауын кас-пи, кас-ки тайпаларына негіз болған кас түбірінен іздеген жөн. Сонда бұл тайпа қайда кетті? Əрине жеті қыр асып жер түбіне кеткен жоқ, осы топыраққа, осы топырақты мекендеген басқа тайпаларға сіңісті деп жобалаудың ақылға ешбір шетіндігі жоқ. Ал, бұл кезде Орта Азия мен Қазақстан топырағындағы айналасына ең ықпалды күш Қаңлы бірлестігі еді. Қорыта айтқанда, осы ақ жалғауы арқылы қас түбірінен Əлкей Марғұлан. «Таңбалы тас жазуы». 594 Н. Я. Марр. Кавказский культурный мир и Армения. ЖМНП, 1915, 286-бет. Чуашияфетиди. 43, 61-беттер. 595 Вестник др. истории, , 263.

260 260 БЕСІНШІ БӨЛІМ қас-ақ атауы пайда болған. Яғни грек тілінің пи жалғауының əсерінен батыс жазбаларында каспи атанған, ал шын мəніндегі төл есімі қас тайпасының жаңа дəуір басында сақ əлемінің арасына сіңісіп қасақ атануы əбден заңды құбылыс сияқты [596] дейді. Енді сол Қас (кас, каз, хас, хаз) тайпасының атында не мəн бар деген сауалдың көтерілері даусыз. Осыған орай айта кететін бір ойым мынау. Көне тілімізде Хас, Кас, Қаш сөздерінің мағынасы таза, мөлдір, нағыз, су дегендерді білдірген сықылды. Хас батыр, су жаңа, қас жау, т. б. осыған жетелейді. Іленің ең басындағы ең үлкен үш өзеннің бірі Қас. Ал, қалған екеуінің қазіргі аты Текес пен Күнес. Мүмкін олардың бұрынғы аты Текхас пен Күнхас та шығар. Өйткені Ілеге құятын бұл үшеудің ең үлкені (Іле суының тегі немесе дені) Текес. Ал Күнес Қас өзенінің күнгейінде. Хотанда Өріңқаш (Йөрүңқаш - ақ қаш), Қарақаш дейтін екі өзен бар. Қарақашы күнбатар жақта, Өрінқашы күншығар жақта. Түріктер кезінде Сары өзенді (Хуаңхыны) Қаш деген екен [597]. Хəндер оны сол беті дыбыстап жазуға (Қашдеуге) тырысып Хышүй ( ) деген. Хытау ( ) дегеннің Қасқамыт немесе Хасқамыт делінуі де тегін емес. Мұндағы Қас пен Хас та Хы (өзен, ) дегеннің орнында тұр. Каспий дегеннің Хас (су) + Би (патша) дегенненшығуы да ықтимал. Осы маңдағы сулардың ең үлкені (биі) емес пе. Сонда Əнес Сарай айтып отырған тайпаның атының төркіні де бізге жат сөз емес болмақ. Демек, нағыз сақ немесе су сақ мағыналы Хас сақтан шықты дегенді де ойланып көруге əбден болады екен. Əнес Сарайдың: Алғаш Иакинф атай (Бичурин) айтып, кейін Марғұланның мақұлдауынша, ғұндардың түпкі аталары Қа, Ка [598] деген кісі болған. Ғұндар өздерінің шығу тегін осы атақты бабаларының атына апарып тіреп отырған. Олай болса, ха-сақ (қа-зақ) Қа бабаның ұрпағы, қа бабаның сақ атанған ұрпағы деген сөз [599] дегені де бар. Есіңізде шығар, бірінші бөлімде, Қытайдың кей жылнамалары ғұндар - Шя ( ) əулетінің ұрпағы деп жазады. Ал бұл Шя - хəндер ежелден өздеріне ата-тек санап келген, 5 мың жылдық тарихының ту басын Шячау (, б. з. б. - ғасырлар) деп бастайтын əулет. Мысалы, ол жылнамаларда Ғұндар - өз тұқияны шяхулардың( ) ұрпағы, яғни күнуейлер ( ) [600], Чуəнійлер ( ) мен шялар аталас, бəрі Хуаңдиден ( ) [601] шыққан [602], Күнуей ин кезінде ( - б. з. б жж. - С. Ж.) солтүстікке кеткен. Яғни Шяның ұрпағы - Күнуей. Шаң əулеті ( ) кезінде солтүстікке қашып кеткен. Соның ұландары өсіп ғұндар болды [603], Солтүстік жаққа ауып барып 596 Əнес Сарай. «Қазақ атауының ізімен» 567 [kiet-xiuk] Türk Kaš. 598 Хəн деректерінде. Бұл бүгінгіше Шя деп, ескіше бір диалектте Ха деп оқылады. 599 Əнес Сарай. «Қазақ атауының ізімен» ҚХР -дағы титулды ұлттың аңыздағы ең арғы екі атасының (Алас, Сары ) бірі

261 ЕЖЕЛГІ ҰЛЫС ТАРИХЫ қоныстанған Шяның ұрпағы - Шя Женің (, Шя əулетінің соңғы патшасы. Аңыздарда оны аса қатал болған деседі. - С. Ж.) ұлы. Шя Же жер аударылып барғасын, үш жылдан кейін өледі. Оның ұлы Шюн Юй ( ), шешесін ертіп, солтүстіктегі даланы паналап, мал соңына түседі. Қытайлықтардың ғұндар деп жүргені - солар [604] дегенді айтқан едік. Осы арадағы Шя дегендердің, өз кезінде ғана емес, бүгінгі кей диалектте де Ха болып оқылатыны белгілі де дегенбіз. Сондықтан Əнестің бұл тұжырымында да қисын күшті. Сонымен, мен осы үшінші пікірді дұрыс деп санауға бейіммін. Бертінгілердің кейінің есінен көтерілген болса да, арғы тегіміздің сақ екенін де, кезінде каспийдің шығысындағы Ұлы Даланы алып жатқан елдігімізді де, ғұндығымыз бен оның арғы атасын да, бұдан бес ғасырдай бұрында өмір сүрген ата-бабаларымыз мықтап ескерген сықылды. Ал, арғы екі пікір оған кейін келе үстелген игі тілекке толы аңыздық, анализдік үстеулер мен сол негізде хатталулар, түсіндірулер, жорулар шығар. (2) ҚАЗАҚ АТЫНЫҢ ТАРИХҚА ШЫҒУЫ Есіңізде болғай: Мен, алдымен, сізге бұл туралы əр алуан əдебиеттерде кезігетін мазмұндардың тізбегін ғана ұсынамын жəне неғұрлым жоғарыда айтылғандарды қайталамауға тырысамын. Оның ішінде ол əдебиеттердің авторлары атаған кей этностардың іс жүзінде қазаққа қатысты емес болу ықтималдығын да ұмыта көрмеңіз. Ықтимал дегенім сөзсіз дегендік емес. Зерттеуді қажет етеді. Еуроцентризм сықылды сыңаржақтықтар талай сөзсіздікті ықтималдыққа да жолатпай қойған. Біз өйтпейміз. Егер ой өрісімізді кеңге жайсақ, қазақ деген əу баста бірер тайпаның ғана, тіпті бір жекенің ғана аты (Өзбек, Ноғай дегендердің атын есіңізге алыңыз), екі не одан да көп тайпалық одақтың біріккен аты болуы да мүмкін. Керей мен Жəнібек хандар оны хандық атына көтеруден бұрын, ел ішінде ондай ат бар болған (Керей мен Жəнібек оны азан шақырып ойдан қоя салғанемес) жəне оған қатысты қилы-қилы процес өткен. Қазақ атының тарихқа шығуын оқығанда, ол əдебиеттерде аталған қазақты тəп бүгінгі ұлы қазақтай елестетпеңіз. Мүмкін олар ұлы қазақтың бір құрамы, бір топ диаспорасы, т. б. болар. Əйтеуір, Қазақтың шығу тегі-қайнары алыста жатыр. Оның дүниежүзіндегі басқа ұлттар сияқты ұзақ тарихы бар екенін археологиялық қазбалармен зерттеулер, өзімен көршілес мəдениетті ұлттардың тарихи естеліктеріндегі деректер, қазақтың өзінің шежірелік аңыздары, т. б. тегіс дəлелдеп отыр [605]. Төмендегілер осыған айғақ деректер: Б. з. б. ғасыр. Еренғайып Омаров: қазақтың арғы тегі ғұндар, скифтер, сақтар екеніне бүгінгі таңдағы тарих ғылымы күмəн келтірмейді. Ол (Олжас Сүлейменов. - С. Ж.) өзінің «жазу тілі» деген кітабының 369-бетінде Жақып Мырзаханов: «Қазақ халқы жəне оның салт-санасы». 80-бет.

262 262 БЕСІНШІ БӨЛІМ Бехистундағы тау беткейінің жартасына салынған бедерлерді талдай келіп, оны біздің дəуірімізге дейінгі ғасырда жасалған көне ирандықтардың буындық сына жазуы деп тауып, өз көзқарасын ұсынады. Енді сол талдаудың толық мəтінін алып қарайықшы. Онда былай деп жазылыпты: Бедерде тақта отырған Ұлы Даридың ұстыны бейнеленген. Оның алдында шахтардың шахына қастандық жасамақшы болған тоғыз тұтқын. Солардың тоғызыншысы парсы емес екендігі аңғарылады. Өйткені ол шошақ төбелі бас киімде бейнеленген жəне оның жоғарғы жағында sk - un - has - ak деген жазу бар. Егер біз буындардың орнын ауыстырып skun - hasak деп байқасақ та жазу мағынасын жоғалтпайды. Сөзбе сөз аударсақ: Екінші касақ [606]. Ал, мен Еренғайыптың Екінші касақ дегенін Күн қазақ, Һұн қазақ дегендерге өзгертер едім. Егер бұған бас шұлғытсақ, күн, қазақ дегендердің ел аузына ілінгеніне 26 ғасырдың жүзі болмақ. Бірақ ұлт пен ұлттың тарихының ұзындығын жарыстырып салғыласуға да, ғылыми тағаны əлсізге сезіммен сене салуға да болмайды. Дегенмен зерделеу үшін естіген мен көргенді ортаға көтерген дұрыс. Б.з.б жылдар. Армиян жазушысы Мұса Харенидің айтуынша, қазақтар біздің заманымыздан көп бұрын, Иран патшасы Валеристің кезінде Кур өзенінің оңтүстік жағасын қоныстап отырған екен [607]. Б.з.б. І ғасыр. Беделді ғалымдар ұжымының еңбегі «Қазақтың қысқаша тарихында» [608] былай делініпті: «Уейлюе» ( ) дейтін кітапта, Иансай ( ) елінің тағы бір аты - Алан десе, «Соңғы таңнама. Батыс өңір баяны»: Иансай мемлекеті атын Аланлу ( Аланляу, ) [609] дегенге өзгертті. Тұрған жерімен Қаңлыға қарайды депті. Иансай мен алан бір жерде отырған екі тайпаның аты болар. Бұл жердегілер Иансай тайпасы күшейгенде Иансай атанып, алан тайпасы күшейгенде алан атанған секілді. Иансай деген,, ларға дыбыстас, qazaq дегенге таяу. Сондықтан Иансай деген qazaq дегеннің Хəн əулеті кезіндегі аудармасы секілді. Иансай Қаңлыға іргелес отырған. Ал, Қаңлы - қазақ ішіндегі ірі тайпалардың бірі. Демек, қазақ деген аттың өзгеру формасы: иансай - аса, кыса, хыса, хазар - қазақ. «Тарихи жазбалардың» авторы Сыма Чян - қазақ ұлтының атын ең ерте хатқа түсіруші. Бұған илансақ, онда қазақ атының ең алғаш хатқа түсірілуі 2100 жылдың алдындағы іс болады. Ал бергі деректердің ішінде, Қазақтардың ( )астанасы мен ханының тұрар жері Еділ ( - ). Қазақтар ханын тархан, қаған дейді... Ханы жəне барлық əскері осы қаланың батыс жақ жарымында тұрады. Бір қорғаны бар. Бұл қаланың былайғы жарымында мұсылмандар мен бұдқа табынатындар тұрады. Бұл қаладағы ханның жеті ұлығы бар. Əр біреуі жеті дінге табынатындардың бірін басқарады... Қазақтар жауынгер 606 «Қазақ əдебиеті» «Шумерлер, касситтер, һасақтар ең алғашқы сақтар». 607 Вахушти. География Грузия. Тифлис с бет. 609 Лиау кейінгі ел дегеннің қытайша алынуы шығар.

263 ЕЖЕЛГІ ҰЛЫС ТАРИХЫ келеді, қаруы көп. Қазақ ханының ауқатты тұрмысы мен қазынасының дені кедендік салықтан түседі [610] [611] делінген. Талай ғалымдар ойы мен талай қаламгер туындыларында, лардың Хазар саналып келгендігі белгілі. Алайда бұл хазардың қазаққа тығыз байланысты екені де ақиқат. Тарихшы М. Ақынжанов: Қазақтың Кіші жүз руларының кейбіреуі Хазар хандығының құрамында болған десе, Əлкей Марғұлан: хазар - қазақ тайпалары Каспий теңізінің төңірегінде, солтүстік Кавказда ерте кезден қоныстанған елдер - қазақтар ОртаАзиядан Алтай, Саян тауына дейін белгілі. Қазақтар арабтар келмей тұрып Арал, Каспий теңізінің төңірегінде хазарлармен байланысты болған. Н. Я. Маррмен Б. Грузни келтірген қаз, хаз сөзі екеуіне бірдей. Хазарлар ортасында қаза оғ, бершілік деген екі ұлы қауым болған. Бір тамаша жері, беріш осы күнге дейін Кішіжүз ұлысының бір ұлы тайпасы дейді. Бұл саланы көп зерттеген Жақып Мырзаханов: Қазақ ұлтының аты ертедегі сақтардың, каспилердің, хазарлардың атымен тығыз байланысты. Қазақ құрамын толықтаған түрік тайпаларының тегі осы ерте заман ұлыстарымен қабысып жатқаны археологиялық қазбалар арқылы табылған мəдени мұраларды зерттеу арқылы да дəлелденіп отыр [612] дейді. Ал Құрбанғали Халид: Көне қыпшақ дегендеріміз хазар, бұлғар мемлекеттерін құрған, Сібір мен Тұран аралығын бөліп тұрған Дəшті Кəбирді (зор сахара, дала) жайлаған өте көп, ірі тайпалар [613] дейді. Хазарды көне Қыпшақ құрса, Қыпшақтың дені қазақта болса, былайғы ойды өрбіте түсу қиын емес, əрине. Академик Серғали Толыбеков бұдан да ілгерілей түсіп, Ағач əрі аттыел, ғұндар құрамында болып, одан бөлініп, акацирлер деген атпен Кавказ тауының солтүстігіне орнығып, көбейіп, кейін хазар көшпелілер (қазақ тіліндегі кезер дегенге таяп тұр! - С. Ж. ) деген атпен Хазар қағанатын құрған. Ағач ері ағаш елі, орман елі деген ұғымнан шығып тұр [614] дейді, Гадло А. В. дегеннің «Этническая история Севернего Кавказа вв. Л., 1979, с. 15» деген еңбегінен тіліне тиек ала. Бұл арадағы акацирлер деген - Ағач ерлер (ағашты жердің елі) дегеннің бұзыла айтылуы жəне бұл да, хазар - көшпелілер (кезерлер) деген де - өзгенің түрік тілді халық атын (кезінде орыстардың қазақты кайсақ дегені сықылды) бұрмалап атауы. Ендеше жоғарыдағы Қазақтар арабтар келмей тұрып Арал, Каспий теңізінің төңірегінде хазарлармен байланысты болған. Н. Я. Марр мен Б. Грузни келтірген қаз, хаз сөзі екеуіне бірдей дегенге кəміл сеніп, тек Хазар саналып қана жүрген, лардың қазаққа да тəн екеніне кəміл сене беріңіз. Дегенмен ол замандағы, деп жазылып жүрген қазақ-хазар бүгінгі қазақ тайпаларының бəрін қамти қоймаған шығар, əрине. Ертедегі Хəн қаламгерлерінің өздерінен батыстағы, солтүстіктегі өңірлерде жүрген этностарға ху сықылды аттарды қойып алғаны сықылды, шығыс : бет. 612 «Қазақ халқы жəне оның салт-санасы». Шынжаң халық баспасы бет. 613 «Тауарих хамса» Алматы. 65-бет. 614 Серғали Толыбеков. «Қазақ шежіресі». Алматы. «Қазақстан»

264 264 БЕСІНШІ БӨЛІМ еуропалықтар да өз шығысындағы Ұлы Даладағы сақ ұрпақтарына өздерінше, куман (ку адамы), половцы (далалықтар, қыпшақтар), хазар (мүмкін көшпенді мағыналы кезер дегеннен сырт, малына шалғымен шөп жиятынына қарап орыстың косарь сөзінен шығарып бұрмалап алған да болар) сияқты аттарды қойып алысқан. Мұны сіз Серғали Толыбеков жазған мынадан да байқайсыз: тарихшы А. И. Поповтың «Кипчаки и Русь» деген еңбегінде половцылар мен қыпшақтардың ежелгі есімдері мен тілдері түрікше, сондықтан олар түрік тектес ел екендігі талассыз деген. Половцылар ғасырдың ортасында, Азиядан Ресейдің оңтүстігіне келген түрік тектес ел екендігі де айтылған. К. Б. Кудряшов көп тарихи деректерге сүйеніп жазған«половцылар даласы» атты кітабында, ғасырдың аяғы мен ғасырда половцылар Қара теңіз өңіріндегі, Дунай мен Еділ дариялары аралығындағы даланы иеленген жəне пайдалануында Азау (Азов) теңізі мен Қырым маңындағы далалар да болғанын айтқан. Дешті қыпшақ даласы деп аталғанның батыс бөлігі Днепрден Жайық өзеніне дейін созылған дала болса, ал шығыс бөлігіне Жайық өзенінен Сырдария алқабынан Ұлытауға, Балқаш көліне, Ертіс өзеніне дейін созылған дала кірген. Олай аталу себебі: ғасырдан ілгерілі-кейінде бұл жерлерді қыпшақ, кумандар-половцылар деген түрік тілдес елдер мекен еткен [615]. Ендеше куман (ку адамы), половцы (далалықтар), хазар (көшпелілер) сияқты аттар мен, ларосы өңірде жүрген қыпшақ, т. б. қазақ тайпаларына - бір этносқа екі жақтың қойып алған əр түрлі аттары. Бұдан сіз тағы қазақ пен оны құраушы тайпалартарихына үңілген тарихшылардың бүгінгі қазақтар отырған аумақпен де, бүгінгі қазақ тайпаларының аттарымен де шектелмеуге тиісті екенін əбден сезесіз. Тағы бір ескерерлігі - орыстар айтылған қыпшақ даласындағыларды ғасырдан бастап қана байқаған. Сондықтан одан арғы жайды айта алмаған. Ал іс жүзінде бұл өңір ежелден аландар мен оларды бір дəуір бағындырған қаңлылардың жұрты, бертін келе оған Ғұн шығысындағы хандықтар халықтарының да талайы барған. - ғасырлар. Мұстафа Шоқай өзiнiң «Түркiстан» атты еңбегiнде:...сонау ғасырдың өзiнде-ақ моңғол дəуiрiне дейiнгi көшпелiлер империясын, түрiк жұрты қанатын жая қоныстанған кең-байтақ аймақты Сасани əулетi кезiндегi (III VII ғ. ғ. ) ирандықтар осылай (Қазақ жері, қазақия. С. Ж. ) деп атаған екен. Бұл көшпелiлер империясының территориясы Қытай шекарасынан Персия мен Византия шекарасына дейiн созылған дептi. Тағы бір дерек көне Хорезм өлкесіндегі Топырақ қала жəдігерлігінен шыққан ағашқа жазылған жазудан (б. з жылдарынікі), қазақ (үш қайталанған) аты ғана емес, сақ, сырманақ, шуманақ дегендерге шейін шығыпты [616]. - ғасыр. Енисей өзенiнiң Ұйық Тұран бойындағы петроглифте (тастағы таңбада) қазғақ оғлұм ( қазақ оғлым ) деген жазу бар. - ғасырларда. Қазақ атауы «Таң патшалығы тарихында» (VII -VIII ғасырда) қаса, хаса кыса (, ) түрiнде жазылған. Мынау есіңізде шығар: ғалым Чян Бочюан ( ) былай да деген: Үйсін 615 Серғали Толыбеков. «Қазақ шежіресі». Алматы. «Қазақстан» «Топырақ қала». М, б.

265 ЕЖЕЛГІ ҰЛЫС ТАРИХЫ деген этностың аты кейін қойылған. Оның əсіліндегі дыбысталуы бойынша талдағанда Хыса ( ) дегеннің ертедегіше аударылуы болып шығады. Бұлар - Суй, Таң əулеттері кезінде (б. з жж.) Орта Азияның солтүстігінде мемлекет құрған Түрік Кыса ( ) дегендердің ататегі [617]. Бұрынғы Кеңестер Одағындағы қазақтар мен біздің елдегі қазақтарға тығыз қандастық байланысы бар. Үйсіндер - түрік ұлт [618]. Ғалымдар ұжымының қолынан шыққан өте беделді кітаптың бірінде: Ду Хуəннің ( ) «Сапарнамасы» (), «Көне таңнама» (), «Жаңа таңнама» (), «Парсы баяны» () сықылдылардағы,, дегендер - qazaq дегенге таяу, қазақ дегеннің ертедегі Хəн тілді жылнамалардағы түрліше аударылуы, бүгінгі қазақ деген сөз. Бұған күмəн жоқ [619] делініпті. Бұл кітап (73-бетінде), өзі атаған жылнамалардан, Парсы мемлекеті шығысында Тохар мен Самарқанд бар. Солтүстікте түрік қазақ ( ) тайпасымен іргелес Хорезм оңтүстік-батысы парсы, солтүстік-батысында түрік қазақтары ( ) Тази ( ) солтүстігінде, сан мың ли жерде түрік қазақ тайпасы бар деген сықылды бірталай деректі де келтіреді. «Иран патшалығы тарихындағы аудармаларға қосымша» атты кiтапта да: Түрiктер мейлiнше күшейген кезде олардың батыс бөлiгiн қаса яки хаса деген ұлыстар қоныстанады. Батыс елдерiнiң ежелгi деректерiнде бұл ұлыс қазақ деп аталған. Қаса мен хаса деген атау осы қазақ атауының дыбыстық баламасы, делініптi. Мұны өзге кітаптар да [620] растай түседі. Кешіріңіз! Əзірше Чян Бочюанның ( ) жоғарыдағы Үйсін деген этностың аты кейін қойылған. Оның əсіліндегі дыбысталуы бойынша талдағанда Хыса ( ) дегеннің ертедегіше аударылуы болып шығады дегеніне бас шайқауға асыға көрмеңіз. Өйткені үйсіндер, қаңлылар, аландар обаста (жансаны аз шағын ел болып жүргенде) өздерін қаса, хаса кыса деп (бір ғана ортақ ат істетіп) жүріп, күшейіп зорайған соң өз алдарына ұлыстық атқойысып алған да болар (Алайда одан бұрынғы ортақ аттарын оңайшылықпен тастай да салмайды, əрине. Ғадет деген өте тоңмойын күшке ие ғой). Үйсін деген атты тəуелсіздік алғасын Елжау қойған деген сөз де осыған жетектейді. Ал, қазақ дегенге таяу Касог термині VIII ғасырдың аяғы - IX ғасырдың басында монах Епифанийдің шығармасында да ауызға алынады екен. Егерде Ф. Энгельстің (1959. «Семьяның, жеке меншіктің жəне мемлекеттің шығуы» атты еңбегінің 166-бетіндегі) рудың белгілі бір есімі немесе бірнеше баламалы есімі болады дегенін ескерсек, Үйсін аты біреу-ақ еді жəне ол өзге ұлт тіліндегі нұсқаларға ие емес-ті дей алмаймыз. Сонда қазақ пен үйсін дегенге таяу тұрған аттардан себепсіз қашқақтау келіспейді əрине Уаң Жылай енді бір тұста, «Хорезм елі (, ) алыста, өзеннің арғы жағында жатқанымен, солтүстіктегі Қазақ түріктердің ( ) шабуылына ұшырап тұрады» дейді. Соған қарағанда түрік тілді алғашқы қазақтар сол кездің өзінде-ақ бар болуға тиісті. Қазақ хандығының атын Жəнібек пен Керей хандар тарихи дерексіз қоя салмаған болар бет

266 266 БЕСІНШІ БӨЛІМ ІХ ғасырда. Түркия профессоры 3. У. Тоған «Жалпы түрiк тарихына кiрiспе» атты еңбегiнде, ІХ ғасырда араб Əдһам əл-купидiң шығармасында қазақ деген сөз бар, бұл ғасырдағы араб қаламгері Мақсудидің еңбегінде де тұр дейді ж ы л дары. Н. М. К ара м зи н мен А. Ва мбе ри д і ң ізі мен зе р т т еу ш і ле рд і ң кейі Византияның императоры Константин Порфиродни ( жж. кей əдебиеттерде Богрянародный жж.) өз жазбаларында Кубаньнан шығысқа қарай мекендеген елдi қазақия деп атапты дейді. Ондағы төл сөз былай: Захияның ар жағында Папахия жері бар. Оның сыртында Касахия деген жұрт жатыр. Касахиядан жоғарырақ Кавказ тауы, таудың аржағында алан жері [621]. Есте болуға тиістісі: ол кезде Кубаньның шығыс жағында қазақ - қыпшақ елi тұрған, орыс пен украин казачествосының аты да, заты да жоқ болатын. Бірақ В. Минорский Касахия деп касогтар айтылып отырғанын көрсеткен екен. Касах, касахия, касак, кашак, касог атаулары сол замандағы белгілі бір шағын кавказ тайпасын білдірген деген тұжырым да бар. Мұны одан ары зерделеуде жоғарыдағы Ф. Энгельс сөзі есте болғаны жөн. Əйгiлi тарихшы, этнограф, тiл ғалымы А. Вамбери 1885 жылы баспадан шыққан «Түрiк халықтарының этнологиясы мен этногеографиясы» деген кiтабында көптеген жазба деректер келтiре отырып, қазақ деген аттың IX-X ғасырларда ел таныған, əлемге əйгiлi халықтың аты болғандығын айтады. Моңғолиялық ғалым Iслам Қабышұлы хасаг деген сөздiң моңғол əдебиетiнде X ғасырдан бастап белгiлi болғанын, моңғолдардың «Батырлар жыры» мен «Бабалар шежiресiнде» хасаг ( қазақ ) деген сөздiң кездесiп отыратынын атап көрсетедi. Автордың айтуына қарағанда, ерте кезде моңғолдар көшiп жүргендердi қасақтар деп атаған. 982 жылы. Парсы тiлiнде жазылған «Худуд əл-ғалам» («Əлем шекаралары») атты кiтапта, Алан елiнде қасақ деген ұлыс бар, дейдi. Осы кітапта: қазақтың ( ) шығысы Ұлы қорған. Ол тау мен теңіз арасына дейін созылады. (Қазақтың. - С. Ж.) мына жағы теңізге, Еділге тіреледі. Оңтүстігі Салыр (, мүмкін Сыр дегені шығар. - С. Ж.), батысында Ұлы тау бар. Бұл бір көркем де бай ел. Қазынасы көп. Сиыр, қой жəне сансыз құл шығарады [622] деген деректі де көрсеткен жылдары. Əбiлқасым Фирдоуси «Шахнама» атты эпосында: Қазақ - Қазақ хандығы деген ел Көк теңiздiң (Аралдың) солтүстiгiн мекен еткен күштi жəне көп санды ел депті жылы. Нестор «Повести временных лет» деген жылнамасында, 1223 жылғы моңғолдармен болған Қалқы соғысын баяндай келе, Кавказды асып келіп, Оңтүстік Ресейге соқтыққан Шыңғыс басқыншылары бұдан бұрын қазақты шапты деп жазыпты [623]. Орыс шежiрешiсi Никонның мəлiмдемесiнде: Кавказға келiп, Оңтүстiк Ресейге шабуыл жасаған Шыңғыстың əскерлерi бұдан бұрын да 621 К. Богрянародный. Об управлении государством. 21-б. (Е. П. Алексеева «Древняя и середневековая история Карачаево-Черкесии». 80-б. ) бет Русские летописи,. 465-бет.

267 ЕЖЕЛГІ ҰЛЫС ТАРИХЫ қазақтарды (ол қазақтар деп осы жолғы шабуылға тап болған қаңлы, қыпшақ, байжiгiт, аса т. б. ұлыстарды айтып отыр) талаған деп жазады. «Моңғолдың құпия шежiресiнде»: Солтүстiк жақтағы қаңлыларға, қыпшақтарға, бай жiгiттерге, орыстарға, мажарларға, асаларға, сасаларға, шеркештерге, бұлғарларға жорыққа аттанып, Едiл мен Жайық өзендерiнен өтiп, Киев қаласына шабуыл жасау жөнiнде Сүбiтай батырға бұйрық берiлдi, делініп, Никон сөзін растай түседі. Ал, Əнес Сарай: Терістік Кавказға қоныс аударып, Қобан өзенінің жоғарғы ағысына орын тепкен қазақтар ғасырға дейін өз тұтастығын сақтаған. Сол дəуірлерде олардың жайлаған топырағы Қазақия атанған да, сол феодалдық бірлестіктің құрамында болған балқар, сувар, черкестердің басын құраған билеуші күшті тайпаның есімімен - қазақ атауымен көрші жұрттарға белгілі болған. ғасырдың орта шеніне дейін Қазақияның бірлігі бұзылмаған деп қазақ жұртының, Кавказдың бергі жағында ғана емес, арғы жағында да болғанын еске салады жылы. Араб саяхатшысы жəне жазушысы Мұхаммед Əл-Ауфи 1228 жылы Үндiстанда «Таңдаулы əңгiмелер мен аңыздар жинағы» («Жəмихəлхикаят О Доам Əлраүт») атты кiтап жазған. Осы кiтапта: Алтайды мекендеген қарлықтар. тоғыз ұлысқа бөлiнген, бұлардың iшiнде үш тайпа шығыл, үш ұлыс қазақ бар, - дейдi. Қарлықтардың Жетiсудағы үкiмет билiгiн қолына алып, қарлық қоғамдастығын құруы 766 жылдардың шамасында болған. Үш ұлыс қазақ сол кезде қарлықтар қол астында болған екен [624]. Үш ұлыс дегеннен бертінгі үш жүз деген де еске оралады жылы. Қазақ термині 1245 жылы Мəмлүк (Мамлюк) мемлекетіндегі қыпшақтардың ортасында жазылған ерте қыпшақ жазба ескерткіштерінде, түрікше-арабша сөздігінде кездеседі екен. Сөздікте үйлі қазақ, үйі бар қазақ, ат үстінде жүретін үйсіз қазақ (əскер) деп жазған [625]. Г. И. Рамстер қазақ терминін ғасырда хатталған «Қасиетті жылнамадағы» моңғолдың хасаг-терген деген сөз тіркесіне тірейді екен. Ол сөз арбаны білдірген. Қазақты құраған тайпалардың (əсіресе қаңлылардың) арбалы болғаны рас. Моңғолша тэрэг дегеннің арба екені, қазақты хасаг дейтіні де шындық. Сонда ол қазақ арба дегендік қой. Алайда бұл пікірді А. Н. Самойлович, С. К. Ибрагимов сықылды ғалымдар құптамайды жылы. Вильяминов-Зернов жинаған мəліметте 1356 жылы қазақтар Мауреннаһрға шабуыл жасады деген дерек бар жылы. Шарафуддиннің баяндауынша, 1376 жылы Темірдің əскерінде Қазақ мыңы болған. Ол кездегі қазақтар, əсіресе, Андижанды билеп отырған Темірдің баласы Омар Шайықтың төңірегінде көп болған. Шарафуддин оларды Хоженд қазақтары, Андижан қазақтары дейді. Оған кірген қазақ тайпалары жалайыр, арғын, дулат, қаңлы, сіргелі, қоңырат, т. б. [626] жылдары. Осы кезде Қырым татарларының біразы Литва еліне ауып барған. Литва королінің хат тасушысы болған татарлар қазақ атанған. Ол кезде орыстың казак-орыс дегендері шықпаған кез еді [627] Marguart I. Vber volksrum. komanenp Əлкей Марғұлан. «Таңбалы тас жазуы». 626 «Зафарнаманың». 120, 155, 329, 975, 1055, 1198 беттерінде. 627 Сəкен Сейфуллин. «Қазақ тарихынан қысқаша мағлұмат».

268 268 БЕСІНШІ БӨЛІМ жылдары. Ютков «қазақтың аты» деген еңбегінде: 1480жылы, Грузия регионындағы түрік тілді шаруашы тайпа өздерін қазақпыз дейді екен депті. Орыс тарихшысы Карамзин: 1481 жылы Алтын орданың соңғы ханы Ахметке Шейбандық Ибақ хан бір мың қазағымен шабуыл жасады, ал ноғай мырзалары Мұса, Жаңбыршы 15 мың қазағымен шабуыл жасап, Ахметті өлтірді жылы татар қазақтары мен Азов қазақтары Козельск маңындағыолешино селосын басып алған [ 628] депті. Бұл қазақтардың Алтынордаəскеріне қатысуына қатысты деректер көрінеді. Рашид ад-дин Раб-и-Рашидидің хорезм-хорасан жазбасында (мысалы, «Вақфнаме» дегенде) қазахлу, қазахлар атауы кездеседі екен. Мұның арты сəлден соң Қазақ хандығының құрылуына, оның біртін деп əлемге тіпті танылуына ұласады. Демек, Қазақ аты қазақ хандығы шаңырақ көтеруден көп бұрын дүниегекелген. Қазақ деген ат ғасырда ғана шықты деген сөзде негіз жоқ [629]. Ол алғашында шағын тайпаның аты болып, біртіндеп қамтымын зор айтқан, халық атына айналған да шығар. Мысалы, ертеректе, кiшi жүз алшын ұлысының құрамындағы жетi ру (кердерi, керейт, табын, тама, жағалбайлы, телеу, рамадан) тайпалары қарт қазақ (ежелгі қазақ дегендік болар) деп те аталып жүрген екен. Оған ертеде сол өңірде өмір сүрген иансайлар мен аландар туралы Хəн жылнамаларының жоғарыдағы деректерін қоса ойлаңыз. Алайда, Қазақ сөзінің неғұрлым ертеде шыққанын мақтаныш санау да қажетсіз, соған бола қисынсыз атауларды əкеліп тели беру де керек емес. Соның бірі - қазақ дегенді үйсін дегеннен шығару. Мұның еш қисыны жоқ. Бірден олар айтылым жағынан жуымайды, екіншіден Үйсін қазақ ішіндегі бір тайпалар тобы ғана. Ұлттың аты оны құраған тайпалар атымен құрдас, замандас болуы неғайбіл. Ал ұлт тарихының ұзындығы да оның атының тарихымен тең бола бермейді, көбінесе оны құраған басты тайпалардың тарихымен есептеледі. Тарихы ең ұзын (5000 жылдан астам) халықтардың бірі - хəндер (қытайлар). Ал, оның Хəн атауының шыққанына 2000 жыл да бола қойғаны жоқ. 3. ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ ҚҰРАЛУЫ Жоғарыда беделді топтың қазақтар толып жатқан тайпа мен этностардың, ұзақ замандық даму барысында, біртіндеп қосылуынан қалыптасқан. Ертедегі сақ ( ), жүз ( ), үйсін ( ), қаңлы (, ), алан (, ), дуолу (,, дулат), түргеш (,, сары үйсін), қарлық ( ), телы ( ), чиңца (,, қыпшақ), найман ( ), керей( ), арғын ( ), уақ ( ), қоңырат ( ), жалайыр ( ), алшын ( ), т. б. қазақ ұлтының басты құраушы бөліктері дегенін айттық. Олар сосын ілгерілей түсіп: Қазақ ұлты Қытайдың алғы Чиң əулеті кезінен (б. з. б жж. ) бастап, 1600 жылдық тарихи даму арқылы, ғасырдың 628 Вильяминов-Зернов, Зерттеулер. 1-бөлім, 38-, 37-беттер жəне Карамзин. 6-том. Сілтеме , 132-беттер.

269 ЕЖЕЛГІ ҰЛЫС ТАРИХЫ басына келгенде ортақ аты, ортақ тілі, ортақ аумағы, ортақ шаруашылығы, ортақ ұлттық санасы мен ұлттық сезімі бар орнықты ортақ тұлға болып қалыптасты. Жия айтқанда, қазақ ұлты алғы Чиң əулеті тұсынан бастап көктеп, Хəн, Уей əулеттері тұсында қалыптасып, Таң əулеті мен Түрік қағанаты кезінде, сосынғы Түргеш, Қарлық, Қарахан, Қарақытай мен Қимақ қағанаттары заманында өркендеп, моңғолдар шаңырақ көтерген кез бен одан кейінгі Алтын Орда мен Ақ Орда тұсында анағұрлым дамыды жылы Керей хан мен Жəнібек хан қазақ тайпаларын бастап Шу мен Талас өңіріне келіп қазақ хандығын құрғанда қазақ ұлтының қалыптасу барысы негізінен аяқтады. ғасырдың соңында Моғолстан, Ноғай, Сібір хандықтарындағы қазақ тайпалары ілгерінді-кейін қазақ хандығына қарады. Сонымен ортақ аты, ортақ тілі, ортақ аумағы, ортақ шаруашылығы жəне ортақ мəдениетінен бейнеленетін ортақ психологиялық бітімі бар, орнықты, біртұтас бір ұлттың қалыптасуы аяқтады [630] дейді. Расында да, Батыс Хəн əулетінің басқы жылдарында, толып жатқан сақ тайпалары нүкістердің (Жүз, Роужы - С. Ж.) қысымымен Тəңір таудан асып Памирге қарай қашты. Алайда бір бөлік сақтар жұртта қалып нүкістерге бағынды. Кейінірек, Тəңіртаудың теріскейінде қалған сақтар тағы Үйсінге бағынды. Бүгінгі Орта Азия мен Шынжаңдағы талай ұлттың қанында сақтық құрам бар. Шынжаңның солтүстік региондарындағы ежелгі тұрғындар Қазақстанның Тəңіртауында болған сақтар мен кавказ нəсілді андрон мəдениетіндегі тұрғындарға байланысты. Ал, Шыңжаң оңтүстігінің байырғы тұрғындары кавказ нəсілділердің Ақтеңіз (Жерорта теңіз) типіндегілерімен қатысты [631]. Солардың бірі - қазақ. Қазақ ұлты - рулық, тайпалық құрылымын недəуір толық сақтаған ұлт. Оның ішіндегі көп санды басты тайпалары Қытай мен өзге елдік ғалымдар жағынан баяндалған. Бұлар қазақ ұлтының қайнары мен қалыптасуын зерттеуді сенімді тағандармен қамдайды. Қазақ ұлтының басты түптөркіндік тайпалары немесе этностары ішінде Сақ, Ұлыжүз, Үйсін, Қаңлы, Алан, Ғұндар бар. Қазақ ұлтын зерттеуші тарихшылар, этнографтар мен археологтар қазақ ұлтының ататегі б. з. б. - ғасырларда Орта Азияда тұрған сақтар деп қарайды [632]. Қыдырбекұлынша айтқанда, қазақтар - ежелгі сақтардың ұрпағы. Егер роман тілдес француздар келт тілінде сөйлеген ғаллдарды өзінің тірек-тағаны (, post. - С. Ж. ) санаса, онда түрік тілдес қазақ қай тілде сөйлегені даулы сақтарды түп-тұқияным деп айтуға неге хақысы жоқ!?. Əрине, қазірде сақтардың қай тілде сөйлегені недəуір айқындалып, оның талай тайпасының түрік тілді екені расталды. Ендеше қазақтың ежелгі сақтардың ұрпағы екеніне тіпті де дау жоқ. Қазақ халқы Ұлы Даланың кіндігін мекендеген ертедегі тайпалардан құралған. Қазақтың өзге жұртқа ауып кетпеген не басқа ұлттқа сіңіп кетпеген тобы қазіргі Қазақстан, Солтүстік Өзбекстан, Оңтүстік Ресей, батыс Моңғолия, Торсайт //www. htb. com. cn/ мен //imgsrc. baidu. com/baike/ бет. 632 «Тарих толқынында» («тарих шеңберлері жəне ұлттық зерде»).

270 270 БЕСІНШІ БӨЛІМ Қытайдағы Алтай мен Тəңіртау аралығында өмір сүруде. Оның халық болып құралуы сонау алғашқы қауымдық құрылыс ыдырап, одан кейін қола дəуірі(б. з. б., - мыңжылдықтар) мен темір дəуірі (б. з. б. - ғасырлары)кезеңдерінен бастау алады. Ол кездегі тайпалар антропологиялық жағынан негізінен еуротекті нəсілдерге тəн-ді. Ал, көп тайпалы сақтардың тілі де көп (ирандық, түріктік, т. б. ) тілдерді қамтитын. Қазақ халқының бастауына солсақтар, одан кейінгі Ғұн қағанатының батысындағылар, сосынғы Түрік пен Түргеш, т. б. жоғарыда айтылған қағанаттар құрамына енгендер кіреді. Қазақ халқының шығу тегі жайлы сөз болғанда мына екі мəселені қатар қарастыру керек: А. Лингвистикалық аспектілер (факті жөніндегі айрықша көз қарастар). Бұл тараптағы дамудың ірі барысы былай: ежелгі түріктік пен еуропалық прототүріктік (алғашқы түріктік) түріктік протоқазақтық қазақтық. Демек бұл іс жүзінде үнді-еуропалық жəне түріктік екі тағаннан тұрады. Алғашындағы ежелгі иран тілділер мен түрік тілділерді қамтыған кезеңінен (б. з. б. -І мыңжылдықтар) екінші кезеңге - түрік тілділердің шығыс жақтағы тайпаларының да батысқа (қандастарына) қарай қоныс аударуы мен түріктердің үстемдік алу кезеңіне, түріктену сатысына өткен. Бұл барыс б. з. - ғасырларында белсенді жүрді де, жергілікті жұрт ішіндегі өзге тілділер тіліне мықтап əсер етті. Б. з. ғасырынан бастап жерлік түрік тайпаларына шығыстан келген түрік тайпаларының кеп қосылуы салдарынан түрік басымдылығы тіпті арта берді. Түрік тіліне Ғұн қағанатындағы (оғыз, қыпшақ, үйсін, хазар, қаңлы, жүз, алан,) тайпаларының түрік тілді диалектілері тіке əсер етіп, түрік тілі ішіндегі арғы қазақ тілін белсене құрасқан. Қазақ тілі түріктілдерінің қыпшақ тобының батыс тармағына жатады. Бұл тармақта қарақалпақ, қарашай-балқар, башқұрт, қырым татары, қырғыз, тілдері бар. Ə. Антропологиялық аспектілер. Бұл жақтағы дамудың басты барысы: еуропалық еуропа-моңғолдық моңғолдық-еуропалық. Мұндағы еуропа-моңғолдық сатыдан кейін, үйсін, қаңлы, ұлыжүз, керей, найман, тіпті аландар мен соғдылықтардың монголоидтік нəсілмен аралсуы басталады. Бұл барыс б. з. - ғасырларында белсенді жүрді де, жергілікті жұрттың кескін-кейпіне мықтап əсер етті. Б. з. ғасырынан бастап жергілікті түрік тайпаларына тағы да шығыстан (бергі топ ретінде, негізінен байырқу, бұлақ, қарлық, қимақ, қыпшақ сықылды) түрік тайпаларының тағы бір тобының кеп қосылуы салдарынан түрік басымдылығы тіпті арта берді. ғасырда Батыс Өңірді Түрік, Түргеш, т. б. қағанаттары билегенін жоғарыда айттық. Осы қағанаттар құрамында 30-дан астам түрік тілдес ру-тайпалар болды. Бірақ тек билік басындағы тайпа не тайпалық одақтың ғана аты шықты. Қазақ халқының негiзiн құраған көп тайпалар 552 жыл маңайында Түрiк қағандығының құрамына кiрiп, чұмығұн, дай, ирки, чуре, чубан (шуманақ), дулу (дулат) деген əр түрлi атпен белгiлi болысты. Үйсіндер мен қаңлылардың өзге рулары оларға əбден сіңісіп кетті. Түрік қағандығынан кейін, оның орнына 603 ж. құрылған Батыс Түрiк қағандығының этникалық саяси негiзi он тайпа (он оқ будун) болды. Олар Қаратау баурайынан Шығыс Алтайға дейiнгi аралықта

271 ЕЖЕЛГІ ҰЛЫС ТАРИХЫ жатқан ежелгi үйсiн жерiн жайлады. Шу өзенінiң шығыс жағында дулудың (дулаттың - дулы атты) бес тайпасы, ал батыс жағында бес тайпалы нушебилер мекендедi. Бұдан соң, Түргеш қағанаты ( ), Қарлық қағанаты ( , бұл кезде Жетiсу мен Талас бойында қарлықтар, шiгiлдер, яғмалар, арғұлар мекен етсе, Орталық Қазақстан мен Сырдария бойында оғыздар мен қыпшақтар үстемдiк еттi. ), Оғыздар мемлекеті (ІХ ғасырдың соңы ғасырдың басы), Кимек (Қимақ) қағанаты (893 жылдан ғасырдың басына шейін), Қыпшақтар ( ғасырдан жылға дейін), Қарахандар ( жылдар) дейтін түрік мемлекеттері өмір сүрді. Бұлар жоғарыда аталған тайпаларға үстемдiк еттi. Бұл мемлекеттер дəуiрiнде отырықшылық бел алып, егiн шаруашылығы дамыды, қалалар өркендеп, сауда-саттық жанданды. Осы мемлекеттер (əсіресе оның ішіндегі Ертіс пен Еділ арасын мекендеген Қыпшақ хандығы мен Тəңіртау, Сыр жақта өмір сүрген Қарахан феодалдық мемлекеті) қазақ халқының қалыптасуына белсенді де күшті ықпал жасады. ІХ ғасырдың аяғы мен ғасырдың басында оғыз тайпалары (Түрік қағанатына бағынған жұрттың бəрі оғыз аталғаны есіңізде шығар) Сырдарияның орта ағысынан Едiлдiң төменгі бойына дейiнгi кең байтақ аумақты мекендедi. Оғыздардың жұрты Ырғыз, Орал, Ембi, Ойыл өзендерiнiң бойларына, Сырдария бойындағы Қаратау баурайлары мен Ісбіжаб (Исфиджаб) шегiне дейiн шашырады. Оғыздар құрамына Сырдария алқабы мен Арал Каспий далаларының үндi-еуропа жəне фин-угор тектес ежелгi (негiзiнен түріктенген) этникалық топтары жəне сонымен бiрге Жетiсу мен Сiбiрдiң халажы, жагар, чарук, қарлық, имур, байандұр, қай секiлдi көшпелi жəне жартылай көшпелi тайпалардың өзге рулары да кiрдi. Оғыздардың батысында Едiл мен Жайық арасында печенегтер мекендедi. Кейiн оғыздардың кейбiр топтары да қазақ халқының шығу тегiне əсерiн тигiздi. Осы ғасырларда өмiр сүрген Қимақ қағандығының аумағы Солтүстік, Шығыс, Орталық Қазақстанды алып жатты. Бұған жетi тайпа (эймур, имек, татар, байандұр, қыпшақ, ланиказ, ажы) кiрдi. Бұдан сырт жекелеген топтары қыпшақтардың рулық-тайпалық құрамына кiрген кумандар да қосылды. Олар (ІХ Х ғасырлардағы жазбаша мəлiметтер бойынша) қимақ, қыпшақ, куман тайпаларының бiрлестiгiнiң батыс тармағы болған. Қыпшақтар, негiзiнен, қазақ халқының құрамына енсе, олардың кейбiр топтары кейiнiрек өзбек, қарақалпақ, башқұрт жəне қырғыз халықтарының да құрамына қосылды. Моңғол шапқыншылығынан кейін, моңғолдар жергiлiктi тұрғындармен, əсiресе, қыпшақтармен араласып, өзiндiк ерекшелiктерiнен мүлдем айрылды да, ғасырда бүтiндей қыпшақ болып (қыпшақтың тiлiн, салт-санасын қабылдап, түр-түс жағынан да қыпшақтарға сiңiсiп) кеттi. Найман, керейiт, жалайырлардың ертеректегi мемлекеттерi Орталық Азияның шығысындағы түріктер мекенінде (қазіргі Моңғолия аумағында) болды жəне қазақ тарихына тiкелей де белсенді əсер етті. Əсіресе наймандар мен керейттер Қарахан мемлекетінің этникалық құрамына елеулі əсерін тигізді. Наймандар мен керейіттер моңғол шапқыншылығы кезеңiнде Сырдарияға дейiн жетiп, қазақ халқының қалыптасуына ықпал жасады. Олар Едiл бойына дейiн барып, кейiнiректе өзбек пен қырғыз құрамына да кiрдi. Бірақ, шығыстан қидандардың (қарақытайлардың) шапқыншылығы, 271

272 272 БЕСІНШІ БӨЛІМ ғасыр басындағы (Қарахан мемлекеті қайта көтеріліп келе жатқандағы) моңғол шапқыншылығы қазақ халқының ертерек қалыптасуын бөгеді. Қазақ жеріндегі ру-тайпалар ара байланысты бұзып, қазақтарды құрап келатқан тайпаларды əртүрлі аймақтарға (Жошы, Шағатай, Үгедей, Алтын Орда, Ноғай Ордасы, Көк Орда, Ақ Орда сықылдыларға) шашты. Нұрсұлтан Əбішұлы айтқандай, Қазақтың ең алғашқы қасіреті Шыңғыс əулетінің шабуылынан басталды. Бұл жойқын күші бар сойқанды толқын еді. Қазақ халқын алғаш рет боданға айналдырған бұл толқын оның тарихи тұлғасын мылжалап, рухын бұзып, бірыңғай қазақ халқының табиғи дамуына көп-көп кедергі келтірді [670]. Дегенмен моңғол шапқыншылығынан бұрын-ақ мəдени қалыптасу аяқтап қалғандықтан, тіл бірлігі бұзылмады. 92 баулы қыпшақтың денінің (кей ғалымдарша айтқанда түгелімен) қазақ құрамына кіруі содан. Моңғол империясы ыдырағаннан кейiн, Ақ Орда, Моғолстан, Əбiлхайырхандығы (Көшпелi өзбектер мемлекетi), Ноғай Ордасы шаңырақ көтерді. Бұл кезде қазақ халқының шашылған күйден құтыла қоймауы, қалыптасайын депқалған қазақ халқының бiрнеше мемлекеттерге бөлінуi, өндiргiш күштердiң əлсiреуі, адам санының кемуi, үздiксiз соғыстар мен Жошы əулетi арасындағы, рулар мен тайпалар басшылары арасындағы өзара алауыздық мұндағылардың бiрiгуін жалғасты тежеді. Бұл саяси бытыраңқылықты жеңу үшін бiр тектi халыққа айналайын деп қалған қазақ тайпалары мен руларын бір мемлекетке бiрiктiру қажеттiлiгi туылды. Соған орай дүниеге келген Қазақ хандығы Шығыс Дештi Қыпшақ, Жетiсу, Оңтүстік Қазақстанның кең байтақ жерiндегі əр сала құбылыстардың заңды салдары. ғасырдың ортасында, Əбiлхайыр ханның қол астындағы көшпелi тайпалар бiрлестiгi Қазақ, Өзбек хандығына ыдырады. Қазақ хандығы Ақ Орда жерін, Жайық пен Ертiс, Түмен мен Сырдария арасын қоныстанды. Артынан бұларға Моғолстан өлкесiн мекендеген Ұлыжүз қазақтары Үйсiндер, Дулаттар келіп қосылды. ғасырдың бас кезiне келгенде қазақ деген атау түпкiлiктi орнығып, жұртқа жайылды. Ноғай, Сiбiр жəне Моғолстан хандықтары ыдырағасын, тағы талай тайпалар қазақ хандығының құрамына ендi. Осыдан соң, қазақты құраған ежелгі сақтардың осынша көп тайпа-рулы ұрпағы, өз атамекендерінің тарихи, географиялық, экономикалық жəне саясижақтан қалыптасқан жағдайларына байланысты, этникалық жағынан біртұтастыққа ұмтыла келіп, үш этникалық-шаруашылық топқа бөлінуін - қазақ үш жүзін қалыптастыру процесiн аяқтатты. Кейін келе Ақназар, Тəуекел, Есiм, Тəуке хандар үш жүздi түбегейлі бiрiктiрдi. Олар Ұлы жүз (Жетісу, Оңтүстік Қазақстан), Ортажүз (Алтай мен Тарбағатай, Орталық жəне Солтүстік Қазақстан) жəне Кіші жүз (Батыс Қазақстан, Төменгі Еділ) болатын. Олардың əрбірінің құрамында бірталай тайпалар енген. Атап айтсақ: Ұлы Жүз. Ұлы жүз қазақ халқының этникалық құрамына енген рулар мен тайпалардың саяси, экономикалық жəне мəдени бірлестігі. Жері жапсарлас, əдет-ғұрпы, тірлігі ұқсас əрі туыстас Жетісу тайпалары кіретін Ұлы жүз бірлестігінің қалыптасуы ұзақ жылдарға созылды. Олардың ежелгі мекені

273 ЕЖЕЛГІ ҰЛЫС ТАРИХЫ Жетісу көне мəдениет орталығы болатын. ғасырларда бұл тайпалар Моғолстан мемлекетінің құрамында бір тұтас этникалық бірлестікке біріге бастады. ғасырдың екінші жартысында Жетісуда Қазақ хандығының құрылуы Ұлыжүз бірлестігінің одан ары қалыптасуын тездетті. Осы кезден бастап бұл бірлестікке қазақ жеріндегі қилы-қилы кезеңдерден өткен жалайыр, қаңлы, албан, суан, дулат, шапырашты, сіргелі, шанышқылы, ысты, ошақты, сарыүйсін, қатаған тайпалары ене бастады. Бұл тайпалардың басым бөлігі б. з. б. І ғасырда. Үйсін мемлекетінің құрамында... тіршілік еткен болатын. Ұлы жүз құрамына енген тайпаларды халық Ұлы жүз-үйсін деп атады. Қазіргі таңда Ұлыжүз ру-тайпаларының өкілдері тек қазақ халқы ретінде ғана танымал [633]. Орта Жүз. Ортажүз - қазақ халқының этникалық құрамына енген рулар мен тайпалардың саяси, экономикалық жəне мəдени бірлестігі. Шежіре бойынша Ортажүз құрамы алты рудан тұрады: арғын, найман, керей, уақ, қоңырат, қыпшақ. Кейбір шежірелер алты тайпаға қосымша жетінші етіп тарақтыны қосады. Аңыз бойынша тарақты Ортажүздің ноқта ағасы. Ноқта ағасы ретіндегі құрметке Ұлыжүзде жалайыр, Кішіжүзде Табын руы ие [634]. Ноқта ағаларындағы бір ортақ ерекшелік олардың таңбалары тарақ таңба болып келеді [635]. Кіші Жүз. Кішіжүз - Қазақстанның батыс аймағын мекендеген рулар мен тайпалар одағы. Қазақ халқының этникалық құрамына енеді. Шежіре бойынша Кішіжүз рулық бірлестіктері əлімұлы, байұлы, жетіру тайпаларынан тарайды. Кішіжүз қазақтары ел арасында Кіші жүз Алшын атанған. Оның құрамына 12 ата байұлы (адай, алшын, жаппас, алаша, байбақты, беріш, масқар, таз, есентемір, ысық, қызылқұрт, шеркеш), жетіру (табын, тама, кердері, керейт, жағалбайлы, телеу, рамадан), əлімұлы (қаракесек, қарасақал, төртқара, кете, шөмекей, шекті) тайпалары енеді [636]. Қазақ үш жүзі мен оның құрамы қазақтың ұлттық шежірелерінде недəуір толық берілген. Бірақ оның бас жағын толық, мүлтіксіз дей алмаймыз. Шежіре ерте оянған ұлттарда пайда болып мұқият сақталған жəне жалғасы үзілмеген, сол ұлтты құраушы қауымдары бойынша таратып, адамзат дамуы жайындағы ілімге үлес қосатын, ауызшадан жазбашаға көтерілген тарих ғылымының қарт та сындарлы саласы. Өзге талай ұлттардікі секілді қазақ шежіресі жақсы дамыған жəне сақталған. Алайда шежіремізге сыртқы күштердің кері əсері мен ат төбеліндей ондайға əсіре көнгіш əлсіздеріміздің ықпалы аз болғаны жоқ. Бұл кемінде үшеу сықылды: Бірі, өзіміз бірінші бөлімде айтқандай, арғы тегімізді Эфиопиялық қатаман апарғандай сезілсе де, діни наным бұрылысынан соң, тіке араби аталарға телу арқылы өз арғы (мұсылман емес) ата-бабаларымызды ұмыттырудың болғаны «Қазақстан. Ұлттық энциклопедия». 9-том. 46-бет. 634 «Қазақстан. Ұлттық энциклопедия». 7-том. 191-бет. 635 Шадыман Ахметұлы: «Йұғұрлар туралы жалпы түсінік» Үшінші халықаралық түркология конгресі. Бүгінгі түркологияның өзекті мəселелері, 2009, мамыр, 441бет. 636 «Қазақстан. Ұлттық энциклопедия». 5-том. 163-бет.

274 274 АЛТЫНШІ БӨЛІМ Енді бірі, Шыңғыс қаған империясынан қалған биліктің осы ұмыттыруды жалғастыруы, тіпті əйгілі Абылайхан қазақ билері мен шежірешілерін жиып шежіре хаттатқан кезде де бұл олқылықтың толтырылмауы. Тағы бірі, іргелес екі ірі елдегі солақай саяси науқанның шежірені ескіге, феодализм сарқынына санап, көзін жоюға ұрынуы. Бұл Кеңестер Одағында 1950 жылдардан басталып, 1970 жылдарда ол туралы мақала жариялаған басылымдар қудаланған да екен [637]. Осы сықылды харекет Қытайда жылдары жүрген мəдениет зор төнкерісінде де етек алды. Бүгінде, Хəн сықылды дəстүріне мықты, небір тар жол-тайғақ кешулерден өтсе де, діні де, жазуы да, ділі де өзгермеген ұлттарда, əр фамилия (тек) түгіл, кей жекенің (мысалы Кұң Фузының 80 неше буындық) ұрпақ тізімдігі том-том кітап болып шығып отыр. Ал, жоғарыдағы себептер салдарынан біздегі шежіре арғы атамыздан (мысалы Елжаудан) бүгінгілерге дейінгі ұрпақ санын тан асыра алмайды. Басты себеп тарихымыздың қысқалығынан емес, басты себеп дін де, жазу да, билік те, соған ілесе діл де өзгеріске ұшыраған соң, б. з. соңғы мың жылынан арғыдағы ата-бабаларымыздың есімдері естен шыққандығынан, дəлірегі əдейі естен шығарылғандығынан. Мұндайда сіз шежіремізден ұлтымыздың Ер Тоңа (Афрасияб, яғни Оғұзұлы Бұқа), Анахарс, Томирис (Тұмар ханым), Тұман, Мөде, Елжау, Оңғай сықылды б. з. б. өмір сүрген жеке аталары түгіл, тарих сахнасына көрнекі шыққан бүгінгі тайпалардың кешегі аттарын да толық кезіктіре алмайсыз. Əуелі Усунь мен Үйсін бір ат емес деушілермен айтысуға талай күш жұмсауға мəжбүр болып келдіңіз. Дегенмен, шүкірлік, заман барған сайын оңалып келеді. Түзелген заман мен дамыған ғылым бəрін өз орнына қойып, ақиқатты адамзат алдына жаятын болады. 637 Хамит Маданов. Серғали Толыбековтың «Қазақ шежіресі» атты кітабына берген алғы сөзінен.

275

276 276 АЛТЫНШІ БӨЛІМ 1.ТƏҢІРҚҰТТАРДЫҢ ХРОНИКАЛЫҚ КӨРСЕТКІШІ (б.з.б. 209-б.з. 216жж.Ыдырағаннан соңғы əміршілерден тек Үйсінге таяулары ғана алынды) Аты - жөні Биліктегі жыл сан ы Биліктегі жылдары Иероглиф Қазіргі оқылуы Ескіше оқылуы Өзгеше нұсқасы Əдебиеттерде Тоумəн Түмен Тяумюəн Б.з.б.? 209 жж.. Маудүн Тоумəн Бақтұғ, Бөдүн Моду Мөде, Мете, Боғда 36 Б.з.б жж... Лаушаң Жижоу Маудүн Леузаң Аға (Ро Шат) Бағдұрхан, Кейүк 14 Б.з.б жж.. ( ). Жюнчын Лаушаң Ійжышие (Жюнчынның інісі) Ууи Ійжышие Гүнзен, Күнзен Күн Күйік Қаюқ жж. Едиза Еженше Ечықса жж. Ағе, Аға У би Еженшеұлы Қараби жж. ( ). Жəншылуер Ууи Асело, Аслан Ушылу Убиұлы Қаншыер Қарабиұлы жж. Жүйлихоу ( ) (Жəншылуердің Өгей əкесі) ( ). Чиедихоу (Жүйлихоудың інісі) Хулугу Чиедихоу Құлеке, Хулеға Сатеғо, Сатығ Ғалүкка Құлеке жж. Шетқу жж. Құлеке Шетқуұлы жж.

277 ЕЖЕЛГІ ҰЛЫС ТАРИХЫ 277. Хуянди Хулугу Қағянтек Қағантек Қоянды (Янты) жж. ( ) Шүйличуанчюй (Хуяндидің інісі) Құлықуанқа жж.. Оянчюйди Тучитаң Оғянғұтек Дөкейдаң Дагейдаң Дөкейдаң жж. ( ). Хухəншие (Жихоушəн) [638] Чюйличуанчюй Қағанза, Хағания Қоғышар Қағания (Жықұс), Керғұсан жж. Жыжы (Хухəншиенің Ағасы) Тезек [639] Тезек (Құтұш) ( ). Фужулейроди Дяутаумогау Хухəншие Бүкдолу нақтек (Деуту- Макку) Хухəн- шие (, ) Соушероди Чиемишүй (Фужулейродидың інісі) Шөген- ақтек (Самек- са) ( ) Чыяроди Чиемочы (Соушенің інісі) Каңан- ақтек (Самега) ( ). Ужюлюроди (Наңжыясы, Чыяның інісі) Адолу-нақтек (Саң-деңас) Етжияс Қағанияұлы 22 Б.з.б. 8 - б.з Ағасы Тезек тəңірқұттан жеңілгесін, б.з.б. 52 жылы Хəнге тізе бүгіп, Уаң Жаужюнді қатындыққа алған. Хəн жақтың көмегімен Хəн жақтағы ғұндарға тəңірқұт болған. 639 Хəнге бағынуға қарсы болып, батысқа ауып, Тараз қаласын салып, соны астана еткен. Хəн жақтың тұтқиыл шабуылынан, б. з. б. 36 жылы мерт болған.

278 278 АЛТЫНШІ БӨЛІМ. ( ) ( ). ( ). ( ) { ( ) [640] Улейроди Шиəн (Ужюлюдың інісі) Хайлоулужуди Удурдаугаурод и Юй (Улейдың Інісі) Удадихоу Хоудуұлы Фуну (Хоудудың інісі) Алунақтек, Ұлынақтек Хылаң Шердүктек Ғаде- Нешдегу Нақтек Ғым 6 Б.з Би Адеттееғо Ұдатқұ 46 Бана Панұл 46-? Юлю Ілу Ұлы? - 87 [641]... (Юлюдың өгей Шешелік інісі) ЮйчуЖян (Жоғарғының інісі) Фыңху Түндөхы Шюлан Хоужудихоу Ағдакен Атахан Бөңғо Хюлан Шердүкт еғо Құян? ? [642] Хоучучуан Солтүстік Ғұн қағанатының ісін жалғастырушы тəңірқұт. Былайғылар соның ізбасарлары. 641 Солтүстік Ғұн қағанатының былайғы тəңірқұттары белгісіз. Оның алдындағы 19 тəңірқұтты енгізбедім. 642 Оңтүстік Ғұн қағанатының соңғы тəңірқұты. Осы жылы Цау Сауға ( ) бағынады. Сосынғы тағдыры белгісіз.

279 ЕЖЕЛГІ ҰЛЫС ТАРИХЫ ҰЛЫЖҮЗ, КУШАН ҚАҒАНДАРЫНЫҢ ХРОНИКАЛЫҚ КӨРСЕТКІШІ Шюй Уынмиңның ( ) зерттеуінше Ұлыжүз бен Ку шан қағандарының жылнамалары төмендегідей (алғы бесеудің жылдары белгісіз):. Bhadasena, Medisasena, Vasusena, Uttarsena, Ayidasena. Kaniska I (. б.з.б жж.. Huviska (. б.з.б. 31 б.з. 9 жж.. Vasudeva (. б.з жж.. Kujula Kadphises (Құджула Кадфизұлы,. б.з жж. Осыдан Кушан əулеті басталады. Осыған дейін ол өзін түрікше жабғы ататып келген). Wema Kadphises (Вима Кадфиз,. б.з жж.). Vajeska (. б.з жж.). Kaniska IІ (Канишка,. б.з жж. Кушанның қатты гүлденген кезі. Билікті Ұлы жүздік тартып алған шығар). Kaniska ІІІ (. б.з жж.). Канишка өлгесін Хорезм, Соғдияна қатарлылар бөлініп, тəуелсіз болып кетеді. Vasudeva ІІ (. б.з жж.). Kitara Уасудеуа ІІ - Кушан мен Ұлы жүздің Хəн тарихнамаларында аты қалған ең соңғы ханы. Б.з. 229 жылы ол Уей əулетінен Уейге ниеттес Ұлы жүз ханы деген құрметті атақ алған екен. Елінің құлдырауға бет алғандығынан болар, шығарған монеталары жоқ. Осыдан соң тəуелсіз, бір орталықты Ұлы жүз ұлысы тарих сахнасына көтерілмейді. V ғасырға аяғына таман бұл елді Ақ ғұндар (эфталиттер) жояды. Кей əдебиеттер көрсеткен Кердері хан сықылдылардың жылы беймəлім.

280 280 АЛТЫНШІ БӨЛІМ 3.ҮЙСІН КҮНБИЛЕРІНІҢ ХРОНИКАЛЫҚ КӨРСЕТКІШІ (Иероглифтегі, ескіше оқылудағы соңғы ат əкесінің аты не лақабы) КҮНБИЛЕРДІҢ АТЫ-ЖӨНІ БИЛІК ҚҰРҒАН Иероглифшесі оқылуы (б.з.б. жж.) Ескіше Бүгінгі оқылуы Əдебиеттерде ЖЫЛДАРЫ Нəнду би Нəндоу ми [643] Нəнді би? не175.. ( ). ( ). ( ) Лапкөк күнби Нəнду Семзеу күнби Күнсүй Оңғай күнби (Фейуаң) Нейби Семзеу (Аусархан) Азоқда Оңғай (Шяукүнби) Лиежау күнми Нəндоу Сынзоу күнми Жүншүй Уыңгүй ми (Фейуаң) Ни ми. Сынзоу (Куаңуаң) Ужюту. Уыңгүй (Шяу күнби) Елжау [644] (Алыпкөк) күнби Саншора күнби Жөнші [645] Оңғай Күнби (Етжеңді хан) [646] Нəби күнби[ [647] не (ісжүзінде158 ж. шамасынан -104ж) Өжет (кіші күнби) [648] 643 Нəнді биді «Тарихи жазбалар» Ғұн жақ, ал «Хəннама» Ұлынүкіс (Ұлыжүз ) жақ б.з.б жыл шамасында өлтіріп кеткен дейді. Тұқымынан тек бесіктегі Елжау ғана аман қалған. Ниғмет Мыңжани «Қазақтың қысқаша тарихы» деген еңбегінде Үйсіннің түп атасы Төбей (Ту би, Ду би) осы Нəнді би (қытайша да Нəн Ду Би) болар дейді. Үйсін таңбасының бірі ту. 644 Бөрі емізген Елжау текті саналып, ержеткенше тəңірқұт қолында баулынады. Сосын тəңірқұт өз еліне күнби етеді. Б. з. б. 104 жылы өз ажалынан қайтыс болады. 645 Елжаудың өзіне мұрагер үлкен ұлы өлерінде ұлым Жөнші орныңызға күнби болса деген тілек айтып кетеді. Елжау қабылдаған сол өсиет бойынша Жөнші күнби болады. Өз ажалынан өледі. Саншора оның лақап аты. 646 Жөнші Саншора өлерінде «Ұлым Нəби əлі жас. Орныма көкем Далудың (Дулаттың) ұлы Оңғай шыға тұрса, Нəби есейгенде Оңғай өз орнына Нəбиді шығарса» деген өсиет айтады. 647 Б. з. б. 60 жылы Оңғай қайтыс болғанда, үйсіннің ақасақалдар алқасы, Оңғай өсиетін қате санап, алдыңғы аруақ өсиетінен аттамай, күнбилікке Нəбиді шығарады. Хəнжақ естіп қатты қапаланады. Саншораның ғұн күнбишесінен туған Нəби Хəн əулетіне де, үйсіндегі хəндерге де салқын саясат ұстанады. Хəндер оны жаратпай «аусар хан» атайды. Б. з. б. 53 жылға келгенде, саяси мақсаты Нəби күнбидің бөгетінен орындалмайтын болғанына көзі жеткен оң күнбише Лю Жиею Нəбиді, ордасындағы сияпатқа шақырып, дайындаған жендеті арқылы өлтірмек болады. Бірақ Нəби ауыр жараланған беті қашып құтылады да, өз жақтастары жаққа барады. 648 Оңғайдың ғұн күнбишесінен туған Өжет əрі əкесіне өзі мұрагер болғысы келіп, əрі хəндерге қай мəміледе болу мəселесінде Нəбимен келісе алмағандықтан, жаралы Нəбиді өлтіріп, өзін күнби жариялайды. Бірақ оны хəндер мойындамай, əскери қысым жасап, келіссөзге тартады. Аяғы Өжет үйсінді екіге бөлуге де, өзін кіші күнби етуге де мақұл болып, хəндермен келіседі. Б. з. б. 49 жылы Өжет «Басымызды біріктірейік» деп келген Тезек тəңірқұттың елшілерін қырып салады. Таразды астана қып отырған Тезек сол ашумен үйсінге шабуыл жасап, бір тапап өтеді. Б. з. б жылдары Үйсін Тезекке тірек болып отырған Қаңлыға бірнеше рет шабуылдайды. Келесі жылы Тезек Қаңлымен бірлесіп, Үйсінге тиіседі.

281 ЕЖЕЛГІ ҰЛЫС ТАРИХЫ 281. ( ). Нуангүт би Уыңгүй Юангуй ми Уыңгүй Сеңби Өңкей. Селет би Сең. Бұла Азоқда Фули Ужюту Бұла Өжет [650], Бөрі Өжет Өңкей күнби (Ұлы күнби) [649] Шиңми Юангуй (Ұлы күнби) Ціли ми Шиң (Ұлы күнби) (кіші күнби). Анет Бұла Əнры Фули [651] Анет Бөрі (кіші күнби).. Бұдженсан Бұла Ететби Датлок Можынжяң [652] Фули Ижыми Далы (кіші күнби) (б.з. 09) (Ұлы күнби). Анле Анет Анли Əнры (кіші күнби) 649 Өжетпен жасалған келісім бойынша Оңғайдың Лю Жиеюдан туған ұлы Өңкей ұлы күнби болады. Бірақ Өңкей үш-ақ жыл билік құрып өледі. Хəн жақ ақылы бойынша орнына оның ұлы Сең (Шиң) би шығады. 650 Б. з. б. 33 жылы Сең би өліп орнына ұлы Селет шығады. Өжет өліп орнына Бұла (Бөрі) шығады. 651 Үш жылдан соң Бұланы інісі өлтіреді. Орнына хəндер ақылы бойынша Анет шығады. Бұланы өлтіруші Гу Мони төре Қаңлыға қашып кетеді. Оны кейін Бұла жақ өлтіреді. 652 Б.з.б. 17 жылы үйсіндер Кіші күнби Анетті Хəн əулетінің Күшардағы жаңа басқағы Дуан Хұйзоңға сəлем бере барғаны үшін өлтіреді. Орнына ағасы Бұдженсан шығады. Келесі жылы Бұдженсан Ұрылиң ( ) дегенді жіберіп, ұлы күнби Селетті өлтіртеді. Б.з.б. 12 жылы Етет би жабғысы Нəншиді ( ) жіберіп Бұдженсанды өлтіртеді. Келесі жылы басқақ Дуан Хұйзоң əскер əкеліп Бұдженсанның ұлы Пəнчюды ( ) өлтіргесін, Анле Дуан Хұйзоңды қоршап алады. Қоршау нəтижесіз аяқтайды. Хəн жақ Нəнши қатарлыларға мəнсап береді.

282 282 АЛТЫНШІ БӨЛІМ ЖЫЛНАМАЛЫҚ КӨРСЕТКІШ «Үйсіннамада» сөз болған этностардың өзара мейлінше араласқанын сіз төмендегі астаң-кестеңнен-ақ сезе аласыз: Б. з. б жылдары Орал мен Еділ жақтағы ариандар артына қайтып, Ұлы Дала мен Иран үстіртіне оралды. Б. з. б. 558 жылы Персия мемлекеті шаңырақ көтеріп, біртіндеп Мысырдан тартып Орта Азияға шейінгі өңірге үстемдік орнатты. Б. з. б. 324 жылы Гректер Персия мемлекетін құлатты. Орта Азия Селеукия ( ) қарамағындағы бір бөлік болып қалды. Б. з. б. 250 жылы тəжіктер мен ауғандар тəуелсіздік алып, гректердің Бактрия мемлекетін құрды. Б. з. б. 247 жылы парсылар дербес болып, өздерінің Арсак (Парфия) мемлекетін құрды. Б. з. б. 170 жылы Ұлы жүз ауып келіп Бактрияны басып қалды. Сақтардың бірталай тайпасы оңтүстікке ауып, қалғаны өзара сіңісе бастады. Бұл кезде, Үйсін, Қаңлы, Соғды, Ферғаналар қатар өмір сүрген елдер еді. Б. з. 91 жылы Ғұндар Хəн қысымынан батысқа ауды. Бір бөлігі Орта Азияда қалып, бір бөлігі Каспий маңына (аландар жаққа) тартты. Б. з. 375 жылы ақғұндар ( ) оңтүстігіндегі Соғдыға келіп, Кушан империясы мен Сасанилар Персиясын құлатып, Үндіні басып алып, құдіретті эфталит ( ) мемлекетін құрды. Б. з. 420 жылы Сянбилердің бір бұтары Нөнендер күшейіп Орта Азияны тізгіндеді. Алан жеріндегі Ғұндардың тағы бір бөлігі Еуропаға тартты. Б. з. 552 жылы Түрік қағанаты Нөненді қиратты. Нөнендердің Ергене дариясына барғандары Шығай (Шыуей, ), Ляу ( ) өзені жаққа барғандары Қытай ( ) атанды. Ұлы Даланың Орта Азияны кіндік еткен өңірі Түрік дүниесіне айналды. Ең бастысы түріктер, мəдениеттегі басымдылығы арқылы, ұзақ өтпей-ақ, бұл өңірдегі Сақ ұрпақтарының түріктілді еместерін де ассимиляциялап, түріктестіріп жіберді. Б. з. 639 жылы Таң империясы Түрік қағанатын құлатты. Орта Азия Араб, Таң жəне Тибеттің көкпарына айналды. Алайда түріктесіп болған ұлыдалалықтар бұларға ассимиляция болғаны жоқ. Түрік беті қала берді. Б. з. 870 жылы Түрік тайпалары қайта бас көтеріп Қарахан ( ) сықылды мемлекеттердің шаңырағын арт-артынан көтере берді.

283 ЕЖЕЛГІ ҰЛЫС ТАРИХЫ ПАЙДАЛАНҒАН ƏДЕБИЕТТЕР 283 Ж. Мырзаханов. «Қазақ мəдениетінің қайнары жөнінде» («Туған тіл» альманағы ).. ( ( ). Қ. Салғараұлы. «Ұлы қағанат». Фолиант баспасы, Астана, Жақып Мырзаханов. «Қазақ халқы жəне оның салт-санасы». Шынжаң халық баспасы «Маркс, Энгельс шығармалары». 26-том Халық баспасы. «..». «Қазақстан. Ұлттық энциклопедиясы». («Сөз теңізі» ж. жалпыластыру нұсқасы)..,.. Уаң Биңхуа, Уаң Миыңжы. «Үйсін туралы зерттеу». Іле халық баспасы «.». Л. Н. Гумилев. «Этногенез жəне Жер биосферасы» Матсуда Хисао ( )... Һанс - Жоахим Климкейт «Die Seidenstrasse» (ханзушасы ). Халел Алпысбаев «Памятники нижнего палеолита Южнего Казахстана». А. 1979)... Баяхмет Жұмабаев. «Жаңғырған жартас тіл қатады».. Уаң Жылай. «Оттұра Aсия тарихы». 1-том. Ұйғырша Ғайниден Мұсабаев. «Үйсін туралы пікірлер» («Қазақ тарихынан»).. « »( ). Р. А. Мирзадинов. «Жаратылыстану концепциялары» : Трофимова.Т. А. 1936: «Хронологический очерк татар Золотой Орды». Аж,. 2. (Denis Sinor);. : Алтай Сəрсенұлы Аманжолов. «Қосөзен өркениетінен Қорқыт аңыздарына дейін».. «Жалын»

284 284 АЛТЫНШІ БӨЛІМ (http: //www. xjass. com ). Əбу Райхан əл Бирони. «Əл Əсəр əл Бақия» (Бақилықтар туралы туынды)... ( ).... Байбота Серікбайұлы Көшім-Ноғай. «Күннен туған, г ү н н е н туған пайғамбар».. « » ( ). Иылмаз Өзтұна. «Buyuk turkye tarihi». Стамбул Тян Уейжяң ( ). (http: //www. xjass. com ). Əлімғазы Дəулетхан. «Хұн-түрік-қазақ тарихын зерттеу мəселелері». Алматы «.». «.». : , 4. A. H., V. M. v http: //www. hudong. com/wiki/ W. M... Жеан-Пиерре Дреге Нығмет Мыңжанұлы. «Қазақтың қысқаша тарихы». Го Шиляң... ( ). : : «Ежелгі дəуірдегі Қазақстан» («Мəссаған» торсайтындағы рефарат)., « » 1956 l. http: //www. gznf. net/forum/thread html. Geoffery Barraclough. «History ina Changing World», Oxford, 1955 (аудармасы)... Geoffery Barraclough, ( ( ) Geoffery Barraclough

285 ЕЖЕЛГІ ҰЛЫС ТАРИХЫ 285 Торсайт //www. htb. com. cn/ мен //imgsrc. baidu. com/baike/. (Materialy po etnografii) W M (Mc Govern) W M étienne De la Vaissière L S. «1500» ( ) Сəбит Мұқанов. «Халық мұрасы» Алматы. «Қазақстан». )., ( Б. Нұржекеев. «Өзендер өрнектеген өлке» беттер. Алматы. Жалын Ғалым Жұмашұлы. «Қазақ халқы жəне қазақ жазуы жөнінде», («Туған тіл» альманағы ) (http: //www. xjass. сom ).... « ». ( ).. «Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі» ( ).. ( ). «У дəуіріндегі шетел хикаялары». (http: //www. xjass. com )..,, , : Ширатори. «Соғдылар туралы зерттеу».(. )....., 4,.. 1. М. Ақынжанов.. «Тарихи Рəшиди». 1-том

286 286 АЛТЫНШІ БӨЛІМ Цын Жұңмян: 1981 жылы, «Хəннама Батыс өңір баяны. Жағрапиялық түсініктер». Жұңхуа шужюй баспасы. Хан Каңшин, Пан Чифың. «Үйсіндер мен нүкістердің антропологиялық тегі «Ханеда Тоуру «Түріктер мен сақтар». Феофилакт Симокатта. «История», 106 (Əлкей М. «Эпос тудырған ортаның мəдениетке қосқан үлесі»). Əнес Сарай. «Қазақ атауының ізімен». Құрбанғали Халид. «Тауарих хамса» (Алматы. 1992)... «174,». Мың Фанрын. «Бесбалықтың Тарихи Жағрапиясы»( ).. «Қазақстан тарихы туралы қытай деректемелері». 1-том. Алматы. Дайк-Пресс. 80-бет... Бартольд В. В. «История культурной жизни Туркменстана». л., Ғ. Мұсабаев. «Үйсін туралы пікірлер». Ə. Марғұлан редакторлығындағы «Ш. Уəлиханов. Таңдамалы шығармалары» жыл. Алматы Үрімші К. А. Ақышев: «1954 жылғы Іле археологиялық экспедидциясының жұмысынан есеп» жəне К. А. Ақышев, Г. А. Кушаев: «Іле айдынындағы Сақ пен Үйсіннің байырғы мəдениеті» жыл. Алматы. Су Бейхай. «Қазақ мəдениетінің тарихы». Шынжаң халық баспасы бет. «Мəдени мұра археология қызметіне 30 жыл». Илин Сегал. «Адам қалай кемелденген». Үштік кітап дүкені жыл. Хəнзуша. «Плехановтың философиялық шығармаларынан таңдамалылар». Соңғы кітап ,. «Моңғол мемлекетінің тарихы». Ұланбатыр «Солтүстік əулеттер тарихы. 97-бума. 85-баян. Батыс Өңір»

287 ЕЖЕЛГІ ҰЛЫС ТАРИХЫ 287 (http: //www. xjass. сom ). Кызласов Л. Р. «Таштыкская эпоха в истории Хакасско - Минусинской котловины». М., Савинов Д. Г. «Об основных этапах развития этнокультурной общности кыпчаков на юге Западной Сибири» // история, археология и этнография Сибири. Томск, 1979 Бернштам А. Н. «Заметки по этногенезу народов Северной Азии». // СЭ Грум - Гржимайло Г. Е. «Западная Монголия и Урюнхайский край». Т. 2. Л., Гумилев Л. Н. «Древние тюрки». М., ( «Көне түріктер». Алматы ) Ф. М. Шамшиденова. «Сібір жұртындағы қыпшақтар» («Отан тарихы» журналынан /1)..... ( ) «Уйнама. Үйсін баяны». «Қырғыз этнография-археология экспедициясының еңбектері», 2-том, Москва. Ма Манли. «Үйсіндердің Көгартқа аууы жайындағы таластар» Мұсатай Ақынжанов. «Қазақтың тегі туралы». Алматы ( ).. « » ( ). «Сүйнама. Түріктер баяны» Ахмет Ташағыл. «Көк түріктер мемлекетінің іргесін қалаған тайпалар жүйесі». Анкара қ., Түркия.. ( ( ) ). «Көне таңнама». 194-бума (1). С. Аманжолов. «Қазақ тілінің тарихы мен диалектология мəселелері». Алматы «Таң əулеті тарихы. Қарлық тарауы». «Қазақстан Тарихы», Алматы, Дəуір, Мұртаза Жүнісұлы БҰЛҰТАЙ. «Иран жəне Түркістан» ж. Алматы. «:» ( ).. «Қазақ Совет энциклопедиясы». Əлкей Марғұлан. «Таңбалы тас жазуы». Телғожа Жанұзақов. «Қазақ деген сөз қайдан шыққан?». Серғали Толыбеков. «Қазақ шежіресі». Алматы. «Қазақстан» Сəкен Сейфуллин. «Қазақ тарихынан қысқаша мағлұмат». Əділхан Байбатша. «Қазақ даласының ежелгі тарихы», Алматы,1998.

288 288 АЛТЫНШІ БӨЛІМ Тұрсын Жұртбаев. «Дулыға». Санжар Аспендияров. «Қазақстан тарихының очерктері». Алматы Хайруш Абдрахман. «Тарихыңды таны ( Отан тарихының очерктері)». Жақып Жүнісұлы. «Іленің тарих - шежіресі». Раззақ Мəтнияз.. Салғараұлы Қойшығара. «Қазақтың қилы тарихы», Алматы Ораз Исмайлов. «Əлем тарихындағы жалайырлар». Алматы Еренғайып Сəліпұлы Омаров. «Қазақ өркениеті». Жанұзақ Əкім. «Түркі өркениеті негізіндегі қазақ идеясы». Алматы Сəйден Жолдасбайұлы. «Ежелгі жəне орта ғасырдағы Қазақстан». Алматы Шадыман Ахметұлы. «Ежелгі үйсін елі», Шынжаң халық баспасы, Үрімжі Шадыман Ахметұлы. «Ұлы түрік қағанаты», Шынжаң жастар-өрендер баспасы, Үрімжі Шадыман Ахметұлы: «Йұғұрлар туралы жалпы түсінік» Үшінші халықаралық түркология конгресі Бүгінгі түркологияның өзекті мəселелері, 2009, мамыр. Шадыман Ахметұлы: «Массагеттер жəне Баянгол жазбалары», «Шынжаң қоғамдық ғылымы» Шадыман Ахметұлы: «Йұғырлар жəне олардың ру-тайпалары», Шынжаң қоғамдық ғылымы, 2009 жыл 3. Шадыман Ахметұлы: «Күн сөзінің төркінінен», Тіл жəне аударма, 2008, 1. Шадыман Ахметұлы: «Уақ этнонимінің этимологиясына талдау», Шынжаң қоғамдық ғылымы, 2008, 1.

289 ЕЖЕЛГІ ҰЛЫС ТАРИХЫ АВТОР ТУРАЛЫ ҚЫСҚАША МƏЛІМЕТ 289 Жанболат Сұлтан Рамазанұлы. Қалам аты Асан Шат пен Шөкен Ж. Р жылы 1 қаңтарда, ҚХР ШҰАР Тарбағатай аймағындағы Шағантоғай ауданының Қаракемер ауылында, малшы отбасында дүниеге келген. Қазақ жылы Шынжаң институты физ-мат. факультетін, 1961 жылы Чаңчұндағы Жилин (Гирин) университеті Физика факультеті радио-электроника мамандығы бойынша бітірген жылдары Шынжаң университетінде оқытушы, лектор, Қытай қазақтарынан тұңғыш доцент, кейін келе магистр жетекшісі, кафедраның жəне информация зертханасының меңгерушісі (жүргізушісі), деканның орынбасары (1980 жылдан), проректор (1983 жылдан), ҚХР Электроника қоғамының басалқа мүшесі, ҚХР Аз ұлт жазуындағы информацияларды компьютерде өңдеу қоғамының төрағасы, ШҰАР Ғылым жəне техника қауымдастығының тұрақты жорасы, ШҰАРЖОО кəсіптік қызмет атақтарын аттестаттау комиссиясының бастығы, т. б. қызметтерді өтеген. Радио-электроника мамандығын (қазіргі Шинжияң Университеті Электроника факультетінінің тағанын) құрып шыққан. Аз ұлт төте жазуларын компьютерде біржақты ету жүйесін жаратып, «Техникалық Прогрес» сыйлығын алған. «Комьпютер принциптері», «Магнитофонды радиоқабылдағыш», «Калкулятор» т. б. кітаптары жарық көрген жылдары ұлтшыл, ревизионист, шетелге қашқанның ұлы, ақ маман сияқты бөріктермен көрген саяси қақпайы Мəдениет Төнкерісінде ( ) айдалу, күреске алыну мен мырза қамаққа асқынған Сөкең, бертінгі Дың Шяупиң саясатынан соң ғана оң көзге түсе бастайды. Ол жылдары ШҰАР Оқу-ағарту комитеті төрағасының (білім минстрінің) орынбасары, Оқу-ағартуды зерттеу институтының профессоры (1988 ж), ШҰАР-дың төтенше үлесі бар маманы (1990), бұған қоса Чяугуаң шығыс ғылымы мен мəдениеті академиясының мүшесі, ЖОО-ларда білім беруді зерделеу институтының директоры мен аға зерттеушісі болып жұмыс атқарды. Ал, жж, 8- жəне 9- (екі кезектік) Мемлекеттік Халық Құрылтайының (парламент) депутаты, оның Ұлттар Комиссиясының мүшесі болды жылдан бері Дүниежүзі Қазақтары Қауымдастығы Төралқасының мүшесі. Қазір ШҰАР телеуниверситетінің профессоры, ҚР Мұхтар Əуезов атындағы Семей университетінің құрметті профессоры. С. Р. Жанболат 1962 жылдан бастап ғылыми-техникалық очерктері, мақалалары арқылы қаламгерлік жолын бастаған жылдардың аяғынан бастап ғылыми фантастикалық əдебиетпен айналысты жылдан кейін (лабораториядан қол үзіп, техникалық мамандығын жалғастыру мүмкіндігінен айрылған соң) біржолата көркем əдебиетке бұрылады жылдан бастап «Үйсін Хикаясы» атты трилогия сы - «Елжау Күнби», «Саншора Күнби» жəне «Оңғай Күнби» атты төрт томнан тұратын үш романы жарық көрді жəне ҚХР-да мемлекеттік, ШҰАР-лық үздік сыйлықтарға ие болды. Сұлтанның бұдан басқа, «Таластағы жанталас» секілді повестері, үш томдық мақалалар (монографиялық еңбектер)

290 290 АЛТЫНШІ БӨЛІМ топтамасы, сондай-ақ очерктері мен əңгімелер жинақтары, өлеңдері бар. Біз дейтін трилогиясының бірінші томы 2008 жылы, екінші томы 2010 жылы жарық көрді. Ол Қазақстан, Қытай жəне ШҰАР жазушылар одақтарының мүшесі. Президент Н. Ə. Назар баевтың бекітуі арқылы 2001 жылы ҚР-ның тəуелсіздігінің 10 жылдығына орай мерекелік медальмен, 2007 жылы Достық орденімен марапатталған жылы ол Тяншян əдебиет-өнер саласындағы ең жоғарғы үлес сыйлығының тұңғыш иегері болды.

291 ЕЖЕЛГІ ҰЛЫС ТАРИХЫ 291 МАЗМҰНЫ БІРІНШІ БӨЛІМ КІРІСПЕ СӨЗ Айтарымның тобықтай түйіні Сөз орайы келгенде Тəуелсіз ми мен əділ жүрек қана шындыққа апарады Тарихтың түп келбетіне сүйену керек Сөз ұлы дала кешегісінен басталады Дүние тарихының өте маңызды бөлігі Ұлы дала - адамзаттың ежелгі қонысы Əлемдегі этностардың бəрі де метис У-сун ( ) дегенді дұрыс оқу мен əділ аудару керек Байырғы үйсін ұлысы - мемлекеттер құрылған сатыдағы ел Сыма Чян - талайдан шыншыл ғалым Жаң Чян - өз еліне адал елші ЕКІНШІ БӨЛІМ ҮЙСІННІҢ ТЕГІ МЕН ОҒАН ТЕКТЕСТЕР Ұлы далалық сақтар - қадымқы эфиопиялықтардың бір бұтары Үйсіндер - Ұлы далалық сақтардың бір тобы (1) Сақтар сан тайпа болатын... 52

292 292 АЛТЫНШІ БӨЛІМ (2) Сақтар əр түрлі тайпалық тілмен сөйлескен (3) Сақтар недəуір жоғары мəдениет жасаған (4) Үйсін, Қаңлы, Аландардың жұрты - осы сақтардың ұрпағы Үйсін ұлысы ғұн қағанатындағы бір бау еді Үйсін ұлысы Ұлыжүздерге туыс ел Кейінірек моңғол тектілер де араласты Үйсіндер түрік текті ҮШІНШІ БӨЛІМ ТƏУЕЛДІ ҮЙСІН ҰЛЫСЫ Үйсін ұлысының Жетісуға келу алдындағы мекені Үйсін ұлысының Мөде тəңірқұтқа бағынуы Тəңірқұттың əміріндегі үйсіндер Елжаудың тəуелсіздікке беттеуінің себептері Тəуелсіздікке аттанған мезгілі ТӨРТІНШІ БӨЛІМ ТƏУЕЛСІЗ ҮЙСІН ҰЛЫСЫ Үйсін ұлысының б.з.б. - ғасырлардағы қысқаша тарихы Үйсін мемлекетінің демографиясы Үйсін мемлекетінің географиясы Үйсін мемлекетінің түзімі Үйсін мемлекетінің экономикасы Үйсін мемлекетінің мəдениеті Үйсін мемлекетінің қорғанысы

293 293 БЕСІНШІ БӨЛІМ ҮЙСІННІҢ БЕРГІ БЕТАЛЫСЫ Ыдырау артының Хəннен аулақтауға айналуы Үйсіндер жоғалған жоқ Үйсіндердің Түрік қағанатына қосылуы Бүкіл Орта Азияның түріктенуі Бүгінгі қазақты құраған тайпалар тобының бірі - үйсін Қазіргі қазақ халқы (1) Қазақ атының төркіні (этимологиясы) (2) Қазақ атының тарихқа шығуы (3) Қазақ халқының құралуы АЛТЫНШЫ БӨЛІМ Тəңірқұттардың хроникалық көрсеткіші Ұлыжүз, Кушан қағандарының хроникалық көрсеткіші Үйсін күнбилерінің хроникалық көрсеткіші Жылнамалық көрсеткіш Пайдаланған əдебиеттер Автор туралы қысқаша мəлімет

294 294 СҰЛТАН ЖАНБОЛАТ ЕЖЕЛГІ ҰЛЫС ТАРИХЫ (Ерте замандағы үйсін ұлысы туралы зерттеу) Редакторлары Көркемдеуші редакторы Беттеген Ботагөз УАТҚАН, Серік РƏСІЛОВ Бейсен СЕРІКБАЙ Айнагүл АУАНОВА

295 Басуға ж. қол қойылды. Пішімі 70х100 1 / 16. Шартты баспа табағы 24. Есптік баспа табағы 18,5. Таралымы 2000 дана. Офсетті қағаз. Офсеттік басылым. Бағасы келісімді. Тапсырыс 295

296 296 Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы «Атажұрт» баспа орталығы , Алматы қаласы, Ш.Уəлиханов көшесі, 43 А.

Вестник КазНУ. Серия Востоковедения. 2 (51) емес. Өйткені қазақ тіліндегі етістіктен жасалған зат есімдер конструкциядағы жұрнақпен сәйкес ке

Вестник КазНУ. Серия Востоковедения. 2 (51) емес. Өйткені қазақ тіліндегі етістіктен жасалған зат есімдер конструкциядағы жұрнақпен сәйкес ке 32 ҚазҰУ хабаршысы. Шығыстану сериясы. 2 (51). 2010 Мен тамақ ішіп болдым. «了» суффиксінің қолданылуы: 1. Егер толықтауыш алдынан анықтауыш келсе, ол анықтауыш сан есім мен мөлшер сөз иеленген жағдайда:

More information

Е.Ә. Керімбаев 103 деректерінің көрсетуінше гуань юн юйдің шығуы терең тарих қойнауына кетеді. Олардың көбісі 俗, 俚俗, 俚语 «қарапайым тіл» деген аттармен

Е.Ә. Керімбаев 103 деректерінің көрсетуінше гуань юн юйдің шығуы терең тарих қойнауына кетеді. Олардың көбісі 俗, 俚俗, 俚语 «қарапайым тіл» деген аттармен 102 УДК 81 367 Е.Ә. Керімбаев Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, аға оқытушысы, Қазақстан, Алматы қ. e-mail: erker_70@mail.ru Қытай тіліндегі дағдылы тіркестер гуань юн юйдің шығу тарихы және

More information

КӨКБӨРІ МЕН ГРИФОН

КӨКБӨРІ МЕН ГРИФОН УДК 39 (4/9) Құмарұлы Ясин (жазушы, қоғам қайраткері, Қытай Халық Республикасының Үрімші қаласы) Ежелгі түркі тайпаларындағы төтемдік аң-құстар: аңыздық негіздері Аннотация Мақалада грифон, көкбөрі (құсбөрі),

More information

Р.Ө. Досымбекова 71 құбылыстың бастауы болып табылады. «一», «бір» санының оқылуы, тоны, дыбысталуы өте оңай иероглифтің бірі, онда қатаң дыбыс жоқ, ең

Р.Ө. Досымбекова 71 құбылыстың бастауы болып табылады. «一», «бір» санының оқылуы, тоны, дыбысталуы өте оңай иероглифтің бірі, онда қатаң дыбыс жоқ, ең 70 ӘОЖ 811.58 Р.Ө. Досымбекова Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қазақстан, Алматы қ. E-mail: rauan-d@mail.ru Бұл мақалада Қытай еліндегі нумерологияның шығу тарихы қысқаша баяндалады. Қазақ

More information

тарихи құжат қандай жағдайда қалыптасқан? Бұл сұрақтарға жауап алу үшін, біз әуелі хаттың мәнжу тіліндегі аударма нұсқасын қазақ тіліне қайта аударып

тарихи құжат қандай жағдайда қалыптасқан? Бұл сұрақтарға жауап алу үшін, біз әуелі хаттың мәнжу тіліндегі аударма нұсқасын қазақ тіліне қайта аударып Б. ЕЖЕНХАНҰЛЫ ҚР БҒМ ҒК Р. Б. Сүлейменов атындағы Шығыстану институты Азия және Тынықмұхиты аймағы бөлімінің меңгерушісі, т.ғ.д. (Ph.D.), бас ғылыми қызметкер ҚАБАНБАЙ БАТЫРДЫҢ МӨРІ БАСЫЛҒАН ҚАРАҚАЛПАҚТАРДЫҢ

More information

Н. Абдурақын ҚАЗІРГІ ҚЫТАЙ ТІЛІНДЕГІ САН ЕСІМ Заттың саны мен рет-тәртібін білдіретін сөздерді сан есім дейміз. Сан есімдер есептік сан, реттік сан, е

Н. Абдурақын ҚАЗІРГІ ҚЫТАЙ ТІЛІНДЕГІ САН ЕСІМ Заттың саны мен рет-тәртібін білдіретін сөздерді сан есім дейміз. Сан есімдер есептік сан, реттік сан, е первоначальным условием этого было знакомство китайцев с земледелием, развитие которого стало возможным благодаря благоприятным природно-климатическим условиям в среднем течении реки Хуанхэ. Усиление экономической

More information

бастыларының көшірмесін елімізге әкелу тұрғысынан көптеген жұмыстар істеді. Бірақ еліміз ғалымдары нақтылы археологиялық қазу жұмысына әлі араласа алм

бастыларының көшірмесін елімізге әкелу тұрғысынан көптеген жұмыстар істеді. Бірақ еліміз ғалымдары нақтылы археологиялық қазу жұмысына әлі араласа алм Күлтегін ескерткішіндегі қытай жазбасы Күлтегін ескерткішінің орналасқан жері әкімшілік жақтан Орталық Монғолияның Арханғай аймағы, Хашат сұмынына қарасты. Жағрапиялық тұрғыдан Қарақорым қалашығының солтүстігіне

More information

жіктеледі, кӛпше тҥрде қолданылады және тәуелденеді, ал қытай тіліндегі жіктеу есімдіктері септік жалғауларымен қолданылмайды, кӛптелмейді, әрі тәуелд

жіктеледі, кӛпше тҥрде қолданылады және тәуелденеді, ал қытай тіліндегі жіктеу есімдіктері септік жалғауларымен қолданылмайды, кӛптелмейді, әрі тәуелд ҚАЗАҚ АҒЫЛШЫН ЖӘНЕ ҚЫТАЙ ТІЛДЕРІНДЕГІ ЕСІМДІКТЕРДІҢ ТҤР КАТЕГОРИССЫНА САЛЫСТЫРМАЛЫ-САЛҒАСТЫРМАЛЫ ТАЛДАУ Тоқтарбек Қания Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ҧлттық университеті Ғылыми жетекшісі - шетел филологиясы

More information

Қорытынды «Үйретудің жалғыз мақсаты бар: заңнамалар мен ережелерді үйрету, санадан діни экстремизм мен лаңкестік жайлы ойды жою және идеологиялық ауру

Қорытынды «Үйретудің жалғыз мақсаты бар: заңнамалар мен ережелерді үйрету, санадан діни экстремизм мен лаңкестік жайлы ойды жою және идеологиялық ауру Идеологиялық вирусты түп-тамырымен жою Шыңжаң мұсылмандарына қарсы Қытайдың репрессиялық науқаны Қорытынды «Үйретудің жалғыз мақсаты бар: заңнамалар мен ережелерді үйрету, санадан діни экстремизм мен лаңкестік

More information

旅行 Менің аты-жөнім Əсемгүл Сəрсембаева. Мен Ақтөбе қаласындағы 37 мектептің 11-сынып оқушысымын. Қазір Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік

旅行 Менің аты-жөнім Əсемгүл Сəрсембаева. Мен Ақтөбе қаласындағы 37 мектептің 11-сынып оқушысымын. Қазір Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік Актобе - Конфуций 6 2016 阿 克 托 别 孔 子 学 院 旅行 Менің аты-жөнім Əсемгүл Сəрсембаева. Мен Ақтөбе қаласындағы 37 мектептің 11-сынып оқушысымын. Қазір Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті

More information

ҒАЖАЙЫП ҚЫТАЙ 惊人的中国 红山公园 红山公园景区 位于乌鲁木齐市 中心 是一座集旅游观光 古典特色 人文内涵 体育健身为一体的综合性自 然山体公园 也是乌鲁木齐市新十景之 一 红山海拔高910.8米 由于它是由 紫色砂砾岩构成 呈赭红色 故得 红 山 一名 红山的外形像一条巨龙东西 横

ҒАЖАЙЫП ҚЫТАЙ 惊人的中国 红山公园 红山公园景区 位于乌鲁木齐市 中心 是一座集旅游观光 古典特色 人文内涵 体育健身为一体的综合性自 然山体公园 也是乌鲁木齐市新十景之 一 红山海拔高910.8米 由于它是由 紫色砂砾岩构成 呈赭红色 故得 红 山 一名 红山的外形像一条巨龙东西 横 Актобе - Конфуций 7 2016 ҒАЖАЙЫП ҚЫТАЙ 惊人的中国 红山公园 红山公园景区 位于乌鲁木齐市 中心 是一座集旅游观光 古典特色 人文内涵 体育健身为一体的综合性自 然山体公园 也是乌鲁木齐市新十景之 一 红山海拔高910.8米 由于它是由 紫色砂砾岩构成 呈赭红色 故得 红 山 一名 红山的外形像一条巨龙东西 横卧 高昂的龙头伸向乌鲁木齐河 建立于红山之上的红山公园

More information

顺致最崇高的敬意 Аса мҽртебелі құрметпен ХХХ 中华人民共和国主席 ( 签字 ) Қытай Халық Республикасының тҿрағасы (таңба) 一九九 年 月 日于 күні, айы, жылы 普通照会例三 : 申办领事认证事宜 Вервал

顺致最崇高的敬意 Аса мҽртебелі құрметпен ХХХ 中华人民共和国主席 ( 签字 ) Қытай Халық Республикасының тҿрағасы (таңба) 一九九 年 月 日于 күні, айы, жылы 普通照会例三 : 申办领事认证事宜 Вервал УДК 811.581: 341.7 (093) ҚАЗІРГІ ЗАМАНҒЫ ҚЫТАЙ ТІЛІНДЕГІ РЕСМИ ЖӘНЕ ДИПЛОМАТИЯЛЫҚ ҚҦЖАТТАР Әмірғалиева А.М. Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің студенті, Астана ХІХ ғасырдың соңы ХХ ғасырдың

More information

Презентация PowerPoint

Презентация PowerPoint Қытай кескіндемесі Қытай кескіндемесі Қытай суретшілері мен сәулетшілері өздерінің дүниетаным заңдылықтары туралы түсініктері мен көзқарастарын кеңейту мақсатымен, бірде Мүсін өнері рельефке бет бұрса,

More information

МАЗМҰНЫ АНЫҚТАМАЛАР...3 КІРІСПЕ ҚАЗАҚ-ҚЫТАЙ ТІЛДЕРІНДЕГІ САНДАРДЫҢ ТАНЫМДЫҚ СИПАТЫ 1.1 Нумерология және концепт Киелі сандардың лингвом

МАЗМҰНЫ АНЫҚТАМАЛАР...3 КІРІСПЕ ҚАЗАҚ-ҚЫТАЙ ТІЛДЕРІНДЕГІ САНДАРДЫҢ ТАНЫМДЫҚ СИПАТЫ 1.1 Нумерология және концепт Киелі сандардың лингвом Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті ӘОЖ 81 35; 81 26; 81-13 Қолжазба құқығында ДОСЫМБЕКОВА РАУАН ОРИКБАЕВНА Қазақ және қытай тілдеріндегі сан мәдениетінің ұлттық ерекшеліктері 6D020900 Шығыстану

More information

HP LaserJet M2727 MFP Series User Guide - KKWW

HP LaserJet M2727 MFP Series User Guide - KKWW HP LaserJet M2727 көп функциялы принтері Пайдаланушы нұсқаулығы Авторлық құқық жəне лицензия 2007 Copyright Hewlett-Packard Development Company, L.P. Авторлық құқық жөніндегі заңдарға сəйкес жағдайлардан

More information

HP LaserJet P1000 and P1500 Series User Guide - KKWW

HP LaserJet P1000 and P1500 Series User Guide - KKWW HP LaserJet P1000 æ íå P1500 Cepèÿëû Ïàéäàëàíóøû Hµñºàóëû û HP LaserJet P1000 жəне P1500 Сериялы Пайдаланушы Нұсқаулығы Авторлық құқықтар жəне Лицензия 2007 Copyright Hewlett-Packard Development Company,

More information

HP Color LaserJet CP1510 Series User Guide - KKWW

HP Color LaserJet CP1510 Series User Guide - KKWW HP Color LaserJet CP1510 Сериялы Принтер Пайдаланушы нұсқаулығы Авторлық құқық жəне лицензия 2007 Copyright Hewlett-Packard Development Company, L.P. Авторлық құқық жөніндегі заңдарға сəйкес жағдайлардан

More information

HP LaserJet M1120 MFP Series User Guide - KKWW

HP LaserJet M1120 MFP Series User Guide - KKWW HP LaserJet M1120 көп функциялы принтер сериясы Пайдаланушы нұсқаулығы Авторлық құқықтар жəне лицензия 2008 Copyright Hewlett-Packard Development Company, L.P. Авторлық құқық жөніндегі заңдарға сəйкес

More information

HP Color LaserJet CP1210 Series Printer User Guide - KKWW

HP Color LaserJet CP1210 Series Printer User Guide - KKWW HP Түсті LaserJet CP1210 Сериялы Принтер Пайдаланушы Нұсқаулығы Авторлық Құқық жəне Лицензия 2007 Copyright Hewlett-Packard Development Company, L.P. Авторлық құқық жөніндегі заңдарға сəйкес жағдайлардан

More information

Microsoft Word - ветсертификат на лошадей, docx

Microsoft Word - ветсертификат на лошадей, docx Қазақстан Республикасынан Қытай Халық Республикасына экспортталатын тұқымдас жануарлардың саулығы жөніндегі сертификат Health Certificate on equidae animals intended for export from The Republic of Kazakhstan

More information

1.ai

1.ai LED ТЕЛЕДИДАРЫ Пайдалану жөніндегі нұсқаулық LE32M3570/60 LE43M3570/60 2017 AOC. Барлық құқықтар қорғалған. АОС теледидарын сатып алғаныңыз үшін алғыс білдіреміз. Теледидарды қосар алдында қауіпсіздік

More information

Урок2 кит. язык

Урок2 кит. язык Уроќ 2. Что э то? Э.то сюрпри з! 这是什么? 这是一个惊喜! Что э то? Э.то сюрпри з! 这是什么? 这是一个惊喜! Диалоѓ: Что э то? Э.то сюрпри з!/ 对话 : 这是什么? 这是一个惊喜! Э)то сюрпри з! Что э то? 这是什么? 这是一个惊喜! Курье р 快递员 Ири на Смирно

More information

Индекс Сақтық шаралары мен ескертулер...қазақ-1 Маңызды қауіпсіздік нұсқаулары...қазақ-2 Маңызды ақпарат...қазақ-4 Лицензиялық хабарлама мен сауда бел

Индекс Сақтық шаралары мен ескертулер...қазақ-1 Маңызды қауіпсіздік нұсқаулары...қазақ-2 Маңызды ақпарат...қазақ-4 Лицензиялық хабарлама мен сауда бел Үлкен пішімді дисплей Пайдаланушы нұсқаулығы E656 E556 E506 E436 E326 Үлгі атауы дисплейдің артқы жағындағы затбелгіде көрсетілген. Индекс Сақтық шаралары мен ескертулер...қазақ-1 Маңызды қауіпсіздік нұсқаулары...қазақ-2

More information

К а к и м о в А. К Т у с и п о в Н.О., Е р е н г а л и е в А.Е М а с л е н н и к о в C J L Т А М А Қ Ө Н Д І Р І С І Н І Ң П Р О Ц Е С Т Е Р І М Е Н А

К а к и м о в А. К Т у с и п о в Н.О., Е р е н г а л и е в А.Е М а с л е н н и к о в C J L Т А М А Қ Ө Н Д І Р І С І Н І Ң П Р О Ц Е С Т Е Р І М Е Н А К аким ов Ä.K., Тусипов Н.О. Еренгалиев А.Е., М асленников С.Л. К а к и м о в А. К Т у с и п о в Н.О., Е р е н г а л и е в А.Е М а с л е н н и к о в C J L Т А М А Қ Ө Н Д І Р І С І Н І Ң П Р О Ц Е С Т

More information

* * GW2006-TA-010 2010 /2 22 90 116 Quarterly Journal of Intenational Politics 90 20 90 1 1 2002 91 1 2 2004 3 Комиссина И. Н. Куртов А. А. 1 2004 21 2005 2007 2007 2007 2 2007 5 37 42 3 http / /www. yspworld.

More information

нация nation государство, state нация nation этнос, ethnic нация(государство) - ethnic nationality русская нация татарская нация русская этнона

нация nation государство, state нация nation этнос, ethnic нация(государство) - ethnic nationality русская нация татарская нация русская этнона SOCIOLOGY OF ETHNICITY 58 2009 12 10 Association of Sociology of Ethnicity Sociology Society of China Institute of Sociology and Anthropology Peking University 1 2 19 нация nation государство, state нация

More information

Под общей редакцией М. Ф. Муртазина А. А. Нуруллаева Ислам и мусульмане в России. Сборник

Под общей редакцией М. Ф. Муртазина А. А. Нуруллаева Ислам и мусульмане в России. Сборник * ** * ** 2014 14ZDB060 210 2017 1 5 1 1917 2000 2. 6 1. 5 1917 12 3 2 1918 2 2 1 2 Под общей редакцией М. Ф. Муртазина А. А. Нуруллаева Ислам и мусульмане в России. Сборник статей Москва 1999 г стр. 118.

More information

( ) 182 ( CIP) /,. 2. :, 2005 ISBN 7-81078 -596-6............ - - -. F842. 3 CIP ( 2005) 141447 2005 ( ) : 12 : 100029 : http: / / www. uibep. com : 1

( ) 182 ( CIP) /,. 2. :, 2005 ISBN 7-81078 -596-6............ - - -. F842. 3 CIP ( 2005) 141447 2005 ( ) : 12 : 100029 : http: / / www. uibep. com : 1 ) ( ) 182 ( CIP) /,. 2. :, 2005 ISBN 7-81078 -596-6............ - - -. F842. 3 CIP ( 2005) 141447 2005 ( ) : 12 : 100029 : http: / / www. uibep. com : 140mm 203mm 16 401 2006 1 2 2006 1 1 ISBN 7-81078-

More information

标题

标题 永 州 党 史 人 物 故 事 丛 书 李 达 的 故 事 赖 中 霖 摇 主 编 湖 南 人 民 出 版 社 摇 本 作 品 中 文 简 体 版 权 由 湖 南 人 民 出 版 社 所 有 摇 未 经 许 可, 不 得 翻 印 摇 图 书 在 版 编 目 (CIP) 数 据 摇 李 达 的 故 事 / 赖 中 霖 主 编 郾 长 沙 : 湖 南 人 民 出 版 社, 2013 郾 1 ( 永 州

More information

: 1868 [1](P. 174) ( ) : ( Революционер - человек обреченный) : : 3 ( 162 )??

: 1868 [1](P. 174) ( ) : ( Революционер - человек обреченный) : : 3 ( 162 )?? 4 : J 80 : A : 0257-943X(2013)02-0004 - 20 1922 (новый антропологический тип) (новый молодой человек - не русский а интернациональный по своему типу) ( ) 1 5 1861 17 25 : 1868 [1](P. 174) 2 19 60 ( ) :

More information

30 3 2011 366 382 Studies in the History of Natural Sciences Vol. 30 No. 3 2011 1. 2 100190 1. 2 N092 A 1000-0224 2011 03-0366-17 0 1 20 50 60 50 2010-11-02 2011-05-12 1972 2006 GZ01-07-01 3 367 2 1958

More information

建筑学院建筑学本科专业建设发展规划.doc

建筑学院建筑学本科专业建设发展规划.doc 郑 州 大 学 建 筑 学 院 建 筑 学 本 科 专 业 建 设 发 展 规 划 (2015-2018) 编 制 人 : 郑 东 军 联 系 电 话 :13903719743 1. 专 业 定 位 及 人 才 培 养 目 标 1.1 专 业 定 位 坚 持 求 实 创 新 的 办 学 思 想 以 国 家 和 行 业 发 展 需 求 为 导 向, 围 绕 中 原 城 乡 建 设 的 需 求, 追 踪

More information

Microsoft Word - 黃玉緞 _民間文學教案設計_民歌擬作舉隅

Microsoft Word - 黃玉緞 _民間文學教案設計_民歌擬作舉隅 2016 海 峽 兩 岸 民 間 文 學 學 術 研 討 會 地 點 : 中 國 文 化 大 學 曉 峰 紀 念 館 時 間 :2016 年 5 月 13 日 民 間 文 學 教 案 設 計 : 民 歌 擬 作 舉 隅 黃 玉 緞 一 前 言 筆 者 於 上 個 學 年 起 開 始 任 教 本 校 中 文 系 文 藝 組 民 間 文 學 課, 依 循 文 化 大 學 大 學 部 民 間 文 學 課

More information

untitled

untitled ISBN 753387669C 5.00 2005 6 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28 29 30 31 32 33 34 35 36 37 38 39 40 41 42 43 44 45 46 47 48 49 50 51 52 53 54 55 56 57 58 59 60 61

More information

untitled

untitled 太平广记 五 宋 李昉 等著 1 出版社 中国计量出版社 书号 ISBN 7-5026-2028-5 版权所有 北京烨子工作室 类别 历史文学名著 出版时间 2005-1-1 字数 29万 内容提要 臣昉等言 臣先奉敕撰集太平广记五百卷者 伏以六籍既 分 九流并起 皆得圣人之道 以尽万物之情 足以启迪聪明 鉴照今古 伏惟皇帝陛下 体周圣启 德迈文思 博综群言 不遗众善 以为编秩既广 观览难周 故使采拮菁英

More information

BQY.PS2

BQY.PS2 中 华 藏 典 之 : 人 生 百 科 全 书 第 四 卷 主 编 齐 豫 生 夏 于 全 吉 林 摄 影 出 版 社 责 任 编 辑 : 程 琳 封 面 设 计 : 胡 凯 中 华 藏 典 人 生 百 科 全 书 齐 豫 生 夏 于 全 主 编 吉 林 摄 影 出 版 社 ( 长 春 市 人 民 大 街 124 号 ) 787 1092 毫 米 16 开 字 数 :3900 千 字 2002 年

More information

<4D6963726F736F667420576F7264202D20322EABEDA473A5C1B6A1B6C7BBA1AAECB1B42E646F63>

<4D6963726F736F667420576F7264202D20322EABEDA473A5C1B6A1B6C7BBA1AAECB1B42E646F63> 東 華 人 文 學 報 第 十 九 期 2011 年 7 月 頁 9-63 東 華 大 學 人 文 社 會 科 學 學 院 恆 山 民 間 傳 說 初 探 丁 肇 琴 提 要 筆 者 2010 年 7 月 至 山 西 師 範 大 學 參 加 東 方 文 學 與 藝 術 國 際 學 術 研 討 會, 提 出 恆 山 民 間 傳 說 初 探 以 文 獻 資 料 為 範 圍 一 文, 會 後 赴 大 同

More information

Microsoft Word - 8-柯香君-原稿初修-0516.doc

Microsoft Word - 8-柯香君-原稿初修-0516.doc 逢 甲 人 文 社 會 學 報 第 14 期 第 99-129 頁 2007 年 6 月 逢 甲 大 學 人 文 社 會 學 院 明 代 徽 商 與 戲 曲 關 係 之 研 究 柯 香 君 摘 要 明 代 中 葉, 商 業 經 濟 繁 盛, 新 興 商 幫 勢 力, 成 為 主 導 明 代 戲 曲 走 向 之 重 要 群 體 組 織 以 鹽 致 富 之 徽 商, 在 快 速 累 積 財 富 後, 並

More information

书 名 : 额 尔 古 纳 河 右 岸 作 者 : 迟 子 建 出 版 社 : 北 京 十 月 文 艺 出 版 社 出 版 日 期 :2005-12-1 开 本 : 正 16 开 页 数 :262 ISBN:7530208365 1

书 名 : 额 尔 古 纳 河 右 岸 作 者 : 迟 子 建 出 版 社 : 北 京 十 月 文 艺 出 版 社 出 版 日 期 :2005-12-1 开 本 : 正 16 开 页 数 :262 ISBN:7530208365 1 书 名 : 额 尔 古 纳 河 右 岸 作 者 : 迟 子 建 出 版 社 : 北 京 十 月 文 艺 出 版 社 出 版 日 期 :2005-12-1 开 本 : 正 16 开 页 数 :262 ISBN:7530208365 1 国 作 协 会 员, 黑 龙 江 省 作 家 协 会 副 主 席 迟 子 建, 女,1964 出 生, 汉 族, 著 名 作 家 中 迟 子 建 是 当 代 中 国 具

More information

Ps22Pdf

Ps22Pdf : : : ( 124 ) 7871092 16 95 1500 2002 7 1 2002 7 1 : 3000 ISBN7538505644/ I403 : 128000 : : : : : : ,,,,,,,,,,,!,,,,, :,,,, ;,;,, ;,?,,, :,,,,,, :,,,,,,,,,,,, :,,,,,,, ,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,, :,,,

More information

)001 (131 ) 8501168 32 380 1998 9 1 1998 9 1 : 1-1000 ISBN 7-224 - - / : 28. 50

)001 (131 ) 8501168 32 380 1998 9 1 1998 9 1 : 1-1000 ISBN 7-224 - - / : 28. 50 )001 (131 ) 8501168 32 380 1998 9 1 1998 9 1 : 1-1000 ISBN 7-224 - - / : 28. 50 1,,,,,,,,,,,,,,, :,,,,,,,,,, :,, 2,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,, 3,, :,,,,,,,,, 1997 3 26 1,,,,,,,,,? 1.,,,,,,,,, ;,,,,,

More information

湖北省高中课程改革重大项目

湖北省高中课程改革重大项目 媒 体 眼 中 的 武 汉 外 国 语 学 校 李 鸿 朗 主 编 2008 年 10 月 前 言 武 汉 外 国 语 学 校 是 在 周 恩 来 和 陈 毅 等 国 家 领 导 人 亲 切 关 怀 下, 于 六 十 年 代 初 期 建 立 的 全 国 首 批 7 所 外 国 语 学 校 之 一 武 汉 外 国 语 学 校 的 发 展 经 历 了 四 个 阶 段 创 办 初 期, 老 一 代 武 外

More information

...T.U.p65

...T.U.p65 3 1 2 3 4 5 10 12 14 16 18 22 24 26 28 30 6 36 38 40 42 44 48 50 52 54 56 7 58 60 62 64 66 70 72 74 76 78 81 8 10 11 12 有電子字典 會使 用字典 讀書認字 更容易 教學說明 1 指導查字典的方法 2 舉例說明如何找出部首 13 14 教學說明 1 介紹收看新聞的各種方法 2 介紹一般報紙登載的內容

More information

Ps22Pdf

Ps22Pdf ( 4 ) : : : : : 25 : 010 61265727 : 102600 : : 400 : 787 1092 : 5000 : 2007 11 1 ISBN 978-7 - 900722-98 - 0 : 20, 100, 1800. 00 ( ) ( 1 ) ( 4 ) ( 7 ) ( 10 ) ( 13 ) ( 14 ) ( 16 ) ( 18 ) ( 20 ) ( 22 ) (

More information

untitled

untitled ISBN L-0000-00753/ I222 : 15 00 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28 29 30 31 32 33 34 35 36 37 38 39 40 41 42 43 44 45 46 47 48 49 50 51 52 53 54 55 56 57 58 59 60

More information

()001 ( 131 ) : ISBN / I1021 :7.50

()001 ( 131 ) : ISBN / I1021 :7.50 ()001 ( 131 ) 787 1092 32 7 118 1998 9 1 1998 9 1 : 110000 ISBN 7-224 - 04867-4/ I1021 :7.50 ,,,,,,,,,,,?,,,, 1 ,,,,,, :, ;,,,,,,,, 1998.7. 2 ,,,,,,,!,,,?,, :!, ( :, 1 ),,??,?,,,,,,,,,, :,?, :,,,,,,,!,

More information

Ps22Pdf

Ps22Pdf ( 4 ) : : : : : 25 : 010 61265727 : 102600 : : 400 : 787 1092 : 5000 : 2007 11 1 ISBN 978-7 - 900722-98 - 0 : 20, 100, 1800. 00 ( ) ( 1 ) ( 2 ) ( 3 ) ( 4 ) ( 5 ) ( 8 ) ( 10 ) ( 10 ) ( 12 ) ( 12 ) ( 13

More information

马来西亚、约旦(上).doc

马来西亚、约旦(上).doc ( 20 010010) 787 1092 1/32 498.25 4 960 2004 9 1 2004 9 1 1 500 ISBN 7-204-05944-1/K 02 1600.00 ( 20.00 ) ...1...6...44 1 2 3 4 5 6 7 8 . 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28 29

More information

untitled

untitled ISBN L-0000-00774/ I246.4 : 15 00 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28 29 30 31 32 33 34 35 36 37 38 39 40 41 42 43 44 45 46 47 48 49 50 51 52 53 54 55 56 57 58 59

More information

()001 ( 131 ) : ISBN / I1020 :6.50

()001 ( 131 ) : ISBN / I1020 :6.50 ()001 ( 131 ) 7871092 32 6.25 106 1998 9 1 1998 9 1 : 110000 ISBN 7-224 - 04866-6/ I1020 :6.50 ,,,,,,,,,,,?,,,, 1 ,,,,,, :, ;,,,,,,,, 1998.7. 2 ,,,,,,,!,,,?,, :!, ( :, 1 ),,??,?,,,,,,,,,, :,?, :,,,,,,,!,

More information

CIP /. - 2000. ISBN 7-8049 - 409 - Ⅰ. Ⅱ. Ⅲ. - Ⅳ. D7 CIP 2000 69293 5 6539963 00732 http / /www. ssdph. com. cn 850 68 /32 4. 375 348 2000 2000 ISBN 7-8049 - 409 - /D 055 25. 00 2 8 20 20 28 37 37 45 59

More information

摇 图 书 在 版 编 目 (CIP) 数 据 摇 中 华 人 民 共 和 国 道 路 交 通 安 全 法 释 义 / 张 世 诚 主 编. - 北 京 : 中 国 长 安 出 版 社,2003. 10 摇 ISBN 7-80175-117-5 摇 玉. 中... 域. 张... 芋. 公 路 运

摇 图 书 在 版 编 目 (CIP) 数 据 摇 中 华 人 民 共 和 国 道 路 交 通 安 全 法 释 义 / 张 世 诚 主 编. - 北 京 : 中 国 长 安 出 版 社,2003. 10 摇 ISBN 7-80175-117-5 摇 玉. 中... 域. 张... 芋. 公 路 运 中 华 人 民 共 和 国 道 路 交 通 安 全 法 释 义 主 摇 编 摇 张 世 诚 撰 稿 人 摇 张 世 诚 李 摇 敏 张 摇 岩 摇 图 书 在 版 编 目 (CIP) 数 据 摇 中 华 人 民 共 和 国 道 路 交 通 安 全 法 释 义 / 张 世 诚 主 编. - 北 京 : 中 国 长 安 出 版 社,2003. 10 摇 ISBN 7-80175-117-5 摇 玉. 中...

More information

SOCIAL SCIENCES ACADEMIC PRESS CHINA Ⅰ Ⅱ 2 Ⅲ Ⅳ !!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!

More information

1 63 Дальнейшие Задачи

1 63 Дальнейшие Задачи 35 1 2014 62 ~ 73 The Chinese Journal for the History of Science and Technology Vol. 35 No. 1 2014 621000 100190 1954 12 1950 N092 Q-092 A 1673-1441 2014 01-0062-12 1952 В. Н. Сукачeв 1880 ~ 1967 Ботанический

More information

计算机网络与经济(二).doc

计算机网络与经济(二).doc 400................................. 3.COM 60... 4%... I 400 3.Com

More information

教 务 信 息 教 学 日 常 运 行 工 作 4 月 6 日, 教 务 部 高 丽 琴 老 师 参 加 南 昌 市 教 育 局 2016 年 中 小 学 教 师 资 格 认 定 工 作 培 训 会 2016 年 教 师 资 格 认 定 工 作 是 从 省 考 向 国 考 过 渡 后 的 第 一 次

教 务 信 息 教 学 日 常 运 行 工 作 4 月 6 日, 教 务 部 高 丽 琴 老 师 参 加 南 昌 市 教 育 局 2016 年 中 小 学 教 师 资 格 认 定 工 作 培 训 会 2016 年 教 师 资 格 认 定 工 作 是 从 省 考 向 国 考 过 渡 后 的 第 一 次 教 学 动 态 江 西 农 业 大 学 南 昌 商 学 院 教 务 部 主 办 2016 年 第 3 期 ( 总 第 45 期 ) 本 期 导 读 教 务 信 息 系 部 动 态 督 导 之 声 联 系 电 话 : 0791-83901432 电 子 邮 箱 :18251930216@163.com ( 本 期 共 印 18 份 2016 年 5 月 17 日 ) 教 务 信 息 教 学 日 常 运

More information

Microsoft PowerPoint - 2012?????????3 [Compatibility Mode]

Microsoft PowerPoint - 2012?????????3 [Compatibility Mode] 叶 师 傅 教 你 2012 龙 年 家 居 风 水 招 财 布 局 出 行 注 意 事 项 精 点 十 二 生 肖 龙 年 运 程 方 法 简 单 实 用 一 看 便 会 智 贤 庄 命 理 风 水 网 叶 沛 明 奇 门 遁 甲 为 你 运 筹 帷 幄 创 先 机 http://www.zhixianzhuangfs.com 简 介 古 人 有 学 识 奇 门 遁 能 把 天 下 论 之 说 法,

More information

派遣公司人力資源管理措施對派遣人員離職傾向之影響:

派遣公司人力資源管理措施對派遣人員離職傾向之影響: 96 李 公 達 (2014) 實 務 報 告 [ 稿 件 來 源 ]: 大 陸 地 區 [ 文 獻 引 用 ]: 李 公 達 (2014) 大 力 發 展 職 業 教 育 培 訓, 提 升 農 村 勞 動 者 轉 移 就 業 能 力 就 業 與 勞 動 關 係,4(1), 96 100 就 業 與 勞 動 關 係 季 刊 尊 重 人 的 無 限 潛 能 大 力 發 展 職 業 教 育 培 訓 提

More information

966 ~ 967 8 966 9 5 40 4 5 9 5 6 0% 7 9 7 6 606 4 000 8 4 40 790 50 40 9 / ~ 6 7 9 4 5 6 7 9 7799 867 790 65 47 405 576 49 50 40 089 089 780 55 78 0 9

966 ~ 967 8 966 9 5 40 4 5 9 5 6 0% 7 9 7 6 606 4 000 8 4 40 790 50 40 9 / ~ 6 7 9 4 5 6 7 9 7799 867 790 65 47 405 576 49 50 40 089 089 780 55 78 0 9 05 4 46 966 ~ 967 * K7 A 00-708 05 04-006 - 966 9 5 4 5 966 6 0 6 8 6 * JHQ0 967 9 966 967 0 99 00 5 005 844 4 966 9 5 5 994 4 9 6 988 77 6 966 ~ 967 8 966 9 5 40 4 5 9 5 6 0% 7 9 7 6 606 4 000 8 4 40

More information

图书在版编目 CIP 数据 李济深与苍梧故居 / 民革中央宣传部编. -- 北京 团结出版社 2013.6 ISBN 978-7-5126-1916-6 Ⅰ. ①李 Ⅱ. ①民 Ⅲ. ①李济深 1885~1959 传记②名人 故居 介绍 苍梧县 Ⅳ. ① K827=7②K878.2 中国版本图书馆C

图书在版编目 CIP 数据 李济深与苍梧故居 / 民革中央宣传部编. -- 北京 团结出版社 2013.6 ISBN 978-7-5126-1916-6 Ⅰ. ①李 Ⅱ. ①民 Ⅲ. ①李济深 1885~1959 传记②名人 故居 介绍 苍梧县 Ⅳ. ① K827=7②K878.2 中国版本图书馆C 丛书编委会 总 顾 问 周铁农 万鄂湘 齐续春 顾 问 朱培康 卞晋平 常荣军 尚明轩 编委会主任 修福金 编委会委员 程崇庆 傅惠民 周天鸿 刘新文 高小玫 夏 涛 李晓东 吴先宁 丛 书 主 编 王秉默 执 行 委 员 刘则永 刘玉霞 金绮寅 1 图书在版编目 CIP 数据 李济深与苍梧故居 / 民革中央宣传部编. -- 北京 团结出版社 2013.6 ISBN 978-7-5126-1916-6

More information

Урок10 кит. язык

Урок10 кит. язык Уро к 10. Да рим пода рки! 第 10 课 送礼物! Пода рок А3не 给安娜的礼物 Ка тя, приве т! Как твои дела? О, приве т, Анто н! Всё хорошо, спаси бо! А ты как? Я норма льно. Я звоню тебе, потому что у меня пробле ма. Я

More information

(CIP) : /. :, 2004 ISBN T S CIP (2004) (1 : ) : * : : :

(CIP) : /. :, 2004 ISBN T S CIP (2004) (1 : ) : * : : : (CIP) : /. :, 2004 ISBN 7 5045 4510 4.... T S974. 2 CIP (2004) 044759 (1 : 100029 ) : * 787 1092 16 8. 25 176 2004 6 1 2004 6 1 : : 15. 00 : 010 64929211 : 010 64911190 : http: / / www. class. com. cn

More information

<5BCAC0BDE7C8ABCAB7A3BACAC0BDE7CDA8CAB75D2EC7F1BFC6C6BD2EC9A8C3E8B0E62E706466>

<5BCAC0BDE7C8ABCAB7A3BACAC0BDE7CDA8CAB75D2EC7F1BFC6C6BD2EC9A8C3E8B0E62E706466> T h e O f f i c i a l H i s t o r y O f T h e W o r l d 12/ 14/ 5 1 16/ 16/ 18/ 20/ 22/ 24/ 26/ 28/ 32/ 34/ 36/ 37/ 38/ 40/ 45/ 46/ 48/ 50/ 52/ 54/ 56/ 58/ 61/ 62/ 64/ 66/ 68/ 69/ 71/ 72/ 73/ 74/ 76/

More information

Урок3 кит. язык

Урок3 кит. язык Уроќ 3. Э*то моя семья! 这是我的家庭 Чья э то сва дьба? 这是谁的婚礼? Диало г 1: Чья э то сва дьба? / 对话 1: 这是谁的婚礼? Приве т, Ири на! Что ты де лаешь? 你好! 伊利娜! 你在做什么? Я смотрю фотогра фии. 我在看照片 О, э то сва дьба! Чья

More information

( CIP) : /,. :, 2003.10 ISBN 7-81079 - 314-4.... F127 CIP (2003) 092358 : : : (8620) 85226521 85226593 85221601 (8620) 85225284 85228291 85220602 ( )

( CIP) : /,. :, 2003.10 ISBN 7-81079 - 314-4.... F127 CIP (2003) 092358 : : : (8620) 85226521 85226593 85221601 (8620) 85225284 85228291 85220602 ( ) ( CIP) : /,. :, 2003.10 ISBN 7-81079 - 314-4.... F127 CIP (2003) 092358 : : : (8620) 85226521 85226593 85221601 (8620) 85225284 85228291 85220602 ( ) : (8620) 85221583 ( ) 85223774 ( ) : 510630 : http:

More information

( )

( ) ( ) , 2006 /. : ISBN7-80135 - 721-3................ I11 CIP ( 2006) 015417 2006 7 1 1 : 850 1168 1 /32 : 190 : 3958 ISBN7-80135 - 721-3 : 696. 00 ( 29. 00) ( ADD: 10 ) P. C: 100024 Tel: 010-65477339 010-65740218

More information

( )

( ) ( ) , 2006 /. : ISBN7-80135 - 721-3................ I11 CIP ( 2006) 015417 2006 7 1 1 : 850 1168 1 /32 : 190 : 3958 ISBN7-80135 - 721-3 : 696. 00 ( 29. 00) ( ADD: 10 ) P. C: 100024 Tel: 010-65477339 010-65740218

More information

( )

( ) ( ) ( CIP ) /. :, 2006 ISBN 7-80135 - 721-3................ I11 CIP ( 2006) 015417 2006 7 1 1 : 850 1168 1 /32 : 190 : 3958 ISBN 7-80135 - 721-3 : 696. 00 ( 29. 00) ( ADD: 10 ) P. C: 100024 Tel: 010-65477339

More information

( )

( ) ( ) ( CIP ) /. :, 2006 ISBN 7-80135 - 721-3................ I11 CIP ( 2006) 015417 2006 7 1 1 : 850 1168 1 /32 : 190 : 3958 ISBN 7-80135 - 721-3 : 696. 00 ( 29. 00) ( ADD: 10 ) P. C: 100024 Tel: 010-65477339

More information

Ps22Pdf

Ps22Pdf ( ) [ ] ( 1619 1692 ) ( CIP) /. :, 2006. 5 ISBN 7-80135 - 739-6......... - -. 211 CIP ( 2005) 131428 [ ] 2006 5 1 1 : 1 /32 : 195 : 5066 ISBN 7-80135 - 739-6 : 526. 00 ( 26. 30 ) ( ADD: 10 ) P. C. : 100024

More information

Ps22Pdf

Ps22Pdf ( ) ,,,,,,,,,,, (CIP). () /. 2 :, 2003. 9 ISBN 7-81045 - 824-8... - : -. G723.4 - CIP (2001)029424 / / 5 / 100081 / (010 ) 68914775 () 68912824 ( ) / http:/ / www. bitpress. com. cn / chiefedit @bitpress.

More information

摇 图 书 在 版 编 目 (CIP) 数 据 摇 保 险 代 理 从 业 人 员 资 格 考 试 复 习 指 南 (2010 年 最 新 版 ) / 索 晓 辉 编 著. 北 京 : 中 国 市 场 出 版 社,2010. 8 摇 ISBN 978-7 - 5092-0671 - 3 摇 玉. 淤

摇 图 书 在 版 编 目 (CIP) 数 据 摇 保 险 代 理 从 业 人 员 资 格 考 试 复 习 指 南 (2010 年 最 新 版 ) / 索 晓 辉 编 著. 北 京 : 中 国 市 场 出 版 社,2010. 8 摇 ISBN 978-7 - 5092-0671 - 3 摇 玉. 淤 保 险 代 理 从 业 人 员 资 格 考 试 复 习 指 南 (2010 年 最 新 版 ) 索 晓 辉 摇 编 著 摇 图 书 在 版 编 目 (CIP) 数 据 摇 保 险 代 理 从 业 人 员 资 格 考 试 复 习 指 南 (2010 年 最 新 版 ) / 索 晓 辉 编 著. 北 京 : 中 国 市 场 出 版 社,2010. 8 摇 ISBN 978-7 - 5092-0671 -

More information

( CIP), 2006. 1 ISBN 7-5433 - 1918-7 /. :.......... R289. 4 CIP ( 2005 ) 090958 : : : 244 : 300192 : 022-87894896 : 022-87895650 : www. tsttpc. com :

( CIP), 2006. 1 ISBN 7-5433 - 1918-7 /. :.......... R289. 4 CIP ( 2005 ) 090958 : : : 244 : 300192 : 022-87894896 : 022-87895650 : www. tsttpc. com : ( CIP), 2006. 1 ISBN 7-5433 - 1918-7 /. :.......... R289. 4 CIP ( 2005 ) 090958 : : : 244 : 300192 : 022-87894896 : 022-87895650 : www. tsttpc. com : : : 8501168 32 13. 625 330 2006 1 1 2006 1 1 : 18.

More information

World Bank Document

World Bank Document Public Disclosure Authorized Henan Provincial Audit Office of the People's Republic of China 30 JU 2018 Public Disclosure Authorized Public Disclosure Authorized Audit Report $W1T*. C2018) 71 # HEA AUDIT

More information

Ps22Pdf

Ps22Pdf 77 (266071 ) http:/ / www.qdpub.com 13335059110 ( 0532) 85814611 8664 (0532 )85814750 2006 6 1 2006 6 1 16 (640mm 960mm) ISBN 7 5436 3697 2 318.00 ( 8 ) ( 0532)85814926, : ( 0532 ) 85814611 8628 , 7000,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,

More information

連弘宜 Vladimir Putin Владимир Путин Kaliningrad South Ossetia Dmitri Medvedev Дмитрий Медведев Sergei Lavrov Сергей Лавров Barak Obama Joe Biden Hillary Clinton 42 Boris Yeltsin Борис Ельцин 1 2005 191-194

More information

Katarsis Abstract: This project explores the religiousness of Soviet major works in an epoch of cultural transformation, i.e years of XX centur

Katarsis Abstract: This project explores the religiousness of Soviet major works in an epoch of cultural transformation, i.e years of XX centur Katarsis Abstract: This project explores the religiousness of Soviet major works in an epoch of cultural transformation, i.e. 20-30 years of XX century. Our interest stays in N. Ostrovsky (exemplary writer

More information

на сайт кит

на сайт кит Уро к 9. Разгово р по телефо ну 第 9 课电话对话 Выздора вливай! 问号! Алл о, Мариэ н, приве т. Тебе удо бно говори ть 喂, 马里恩, 你好 你方便说话吗? Приве т! Да, удо бно. Но у меня есть то лько не сколько мину т. 你好! 方便 但我只有几分钟时间

More information

<4D6963726F736F667420576F7264202D20C8ABCEC42020A1B6D6D0B9FABDFCCFD6B4FACAB7B8D9D2AAA1B7BEABB2CABDCCB0B82E646F63>

<4D6963726F736F667420576F7264202D20C8ABCEC42020A1B6D6D0B9FABDFCCFD6B4FACAB7B8D9D2AAA1B7BEABB2CABDCCB0B82E646F63> 第 三 批 高 等 学 校 国 家 级 特 色 专 业 建 设 点 思 想 政 治 教 育 建 设 成 果 长 江 师 范 学 院 中 国 近 现 代 史 纲 要 课 程 教 学 范 式 改 革 成 果 长 江 师 范 学 院 思 想 政 治 理 论 课 程 教 学 团 队 建 设 成 果 中 国 近 现 代 史 纲 要 精 彩 教 案 主 编 项 福 库 杨 双 副 主 编 何 丽 易 彪 杨 风

More information

9l1.s92

9l1.s92 客 家 文 丛 客 家 之 子 林 碧 红 主 编 谭 元 亨 编 著 黎 娟 华 南 理 工 大 学 出 版 社 广 州 图 书 在 版 编 目 (CIP) 数 据 客 家 之 子 / 谭 元 亨, 黎 娟 等 编 著. 广 州 : 华 南 理 工 大 学 出 版 社, 2006 畅 1 ( 客 家 研 究 文 丛 客 家 与 梅 州 书 系 ) ISBN 7 5623 2292 9 Ⅰ. 客 Ⅱ.

More information

file://C:Program FilesStroyConsultantTemp928.htm

file://C:Program FilesStroyConsultantTemp928.htm ГОСУДАРСТВЕННЫЙ СТАНДАРТ СОЮЗА ССР ПРОКАТ ЛИСТОВОЙ ХОЛОДНОКАТАНЫЙ СОРТАМЕНТ ГОСТ 19904-90 (СТ СЭВ 1968-79) ГОСУДАРСТВЕННЫЙ КОМИТЕТ СССР ПО УПРАВЛЕНИЮ КАЧЕСТВОМ ПРОДУКЦИИ И СТАНДАРТАМ Москва ГОСУДАРСТВЕННЫЙ

More information

untitled

untitled ( CIP) / - :, 2004. 9 ISBN 7-5063 - 3080-6 - - I247. 5 CIP ( 2004) 097080 : : : : : 10 : 100026 : 86-10 - 65930756 ( ) E - mail: 86-10 - 65004079 ( ) 86-10 - 65389299 ( ) wrtspub@ public. bta. net. cn

More information

Ps22Pdf

Ps22Pdf ( CIP) / - :, 2005. 4 ISBN 7-5063 - 3246-9 - - I247. 5 CIP ( 2005) 026773 : : : : : 10 : 100026 : 86-10 - 65930756 ( ) E - mail: 86-10 - 65004079 ( ) 86-10 - 65389299 ( ) wrtspub@ public. bta. net. cn

More information

I2000

I2000 РАНЖИРОВАННЫЕ РЕЗУЛЬТАТЫ ОЦЕНКИ Оценка выполнена Командные роли в ранжированном порядке 1 2 3 4 5 6 7 8 9 䈗匷 а 䏇南 оо 䑧卷 е ка ИТОГОВЫЕ РАНГИ RI SH PL CO ME CF IMP TW SP Самооценка относительно Данных Наблюдателя

More information

( )

( ) ( ) , 2006 /. : ISBN7-80135 - 721-3................ I11 CIP ( 2006) 015417 2006 7 1 1 : 850 1168 1 /32 : 190 : 3958 ISBN7-80135 - 721-3 : 696. 00 ( 29. 00) ( ADD: 10 ) P. C: 100024 Tel: 010-65477339 010-65740218

More information

(CIP) :. :, 2004 ( ) ISBN 7-5045 - 4705-0... - -. TS974.2 CIP (2004) 102047 ( 1 : 100029) : * 787 1092 16 6.75 167 2004 9 1 2004 9 1 : : 11.00 : 010-6

(CIP) :. :, 2004 ( ) ISBN 7-5045 - 4705-0... - -. TS974.2 CIP (2004) 102047 ( 1 : 100029) : * 787 1092 16 6.75 167 2004 9 1 2004 9 1 : : 11.00 : 010-6 ) ( ) (CIP) :. :, 2004 ( ) ISBN 7-5045 - 4705-0... - -. TS974.2 CIP (2004) 102047 ( 1 : 100029) : * 787 1092 16 6.75 167 2004 9 1 2004 9 1 : : 11.00 : 010-64929211 : 010-64911190 : http: www. class. com.

More information

( )

( ) ( ) , 2006 /. : ISBN7-80135 - 721-3................ I11 CIP ( 2006) 015417 2006 7 1 1 : 850 1168 1 /32 : 190 : 3958 ISBN7-80135 - 721-3 : 696. 00 ( 29. 00) ( ADD: 10 ) P. C: 100024 Tel: 010-65477339 010-65740218

More information

/ / / / 10 / 100005 / / / ( 010 )65286768 / / / / / (010 )65139961 65139963 / / ( 010 )65285539 / / / / 880 1230 1/ 32 / 9.75

/ / / / 10 / 100005 /  /  / ( 010 )65286768 / / / / / (010 )65139961 65139963 / / ( 010 )65285539 / / / / 880 1230 1/ 32 / 9.75 / / / / 10 / 100005 / http:/ / www.ssdph.com.cn / ( 010 )65286768 / / / / / (010 )65139961 65139963 / / ( 010 )65285539 / / / / 880 1230 1/ 32 / 9.75 / 217 / 2004 1 1 / 2004 1 1 / ISBN 7-80190 - 100-2/

More information